ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Психологиялық кеңес беру негіздері»



жүктеу 0.72 Mb.
бет1/4
Дата26.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.19

/03-2012


«Психологиялық кеңес беру негіздері» пәні бойынша

оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция № 3 13.09.12.




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Психологиялық кеңес беру негіздері»

«5В0503» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2012




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ



Термин атауы

Термин мазмұны

1

Адаптация

Бейімделу


2

акцепт

Екпін

3

антипатия

Сүйкімсіздік, жиренішті


4

амбиция

Шамданғыш, ызақор

5

апатия

Енжарлық, селқостық


6

база

Негіз


7

валидті

Жарамды


8

гипотеза

Ғылыми болжам


9

диаграмма

Кесте


10

диагностика

Анықтау


11

интеллект

Ақыл-ой


12

инструкция

нұсқау


13

Интервал

Арақашықтық


14

интерпритация

Түсіндіру, талдау беру


15

классификация

Жүйеге келтіру


16

конфиденциалды

Жасырын


17

корректив

Түзету


18

критерии

Белгі


19

корреляция

өзара байланыстылық


20

концепция

Пікір


21

компетенттілік

Хабардарлық, жете білушілік


22

манипуляция

Басқару


23

мотив

Себеп, дәлел


24

мода

Үлгі


25

норма

Норма, ереже, шама, мөлшер


26

потенция

Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе күшінің жеткіліктілігі


27

реприза

Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау


28

репрезентативті

Дәлдігі


29

фиксация

Жазып алу, белгілеп қою


30

этап

кезең



2 Дәрістер

Психологиялық кеңес беруге кіріспе.


  1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты, міндеттері.

  2. Психологиялық кеңес берудің түрлері.

Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары – ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.

Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.

Психолог – кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.

Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.

Психолог-кеңесшіні адамдар не үшін іздейді? Неліктен олар оған барады?

Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.
Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.
Кеңес беру процесін басынан аяғына дейін белгілі бір тәртіппен кезеңдерге бөліп көрсетуге болады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар.

Кеңес берудің негізгі кезеңдеріне сипаттама:



  1. Дайындық кезеңі. Бұнда психолог клиентпен жазбаша түде танысады (алдын ала жазылуы бойынша), сонымен қатар ол туралы ақпаратты басқа адамдардан да алуы бойынша. Мысалы: өтініш қабылдаған кеңесшіден, әріптестерінен т.б. адамдардан. Осы кезеңде психологтың өзі де кеңес беруді өткізуге дайындалады. Психолог кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс уақыты – 20-30 минутқа созылады.

  2. Ыңғайлану кезеңі. Бұнда психолог клиентті өзі қарсы алады, онымен танысады және бірлесіп жұмыс жасауға ыңғай білдіреді. Бұл кезең кеңес өткізуге барлығы дайын болса, 5-7 минутқа дейін созылады.

  3. Диагностикалық кезең. Бұнда психолог клиенттің мәселесін тыңдайды, оның мәселесін нақтылауға тырысады. Аталған кезеңнің негізгі мазмұнына клиенттің өзі туралы, мәселелері жайлы ақпараттары кіреді (баяндау арқылы). Сондай-ақ бұл этапта психодиагностика өткізіледі. Ол клиенттің мәселесін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл кезеңге нақты уақыт тағайындау қиын, сондықтан жұмыс 4 сағаттан – 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.

  4. Нұсқау беру кезеңі. Психолог кеңес беруші өткен этаптарда клиент жайлы жинаған ақпараттарды онымен бірлесе отырып, мәселені шешуге, практикалық нұсқауғалар жасақтайды. Бұл кезеңде барлық нұсқаулар тексеріледі, түсіндіріледі, нақтыланады. Осы кезеңге жұмсалатын уақыт – 40мин-1 сағатқа дейін.

  5. Бұнда психолог пен клиент алынған кеңестер мен нұсқаулардың қалай бақыланатыны мен бағаланғандығы жайлы келіседі. Осы жерде нұсқауды орындау барысында туындаған сұрақтарды кімнен, қашан, қайда біле алатындығы жайлы, келесі жолы қай кезде кездесетіндігі туралы да келіседі. Уақыт – 20-30 минут.

Егер жоғарыда аталғандардың барлығын ескеретін болсақ, онда барлық 5 этапқа орташа есеппен (тестке жіберген уақытты қоспағанда) 2-3 сағат – 10-12 сағат уақыт берілуі мүмкін.

Кеңес берудің кеңістіктік және уақыттық аспектілері.

Кеңес берудің кеңістігіне келетін болсақ, бұл жұмысты жүргізу үшін, жайлы бөлме немесе үлкен бөлмеде арнайы бөленген бұрыш болуы керек. Клиентті есікке арқаымен отырғызып, кеңес беру процесінде болатын әңгімеге назарын аудару керек. Ең ыңғайлы варианты – психолог пен клиент арасында қашықтық болу керек. Екеуінің арасындағы арақашықтық тым жақын болмағаны жөнінде олардың аяқтары еркін сыятын, керек кезінде еркін отырып тұра алатындай болу керек.

Бөлмеде устел міндетті түрде болады, онда керекті жазбалар болады. Үстелдің үстінде немесе қабырғада ілулі тұрған сағат та – маңызды атрибут. Оған қарап белсенді жұмыс жасау керектігі ескеріледі.

Сонымен, психолог бөлмесі келесі жабдықтармен жабдықталуы керек: жұмыс үстелі, 2 кресло және журналдарға арналған үстелше, орындықтар, кілем, лампа, құжаттарға арналған шкаф, сейф, компьютер (принтер), көрнекі құралдар (тестер, сұрақтар, фигуралар, приборлар) және телефон.

Сейфте «Қызметтік қолдану үшін» деген жазу болуы керек және онда келесі құжаттар сақталады:


  • Психологиялық-педагогикалық тексерулердің жекелей картасы (паспорт);

  • Жекелей кеңес беруді тіркеу журналы;

  • Тест материалдары, олардың жауап-кілттері және олардың анализдері;

  • Келіп түскен және жіберуге керек құжаттар;

  • Психологиялық-педагогикалық консилиум және медико-психолопедагогикалық тексеру материалдары.

Психолог өзінің кеңес берулік жұмыстарын орындаған «жұмыс түрлерін тіркеу» журналына енгізіп отырады. Сонымен қатар жазбаша түрдегі педагогикалық кеңес бекіткен жұмыс режимі, жекелей және топтық кеңес беруге алдын ала жазылу журналы, барлық методологиялық материалдар мен әдебиеттер картотекасы болу керек. Қосымша мына ақпараттар болуы мүмкін:

  • Педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің үй телефондары;

  • Арнайы кеңес беру орталықтары мен медико-психологиялық кеңес беру орталқтарының тізімі мен сенім телефондарының номерлері.


Психологиялық кеңес берудің түрлері

Психологиялық кеңес беруді әр түрлі адамдар қажет ететіндіктен және әр түрлі себептерден көмек сұрайтындығынан кеңес беруді клиенттердің жекелей ерекшеліктеріне, сонымен қатар мәселенің мазмұнына қарап, бірнеше түрлерге бөлуге болады:



  1. Интимдік-жеке бастық психологиялық кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі жиі және көп адамдарда кездеседі. Бұндай кеңес беру адамның тұлғалық сұрақтарымен, уайымдарымен айналысады. Бұндай кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады. Мысалы: психологялық немесе мінез-құлықтағы жетіспеушілік, маңызды адамдармен қарым-қатынас, әр түрлі қорқыныштар, сәтсіздіктер, психогендік аурулар (дәрігердің қарауын қажет етпейтін) және т.б. Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңлі толмаушылығы, интеллектік мәселелерін, қарым-қатынастарын жатқызуға болады.

  2. Жанұялық кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамның өзінің және басқасының, туысының жанұясындағы мәселелермен айналысады. Тағы да болашақ жар таңдау, семьядағы қарым-қатынас, конфликтілерді шешу жолдары, әйелі мен күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы, айырылысу кезіндегі ерлі-зайыптылардың мінез-құлықы және т.б. сұрақтар қарастырылады.

  3. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Бұған балаларды оқыту мен тәрбилеуге байланысты сұрақтарды жатқызамыз. Сонымен қоса, ересектердің педагогикалық біліктілігін көтеру сұрақтары, балалар мен ересектер ұжымын басқару мәселелері қарастырылады.

  4. Іскерлік кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамда қанша іс-әрекет түрі болса, солардың барлығына да қатысы бар сұрақтармен айналысады. Іскерлік кеңес беру деп, адамдардың іскерлік мәселелерді шешуі айтылады. Бұған мамандық таңдау, адамның түрлі қабілетін дамыту мен жетілдіру, оның еңбегін ұйымдастыру, жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату, іскерлік келіссөздер жасауға үйрету жайлы мәселелер зерттелінеді.


Кеңес берудің этикалық принциптері

Кеңес беру барысында клиенттің құқығы. Клиенттің кеңес берушіге тәуелділігі этикалық мәселе түрінде.Кеңес берушінің кәсіби және этикалық құқы мен міндеттері. Кеңес берудің құпиялылығы және оның шектеулері. Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық және құқықтық сұрақтары. Кеңес берушінің кәсіби білім және іскерліктерін психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік мәселесі. Кәсіби мен-кеңес берушінің бейнесі, жеке бас

тәжірибесі. Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері. Кеңес берушінің жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс-

әрекетіне әсер ету мәселесі. Кеңес беруші-психотерапевт түсініктерін салыстыру.


Кеңес берудің қазіргі кездегі негізгі бағыттары

Психоаналитикалық бағыт

З. Фрейд-психоанализдің негізін салушы.

Психоанализдегі қазіргі кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техниканы қолдану. Қадамды бағалау жетістіктері және шектеулері. К.Г. Юнгтың аналитикалық психологиясы; құндылықтары, мақсаты, процедурасы, техникалар. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Кеңес беру процесі; мақсаты, кеңес берушінің ролі және қызметі, кеңес берушімен клиенттің өзара әрекеттесуі. Қадамды бағалау; жетістіктері және шектеулері.


Психоаналитикалық бағыт.

Психоаналитикалық теорияның негізіг түсініктері; жеке бас құрылымы, сана және санасыздық, қорғаныс механизмдері (ығыстыру реактивті құрылым, проекция, рационализация, сублирование, регрессия, интроекция, идентификация, компенсация және т.б.)

Психоанализдегі қазіргі кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техникаларды қолдану (еркін ассоциациялар, түс көруді талдау және нәтижесін шығару, ықпал ету және қарсылық көрсетуді талдау және өңдеу).

Қадамды бағалау: жетістіктері мен шектеулері. Юнг бойынша санасыздық құрылымы. Юнг және фрейдтің түс талқылауындағы айырмашылықтар. Жеке адам құрылымы. Архетип және оның қасиеттері, қызметі. Индивидуация және комплекс түсініктері. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Адлер бойынша жеке адам құрылымы.



З.Фрейд классикалық психоанализі.

(1856-1939)

З.Фрейдтің аты Блейрмен бірге 1895 жылы «Исследование истерии» атты кітабын шығарған кезде атақты болды.Ол 3 компонент көрсетті.

1 Ид (лат.тілі «оно»)-тұлғаның тума ,инстинкті аспектілері.Әдетте:эрос(өмірге ,сексуалдықанағаттануға ұмтылыс )және тонатос (агрессияға,өлімге ,сөнуге ұмтылыс)Ежелгі Грецияда эрос –махббат деген мағынада .Ал Платон бойынша эрос-эстетикалық сезім,мейірімділік,әдемілік болса,танатос-өлім құдайы.

2 Эго (лат.тілі «мен»)-шешім қабылдауға жауап беретін психикалық аппараттың бөлігі.ол идтің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады.

3 Суперэго (лат.тілі «жоғарғы-мен»)-әлеуметтік,қоғамда қалыптасқан ереже нормаларды сақтау.

З.Фрейд сол сияқты «либидо»яғни ұмтылыс,ұғымын еңгізді.

З.Фрейдтің тұлғаныңтопографиялық моделі:

1.Бейсана-ид пен оған қысым көрсететін суперэго бейсаналықтағы орны.

2.Санаалды-әдетте білінбейтін ,бірақ белгілі бір жағдайдың болуында сезіледі .Бұнда эго мен суперэго қатысты.

3.сана-Қоршаған ортамен байланыс . Эго мен суперэго қатысты.

З.Фрейд бойынша психоанализде теорияның мақсаты:

«Идболған жерде,эго болады.»яғни бейсаналы деңгейде болатын психикалы процесс.Адам негізі шындықпен келісу керек.

З.Фрейд «сублимация »туралы жазған.ол қорғаныс механизмі.(өзіндегі жағымсыз ,қажетсіз инстинктивті импульстерден қорғану.)

Классикалық психоанализ әдістері:

1.Емін-еркін ассоциациялар-Клиент емін-еркін болып, ойындағы түрлі көріністерді дауыстап айту.

2.Қарсыласуды интерпритатциялау-Клиент бейсана деңгейінде конфликтілерге,импульстерге қарсыласу мүмкін.

3.Түстерді анализдеу- Фрейд бойынша көрінбейтін құштарлық. «бейсаналыққа хандық жол»

4.Трансфер анализі-орын басу.Мысалы махаббат сезімі кейін зұлымдық сезіміне ауысуы.

5.Эмоционалды қайта оқу-соңғы этаптарда клиентті мадақтау.

6.Интерпритатция-клиентке оның белгісіз нәрселерін түсіндіру.

Интерпритатцияның негізгі ережелері:

1.Тереңге бату

2Клиент қабылдауға дайындығын интерпритатциялау.

3Клиентке қорғаныс механизмдерін көрсету.
КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ: ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Юнгтің психоанализді қайта жасаудың нәтижесінде білімнің әр түрлі аумағынан (психология, философия, астрология, археология, мифология, теология, әдебиет) күделі ойлардың кешені пайда болды. Бұндай интеллектуалды ізденудің кең ауқымдығы және оған қоса оңай емес Юнгтің авторлық стилі оның психологиялық теориялар ішінен түсінуге ең қиыны деп те айтуға болады.



Жеке тұлғаның құрылымы:

Юнг жанды (Юнг теориясында бұған жеке тұлға термині аналогты) үш бөлек, бірақ өзара әрекеттесетін құрылымдардан тұрады деген: эго, жеке санасыздық және ұжымдық санасыздық.



Эго сана аумағының өзегі болып табылады. Сонымен қоса ол physhe компоненті де болады. Эго біздің саналылығымыздың негізі ретінде қызмет атқарады, оның арқасында біз өзіміздің күнделікті саналылық әрекеінің нәтижесін көруге қабілеттіміз.

Жеке санасыздыққа белгілі бір уақыт кезеңінде санадан өткізілген, бірақ қазір басылып тасталынған немесе ұмытылған конфликтілер мен есте қалған нәрселер жатады. Юнг жеке санасыздыққа индивидуумның өзі өткен жеке тәжірибесінен немесе тұқымқуалаушылық тәжірибесінен шығарылған эмоционалды зарядталған ойлар, сезімдер және есте қалулар жиынтықтары немесе комплекстер кіреді деген. Юнг түсінігі бойынша, күнделікті тақырыптар аясындағы бұл комплекстер индивиуумның қылық-әрекетіне өте күшті әсер тигізуі мүмкін. Мысалы үшін: билік комплексіндегі адамдар билік тақырыбымен тікелей немесе жанама байланысқан іскерлікке аса көп психикалық енергиясын кетіруі мүмкін. Белгілі бір уақытта құралып, комплекстер адамның қылық-әрекетіне не оның әлемге деген көзқарасына әсер ете бастайды. Юнг жеке санасыздық материалы әрбір адамдарда әр түрлі және көбінесе санадан өткізуге болады деген. Нәтижесінде комплекстер компоненттері немесе бүкіл комплекстің өзі санадан өткізілуі және индивидуумның өміріне тым үлкен әсер етуі мүмкін.

Ақырында, Юнг жеке тұлғаның құрылымындағы аса терең деңгей бар екені туралы ой қозғады, оны ұжымдық санасыздық деп атады. Ұжымдық санасыздық дегеніміз – біздің адам тәріздес ата-бабамыздың және бүкіл адамзат есіндегі латенттік іздердің сақталынған орны. Ұжымдық санасыздықта адамдарға жалпы және біздің эмоционалды өткеніміздің нәтижесі болып табылатын ойлар мен сезімдер бейнеленген.

Осылайша, ұжымдық санасыздық мазмұны тұқымқуалаушылық арқылы жасалынып, бүкіл адамзатқа бірдей. Ұжымдық санасыздық концепциясы Юнг пен Фрейд арасындағы айырмашылықтың негізгі себебі болып табылады.

Архетиптер.

Юнг ұжымдық санасыздық аса күшті біріншілік психикалық образдардан, демекші архетиптерден тұрады деген гипотезаны айтты. Архетиптер – адамдардың белгілі бір болған жағдай немесе нәрсеге деген қабылдаулары, сезімдері және реакциялары алғышарт болып табылатын туа біткен идеялар мен есте қалулар. Ал шынында болса, олар – сол қызметтегі есте қалулар мен образдар емес, көбінесе алғышарт болып табылатын факторлар екен. Осы факторлардың әсерінен адам өз қылық-әркетінде белгілі бір объектіге не жағдайға деген қабылдауы, ойлауы және әрекеітнің әмбебап моделін жасайды. Туа біткен болып мұнда нақты ситуациялардағы эмоционалды, когнитивті және қылық-әрекетік реакциялар тенденциясы болып табылады – мысалы, ата-анамен, сүйікті адаммен, белгісіз адаммен, жылан немесе өліммен күтпеген кездесі кезінде.

Юнг әрбір архетип сәйкес объекті мен ситуациялар қабылдауындағы белгілі бір ой мен сезім типінің көрінісі тенденциясымен байланысқан деп санаған. Архетиптік образдар мен идеялар түс көру кезінде жиі кездеседі, сонымен қоса олардың сурет салу, әдебиет және дін салаларында символдар түрінде кездесетіні аз емес. Әр түрлі мәдениетке тән символдардың керемет ұқсастығы байқалады, себебі олар адамзатқа жалпы архетиптерге тірледеі. Юнг архетиптік символдарды түсіну оған пациеттің түстерінің анализін жасауға септігін тигізеді деп санаған.

Эго-бағыттылық.

Юнгтің психологияға енгізген ең белгілі жаңалығы болып, оның басты екі бағыт немесе өмірлік ұстанымды жасап шығаруы жатады: экстраверсия және интроверсия. Юнг теориясына сәйкес, аталған бағдарлаудың екеуі де адамдарда бір уақытта өмір сүреді, бірақ біреуі басым болады.

Экстраверттік ұстанымда сыртқы әлемге (басқа адамдарға және заттарға) деген қызығушылық бағыты көрінеді. Экстраверт үнемі қозғалыста, ашық болады, қарым-қатынастарды тез жасайды, сыртқы факторлар ол үшін итеруші күш болып табылады.

Интроверт, керісінше, өз ойлары, сезімі мен тәжірибесінің ішкі әлеміне кіріп кеткендей. Ол бақылаушы, ұстамды, жалғыздыққа ұмтылады, объектіден алыстауы мүмкін, оның қызығушылықтары өз-өзіне бағытталған. Юнгіге сәйкес, таза түрде экстраверттік және интроверттік ұстаным болмайды. Көбінесе олардың екеуі де болады және олар бір-біріне оппозициялы қатынаста болады: егер де біреуі басым және рационалды болса, екіншісі көмекші және рационалды болып табылады.

Эго-бағдарлаудың басым және көмекші комбинациялары нәтижесінде қылы-әрекет моделі белгілі және алдын ала болжанған жеке тұлғалар қалыптасады.

Психологиялық функциялар.

Юнг экстраверт және интроверт концепцияларын жасап шығарғаннан кейін адамдардың әлемге деген қатынасын әлі де түсіну жеткіліксі деген қорытындыға келді. Сондықтан ол өз типологиясын кеңейтіп, психологиялық функцияларды қосты. Ол белгілеген 4 негізгі функциялар – бұл ойлау, түйсік, сезім және интуиция.

Ойлау мен сезімді Юнг рационалды функциялар қатарына жатқызды, себебі олар өмірлік тәжірибе туралы түсініктерді құруға қатысады. Ойланатын тип белгілі бір заттың құндылығы туралы логика мен аргументтерді пайдалана түсінеді. Ал ойлауға қарама-қарсы функция – сезім – бізді шындық туралы ұнамды және ұнамсыз эмоциялар тілінде хабарлайды.

Қарама-қарсы функциялардың екінші тобы – түйсік пен интуицияны Юнг иррационалды деп атады, себебі ол пассивті түрде сыртқы (түйсік) немесе ішкі (интуиция) әлемдегі болып жатқан организмдерді тіркеп, оларды бағаламайды және олардың мағынасын түсіндірмейді. Түйсік сыртқы әлемнің тікелей, бағаланбайтын реалды қабылдау көрінісі болып табылады. Керісінше, интуиция болып жатқан тәжірибенің санасыз түрде қабылдаумен сипатталады.

Әрбір адам барлық осы психологиялық 4 функциямен бөленген. Бірақ жеке тұлға бағдарлауының (экстраверсия және интроверсия) біреуінің басымдылығы саналы болатындай, рационалды-иррационалды топтың ішіндегі бір функциясы ғана басым болады. Ал басқа функциялар санасыздық сипатта болып, адам қылық-әрекетінің регуляциясында көмекші роль атқарады. Функциялардың әрқайсысы басым болуы мүмкін.

Эго-бағдарлаудың екі түрі мен 4 психологиялық функциялар өзара әрекеттесе, жеке тұлғаның 8 түрлі типі құралады.



Жеке тұлға дамуы.

Юнг жеке тұлға дамуын динамикалық процесс, бүкіл өмір бойындағы эволюция ретінде қарастырған. Ол балалық шақтағы әлеуметтендіру туралы ештеңе айтқан жоқ. Юнгтің көзқарасы бойынша, адам әрдайым жаңа дағдыларға ие болады, жаңа мақсаттарға жетеді және өзін толықтай реализациялайды.

Юнгіге сәйкес ақырғы өмірлік мақсат – бұл «Меннің» толықтай реализациясы, яғни қайталанбас және толық индивидуумның қалыптасуы. Әрбір адам дамуы бұл бағытта қайталанбайды, ол өмір бойы созылып, индивидуация атты процесте болады. Индивидуация - өзара қарама-қарсы әрекеттес жеке тұлғалық ішкі күштер мен тенденциялар интеграциясының динамикасының және эволюциясының процесі. Өзінің ақырғы көрінісінде индивидуация адамның қайталанбас психикалық шындығының саналы реализациясын, толықтай дамуын және жеке тұлғаның өзегі болып, көптеген қарама-қарсы қасиеттерді теңестіреді. Индивидуацияның жүзеге асырылуының қорытындысы болып өзін-өзі реализациялау жатады.

Қорытынды.

Фрейдтің теориясынан шеттеліп, Юнг біздің жеке тұлға құрылымы және мазмұны туралы түсінігімізді байытты. Оның ұжымдық санасыздық және архетиптер туралы концепциясы түсінуге қиын және эмпирикалық тексеруге жатпаса да, ол көп адамдарды қызықтырады.

Юнг жасап шығарған концепциялары, сіңірген еңбегі өте зор: оның 2 эго-бағдарлау теориясы (экстраверт және интроверт), онымен қатар жетекші 4 психологиялық функция теорияларының жеке тұлғаның қалыптасуын анықтаудағы маңызы орасан зор.

Юнг Альфред Адлер, Карен Хорни т.б. ғалымдармен қоса алғаш болып Фрейдтің психодинамикалық теориясын қайта қарастырып, өзінің тәуелсіз концепциясын жасап шығарды.

Сонымен қатар Юнг алғаш рет жеке тұлға дамуына діни, рухани тәжірибенің ұнамды әсері туралы да айтты. Осыдан біз оны персонологиядағы гуманистік бағыттың бастаушысы дейміз.

Дегенмен, Юнг теориясы болжамдар деңгейінен жоғары көтерілмейді екені анық (басқа теориялардың көбі сияқты), себебі оның негізгі гипотезаларын күрделі тексеру мүмкін емес.


Гуманизмге бағдарланған кеңес беру

Аталған бағыт практикалық психологияда тұлғалық қиыншылықтарға деген психоаналитикалық, бихевиористік және когнитивті тәсілдердің жиынтығына жауап ретінде пайда болды.

Психоаналитикалық тәсілдерде бұл бағыттың өкілдері үшін жануарлардағыдай төменгі деңгейдегі құштарлықтардың адамдарда да болуын, яғни адам әрекет-қылығының детерминизмі, сонымен қатар кіші жастағы әлеуметтену ерекшеліктеріне тәуелді ересек жастағы тұлғаның әрекет-қылығының алғышартталғандығын қолдану пайдалы нәтиже бермейді.

Бихевиористік тәсілдерде бұл бағыттың өкілдері үшін адам әрекет-қылығының әлеуметтік контекст ерекшелігінің алғышартталғандығы, адам мен жануар арасындағы әрекет-қылықтың ұқсастығын қолдануға болмайды.

Когнитивті тәсілдерде адамды ақпаратты жинақтау мен өңдеу құрылысы ретінде тану және адам жанының өмірі мен компьютер жұмысының шындықтары арасындағы ұқсастықтар тиімсіз болып келеді.

Берілген тәсілдің негізгі критерийлері:


  1. Жеке тұлға табиғаты кез келген тәрбиелік орта арқылы берілген бір нәрсе емес, ол – ішкі таңдау негізіндегі еркін дамудың ашық мүмкіндігі болып табылады.

  2. Әрбір адам – қайталанбас тұлға, сондықтан да жеке тұлғаны статистикалық зерттеу нәтижесіне кіргізуге болмайды. Алайда бөлек жағдайларды талдау маңызды роль атқарады.

  3. Адамды өзінің құндылықтарының арқасында сыртқы детерминизмнен белгілі біреркін деңгейі бар.

  4. Жануарлар әрекет-қылығы мен адам әрекет-қылығы арасындағы ұқсастық жалған.

  5. Адам табиғатынан толыққанды болып келеді.

  6. Адам өз табиғатының бір бөлігі болып табылатын үздіксіз даму мен өзін-өзі шыңдауға деген күшке бөленген.

Берілген бағыттың неғұрлым белгілі тәсілдеріне жататындар:

  1. К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі

  2. И. Ялом мен Р. Мэйдің экзистенционалды тәсілі

  3. В. Франклдың логотерапиясы

Кейбір ғалымдар осыған Ф. Перлздің гештальт-терапиясын да қосады, бірақ бұған оның денелік орталықтанғандығы, дене қажеттіліктері мен психикалық процестер қызметтерінің детерменизмі кедергі болады.
К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі

Бұл бағыт бойынша, барлық адамдар өзін өзектеуге деген тума тенденциямен бөленген, ол келесі ұмтылыстарда көрінісін табады:



  • Қоршаған ортаға деген неғұрлым артушы бейімділік;

  • Өзінің ішкі ұйымдастырылуының дамуы мен күрделенуі.

Дамудың белгілі бір кезеңінде барлық дамдар өзгелердің көзқарастары мен бағасына тап болады. Олардың негізінде өзін-өзі басқарудың ішкі жұмыс органы - өзін-өзі бағалау - қалыптасады.

Егер де адам өзін өзектеуге байланысты тенденцияларға қарсы көзқарастар мен бағаларға тым бағдарланса, бұл жолда оны невроз тоқтатуы мүмкін.



Клиентке орталықтанған тәсілдегі клиентпен жұмыс істеудің мақсаты. Клиент өзінің күнделікті өмірінде жақын әлеуметтік ортаның көзқарастары мен бағлауына неғұрлым аз бағдарлануы қажет те, өзінің жеке тұлға ұйымдастырылуының күрделенуімен байланысты тума тенденциясына неғұрлым көп бағдарлануы керек.

К. Роджерс жоғарыда аталған мақсат бағытында жүзеге асаптындай кеңес беруші мен клиент арасындағы диалгтың міндетті 3 шартын анықтап, сипаттады (Роджерс триадасы):



  1. Кеңес беруші өз тәжірибесіне байланысты клиентпен когруэнтті болады. «Конгруэнтті» сөзі латынның congruens (congruentis) – сәйкес, беттесуші деген мағынаны білдіреді. Бұнда кеңес берушінің әрекет-қылығы оның тәжіриебсіне, ойлауына, сезімдеріне сай болатындығы туралы айталады.

  2. Кеңес беруші клиентке байланысты шартсыз жағымды бағаны сезінеді. Бұл бағаның жағымды болуы – кеңес берушінің адам табиғатының жағымды сипатына сенуінің арқасында болады екен.

  3. Кеңес беруші клиентті эмпатиялық түрде қабылдайды.

Клиентке орталықтанған бағытта жиі қолданылатын тәсілдер:

  1. Вербализация. Кеңес беруші клиенттің айтқан сөздерін жиі қайталайды. Бұл клиенттің өз сөздеріне, өзіне назар аударуы үшін қажет.

  2. Клиенттің қабылдауды сезетіндей кеңес берушінің үн қатпауы. Егер де кеңс беруші клиентті қабылдаса, клиентте өзін қабылдайды.

  3. Эмоцияларды акценттеу. Клиенттің назары әрдайым өзінің және өзгелердің эмоцияларына аударылады. Бұл эмоцияларға назар аудару арқылы терең қажеттіліктерге мән беруге болады.

Адамдарға алдымен өзін, содан соң өзгелерді қабылдау үшін клиентке орталықтанған тәсіл шегінде келесі шара жасап шығарылған (Фейдимен, Фрейгер, 1995):
1-кесте

Клиентке орталықтанған тәсілдегі жеке тұлағылық конгруэнттілікті зерттеу әдістемесінің бланкісі

Жеке тұлағалық қасиеттер

Реалды Мен

Әлеуметтік Мен

Идеалды Мен

Басқалардың ойына қарамай, сіздің өзіңізге сәйкес келетін мінездемелерді белгілеңіз

Сізді білетін адамдар белгілейтіндей қасиеттерді өзіңіз белгілеңіз

Сізді ең жақсы көрсетіп, сонымен қатар өзіңіздің дербестігіңізді жоғалтпайтындай қасиеттерді белгілеңіз

1

2

3

4

Сергек










Қажымайтын










Шулы










Жауапты










Қиялданғыш










Тынымсыз










Қатал










Тәкаппар










Шыншыл










Қозушы










Піспеген










Батыл










Атаққұмар










Өзін-өзі аяушы










Сабырлы










Дербес










Салмақты










Досшыл










Естияр










Әртісшіл










Ақылды










Қызықты










Идеалисшіл










Түсінгіш










Жылы










Сексапилды










Белсенді










Эгоисшіл










Әлсіреген










Сүйкімді










Зерделі










Назды










Өз-өзіне сенген









1-кестені толтырғаннан кейін клиентке сәйкес келмейтін сын есімждерді белгілеуді сұрайды. Бұл – оның өміріндегі конгруэнтсіздіктің мүмкін сәттері. Ары қарай клиентпен келесі сұрақтар талқыланады:



  • Сіздің талаптарыңыздың кейбір шындыққа сай келмейді деп ойламайсыз ба?

  • Сіздің идеалды өзін-өзі сипаттаумен ұйғарылатын кейбір мақсаттарды сіз өзгерте алатындай ойларыңыз бар ма?

  • Бұл үшін себептер бар ма?

К. Роджерс өмір сүрген еуропалық мәдениетте клиентке орталықтанған күтімге үлкен сұраныс байқалды. Клиенттер бұндай әрекет-қылықтың дағдыларына 2 фасилитатордың (кездесу топтары) әрекетіне бақылау жасауға үйренеді. Топтағы фасилитаторлардың негізгі міндеттеріне клиентке орталықтанған қарым-қатынасты демонстрациялау, топтың басқа да мүшесінде клиентке орталықтанған қатынасты тудыру т.б. жатады.

К. Роджерс отбасыны кездесу топтарының аналогы ретінде қарастырды.

Адамдарды отбасына біріктіретін негізгі фактор болып жақын адамдармен клиентке орталықтанған қатынасқа деген қажеттілік жатады.

Бихевиоралды кеңес беру.

Мақсаты:

-.Түрлі әрекет-қылық реакция деффициттері

-Бейімделген әрекеттің жоғарлауы.

-Адекватсыз әрекеттердің төмендеуі.

-Ішкі қорқыныш реакцияларының жоғарлауы.

-Еркіндесе алу қабілетінің жоғарлануы.

-Өзін-өзі реттеу қабілетінің артуы.

Психологиялық кеңес беруде әрекет-қылықты бағалау мен клиенттің мәселесін анализдеуден басталады. 3 түрлі реакцияны байқаймыз.

1.Жағдайлық өткеннің стимулы:(стимул ситуационного прошлого)(С)Мысалы:кеше 15:30-да мен өзімнің 15 қызметкерлеріне жобаны көрсету керек болатын.

2.Ауыспалы реакциялар:(Р)Қобалжыдым ,тез сөйледім.

3.Нәтиже немесе ауыспалы нәтиже:Мысалы:Аудиторияға қызықты,бастық мені қолдады және менің қызметімді жоқтады.
Жоғарыда ұсынылған мәлімет алу кезеңдері «СРП-анализі» деп аталады.

Ақпараттар жиналуы:

-интервью арқылы;

-медециналық тексеру;

-Ерте өткізілген психикалық бақылау отчеты.

-Сұрақтамалар

-Қалыпты кездегі бақылау.

-Қосымша бақылау(клиент таныстарынын ақпараттар жинау.

Ақпарат жинаудан соң кеңес беру мақсаты анықталады. Ол клиент пен кеңес берушінің арасындағы жетістіктерді анық көрсетеді.

Гиперқозу мен гипертітіркену сияқты рефлекторлы реакциялармен жұмысты Эдмунд Джекобсон кейін Джозеф Вольпе жалғастырған прогрессивті релаксация әдістерін қолданды.

Егер уайым мен қорқыныш жұмыс істеу керек болса, онда жүйелі десенсибилизация әдісін қолданады. Бұл әдісті Дж. Вопье 1952 жылы жасады.

Десенсибилизация түрлері:



  1. Десенсибилизация in vivo (шынайы өмірде) реалды өмірде қайталана кездесетін мәселелерді шешуде қолданады.

  2. Контактілі десенсибилизация Белгілі бір обьектімен байланысты ,клиенттің кеңес алуды қажетсінуінде.

  3. Эмотивті қиял Балалармен жұмыс істеуде қолданады. Бала өзіне ұнайтын киноактерлардың рөлімен,өмірімен танысу бала бойындағы қорқыныштарды әлсіздендіреді.

Егер қарым-қатынас дұрыс дамымаса,рөлдік ойын әдісі қолданылады.

Егер клиент келесі адам әрекеттеріне қорқыныш сезімімен қараса,агрессивтілік трейнингі қолданылады.

Әрекет қылықты өзгерту үшін,нақтылау әдісі қолданылады.


Нейролингвистикалық бағдарламалау.
Нейро-лингвистикалық бағдарлау (НЛБ)

1970 жылдың басында Америка қаласы Санта-Круз, Калифорния штатында пайда болды. 1972 жылы жас оқымысты математика мен есептеу техникасында маманданған Ричард Бэндлер белсенді түрде адамдар мен жануарлардың мінез-құлық психологиясындағы бихевиоризмді зерттеді. Сондай-ақ ол гештальт-терапия бойынша семинарияға қатысады. Төрт жылдың ішінде Догсон Гриндердің жетекшілігімен өзінің жеке семинарын өткізуге мүмкіндік болды. Гриндер Наума Хомекидің лингвистика теоретикасын зерттеді. Өздерінің бірінші жұмыстарында «Структура магий» психотерапевт Фриц Перлздің вербалды және мінез-құлықтық моделін жасады.

Осы жұмыстың негізінде Гриндер және Бендлер өздерінің моделіне анықтама берді, яғни «Нейро-лингвистикалық бағдарламалалау» - дене, тіл және мидың арасындағы қарым-қатынасты символдау болып табылады.

Қазіргі кездегі НЛБ-ны жасаушылардың Ішінен Роберт Дилсті атап өтуге болады. Ол қырықтан астам сендіру, динамикалық оқыту, жүйелік ойлау, творчестволық, лидерлік және бизнес тақырыптар аясында кітаптар жазған.

НЛБ субъективті тәжірибенің құрылымын, яғни адамның қайталанбас ішкі әлемін құрудың өзіндік тәсілін, зерттеумен айналысады, сондықтан да ол денсаулықты зерттеу және оған әсер ету үшін қолданылады.

НЛБ көзқарасы бойынша, денсаулық пен ауру субъективті толғаныстар болып табылады. Біз өз денсаулығымыздың деңгейін түйсіктерімізді бағалай отыра өзіміз анықтаймыз.



  • Сіз үшін дені сау болу нені білдіреді?

  • «Дені сау болу» - бұл сөздерді сіз қалай анықтаушы едіңіз?

  • Оны қалай түйсінуге болады?

  • Сіз деніңіз сау екенін қалай білесіз?

Бұл сұрақтар – денсаулықтың жекелей анықтамасының бастылары. Сұрақтар әдейі түрде «денсаулық» туралы емес, «дені сау болу» туралы қойылады.

Әлемнің дербес моделі

Осылайша біріншіден әлем кез келген нақты моделмен немесе әлемнің репрезентациясының арасында айырмашылықтар бар.екіншіден өзіміз шығаратын әлем моделінің екіншісінен айырмашылығы болады. Мұны көптеген түрлі тәсілдермен көрсетуге болады.

НЛБ-да шектеудің 3 категориясын көрсетуге болады. Нейрофизиологиялық, шектеу және дербес.

Адамның рецептор жүйелерін қарастырайық: көру, есту, сезіну, дәм сезу. Адамның көру мүшесі толқындарды, яғни 380-нен 680 миллимикрон интервалда орналасқанда ұстай алады. Бұл интервалдар үлкен немесе кіші жаққа айытқитын толқындар адамның көзіне қабылданбайды. Берілген жағдайда біз сәйкесінше генетикалық нейрофизиологиялық шектеулермен тек қана үзіліссіз физикалық көріністерді ғана қабылдаймыз.

Әлеуметтік шектеулер немесе фильтр, яғни біз оларды әлеуметтік генетикалық факторлар деп атаймыз. Әлеуметтік генетикалық фильтрдің негізіне – біздің тілдік жүйеміз жатады.

Дербес шектеулер - өзіміздің өмірлік тәжірибемізге сүйене отырып, өзіміз шығаратын барлық шектеулерді жатқызамыз.


Психологиялық кеңес беруде экзистенциалды бағыт.

«Экзистенция» сөзі («тіршілік») лат. existere – бөліну, көріну дегенді білдіреді. Тіршілік ету – статистикалық процесс емес, ол динамикалық тұрақтанумен байланысты. Адам өзінің тіршілік процессінде келесілермен : өлім, бостандық, оқшаулау, сандырақтықпен кездеседі. Олар адамға қатынасты динамикалық функция орындайды – оның жеке тұлғаның дамуын, кездесулерін тудырады. Бірақ та олармен кездесу ауыр, сондықтан адамдар олардан сақтану керек, олар иллюзорлы проблемалардың шешілуіне ғана әкеледі.

Осындай тәжірибелермен кездесе келе, адамдар конструктивті және деструктивті даму жолдарды таңдауы мүмкін.

Конструктивті жол – қорқынышқа қарамастан адамдар осындай тәжірибеге қиялдануға мүмкіндік береді, осыдан басқа жағдай туындауы, тыныштық, продуктивті функциялау болады. Әрқашан да басынан өткізе жеке тұлғасының конструктивті дамуы невротик қылдырады.

Деструктивті жол – осы негіздерден психологиялық қорғаудың көп сандық түрлері.

Осы қатынас негізінде клиентпен жұмыстың маңызды мақсаты : Мұнда клиентке деструктивті жолдан конструктивті жолға көшуіне көмек көрсету. Кеңес берушілер клиенттеріне психологиялық қорғау механизмдерін адекватты емес түрін жекелеуге көмектеседі.

Экзистенцианалды қатынас Клиенттер экстрималды жағдай болған кезде қолданылады, қандай да бір экзистенцианалды проблемамен байланысты : өлім, жұмысындағы өтпелі периодтар, маңызды шешімдер қабылдаумен, оқшаулаумен байланысты.

Тіршілік етудің негіздерін : экзистенцианалды дағдарыс және олармен байланысты қорқыныштарды қарастырайық .

1 Өлім Бұл қорқыныш, бұл барлығына таныс және нақтылықты қажет етпейді.

2 Бостандық Адамдар көптеген уақыт бойы дәстүрлі жүйеде өмір сүрген, ол кезде таңдау болмаған. Жаңа заман адамға таңдау мүмкіндігін береді, бірақ көптеген адамдар таңдауға дайын емес. Олар нені және қалай таңдарын білмейді, өз таңдауларына жауапкершіліктерін сезінбейді, еріктері көтере алмайды, қалауды білмейді, шешім қабылдай алмайды.

3 Оқшаулау Барлық әлемде дәстүрлі жалпы байланыс бұзылулары болып жатыр және өзіндік сана даму проблемаларынан адамдар өздерін оқшаулауға тиіс. «Мен» сзімінің пайда болу қаупімен байланысты. Бірақ адам табиғаты осындай оқшаулау дискомфорт сезімін тудырады. Альтернативті оқшаулау жалпы – қарым – қатынасқа түсу, өзінің ішкі сезімінің қаупіне қарамастан. Бұл жол өзінің ішкі күшімен, сезімділік сезімі дамуын анықтайды.

Адамдарда «сандырақтық» ұғымының сезімінің болмауы.

Бұрында адамдар үғымдарды іздемеді, өйткені оны дайын түрінде алған ( мысалы, религия арқылы). Қазіргі кездегі еврей қатынасының өмірінің жағдайы ондағы әр мүше мәдени, діни ұғымдарын жақсы біледі. Оларға ең қиыны өз сенімдерін қабылдау. Қазіргі өмір таңдауды іздеуді талап етеді, әйтпесе сандырақтық сезімінде қаласын.

Урбанизация осы фактор әсерін қысқартты. Бұл сонымен қоса, адам өзінің тіршілігіне мән бермейді дегенді білдіреді. Қорқыныштан екі деструктивті тәсілді анықтайды, экзистенциалды уайыммен байланысты.

1 Жай , қорқыныштан тәуелсіз жұмыс істейтін Мысалы, проекция, мойындаму.

2 Спецификалық әр төрт экзистенцианалды уайымнан мәдениет мақсатымен байланысты. Негізгі экзистенцианалды уайымдардың спецификалық механизмдерін психологиялық қорғау қарастыратын болсақ :

Қорқыныштан, өліммен байланысты ол кезде адамдар қорғанады :

- өз негіздеріне сенім, өзіндік сенімсіздік және қол сұғылмаушылық ;

- құтқарушыға сезімдері, соңғы кезде көмекке келетін. Ондай құтқарушы: табмғи емдеуші, балгер, атақты дәрігер болуы мүмкін;

- бостандықпен байланысты қорқыныштар, адамдар келесі белсенділік формаларымен қорғанады: олар адамдарға жауапкершілік сезімдерінен өз өмірлеріне, қашуына көмектеседі. ;

- компульсифтілік (сериялық әрекет)

- басқа адамдарға жауапкершілік беру, сонымен қоса кеңес берушіге ;

- өзін дұрыс деп сезіну ;

- автомды әрекеттен кері бұрылу.



Оқшаулаушылықпен байланысты қорқыныш, адамдар басқа адамдарға өзіне сияқты қатынас орнатпауынан қорғанады :

- олармен ойнай бастайды, өздерінің қажеттіліктері үшін оларды қолданады ;

- өздерінің және басқалардың көздерінің алдында коршаған отртаны өздерінің беекітулері үшін қолданылады;

- өздерін басқа біреу ықпалына береді, басқа индивид және басқа топпен қатынас орнатады ;

- компульсивті жыныстық , басқа біреулермен адам сияқты емес, объект ретінде қатынасады .

Сандырақтықпен байланысты қорқыныш адамдар келесі коммуникативті әрекет түрлерімен қорғанады – маникалды қажырлықпен ақшаны табады, бедел, қандай да бір әрекет орындайды - әр компанияларда қатысады уақыт өткізетін. Қорқыныштан сандырақтақпен байланысты адамдар нилигизммен де қорғанады. Нилигизм ( лат. nihili – ештене) скептицизмнің соңғы түрі, онда адам қоршаған ортаны ұқпайды, онда мақсатпен бағытпен әрекет орындайды. Нигилизм сонымен қоса, нақтылықпен, жоғары қызығушылықпен адамның табиғатының физиологиялық жақтарына.
И. Ялом және Р. Мэйдің клиентпен жұмыстың экзистенцианалды қатынас принциптері мен әдістері
1 Актуалдылық жағдайында клиент үшін экзистенцианалды уайымдар өліммен байланысты, оны осы өлім туралы толық санаға әкеледі, өмірдің жоғары бағалығына әкелетін. Адамдар бағалықтарын бағалай білу керек. Олар өмірдің қадірін түсіне білу керек, және жақындарымен терең деңгейде қатынасу керек. Ол үшін келесі әдістемелік мысалдарды орындау керек :

1 Психолог – кенес берушінің өзіндік ашылуы: ол келесі формаларда болады :

- Клиентке өзіндік экзистенцианалды сандырақтықпен сыйысу;

- Клиентке өзі кеңес беруші сезіп отырған сезімдерін жеткізу, клиенттің проблемасы бойынша ;

- «Шыдау» клиентке өлім тақырыбы жайлы көптеген әңгімелер айтылады .

2 Психологиялық идентификациялық механизмдері Клиентке психологиялық қорғау механизмдері туралы ақпараттар ұсынылады және оған көмек көрсетеді.

3 Тіршіліктің мәнгі емес жайлы жұмыстар Клиентті өлім жайлы ақпараттар ұсынылады.

4 Өлім жайлы сананың толық қосымшалар қолдану:

- Клиент өзінің некрологын жазу керек (өлі адамға арналған статья, оның өмірі жайлы мінездеме)

- Клиентке өлім тақырыбына фантазиялау ұсынылады : клиент қайда және қай жерде өлімді кездестіреді, қатымы қалай өтеді;

- Клиентті жазылмайтын ауру адамдармен қарым – қатынас орнатуын ұсынады, оның әрекетін бақылау.



5 Клиентті қатаң бақылауға өмірдің әсер ететін сапектілеріне

ІІ. Бостандықпен байланысты арнайы уайымдар клиент үшін актуалды клиентке өз өміріне жауапкершілікті алу кесесі әдістемелер арқылы :

1 Психологиялық қорғаудың идентификациялық механизмдері Клиентке психологиялық қорғау негізін ұғындырады, жауапкершілікпен қарама – қарсы қояды келесі әрекеттер бойынша :

- Клиент өзінің сәтсіздіктеріне жалоба түсірсе, одан осы жағдайды қалай туғызғаның сұрайды ;

- Егер клиент басқа адамдарды төмен түсірсе, онда оған өзінің сондай бітістерін көрметеді ;

- Кеңес беруші клиенттің «мен істей алмаймын» дегенің «мен істегім келеді» дегеннің орнына айтуын өндейді.



2 «Қазір және осында» жауапкершілігінен ауытқуы Клиенттің «қазір және осында» деген әрекетіне маңыз бөледі, проблеманы анықтайтын, олармен ол шынайы өмірде кездеседі.

3 Реалистік шектеулермен кездесу Клиентке ол қандай облыстарға әсерін тигізе, тигізе алмайтындығын анықтайды.

4 Экзистенцианалды кінәға қарсы болу Клиент өз ұлтымен өмір сүруге бағдарланады, ол оған қарсы болса.

5 Клиенттің аффекттерінің тосқауылдарының қабілеттерінін босауын қалайды Ол сұрақтар арқылы жасалынады : «Сіз нені сезесіз?» , «Сіз нені қалайсыз ?»

6 Шешім қабылдаудың фасилитациясы Клиент шешімдерін қабылдауды келесі сөйлемдер арқылы бастайды «Егер......» Мысалы, «Егер мен жұмысымнан айрылсам, және басқаны таба алмасам ?» Кеңес беруші әр сұраққа көмектеседі және сезімдерді анализдейді, осы сұрақтарменбайланысты.

ІІІ. Оқшаулау мен байланысты эксизценцианалды уайымдар актуалдылық жағдайында клиент үшін Оған келесі тәсілдер бойынша осы уайымдарға қарсы болуға көмектеседі .

1 Оқшаулаумен клиент кездесу Клиентке әр адам жалғыз екенің түсіндіруге тырысады. Ол үшін кейде оқшаулықта болу керек, өзінің жабық ресурстарын анықтау үшін, жалғыздық қалай екенің түсінеді.

2 Психологиялық қорғаудың идентификациялық механизмдері.

3 Тұлғааралық патология идентификациясы. Клиенттің басқалармен қатынасында ауытқушылықтар байқалады. Осыған келесі сұрақтар талқыланады :

- Клиент адамдарға қарай қатынасады, өз қалауын қанағаттандыратын объект ретінде ме ?

- Қоршаған адамдарды қаншалықты ол жақсы көреді ?

- Қаншалықты ол басқа адамды тындай алады және қалай өзін сол адамға ашылады?

- Қалай адамдарды қашықтықта ұстай алады ?

4 Кеңес беруші – клиент мақсаты патологияны анықтау үшін қолдану.

5 Кеңес беруші клиентті ашынас уйретеді.

6 Ашынастықтың жоғары деңгейіндегі қатынасы.

ІҮ. Өмірдің мәнімен байланысты экзистенцианалды уайым клиенттің актуалды жағдайында. Келесі жұмыс тәсілдері қолданылады :

1 Проблеманы қайта анықтау. Адамдар өмірдің мәні жоқ дегенде, расында олар оны таба алмайды.

2 Сандырақтықпен байланысты қорқыныштық психологиялық қорғау түрінің идентификациясы.

3 Клиентке өмірінің белсенді қатысуына қолдау беріледі. Әр өрісте әр түрлі кедергілер табылады, мән негізіне кедергі келтіретін және олар жойылады.


: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет