Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің


Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде



бет2/11
Дата30.04.2016
өлшемі2.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы

Ойлы – қырлы жерлер деп, биік таусыз үстіртті, ойпатты жерлерді айтады. Оған жағдайдың әр түрлілігі тән, соның ішінде тегіс жерлерімен бірге, қыраттар, төбелер, сайлар, жазықтар, көлдер, су айдындары, өсімдіктер жатады.

Бірыңғай үстірт жерлерде жылжу ұзындығы мен жиілігі шамамен бір қалыпты адыммен сипатталады. Аяқты көтерген жағдайда бұлшық етті барынша бос ұстау қажет. Аяқты жерге түсіргенде бұлшық ет қайтадан қатаяды. Тобықтың, аяқ буындарының зақымдануынан қашу үшін аяқты қисайтпай, күшті табанға түсіріп аяқты тік ұстау керек. Тізені сәл бүгіп жүрген дұрыс.

Қадамның алшақтығы мен жиілігі ол әр адамда әртүрлі және ол көптеген факторларға: бойға, салмаққа, күшке, тәжірбиеге, адамның жаттығуына, жер бедеріне, көтерген жүктің салмағына байланысты. Тік жерлерде қадам ұзындығы жартысынан көбіне қысқарады, кейде ол аяқтың тұрқымен тең немесе одан да қысқа болуы мүмкін.

Тегіс жерлермен жылжу кезінде орташа жылдамдық сағатына 4-5 км, ал орман ішінде, батпақта, бұталар арасында, нулы жерде, қарда, құмда жылжу кезінде жылдамдық азаяды.

Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы. Беткеймен жылжуды жеңілдету үшін аңдардың сүрлеулерін, ойдым – ойдым шұңқырларды, жатқан сенімді заттарды, мұз жарғыштарды қолдану керек. Тастың құлауы мүмкін болғандықтан. қорым үстінде жүргенде ерекше назар аудару керек. Қорымдар аяққа жайлы және жайсыз, ұсақ, орташа. ірі тастардан тұрады.

Үйінді жағдайындағы жылжулар. ІҚЖ жүргізу құтқарушылардың үйінділердің үстімен жылжу қажеттілігін тудырады. Жолда сенімсіз элементтер мен қосымша кедергілер болмаған жағдайда жұмыс орнына жылжудың ең қысқа төте бағыты таңдалып алынады.

Құтқарушылар үйіңді жағдайында жылжу кезінде өте сақ болу керек, өйткені онда:



  • зардап шегушілер және материалдық құндылықтар;

  • ғимараттың құламай қалған бірақ құлау қаупі бар бөліктері мен элементтері;

  • қуыс және олардың шөгіп қалуы;

  • бос қалған жерлерде жанғыш және жарылу қаупі бар газдардың жиналуы нәтижесіндегі жарылыстар;

  • өрт және түтін;

  • бұзылған коммуналдық желі мен өнім құбырлары;

  • зиянды заттар, соның ішінде ҚӘУЗ сияқты көптеген күтпеген оқиғалар болуы мүмкін.

Үйіндіге тікелей жақын жылжу кезінде аман қалған құрылысқа назар аудару керек, өйткені олар өте қауіпті. Бұл олардың кенеттен құлап қалу мүмкіндігімен байланысты. Бұзылған коммуналдық шаруашылық жүйесінің де қаупі аз емес. Жекелеген жағдайларда өрт қаупі, жарылу қаупі немесе уланудың қаупі болады.

Үйіндінің үстінен жылжу кезінде қолайлы және қауіпсіз маршрутты таңдайды. Мұндайда аяқ басатын жерге ерекше назар аударады. Сенімді деген затты ғана басу керек. Кейбір жағдайларда жолдан тақтайларды, құбырларды, арматураларды құрылыстың қалдықтарын алып тастау ке­рек. Үйінділердің үстімен жылжу кезінде мұқтаждық болмаса бұзылған ғимараттардың ішіне кіруге, олардың жанында тұруға болмайды. Үйінділердің үстімен жүгірудің, секірудің, оған ауыр заттар лақтырудың керегі жоқ. Бұл құтқарушыларды жарақаттауы мүмкін және зардап шеккендердің денсаулығы мен өміріне қосымша қауіп төндіреді. ІҚЖ жүргізу аймағында кейбір қираған құрылыс болған жағдайда оның ішінде қалған адамдарға көмек көрсету қажет. Осыған байланысты құтқарушылар құрылыстың сенімділігін бағалаулары, жылжудың әдістерін анықтаулары, зардап шеккендерді шығаруы және көшірулері керек.

Қысылысу жағдайындағы жылжулар. Құтқарушылардың ІҚЖ өткізу кезінде қысылысу жағдайында жүрулеріне тура келеді (тар жер, құдық, жарық, құбыр). Мұндай жылжудың ерекшелігі: бір бүйірлеп қырымен, арқасымен, төрт аяқтап ыңғайсыз қалыпта жылжумен жүзеге асуы. Бұған клаустрофобия негізінде пайда болған жабық кеңістіктегі үрей, үнемі қорқыныш сезімінде болумен байланысты психологиялық дискомфортты қосу қажет.

Ереже бойынша, жабық кеңістікте уландырғыш және жарылу қаупі бар заттар жиналады және онда жарық болмайды.



Қысылыс жағдайындағы жұмыс арнайы құралдармен немесе оқшауланған газқағармен жұмыс аймағындағы ауаны тексергеннен кейін жүргізіледі.

Қысылыс жағдайында болған құтқарушы арқанмен сақтандырылуы керек. Жұмыс орны мен баратын жолына жарық түсіру үшін арнайы фонарлар қолданылады.



Қарда жылжу. Құтқарушылар қарда – жаяу, шаңғы, шана, қарда жүргіш, жол талғамайтын техникаларды қолданып жылжуды жүзеге асырады.

Кең таралған тәсілдің бірі – жаяу жүру. Оның жылдамдығы қар жамылғысының биіктігі мен құрылымына, жер өзгешелігіне байланысты. Қар жамылғысының биіктігі 0,3 м және одан да көбірек болса, жаяу жылжу ауыр болады. Бұл жаңа жауған қарда немесе қар жатқан жекелеген шұңқырларда тұтас жол салу ерекшелігімен байланысты. Бұның бәрі көп күшті қажет етеді және тез шаршатады. Сондықтан терең қарда жаяу жылжу кезінде алдыда жүрген құтқарушыны жиі ауыстырып отыру қажет. Қар аяқ киімге түспес үшін шалбар киіп, оның балағын төменгі жағынан байлап қою керек.

Құтқарушылардың қарда жылжу жылдамдығын арттыруға және уақытты үнемдеуге арнайы ыңғайлы қар да киетін аяқ киім (снегоступтар) көмектеседі. Олар қалыңдығы 7 мм, ұзындық пішіні 420 мм және ені 200 мм қырлы сопақша ағаш рамадан жасалған. Рама ернеуінен диаметрі 8-9 мм 20-25 тесік тесіледі, сол арқылы ремен баулармен айқастырылып байланады. Жасалған торға брезент немесе 80 х 270 мм өлшемді тығыз мата және снегоступтарды байлап қоятын шығыршық бекітіледі.

Кейде қардың үстіне қабыршақ – мұз жамылғысы пайда болады. Ол қалың қатты және шамадан тыс тайғанақ болады. Құтқарушылардың мұз – қатқақпен жылжуы жоғарғы дәрежедегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды және арнайы құрылғыларды қолдануды талап етеді (имек темірлер, тіреуіштер). Құтқарушылардың қар басқан беткейлерде жылжуына ерекше көңіл аударулары керек. Мұндай жағдайларда міндетті түрде альпеншток, мұз жарғыш, сырғанамайтын ыңғайлы аяқ киімдерді пайдалану керек. Қалың қарда мұз жарғыш қалақпен, аяқтың ұшымен немесе бәтеңкенің өкшесімен тесіп тепкішек жасауға болады.

Қарлы беткейде құлаған кезде құтқарушы ішімен айналып, беткейге бетін қаратып отырып, аяғын жинап, аяғының ұшымен беткейді тірей отырып, козғалысты тоқтатуы керек.

Кейбір жағдайларда құтқарушылар ІҚЖ өткізу орнына шаңғы арқы­лы жетеді. Кедір – бұдыр жерлерде туристік шаңғыны қолдануға болады, олардың жұмыс беті үлкен және аяқтың ұшы мен өкше жағы жалпағырақ. Онымен қалың қарда еркін жүруге болады, оларды көп кедергілер (ағаштар, бұталар, тастар) арасында меңгеру оңай. Таудан түсуге немесе шаңғымен жылжуға спорттық (жүгіретін) шаңғылар қолданылады.

Барлау жасау, зардап шеккендерді іздеу және оларды тасымалдауда, құтқарушыларды және жүктерді жұмыс орнына тасуға қарда жүргіштер, жол талғамайтын көліктер және тау шаңғылары қолданылады.

Мұздағы жылжулар. Құтқарушылардың мұзбен қозғалулары оларға жоғары талап қояды: қауіпсіз мұздың қалыңдығы тұщы суда 10 см және ащы суда 15 см болып есептеледі. Мұздың қалыңдығын анықтау үшін оны бұрғылау (ою) керек.

Мұздың сенімділігін анықтау үшін салмағы жеңіл бір құтқарушыны қауіпсіздік мақсатында міндетті түрде арқанмен сақтандырып оны мұз үстімен жүргізу қажет. Егер мұз өзіне тән дыбыстар шығарса, онымен жылжу кезінде сытырласа онда жүруге болмайды. Мұз сынған жағдайда міндетті түрде ауыр киімдерді тастап, мұздың үстіне шығып ішімен жатып, шаңғыға немесе шаңғының таяғына сүйеніп, жағаға қарай еңбектеу ке­рек.

Бетін қар немесе су жапқан мұздың үстінде жүру кезінде сақ болған жөн. Бір мұздан екінші мұзға секіру кезінде тіреуіштер мұздың шетіне 50 см жақын болмауы керек. Мұзда бірнеше адам топталып алуға немесе жүкті бір орынға үйіп жинап қоюға болмайды. Мұзбен жүрушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз арасы 5м және одан да көбірек болу керек.

Мұз шоғырларында жылжу кезінде тек қана мықты мұз сеңін ғана басу керек.

Көктемдегі еру кезінде мұздың бетіне су молырақ жайылады, мұз кеуекті және нашар болады, Мұндай мұзбен жылжуға болмайды. Олардан жүзу құралдарының көмегімен өту керек.

Құтқарушылар мұзбен жылжу кезінде табаны сырғанамайтын аяқ киімдер немесе арнайы сырғанамайтын құрылғы пайдалану керек. Егер мұздың бетін еріген су басса, онда рифленген табанды резеңкелі аяқ киім кию қажет.



Негізі қауіп мұз басқан батпақтан келеді. Олардың бетінде жұқа мұзды «саңылау» жиі қалады ол адам салмағынан сытырлап сынады. Балдыр шөппен, ағаш өскіндерімен немесе бұталармен жабылған батпақтар нашар қатады. Дөңесті батпақтар біркелкі қатпайды. Ереже бойынша, батпақтың ортасы оның шетінен жақсы қатады. Қалың қар қабатымен жабылған батпақтар өте қауіпті ондағы су баяу және әрелкі қатады.

Батпақтарда жылжу. Батпақ деп – тұрып қалған сулар мен ерекше өсімдіктері бар жерді айтады. Батпақтар сазды, сағалы, орманды, шым тезекті болады.

Батпақтың үстімен құтқарушылар жүрген кезде, ол адам өміріне өте қауіпті болғандықтан тиісті шаралар қарастырылуы керек. Жабысқақ топырақ, су, өсімдіктер, томарлар, батпақты телімдер, үнемі қорқыныш сезімі, құтқарушыларға жайсыздық туғызады. Су мөлшерінің көптігі киімдердің, аяқ киімдердің, керек жабдықтардың су болуына әкеледі. Батпақпен жүру жылдамдығы өте баяу. Құрғақ қырат жерлердің болмауынан от жағу тіпті мүмкін емес.

Жылжу алдында жергілікті тұрғындардан батпақтың «сипатын», соқпақ жолдарды, батпақты жерге салынған құрғақ жолдарды, қауіпті учаскелерді қалай айналып өту қажеттігі туралы ақпарат алу қажет. Барлық киімдер су өткізбейтін матамен оралу керек. Жол қапшықтың бауын барынша босату керек. Құтқару кеудешесі болса, оны киуі тиіс. Денеге поролонды кілемшелерді бекітіп қоюға болады, ал аяқ киімді аяққа мұқият байлап қою ке­рек.

Батпақпен жүретін құтқарушылардың арасы 5-7 м болу керек. Алдағы жүрушіні арқанмен сақтандыру керек. Қозғалысқа қатысушылардың бәрінде тереңдікті өлшеу үшін ұзындығы 3-4 м сырықтар, түбін қармалаушылар, тепе – теңдікті ұстайтын және құлаған жағдайда тірейтін тіреуіштері болу керек. Сырықты оңтайлы жағдайда кеуде алдына жерге қатарластыра ұстап жылжуға перпендикуляр бағыттайды. Батпақ пен мүкті алқаптарда, бұталармен немесе тамырлы өсімдіктер арқылы томардан томарға секіре жылжуға болады. Қадамдар қысқа болу керек, бір орыңда тоқтап қалуға болмайды. Тек қана қапы жерлерде немесе ағашы бар жерлерде ғана дем алуға болады. Батпақта жалғыз жүруге болмайды.

Егер адам батпаққа құласа, онда оған жол қапшығын тастап, көлденең жағдайға түсіп, қадаға сүйенуі керек. Бірден шұғыл қимыл жасамай, тырбаңдамай жайлап шығу керек. Зардап шегушіге арқанды немесе сырықты қолданып көмек көрсету қажет. Зардап шегушіге жақындау кезінде құтқарушы арқанмен сақтандырылу керек.

Батпақ арқылы жүруді жеңілдету үшін құтқарушылар фанер кесектерінен, бұталардан, жеңіл металлдардан жасалған «батпақта жүргіштерді» қолдана алады. Батпақта жүргішті аяққа бекіту, олардың қажетті жағдайда тез шешілуін қамтамасыз ету қажет. Құтқарушылардың батпақпен жылжу кезінде жолындағы ағаштарды белгілермен таңбалап, бұталарға бұйымдар, қарақшылар іліп жүруі керек.



Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуы. Үңгір – жердің үстіңгі бетінде ашылатын бір немесе бірнеше саңылаудан кіретін жер қабатының жоғарғы қалыңдықтағы қуысы. Егер үңгірдің ені мен биіктігі оның ұзындығынан артық болса, онда ол үңгір деп аталады. Тік қуыстың тереңдігі 20 м кем болса құдық, ал 20 м артық болса шахта деп аталады.

Үңгір еріген су мен қардың әсерінен, бүлінген су тасқындарынан, адам әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Жанар таулы, мұзды, тұзды, теңізді, үңгірлер бар.

Үңгірлер түрлеріне қарай цилиндрлі, конусты, саңылаулы, күрделі (құдық және шахта) болады. Орналасуы бойынша – көлденең, еңкіш, тік. Үңгірлер бір қабатты және көп қабатты болады.

Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуының ерекшелігі толық қараңғылық пен жүз пайызды ауа дымқылдығымен белгіленеді. Қараңғыда қашықтықты дұрыс бағаламағандықтан және тастардың орнықсыздығынан тастан тасқа, кемерден кемерге секіруге болмайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арқандар мен сатылар қолданылады. Үңгірлерді арнайы үңгірге арналған шамдармен, фонарлармен жарықтандырады.

Үңгірлерде жылжудағы негізгі қауіп – қатер табиғи опырылып құлаулар және тас құлаулар, ластанған ауа, қолда бар су қоры, адасу мүмкіндігі, түтін шығулар, тар жолдар, психикалық шалдығулармен байланысты.

Өзін өзі тексерцу сұрақтары


  1. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы

  2. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы

  3. Үйінді жағдайындағы, Үйіндінің үстінен жылжулар

  4. Қысылысу жағдайындағы жылжулар Қарда, мұзда жыл

4 дәріс. Жергілікті жерді бағдарлау


Жалпы сұрақтар

  1. Көкжиек жағын құбылнамамен, аспан шырақтарымен, (компаспен) анықтау.

  2. Топографиялық карталар

  3. Дабыл берудің түрлері мен белгілері

Құтқарушылардың маңызды кәсіби шеберлігі жергілікті жерге бағдар жасау болып табылады. Бағдарлау – өзіңнің тұрған жерінің көкжиек жағына қарай шамамен анықтау. Солтүстік (N), Оңтүстік (S), Шығыс (О), Батыс (W). Бағдарлауды құбылнамамен (компаспен), аспан шырақтарымен, жұлдыздармен, айналадағы заттармен, жер белгілерімен, топографиялық карталармен жүзеге асыруға болады.



Көкжиек жағын құбылнамамен (компаспен) анықтау.

Қолда бар дұрыс істейтін құбылнама көкжиек жақтарын анықтаудағы барлық тәжірбиелік мәселелерді шешеді. Оны қолданудың әдісі жалпыға мәлім. Құбылнаманың дұрыстығын тексеру үшін тіліне металды затты апарып тигізеді де оны тепе – теңдікті қалыптан шығару арқылы тексереді. Металды затты алғаннан кейін тіл бастапқы жағдайына түсуі керек. Егер тіл бастапқы жағдайға түспесе онда мұндай құбылнаманы қолдануға болмайды.



Көкжиек жағын аспан шырақтарымен анықтау.

Күннің шығып тұрған ауа райының ашық кезінде көкжиек жағын күн арқылы анықтауға болады. Таңғы сағ.7-де күн шығыста, ал caғ. 13-те оңтүстікте, сағ. 19 шамасында батыста болады. Қолда сағат бар болса, көкжи­ек жағы келесі түрде анықталады. Сағат тілі күнге бағытталуы қажет, бұл жағдайда сағат тілі мен «1» цифрын бөлетін бұрыштың тік сызық циферб­латы оңтүстікті көрсетеді. Сағат жергілікті уақытты көрсетуі керек.



Тәуліктің түнгі мерзімінде бұлт пен тұман болмаған кезде көкжиек жағын Поляр жұлдызы арқылы анықтауға болады. Поляр жұлдызы үнемі солтүстікте болады және жұлдыздардың арасында өзінің жарығымен бөлек шығады. Поляр жұлдызын аспаннан іздеу үшін 7 жарықжұлдыздан тұратын «ожау» Жетіқарақшыны табу керек. Егер ойша соңғы жұлдыз арқылы тура сызық жүргізіп және жұлдыздар арасына бес есе қашықтықты белгілесе бесінші бөліктің соңында Поляр жұлдызы болады.

Орманда көкжиек жағын орман шаруашылығын жүргізетін жүйелер арқылы (қара жолдар, кварталды бағаналар) анықтайды. Қара жолдар солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай бағытта кесіледі. Қара жолдардың қиылысқан жерлерінде кварталды бағаналар орналасқан, онда квартал нөмері көрсететін цифрлар жазылған. Екі ең кіші цифрлар шегі үнемі солтүстікке бағытталған.

Ормандағы сенімді бағыт сілтеуші, ағаш бағаналарындағы таңбалар. Олар адам кеудесінен биігірек, соқпақтардың (жолдардың) оң жағына қарай қойылады.

Ағаштардағы бірнеше таңбаларға қарап жол немесе тұрақтың жақындығын білуге болады.

Көкжиек жақты шамамен жергілікті белгімен жорамалдауға болады. Жеке тұрған ағаштардың қабықтарының солтүстік бетін мүк басқан. Қайың қабығының солтүстік бетінде ашық қара дақтары мен жарықтары аз болады. Көктемде оңтүстік бетте қар тез ериді. Құмырсқалардың илеулері мен аралардың ұялары ағаштар мен тастардың оңтүстік бетінде орналасқан. Көктемде құс керуендері оңтүстіктен солтүстікке, ал күзде кері бағытта ұшады. Тастардың, жартастардың, ағаштан жасалған шатырлардың, әдетте солтүстік бетін мүк басады. Қылқан жапырақты ағаштардан шайыр бөлінеді және әдетте оңтүстік бетінен көп жиналады. Ең әуелі оңтүстік беттегі жидектер мен жемістер мерзімінен бұрын пісіп жетіледі.

Жергілікті белгілермен бір – екі рет бақылау жасап, көкжиек жақтың орналасу бағдары туралы үзілді – кесілді жорамалдауға болмайды. Жорамалды алғашқы қорытындыны қайта – қайта тексергеннен кейін жасауға болады.

Топографиялық карталар

Құтқарушылар жергілікті жерді топографиялық картаның көмегі ар­қылы бағдарлай білулері керек. Топографиялық карта шартты белгінің көмегімен түсірілген қағаздағы нақты ақпаратты көрсетеді. Топографиялық карта арқылы жерді зерттеуге және бағалауға, қашықтықты, алаңды, тік беткейді, нүкте биіктігін, бағдар жасауды жүзеге асыруға болады.

Топографиялық карта арқылы бағдарлауды жүргізу үшін оны көкжиек жаққа қарай бағдарлау керек. Картаны құбылнаманың көмегімен неме­се жергілікті шамалаулар арқылы бағдарлауға болады.

Бұл жұмыстарды жасағаннан кейін және картадан өздерінің тұрған орнын анықтағаннан кейін құтқарушылар маршрут қозғалысын белгілейді де негізгі бағыт – бағдарды таңдайды. Жылжу уақытында маршруттың дұрыстығын ерекше қадағалап отыру керек. Түнде жылжу кезінде бір бірін көре алатын жақын ара қашықтықтағы бағдарлар таңдалады. Жылжудың дұрыстығына күдіктенген жағдайда үнемі картаны жергілікті жермен салыстыра отырып, өзінің тұрған орнын анықтауға болады.



Дабыл берудің түрлері мен белгілері

ІҚЖ жүргізу кезінде құтқарушылар тапсырманы орындау барысында көбіне халық тұратын жерден алыста, «далалық жағдайда» бірнеше күн болып, әр түрлі кездейсоқ шырғалаңдарға ұшырауы мүмкін, осының барлығы олардың бұл жағдайларда жұмыс істеуіне қосымша талап қояды.

ІҚЖ кетер алдында құтқарушылар еңбек құралдары және қорғану құралдарымен қатар, кез – келген климаттық – географиялық аймақ жағдайында керек болатын қажетті заттардың келесідей топтамаларын:


  • соның көмегімен 30-40 км қашықтықтан апат дабылын беруге бо­латын дабылды айнаны;

  • шам немесе от жағуға немесе баспананы жылытуға қажетті аңшы сіріңкесін, жанатын құрғақ таблеткаларды;

  • дабыл беруге арналған ысқырықты;

  • пышақ, балта, күрек ретінде пайдалануға болатын қынапты үлкен пышақты;

  • құбылнама, нығыздалған фольга кесіндісі мен полиэтиленді, балық аулайтын жабдықтарды, дабыл оқтарын, дәрі – дәрмектердің авариялық топ­тамаларын, су мен азық – түлік қорларын өздерімен бірге алулары керек.

Дабыл беру. Құтқарушылар тәжірбиеде арнайы дабылдардың қолдануын білулері және дабыл бере алулары керек. Өзінің тұрған орнын көрсе­ту үшін құтқарушылар күндіз және түннің жарығында от түтінін қолдана алады. Егер отқа резеңке, оқшаулар қиындылары, майлы шүберектер тастаса, бұлтты күндері жақсы көрінетін қара түтін шығады. Ауа райы ашық күні жақсы көрінетін ақ түтін алу үшін отқа жасыл жапырақтар, жас шөптер, піспеген мүк тастау керек.

Жерден әуе жолы көлігіне (ұшаққа) дабыл беру үшін арнайы дабыл­ды айна қолдануға болады. Оны көзден 25-30 см қашықтықта ұстау қажет және ұшақты бұрыш саңылауы арқылы көруге болады; айнаны бұрып, жарық дақты бұрыш саңылауына сиыстыру керек. Дабыл айнасы болмаған жағдайда үсті жалтырақ затты қолдануға болады. Бұрыштау үшін заттың орталығына саңылау құралын жасау керек. Жарық сәулесін ұшақ моторының шуы естілмеген жағдайда да көкжиектің сызығын бойлай жіберу керек.

Түнде дабыл үшін қол электр – фонаригінің жарығы, алау, от қолданылуы мүмкін. Сал үстінде жағылған от апат дабылының бір түрі болып та­былады.

Дабыл берудің жақсы құралы ұшақ (тікұшақ) жақындағанда қарға, жерге, суға, мұзға тастайтын ашық боялған заттар мен арнайы бояйтын ұнтақтар (флюорецин, уранин). Жекелеген жағдайда дыбысты дабылдарды (айқай, атыс, тарсылдату) дабылды ракеталарды, түтіндету құтысын қолдануға болады.

Соңғы кезде қол жеткен өңдеу жетістігінің бірі «нысананы көрсету» төрт жанатын бояумен жабылған түнде лампасы лап етіп жанатын нейлон қабықты кішкентай резеңке әуе шары; оның жарығы 4-5 км қашықтықтан жақсы көрінеді. Ұшар алдында шар кішкентай капсуладағы гелиймен толтырылады және 90 м биіктікте нейлонды арқанмен ұсталып тұрады. Жиынтық массасы 1,5 кг құрайды.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Көкжиек жағын құбылнамамен, аспан шырақтарымен, (компаспен) анықтау.

  2. Топографиялық карталар

  3. Дабыл берудің түрлері мен белгілері

4 дәріс. Құралдар және сигнализация дабылдары


Жалпы сұрақтар

  1. Тікұшақты жерден басқару дабылы

  2. Дабыл беру құралдары

  3. Құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулері

  4. Құралдар және сигнализация дабылдары


Тікұшақты жерден басқару дабылы

«Жерге қонуға рұқсат етіледі» – қолдары Ү әрпі нысанын (yes – иә!) жасай отырып бір жағына қарай сәл ажыратылып жоғары көтеріледі.

«Жерге қонуға рұқсат етілмейді» – диагонал бойынша оң қолы жо­ғары көтерілген, ал диагонал бойынша сол қолы төмен түсірілген, N әрпі нысанын (No – жоқ!) жасағандай белгі береді.

«Қалықтап тұруды орындау» – қолдары иық деңгейінде екі жаққа қарай созылады.

«Төмен түсіру» – қолдары иық деңгейінде екі жаққа қарай көлденең созылған. Көлденең жағдайдағы қолдың алақаны төмен қарап, ырғақпен тербетеді.

«Көтерілу» – олдары иық деңгейінде екі жаққа қарай көлденең со­зылған, алақандары жоғары қараған. Көлденең жағдайдағы қол ырғақпен тербеледі.

«Солға карай орын ауыстыру» – оң жақ қолы иығы деңгейінде көлденең созылған. Сол қолымен ырғақты тербеліс жасайды.

«Онға қарай орын ауыстыру» – сол жақ қолы иығы деңгейінде көлденең созылған. Оң қолымен ырғақты тербеліс жасайды.

«Алға қарай орын ауыстыру» – қолдары созулы, алақандары бетке қаратылып, шынтақтан сәл бүгілген, тік жағдайда ырғақты қимыл жасай­ды.

«Артқа қарай орын ауыстыру» – қолдары созулы, алақандары тікұшақ жаққа қарай қаратылып, шынтақтан сәл бүгілген, тік жағдайда тікұшақ жакққа қарай ырғақты қимыл жасайды.

«Конып болды» – қолдар төмен түсірілген, алдына қарай айқастырылған.

«Қалықтап тұрған жерінен солға қарай орын ауыстыру» – оңжақ

қолы көлденең созылған, сол қолы жоғары көтерілген, тікұшақтың орын ауыстыру бағытына қарай ырғақты қимыл жасайды.



«Қалықтап тұрған жерінен оңға қарай орын ауыстыру» – сол жақ қолы көлденең созылған, оң қолы жоғары көтерілген, тікұшақтың орын ауыстыру бағытына қарай ырғақты қимыл жасайды.

«ОК» (О'кей!) - бәрі дұрыс! – оң жақ қолы алға қарай сәл көтеріліп созылған, саусақтары жұдырық болып жұмылған, бас бармағы жоғары жақты көрсетеді.

«Жүк тіркелген» – қолы белдік деңгейінде шынтақтан бүгілген, жоғары – төмен ырғақты тербеледі.

«Жүкті түсіру» немесе «жүкшығырды тоқтату» – оң жақ қолының жұдырығы түйілген, белдігі деңгейінде шынтағынан бүгілген, оң қолы алақанымен төмен қаратылған, оңға – солға ырғақты қимыл жасайды.

ІҚЖ жүргізу кезінде құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулеріне тура келеді. Жабық ғимаратқа кіретін құтқарушы жіп байланатын сақтанатын белдік тағуға міндетті; оның екінші ұшын сыртта тұрған құтқарушы ұстап тұрады. Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылға келесілер жатады:

Бақылаушыдан:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет