Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет4/11
Дата30.04.2016
өлшемі2.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Есту әдісі (дыбысты). Көзбен шолу қиындаған кезде немесе оны қолданыла алмаса, онда зардап шегушілерден дыбысты ақпарат алу арқы­лы жүргізеді. Негізгі дыбысты дабылға жататындар: әңгіме, айқай, ыңырсу, жылау, ысқыру, дем алу, алақанмен шапалақтау, дүрсіл, тарсыл, ату, жару, двигатель дыбысы, иттің үруі, құстардың шуы.
Дыбысты дабылдар және олардың естілу қашықтығы

дыбысты дабыл

қашықтық

Жарылыс

2- 15 км

Пойыз шуы, паравоз гудогы, сирена

7-10 км

Трактордың гүрілі

3 - 7 км

Мылтық дауысы

2 - 3 км

Автомобиль гүрілі, аттың кісінеуі, иттің үруі

2-3 км

Адамның айқайы

1,0- 1,5 км

Құлаған ағаштың сатыры

0,8 км

ағаштарды кесу және аралау

0,5 км

Зардап шегушілерді іздеу кезінде құтқарушылар үнемі аз ғана уақыт арасында жауап қайтуын тыңдап, дыбысты дабылды өздері бере алады. Дыбысты ақпаратты есту үшін барлық жұмыс түрін бірнеше минутқа тоқтату керек. Сол уақытта барлығы дыбысты ақпаратты тындаулары керек және оның орны мен келген бағытын анықтап зардап шеккендерді іздеуге кірісулері қажет. Егер құлақ дыбысты дабылдарды ести алмайтын болса, онда арнайы акустикалық құралдар қолданылады: жаңғырық, геофон. Олардың жұмыс істеу қағидаттары адамның тіршілік ету сипатын білдіретін (дем алу, ынырсу, айғайлау, жүрек соғысы, қозғалысына) негізделген. Зардап шеккендерді акустикалық құралдармен іздеу әдісі зардап шегушілердің болуы мүмкін жерлердегі шуды (дыбысты) өлшейді. Мұнда «Пеленг – 1» акустикалық құралын пайдалана отырып жақсы нәтижеге жетеді.

Іздеуді тоқтату туралы тек жұмыс жетекшісі ғана шешім шығара алады. Зардап шеккендерді іздеудің бір тиімді тәсілі көзімен көргендерден сұрау. Сұралатын адам ретінде зардап шеккендерді көрген, ТЖ туралы естіген адам тартылады. Көзімен көргендермен әнгіме кезінде келесі тақырыптар мен сұрақтар қозғалады:



  • ТЖ орны, уақыты, масштабы;

  • қолда бар уландырғыш заттар (УЗ), өрттер, қауіпті жарылғыш заттар;

  • ТЖ аймағын зерттеу кезіндегі қиындықтар;

  • зардап шеккен адамдар мен оларды көзімен көрген адамдардың соңғы кездескен жері мен уақыты;

  • зардап шеккендердің қозғалу бағыты;

  • зардап шеккен адамдардың алған жарақаты мен сынған жерлерінің сипаты.

Зардап шегушілерді іздеуге арнайы үйретілген кинологтардың иттері қатысады. Бұл тәсіл олардың табиғи иіс сезуі мен әрекет ету қабілетіне негізделген (үруі, дұрыс тұруы, үйреншікті қозғалысы ). Іздеу кезінде иттер зардап шегуші болуы мүмкін жерлерді иіскейді (үйінді, көшкін, тар кеңістік). Бұл жануарларды пайдалану тиімділігі ауада түтіннің, бір иістің болуы кезінде төмендейді.

Іздеудің бір тәсілі, өзінің иіс сезімін пайдалануда құтқарушының ептілігіне байланысты. Түтіннің иісі бойынша оттың, үйдің, дамылдау орнының жанып жатқан жерін анықтауға болады; жақсы иіс сезімі ауадағы кейбір уландырғыш газдар – аммиактың, хлордың, көмірсутектің барын тамақ пен судың сапасын анықтайды. Зардап шеккендерді сезу көмегі арқылы іздеу затқа тиісумен ақпарат алуға негізделеді және лай суда, қарда көруі шектеулі болған жағдайларда қолданылады.



Техниканы пайдаланып іздеу

Зардап шеккендерді үлкен аумақтарда іздеуді тездету үшін ұшқыш аппараттарын, өзен (теңіз) кемелерін, жер техикаларын қолданады. Зар­дап шеккендерді үлкен аумақтарда көзбен шолып іздеу үшін авиациялық техника пайдаланылады. Мұндай тәсіл көбінесе авиациялық, теңіз апаттарында, су басуларда, апатты өрттер кезінде тиімді. Іздестіруге қатысатын тік ұшақтар мен ұшақтар бортында зардап шегушілерді тапқан кезде тастайтын азық – түлік, жүзу құралдарының қоры болу қажет. Жеке жағдайда құтқарушыларды әуеден түсіреді.

Суда және судың астында іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзі жүретін құралдар пайдаланылады. Акваторияны қарау көзбен шолу арқылы жүзеге асырылады, ал суға батып кеткен нысаналар арнайы аспаптармен немесе сунгуірлердің көмегімен табылады.

Ол адам үшін тіршілік ортасы бола алмайтындықтан, зардап шеккендерді судың астында іздеу ерекше сипатта болады. Арнайы аспаптарсыз адам судың астында шамамен 3-4 мин бола алады, ал суық суда бірненше минуттан кейін қаза болады. Бұл іздеу сүңгуірдің жабдықтарын, торларын, «имек темір», жүзу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырыла­ды.

Құтқарушылар іздеуді негізгі жергілікті жердің бет – бедерін тиімді қолдана отырып жүргізуі керек. Көзбен шолып қарауды ұзын ағаштың немесе таудың шыңына шығып жүзеге асырған жөн. Осы жерлерден дыбыс дабылдарын берген жақсы. Іздеу кезінде жануарлар мен құстардың іс – әрекетін пайдалануға болады (қорыққан жануарлардың немесе құстардың айқай шуы). Зардап шеккендерді тәулік бойы іздеуді ұйымдастыру мақсатында құтқарушылар жұмыс орындарын жарықтандырулары керек.

Бұл мақсатқа: ашық жалын (от, алау); автономды қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; стационарлы қуаттағы электрлі жарық түсіргіш аспаптар; жарық түсіргіштер; жарық түсіретін ракеталар; шамдар; білтелер, сіріңкелер, көліктердің және басқа техникалардың фарлары.

Зардап шеккендерді тапқаннан кейін құтқарушылар оларды қоршаудан босатуға кіріседі.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Көзбен шолу әдісі

  2. Есту әдісі (дыбысты)

  3. Техниканы пайдаланып іздеу

  4. Дыбысты дабылдар және олардың естілу қашықтығы

8 дәріс. Зардап шеккендерді қоршаудан босату


Жалпы сұрақтар

  1. Зардап шеккендерді қоршаудан босату. Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік

  2. Басу синдромының анық белгілері

  3. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі

  4. Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар

Зардап шеккендерді қоршаудан босату ІҚЖ – нің маңызды кезеңі бо­лып табылады. Төменде оның негізгі тәсілдері мен жолдары көрсетіліп отыр:



  • зардап шегушінің кеңістіктегі орыны мен жағдайын анықтау;

  • зардап шегушілерге құтқарушылардың жетуін қамтамасыз ету;

  • зардап шегушіні босатып шығару және алғашқы медициналық көмек көрсету.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зардап шегушіні босатарда басып кету синдромы әсерін есте сақтаңыз асығыс қимыл жағдайды қиындатуы мүмкін.

Зардап шегушілерді қоршаудан босату жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар оларды тасуға кіріседі.



ҒИМАРАТТАР МЕН ТЕХНИКА ҚИРАНДЫЛАРЫНЫҢ АСТЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРДІ ШЫҒАРУ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУ КЕРЕК

Өлімге алып келетін құтқару – ғимараттың және техниканың қирандыларынан зардап шегушілерді дұрыс шығарып алмаған жағдайда кездесіп тұратын шарасыз үрейлі парадокс.



Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік

Табиғи зілзала және апат аймақтарында құтқарушылар мен медқызметкерлердің жұмыс тәжірбиесі зардап шегушіні қирандылардың астынан тез алып шығу, құтқаруға әрдайым алып келе бермейді. Адам тәулік бойы басудың астында аяғымен тұрып босатқаннан кейін қайтыс болған жағдайда, құтқарушылардың түсінбестігін және өкінішін елестетуге бола­ды. Басылып қалған аяқ – қолдардың қысылған қан тамырларында алмасу өнімдері жинақталып, ыдырау мен организмге аса улы келетін ұлпалардың зақымдануы болады.



ЕСІҢДЕ БОЛСЫН! Басу ұзағырақ болған сайын токсинді соққы қаттырақ болады және ажал жылдамырақ келеді.

Зардап шегушінің жарақат алған аяқ – қолдарына үлкен мөлшерде сұйықтық жиналумен де жағдайы нашарлап, ауруы күшейе түседі. Аяқтарын босату кезінде оған 2-3 литрге дейін плазма толады. Аяқ –қолдың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні жоғалады, ісік тығыздала бастайды әрі аяқ қаттылығымен ағашқа ұқсай бастайды. Жіліншіктің тамырының жиі соғуы байқалмайды. Сәл ғана қозғалыс тіпті сүйек сынуы болмаса да азапты ауру тудырады.



Басу синдромынан:

  • аяқ – қолдарды басу 15 минуттан көп болған кезде;

  • ісік пайда болғанда және аяқ бұлшық етінің рельефі жоғалған кезде;

  • егер жіліншікте тамыр соғуы байқалмаса күдіктену қажет.

Зардап шеккендердің бірінші минутта және босатылғаннан кейін бірнеше тәуліктен кейін қаза болу себептері.

Плазманың үлкен мөлшерде зақымданған аяқ–қолға (қан айналымының көлемі 30% дейін) етуі организмді айтарлықтай құрғатып қоймайды, артериальды қысымды түсіреді сонымен қатар концентраттан тыс уыттарды да туындатады. Бұл (организмдегі сұйықтық босатылған аяқ – қолға, ал уытты ыдырау өнімдері және миоглобин зақымданған аймақтан қан та­мыр арнасына бағытталады) барлық мүшелер мен жүйелердің, жүрек қызметінің лезде қысылуына мүмкіндік туғызады. Нақ осы жағдай үйінділер мен қирандылардың астынан шығарып алғаннан кейін бірінші минуттан кейін қаза болудың себебіне әкеледі. Ұзақ уақыт басу синдромы кезіндегі басқа да қауіпті асқыну – ол бұлшық ет талшығының зақымдану нәтижесінде қанға бос миоглабиннің пайда болуы.

Миоглабиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйректің арналарын зақымдайды ол бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бірінші тәуліктің өзінде зәр ашық – қызыл түсті болады (зәрде миоглабиннің болу белгілері), ал келесі тәулікте бүйрек жеткіліксіздігінің даму мөлшеріне байланысты зәрдің бөлінуі толығымен тоқтатылады. Зардап шегуші жедел бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болады.

Басу синдромының анық белгілері:


  • босатылғаннан кейін жағдайының бірден едәуір нашарлауы;

  • қызғылт немесе қызыл зәрдің пайда болуы.

Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі

Яғни, кедергілерді лезде жойып тастауға болмайды екен. Біріншіден, плазманы ауыстыратын ерітінділерді ішке жіберуді реттеу керек, ал олар болмаған жағдайда сусынды молырақ беру қажет. 1,5-2 литр сұйықтықты тамшылатып беру қорғайтын бұрау салудан және аяқ – қолды сақтаудан құтылдырады. Суықты пайдалану жағдайды жақсартады. Шығарып алғаннан кейін барлық аяқ – қолды бинтпен қаттырақ байлау қажет (аяқты өкшеден шатқа дейін, қолдан иыққа дейін) Бұл тек қана ісікті азайтпайды, сонымен бірге таралып кеткен плазманың көлемін шектейді.



Аяқ қолды босатқанға дейін:

  • жылы сусын және ауыруын басатын дәрі – дәрмек беру;

  • басылып жатқан жерден төмен суық басу (мүмкіндігінше).

Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар

Үйіндіде қалған адамдардағы ерекше жарақаттарға сынықтар, жарақат алулар, мидың шайқалулары жатады. Өзгеше жарақаттарға бұлшық еттерді және ішкі органдардың ұзақ басылып жатуы – ұзақ басу синдромы жатады. Бұл жарақаттың әртүрлілігі басылып қалған дене мүшесіндегі заттардың алмасуын және қан кетуді тоқтатумен сипатталды ол уытты өнімдердің ыдырап жиналуына және қарқынды пайда болуына, ұлпалардың бұзылуына, зат алмастыру өнімдерінің қышқылдануының тапшылығына әкеліп соқтырады. Басылып қалған дене мүшесін босатқаннан кейін және қан айналымы қалпына келтірілгеннен кейін организмге үлкен мөлшерде уыт жайылады. Ол зақымданған дене мүшелерінің көлеміне және басылу уақытына тікелей байланысты. Сонымен қатар, зақымданған бөліктердегі уыттардың беті қайтқаннан кейін, осы орындарға үлкен мөлшерде қан плазмалары толады (кейде 3 – 4л). Аяқ – қолдардың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні бұзылады, ісік барынша тығыздалып, адамның жанын ауыртады. Уыттарды және қан плазмаларын қайта бөлу организмнің барлық жүйесіндегі қызметтерге қысым келтіреді және ол зардап шегушілерді үйіндінің астынан алып шыққанан кейінгі бірінші минутта өлуіне себеп болады. Зақымданған бұлшық еттерде уытты заттардың пайда болуымен қатар бір мезгілде миоглобин молекулалары пайда болады. Олар қанмен бірге бүйрекке түседі де олардың өзекшелерін зақымдайды, бұл бүйрек жетіспеушілігіне әкеледі да содан адам өлуі мүмкін.

Дененің ұзақ басылып жатуы кезінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін, оны босатқанға дейін оның қанына плазма алмастыратын ерітінді жіберу, жылы суды көп беру, зақымданған жерге суық басу қажет. Босатқаннан кейін лезде басылып қалған жерді ісікті және таралып бара жатқан плазманың көлемін азайту үшін қаттылап бинтпен таңып тастау керек. Сынық болса да, болмаса да зақымданған сүйектерге таңғыш тақтай қойылады, суық басылады, ауырғанын басатын дәрілер беріледі, міндетті түрде зардап шегушіні «жасанды бүйрек» аппараты бар емдеу мекемесіне жеткізеді. Құтқарушыға басып қалудың нақты басталған уақытын білу өте маңызды, бірінші – екінші сағатта жарақаттың салдары кері сипатта жүреді және адамға қауіпсіз болады. Осы уақыт аралығында құтқарушы­лар мүмкіндігінше көп адамды босатып алулары керек.

Зардап шегушілерді басып қалу синдромынан құтқару кезіндегі тиімді көмек көрсету әдістері мыналар:



  • Апат болғанан кейінгі алғашқы 2 сағаттың ішінде зардап шегушілерді басып қалудан босату үшін барлық күш пен құралдарды жұмылдыру керек, ол уыттың денеге ең аз мөлшерде жайылуын қамтамасыз етеді.

  • Екі сағаттан кейін зардап шегушілерді екі топқа болу керек (жеңіл жараланғандар және ауыр жарақат алғандар). Жарақаттың сипаты басы­лып қалған ткандардың массасына және зардап шегушінің жалпы жағдайына байланысты бөлінеді. Басып қалудан жеңіл жарақат алғандарды тез босатып алып, емдеу мекемесіне жіберу қажет.

Ауыр жарақат алған зардап шегушілерді басып қалудан босату кезінде, оларды тасымалдау алдында зақымданған ұлпалардағы қан айналымына түрткі болмайтындай етіп босатып алу керек. Көмек көрсеткенде асықпай, рет – ретімен ауырғанын сездірмейтін, плазмасы бар қосынды жіберіп, мол сусын ішкізіп, зақымданған аяқ – қолдарды бинтпен таңып, суық басып, бұрау және таңғыш тақтайшалар салу керек.

  • Ауыр науқастар реанимациялық терапия және хирургиялық емдеу жүргізуді керек етеді. Сондықтан олар стационарлы емдеу мекемесіне жіберілулері керек. Егер ауыр науқастарды емдеу мекемесіне жеткізу мүмкін болмаса, онда зардап шегушінің келісімін алып, сол жерде аяқ – қолдардағы бұрауларды шешпей кесуге кірісу керек.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Зардап шеккендерді қоршаудан босату

  2. Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік

  3. Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі

  4. Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар

9 дәріс. Зардап шеккендерді тасымалдау


Жалпы сұрақтар

  1. Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар

  2. Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдау

  3. Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары

Кез келген ТЖ жағдайын жою кезіндегі ІҚЖ – нің өте маңыздысы зардап шегушілерді тасымалдау.

Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары нақты жағдайлар мен шарттарды, соның ішінде ТЖ сипатын, зардап шегушілердің табылған орындарын, жарақаттану дәрежесін, қолда бар арнайы қажетті құралдарды және тасымалдау қашықтығын ескере отырып анықталады. Тасымал­дау кезіндегі жанын жеген ауру зардап шегушілердің жағдайларын нашарлатады және есінен тандырады. Зардап шегушілерді тасымалдау әртүрлі ортада қауіпті және зиянды заттар бар болса (ауада, суда, сусымалы материалдарда) қолмен бір немесе бірнеше құтқарушымен арнайы құрылғы құралдарын және сол құралдарын пайдалану немесе оларсыз, көлденеңінен, еңкейтіп жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда тасымалдауды автомобильдік, авиациялық, темір жол, су, көлік транспорттарын пайдалу арқылы жүргізеді.

Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар:



  • тасымалдау тәсілін анықтау;

  • зардап шегушілерді арнайы құрылғыларға және қолда бар көлік құралдарына дайындау;

  • жолды анықтау;

  • зардап шегушілерді және құтқарушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • тосқауылдарды игеру, зардап шегушілердің жағдайын бақылау, демалуды ұйымдастыру;

  • зардап шегушілерді көлік құралына тиеу.

Зардап шегушілерді тасымалдайытын әдістерді, құралдарды, жағдайларды тандауда басты кезекте жарақаттың түрлері, ауру сипаты орын ала­ды. Дұрыс қабылданған шешім зардап шегушінің өмірін сақтап қалады олардың қиналуларын жеңілдетеді және тезірек сауығып кетулерін қам­тамасыз етеді. Зардап шегушілерді арқасымен, ішімен, қырымен, жатқызып, отырғызып тасымалдайды. Сонымен қатар басы көтеріңкі немесе түсірулі, аяқтары созылған немесе бүгілген болуы мүмкін. Бұл мақсат үшін жұмсақ білікшелер қолданылады. Зардап шегушілерді тасымалдаудың ең бір ұтымды ұсынылған және таралған әдісі зембілді пайдалану. Зембілдер штаттық (медициналық) немесе қолдан жасалған (ойдан шығарылған) болып келеді. Соңғысын жасау үшін ұзындығы 1,5-2,0м екі қада қажет (таяқ, шыбық) олардың арасына тығыздалған мата, пальто, шинель, арқанды байлап қою қажет.

Зардап шегушіні зембілмен екі, үш, төрт адам ғана алып жүре алады, сонымен қатар сақтықпен, зембілді теңселтпей, өр және құлама жерлерде үнемі зембілді дұрыс қалыпта (көлденеңнен) қадағалап отыру керек. Зар­дап шегушіні зембілге келесі түрде жатқызады. Бір құтқарушы қолын бастың және белдің астына, келесісі – жамбас пен аяқтың астына қойып бір уақытта көтеріп жатқызады. Әдетте зардап шегушіні аяғымен алға қарай жатқызады.

Тосқауылдарды игеру үшін (терезе ойығы, қираған қабырға, шарбақ) қажет:


  • зембілді жерге тосқауылдың алдына қояды;

  • зембілдің екі жағынан тұрып, қолмен зембілдің ағаштарынан ұстайды;

  • зембілдің бас жағын аздап көтеріп оны бөгетке қояды;

  • құтқарушының біреуі тосқауылды аттап өтеді;

  • зембілді тосқауылдың үстімен бір мезгілде көтеріп әкеліп, оған жақын жақ аяғын түсіреді;

  • тосқауылды келесі құтқарушы аттап өтеді;

  • зембілді жерге қояды да бір мезгілде көтереді, қозғалыс осылай қайталана береді.

Осындай әдістермен жарықтардан, шұңқырлардан, саңылаулардан да өтеді.

Зардап шегушіні зембілмен биіктіктен түсіру қажет болған жағдайда оны зембілге берік байлап қою қажет. Түсіру тік немесе көлденең жағдай­да жүзеге асырылады. Тасымалдау уақытында құтқарушылар үнемі зар­дап шеккендердің жағдайына (дем алуына, тамыр соғуына, өзін ұстауына) көңіл аударуы керек және егер бұл қажет болса медициналық көмек көрсету қажет (жасанды дем алдыру, дәрі жіберу, жүрекке массаж жасау, ауырсынуды басу). Тасымалдау кезінде үлкен қашықтыққа дем алуға, тамақ ішуге және гигиеналық шаралар жүргізуге уақыт бөлу қажет.

Жылдың суық уақыттарында суықты ескерту үшін шаралар қолдану керек (зардап шегушіні қалың матамен жабу, жылы сусын беру, жылытқы пайдалану). Зардап шегушіге құтқарушының сенімді іс – әрекеті, оның моралдық – психологиялық қолдауы өте маңызды.

Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдауда дұрыс кезекті таңдау төтенше маңызды. Бұл жерде негізгі белгі зақымданудың ауырлығы және адамның жағдайы. Бірінші кезекте балалар мен ессіз және есеңгіреу жағдайындағы, ішіне қан кеткен, аяқ– қолдары кесілген, ашық сынықтармен, күйіктермен, ұзақ басылып қалу синдромымен, операциялардан шыққан аурулар тасымалданады. Содан кейін жабық сынықты, сыртына қан кеткен зардап шеккендер тасымалданады. Олардың соңынан аз қан кеткен, жараланған, буыны шыққандар тасымалдана­ды.

Зардап шегушілерді тез арада емдеу мекемесіне жеткізу үшін ар­найы медициналық немесе әдеттегі көлік пайдаланылады. Зардап шеккендерді жүк таситын көлікте тасымалдау зембілде немесе тікелей жүзеге асырылады. Бірінші кезекте ауруы қатты науқастарды басын кабинаға қаратып тиеиді. Бос орындарға жеңіл жарақат алғандар отырғызылады. Зембілсіз тасымалдау кезінде алдымен оған балласттар себеді (топырақ, құм, сабан). Балласттардың үстіне жұмсақ төсемдер (матрастар кілемдер, поролондар) салынады.. Зардап шеккендерді теміржол вагонына тиеу тамбур немесе терезе арқылы жүзеге асырылады. Ең әуелі адамдарды үстіңгі, ал содан кейін төменгі тақтаға орналастырады. Барлық зардап шеккендер жарақаттың ауырлығымен топталады осыған байланысты тиеудің кезегі анықталады. Су және әуе көлігімен тасымалдау жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жұқпалы аурумен ауырған ауруларды қоршаған ортамен байланыстырмайтын тәсілмен тасымалдайды. Зардап шегушілерді тиеуді бірнеше құтқарушылар жүзеге асырады.

Зардап шегушілерді тасымалдаудың қалпы жарақаттың және зар­дап шеккеннің жағдайына қарап анықталады.


Жарақатқа байланысты зардап шегушілерді тасымалдаудың қолайлы қалыптары

Жарақаттың түрлері Қалып

Бастағы мидың шайқалуы

Шалқадан жаткызып

Бастың және беттің алдыңғы бөлігіндегі жарақаттар

Шалқадан жатқызып

Омыртқаның зақымдануы

Шалқадан жатқызып

Жамбас сүйегінің және төменгі аяқ – қолдардын сынуы

Шалқадан жаткызып

Есіңкіреу жағдайында

Шалқадан жаткызып

Ішек – қарын мушелерінің жарақаттары

Шалқадан жатқызып

Төстің жарақаттануы

Шалқадан жатқызыл

Төменгі аяқ – қолдарды кесу

Жарақаттанған аяқтың астына білік қойып шалқадан жатқызып

Шұғыл хирургиялық аурулар (соқырішек, ойық, жарық, жарықтың шығып кетуі)

Шалқадан жатқызып



Қансырау

Төстің және бастың астына білік қойып ішпен жатқызып

Арқаның жарақаттануы

Іш пен немесе он жақ бүйірімен

Бастың желке бөлігінің жарақаты

Ішпен жатқызып

Мойынның жарақаты

Басын төске еңкейіп жартылай отырғызып

Аяқ – қолдардың ұштары кесілгендер

Отырып қолды жоғары көтеріп

Көздің, кеуденің, тыныс алу жолдарының жарақаты

Отырғызып

Аяқ – қолдардың ұштарының жарақаты

Отырғызып

Жараланған, кесілген, терісі сыдырылғандар

Отырғызып

Арқаның, бөксенің, аяқтың үстіңгі жағының жарақаты

Ішпен жатқызып

Иық жарақаты

Отырғызып



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет