Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің


Іздестіру - құтқару жұмыстарын жүргізудің



бет7/11
Дата30.04.2016
өлшемі2.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Іздестіру - құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы. Іздестіру – құтқару жұмыстары радиоактивті ластану жағдайында мыналарды қамтиды:

  • ластанған аймаққа барлау жүргізеді және зардап шеккендерді іздейді;

  • ластанған аймақты және сәулелену көздерін оқшаулайды;

  • зардап шеккендерді қоршаудан босатады, оларға шұғыл дәрігерлік

көмек көрсетеді, оларды ластанған аймақтан көшіреді;

  • ТЖ зардабын жояды.

Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:

  • негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);

  • тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т.б.);

  • оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша);

  • қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);

  • көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және

т.б.);

  • қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т.б.) жа­тады.

Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды және радиациялық жағдайды бағалау нәтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.

Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш костюм­дер және т.б.) талап етіледі.

Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін және радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа және бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.

Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:



  • жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;

  • жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;

  • ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) неме­се пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:

  • ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы;

  • жұмыс орнындағы микроклимат және ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу қаупі бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек.

ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне және алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.).

ҚӘУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ. Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.

Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет. Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап –ақ:

  • қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;

  • қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;

  • көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;

  • қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;

  • ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;

  • зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;

  • жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.

ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамта­масыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.

Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.



Елді мекендерде химиялық барлау көшелер мен айналымдардың жағалауларына аса мұқияттықпен жүргізіледі. Жеке аулаларда, ғимарат­тарда, үй жанындағы телімдерде және басқа да объектілерде барлауды шолғыншылар жаяу жүру тәртібімен жүзеге асырады. Мұндай жағдайда қоршау белгілері көше қиылыстарына, аулалардан шығатын жерлерге және ғимараттардың кіре берістеріне, аулаларда және көшелердің жақсы көрінетін жерлеріне қойылады. ҚӘУЗ жергілікті жерде және ауада барын анықтау үшін химиялық барлаудың әскери аспаптары және шаруашылық нысанында индикацияға пайдаланатын аспаптар қолданылады.

Зардап шеккендерді іздеу үшін:

  • құтқару жұмыстарының барлық участкелерін оған қоса ашық өндірістік алаңдарды, үйінділерді, зақымданған ғимараттарды сондай – ақ зақымданған аймақтағы өндірістік және тұрғын үйлерді тексеру;

  • зардап шеккендердің табылу орнын анықтау және белгілеу, мүмкіндігінше олармен байланыс орнату;

  • зардап шеккендердің жағдайын анықтау;

  • зардап шегушілерге өрттің, түтіннің, құрылыстардың және олардың қирандыларының орнықсыздығын, құлау мүмкіндігін және қаупін айқындау;

  • зардап шеккендерді құтқару жұмыстарының шамамен орындалған көлемін және тәсілін анықтау, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігін бағалау және басқа зақымдаушы факторлардың адамға тигізер әсерін жою және шектеу қажет.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Радиациялық зақымдану дәрежесі

  2. Іздестіру - құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы

  3. Радиациялық авария болған кездегі авария аймағы

  4. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет

14 дәріс. Қауіпті құрылыстардың қирауы


Жалпы сұрақтар

  1. Қауіпті құрылыстардың қирауы

  2. Қауіпті құрылыстардың қирауы кезіндегі құтқарушылардың міндеті

  3. Басылып қалған баспаналарды іздеу

ТЖ аймағында көбінесе қираған ғимараттар қалады. Олар өздерінің күтпеген жерден қирауына байланысты қауіп төндіреді. Бұл құрылыстар арнайы тетіктерге бекітілулері қажет (тіреуіш, таяғыштар) немесе қиратылуы керек. Қирату үш негізгі тәсілдермен жүзеге асырылады:




Шар – тоқпақтың көмегімен Ауыр тартқыш құралының көмегі

қиратылады қиратылады ( лебедкалар,

тракторлар, машиналар)

Жарылыстың көмегімен қирату

Жару жұмыстарын арнайы дайындалған құтқарушылар жүзеге асырулары керек.

Бұл жұмыстарды жүргізетін аймақ қоршалуы тиіс.

Көптеген ғимараттар адамдардың болуы мүмкін жертөлелер мен, баспаналармен, технологиялық үй асты қоймаларымен жабдықталады. Пайда болған үйінділер, тәртіп бойынша, шыға берістерді жабады, ауаның кіруін қиындатады, бұл баспаналарда адамдардың өз беттерімен шығуына мүмкіндік бермейді.



Құтқарушылардың міндетіне:

  • басылып қалған баспаналарды іздеу;

  • баспананың ішіндегі жағдайды (адамдардың саны, олардың жағдайы, бұзылған баспананың дәрежесі, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің бар – жоғын) анықтау;

  • баспанаға ауаның, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің, таңатын материалдарды, қорғау құралдарын беруді ұйымдастыру;

  • баспананы қазу, тазалау, зардап шегушілерді көшіру, оларға көмек көрсету кіреді.

Басылып қалған баспаналарды іздеу қала, аудан, көшелердің жоспарының көмегімен, ішкі белгілерімен (ауа алу құбырлары), дыбысты дабылдармен (айқай, ыңырсу, тарсылдату), итті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Баспананы тапқаннан кейін зардап шегушілермен байланыс орнатылады (дауыспен, тарсылдатумен, радио арқылы немесе телефон байланысымен). Құтқарушылар баспананы тазалауға және қазуға бір уақытта кіріседі.

Бірінші кезекте люктердің, есіктердің, ойықтардың ауа алу кұбырларының орындары босатылады және тазартылады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса онда құтқарушылар қабырғаға немесе жабық жерлерге тесік ояды. Бұл жұмыстар бетон сүйменнің, шой балғаның, сүйменнің, ауыр балғаның, кескіштің, күректің көмегімен орындалады. Тесіктер ауа, су, тамақ, дәрі – әрмектер беру үшін қызмет етеді. Оларды кеңейткеннен кейін олар адамдарды көшіру үшін пайдаланылады. Жарым – жартылай бұзылған ғимараттардағы адамдарды құтқару жұмыстары ішкі қабырғалардың бұзылуын және бос тұрған құрылыстарды, ішкі бөлмелерді, адамдардың табылу орнын және оларды көшіру мүмкіндігін қараудан және тексеруден басталады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қиратудың негізгі тәсілдері

  2. Қауіпті құрылыстардың қирауы кезіндегі құтқарушылардың міндеті

  3. Басылып қалған баспаналарды іздеу

15 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу



Жалпы сұрақтар

  1. Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу

  2. Үйінділер пайда болуының салдары

  3. Үйіндіні үстінен аршу


Үйінді жағдайларында іздестіру құтқару жұмыстарын жүргізу. Үйінді деп құрылыс материалдарының және конструкциялардың, технологиялық жабдықтардың, санитарлық – техникалық құрылғылардың, жиһаздардың, үй аспаптарының, тастардың бей–берекет үйіліп жатуы айтылады. Үйіндінің пайда болуының себебі табиғи дүлей апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны, цунами, дауыл, боран, опырылулар, көшкін, сел тасқындары), материалдардың тозуына және бұзылуына әкелетін табиғи әсерлердің факторлары (атмосфералық ылғалдық, жер астындағы сулар, ауа температурасының күрт өзгеруі, шөгіп қалған топырақ), құрылысты жобалау сатысындағы қателіктер, нысананы пайдаланудағы ережелердің бұзылуы, әскери қимылдар болуы мүмкін. Құрылыстың бұзылу дәрежесі бұзатын фактордың күшіне, оның әсерінің жалғасу ұзақтығына, конструкцияның сейсмотұрақтығына, құрылыстың сапасына, құрылыстың тозу дәрежесіне (ескіруіне) байланысты.

Үйінділер бірыңғай (тұтас) және жеке (әр жерде) болады. Үйінділер шартты түрде темір бетонды және кірпішті болып бөлінеді. Темір бетонды үйінділер темір бетон қалдықтарынан, бетон, металл және ағаш конструкцияларынан, қаланған кірпіштердің құлаған қалдықтарынан, технологиялық жабдықтардың элеметтерінен тұрады. Олар үлкен көлемдегі ірі элементтермен, көбінесе өзара қосылып жатқан қуыстармен және тұрақсыз элеметтермен сипатталады. Кірпішті үйінділер кірпіш сынықтарынан, кірпіш кесектерінен, сылақтан, темір бетонның қалдықтарынан, металл, ағаш конструкцияларынан тұрады. Олар ірі элементтер мен қуыстың болмауынан өте қалыңдығымен сипатталады.

Үйінділер пайда болуы электр қуатының бұзылуына, жылу, газ, сантехникалық және басқа жүйелердің бұзылуына әкеп соғады. Бұл өрт шығу, жарылыс, су басу, электр тоғының зақымдану қаупін төндіреді. Әсіресе қауіпті заттар шығарылатын және сақталатын өнеркәсіп құрылыстарындағы үйінділер өте қауіпті. Әдетте құрылыстың қирап, үйінділердің пайда болуы адамдардың қоршауда қалуына, жарақаттануына және олардың өліміне алып келеді. Зардап шегушілер бұзылған жер төлелердің және жер асты қорғау ғимараттарының, технологиялық үй асты қоймасының және бірінші қабаттағы үйлердің үйіндісіндегі үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінде болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда олар әртүрлі қабаттарда көбінесе қираған ғимараттарда, қуыстарда және бос жерлерде, шатырларда қалулары мүмкін.

Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстары төмендегідей барлау жүргізуден басталады:



  • ТЖ аймағын және оның сипатын анықтау;ъ

  • зардап шегушілердің тұрған орнын және жағдайларын анықтау;

  • ТЖ аймағындағы нысаналардың жағдайын (инженерлік жүйенің құрылысын, коммуникациясын) бағалау;

  • химиялық, бактериологиялық зақымданудың, уландыратын және жарылу қаупі бар заттардың өрт ошақтарын анықтау;

  • кіре беріс жолдардың аралығын анықтау, техникаларды белгілеу, зардап шеккендерді көшіру жолдарын қарастыру.

Барлау жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушілерге көмек көрсету үшін үйінділерді аршуға кіріседі. Сонымен бірге, бұл жерде екі негізгі тәсілдер қолданылады: үйіндіні үстінен аршу және үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау.

Үйіндіні үстінен аршу – үйіндінің үстіңгі бөлігіндегі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін және оларға еркін баруды жүзеге асырады. Үйінділер қолмен сүйменді, күректі, қалақты пайдаланып тазартылады. Үйіндінің ірі және ауыр элеметтерін көтеріп басқа жаққа қою үшін жүк көтеретін құралдар (домкраттар, лебедкалар, крандар) қолданылады. Үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Көбінесе зардап шегушілер үйіндінің түпкі жағында болады. Оларды шығарып алу үшін құтқарушы­лар адамдарға дейін жететін қысқа қашықтықты ескере отырып, үйіндінің бөліктерін жеңіл аршитын арнайы тар жол (тесік) жасайды. Тар жолды үлкен кесектерге тікелей жақын жерден жасауға болмайды, өйткені олар опырылып, құлап жұмысты қиындатады. Тесікті көлденең, көлбеу және тік бағытта жасайды. Тесіктің қолайлы ені - 0,8-0,9м, биіктігі- 0,9-1,0 м. Тесікті жасау жөніндегі жұмысты бірнеше топ (3-4 адамнан), қолмен не­месе құралдарды пайдаланып істейді. Олардың міндеттеріне үйінділерді аршу, тесіктерді жасау, тіреу элементтерін дайындау және құру, шығарылған үйінділерді тазалау, зардап шегушілерді босатып алу және оларды тасымалдау жатады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде құтқарушыларды ауыс­тыру төрт аяқтап, еңбектеп, арқасымен жатып, екпетінен жатып жер бауырлап, ішпен, бүйірімен жылжи отырып жүзеге асырылады. Егер құтқарушының жылжуы кезінде ірі темір бетондар, металдар, ағаштар, кірпіш бұйымдары бөгет жасаса, онда оларды айналып өту қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса бұзу керек, кейбір жағдайда оларға тесік жасауға бола­ды. Өтетін тесікті жасау кезінде қабырғаның қирауына жол бермеу мақса­тында, оның сенімді бекітілуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін арнайы алдын – ала дайындап қойған: тіреуіштер, тірек таяныштар, тақтайшалар, қырлы кесектер, қалқандар, сияқты тіреуіш материалдар қолданылады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде үйіндінің үстіңгі жағынан құтқарушылардың және техникалардың жүруіне рұқсат етілмейді.

Өтетін тесіктерді және өтетін жерлердің жұмыстарын жасап болғаннан соң құтқарушылар адамдарды босатуға кіріседі. Бірінші кезекте зар­дап шегушінің жағдайы және оның алған жарақатының дәрежесі анықталады. Содан кейін басылып қалған немесе қысылып қалған дене мүшелеріне бір уақытта бұрау және қысып тұратын таңғыш байлап босатады, ауыз және мұрын қуыстары тазартылады, зардап шегушінің үстіндегі қирандылардың майда бөлшектері, қоқыстар, ұсақ тастар алынып тасталады. Зардап шегушінің жағдайына байланысты оны шығарып алу және тасы­малдау әдістері таңдалады. Зардап шегушіні үйіндіден кем дегенде екі құтқарушы шығарып алу керек. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда оны қолынан немесе үстіңгі иық белдеуінен тартып шығарады. Егер бұл мүмкін болмаса, онда құтқарушылар оның иық белдеуінің және сегіз көзінің астына қолын салып, тек содан кейін ғана зардап шегушіні абайлап шығарады. Кейде зардап шегушіні жатқызу үшін тығыз матаны немесе зембілді қолданған қолайлы. Егер зардап шегуші үйіндінің үлкен және ауыр элементтерінің астында қалса онда оны қысқыштың, домкраттың, жүк көтеретін техникалардың көмегімен босатады. Зардап шегуші топыраққа ба­сылып қалған жағдайда оны қазып алу арқылы босатуға болады.




Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Үйіндіні үстінен аршу әдістері

  2. Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары

  3. Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

  4. Автомобиль көлігінде ІКЖ жүргізу. Автомобиль көлігіндегі ТЖ



3 Тәжірбиелік сабақтар
1 Тәжірбие сабағының тақырыбы: ТЖ салдарын жоюға байланысты шараларын жоспарлауды ұйымдастыру

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.
Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы – төтенше жағдай бойынша комиссия, атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:



  • апаттық аймақтың қысқаша сипаты (зақымдану ошағы);

  • төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;

  • жұмыс реттілігі;

  • төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;

  • медициналық шараларды ұйымдастыру;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • басқаруды ұйымдастыру;

  • материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:

Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты. Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпараты алына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді.

Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштер құрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады.

Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын - тұтас және жеке өрттер бөлігін, өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады.

Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.

Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.

Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жолдар, өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендерде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:



  • төгілген затты тасымалдау;

  • ҚХЗ таралуына бөгет жасау;

  • ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.

Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.

АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:

  • Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.

  • Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.

  • АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  • АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау

  2. АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:

  3. Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу

2 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Құтқарушылардың жабдықтарына қойылатын талаптар


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет