ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 1.3 Mb.
бет1/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.3 Mb.
түріАнализ
  1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері және спорт түрлер

5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»

мамандығы үшін




Құрастырғандар:


Калиева С.К.

Биология ғылымдарының

кандидаты,доцент

Семей 2013ж




ПОӘК- авторлары туралы мәліметтер

Мазмұны
Силлабус………………………………………………………………….

Тарау 1. Пән бойынша глоссарий………………………………………

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі………………………

Тарау 3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге

арналған әдістемелік нұсқаулар………………………………

Тарау 4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар……………………

Тарау 5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар……………………….



Тарау 6. Бақылау – тексеру құралдары…………………………………

Пән бойынша глоссарий
Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.

Аккомодация (көздің икемділігі) - көздің түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін атайды.

Астигматизм- деп торлы қабықта нәрсе бейнесінің анық болмауын атайды.

Анализ - мида әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату.

Ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі).

Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі.

Акселерация -бала организмінің морфофункционалдық дамуының жылдамдауы.

Антропометрия - дене көрсеткіштерін өлшеуді атайды.

Аксон - жүйке жасушасының ұзын талшығы.

Афференттік (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке.

Бипорлярлы - қос тармақты нейрон .

Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.

Гемостаз (грек. haemo-қан, stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды.

Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.

Гемолиз ( грек,. haima-қан, lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды.

Гигиена (грек. hygieinos-дені сау) - денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым.

Гормон - ішкі секреция бездері жасап шығаратын биологиялық белсенді заттар.

Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды.

Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі.

Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі.

Диастола - жүректің босаңсу кезеңі.

Диссимиляция - деп зат алмасуға қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.-

Дистанциялық қабылдағыштар - бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды.

Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.

Инспирация - ол демалу.

Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы.

Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.

Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады.

Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.

Лейоцитоз - ден қанда лейкоцит санының көбеюі.

Лейкоцитопения - деп қанда лейкоцит санының азаюы.

Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды.

Мектеп гигиенасы - өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалардың, жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жөніндегі ғылым.

Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.

Миопия - көздің жақыннан көргіштік кемістігі.

Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады.

Меланхолик (саудайы) - жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершілікпен сескнгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиетті болады.

Мультиполярлы -деп көп тармақты нейрондарды атайды.

Нутрициология - тамақтану туралы ғылым.

Нефрон - бұл бүйректің морфофункционалдық құрылымы, маьпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады.

Нейрон - деп жүйке жасушасын атайды.

Нейроглия - нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды атайды.

Оксигемоглобин - гемоглобин өкпеде оттегімен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз - терең дем алып, терең дем шығарған кезде сыртқы шығатын ауаның көлемі.қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.

Панкреас - ол ұйқы безінің бөлетін асқорыту сөлі.

Проприорецептор - сіңірде, буын қабында орналасады.

Планцета ( лат. plancenta, грек. placus- бала орны) - әйел жүкті болған кезде түзіліп, ұрық пен ана организмінің көпқырлы байланысын қамтамасыз етеді.

Рефлекс (лат. reflecsus-тойтарыс беру)- деп орталық жүйке жүйесінің қатысуымен сыртқы және ішкі тітіркендіргішке беретін күрделі жауабы.

Сангвиник (ширақ) - мінезі жайдарлы, іскез, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.

Систола- жүректің жиырылу кезеңі.

Синтез - біріктіру, талдап, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.

Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйке мен шеттегі қызмет атқарушы жасушас түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнай ұласуды атайды.

Тромбоцит - екі жағы дөңес, дөңгелек не сопақша құрылымды қан пластинкасы.

Тыныс алу деп - ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты процестерді атайды.

тыныстың минуттық көлемі . бір минут ішінде окпе арқылы өтетін ауаның көлемі.



Темперамент - бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаты.

Униполярлы - бір тармақты нейрон.

Фагоцитоз (грек. phagien- жұту, қармалап алу, cytus-жасуша) - деп денеге түскен бөгде заттарды қармалап алып ферменттерімен қорыту.

Флегматик (салғырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді.

Физиология (грек. phisis-табиғат, logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым.

Фонокардиография - жүрек тондарын (дыбысын) жазып алу.

Холерик (ұстамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.

Электрокардиография - жүрек биотогын жазу.

Экспирация – дем шығару.

Экстерорецепторлар (грек. exterus-сыртқы) - дене сыртында, теріде, ауыз және көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.

Этология - мінез-құлықты жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым.

Эритроцит (грек. erytros-қызыл, cytos-жасуша) - қанның қызыл түиіршіктері.

Эритроцитоз - эритроцит санының көбеюі.

Эритроцитопения - эритроцит санының азаюы.

Эфференттік (қозғалтқыш) - қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін жүйке.

Эндокриндік бездер (грек. endon-ішкі, crineo-бөлемін немес шығарамын) - сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан, лимфа капиллярларымен торланған бездер.
Пәннің қысқаша конспектісі

Дәріс №1

Пәннің тақырыбы: Кіріспе. Физиологияның шығу тарихы.Физиологияның зерттеу әдістері. Ағзалар және оның атқаратын физиологиялық қызметтері.

Дәрістің мақсаты:

Физиология-биология ғылымдарының аса маңызды салаларының бірі. Ол тірі организмнің органдары мен жүйелерінің өмір сүру процессін зерттеп, оның себептері мен функцияларын ашады, тірі органгизмнің сыртқы ортамен қарым- қатынасындағы заңдылықтарды зерттейді.


Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

  1. Физиология пәні,оның басқа пәндермен байланысы және дене шынықтыру және спорттағы маңызы.

  2. Физиологиялық зерттеу әдістері

  3. Физиологияның даму кезеңдері

  4. Физиологияның даму ерекшеліктері

  5. Жас кезеңдері

Физиология-(грекше phusis-табиғат, logos-ілім) – тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тканьдері және клеткаларының әрекетерін, функцияларын зерттейтін биологиялық ғылым.Физиология организм жүйелері иен ағзаларының бір- біріне әсерлерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым- қатынасын тексереді.. Сонымен қатар ол функцияларды жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.

Физиология үрдіс дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия пәндерінің әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жиналды. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.

Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып үшке бөлінеді.

-Жалпы физиология- организмнің клеткалары мен тканьдеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік процестерінің табиғатын, функциялардың жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді.Олардың сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі әсерлеріне жауабын, тітіркену және қозу,тежелу құбылыстарын қарастырады .

-Жеке физиология-кейбір ұлпалардың ( ет, жүйке т.б.), ағзалардың (жүрек, буыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қан айналымы, тыныс, ас қорыту т.с.с.), бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

-Қолданбалы физиология- адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс- әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Тағы да еңбек физиологиясы, спорт физиологиясы, космостық физиология, тамақтану физиологиясы, экологиялық физиология,ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы , патологиялық физиология болып бірнешеге бөлінеді.Физиологияның дамуында 870-950 жылдары ӘбуНасыр әл-Фараби, ХХ- ғасырдың 30-шы жылдары ғылыми техникалық пргрестің дамуына байланысты адам физиологиясы бөлімінен спорт физиологиясы жеке бөлініп шықты. Х1Х –ғасырда денені шынықтыру кезінде ағзаларға түсетін салмақтарды зерттеуде үлкен роль атқарылды. Физиологиялық спорттың дамуында орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов,Н.В.Введенский, А.А.Ухтомский,И.С.Бериташвили, К.М. Быковтардың үлестері көп. Орталық жүйке жүйесінің барлық қызметі рефлекс түрінде атқарылады. Ең алғаш рет рефлекс туралы түсінікті ху11 ғасырдың соңында Р.Декарт негіздеген. А.П.Полосухин бастаған қазақстандық физиолгтар қан айналысы жүйесі мен лимфология саласын зерттеуде үлкен үлестерге жетті. Физиология ғылымының өркендеуіне академик- Н.О.Базанова, тамақтану физиологиясының дамуына Т.Ш.Шармановтың еңбектері ерекше орын алады.

Системалардың жалпы теориясы жайлы ілім ғылым тарихына, біздің ғасырымыздың 40-шы жылдары ғалым Л. Берталанфи атымен бірге енді. Бұл ілімнің негізін құрайтын системалық принциптерді бөліп көрсеткенде былай болып келеді.

а) тұтастық – системалардың қасиеттерін, оның жеке бөлімдері қасиеттерінің жиынтығы деп қарауға болмайды.

ә) құрылымдылығы – системаларды өздерінің құрылымдары арқылы түсіндіру мүмкіндігі.

б) иерархия сатысы – системаларды құрайтын элементтердің бір-біріне тәуелділігі.

в) система мен ортаның өзара байланысы.

Пайдалы қорытынды алу үшін өзара бірігіп әсер ететін компоненттердің комплексі функционалдық система деген атпен физиология ғылымына

П.К.Анохин енгізді.

П.К.Анохиннің пікірі бойынша организмнің болымды адаптациялық нәтижелерге жету қасиеттері, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатысында пайда болған. Бұл қасиеттердің дамуы адам мен жоғары сатыдағы жануарларда аяқталады. Өзін-өзі реттейтін тұрақты системалардың пайда болу мүмкіндігі, өзін-өзі реттеудің бірінші болымды нәтижесі ретінде сыртқы ортаның факторларына қарсы әсер ететін тұрақтылық пайда болды. Шын мәнісінде активті түрде бейнелендіру системалық баскарудың жаңа дамыған кезеңі, әрі оның озық өзгешелігі. Бұл П.К.Анохиннің пікірі бойынша, сырттан келетін әсерге алдын ала активті түрде жауап дайындау болып табылады. Мұндай алдын-ала дайындық сыртқы ортаның информацияларын үздіксіз жинақтаудың нәтижесі.

Адам мен жануарлардың миы сыртқы ортаны бейнелетін тамаша құрал. Бейнелену активті түрде жүретін реакция. Жануарлар сыртқы ортаның бейнеленген әсерлеріне өзінің өмір жағдайларына қарай қажетті түзетулер жасап, жүріс-тұрыстың формаларын өзгертіп отырады. Бұл жануарлардың сыртқы орта әсерінен пайда болған бұл жаңа қозғалыс формалары, олардың сыртқы ортаға бейімделуіне ыңғайлайды.

Функционалдық система жеке органдардың қызметін дамытып, жаңа сапалы дәрежеге көтереді. Мұнда басқарудың 1) микроавтономиялық, 2) макроавтономиялық, 3) аралық үш дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Микроавтономиялық система негізгі физиологиялық локалды системалардың көрсеткішінің тұрақты дәрежесін сақтайды. Макроавтономиялық система сыртқы ортаның әсеріне қарсы ішкі органдардың тіршілік режимін реттейді.

Осы екі системаның бірлігін, өзара байланысын тұтас организмнің физиологиялық функцияларын системалық басқару қажетті жағдай.

Тұтас организм жасау принципі. Тірі организм – күрделі системаның жұмыс істеу заңдылығына жеке физиологиялық процестер бағынатын біртұтас система.

Әрбір орган немесе система өзіне тән қызмет атқарады. Тірі организм өзіне қажетті заттармен қамтасыз етілуі оның сыртқы ортамен өзара активті түрде байланыс қызметінің нәтижесі.

Осы байланыс арқылы тірі организм өседі, дамиды, қажетті энергияны, пластикалық заттарды, энергияға бай күрделі химиялық қосындылар түрінде жинайды. Жиналған энергияны тірі организм өзіне және әр алуан жұмыс түрлерін орындауға жұмсайды. Мысалы механикалық, химиялық, электрлік, осмостық т.б.

Энергетикалық системаның жұмыс программасы организмнің ішкі және сыртқы басқару системалары арқылы жүреді. Ішкі басқару системасының өз ішінде салынған, ал сыртқы басқару энергетикалық системаға, ядролық ДНК информосомдар, информациялық РНК және нейросекреторлық эндокриндік т.б. химиялық реттегіш арқылы әсер етеді.

Генетикалық басқару системасы өзінің реттеуші қызметін өзінен тыс жатқан элементтерге қолданады. ДНК құрылымды гендері, өзіндегі салынған кодтық белгілер информациясын, информосом системасы және РНК арқылы, белоктар биосинтезі мен метоболикалық реакцияларға қатынасатын ферменттерді синтездеу үшін береді.

Организм клеткаларында 2 - 8% артық гендік информация қызмет жасамайды. Қалған 92 – 98% гендік информацияны белоктар мен гистондар ұстайды.

Организмдегі қозғалыс энергиясының толқыны, АТФ мен мембрана митохондриясында жинақталған электр энергия есебінен жүреді. Бұл процестердің жүруі, барлық тірі организмдерде ұқсас болып келеді.

Физиологиялық функциялардың ритмділігі. Организмнің тіршілік процестері әр кезеңдерде, ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен күшейіп, немесе әлсіреп өзгеріп отырады.

Ф.Халбергтің классификациясына сәйкес өте жоғары, жиілікті ритм – 1/2с – 20 с, циркадиялық (тәуліктік) – 20 – 28 инфрадиялық – 20 с – 6 күнге дейін, ал төменгі жиілікті ритмге циркасептикалық (жетілік) – 7 күн, циркавигинттік – 20 күндік және циркавигинттік (айлық) деп бөлінген. Сонымен бірге маусымдық, жылдық, көпжылдық ритм деп бөлінеді, мысалы, 18 жылдық метон циклы. Өткен ғасырдың аяғында неміс дәрігері В. Флисс кейбір аурулар әр кезеңдерге байланысты асқынатынын байқаған, мысалы, 23 күнде ерлерде, 28 күнде әйелдерде асқынады.

Адам денесіндегі бірнеше жүздеген, трилондаған клеткалардың әр қайсысының құрылысы мен қызметі, өзін-өзі реттеу мүмкіншіліктері бірдей болмайды және клеткалардың өз-ара қарым-қатынасы, функциональдық жүйелердегі ағзалар мен тканьдардың байланысы, бір-біріне көрсететін көпжақты әсерлері де әртүрлі. Сондықтан белгілі бірқысқа мерзімде м. секунд, минут арасында клеткалар мен тканьдерде, жүйелерде сансыз, күрделі процесс өтеді.Оалрдың бір-бірімен қосылуы, жалғасуы және керекті бір бағытта өтуі организмде ақпараттың пайда болып таралуына байланысты. Ақпарат клетканың өзінде немесе сыртқы және ішкі ортаның әсерінен туады. Бұлардың көбі орталық жүйке жүйесіне жеткізіледіде қайта қаралып, өңделедідежауап ретінде әрекет серпіністері түзіледі. Олар жүйкелер арқылы кері қарай клеткалар арқылы ағзаларға жеткізіледі. Ақпарат үш түрлі жолмен таралады. Біріншіден, бір клеткадан екініші клеткаға олардың түйіскен жерінен тікелей өтеді. Екіншіден хабарларды қан мен лимфада және клетка аралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді.

Тірі организмде ұлпаларды қозғыш және қозбайтын деп екі топқа бөледі. Қозғыш ұлпаларға жүйке, қаңқа, жүрек, бірыңғай салалы еттер, сөл бөлетін бездер, ал қозбайтын ұлпалар қатарына дәнекер ұлпа, шеміршек, тері эпителилері жатады.

Қозғыш ұлпа тітіркендірілсе, оған жауап ретінде қозу процесі пайда болады, яғни ұлпа тыныштық қалпынан қызмет жағдайына көшеді, оның белесенділігі артады. Ұлпаның тітіркендіргіш әсерәне жауап беру қабілеті, оынң қозғыштық қасиеті болып табылады. Қозғыш ұлпалардың екінші физиологиялық қасиеті қозу процесін өткізу. Ет тканьдері үшін қасиет бұл- жиырлу, қысқару, ширығу, қатаю. Без ұлпаларының қозуы салдарынан – сөл бөлінеді.

Қозу мен қозғыштық.

Тітіркендіру әсерінен қозғыш ұлпада қозу пайда болады. Ұлпа қозғанда, оның физиологиялық қасиеті яғни – қозғыштығы өзгереді, ұлпалардың мембраналық потенциалы әрекет потенциалына айналады. Қозу процесінің туғанын әрекет потенциалының пайда болуынан білуге болады.Ұлпа қозған кезде заттар алмасуы әдеттегіден әлде қандай күшейеді. Осыған байланыфсты жылу шығару мөлшері артады, қимыл әрекеттері туады. Мысалы, ет ұлпасы қозу салдарынан ширығып жиырылады.

Қозатын ұлпалардың қозғыштығы бірдей емес. Мысалы, жүйке ұлпасы басқа ұлпаларға қарағанда қозғыш келеді.Қаңқа етінің қозғыштығы жоғары болады, жүрек етіне қарағанда, ал бірыңғай салалы еттің қозғыштығы басқа еттерден төмен болады. Ұлпаның қозғыштығы қозу процесі кезінде, қажығанда өзгереді.

Физиологияда қолданылатын тітіргендіргіштер адекватты және адекватсыз болып бөлінеді. Адекватты- тітіркендіргіштер арнайы қабылдайтын қабылдағыштары бар- рецепторлары мысалы, көздің торлы қабығындағы көру қабылдағыштары сәулені қабылдайды,яғни сәуленің әсеріне қозады,яғни көру рецепторлары үшін сәуле адекватты тітіркендіргіш. Адекватсыз – арнайы қабылдағыштары болмайды.

Тітіркендіргіштер өзінің табиғатына байланысты механикалық, химиялық, температуралық,электрлік болып бөлінеді.
Қозғыштықтың кезеңдері.

Ұлпалардың қозғыштығы оны тітіркендіргеннен бастап өзгереді. Алдымен қозғыштық төмендейді, одан кейін біртіндеп қалпына келедіде, жоғарлап барып қайта төмендеп, қозу процесі аяқталарда, бұрынғы тыныштық кезіндегі қалпына келеді.

Қозу процесі басталысымен ұлпаның қозғыштық қасиеті төмендеп, қаншама әсерлә болсада, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды, бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең деп аталады.

Абсолюттік рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында -1-2 мс болса, ет талшықтарында 4-5 мс, ал ет-жүйке байланысында(синапсында) 8-10 мс. Қозғыш құрылымының абсолюттік рефрактерлік кезеңі қысқа болады.Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қайта пайда болып біртіндеп әдеттегі қалпына келеді, яғни әдеттегі қалпынан төмен болады.Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік кезең деп аталады. Бұл кезеңде тітіркендірудің ең аз мөлшері- қозу табалдырығына жауап бере алмайды.Жауап беру үшін тітіркендіргіштің күші табалдырық күшінен жоғары болуы керек.Бұл кзең аяқталардақозғыштық қасиет жоғарлап, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу уақытының осы күшею сәтін супернормальдық кезең дейді. Бұл кезеңде тітіркендіру қозу табалдырығынан төмен болса да, ұлпа оған жауап бере алады. Бұл кезең өткен соң қозғыщтық қайтадан төмендеп барып қозу процесі тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша төмендейтін кезі субнормальдық кезең деп аталады. Сонымен әрбір қозу процесі бірінен соң бірі қайталанып отырады.


































































































1-сурет. Әрекет потенциалы мен ұлпа қозғыштығы кезеңдерінің ара қатынасы.

А)тітіркенуге дейінгі қозғыштық

Б)қозғыштықтың жоғарлауы

В)ӘП-ең жоғары шыңы,абсолюттік рефрактерлік кезең

Г)салыстырмалы рефрактерлік кезең

Д)супернормальдық кезең

Е)супернормальдық кезең

Қозғыштықтың өлшемдері(параметрлері)

Ұлпалардың қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшем қолданылады.

1.Қозу табалдырығы- (реобаза) қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз минимальды кезеңін айтады. Ұлпа неғұрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғұрлым төмен болады.

2.Әсердің пайдалы уақыты – Тітіркендіргіштің күші әсердің ұзақтығына байланысты. Тітіркендіргіш күші мен әсердің ұзақтығы арасындағы байланысты Дж. Гоорвег (1892) пен М.Вейсс(1901) ж., қисық сызық арқылы көрсетті.

Ұлпа неғұрлым қозғыш болса,әсердің пайдалы уақыты соғұрлым қысқа болады. Әсердің пайдалы уақыты кейбір ұлпаларда өте ұзақ болады.Сондықтан «күш пен уақыт» заңыдылығын пайдалана отырып, француз ғалымы Л.Лапик 1908 жылы хронаксия (грек.-уақыт,сан) атты көрсеткішті ұсынды.

Хронаксия ұлпаны қоздыратын екі реобазаға теңкүш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады. Қозғыш ұлпаның хронаксиясы қысқа болады. Хронаксия мөлшері хронаксиметр аспабымен өлшенеді. Хронаксиметрмен көздің тор қабатындағы фоторецепторлардың, ішкі құлақта орналасқан есту рецепторы – Кортиев мүшесінің хронаксиясын өлшеп білуге болады.

Лабильдік – (лат.- құнақылық,тұрақсыздық) – белгілі ұлпаның қозғыштық дәрежесін көрсететеін өлшемдердің бірі. Лабильдік тітіркендіру санына сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы санын айтады. Мысалы: жүйкенің лабильділігі 1000 гц. Ұлпа неғұрлым қозғыш болса оның лабильдігі соғұрлым жоғары болады.

Аккомодация жылдамдығы – (лат.-бейімделу) – Белгілі бір ұлпаны,ағзаны қоздыратын токтың әсері оның күшіне,үдеу жылдамдығына да байланысты.Қозғыш ұлпа ток күшінің үдеуіне бейімделгіш келеді.






































2-сурет. Күш пен уақыт сызығы.

ОА- реобаза

ОД- екі реобаза

ОС- әсердің пайда болу уақыты

ОҒ- хронаксия



Қайталау сұрақтары:

1.Қозу дегеніміз не?

2.Қозғыштық дегеніміз не?

3.Қозу мен қозғыштықтың арасындағы байланыстар?

4.Қозғыштықтың қандай және қанша кезеңдері бар?

5.Қозғыштықтың өлшемдері не?

6.Қозу табалдырығы дегеніміз не?

7.Әсердің пайдалы уақыты дегеніміз не?

8.Хронаксия дегеніміз не?

9.Лабильдік дегеніміз не?

10.Аккомодация жылдамдығы дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995.
Дәріс № 2

Пәннің тақырыбы: Орталық жүйке жүйе физиологиясы және олардың жас ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: Орталық жүйке жүйесінің барлық қызметі рефлекс арқылы атқаралатынын,оны ең алғаш кім ашқанын, «кері байланыс»пен «кері афферентация» деген не, олардың қабылдағыштан басталатын ақпартты орталық жүйке жүүйесіне қалай жеткізілетінін оқытады.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Жүйке жүйесінің қызметі



  1. Жүйке жүйесінің құрлысы

  2. Жүйке жүйелерінің элементтерінің негізгі қызметтері мен қызметтері

  3. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу

  4. Бас миының бөліктері

Жүйке орталығы деп – бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады.Әрбәр рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Мысалы, тізе рефлекісінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде, зәр шығару орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шенінде орналасқан. Бірақ бірыңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, орталық жүйке жүйесінің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы да қатысуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесінде қозу бір нейроннан екінші нейронға тек синапстар арқылы тарйды, демек қозуды өткізу ерекшеліктері синапстардың қозуды өткізу ерекшеліктеріне байланысты.

  1. Жүйке орталығында қозу бір бағытта, яғни сезімтал нейроннан, аралық нейронға, одан ары қарай қозғалтқыш нейронға өтеді.

  2. Қозу әр синапста 0,2-0,3 мс –тей кідіріп, жүйке орталығына баяу өтеді.

  3. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажиды, біріншіден синапста медиаторлар санының азаюынан, екінішіден – нейрон денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшінішіден – нейрондарға оттегінің жетіспеуінен болады.

  4. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың тез өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады.

  5. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіне тең бола бермейді.

  6. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайтарылатын жауап, уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ.

  7. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесінде өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты.Бір нейрон аксонының серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады- бұл дивергенция. Бұған қарама-қарсы құбылыс конвергенция.

  8. 1862 жылы И.М.Сеченов ашқан жаңалық – орталық жүйке жүйесінде туған қозу тап осындай екінші бір қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді. Осы процесты – қозудың жинақталуы дейді.

  9. Орталық жүйке жүйесінің ең бір қызметі рефлекстерді координациялау, яғни жинақтау. Мысалы: оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі ал жазу орталығы қозады. Сондықтан оң аяқ бүгілгенде сол аяқ жазылады. Осыдан адам жүре алады. Адам бір сәтте тамақты шайнап жұта алмайды, өйткені шайнау мен қозу орталығы бір мезгілде қозбайды. Біреуі қозғанда , екіншісі тежеледі. Сондай – ақ демалу орталығы қозса, дем шығару орталығы тежеледі. Сондықтан орталық жүйке жүйесі қозу мен тежелу процестерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың қарама- қарсы қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп отырады. Орталықтағы қозу сол жерде қалмай қызметіне байланысты басқа орталықтарға жайыла бастайды осы – жайылуды қозу иррадиациясы дейді. Қозу мен қатар оның айналысындағы орталықтарды тежелу туып, қозу прооцесін жан-жағынан қоршап, оны кері қарай алғашқыда пайда болған жеріне жаяды осы процесті – концентарция деп атайды.Қозу мен тежелудің иррадиациясы мен концентарциясы тітіркендіргіштердің күшіне байланысты. Жүйке орталығында пайда болған бір процесс екінші қарама – қарсы процестің тууына себепкер болса бұны индукция құбылысы деп атайды.Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч.Шерингтон реципроктық немесе ілеспелі тежелу деп атайды. Доминанттық қозу – белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік ететін билеуші орталық бола алады. Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың қызметін тоқтата алады.

  1. Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді.

  2. Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де басқа орталықтардың қызметін тежеиді.

  3. Қозу созыңқы болады.

  4. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жиілігінен көп артық. Сәл берілген тітіркендіргіштерге күшті жауап береді.

  5. Қозу тез жинақталады.

Бас миының бөлімдері: Сопақша ми – сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады. Оған тыныс , қан тамырларын тарылтып,кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып, сирететін орталықтар жатады.Сопақша көптеген қорғаныс және ас қорытуға қатысы бар рефлекс орталықтары бар. Мысалы эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса, жаңа туған емгенімен , сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала ашығып өліп кетеді.Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Мысалы: адам аузына ас аларда шірік иісін сезсе, шірік – деген ойға келсе адам лоқсуы, құсуы мүмкін. Артистер сахнада жылай алады, осыларды барлдығы сопқша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді.

Варолиев көпірі – осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу.Ал ақ зат негізінен жұлынның жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай бағытталған жолдары. Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас- сүйек – ми жүйкелерінің У,У1,У11- парларының ядролары, көлденең жолақты етерді ширықтыруға қатысатын рефлкс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде демаолуды ,дем шығару процесімен алмастырып тұратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апанейстік орталық орналасқан.

Мишық - әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында, сопақша мидың үстіңгі жағында орналасқан қос жарты шардан және ортаңғы бөліктен тұрады.Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі,ортаңғы, жоғарғы аяқшалары арқылы жалғасқан. Мишықтың қызметі – адамның өз еркімен атқарылатын немесе оған бағынбайтын қимыл - әрекеттерді үйлестіріп отыру. Егерде мишық көп жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері , әсіресе ми қыртысы өзіне алып қимыл әрекеттерін түзете алады. Егерде мишықты жартылай немесе түгелдей алып тастаса дененің қимыл әрекеті әжептәуір бұзылады.Мишыққа қан құйылса да осындай болады. Егерде иттің мишығын мүлде алып тастаса, атаксияға (жүріс –тұрысы бұзылады) ұшырайды, әрі керексіз қимылдар жасайды астазияға ұшырайды (теңселіп-шайқалады). Дене еттері солғын тартып, күшінен (астения), табиғи тонусынан айырылады(атония). Мишығы зақымдалған адам қатты табиғи екпінмен сөйлей алмайды, біресе жай, біресе созып, біресе жедел сөйлеп, дауысы бірде қатты , бірде ақырын шығады.

Ортаңғы ми - варолий көпірі мен сопақша мимен бірге ми бағанасының негізін құрайды. Оның сырт жағында ми қақапағы, іш жағында ми аяқшалары орналасқан.


Қайталау сұрақтары:

  1. өткізу ерекшеліктері синапстардың қозуды өткізу ерекшеліктеріне байланысты.қаншаға бөлінеді?

  2. Дивергенция мен конвергенция дегніміз не?

  1. Қозудың жинақталуы дегеніміз не , ол қай уақытта пайда болады?

  2. Иррадиация дегеніміз не?

  3. Жүйке орталығында пайда болған бір процесс екінші қарама – қарсы процестің тууына себепкер болу құбылысы қалай аталады?

  4. реципроктық немесе ілеспелі тежелу дегеніміз не?

  5. Сопақша ми қай жерде орналасқан атқаратын қызметі?

  6. Варолиев көпірі атқаратын қызметі, құрылысы?

  7. Егерде мишықтың жартысын немесе толығымен алып тастаса қандай өзгерістер болады?

  8. Варолиев көпірінің қызметІ?



Ұсынылған әдебиеттер:

1.Физиология человека. Учебник для институтов физической культуры.

/Под ред. Проф.Н.В.Зимкина/ М., ФиС,1975 г.

2.Адам физиологиясы Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.,Өтепбергенова Ә.А.-Алматы: «Білім»2002 ж.

3.Адам физиологиясы Исмагулова Ф.А.,Төленбеков И.М.,Алматы «Мектеп»1985 ж.

Дәріс № 3

Тақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты:

1. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметтер реттелуіндегі және ағзаныңішкі орта тұрақтылығын сақтаудағы маңызы.

2. Сипатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің құрылымдары , қызметтері.

3. Эмоция және вегетативтік жүйке жүйесі.



Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты сомалық және вегетативтік деп екіге бөледі. Сомалық жүйке жүйесі – (СЖЖ) – қаңқа етермен байланысқан, ағзалардың түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді.

Вегетативтік жүйке жүйесі-(ВЖЖ)- ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өсіп-өну процестерін реттейді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері.

Вегетативтік жүйке жүйесін- сомалық жүйке жүйке жүйесімен салыстыра отырып,олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін байқауға болады. ВЖЖ – морфологиялық ерекшеліктері:



    1. Парасимпатикалық және симпатикалық болып бөлінеді.

Парасимпатикалық – жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде

2. Симпатикалық – жүйке жүйесі жұлынның көкірек бөліміндегі сегменттердің бүйір мүйізінде орналасқан..

3. Вегетативтік жүке сомалық жүйкеден әлдеқайда жіңішке.

4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамдалған.



Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:

1.Вегетативтік жүйкелер негізінен- эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді.

2.Вегетвтивтік жүйке жүйесінің қозу қабілеті сомалық жүйке жүйесіне қарағанда әлдеқайда төмен,ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары.

3. ВЖЖ- талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді.

4. ВЖЖ-де постсимпатикалық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады.(50-80мс)

5.ВЖЖ- нің реакциясы өте төмен

6. ВЖЖ- нің талшықтарынан медиаторлар – ацетилхолин не адреналин бөлінеді.

ВЖЖ- сі ішкі ағзалар қызметін ішкі және сыртқы орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және сипатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама- қарсы әсер етеді. Мысалы: симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп күшейтсе, ал парасимпатикалық жүйке керісінше сиретіп, әлсіретеді. ВЖЖ – сі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау) және зат алмасу қарқынын күшейтсе, ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) процестерін күшейтеді, зат алмасу қарқынын төмендетеді. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны – адреналин көбейеді.


Қайталау сұрақтары:

1.Сомалық және вегетативтік жйке жүйесі дегеніміз не?

2. Симпатиткалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады және олардың ролі?

3.Парасимпатикалық жүйке жүйесі дегеніміз не?



Ұсынылған әдебиеттер:

1.Физиология человека. Учебник для институтов физической культуры.

/Под ред. Проф.Н.В.Зимкина/ М., ФиС,1975 г.

2.Адам физиологиясы Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.,Өтепбергенова Ә.А.-Алматы: «Білім»2002 ж.

3.Адам физиологиясы Исмагулова Ф.А.,Төленбеков И.М.,Алматы «Мектеп»1985 ж.

Дәріс №4

Тақырыбы:

Жүйке- бұлшық ет жүйесі және оның жас ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты: Әрекеттердің жүйкелік және гуморальдық реттелісін,бірлестігін физиологтар ашқан жүйкеаралық байланыс- синапстармен де дәлелдеуге болады.Қозу жүйесі кезінде жүйке мен бұлшық ет арасында қандай байланыс бар екенін, қозғалысқа қалай келетіні жайында түсінік.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Бұлшық еттің жиырылу түрлері

2. Бірыңғай салалы ететрдің жиырылу түрлері

3 Жүйке талшықтарының түрлері

4.Қозуды өткізу заңдылықтарының түрлері

5.Синапс, оның құрылысы


Еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің күшіне,жиілігіне және еттің құрылыс ерекшелігіне,функциональдық жағдайына байланысты.Бұлшық ет мыңдаған ет талшықтары будағынан тұрады.

Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе,бұған сәкес еттің жиырылу күші белгілі бір деңгейге жеткен соң еттің жиырылу күші одан ары жиырылмайды. Еттің оптимум және пессимум жиілігі болатыны және оның себебі белгілі.Ұзын ет талшықтары қысқаларына қарағанда қаттырақ жиырылады. Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды.

Еттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бәрі қатысады.,қатаяды. Мұндай күшті максимальды күш деп атайды. Максимальдық күш ет талшықтарының санына және оның әрқайсысының жуандығына байланысты.

Еттің максимальдыдық күшінің оның анатомиялық көлденеңінің ауданына қатысын еттің салыстырмалы күші деп атайды.Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қозғыштық,қозуды өткізу,жиырылу қасиеттері болады. Мұнымен бірге ол ерекше пластикалық қасиеті төмен,хроноксиясы және қозу табалдырығы жоғары, абсолюттік рефрактерлік кезеңі ұзақ лабильділігі төмен болады.

Бірыңғай салалы еттің жекелеген жиырылуы өте ұзаққа созылады. Әсіресе латенттік және жазылу кезеңі қаңқа етінен ұзақ.

Қозу процесі бірыңғай салалы ет арқылы өте баяу таралады. Мұның себебі бұл етте пайда болған ӘП-ның жылдамдығы тканьге әсер еткен тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендіргенде бірден қозатын ет талшығының санына байланысты.

Бірыңғай салалы етті қатты созса, ол келесі тітіркендіруге дейін шиырықпай сол ұзындығын сақтайды. Кейбір бірыңғай салалы еттердің автоматиялық қасиеті болады.Олар тітіркендіргіштердлің әсерінсіз ақ өзддігінен белгілі бір ырғақпен жиырылады және ол түрлі сырттан келген әсерлер арқылы жиіленеді,кейде тежелуіде мүмкін. Бұл автоматиялық қасиетінің туу себебінің бірі- оның МП – ның тұрақсыздығы.

Жүйке талшықтарының құрылымы мен физиологиялық қөасиеттері.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері мен олардың қызметтерін талшықты нейрон денесінен бөліп алып жеке зерттеуге болады. Жүйке орталағынан шетке шыққан нейронның ұзын өсінділері топтанып түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке құрайды. Әр жүйке көптеген талшықтардын тұрады, мысалы бақаның шонданай жүйкесі 12000 –дай жүйке талшықтарынан тұрады.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның қозғыштығы, екіншісі- қозу процессін өткізу. Қозғыштық қозғыш ұлпаларының бәріне тән қасиет.Олар қозу процесінклеткалық мембрананың бойымен өткізеді.Қозу процесінің жүйкеден өтуін және өту ерекшеліктерін зерттеу үшін жүйке –ет препаратын пайдаланылады. Жүйке талшықтары миеленді және миеленсіз болып бөлінеді. Сезгіш, қозғалқыш жүйкелердің көбі миеленді талшықтардан тұрады, ал вегетативтік ганглиден кейінгі постганглилік талшықтардың көбі миеленсіз болады. Әр жүйке талшығы цилиндр тәрізді біліктен тұрады. Біліктің сыртын аксолемма қаптап жатыр, ал оның іші аксоплазмаға толған. Аксоплазмада ұзыннан ұзақ орналасқан өте жіңішке , диаметрі 10-40 нм нейрофибрилдер мен нейротүтіктер бар. Араларында митохондрилар,микросомдар бар. Миеленді жүйке талшықтарының білігін сыртынан майлы қабық бірнеше рет орап жатыр. (Шванн клеткасы). Миеленнің арасында кертіктері болады. Олардың кертіктерін немесе үзілген жерін Ранвье керіктері деп атайды. Қозу процесінің жүйке талшығының бойымен жылжуы аксоплазманың қасиеті.

Қозудың жүйкеден өту заңдылықтары. Қозуды өткізу қозуды екі жақты өткізу және қозуды жеке өткізу. Қозуды екі жақты өткізу заңы бұл- қозу процесін екі жаққа қарай өткізеді. Орталық жүйке жүйесімен байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы синапстардлың қасиетіне байланысты болады. Синапсқа дейін қай жүйке болса да қозуды екі жаққа өткізеді.Қозуды жеке өткізу заңы- Әрбір шеттегі жүйке құрылымында мыңдаған жүйке талшықтары болады,осы жүйке талшықтары қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп,тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізеді. Егер қозу жананыды жатқан жүйке талшықтарының бәріне таралатын болса онда организм қалай болса солай қимылдап, қажетті қимылдар жасай алмайды. Синапс - өзара жүйке клеткалары не жүйкемен шеттегі қызмет клеткасы түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы ұласуды айтады. Синапсты ең алғаш рет ағылшын физиологы Ч. Шерингтон ұғымын енгізген.Синапстра ұласқан клеткалардың түріне қарай нейронаралық, ет- жүйкелік болып әсеріне байланысты қоздыратын,тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық, электрлік, болып бөлінеді. Жүйке тармағы мен миоцит түйіскен жерде ет- жүйелік синапс құрылады. Жалғыз жүйке талшығы бұтақтанып 3- -3000 дейін синапс құрайды. Денедегі барлық синапстардың құрылысы біркелкі. Әрбір синапс үш элементтен тұрады пресинапстық, постсинапстық, синапстық саңылаудан тұрады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат- медиатордың қатысуымен өтеді. Медиатор – қозу процесін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

1.Қозу дегеніміз не?

2.Бірыңғай салалы бұлшық еттердің қызметі атқаратын ролі?

3.Қозудың өткізу заңдылықтары?

4.Синапс дегеніміз не?

5.Синапс деген ұғымды ең алғаш кіргізген ғалым?

6.Синапстар ұласу түрлеріне қарай қаншаға бөлінеді?

7.Синапс қанша элементтен тұрады және олардың атқаратын қызметтері ,ролі?


Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

Дәріс № 5

Тақырыбы:

Сенсорлы жүйелер және олардың жасқа байланысты ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты:

Талдағыштар (анализаторлар) немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш-рецепторлардан, аралық және орталық жүйке клеткаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.



Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Сенсорлы жүйелердің жалпы жүйесі және олардың қызметтері

2.Қозу рецепторларының жіктелінуі және механизмі

3.Рецепторлардың қасиеттері

4.Көру жүйесі

5.Көздің жарықты өткізуі және рефракциясы

6.Фоторецепторлар

7.Есту жүйелері

8.Сыртқы,ортаңғы және ішкі құлақтың қасиеттері

9.Дыбысты қабылдаудың физиологиялық механизмі


Талдағыштар туралы ілімді И.П.Павлов ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: рецепторлық (шеткі бөлімі), афференттік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі).

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар (рецепторлар) құрады.

Барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді: сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар – көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезу рецепторлары. Ал интерорецепторларға – ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар және тірек-қимыл жүйесінің вестибуляры мен пропиорецепторлары жатады.

Рецепторлар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық рецепторлар – олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру, есту, иіс), ал контактық рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.

Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай мынандай болып жіктеледі: механорецепторлар – есту, тепе – теңдік, тірек – қимыл аппаратының, терінің сипап сезу рецепторлары, жүрек пен қан тамырларының қысым рецепторлары, хеморецепторлар - дәм, иіс, қан тамырларының және тканьдердің химиялық заттарды сезетін рецепторлары, фоторецепторлар, терморецепторлар (терінің және ішкі ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіш рецепторлары), ауырғанды сезу (ноцицептік) рецепторлар.

Барлық рецепторлар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі – иіс, сипап сезу рецепторлары және проприорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісіне дәм, көру есту, тепе – теңдік рецепторлары жатады. Мұндай рецепторлардың сезгіш нейрондары мен тітіркендіргіштердің арасында өте мамандалған (икемделген) қосымша қабылдағыш клеткалар болады. Яғни сезгіш нейронда қозу тікелей әсерден емес, тек қосымша қабылдағыш клеткалар арқылы туады.

Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты рецепторлар тез және баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және көпрайлы т.б. болып бөлінеді. Іс жүзінде, түйсіктердің сипатына қарай рецепторлардың психофизиологиялық жіктелуді өте маңызды орын алады.
Көру жүйелері.

Көру талдағышы а дам мен жоғары омыртқалы жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық рецепторлардан миға келетін мәліметтің 90 %жеткізеді. Көзге ілінген заттардың торлы қабыққа түсіп қабылдағыштарды қоздырады. Қозу толқындары ми қыртысындағы көру талдағышының жоғары бөліміне жетіп талданады.



Көздің оптикалық жүйесі

Көру сенсорлы жүйелері бірнеше бөліктерден тұрады:

1.перифериялық(шеткі)- бұл көздің қосымша органы болып саналады, бұнда фоторецпторлар және нейрондардың 1–ші(биполярлы) және 2-ші(ганглиозды) денелері орналасқан.

2.өткізгіштік бөлік

3.қыртысты бөлік

Көз алмасы шар тәрізді диаметрі 2,5см келген, жарықты өткізгіш ортасы-қасаң қабық, алдыңғы камераның сұйықтығынан,хрусталиктен, шыны тәрізді денеден тұрады.

Фоторецепторлар – таяқша мен колба тәрізді жасушалардан тұрады.

Көз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында орналасқан. Оны сыртынан ақ қабықша немесе склера қаптап жатыр, бұл тығыз дәнекер қабықтан тұрады. Склераның аортқы жағында тесік болады, ол арқылы көру жүйкесі енеді. Ақ қабықшаның алдыңғы бөлімі мөлдір қасаң қабыққа өтеді.

Ал қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан.Қабықшаның алдында нұрлы қабық. Ал торлы қабық көздің ішкі үшінші қабықшасы.

Нұрлы қабықтан кейін екі жағы дөңес келген мөлдір линза – көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.

Жарық сәулесін толтыратын орта ( қасаң қабық,көз бұршағы, шыны тәріздес дене) және торлы қабық (ретина) көздің негізін құрайды..

Әрбір оптикалық жүйенің жарық сәулесін сындыру үшін диоптримен (Д) белгілейді. Адам көзінің сындыру күші алыстағы заттарға қарағанда -70,5 (Д) болады.



Есту талдағышы.

Есту сенсорлы жүйелері- сыртқы ортадан келген дыбыс толқындарын қабылдап анализ жасайды.

Есту сенсорлы жүйелері бірнеше бөліктерден тұрады:

Перифериялық (шеткі), өткізгіштік, және қыртысыты бөлімдерден тұрады.

Есту мүшесі үш бөліктен тұрады –сыртқы, ортаңғы, ішкі.

Дыбыс шалушы және өткізуші аппараттар.

Сыртқы құлақ- Сыртқы құлақ дыбысты қабылдау бөлімі болып саналады.

Ортаңғы құлақ - дыбысты өткізуші аппарат болып саналады, бұл бір- бірімен байланысқан балғашық, төс, үзеңгі сүйекшелерден тұрады. Олар дабыл жарғағының тербелісін іщкі құлаққа жеткізеді.


Өз бетімен дайындалуға сұрақтар:

1.Талдағыштардың арасындағы әсер ету механизмдері?

2.Өткізу табалдырығын қалай анықтауға болады?

3.Адам құлағы қанша жиілік диапазоныныда дыбыстарды қабылдайды?

4.Неге көру аймағы әртүрлі түсте бірдей емес?

5.Көру аймағының көлемі неге байланысты?

6.Орталық және шеткі көру дегеніміз не?

7.Көз қарашығы қанша нейрондардан тұрады?

8.Неге түн кездерінде жануарлардың көзі жарқырайды?

9.Сары дақ дегеніміз не?

10.Тауық соқыры және жарықтан қорқу деген не?

11.Көз аккомодациясы дегеніміз не және оның механизмдері?

12.Алыстан көру және жақыннан көру дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер:
1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995



Дәріс №6

Тақырыбы:

Жоғары жүйке іс - әрекетінің физиологиясы және жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты:

Адам ағзаларында өтетін құбылыстарды, шартты және шартсыз рефлекстердің қалай пайда болатынын және рефлекстердің бір – бірінен айырмашылықтарын оларды қалыптастыру және жіктеу.



Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
1.И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың жоғары жүйке әрекеті туралы

2.Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылықтары

3.Шартты рефлекстердің жасалу механизмдері

4.Шартты рефлекс түрлері

5.Шартты рефлекстің тежелуі

6.Динамикалық стереотип

7.Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері.

Декарттан И.П.Павловқа (1894-1936) дейін рефлексті, рецепторларды тітіркендіруден туатын реакция деп түсінгенімен, И.М.Сеченовтан басқа физиологтардың бәрі оны тек ОЖЖ-нің төменгі бөлімдерімен ғана байланысты деп есептеді.

Психикалық әрекетті мидың жоғарғы бөлімінің физиологиялық жұмысы ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған. Ол 1863 жылы шыққан «Ми рефлекстері» деген еңбегңнде психикалық әрекеттің барлық көріністері сыртқы ортаның әсерімен қалыптасқан және оның негізіне ОЖЖ-нің рефлекторлфқ жауабы – рефлекс жататынын дәлелдеді.Психикалық әрекеттің рефлекторлық механизмді екендігінің мойындаудың нәтижесінде И.М.Сеченов адамның кез – келген әрекетінің бірінші себебі сыртта жатады және бірдей ішкі, сыртқы жағдайлар кезінде адам әрекеті де әр уақытта тір түрлу болу керек деген қорытынды шығарды. С.М.Сеченов адамның бұлшық ет қозғалыс – қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.

Адамның психикалық қызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда сананың, естің, сзөдің және т.б., бұзылатыны мәлім. Мұндай пікірді философтар, биологтар, басқа ғалымдар мақұлдадаы. И.М.Сеченовадамның бұлшық ет қимылдарын ғана емес сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.

И.М.Сеченовтың кітабы- сло кездегі философия мен жаратылыстанудың озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы –демократтарының ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павловтыңфизмиолгиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп аталады.И.П.Павловты астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгімесілекей бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс қызықтырды.Сілекей бездерінің өзектерісыртқа шығарылған жануардарға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бөлінуіне әсер ететіндігін байқады. Мысалы,егер итті бірнеше рет тамақтандырғанда электр шамын жақса немесе қоңырау соқса, тітіркендіркіш пайда болып, сілекей бөлінеді. Павлов организхмнің мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни алдын- ала көру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын көрді.

Шартты және шартсыз рефлекстер. Организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіруге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады. Олар шартты және шартсыз болып бөлінеді. Шартсыз рефлекстер – іштен туа пайда болады, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық, тізе, ахиллов және басқа рефлекстер. 18- апталық ұрыққа тән ему және қимыл рефлекстері шартсыз рефлекстердің қатарына жатады. Шартсыз рефлекстер жануарлар мен адамда шартты рефлексте қалыптастырудың негізі болып саналады. Олар балалар үлкейген сайынсинтездік рефлекстер куомплексне айналып, орнанизмнің сыртқы ортаға бейімдеушілігін арттырады.

Шартты рефлекстер – бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқаратын функциясы болып табылады.

Егер ұрпақтан- ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлары тұрақты болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы мүмкін. Ми қыртысын алып тастағанда шартты рефлекстер жойылып кетеді. Ми қыртысы зақымданған жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен адам мүгедекке айналады.

Белгілі уақыт аралығында рефлекс қалыптастыру үшін шартты тітіркендіргіш бола алады. Егер жануарды әрбір 10 минут сайын тамақтандырса, бірнеше уақыттан кейін шартты рефлекс пайда болады.

Мектеп жасындағы балалардағы уақытқа байланысты рефлекстің белгісі – сабақ аяқталар алдында зейіннің әлсіреуі.

Организмде уақытқа байланысты туатын әсер- тыныс алу, жүрек қызметі, ұйқыдан ояну, жануарлардың түлеуі т.б.

Шартты рефлекстердің тежелуі.

Шартты рефлекстің тежелуі шартсыз және шартты тежелу болып бөлінеді. Басталған рефлекстің толық тоқтауы немесе сытрқы ортадағы өзгерістердің әсерінен оның активтілігінің кемуі шартсыз тежелу деп аталады.

Шартты рефлекс неғұрлым жаңадан қалыптасса, оны тежеу соғұрлым оңай болады. Мұны орталық жүйке жүйесінде индукция процесінің дамуымен түсіндіруге болады. Тежеуді шартты рефлекске қатысы жоқ басқа тітіркендіргіш туғызатындықтан, И.П.Павлов оны сыртқы (индукциялық) тежелу деп атады.

Шартсыз тежелу кенет пайда болады, ол организмде туған кезден бастап кездеседі және бүкіл орталық жүйке жүйесіне тән. Оның жүзеге асуына ми діңі ретикулырлық формациясының белгеле бір құрылымы қатысады.

Сыртқы тежелу көбінесе бөлмеге сырттан енетін кез келген шу рефлекторлық актының барысын бұзатынжағдайда, классат, топта жұмыс істейтін балаларда байқалады.

Ана тілі және шет тілі сабақтарында әріптер мен дыбыстарды оқып үйренуде, математика, ән, музыка және т.б., сабақтарда жіктеліс тежелуігің зор маңызы бар.

Тітіркендіргішті айыра бастау уақыты балаларда түрліше болады.



Өз бетімен дайындалуға сұрақтар:

1.Шартты рефлекс қай уақыттта пайда болады?

2.Шартты рефлекстің жасалу механизмдері?

3.Шартсыз рефлекс пен шартты рефлекстердің айырмашылығы?

4.Ми рефлекстері деген кітапты кім жазды және қай жылы?

5.Уақытқа байланысты шартты рефлекстердің түзілуі қай кезде өтеді?

6.Балардың емуі қай рефлкс түріне жатады?

7.Сыртқы (индукциялық)- тежелу дегеніміз не?

8.Шартсыз тежелу дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

Дәріс №7

Тақырыбы: Қан және оның жасқа байланысты ерекшеліктері

Мақсаты: Қанның маңызын, құрылысын атқаратын қызметтерін білу.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Қанның құрамы және маңызы

2.Қанның формалық элементтерін және жасқа байланысты ерекшеліктері

3.Қанның физика – химиялық қасиеттері

4.Қанның осмостық қысымы, гемолиз

5.Қанның ұюы

6.Қан топтары
Қанның маңызы. Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерінжуып жатады.

Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.

Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, керексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.

Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына коректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т. б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморадьдық жолмен реттеуі – ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға – гормондарға байланысты.

Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет – қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. Қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет