Пір тұтқан Абай мен Махамбетті

жүктеу 81.6 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі81.6 Kb.
:
Мұқағали – ақиық ақын
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен өлеңдерін таныстыру; әр өлеңін мәнерлеп жатқа айтуға көңіл бөлу; еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ақынның суреті ілініді, ақынға арналған ұлағатты сөздер, ақынның кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жүргізуші:

Пір тұтқан Абай мен Махамбетті,

Дәл сендей болса болар адам текті.

Егізі поэзияның қайран Мұқа,

Даңқаңды дабылдатты заман лепті.

Халыңның қазынасы жыр-дастаның,

Күні боп көңілінің нұр шашты анық.

Түбіне жүргіңнің бойлатқандай.

Түңіле Фаризамен сырласқаның.

Жазбадың арзан ойлы жасық өлең,

Қашан да жасық жырдың бәсі төмен.

Жауладың Жүректерін жас өркеннің,

«Аққулар ұйықтағанда», «Бәсіремен».

«Жырлайды жүрек» және «Өмір дастан»,

Көпшілік көңілің көзін ашқан.

«Соғады жүрек» пенен «Өмір өзен»,

Танытты ақынды өзі, сөзі де асқан.

Шектіріп ұотқа жапа замана тым,

Қоғамның жан қинады жаманаты.

Үзілдің үміт жібін жырмен жалғап,

Жеткізді арман әнді «Аманатың».

Соғады жырмен ұлттың қан тамыры,

Ел аман, Тәуелсізбіз, таңдар нұрлы.

Жасай бер, мәңгі бірге халқыңменен,

Қара өлең үшін дара – Хан тәңірі! – деп мектебіміздегі ардақты ұстазымыз Жағали ағай жырлағандай дара дарын, айтулы ақын, халықының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына айналған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали – ақиық ақын» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Алдымен сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1. «Мұқағали» тобы 2. «Аманат» тобы 3. «Бәсіре» тобы 4. «Хантәңірі» тобы 5. «Лашын» тобы 6. «Жырлайды жүрек» тобы.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық:

Жайғали Өтеуғалиев – қазақ тілді мен әдебиеті пәні мұғалімі; Гүлшарида Қабол – ұйымдастырушы; Ләйләгүл Махана ата-аналар – комитетінің төрайымы; Роза Қойшекенова – кітапхана меңгерушісі.

Топ басшыларынан қазалар алқасының алдын өз реттік нөмірлерін алулары сұралады.

Сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.

І. «Таныстыру»

ІІ. «Зеректілердің зейініне бір сауал» (сұрақ-жауап)

ІІІ. «Поэзия минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

ІV. «Құлақтан кіріп бойды алар» (ақынның әндерін орындау)

V. Ақынға арнау (оқушы шығармашылығы

VI. Үй тапсырмасы.

Жүргізуші:

Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмарын іздеген мәңгі сана.

Өзіңді-өзің танысаң істің басы.

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Шын жүйріктер ортаға шығып енді

Өздерін таныстырсын осы жерде.

(Әрбір топ өздерін таныстырып өтеді).

Жүргізуші: «Зеректілердің зейініне бір сауал» (Әр топ өздеріне қойылған сұраққа жауап береді.

Жүргізуші: Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше сол бір мәгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайлық!

(Әр топ мүшелері Мұқағали өлеңдерін жатқа оқиды).

Жүргізуші:

Ән сал, жаным!

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер – көктегі.

Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкте қалықтайды. Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ендігі кезек әсем әнде.

(Әр топ ақынның сөзіне жазылған бір әнді орындап шығады).

Жүргізуші: Ия, Мұқағали – ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол – бізде көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстарын тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Тәңіртаудың Хантәңірісіндей болған Мұқағали аға! Ендігі айтылар жыр жолдары мен сырлы сөздер сізге арналады.

(Бөлімнің шарты: әр топ ақынға арналған өлең немесе шығармасын орындайды).

Жүргізуші: Соңғы бөліміміз – «Үй тапсырмасы».

Жүргізуші: Сайысымыздың бөлімдері аяқталды. Қазылар алқасының шешімі шыққанша 3-сынып оқушысы Қанатқали Дананың орындауында «Аққау биін тамашалаңыздар.

Осымен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали – ақиық ақын» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!

Тест сұрақтары

1. Мұқағалидың тыған күні, жылы.

А) 1931 жыл, 18-наурыз

Ә) 1931 жыл, 9-ақпан

Б) 1931 жыл, 23-қаңтар

2. Мұқағалидің әкесінің аты.

А) Сүлеймен

Ә) Ахмет

Б) Мақатай

3. Ақын қай жылы, қай мектепті бітірді?

А) Қарасаз орта мектебі, 1948 жыл

Ә) Нарынқол орта мектебі, 1948 жыл

Б) Сарыбастау орта мектебі, 1949 жыл

4. Ақынның әжесі кім?

А) Мақпал

Ә) Зере

Б) Тиын

5. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды?

А) 1991 жыл, 5 шілде

Ә) 1980 жыл, 10 қазан

Б) 1993 жыл, 11 қаңтар

6. Ақынның азан шақырылып қойған аты.

А) Мұқанғали

Ә) Мұқағали

Б) Мұқаметқали

7. Ақынның шешесінің аты.

А) Зәуре

Ә) Нағима

Б) Ақтолық

8. Мұқағали мұражайы ең алғашқы директоры.

А) Әбдіке Асанов

Ә) Жанат Сәрсенов

Б) Жолды Молдыбаев

9. Мұқағали мұражайының қазіргі директоры

А) Әбдіке Асанов

Ә) Жұмаш Өтеев

Б) Еркін Ібітанов

10. Ақын мұражайының бас сәулетшісі кім?

А) Кәрім Бекжанов

Ә) Сайрам Фазылов

Б) Сағи Жиенбаев

11. Ақын мұражайының авторы.

А) Кәрім Бекжанов

Ә) Сайрам Фазылов

Б) Сағи Фазылов

12. Атақты Шәмшімен бірлесіп жазған ән.

А) «Қайдасың»

Ә) «Қайықта»

Б) «Талдықорған»

13. Кезінде Мұқан хат жолдаған сол кездегі СОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесі.

А) Мендібаев

Ә) Қонаев

Б) Асқаров

14. Мұқағали поэзиясына алғашқылардың бірі болып ақ жол тілеген кім?

А) Б. Момышұлы

Ә) Ә. Тәжібаев

Б) Қ. Мырзалиев

15. Ақын өмірінің кредосын білдірген өлеңі.

А) «Менің мақсатым»

Ә) «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

Б) Қарасазым»

16. Ақынның жары.

А) Рауза Халықова

Ә) Лашын Әзімжанова

Б) Фарида Бөкеева

17. 2000 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленген шығармасы.

А) «Шуғаым менің»

Ә) «Аманат»

Б) «Мавр»

18. Мұқағалидың прозалық шығармасы.

А) «Махаббат моласы»

Ә) «Қош, махаббат»

Б) Садақ, махаббат»

19. Мұқағалимен тағдырлас орыс ақыны.

А) Есение

Ә) Маяковский

Б) Пушкин

20. «Ән-2000» байқауйында лауреат атанған ән.

Сөзі: Мұқағалидікі. Әні – А. Қоразбаевтікі.

А) «Шашбауым»

Ә) «Қара пима»

Б) «Сары ала қаз оралды».

21. М. Мақатаев атындағы Мемлекеттік сылықтың лауреаты.

А) Несіпбек Айтов

Ә) Ұлықбек Есдәулетов

Б) Дидар Амантай.

22. «Азия даусы» ән фестивалінде М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қырқыншы жылдардағы бесік жыры» әнін орындап жүлделі орын алған қазақстандық топ.

А) «АБК»

Ә) «Роксанаки»

Б) «Нұрмұқасан»

©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет