ПОӘК 042. 18-24 03/03 2013 18. 09. 2013ж №1 басылым



жүктеу 1.01 Mb.
бет1/6
Дата18.04.2016
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ПОӘК 042.18-24.1.03/03 2013

18.09.2013ж №1 басылым

бет.- сі





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

18.09.2013ж

ПОӘК 042.18-24.1.03/03 2013

«Ветеринариялық пропедевтика»

пәннің оқу-әдістемелік материалдары



№1 басылым

5В120100- «Ветеринариялық медицина» мамандығына бойынша «Ветеринариялық пропедевтика» пәнніне арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013




Алғы сөз

1ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырғандар: Тойкина Г.Н., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры м. а.

Билялов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы;

Жайлаубаева А.Р., в.ғ. магистрі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының оқытушысы .
«28» 08 2013 ж.


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында

«03» 09 2013 жыл, № 1 хаттама.


Кафедра меңгерушісі, профессор м.а. Г.Тойкина

2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында


« 09 » 09 2013 жыл, № 1 хаттама

Төрайымы А. Тлеубаева




3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

« 18 » 09 2013 жыл, № 1 хаттама

ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова

4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ


Мазмұны
1.Глоссарий

2.Дәрістер

3.Тәжірибелік-практикалық сабақтар

4. Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы

5.Студенттердің өздік жұмысы

1.Глоссарий


  • Семиотика – түрлі аурулардың белгілерін тексеру.

  • Каротин(лат.carota- сәбіз) – каротин. Қызғылт-сарғыш пигмент.

  • Скиология – көзбен зерттеу ғылымы.

  • Диспепсия - жаңа туған төлдердің асқорту және зат алмасу процестерінің өте жіті түрде бұзылуы салдарынан организмнің сусызданып, улануымен сипатталатын ауру.

  • Аритмия – жүрек ырғағының бұзылуы.

  • Сфигмограф – қозғалысты жазу үшін, сфигмотонограф – қысымды өлшеу.

  • Фибография (вена пульсін жазу) – флебограф аспабы арқылы көк қан тамырының соғуын жазу.

  • Ауырғанда қызаруы - гиперемия немесе геморрагиялар атау ретінде алынады.

  • Цианоз- көгеру атау ретінде алынады.

  • Анемия - бозару атау ретінде алынады.

  • Иктериялық - сарғаю атау ретінде алынады.

  • Диспноэ - демігу– тыныс алудың типі мен ырғағы, тереңдігі, жиілігі өзгеруімен жүретін қиындаған дем алумен сипатталады.

  • Инспираторлы демігу – қиындаған дем алумен атау ретінде алынады

  • Крепитациядем алу кезінде естілетін бір текті ұқсас сытырлаған дыбыстар.

  • Кеңірдекті нұқу - плегафония.

  • Ринография- дем алу, дем шығару кезінде түзілетін ауа ағының қозғалысың жазу.

  • Апатия(селқостық),немесе енжарлық, көніл- сіздік.

  • Ступор (қатып қалу) мылқау ж/е мелшиіп қалуды айтады.

  • Сопор- терең ұйқыға кету, ми қызметі бузылып, үнемі ұйқыға кету.

  • Кома, немес талма


Ветеринариялық пропедевтика

(Дәрістің қысқаша курсы)

2.Дәрістер
Дәріс сабақтарының құрылымы
Тақырыбы: Кіріспе.

Жоспары:


  1. Кіріспе

  2. Қысқаша тарихи шолу

  3. Жалпы сақтандыру және емдеу негізі

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


1. К І Р І С П Е


Ветеринария ғылымының аурутану бөлімінде олардың пайда болу себептерін, сатыларын анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және сақтандыру шараларын жетілдіре қағидалайды. Жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланыста бола отырып мамандықты қалыптастыратын пән. Пәннің негізін жалпы биология, биологиялық химия, физиология мен патофизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану және экономика пәндері құрайды.

Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.

Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:

Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;

Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;

Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология);

Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез);

Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;

Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;

Аурудың өту барысына сүйене готырып оған болжам жасау (прогноз);

Ауруға ем тағайындау (терапия);

Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).

2. ҚЫСҚАША ТАРИХИ ШОЛУ.

Мал емдеуден жазбаша ескерткіш қалдырған ерте заманғы египеттің папирусы – Кахунский (біздің эраға дейінгі 2000 жыл шамасында).

Аристотель (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жж.) мал тарихына арналған УІІІ-ші кітабында ірі қара малдың өкпесінің қабынуын, жылқыда болатын шаншуларды, сондай-ақ шошқа, есек, ит ауруларын жазған.

Гректің, ветеринария Гиппократы аталған көрнекті ғалымы, гиппиатр (жылқы маманы) Абсирт (ІУ ғасыр) малдың жұқпалы емес ішкі ауруларының негізін салушы деп есептелінеді. Ол бүйрек қабынуы, өкпе эмфиземасы, өкпе гангренасы, жылқы шаншуы туралы мәлметтерді жазған.

ХУІІ және ХУІІІ ғасырларда Россияда қолжазба ретінде және баспадан "Қаладағы және ауылдағы оташы", "Жылқыға арналған дәрілер кітабы" деп аталатын оқу нұсқаулары және малды емдеу туралы кітаптар басылып шықты.

1806 жылы Вилен университетінде ветеринария кафедрасы жұмыс істей бастады.

1808 жылы Петербургтегі медициналық-хирургиялық академияда, 1811 жылы осы академияның Москвадағы бөлімінде ветеринария бөлімшелері ашылды.

1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда, 1876 жылы Дерпте (Тарту) ветеринария институттары ашылды. Әрқайсысы жыл сайын 25-30 -дан ғана мал дәрігерлерін дайындады.

Қазақстанда бірінші өлкелік малдәрігерлік-бактериологиялық институт 1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан бастап Қазақтың ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институты болып аталады. Онда 1948 жылы Қазақстан бойынша бірінші аспирантура ашылды.

1930 жылы Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылды. Бұл институтта негізгі ғылыми бағыт пен орталықтар топтастырыла бастады. Атап айтқанда: академиктер Б.А.Домбровский, Ф.М.Мұхаметғалиевтар басқарған морфологтар; академик Н.У.Базанова басқарған физиологтар; академик Я.И.Клейнбок басқарған терапевтер; профессор Б.П.Всеволодов басқарған патоморфологтар; профессор М.П.Орлов басқарған паразитологтар топтары өздерінің ғылыми еңбектерімен Қазақстанда ветеринария ғылымының дамуына елеулі үлестерін қосты.

Қазақстанда малдәрігерлік ұйымдарды құруға ат салысып, ерекше еңбектері сіңген мал дәрігерлері: В.Я.Бенкин, А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.Есенкулов, Ш.Көсепғалиев және басқалар. Кейінгі кезде Қазақстандағы ветеринария ғылымын дамытуға көп еңбек сіңірген ғалымдар: К.И.Скрябин, М.И.Иванов, Я.И.Клейнбок, А.Р.Әбішев, К.Н.Бучнев, З.К.Қожабеков, Т.С.Минкин, Н.Ж.Жанузақов, Т.С.Сайдулдин, Е.Ф.Дымко, К.Б.Биашев және т.б.жатады.

Қазірде жекелеген аймақтардың геобиохимиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы, кейбір минеральды заттардың жетіспеушілігінен немесе артық болуынан пайда болатын аурулардың алдын алу бағытында көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

Мал дәрігерлері мен әр саладағы ферма қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі мақсат – малдың денсаулығы мен өнімділігіне жағымсыз әсер ететін факторларды дер кезінде жоюға әрекет жасап, олардың өнімділік мүмкіндігін толық пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін және аурудың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуді дұрыс ұйымдастыру үшін үлкенді-кішілі барлық шаруашылықтарда диспансеризация уақытында өткізіліп отырылуы қажет.
ЖАЛПЫ ДИАГНОСТИКА

ТАҚЫРЫБЫ: Клиникалық тексерудің жоспары. Тіркеу және анемнез. Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері.Термометрия

Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:


  1. Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.

  2. Өзіндік тексеру.

А) Жалпы тексеру.

Габитусты анықтау.

Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.

Тері және тері туындыларын тексеру.

Лимфа түйіндерін тексеру.

Дене температурасын өлшеу.

Б) Арнайы тексеру


  1. Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.

  2. Тыныс алу жүйесін тексеру.

  3. Асқорыту жүйесін тексеру.

  4. Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.

  5. Жүйке жүйесін тексеру.

В) Ерекше тексеру

Физико-химиялық тексеру.

Микроскопиялық тексеру.

Бактериологиялық тексеру.

Серологиялық тексеру.

Аллергиялық тексеру.



Клиникаға түскен жануарды тіркеу. Тіркеу жұмыстары жануар иесінің немесе күтушілердің айтқан мағлұматтарына, көрсеткен құжаттарына, сонымен қатар өзіндік тексеруге негізделіп жүргізіледі.

Жануарлары тіркеу кезінде амблуаториялық журналға келесі мәліметтерді жазады:

жануарлардың түскен күні

жануардың иесі

иесінің немесе шаруашылықтың мекен-жайы

жануардың түрі

тұқымы (порода)

жынысы


жасы

түсі және ерекше белгілері

таза салмағы немесе өлшемдері

10) жануардың лақап аты

Күтуші адамнан ауру жануар туралы мәлімет жинау (анамнез). Анамнез екіге бөлінеді: 1) Anamnesis vitae, 2) Anamnesis morbi. Ауру мал туралы мәлімет.

Жануар ауырғанға дейінгі мәліметке келесі сұрақтар кіреді: 1) шығу тегі; 2) ұстау және күту жағдайы; 3) суару және азықтандыру жағдайы; 4) шарушылықтағы атқарылатын жұмысы.

Жануар ауырғаннан кейін мәліметтерге келесі сұрақтар кіреді: 1) жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?

2) аурудың қандай белгілері байқалды?

3) жануарға кім және қандай емдік көмек көрсетті.

Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері. Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дауыстап бару керек.

Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн. Жылқы малын ағаш бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына салу арқылы бекітеді. Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп ұстаған немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.

Ірі қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару керек. Бекітуді мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық шеміршекті саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис қышқышы, Кумсиев қысқышы), тұмсық сақинасы арқылы жасайды.

Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен жақындаған жөн. Түйені арқан ілгектен артқы аяқтарын тұсау арқылы, ерніне немесе құлақ қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.

Қой мен ешкілерді мүйізден немесе мойнынан ұстау арқылы бекітеді.

Иттерді жақтарын бинтпен орау арқылы бекітеді.

Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды да, бір қолмен аяқтарын, екінші қолмен қанаттарын бекітеді.

Әрбір студент оқытушының бақылауы мен жануарларға жақындап, оларды бекітеді.

Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу (көру, сипалау, тыңдау, нұқу, термометрия).

Көру әдісі – тексерудің жай әдісі. Бұл әдісті күндіз қолданады. Көру арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын, ішін, аяқтарын алдымен оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді.

Сипалау әдісі – жануар денесінің бөліктерін қолдың жұмсақ, жеңіл қозғалыстарымен сипау арқылы жүргізіледі. Сипалау беткі және терең болып бөлінеді.

Беткі сипалау –терінің тексерілетін бөлігіне алақанды қатты басып, терінің қызуын, ылғалдылығын, ауырсынуын анықтау үшін қолданылады.

Терең сипалау – құрсақ қуысының ішкі мүшелерінің көлемін, пішінін, конститутциясын және ауырсынуын тексеру үшін қолданылады.

Нұқу әдісі- дененің тексеру керек бөлігіне күші мен ырғалы бірдей соққылар жасап, сол жерден естілетін дыбыстар арқылы тексерілетін мүшенің, қуыстың жағдайын анықтау үшін қолданылады. Нұқу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.

Тікелей нұқуды дене бетіне тікелей саусақпен соққылар жасайды.

Жанама нұқуды дене бетіне тікелей емес, соққыларды қатты басылған саусаққа немесе плессиметрге жасайды. Нұқу дигитальды нұқу және құралдар арқылы нұқу болып бөлінеді.

Аускультация – мүшелерде түзілетін дыбыстарды тыңдау. Аускультация тікелей және жанама болып келеді.

Тікелей аускультацияда жануар денесіне таза бұл (дәке) жауып, құлақты төсеп тыңдайды.

Жанама аускультацияда фонендоскоп, статескоп арқылы тыңдайды.

Термометрия –максимальді термометрмен жануардың дене қызуын өлшеу. Барлық жануарларда дене қызуы термометрді тік ішекке салу арқылы өлшенеді. Құстардың қанатының астына салып өлшейді.

ТАҚЫРЫБЫ: Габитусты анықтау. Тері және тері асты клетчаткасын тексеру.



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет