ПОӘК «Екпе ормандары» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



жүктеу 475.41 Kb.
бет2/3
Дата28.04.2016
өлшемі475.41 Kb.
1   2   3

7 Жаппай және жарым - жартылай отырғызылған екпе ормандар. Жаппай отырғызылған екпе ормандар. Жаппай отырғызылған екпелерді құру кезінде себілген немесе отырғызылған ағаш түрлері аумаққа бірдей орналастырылады. Өсірілген ағаш түрінен болашақта екпе ағаш қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Ереже бойынша, бұл екпелерді отырғызу табиғи жаңармаған ескі ағашы кесілген және ағашы тұтас өртенген және түбірлерден тазартылған, сонымен бірге орман өсіру үшін арналған учаскелерде жүргізіледі. Жаппай отырғызылған екпе ормандар құрамы, жиілігі, топырақ дайындау тәсілі, ағаш түрлерін араластыру мен орналастыру бойынша әр түрлі болады. Сонымен бірге, бұндай екпелерді құру мен күтіп-баптау жұмыстарының механикаландыру ыңғайлы болады.

Жарым - жартылай отырғызылған екпе ормандар шаруашылық бағалы түрлермен табиғи жаңаруы қанағаттанарлықсыз, ағашы кесілген немесе өртенген учаскелерде құрылады. Бұл үшін, ереже бойынша, жасанды орман өсірумен бірге оның табиғи жаңаруы қатар жүргізіліп, негізінен тек қана басты ағаш түрі отырғызылса, ал бағыттас ағаш пен бұталар табиғи жаңарудан қалыптасады. Жарым-жартылай отырғызылатын екпе ормандарға арналған топырақты қарықтап, жолақтап және алаңшалап өңдейді. Жарым-жартылай отырғызылатын екпе ормандарды құру кезінде механика қолдану шектеледі.

Жарым - жартылай отырғызылатын екпе ормандардың кең тараған түріне еменнің табиғи жаңаруына арналған А.П.Молчанов бойынша екпе ормандардың қатарлас дәліздігі және В.Д.Огиевский бойынша кей жерлердегі жиі екпе орман түрлерін жатқызуға болады.

Екпе ормандарды қатарлас дәлізді түрде ағашы кесілген жерге 2-3-жастағы емен сеппелері әрбір 1м сайын 1га 2500 дана есебімен отырғызылады. Отырғызылған екпелерді күтіп-баптау 2-3 жылдан басталып, отырғызылған жас өсімдіктерді жарықтандырумен аяқталады. 3-ші жылы тоғысқан және қалыптасқан ені 1м жуық жаппай дәліздер пайда болады.

В.Д.Огиевский бойынша кей жерлердегі жиі екпелерді кесуде екінші деңгейдегі ағаштар мен бұталардың шоғырлы жаңаруы үшін, араларында бос алаңқайлар мен алқаптар қалдырылады. Кей жерлердегі жиі екпелердің 1га кесу кезінде бос орындарға мөлшері 2х1м немесе 1,5х1,5м болатын 300-400 алаңша дайындалады. Әрбір алаңшаға 25-50 емен жаңғағы себіледі немесе 15-20 сеппе отырғызылады. 10-15 жылдан кейін биотопта сирету жүргізіліп 5 ең жақсы өскені қалдырылса, болашақта 1-2 толық дамығаны өсімдік қалады.



ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі



Негізгі және қосымша әдебиеттер

1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж.

3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж.


6 Дәріс.
Тақырыбы: Орманды отырғызу және себу
Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпелерді құру принциптері
Дәрістің жоспары:

  1. Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру

  2. Орманды отырғызу

  3. Орманды отырғызу тәсілдері


1 Тұқым себу арқылы екпе ормандарды құру. Екпелерді тұқым себу арқылы құру тиімді әрі жұмысы аз, питомник құруды қажет етпейді, жас өсімдіктердің ауыстырылып отырғызылатын тамыр жүйесі болмағандықтан механикалық зақымданбайды. Бірақ екпелерді себу әдісі арқылы табысты өсіру бірнеше факторларға байланысты болады:

  • тұқымның шығу тегі мен сапасына;

  • топырақ дайындау сапасына;

  • экологиялық факторлардың бар болуы мен маңызына;

  • агротехникалық күтімнің жиілігі мен мұқият жүргізілуіне.

Өскіндер пайда болғаннан кейін, ылғал, жылу мен ауадан басқа, жас өсімдіктің өсуіне шартты түрде жарық пен топырақтағы қоректік заттар қажет. Қарағай,шырша және балқарағайдың жас өскіндеріне күн көзінің толық түсуі қауіпті болғандықтан, олар көлеңкелеуді қажет етеді.

Қазақстанда екпелерді себу арқылы құру ірі тұқымды ағаш түрлеріне (емен, жаңғақ) жүргізіледі, сонымен бірге пістелер, тамыр жүйесі ауыстырып отырғызуды көтермейтін ағаштар жатады. Емен мен грек жаңғағында кіндік тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сондықтан, олардың




ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі


екпелерін себу арқылы құру олардың биологиясына сәйкес келеді. Отырғызу кезінде тамыр жүйесін кесу кіндік тамыр жүйесінің қалыптасу тенденциясын бұзады.

Шөлді жерлерде сексеуіл екпелері себу арқылы құрылады, үсіктерден қорғау үшін тұқымдар 5см дейінгі әр түрлі тереңдікте көміледі, бірақ отырғызу жұмысы да жақсы нәтиже береді. Бұл үлкен көлемді екпе орман жұмысын қажет етіп, қатаң қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылық техникаларымен нашар қамтамасыз етілген орман шаруашылығы мекемелеріне сексеуіл сеппелерін отырғызу қиынға тиеді.

Әуеден сексеуіл тұқымдарын себу кезінде 5-7кг тұқымды аумағы 300 га кем емес учаскеге сеуіп, ұшу жолағының арақашықтығы 20-24 м болып алынады. Тұқымдарды көму жүргізілмейді.

2 Орманды отырғызу. Екпе ормандарды құруды отырғызу әдісі арқылы жүргізу себумен салыстырғанда, көп жағдайда сенімді әрі экономикалық жағынан өзін ақтайды. Отырғызудың артықшылығы сол, екпе орман отырғызылатын аумаққа жас өсімдіктер егіліп, тамыр жүйесі аз зақымдалып, топырақ қабатына терең отырғызылады.

Екпеледі өсірудің отырғызу әдісі барлық орман өсетін аймақтарда жақсы нәтиже береді. Қазақстан жағдайында отырғызу әдісімен екпелерді құру барлық ағаш және бұта түрлеріне жүргізіліп, пісте, грек жаңғағы мен кәдімгі емен ағаштарын да қамтиды.

Екпелерді құру кезінде әр түрлі көшет материалдары қолданылады, бірақ негізгі түр ретінде екпе орман өндірісінде сеппелер көп қолданылады: самырсын, май қарағай, шыршаның – 3-4-жылдықтары; қарағай, балқарағайдың - 2-жылдықтары; жапырақты ағаштардың – 1-2-жылдықтары.



Отырғызудың жақсы мерзімі –ерте көктем. Бұл кезеңде топырақта ылғал жеткілікті болып, жаңа тамырлардың өсуі басталады. Жылы кезең ақырындап басталып, өсімдіктің физиологиялық жағдайы жақсарады.

Күзде қылқанды ағаш түрлерін отырғызу жоғарғы бүршіктері жинақталғанда, ал жапырақты ағаш түрлерін жапырағы сарғайған соң отырғызады.

Сеппелер мен тікпелерді топыраққа отырғызу тереңдігін белгілеу үшін егілетін ағаш түрінің ерекшелігін білу керек. Мысалы, қарағай, емен, өрік ағаштары терең отырғызуды жеңіл көтереді, ал самырсын, шырша, майқарағай, қайың, алма, алмұрт ағаштарына қиын тиеді.

Емен, жаңғақ, сексеуілді себу арқылы ормансыз алаңдарда екпе құрған кезде, олардың жақсы өсуін қамтамасыз ету үшін тиімді шара ретінде табиғи екпе ағаштардан алынған топырақ микорезін енгізу болып табылады.



3 Отырғызу тәсілдері. Отырғызудың негізгі екі тәсілі қолданылады – қолмен және механикаландырылған. Қолмен отырғызу тәсілі топырақты

ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі

жарым-жартылай алаңшалап өңдегенде Колесов семсері арқылы тамыр жүйесін қысу, күрекпен, сирек Розанов бұрғысы арқылы жүргізіледі.

Қазіргі кезде екпе орман өндірісінде көбіне механикаландырылған отырғызу қолданылады. Бұл үшін орман отырғызу машиналары қолданылады. Олар қолмен немесе автоматты түрде беріліспен сеппелер мен тікпелерді отырғызады (МЛУ-1А, СЛ-2М, МС-1/2, ЛМД-81, ССН-1 және ба).
Негізгі және қосымша әдебиеттер

1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985ж.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984.

3. Байзаков және басқалар. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2к., 2007ж.




7-8 Дәрістер.
Тақырыбы: Екпе ормандардың жиілігі
Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпелердің жиілігі мен орналастыру принциптері
Дәрістің жоспары:

  1. Ағаш түрлерін орналастыру мен араластыру

  2. Екпе ормандардың тығыздығы

  3. Қолайлы тығыздық және талаптары, екпелерге ұсынылатын тығыздықтар

  4. Екпе ормандардың тығыздығына ұсыныстар


1 Ағаш түрлерін орналастыру және араластыру.

Отырғызылаты және себілетін орындарды орналастыру – бұл анықталған аумаққа өсімдіктерді бөлу тәсілі, қатарлап және биотоптан болуы мүмкін.

Қатарлап орналастыру ереже бойынша, екпелерді жаппай құру кезінде қолданылады. Қатарлардың арақашықтығы қатаң түрде қабылданған жобаға сәйкес орнатылады, мысалы, 1, 2, 3 м.

Екпелерді биотоптап орналастырғанда отырғызу орындары топтап жасалады, әрбірінде бірнеше өсімдік өсіріледі, желекбастары тез қосылады, орман жағдайы тез қалыптасады, табиғи іріктелу интенсивті жүріп осының есебінен қолмен істелінетін күтім жұмыстары азаяды.



Ағаш түрлерін араластыру сұлбасы – бұл ағаш түрлерін екпе орман алқабында орналастыру тәртібі.

ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі


Звенолап араластыру. Звенолап орналастыру кезінде биотоптар 3-5 өсімдіктен құрылады, 1 қатарда өсірілген өсімдіктердің бір-бірінен арақашықтығы жақын болады (0,3-0,5 м). Звенолар арасының қашықтығы – 3-5 м. Ағаштар мен бұталардың отырғызу немесе себу орны қатарда кезекті топтап орналастырылады.

Кулисалап араластыру. Араластырылатын түрлер екпелерде жеке қатарлап емес, топты қатарлап жасалады, құрылған кулисаларда бір ағаш түрінің бірнеше қатары болады.

Шахматты араластыру өте сирек қолданылады. Әдістің құрылымы сол, аумақ көлемі 10х10 м болатын шаршы торларға бөлінеді, олар шахмат тәртібімен жасалады, екі түр өсіріледі (бірі ақ торда, екіншісі – қара торда).

Араластыру типтері – бұл екпелер аумағында мейілінше мақсатты түрде есеппен түрлерді орналастыру тәртібі, түр аралық бәсекелестік немесе өзара көмектің күші мен формасы. Басты түрлер араластырылады, бағыттас ағаш түрлері мен бұталар араластырылады. Араластырылатын түрлерге, қабылданатын сыртқы орта жағдайына байланысты, келесідей ажыратылады:

Ағашты тип. Екпелер бір ағаш түрінен тұрады.

ағашты-бұталы тип (Г.Н.Высоцкий, 1893 ж.) оңтүстіктің құрғақ дала жағдайында басты ағаш түрінің қоректік аумағын ұлғайту мақсаты сирек жүргізіледі. Қалған жерлерге бұталар отырғызылады, себебі транспирацияның аз жүруінен топырақта ылғал сақталады. Бұталардың көмегімен желекбасы қосылған орман пайда болады. Берілген араластыру типінде бұталардың міндеті шөптесін өсімдіктердің өсуін тежеу.

  • ағашты-көлеңкелі тип. Бұл типте бұталардың орнына көлеңкеге төзімді бағыттас ағаш түрі отырғызылады, ол топырақты көлеңкелейді, шөптесін өсімдіктердің өсуін баяулатып және сонымен бірге басты түрді «қуалап өсіп», оның жан-жағын көлеңкелейді.

  • ағашты-көлеңкелі-бұталы (комбинирленген) бұл тип алдыңғы екі типтен өндіріліп жасалған. Екпелердің бұл типі Қазақстанның солтүстік облыстарында қарағайлы-қайыңды екпелерді құру кезінде кеңінен тараған, бұл жерде бұта қарағайды қайың көлеңкелемеу үшін отырғызылады.

2 Екпе ормандардың тығыздығы. Екпе ормандардың тығыздығы – бұл ағаш және бұта түрінің екпе орман алқабындағы санын көрсететін бірлік. Тығыздық әр түрлі ағаштардан жасалған екпелерге, әртүрлі жастарына, арнайы мақсаттағы құрылуына, таза және аралас екпе түріне байланысты болады. Екпе ормандарға тығыздық таңдауда өсімдіктерді өсу орны жағдайының жарық және топырақ құнарлығын жоғары деңгейде пайдалануына жағдай жасау керек. Соның арқасында өсімдіктің өсуі жақсарып, аумақтағы массасы артып, сол шаруашылықтың жұмысы алға басады.


ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі

Кесте 2 – Орман отырғызатын машиналар арқылы механикаландырылған ағаш отырғызу кезіндегі 1га екпелердің тығыздығы



Қатар ішінің қашықтығы, м

Қатар арасының қашықтығына байланысты (м) 1га отырғызу орнының саны

1,5

2

2,5

3

0,5

13400

10000

8000

6600

0,75

8800

6700

5300

4500

1

6700

5000

4000

3300

1,5

4500

3300

2700

2200

2

3300

2500

2000

1700


Тығыз және сирек алқа ағаш өсірудің артықшылығы мен кемшілігі:

  • тығыз отырғызу кезінде бөрікбастар ерте тоғысады, ағаштар табиғи сиретіліп өсім баяулап, теңеседі;

  • тығыздықтың артуынан алқа ағаштың орташа диаметрі төмендейді, ал орташа биіктік алдымен жоғарылап, артынан төмендейді;

  • тығыздықтың артуынан сүрек қоры алдымен жоғарылап, артынан төмендейді. Сирек алқа ағашта сүрек қоры барлық уақытта артып отырады, 30-40 жастан кейін тығыз алқа ағаштың қоры айтарлықтай артады;

  • аралық пайдалану тығыз алқа ағашта, сирекпен салыстырғанда анағұрлым артығырақ болады;

  • басты мақсатта кесу және аралық пайдалану кезінде сүрек қоры мен жалпы өндірістігі тығыз алқа ағашта сирекпен салыстырғанда артық болады, орташа 25-30 %;

  • сүрекдіңді сақтаудан тығыз екпелер артығырақ болғанмен, жел мен қардан зақымдалуы мен ауыруға шалдығуы жоғары деңгейде болады;

  • екпелерді құру және бөрікбастарының тоғысуынан кейінгі күтім (күту үшін кесу) шығындарының көлемі тығыз екпелерде әрқашан жоғары болады, ал толықтыру мен бөрікбастары қосылғанға дейінгі күтім шығындары сирек екпелерде жоғары болады.


3 Екпе ормандардың қолайлы тығыздығы келесі факторларға байланысты:

  • ағаш түрлерінің биологиялық және орманшылық қасиетіне (мейілінше жарық сүйетін түрлерді сирек сүрекдіңде өсіру керек, көлеңкеге төзімділерде керісінше болады;

  • екпелердің құрамы: таза екпелер – тығыз, аралас екпелерді сирек орналастыру керек, ағаш және бұта түрлерінің өзара ықпалын есепке алу керек;

ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі




  • өсу орынының жағдайы: құрғақ және құнарсыз жерлерде тығыз, ылғалды және құнарлы жерлерде сирек орналастыру керек;

  • экономикалық жағдайы, өсірудің мақсаты мен режимі: күту үшін кесу кезінде сүрекдің тұтыну мен оны өткізуде – тығыз екпелер, ал керісінше жағдайда – сирек екпелер;

  • екпе орман алаңдарының жағдайы мен шығу тегі, сонымен бірге екпе ормандардың өндіріс әдістеріне байланысты. Тұқымнан себілген екпелер мейілінше тығыз болады, жаппай отырғызу жарым-жартылайдан тығыз болады.

Екпелердің тығыздығына қойылатын жалпы талаптар:

  • екпелердің тығыздығы бөрікбастардың жылдам тоғысуын қамтамасыз етуі керек, мақсаты – шөптесін өсімдіктердің өсуін баяулатып, орман жағдайын қалыптастыру;

  • екпелердің алғашқы тығыздығын қурауын есепке ала отырып таңдау керек, мысалы 5 жаста 20-30 дан 40% дейін;

  • екпелердің тығыздығы ағаштың қалыпты өсуін қамтамасыз ету керек, ағаштың нәр алу аумағы, жарықтануы, бұтақтан тазалау қолайлы болуы керек.


4 Екпе ормандардың тығыздығына ұсыныстар:

  • орман аймағын кесу кезінде екпе ормандардың тығыздығы отырғызу кезінде 4мың.дана/га кем емес, ал құрғақ жерлерде 7-8 мың.дана/га артық болмауы керек;

  • екпе ормандардың жалпы тығыздығын төмендету ірі тікпелерді пайдалану кезінде 2,5-3 мың.дана/га болуы керек;

  • құрғақ және ылғалды борларда, биологиялық тұрғыда төзімді бөрікбастары ерте тоғысатын қарағай екпелері жоғары тығыздықта: топырақты жартылай өңдегенде 8, ал жаппай өңдегенде 10-20 мың.дана/га, ал орташа 5-13 мың.дана/га болу керек;

  • зауза қоңыз басқан учаскеде және тамыр сабақты арамшөп басқан учаскелерде тығыз екпелер отырғызылады, шамамен 15-20 мың.дана/га;

  • таулы жағдайда екпелердің тығыздығы жоғары болу керек, бөрікбастардың тоғысу мерзімін қысқартып, алқа ағаштың топырақ қорғау ролін арттырады;

  • нақты тапсырмалар мен жағдайға байланысты әдетте қатар арасының ені 1,5 - 3 м, ал қатар ішіндегі сеппелер арасының қашықтығы: 0,5 м; 0,75 м; 1,0 м болу керек.

Ағаш түріне байланысты тығыздық:

  • қарағай екпелерінің тығыздығы 2,2-3,3 мың.данадан 4-8 мың.дана/га, ал оңтүстікте 10-15 мың.дана/га болу керек; (7-10);

ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі




  • шырша екпелерінде – 2,5-3 мың.данадан 5-8 мың.дана/га (ең төменгі тығыздық сапалы көшет материалын қолданғанда және қолайлы орта жағдайында болады; (5-7);

  • балқарағай екпелері мейілінше өнімділік салыстырмалы сирек екпелерде болады, алғашқы қатысуы 500 - 2000 дана/га. Аралас екпелердің жалпы тығыздығы балқарағайдың қатысуымен 4-8 мың.дана/га болса, ал таза екпелерде – 2-4 мың.дана/га шамасында болу керек; (2-4);

  • майқарағай екпелері екпенің арнайы мақсатына байланысты өсіру ұсынылады, сирек екпелерде 500-800 дана/га, орташа тығыздықта 2-3 мың. дана/га немесе жай тығыздықта 6-8 мың.дана/га;

  • емен екпелері көбіне аралас құрамда өсіріледі. Еменнің қатысуы жоғары емес: еменді орманда 1-2 мың.шт/га, ал судеменде 2-3 мың.дана/га. Екпелердің жалпы тығыздығы 7-9 мың.дана/га шамасында;

  • терек екпелерін сирек тығыздықта өсіру ұсынылады – 400 ден 1100-1500 дана/га аралығында ірі көшет материалын пайдалану арқылы.


Негізгі және қосымша әдебиеттер

1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984.

3. Байзаков и др. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2т., 2007.



9-10 Дәрістер.
Тақырыбы: Екпе ормандарға топырақ өңдеу
Дәрістің мақсаты мен міндеті: аймақтарға байланысты топырақ өңдеудің негіздерін игеру, топырақ өңдеудің жүйелері мен тәсілдері

Дәрістің жоспары:

1. Топырақ өңдеудің теориялық негізі мен аймақтық ерекшеліктері

2. Топырақты жаппай өңдеу

3. Ауыл шаруашылығы пайдалануынан шыққан алқапты жаппай өңдеу

4. Топырақты терең өңдеу (плантажды)

5. Топырақты жарым-жартылай өңдеу


1 Топырақ өңдеудің теориялық негізі мен аймақтық ерекшеліктері.

Топырақты дұрыс өңдеу оның физикалық-механикалық қасиетін жақсартып, су, ауа, оттегі мен көмірқышқыл газымен қамтамасыз етуді жоғарылатады. Сонымен қатар топырақ өңдеу арамшөптерді жоюға бағытталған. Арамшөптер екпе ормандардың ылғал мен топырақтың қоректік заттары үшін күресте басты бәсекелесі болып табылады.



Екпе ормандарды құру кезінде жас өсімдіктер (сеппелер, тікпелер) қолданылады. Олардың тамыр жүйесі қалыптасқан, басты мәселе топырақ өңдеу тереңдігіне байланысты. Әрбір орман өсетін аймақта топырақ өңдеу кезінде мынаны ескеру керек:

  • өсу орыны жағдайларының типі,

  • екпе ормандар алаңшасының жағдайы мен шығу тегі,

  • екпе орманға қолданылатын ағаш түрінің биоэкологиялық қасиеті.

Сонымен ылғалы шамадан артық аймақта топырақ өңдеу жұмысы жағдай құруға бағытталуы керек, жақсы дренаж (кәріз) жасауға, топырақтың аэрациясын жоғарылатып, оны жылумен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта екпе ормандарға топырақ дайындау барысында микрожоғарылату алаңша түрінде құрылады, жүйек немесе төмпешіктің биіктігі 30-45см етіп ылғал ағып кететіндей жасалады.

Қалыпты ылғалдылықты аймақта (орманды дала) топырақ өңдеу жұмысы топырақ бетін тегістеуге бағытталады, сонымен бірге мүмкін қарықтап жыртуды микротөмендетуге құрылады.

Ылғалы жеткіліксіз аймақта (дала, жартылай шөлейт және шөлді аймақ) екпе ормандарға топырақ өңдеу жұмысы ылғалды жинақтау мен сақтауға бағытталады. Бұл ауылшаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын түрлі топырақ өңдеу жүйелерін қолдану арқылы іске асырылады.

Топырақ өңдеу түрін таңдау тәсілі келесі факторларға байланысты:

  • климаттық жағдайға;

  • екпе орман алаңшасының бедері жағдайына (тың және тыңайған жер, кеспе ағаш, өртең, ашық жер және т.б.);

  • арамшөптердің түрлік құрамына;

  • екпелерді отырғызу мезгіліне және т.б.

Сондықтан екпе орман алаңшасының әрбір учаскесіне, олардың спецификалық ерекшелігіне байланысты, мейілінше эффективті топырақ өңдеу жүйесін қолдану керек.

Топырақ өңдеудің екпе орман алаңшасының категориясына байланыстылығы:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет