Постановление Правления 2015 жылғы 30 қыркүйек Алматы қаласы №177 город Алматы



жүктеу 105.83 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі105.83 Kb.
түріПостановление
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 30 қыркүйек


Алматы қаласы



№ 177
город Алматы




«Еркін өзгермелі айырбастау бағамы

режіміне өтуге байланысты

жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде)

ашылған депозиттері бойынша

өтемақы төлеу тәртібін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі

157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Жеке тұлғалардың депозиттерін өтеу тетігін іске асырған кезде салымшылар үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. «Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 157 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібінде:

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) тізілімдер – 2016 жылғы 30 қыркүйектегі, 2016 жылғы 31 қазандағы және 2016 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша депозитті қайта ресімдеген күннен бастап бір жыл ішінде сұратып алынбаған арнайы шоттардағы жеке тұлғалар салымдарының тізілімдері.»;

4-тармақта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өтемақы сомасын есептеу үшін 2015 жылғы 18 тамыздағы және


2016 жылғы 30 қыркүйектегі, 2016 жылғы 31 қазандағы, 2016 жылғы
30 қарашадағы Астана уақытымен сағ. 11-00 жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың таңертеңгі (негізгі) сессиясында қалыптасқан ұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ долларына қатысты орташа мөлшерленген биржалық бағамы пайдаланылады.»;

екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«-Т2 - 2016 жылғы 30 қыркүйектегі, 2016 жылғы 31 қазандағы,
2016 жылғы 30 қарашадағы ұлттық валютаның (теңгенің) қатысты АҚШ долларына бағамы.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Өтемақы алу үшін жеке тұлға 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімді қоса алғанда депозитті қайта ресімдеуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырады.»;

7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Өтемақы алу үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) шартта көзделген негіздемелер бойынша жеке тұлғаның ақшасын алу туралы банктің және (немесе) үшінші тұлғалардың өкімдерін орындау шеңберінде ақшаны алу (есептен шығару), сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде нысаналы төлемдерді жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, депозит қайта ресімделген күннен бастап бір жыл ішінде арнайы шоттағы сома қалдығын талап етпейді.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) шартта көзделген негіздемелер бойынша жеке тұлғаның ақшасын алу туралы банктің және (немесе) үшінші тұлғалардың өкімдерін орындау шеңберінде ақшаны есептен шығарған жағдайда, депозит қайта ресімделген күннен бастап бір жыл ішінде өтемақы қайта ресімделген депозитте көрсетілген, бірақ 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күн соңындағы жағдай бойынша депозит сомасының қалдығынан аспайтын сома қалдығына төленеді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Депозит қайта ресімделген күннен бастап бір жыл ішінде жеке тұлға немесе оның мұрагерлері қайта ресімдеген депозит бойынша қалдық сомасын мұрагерлердің сұратпау талабымен депозитті қайта ресімдеген не қайта ресімдемеген жеке тұлға қайтыс болған жағдайда өтемақы мұрагерлерге төленеді.

Мұрагерлер осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес депозитті қайта ресімдеуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырады.»;

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Банк өтемақы сомасын арнайы шотқа есепке алуға тиіс. Жеке тұлға арнайы шоттағы ақшаны осы Тәртіптің 14-тармағында көзделген өтемақыны төлеу күніне дейін, бірақ депозитті қайта ресімдеу күнінен бастап бір жыл өткен күннен ерте емес алған жағдайда, өтемақы төлеу салымшының банктегі кез келген банк шотына оны есепке алу арқылы жүргізіледі.

12. Банктер 2016 жылғы 5 қазанға, 2016 жылғы 5 қарашаға және 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейінгі мерзімді қоса алғанда ҚААТЖ электрондық арнасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті еншілес заңды тұлғасына осы Тәртіпке 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тізілімдер береді.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Жеке тұлғаларға тізілімдерге сәйкес өтемақы төлеу


2016 жылғы 10 қазанға, 2016 жылғы 10 қарашаға және 2016 жылғы 10 желтоқсанға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады.»;

1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Терентьев А.Л.):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына, «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына және банктерге жіберсін;

2) осы қаулы қабылданған күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

4. Осы қаулының1 орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін. 





Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов

Дұрыс:


Бас маман-ҚРҰБ Басқармасының хатшысы

А. Дупленко



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 177 қаулысына

1-қосымша
Еркін өзгермелі айырбастау бағамының режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібіне

1-қосымша

 Өтемақы төленетін депозит бойынша соманың қалдығын анықтау мысалдары
1 мысал:

18.08.2015ж. жағдай бойынша салымшының банк шотындағы қалдық 1 000 000 теңге болды.

19.08.2015 ж. салымшы өзінің шотына тағы 600 000 теңге салды, сөйтіп күннің соңында өзінің банк шотындағы қалдықты 1 600 000 теңгеге дейін ұлғайтты. Бұдан кейін шот бойынша өзгерістер орын алмады, қайта ресімделген депозитті жасау күні оның банк шотындағы қалдық 1 600 000 теңге болды.

Бұл жағдайда өтемақы қайта ресімделген депозиттің сомасы 18.08.2015ж. операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде, яғни 1 000 000 теңге, депозитті 1 000 000 теңге сомасына қайта ресімдеген жағдайда төленуге тиіс. Егер салымшы қайта ресімделген депозитті 1 000 000 теңгеден кем сомаға, мысалы 800 000 теңгеге жасаса, өтемақы 800 000 теңге сомаға төленуге тиіс.


2 мысал:

18.08.2015ж. жағдай бойынша салымшының банк шотындағы қалдық 1 000 000 теңге болды.

19.08.2015ж. салымшы өзінің шотынан 400 000 теңге алды, нәтижесінде 19.08.2015ж. күнінің соңында қалдық 600 000 теңге болды.

20.08.2015ж. салымшы өзінің шотына 200 000 теңге салды, сөйтіп күннің соңында өзінің банк шотындағы қалдықты 800 000 теңгеге дейін ұлғайтты. Бұдан кейін шот бойынша өзгерістер орын алмады, қайта ресімделген депозитті жасау күні оның банк шотындағы қалдық 800 000 теңге болды.

Бұл жағдайда өтемақы қайта ресімделген депозиттің сомасы 18.08.2015ж. операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде, яғни 1 000 000 теңге, депозитті 1 000 000 теңге сомасына қайта ресімдеген жағдайда төленуге тиіс. Егер салымшы қайта ресімделген депозитті 1 000 000 теңгеден кем сомаға, мысалы 800 000 теңгеге жасаса, өтемақы 800 000 теңге сомаға төленуге тиіс.
3 мысал:

18.08.2015ж. жағдай бойынша салымшының банк шотындағы қалдық 1 000 000 теңге болды.

19.08.2015ж. салымшы депозит шартын бұзды.

Бұл жағдайда өтемақы қайта ресімделген депозиттің сомасы 18.08.2015ж. операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде, яғни 1 000 000 теңге, депозитті 1 000 000 теңге сомасына қайта ресімдеген жағдайда төленуге тиіс. Егер салымшы қайта ресімделген депозитті 1 000 000 теңгеден кем сомаға, мысалы 800 000 теңгеге жасаса, өтемақы 800 000 теңге сомаға төленуге тиіс.


4 мысал:

18.08.2015ж. жағдай бойынша салымшының банк шотындағы қалдық 300 000 теңге болды.

26.08.2015ж. салымшы өзінің шотына 500 000 теңге салды.

Осылайша, салымшы депозитті қайта ресімдеу үшін банкке өтініш берді, оның шотындағы қалдық 800 000 теңге болды.

Бұл жағдайда өтемақы қайта ресімделген депозиттің сомасы 18.08.2015ж. операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде, яғни 300 000 теңге, депозитті 300 000 теңге сомасына қайта ресімдеген жағдайда төленуге тиіс. Егер салымшы қайта ресімделген депозитті 300 000 теңгеден кем сомаға, мысалы 200 000 теңгеге жасаса, өтемақы 200 000 теңге сомаға төленуге тиіс.
5 мысал:

18.08.2015ж. жағдай бойынша салымшының банк шотындағы қалдық 1 000 000 теңге болды.

Бұл жағдайда өтемақы қайта ресімделген депозиттің сомасы 18.08.2015ж. операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде, яғни 1 000 000 теңгеге төленуге тиіс.

Салымшы депозитті тек 600 000 теңге сомасына қайта ресімдеймін деп шешті, ал 400 000 теңге сомасын депозитте сақтаймын деп шешті. Ол үшін салымшы ішінара 600 000 теңге сомада қолма-қол ақша алды, депозитті қайта ресімдеді де, оған 600 000 теңге қолма-қол ақша салды.

Бұл жағдайда қайта ресімделген депозиттің сомасына, яғни 600 000 теңгеге өтемақы төленуге тиіс.
6 мысал:

18.08.2015ж. жағдай бойынша салымшының банк шотындағы қалдық 1 000 000 теңге болды.

26.09.2015ж. салымшы өзінің шотына 500 000 теңге салды.

Депозитті қайта ресімдеу кезінде депозит бойынша қалдық сомасы 1 500 000 теңге болды.

Бұл жағдайда өтемақы қайта ресімделген депозиттің сомасы 18.08.2015ж. операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде, яғни 1 000 000 теңгеге төленуге тиіс.
7 мысал:

18.08.2015ж. жағдай бойынша салымшының банк шотындағы қалдық 1 000 000 теңге болды.

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде салымшы депозитті 1 000 000 теңге сомасына қайта ресімдеді.

Салымшы қайта ресімдеген күннен бастап бір жыл ішінде осы депозит бойынша ақша алмады.

Бұл ретте 02.02.2016ж. салымшының шотына 100 000 теңге сомасына үшінші тұлғалардың талабы шығарылды, ол орындалды.

Бұл жағдайда өтемақы қайта ресімделген депозиттің сомасы 18.08.2015ж. операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде, яғни 1 000 000 теңгеге төленуге тиіс.

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 177 қаулысына

2-қосымша


Еркін өзгермелі айырбастау бағамының режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібіне

2-қосымша



Депозитті қайта ресімдеген күннен бастап бір жыл ішінде сұратып

алынбаған арнайы шоттардағы жеке тұлғалар салымдарының тізілімі



р/с



Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН / СТН (ЖСН болмаған жағдайда)

Бастапқы депозиттік шарттың



Депозиттік шарттың (қосымша келісімнің)



2206, 2207,

ГОНС шоттарында қайта ресімделген депозит шеңберінде ашылған банк шотының



Өтемақы төленуге тиіс банк шотында

ғы қалдық




Өтемақы сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 







 

 




 

қ. филиалы

 







 

 




 

 

 







 

 




 

қ. филиалы бойынша жиынтығы

 







 

 




 

 

 







 

 







Банк бойынша жиынтығы:

 







 

 






1 «Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 157 қаулысына өзгерістер енгізу туралы





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет