Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 203.39 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі203.39 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Әдістемелік нұсқаулық Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі пәнінен


5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Әдістемелік нұсқаулықты Нысан

бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ФЖжӨФ деканы

_____________ Ж.Т.Сарбалаев

200_ ж «___»_________

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Ысқақ Б.Ә.
Қазақ тілі кафедрасы
5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша
Қазақ тілі пәнінен

практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Кафедра отырысында ұсынылған

200__ж. «_____»______________, №__хаттама
Кафедра меңгерушісі____________________ А.Ф. Зейнулина
ОӘК құпталған ФЖжӨ факультеті
200__ж. «____»______________, №____хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Е.Н. Жуманкулова




Практикалық сабақтардың мақсаты:

  • күнделікті өмірде қарым-қатынасқа, қатысымдық міндеттерді шешуге керекті сөйлеу үлгілерін үйрету;

  • негізгі әдеп ережелерін қолдана білуге дағдыландыру;

  • өз ойын білдіруге қажеттілікке (интенция) қатысты қарапайым синтаксистік конструкцияларды меңгерту;

  • салт-дәстүр туралы білімдерін тереңдету;

  • берілген мәлімет бойынша өз түсінік-пікірлерін айта білуге үйрету;

  • болашақ мамандықтары туралы түсініктерін кеңейту, сұрай, анықтай, хабарлай білуге жаттықтыру;

  • жұмысы жөнінде, өзі туралы мәлімет беруге, жарнама, хабарландыруларды оқи білуге, олардың қажеттісін іріктеп ала білуге үйрету;

  • кәсіби терминдермен жұмыс істеуге, сөздікпен, газет-журналмен жұмыс істей білуге, түсінігін айта білуге жаттықтыру;

  • ресми-іскерлік, әдеп ережелерін қолдана білуге үйрету;

  • ресми хабарлар мен жұмыс түрлері туралы (теледидар, радио тыңдау, газет-журнал оқу, әдебиеттер оқу) түсініктерін жаза білуге, айта білуге дағдыландыру;

  • ресми кездесуге, жиналыс, мәжілістерге қатысып, оларды өз бетімен жүргізе білуге үйрету.

Курстың соңында студенттердің білімдері мына талаптарға сай болулары керек:

  1. Қазақ тіліне тән 9 дыбысты оқи білу;

  2. Қосымшаларды жазба, сөйлеу тілінде қолдана білу;

  3. Сөз таптарын ажырату;

  4. Берілген лексикалық тақырыптар көлемінде сөйлей және сөйлесе білу;

  5. 2000 (екі мың) сөз білу;

  6. Мамандыққа байланысты 400 (төрт жүз) термин сөз білу;

  7. Өз бетінше орыс тілінен қазақ тіліне 4000 (төрт мың) сөзден тұратын мәтінді аудару.

Перереквизиттер:

Қазақ тілінің практикалық курсын бастауыш топта оқу үшін студенттің қазақ тілі пәнінен жалпы орта білім беру мектебінде алған бағасы кем дегенде «қанағаттанарлық» деген баға болуы керек.



Практикалық сабақтардың жоспары
1.1-тақырып: Амандасу.

Сөздік минимум: Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Халіңіз қалай?

  • Шүкір, жақсы.

  • Кездескенше сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!

1.2.-тақырып: Танысу.

Сөздік минимум: Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол.

Сөйлесім үлгілері:


  • Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?

  • Менің атым – Гүлнәр.

  • Сіздің атыңыз кім?

  • Менің атым – Ержан.

  • Өте жақсы.

  • Танысқаныма қуаныштымын.

1.3-тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.

Сөздік минимум: Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, кіруге бола ма?

  • Кіріңіз.

  • Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін.

  • Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз?

  • Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды?

  • Сағат 18-ден 5 минут кетті.

  • Сізбен әңгімелесуге бола ма?

  • Жоқ, уақытым жоқ.

  • Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.

2.1-тақырып: Өзім туралы.

Сөздік минимум: Ұлтым, туған жерім, туған жылым, жасым, дүниеге келдім, тудым, мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, сіз неше жастасыз?

  • Мен 18 жастамын.

  • Қай жерде тудыңыз?

  • Павлодар қаласында.

2.2-тақырып: Досым туралы.

Сөздік минимум: Менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіздің досыңыз кім?

  • Менің ең жақын досым – Болат.

  • Ол қандай адам?

  • Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.



2.3-тақырып:Отбасы.

Сөздік минимум: Отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын.

Сөйлесім үлгілері:


  • Бұл кім?

  • Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын.

  • Ал анау ше?

  • Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан.

2.4-тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).

Сөздік минимум: Біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай көшеде тұрасыз?

  • Мен С. Торайғыров атындағы көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?

  • Менің мекенжайым: Ломов көшесі, 125-үй, 27-пәтер.

3.1-тақырып: Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.

Сөздік минимум: Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?

  • Маған көктем ұнайды.

3.2-тақырып: Сағат неше?

Сөздік минимум: Уақыт, сағат, минут, жарым, тура, дәл, кетті, қалды.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, сағат неше болды?

  • Айтайын, сағат 10-нан 20 минут кетті.

3.3-тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.

Сөздік минимум: Бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, таңертең, әдетте, ерте, кеш, ояну, тұру, музыка тыңдау, биге бару, спортпен айналысу, шахмат ойнау, тауға шығу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз жұмысқа (сабаққа) нешеде барасыз?

  • Мен жұмысқа 8.00-де барамын.

  • Сіз демалыс күні не істейсіз?

  • Мен демалыс күні, әдетте, тауға шығамын.

3.4-тақырып: Мереке күндері.

Сөздік минимум: Мереке, мейрам, демалыс, серуендеу, қыдыру, концерт тамашалау, теледидар көру,қызықтау, құттықтау, шақыру, сыйлау, сыйлық.

Сөйлесім үлгілері:


  • Бүгін жұмыс күні ме?

  • Жоқ, бүгін мейрам емес пе?

  • Онда үйде отырмайық, концертке барайық.

  • Барсақ, барайық.

  • Жақсы, келістік.

3.5-тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.

Сөздік минимум: Туған күн, мерейтой, кездесу кеші, салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу.

Сөйлесім үлгілері:


  1. - Мерекеңіз құтты болсын!

  • Рахмет, сізді де құттықтаймын!




  1. - Мейрамыңызбен!

- Құтты болсын!

  1. - Бүгін маған қонаққа келіңіздер.

- Жақсы, сағат нешеде?

  1. - Жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын.

- Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сәттілік тілеймін!

  • Рахмет. Айтқаныңыз келсін.

4.1-тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан (Сіздің сүйікті асыңыз. Сұхбат).

Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды?

  • Маған қазақша ет ұнайды.

  • Оны қалай әзірлейді?

  • Иә, өте оңай. Айтып берейін.

4.2-тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

Сөздік минимум: Ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар!

  • Дастарқан мәзірін көруге бола ма?

  • Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.

  • Рахмет. Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз).

  • Жақсы.

  • Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.

5.1-тақырып: Дене мүшелері (мәтін құру).

Сөздік минимум: Бас, көз құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ.

Сөйлесім үлгілері:


  • Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

  • Алдын ала сақтану керек.

  • Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба?

  • Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

5.2-тақырып: Емханада. Ауруханада (сұхбат құру).

Сөздік минимум: Емхана, кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір болу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Қай жеріңіз ауырады?

  • Басым ауырады,

  • Тамаққа тәбетіңіз қалай?

  • Нашар (тәбетім жоқ).

  • Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?

  • Білмей тұрмын, Өлшеп көрсеңіз қайтеді?

  • Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз.

6.1-тақырып: Менің туған ауылым (орналасқан жері, табиғаты).

Сөздік минимум: Туған жер, өлке, аудан, аймақ, облыс орталығы, жергілікті тұрғындар, үлкен көше, бұлақ, көл, сулы жер, тоғай, табиғат, әсем, әдемі, келбет, үй, тас үй, шым үй, көп қабатты үйлер, бау-бақша, аула.

Сөйлесім үлгілері:


  • Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

  • «Туған жер – алтын бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» т.б.

  • Туған жеріңіз қандай қасиетімен ерекше?

  • географиялық орнымен;

  • табиғатымен;

  • өндіріс орнымен;

  • ауыл шаруашылығымен т.б.

6.2-тақырып: Менің туған қалам (Павлодар, орналасқан жері, келбеті, көрінісі, тұрғындары, табиғаты).

Сөздік минимум: Көне қала, жаңа қала, шаһар, өте әдемі, керемет, тамаша, ауа-райы қолайлы, қолайсыз, демалыс орныдары, спорт кешендері, зәулім үйлер, ғимараттар, театр, мұражай, саяжай, саябақтар.

Сөйлесім үлгілері:


  • Туған қалаңыздың тарихын білесіз бе?

  • Иә, білемін.

  • Жоқ, білмеймін.

  • Иә, ол өте көне қала. Оның негізі 19 ғасырда қаланған.

  • Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.

  • Қандай мұражайлар бар?

  • Мемлекеттік мұражай.

  • М.О.Әуезов мұражайы т.б.

6.3-тақырып: Көшеде. Көлікте.

Сөздік минимум: Көше, аялдама, жаяу, көлікпен, осы жерден, көшелердің қиылысы, бұрыш, алыс емес, Кутузов даңғылы, Сатпев пен Торайғыров көшелерінің қиылысы, Фрунзе көшесіне дейін, түзу, шығу, кіру, отыру, сыйлау, жол беру, өткізіп жіберу, күте тұру, бәрекелді, қап, әттеген-ай т.б.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, Өлкетану мұражайына қалай баруыма болады?

  • Меніңше, жаяу барған дұрыс, Кривенко көшесімен тура шығыңыз да, Фрунзе көшесіне дейін жүріңіз. Сол жерде.

  • №10 автобуспен баруға болады. ЦУМ аялдамасынан түсесіз.

  • «Манақбай» сауда үйі осы жерден алыс па?

  • Жоқ, алыс емес. ЦУМ-ға қарама-қарсы орналасқан.

  • Рахмет!

6.4-тақырып: Әмбебап дүкенінде. Базарда.

Сөздік минимум: Әмбебап дүкені, әр түрлі, бөлімдер, сатушылар, касса, қызмет ету, сатып алу, баға, сапалы, сапасыз, нашар, тура, дәл, үлкен, тар, шақ, әдемі, орап беру, алғыс айту.

Сөйлесім үлгілері:


  • Айтыңызшы, сізде 37-ші размерлі қара аяқ киім бар ма?

  • Өкінішке орай, жоқ. Қоңыр түсті бар. Оған қалай қарайсыз?

  • Қай дүкеннен іздеуіме болады?

  • Келесі көшедегі «Артур» сауда үйінен қарап көріңіз.

  • Жақсы. Рахмет!

6.5-тақырып: Мұражайда.

Сөздік минимум: Мұражай, мұрағат, естелік, ескерткіш, пайдаланылған заттар, өмірбаян, сирек кездесетін, көшірме, түпнұсқа, бұйымдар, құралдар, портреттер.

Сөйлесім үлгілері:


  • Павлодар қаласында қандай мұражайлар бар?

  • Өлкетану мұражайы бар.

  • Көркесурет мұражайы бар.

  • Бұқар жырау атындағы тарихи мұражайы т.б.

6.7-тақырып: Кітапханада.

Сөздік минимум: Кітапхана, оқу залы, тіркелу, құжаттар, оқырман билеті, кітап, оқулық, әдебиеттер, библиография, оқырман, тұрақты оқырман, үйге кітап алу, мерзімді баспасөз, каталогтар жүйесі.

Сөйлесім үлгілері:


  • Маған әліпбилік каталогты көрсетіп жіберіңізші.

  • Бірінші қабаттан табасыз.

  • Кешіріңіз, оқу залы нешінші қабатта?

  • Екінші қабаттағы 3-ші зал.

  • Маған түсіндірме сөздіктің 5-томын беріңізші.

  • Міне, мынау ғой.

  • Иә, рахмет!

6.8-тақырып: Саябақта.

Сөздік минимум: Саябақ, тыныштық, таза ауа, демалыс сәті, серуендеу, кітап оқу, балмұздақ, жеу, әңгімелеу, ойын түрлері, шахмат, дойбы ойнау.

Сөйлесім үлгілері:


  • Ертең саябаққа барасыз ба?

  • Әрине, барған дұрыс.

6.9-тақырып: Театрда.

Сөздік минимум: Драматургия, сахна, актер, режиссер, балет, опера, үлкен зал, кіші зал, билет кассасы, жоғары төлем, алдыңғы қатар, орындар, алыс, жақын, үзіліс, гүл шоғын ұсыну, репертуар, қолайлы уақыт, қойылым.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қаладағы қандай театрларды білесіз?

  • Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры.

  • А. Чехов атындағы орыс драма театры.

7.1- тақырып: Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан.

Сөздік минимум: Қазақ халқы, қазақ ұлты, Қазқастан Республикасы, тәуелсіз, егемен, біздің ел, жер көлемі, тауарлар, өзен-көлдер, теңіздер, шөл дала, жазық дала, азаматтық, туған жер.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай елдің азаматысыз?

  • Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.

  • Ал сіз ше?

  • Мен Ресей Федерациясының азаматымын. Қазақ елі туралы көбірек білгім келеді.

7.2-тақырып: Ел рәміздері.

Сөздік минимум: Рәміз, нышан, белгі, елтаңба, әнұран, ту, шекара, Қарулы күштер, ұлттық тіл, ұлттық байлық, ұлттық мәдениет, ұлттық өнер, шаңырақ, сәулелі күн, қанатты тұлпар (пырақ), қыран құс, ұлттық ою-өрнек.

Сөйлесім үлгілері:


  • Мынау не?

  • Бұл – елтаңба.

  • Елтаңбаның авторлары кім?

  • Әнұранды жатқа білесіздер ме?

  • Иә, білеміз.

  • Авторлары кімдер, не туралы айтылады?

7.3-тақырып: Елордасы – Астана қаласы.

Сөздік минимум: Бас қала, елорда, Астана қаласы, орталық, Еуразия кіндігі, көркем, сәнді көшелер, саябақтар, ғимараттар, сәулет өнерінің дамуы, мемлекеттік мекемелер, бұрынғы Ақмола.

Сөйлесім үлгілері:


  • Бас қала, елорда сөздерінің қолданылуына не себеп болды?

  • Өйткені «астана» сөзі қала атауы «Астана» болды.

  • Орталықтың Алматыдан Астанаға көшуіне не себеп болды?

  • Астана қаласы Еуразия ортасы – орталықта орналасқан.

7.4-тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.

Сөздік минимум: Қазақ халқы, ұлт, тайпа, көнеден бері, ғасырлар бойы, мекендеген, тараған, жүздер: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, түркі тілдері, батыс гун, қазақ тілі, діні.

Сөйлесім үлгілері:


  • Қазақ халқының тарихы туралы не білесіздер?

  • Қазақ халқының құрамына кірген рулар мен тайпалар біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырлардан белгілі.

  • Қазіргі Қазақстан халқының саны қанша?

  • 14,5 миллион шамасында.

7.5-тақырып: Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.

Сөздік минимум: Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, өнер, қолөнер, спорт, мүсін, сахна, сәулет, кино, опера, балет, әдебиет, телерадио, баспасөз, баспахана, кітапхана, сәулет мәдениеті, демалыс, саябақ, мұражай, қонақ үй, тарихи кешендер, ұлттық ойын.

Сөйлесім үлгілері:


  • Қазақстанның ұлттық өнерінің қандай салаларын (түрлерін) білесіз?

  • Қазақ халқында өнердің барлық түрі жақсы дамыған.

7.6-тақырып: Қазақстанның өнеркәсібі.

Сөздік минимум: Ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, өндіріс орындары, өндіру, өнім шығару, өңдеу, тасымалдау, машина жасау, мұнай, алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, көмір, тұз, ізбес, тамақ өнеркәсібі, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, астық, егін, мал шаруашылығы, дәнді дақыл.

Сөйлесім үлгілері:


  • Халық шаруашылығының қандай салаларын білесіз?

  • Ауыр индустрия, жеңіл өнеркәсіп, кен (орындары) өндіру, ауыл шаруашылығының түрлеріне мал, егін, көкөніс, мақта шаруашылықтары т.б. жатады.

7.7-тақырып: Ұлы адамдар өмірінен.

Сөздік минимум: Ұлы, ұлылық, саналы, табиғи дарын, еліне қызмет ету, білім шыңы, толығу, кемеліне келу, із қалдыру, болашақты болжау.

Сөйлесім үлгілері:


  • «Ұлы» деген сөзді қалай түсінесіз?

  • Ұлы адамдардан кімдерді білесіз?

8.1-тақырып: Біздің университет.

Сөздік минимум: Университет, негізі қаланған жыл, ашылған кез, бірінші ректор, бірінші факультет деканы, оқу ісі бөлімінің проректоры, ғылыми бөлім, оқу бөлімі, жатақхана, оқу ғимараттары, бас ғимарат, жаңа бөлім, түрлі мамандық.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай университетте оқисыз?

  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқимын.

  • Қандай мамандықтар бар?

  • Әр түрлі мамандықтар бар.

8.2-тақырып: Менің мамандығым.

Сөздік минимум: Институт атаулары, кафедралар атауы, кафедра меңгерушісі, профессор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, практикалық сабақтар.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай институттансыз?

  • Мен тарих және құқықтану институтынанмын.

  • Институтыңызда қандай мамандыққа дайындайды?

  • Әр түрлі. Тарихшы, құқықтанушы, т.б.


5В090500 «Әлеуметтік жұмыыс» мамандығы бойынша

9.1-тақырып. Қоғам және адам. Әлеуметтік жұмыс туралы түсінік. Әлеуметтік жұмыс мазмұны. Қоғам туралы түсінік. Адам үшін қоғамның ролі. Қоғамдық орта деген не. Қоғамдық орта тәрбиесі. Қоғамдағы әлеуметтік қызмет ортасы,оны енгізу заңдылықтары. Қоғамға қызмет ету факторлары. Әлеуметтік жұмыс деген не. Әлеуметтік жұмысқа технологиялық қатынас. Әлеуметтік жұмысқа ғылыми әдістерді қолдану сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыс технологиясының түрлері. Әлеуметтік жұмыс: теория және тәжірибе. Әлеуметтік жұмыс институттары.Әлеуметтік жұмыс теориясы, тарихы туралы түсінік. Әлеуметтік жұмыс энциклопедиясы.

9.2-тақырып. Халыққа қызмет көрсету түрлері. Халыққа қызмет көрсетудің негізгі бағыттары. Халыққа қызмет көрсету бойынша нормативтік – құқықтық база. Халыққа қызмет көрсету түрлері мен формалары.

9.3-тақырып. Халыққа қызмет көрсету категориялары. Халыққа қызмет көрсету категориялары туралы түсінік. Әлеуметтік -мәдени және әлеуметтік – саяси факторлар және әлеуметтік жұмыстың дамуы. Қоғаммен әлеуметтік жұмыс жүргізу. Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс.



9.4-тақырып. Медициналық – әлеуметтік қызмет түрлері мен орындау талаптары. Денсаулық сақтау саласындағы саясат. Денсаулық саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің ролі мен орны. Әлеуметтік қызметті орындау талаптарының мәнін түсіндіру. Медициналық – әлеуметтік жұмыстың типтері.

9.5-тақырып. Мүгедектерге медициналық - әлеуметтік қызмет көрсету мазмұны. Патогенетикалық және профилактикалық медициналық – әлеуметтік жұмыстар туралы. Мүгедектік және оның түрлері туралы түсінік. Әр топтағы мүгедектерге медициналық – әлеуметтік қызмет. Қазіргі Қазақстандағы мүгедектер Ережесі.

9.6-тақырып. Отбасы жағдайы төмен және аз қамтамасыз етілетін отбасыларына медициналық – әлеуметтік қызмет шарттары. Отбасы жағдайы төмен және аз қамтамасыз етілетін отбасыларының проблемалары. Аталмыш категориядағы отбасылармен жұмыс істеу әдістері. Шетелдің әлеуметтік қызметкерлерінің озық тәжірибелері.

9.7-тақырып. Жетім балаларға медициналық- әлеуметтік қызмет. Жетім балалар мінездерінің сипаттамасы. Жетім балалардың қоғамдық ортаға бейімделуі. Жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың нормативтік – құқықтық базасы. Жетім балаларға алғашқы профилактика көрсету. Екінші профилактика көрсету шаралары.

9.8-тақырып. ҰОС ардагерлеріне медициналық – әлеуметтік қызмет. ҰОС ардагерлерінің зейнетақымен қамтамасыз етуілуі. Ардагерлерді әлеуметтік қорғау ерекшеліктері. Соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету ерекшеліктері.

9.9-тақырып. Ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен полигон аймағындағы тұрғындарға медициналық – әлеуметтік қызмет. Ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен полигон аймағындағы тұрғындарға медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету сипаттамасы. Аталмыш категориядағы адамдарға медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету формалары. Медициналық – әлеметтік қызметті көрсету жүйесінің проблемалары.

9.10-тақырып. Туғаннан мүгедек болып туған балаларға медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету. Шетелдегі, Ресейдегі, Қазақстандағы туғаннан мүгедек болып туған балалар проблемасы. Аталмыш категориядағы балаларға медициналық – әлеуметтік қорғау. Мүгедек болып туған балалардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс.

9.11-тақырып. Медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің қызмет көрсету мәдениеті. Медициналық –әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің қоғамдағы орны. Әр категориядағы адамдармен қарым – қатынас сипаттамасы. Қызмет ету мәдениеті және оның басты сипаттамасы мен шарттары. Қызмет ету мәдениетін жақсарту мен жетілдіру жолдары.


9.12-тақырып. Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің еңбек ету шарттары. Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің еңбек ету шарттарының негізгі бағыттары. Еңбек ету Ережелері, демалысқа шығу ерекшеліктері. Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердегі еңбек ету шарттары.

9.13-тақырып Әлеуметтік қызмет көрсетудің заңнамалық құжаттары. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты құжаттар жиынтығы. Әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы Ережесі. .

9.14-тақырып. Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің тіл мәдениеті. Қоғам және тіл. Әр түрлі категориядағы адамдарымен тілдесу мәдениеті. Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің тіл мәдениетін жетілдіру жұмыстары. Тіл білімі туралы түсінік. Қазақ тілі практикумы. Тілдесу шарттарының өзіндік ерекшеліктері.

9.15-тақырып. Әлеуметтік қызмет көрсету этикасы. Әлеуметтік қызмет көрсету мәдениеті туралы түсінік. Адам құндылығы туралы сипаттама. Әр түрлі категориядағы адамдардың сыртқы портреті мен ішкі жан дүниесі және оны тану жұмыстары. Бүгінгі әлеуметтік қызмет көрсету этикасының проблемалары.

9.16-тақырып. Павлодар облысындағы түрлі категориядағы тұрғындарға медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету жағдайы. Облыстағы әр түрлі категориядағы адамдарға медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету тарихы мен жағдайы. Әлеуметтік қызмет көрсету саясаты. Әлеуметтік қызмет көрсетуді қаржыландыру. Медициналық – әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі бағыттары мен міндеттері.

9.17-тақырып. Ауылдардағы тұрғындарға медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету жағдайы. Аудан және ауылдағы тұрғындарға медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету ерекшеліктері. Әлеуметтік қызмет көрсету жоспары мен қамтамасыз етілуі. Медициналық көмек көрсету бағыттары мен оның мазмұны.

9.18-тақырып. Медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету ісін жақсарту шаралары. Медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету ісін жоспарлау. Медициналық – әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары мен жақсарту жұмыстары. Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерін марапаттау, валантерлік жұмыстар насихаттамасы.
10.1-тақырып:Ұқыптылық пен үнемділік.

Сөздік минимум: Ұқыпты, ұқыптылық, үнемшіл, ақша жасау, ақша жинау, ақшадан да қажет, басты мүдде, жомарт, сараң, тәуекелшіл.

Сөйлесім үлгілері:


  • Ұқыптылық деген не?

  • Әрбір істі уақытында орындау.

10.2-тақырып: Іскерлік. Іскерлік кездесу.

Сөздік минимум: Іскерлік, табандылық, тиімді жолды табу, шешімін табу, жақсы нәтиже, пайдалы іс, еңбек қуанышы, орынды, залалсыз әрекет.

Сөйлесім үлгілері:


  • Іскер деп қандай адамды айтамыз?

  • Өзінің ісін жетік меңгерген, мүдделі нәтижеге қол жеткізе білетін адам.

10.3-тақырып: Ресми қабылдауда.

Сөздік минимум: Елбасы, ректор, директор, мекеме бастығы, бөлім бастығы, бөлім меңгерушісі, қабылдау күндері, қабылдау уақыты, шұғыл іс, қабылдауға тіркелу.

Сөйлесім үлгілері:


  • (Мекеме бастығы – аты-жөні) өзінде ме?

  • Иә, өзінде, бірақ қазір бос емес. Күте тұрыңыз.

  • Рахмет.

10.4-тақырып: Баспасөз маслихаты.

Сөздік минимум: Баспасөз, маслихат, шара, шақыру, арнайы тапсырма, қысқа тұжырым, пресс-релиз, мәлімдеме, мәлімхат, баспасөзде жариялау.

Сөйлесім үлгілері:


  • баспасөз маслихаты қайда өткізіледі?

  • Баспасөз клубында.

  • Рахмет. Сағат нешеде басталады?

  • Түстен кейін. Сағат 15.00-де.

10.5-тақырып: Семинар. Ғылыми конференция.

Сөздік минимум: Баяндама, өзекті мәселе, семинар тақырыбы, ұйымдастыру, қатысу, тыңдау, сөз сөйлеу, ұсыныс айту, сұрақ қою, жауап беру, секция жұмысы, хаттама жазу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Семинардың (конференцияның) тақырыбы қандай?

  • Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытудың (үйретудің) жолдары.

10.6-тақырып: Мәжіліс. Келіссөз.

Сөздік минимум: Келіссөз, шарт жасау, фирма, өндіріс мүддесі, мүдделі, бейбіт шарт, мемлекетаралық шарт, ұзақ мерзімді шарт, биржалық мәселе, контракт, делдалдық мәміле.

Сөйлесім үлгілері:


  • Келіссөздің мақсаты не?

  • Екі жақты мүдденің тиімділігін ескеру.

10.7-тақырып: Жұмысқа қабылдау.

Сөздік минимум: Жұмысқа қабылдау, негізіг шарт, білімділік, біліктілік, шартқа келісу, талапты орындау, міндетті білу, мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, шет ел тілін білу, іскерлік қабілет, ұйымдастыру қабілеті.

Сөйлесім үлгілері:


  • Жұмысқа қабылдану үшін не істеу керек?

  • Ең алдымен ұсынылатын қабылдау шартымен танысу керек.

10.7-тақырып: Жұмыс орны.

Сөздік минимум: Жұмыс орны, орталықта, қаланың ортасында, қаланың шетінде, ықшамауданда, Ломов көшесінде, Кутузов даңғылында, бес қабатты ғимарат.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіздің жұмыс орныңыз қай жерде?

  • Ломов көшесі мен Кутузов даңғылының қиылысында орналасқан.

10.8-тақырып: Ұжым. Еңбек тәртібі.

Сөздік минимум: Ұжым, ұжым мүшелері, психологиялық ахуал, қолайлы жағдай, сыйласым, ұстамдылық, еңбек тәртібі, заңға сүйену, заңды мойындау, ортақ мүдде.

Сөйлесім үлгілері:


  • Ұжымдағы қолайлы жағдай неге байланысты?

  • Заң негіздеріндегі еңбек тәртібіне және сыйласымдылыққа.


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.

2 Бектұров Ш.К., Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2006

3 Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы: Арыс, 2007.

4 В.Ю.Франк. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. Алматы: Болашақ балапандары, 1999

5 Мусинов А.,ж.б.Қазақ тілі:Студенттерге арналған окулық/А.Мусинов,М.Мухеметқалиева,Е.Құдайбергенов.-Алматы,1995.

6.А.Ф.Зейнулина, К.Х.Рахимжанов, М.К.Акошева Практический курс казахского языка для экономических специальностей. Павлодар 2003

Қосымша әдебиеттер тізімі:


7 Абдиева Ш.Д., Бағжаева Г.С., Қалимолдин М.М.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының экономика факультеттерінің студенттеріне

арналған оқу құралы /орта және тереңдетіп оқитын топтар үшін/ - Алматы: Арыс, 2001.

8 Күзекова З., Қарақұсова Г.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының экономика факультеттеріне арналған

/орташа және жалғас топтар үшін/ - Алматы: Раритет, 2001.

9 О. Күлкенова. Тіл ұстарту /жаттығулар жинағы/ - Алматы: Қазақ университеті, 1992.

10 Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

Алматы: «Жеті жарғы» 1998.

11 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш.

Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Рауан, 1994.

12 Бектұров Ш.К.

Читаем газеты на казахском языке. Қазақша газеттерді оқып үйренейік. Алматы: ВШП «Әділет» 1999.

13 Белботаев А., Тукебаева Ж.

Казахский язык для начинающих /1-3 книги/ Алматы: Қазақстан, 1994.

14 Оралбаева Н.

Қазақ тілін үйренеміз. Алматы: «Мектеп» 1989.

15 Тургамбаева Б., Линко Т.

Вы говорите по казахски? /Самоучитель казахского языка/ Алматы: Балауса, 1992.

16 Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

Алматы: «Ана тілі» 1994.

17 Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі» ЖШС, 2003.

18 Б.Қ.Капасова, Б.Х.Әбдіжүсіпова Қазақ тілі 10 сынып. Астана: Арман ПВ 2006

19 Аханов К. Тіл білімінің негіздері – Алматы: Рауан, 2002

20 Рахимжанов К.Х. Методическое руководство к выполнению контрольной работы № 1 по дисциплине «Практический курс казахского языка» для студентов инженерных, экономических и юридических специальностей заочной формы обучения. Павлодар 2004

21 Рахимжанов К.Х. Методическое руководство к выполнению контрольной работы № 1 по дисциплине «Практический курс казахского языка» для студентов инженерных, экономических и юридических специальностей заочной формы обучения. Павлодар 2004

22 Рахимжанов К.Х. Методическое руководство к выполнению контрольной работы № 2 по дисциплине «Практический курс казахского языка» для студентов инженерных, экономических и юридических специальностей заочной формы обучения. Павлодар 2004

Сөздіктер:

24 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 28-том. Экономика және қаржы. Алматы: Рауан, 2000.

25 Х. Махмудов, Ғ. Мұсабаев. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 1989.

26 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы: Қазақстан, 2001.

27 Ү. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

28 Қысқаша орысша-қазақша сөздік /жалпы редакциясын басқарған Қаз ССР ҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Ш.Ш. Сарыбаев/. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1987.

29 В. Франк. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік тақырыптық сөздік. – Алматы, 2000.

30 Орысша-қазақша фразеологиялық сөздік. – Алматы: Ғылым, 1985.

31 Емлесі қиын сөздер. – Алматы: «Балауса» 2000

32 Синонимдер сөздігі: - Алматы, 2001.

33 М. Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. – Алматы: «Мектеп», 1988.

34 А. Ибатов. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1988.

35 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз/.

Редакциясын басқарған Р.Ғ. Сыздықова., К.Ш. Хұсайын. Алматы: «Дайк – Пресс» 2002.



36 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /10 томдық/. Алматы, 1986.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет