Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс тақырыбы



жүктеу 209.08 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі209.08 Kb.
: Tehnologiya%20Farm%20Proizvodstva -> 1%20kurs -> informatika -> kaz -> Metodicheskie -> praktica
praktica -> Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар тақырыбы: Медициналық ақпараттарды Internet ке енгізу принциптері. Ооdоo5 Inf «Информатика»
praktica -> Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар тақырыбы: Медицинадағы компьютерлік жүйелер. Жүйе туралы жалпы мағұлмат ооdоo5 Inf «Информатика»
praktica -> Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар тақырыбы: ms excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Блоктармен жұмыс, кестені форматтау. Ооdоo5 Inf «Информатика»




Ф КГМУ 4/3 06/03

ПП КГМУ 4/03

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
Тақырыбы: «Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Командалар және адрестеу жүйесін ұйымдастыру» (TBL)
ООDОO5 Inf «Информатика»

Мамандығы: 5B074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Сағат саны: 135 часов (3 кредита)

Курс: 1


Семестр: 1,2
Құрастырушы: Оқытушы Омарбекова Н.К

Қарағанды, 2014

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ ____ Хаттама «____»______ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.

ТАҚЫРЫБЫ: «Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Командалар және адрестеу жүйесін ұйымдастыру»

МАҚСАТЫ: Дербес компьютердің архитектурасын оқу.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:


  • Есептеу машиналарының негізгі даму кезеңдерін білу керек;

  • ЭЕМ буындарының негізгі сипаттамаларын білу керек;

  • ЭЕМ архитектурасын білу керек;

  • Дербес компьютердің негізгі блоктарының құрылымын білу керек;

  • Компьютердің негізгі құрылғыларын дұрыс анықтауды білу керек;

  • Тышқанмен, пернетақтамен қолдануды білу керек.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Есептеу машиналарының негізгі даму кезеңдері, ЭЕМ буындары.

  • Есептеу техникасының архитектурасы.

  • Джон Фон Нейман принциптері. Командалар және адрестеу жүйесін ұйымдастыру.

  • ЭЕМ классификациясы.

  • Дербес компьютердің базалық конфигурациясы.

  • Жүйелі блок құрамына кіретін құрылғылар, олардың тағайындалуы мен сипаттамасы.

  • Енгізу құрылғылары, олардың тағайындалуы мен сипаттамасы.

  • Шығару құрылғылары, олардың тағайындалуы мен сипаттамасы.


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

TBL.


Практикалық тапсырманы орындау.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  3. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  4. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.


БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Аналогты есептеу машиналарының жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері

  2. Электрондық есептеу машиналарының жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері.

  3. Аналогты-цифрлық есептеу машиналарының жұмыс істеу принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері.

  4. Бірінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  5. Екінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  6. Үшінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  7. Төртінші буын ЭЕМ сипаттамаларын айтыңыз.

  8. ЭЕМ архитектурасы дегеніміз не?

  9. ЭЕМ аппараттық бөлігіне не кіреді?

  10. ЭЕМ программалық бөлігіне не кіреді?

  11. Программа неден тұрады?

  12. Команда дегеніміз не?

  13. Қандай құрылғылар ЭЕМ функционалды құрылымына кіреді?

  14. Компьютердің жалпы схемасын суреттеңіз. Құрылғылар арасында ақпарат және командалар тасымалдау қалай жүзеге асырылады?

  15. Процессор қандай бөліктерден тұрады? Олардың функциялары қандай?

  16. Қазіргі ЭЕМ жұмысы қандай принциптерге негізделген?

  17. Компьютерлер жіктелуі.

  18. Базалық конфигурация дегеніміз не? Қандай құрылғылар компьютердің базалық конфигурациясына кіреді?

  19. Қандай құрылғылар ішкі деп аталады? Атаңыз.

  20. Сыртқы құрылғылар қандай топтарға бөлінеді?

  21. Процессор тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  22. Аналық тақша тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  23. Қандай құрылғылар енгізу құрылғыларына жатады? Атаңыз.

  24. Қандай құрылғылар шығару құрылғыларына жатады? Атаңыз.

  25. Монитордың тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  26. Принтердің тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  27. Графоқұраушы не үшін қажет?

  28. Пернетақта тағайындалуы, негізгі сипаттамалары.

  29. Пернетақта пернелері қандай топтарға бөлінеді, олар қандай функциялар орындайды?

  30. «Тышқан» манипуляторының тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары. Тышқан пернелері қандай функцияларды орындайды?

  31. Тышқанна басқа қандай манипуляторларды білесіз?

  32. Сканер тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  33. Планшет не үшін қажет?

  34. Колонкалар, микрофон, наушниктер не үшін қажет?

  35. Жады құрылғылары не үшін қажет? Түрлері.

  36. Жедел жадының тағайындалуы және негізгі сипаттамалары

  37. Тұрақты есте сақтау құрылғыларындай қандай ақпарат сақталады?

  38. Қатты диск тағайындалуы және негізгі сипаттамалары.

  39. Иілгіш дискілердің тағайындалуы және негізгі сипаттамалары.

  40. Лазерлі дискілердің тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары

  41. Қандай басқа жады құрылғыларын білесіз?

  42. Модем тағайындалуы, түрлері және негізгі сипаттамалары.

  43. BIOS енгізу-шығару базалық жүйесі деген не?

    1. «Өз компьютеріңді жина» тапсырманы орындау.

Сіздің компьютеріңізге қандай ішкі және сыртқы құрылғылар кіру керек, сипаттамалары қандай болу керек. Тапсырманы жазба түрінде орындаңыз.

    1. Тест-бақылау.

1 Қосымша.

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал


Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Командалар және адрестеу жүйесін ұйымдастыру

ЭЕМ ДАМУ ТАРИХЫ. ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ


Аналогтық есептеу машиналары

АЕМ-да барлық математикалық шамалар қандай да бір физикалық шамалардың үздіксіз мәндері ретінде көрініс табады. Машиналық айнымалы ретінде электр тізбегінің кернеуі алынады. Олардың өзгерісі берілген функция өзгеріс заңдарымен өтеді. Бұл машиналарда математикалық модельдеу әдісі қолданылады (зерттелетін нысанның моделі құрастырылады). Есептеу нәтижелері уақыт функциясындағы электр кернеулерінің тәуелділігі түрінде осциллограф экранына шығарылады немесе өлшеу аспаптарымен жазылып алынады. АЕМ негізгі тағайындалуы сызықтық және дифференциалданған теңдеулерді шешу болып табылады.



АЕМ артықшылықтары:

  • электр сигналының өту жылдамдығымен салыстыруға болатын есептерді шешудің жоғары жылдамдығы;

  • АЕМ конструкциясының қарапайымдылығы;

  • Есептерді шешуге дайындау жеңілдігі;

  • Зерттелетін процесстердің өту көрнекілігі, зерттеу кезінде зерттелетін процесстердің параметрлерін өзгерту мүмкіндігі.

АЕМ кемшіліктері:

  • Алынатын нәтижелердің нақтылығының аздығы (10%);

  • Шығарылатын есептердің алгоритмдік шектелуі;

  • Шығарылатын есептің машинаға қолдан енгізлуі;

  • Есеп қиындылығына қарай өсетін іске қосылған жабдықтардың үлкен көлемі.


Электрондық есептеу машиналары

Алғашқы машиналарға қарағанда ЭЕМ-де сандар цифрлар тізбегі түрінде беріледі. Қазіргі ЭЕМ-де Қазіргі заманғы электрондық есептеу машиналарында сандар екілік эквиваленттердің коды түрінде, яғни «0» жөне «1» цифрларының комбинациялары түрінде беріледі.

ЭЕМ-да программалық басқару принципі жүзеге асады. ЭЕМ-ды цифрлық электрлендірілген және есептеу-аналитикалық (перфорациялық) есептеу машиналарына бөлуге болады.

ЭЕМ: үлкен ЭЕМ, мини-ЭЕМ және микро-ЭЕМ деп бөлінеді. Олардың өздерінің архитектурасымен, техникалық пайдалану түрімен, салмағымен, өлшемдер сипаттамаларымен бір-бірінен айырмашылығы болады.



ЭЕМ-ның жетістіктері:

  • Есептеудің жоғары дәлдігі;

  • Универсалды болуы;

  • Есептеуге қажетті ақпараттарды автоматты еңгізу;

  • ЭЕМ шығаратын есептердің әртүрлі болуы;

  • Қажетті құралдардың санының есептің күрделігіне тәуелсіз болуы.

ЭЕМ-ның кемшіліктері:

  • Есептерді шығаруға дайындаудың күрделігі (есеп шығару әдістері мен программалау үшін арнайы білімнің қажеттілігі);

  • Процестердің өтуінің көрнектілігінің аз болуы, бұл процестердің параметрлерінің өзгерулерінің күрделігі;

  • ЭЕМ жасау құрылысының пайдалану және техникалық қызметтерінің күрделігі;

  • Нақты аппаратура элементтерімен жұмыс істеуде арнайы аппаратуралардың талап етілуі.


Аналогиялық-цифрлық есептеу машиналары (АЦЕМ)

АЦЕМ – аналогиялық есептеу машиналары және ЭЕМ жетістіктерін біріктіру қабілеті бар машиналар. Олардың сипаттамалары тез есептеу, программалау қарапайымдылығы және универсалдық.

Негізгі операциясы цифрлық интеграторлардың көмегімен интегралдау. АЦЕМ-де сандар ЭЕМ сияқты (цифрлардың біртізбектілігі) түрінде болады. Есептерді шығару әдісі АЕМ сияқты (математикалық модельдеу әдісі).
ЭЕМ буындары

Есептеу техникасының дамуын айтқанда әдетте электрондық-есептеу машиналарының (ЭЕМ) буындарын еске алады.

ЭЕМ машиналарын негізгі 4 буынға бөлуге болады: 1 Кесте.

ЭЕМ БУЫНДАРЫ





Сипаттамалары

ЭЕМ даму буындары

I

II

III

IV

Қолдану жылдары

1946-1960

1960-1964

1964-1970

1970-...

Негізгі элемент

Электрондық лампа

Транзистор

Интегралдық схема (ИС)

Үлкен интегралдық схема (БИС)

Әлемдегі ЭЕМ саны

Жүздеген

Мындаған

Он мындаған

Миллиондар

ЭЕМ өлмешдері

Үлкен

Аздап үлкен

Мини ЭЕМ

Микро ЭЕМ

Тез есептейтін

1

10

1000

10000

Ақпарат тасығыш

Перфокарта

Перфолента



Магнит лентасы

Диск

Икемді диск

Компьютер – бұл мәліметтерді құру, сақтау, өңдеу және тасымалдауды автоматтандыруға арналған және программа бойынша жұмыс істейтін электрондық аспап. Есептеу жүйелерінің құрамында жұмыс істеумен қатар компьютерлер автономды жұмыс істей алады немесе локальды компьютерлік желіні құрайтын, бірігіп жұмыс істейтін компьютерлер тобының құрамына кіре алады. Компьютер сонымен қатар бүкіл әлемдік компьютерлік желіге (Интернет) қосыла алады.



2. Компьютердің негізгі құрылғылары.

Классикалық дербес компьютердің құрамына (базалық конфигурация) жүйелік блок, монитор, пернетақта (кейде осы құрылғылардың кейбіреулері біріктірілген болады) және тышқан.

Жүйелік блок компьютердің негізгі торабы болып табылады. оның ішінде ішкі деп аталатын құрылғылар орналасады. Конструкциясы жағынан компьютердің жүйелік блоктары корпус формасымен ерекшеленеді, олар әрі го­ризонталь (desktop, baby, slim), әрі вертикаль орналаса алады (tower).

Мәліметтерді енгізу, шығару және сақтауға арналған қосымша құрылғылар сыртқы немесе перифериялық деп аталады.

Кез келген компьютердің құрамына келесі функционалдық құрылғылар кіреді (2 Слайд): процессор, жедел жады, ұзақ уақытты жады, енгізу және шығару құрылғылары.
3. Компьютердің ішкі құрылғылары, олардың сипаттамасы.

Процессор (өңдеуші) — барлық есептеулерді, көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема. Бұл компьютедің «миы», ол компьютер жадысында орналасқан мәліметтерді өңдейді.

Процессор - арнайы технологиямен өсіріген кремний кристаллы, оның көптеген элементтері – транзисторлары бар.

Кез келген процессорлық кристаллда бар:


  • Процессордың өзі – миллиондаған логикалық элементтер – транзисторлардан тұратын негізгі есептеу құрылғысы.

  • Сопроцессор – «жүзбе нүктемен» (немесе үтірмен) орындалатын операцияларға арналған арнайы блок. Аса күрделі және дәл есептеулерді орындауға, сонымен қатар бірқатар графикалық программалармен жұмыс ісеуге арналған.

  • 1-ші деңгейлі Кэш-жады

  • 2-ші деңгейлі Кэш-жады

Процессордың өнімділігін анықтайтын негізгі параметрлер:



  • Процессор разрядтылығы, бір ретте (бір тактіде) өзінің регисторларында мәліметтердің қанша битін қабылдай алатынын және өңдей алатынын көрсетеді. Intel Pentium процессорлары 32-разрядты болып табылады.

  • Жұмыс тактілі жиілігі процессорда операциялар қандай жылдамдықпен орындалатынын анықтайды. Мегагерцпен өлшенеді.

  • Кэш-жады көлемі. Кэш-жады — бұл процессордың ішінде орналасқан «аса жылдам» жады, ол жылдамдығы төмендеу жедел жадыға процессордың қатынау санын азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі процессорлардың кэш-жадысының көлемі бірнеше ондаған Кбайт.

Бұған қоса процессорлар келесімен сипатталады:



  • Буынымен. Дербес компьютерде орналасқан процессор оның типін анықтайды. Intel фирмасының процессорларының көпжылғы тарихында 8 буын ауысты: 8088, 286, 386, 486, Pentium, Pentium II, Pentium III, Pentium IV. Жаңа дербес компьютерлердің процессорларының модельдері Intel Pentium III және Intel Pentium IV. Intel фирмасының процессорларымен қатар AMD фирмасының Athlon процессорлары да кең қолданылады.

  • Жүйелік шина жиілігімен. Бұл параметр аналық тақшамен байланысты. Шина деп бір құрылғыдан екінші құрылғыға мәліметтер өткізетін аппараттық магистральды айтады. Шина жиілігі неғұрлым жоғары болған сайын – процессорға уақыт бірлігінде түсетін мәліметтер соғұрлым көп болады. Жүйелік шина жиілігі процессордың жиілігімен «көбейту коээфициенті» арқылы тікелей байланысқан. Процессорлық жиілік – бұл жүйелік шина жиілігінің процессорға салынған бір шамаға көбейтіндісі. Мысалы, 500 Мгц процессор жиілігі – бұл 100 Мгц жүйелік шина жиілігінің 5 коэффициентіне көбейтіндісі.

  • Форм-фактормен. Процессорлар орындалу типі, сыртқы көрінісі және аналық тақшаға қосылу тәсілі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • 1-ші типті процессорлар «барлығы бір жерде» (разъем типі «сокет») – процессорлардың барлық элементтері кремнийдің бір кристаллында орналасқан;

  • 2-ші типті процессорлар – 2-ші деңгейлі кэш-жады процессордан сыртқары орналасады (разъем типі «слот»).

Әдетте «слот» форматында әрбір жаңа буынның сыналатын модельдері шығарылады, кейін өндірушілер тұтас және арзан «сокет» форматына өтеді.
Аналық тақша

Бұл құрылғыға компьютердің барлық ішкі және перифериялық құрылғылары қосылады. Ол жеке құрылғыларды қосуға арналған бірнеше разъемдардан және шинадан (олардың барлығын байланыстыратын ақпараттық магистраль), сонымен қатар микросхемалар, чипсеттердің базалық жиынтығынан (олардың көмегімен аналық тақша жүйелік блок ішінде болып жатқанның барлығын бақылайды) тұрады.

Компьютерге түрлі құрылғылар қосу үшін кеңею разъемдары немесе слоттар (жүйелік блок ішінде орналасады) және порттар деп аталатын арнайы разъемдар (жүйелік блоктың артқы қабырғасында орналасады) қолданылады. Ақырғыларға тышқан, принтер, сонымен қатар модем және басқа да сыртқы құрылғылар қосылады. Порттар тізбекті (сатылы) және параллельды болып бөлінеді.
Жедел жады

Компьютер қосылып тұрғанда мәліметтерді уақытша сақтауға арналған. Бұл жады тікелей процессормен жұмыс істейді, оған мәліметтер жібереді және өңдеу нәтижелерін алады. Жедел жадыда әрі мәліметтер, әрі компьютер дәл осы уақытта жұмыс істейтін программалар сақталады. Көлемі жағынан аздау болғанмен (ондаған мегабайт), әрекет ету жылдамдығы жоғары. Жедел жадыға қатынау уақыты 10 наносекунд шамасында. Әдетте жедел жады микросхемалар жиынтығы түрінде орындалады. Компьютер өшірілгенде жедел жадыда орналасқан барлық ақпарат жоғалады.


Ұзақ уақытты (сыртқы) жады

Мәліметтер мен программалардың ұлкен көлемдерін ұзақ уақытқа сақтауға арналған құрылғы. Оның әрекет ету жылдамдығы аз, бірақ көлемі өте үлкен (мыңдаған мегабайт), онда сақталатын ақпарат компьютерді өшіргенде жоғалмайды. Ұзақ уақытты жады дискілерде магнитті немесе оптикалық жазбасы бар электромеханикалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Дисководтар және сәйкесінше иілгіш магнитті дискілерде (дискеттер), қатты магнитті дискілерде (винчестерлер), ауыстырмалы ақпаратты тасымалдағыштар және компакт-дискілерге арналған дисководтар (CD-ROM) болады.



Қатты диск — жұмыс істегенде үнемі қолданылатын программалар мен мәліметтерді сақтауға арналған негізгі ұзақ уақытты сақтау құрылғысы. Металлдық немесе керамикалық пластинадан орындалға диск үлкен жылдамдықпен айналады. Ақпаратты жазу және оқуды магнитті ине орындайды. Қатты дискілердің негізгі параметрлеріне көлем және өнімділік (қатынаудың орташа уақыты) жатады. Қазіргі кезде Осындай дискілердің көлемі ондаған гига­байт (мыңдаған мегабайт), ал қатынаудың орташа уақыты 10 мкс-тан аз.

Иілгіш дискілер дисководтары иілгіш магнит дискілерді (дискеттерді) қолданады, олар программалар мен мәліметтердің үлкен емес көлемдерін бір машинадан екінші машинаға тасымалдауға және оларды сақтауға арналған. Компьютерлердің көбі 3-дюймдік (89 мм) дисководтар мен 1,44 Мбайт көлемді дискеттер қолданады. Иілгіш дискілер аса сенімді емес болып есептеледі, сондықтан оларды ақпаратты сақтаудың негізгі және жалғыз құрылғысы ретінде қолдануға болмайды.

Компакт-дискілер дисководы CD-ROM — компакт-диск негізіндегі тұрақты есте сақтау құрылғысы. Жазбаны оқу оптикалық тәсілмен жүзеге асырылады. Стандартты компакт-дискінің көлемі 650 мегабайт.
4. Компьютерге қосылатын перифериялық құрылғылар, олардың сипаттамасы.

Енгізу құрылғылары ақпаратты компьютерге енгізуге арналған. Енгі құрылғыларының негізгілеріне пернетақта, тышқан және сканер жатады.

Пернетақта алфавитті-цифрлік мәліметтерді енгізуге және компьютерді басқару командаларын енгізуге арналған. Стандартты пернетақтаның 101 және одан да көп пернесі бар, олар бірнеше топтарға функциональды таратылған:

  • Алфавитті-цифрлік пернелер тобы таңбалық ақпаратты және әріппен терілетін командаларды енгізуге арналған.

  • Функционалдық пернелер тобы пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі пернеден (F1-F12) тұрады.

  • Қызметті кпернелер алфавитті-цифрлік пернелер тобының қасында орналасқан. Оларға Enter пернесі, Shift, Alt және Ctrl регистрлік пернелер, Tab пернесі, Esc пернесі, Backspace пернесі, Print Screen, Scroll Lock және Pause/Break пернелері жатады.

  • Курсорды басқару пернелері (стрелкалары бар пернелер, Page Up/Page Down, Ноте и End, Insert, Delete пернелері) алфавитті-цифрлік панельдің оң жағында орналасқан. Курсор деп таңбалық ақпаратты енгізу орнын көрсететін экрандық элемент. Курсорды басқару пернелері енгізу позициясын басқаруға мүмкіндік береді.

  • Қосымша панельдің пернелер тобы негізгі панельдің цифрлік және кейбір таңбалық пернелерінің қызметін атқарады. Бұл топтың пернелерін қолдану үшін Num Lock ауыстырып-қосу пернесін қосу керек.

  • Windows-пен жұмыс істеуге арналған арнайы пернелер тобы алфавитті-цифрлік пернелер тобынан төмен, Alt және Ctrl қызметтік пернелер арасында орналасады

Тышқан – манипулятор типті компьютерді басқару құрылғысы. Тышқан екі-үш батырмасы бар сопақша келген қорапша. Тышқанды жазық бетпен қозғалтқан кезде монитор экранында синхронды түрде белгі (тышқан нұсқағышы) қозғалады. Батырмаларды қықса (шертпе) немесе ұзақ басу және нұсқағышты орын ауыстыру арқылы компьютер басқарылады.

Сканерлер қағазға басылған графикалық және мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған. Сонымен қатар, компьютер датчиктерден түскен ақпараттарды қабылдай алады — аналогтық-цифрлік түрлендіргіш (АЦТ) деп аталатын арнайы құрылғыдан түскен электр сигналдары түрінде.
Шығару құрылғылары пайдаланушыларға мәліметтерді өңдеу нәтижелерін көрсетуге арналған. Ең таралған шығару құрылғыларына монитор және принтер жатады. Графиктер мен сызбалар алуға арналған құрылғылар бар - графоқұрастырушылар, немесе плоттерлер, акустикалық жүйелер және басқа да құрылғылар. Компьютер де ақпаратты электр сигналдары түрінде қандай да бір цифрлік-аналогтық түрлендіргіштер (ЦАТ) арқылы орындаушы құрылғыларға жібере алады.

Монитор — мәліметтерді визуалды көрсету құрылғысы. Мониторлардың көптеген түрлерін шығарады, олардың көбі электрондық-сәулелік түтікшелер негізінде жүзеге асырылған. Қазіргі кезде тасымалданатын (переносной) компьютерлер мен дербес компьютерлерде сұйық кристалды дисплейлер қолданылады.

Мониторлардың негізгі параметрлері:



  • Экран өлшемі. Ең ыңғайлы және әмбебап мониторларға экран өлшемдері диагональ бойынша 15 және 17 дюйм мониторлар жатады. Графикамен жұмыс істеуге экран өлшемдері 19-21 дюйм мониторлар да қолданылады.

  • Экранның маска қадамы бейне анықтығын (айыру қабілеттігін) анықтайды. Қазіргі кезде 0,25-0,27 мм қадамы қолданылады.

  • Бейненің регенерация жиілігі де бейненің анықтығын және тұрақтылығын анықтайды және ол 75 Гц-тен төмен болмауы керек.

  • Қорғау классы монитордың қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес келуін анықтайды.

Принтерлер құжаттардың қағаз бетінде көшірмесін алуға арналған. Прин­терлердің түрлері:

  • матрицалық, басып шығарушы кішкене бас (головка) бейнені инелер мен бояғыш лента көмегімен қалыптастырады;

  • сия бүріккіш, өте кішкентай сия тамшыларымен салады;

  • лазерлік, бояғыш барабан жарық импульстерімен сәулеленеді, электрленеді, бояғыш затпен бүркеліп, оны қағаз бетіне түсіреді.

Принтерлердің негізгі параметрлері:

  • өнімділік (минутына басылатын беттер саны),

  • айыру қабілеті, dpi (дюймға келетін нүктелер)

  • оттиск бағасы (бір бетке келетін АҚШ доллары).

Матрицалық принтерлер арзандылығымен ерекшеленеді, бірақ олардың өнімділігі мен айыру қабілеттігі өте төмен. Сия бүріккіш принтелер арзан, айыру қабілеттігі жеткілікті жоғары (2400 dpi-ге дейін), өнімділігі салыстырмалы төмен және оттиск бағасы жоғары (түрлі-түсті оттискіні басудың бағасы ондаған цент). Лазерлік принтерлер ең қымбаты, бірақ олардың өнімділігі ең жоғары (минутына ондаған бет) және айыру қабілеттігі де жоғары (до 4800 dpi). Оттиск бағасы бір бетке 2-6 цент.
Коммуникациялық құрылғылар - модемдер, локальды және кең аумақтық желілер адаптерлері. Модем байланыс арналары арқылы (мысалы, телефон арналары) бір-бірінен алыстатылған компьютерлер арасында ақпарат алмасу үшін қажет. Модемнің ең мағызды параметрі - мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы. Қазіргі модемдердің жылдамдығы 56 Кбит/с.

5. Енгізу/шығару базалық жүйесі BIOS

Программалық қамтамасыз етудің бұл бөлігі тұрақты (энергияға тәуелсіз) жадыда сақталады және қосылған кезде тестілеу мен қосылуды қамтамасыз етеді, операциондық жүйені жүктейді және операциондық жүйенің компьютер аппараттық құрылғыларымен байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар BIOS-та нақты уақыттың сағаты мен күнтізбегі сақталады. BIOS аналық тақшада жеке микросхема түрінде орналасқан.


6. Жады. Жады түрлері.

Компьютер жадысы ақпаратты – командалар кодтары мен мәліметтерді, қысқа уақытты және ұзақ уақытты сақтауға арналған. Ақпарат жадыда екілік кодпен сақталады, әр бит – жадының элементар ұяшығы – мәні «0» немесе «1» болуы мүмкін. Жадының әрбір ұяшығының өз адресі болады, ол ұяшықты нақты координаталар жүйесінде идентификациялайды.жадыда ақпаратты сақтаудың минималды адрестік бірлігі болып байт саналады.

Үлкен компьютерлер пайда болғаннан бері жады ішкі және сыртқы болып бөлінеді.


  • Ішкі жады - электрондық (жартылай өткізгіштік) жады, жүйелік тақша немесе кеңею тақшаларында орнатылады;

  • Сыртқы жады - ақпаратты сақтаудың түрлі принциптері бар құрылғылар түрінде жүзеге асырылған, әдетте тасымалдағыштар түріндегі жады. Қазіргі кезде бұнда магнитті (дискілі және лен­талы) жады, оптикалық және магнитооптикалық жады құрылғылары жатады. Мыртқы жады құрылғылары әрі компьютердің жүйелі блогының ішінде, әрі өлшемдері шкаф көлеміндей бола алатын корпустар ішінде де орналаса алады.

Процессорға тікелей қатынайтын ішкі жады, оған қатынау программада берілген адрес бойынша орындалады. Ішкі жады жедел (оның ішінде ақпаратты процессор уақыттың кез келген мезетінде өзгерте алады) және тұрақты (оның ішіндегі ақпаратты процессор тек оқи алады) болып бөлінеді. Жедел жады ұяшықтарына қатынау оқу бойынша да, жазу бойынша да кез келген ретпен орындалады, және де жедел жадыны айнымалы қатынау мүмкіндігі бар жады - Random Access Memory (RAM) деп те атайды (тұрақты жады - Read Only Memory, ROM).

Сыртқы жады күрделірек әдіспен адрестеледі – оның әрбір ұяшығының қандай да бір блок ішінде адресі болады, ал ол блоктың өзінің адресі көпөлшемді болап табылады. Мәліметтерді алмасу операциялары кезінде блок түгелдей ғана оқылынады не жазылады. Бір дискілік жинақтағыш жағдайында блок адресі үш өлшемді болады: бет нөмірі (головки), цилиндр нөмірі және сектор нөмірі. Қазіргі жинақтағыштарда бұл үш өлшемді адресті жиі сызықтық адреске (блоктың логикалық адресі) алмастырады, ал жинақтағыштың ішкі контроллері оны физикалық адреске түрлендіреді. Компьютерде дискілік жинақтағыштар саны көп бола алатындықтан, дискілік жадының адрестелуінде жинақтағыш нөмірі және интерфейс арнасының нөмірі де қолданылады. Адресацияның бұндай күрделі жүйесімен процессор программалық драйвер көмегімен ғана жұмыс істей алады, оың есебі мәліметтердің бір блогын жедел жадыдан дискілікке және керісінше көшіру болып табылады. Дискілік жады тікелей қатынау мүмкіндігі бар сыртқы жады болып табылады, яғни блоктарға кез келген ретпен қатынауға болады.

Жады жүйесінің басты параметрлері:

- сақталатын ақпарат көлемі. Ауыстырмалы тасымалдағыштары бар ленталық және дискілік құрылғылардың сақтайтын ақпарат көлемі максимал, олардан кейін дискілік жинақтағыштар, сосын жедел жады;

- қатынау уақыты – мәліметтерге түскен сұраумен салыстырғанда қажетті ақпаратты алмасудың басталуы алдындағы орташа кідіру. Қатынау уақыты жедел жадыда минималды, одан кейін дискілік, сосын - ленталық;

- мәліметтер ағынын тасымалдау кезіндегі алмасу жылдамдығы (қатынау уақытына кідірістен кейін). Алмасу жылдамдығы жедел жадыда максимал, одан кейін дискілік, сосын - ленталық;

- мәліметтер бірлігін сақтаудың салыстырмалы бағасы – жинақтағыш бағасының сақтау бірлігіне (байт немесе мегабайт) қатынасы. Сақтаудың бағасы ауыстырмалы тасымалдағышты ленталық құрылғыларда мини­малды, одан кейін дискілік жинақтағыштар, ал ең қымбаты – жедел жады.

Бұл параметрлерден басқа басқа да сипаттамалар бар – энергияға тәуелсіздігі (сыртқы қоректену өшірілген жағдайда ақпаратты сақтау қабілеті), сыртқы әсерлерге тұрақты болу, сақтау уақыты, конструктивтік ерекшеліктер (өлшемі, салмағы) және т.с.с. Жадының әр типінің жүзеге асырылу ерекшеліктері, артықшылықтар мен кемшіліктері бар.

Ішкі және сыртқы жады әртүрлі тәсілдер арқылы қолданылады. Ішкі (жедел және тұрақты) жады процессор орындайтын программалық кодты сақтайды. Бұл жадыда процессорға (яғни орындалып жатқан программаға да) тікелей қатынайтын мәліметтер де сақталады. Сыртқы жады мазмұны еркін файлдарды сақтау үшін қолданылады. Процессор (программа) осы файлдарға жедел жадының қандай да бір облысына көшірген соң ғана қатынай алады. Дискіден тікелей программалық кодқа не мәліметтерге қатынай алмайды.

Дискілік жадының басты кемшілігі –қатынауға көп уақытқажет және алмасу жылдамдығы төмен – бұл виртуалды дискіні қолдану арқылы шешіледі. Виртуалды диск жедел жадының өзінше қолданылған облысы болып табылады. Бұл облыста файлдар сақталады және операциондық жүйе тұрғысынан қарағанда қарапайым, бірақ өте жылдам диск болып көрінеді. Әрине, оның көлемі шектелген, және бұл көлем процессорға жедел жады түрінде қатынайтын, орнатылған физикалық жадыдан алынады..



Жедел жадының негізгі кемшілігі – дискілікке қарағанда көлемінің аздығы. Виртуалды диск көлемі физикалық дискінің көлемінен асуы мүмкін.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет