Практикум (лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік құрал)



бет1/12
Дата01.05.2016
өлшемі1.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША

ИНФОРМАТИКАДАН

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМ
(лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік құрал)

Түркістан -2012

УДК 373 (072)

ББК 74.26.

Қ 52
Баспаға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған.
Дайындағандар: техн.ғ.к., доцент Қуатбеков Б.Н.,

п.ғ.к., доцент Ниязова Г.Ж.,

магистр, аға оқытушы Тұрғанбекова М.М.,

магистр, аға оқытушы Ниятова А.Е.,

PhD докторанты Мейрбекова Г.М.

Пікір жазғандар:

Мухамеджанов Б.Қ. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Байзақ Ү.А. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Үсен Р. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша информатикадан лабораториялық практикум (лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік құрал). Қуатбеков Б.Н.,Ниязова Г.Ж., Тұрғанбекова М.М.,Ниятова А.Е., Мейрбекова Г.М.

–Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2012, – 126 б.


ISBN 978-601-243-499-6
Қашықтықтан оқыту технологиясы студенттеріне ұсынылып отырған бұл оқу-әдістемелік құралда информатика пәні бойынша 7 лабораториялық жұмыс берілген. Лабораториялық жұмыс тапсырмалары, оларды орындауға қажетті теориялық материалдар мазмұндалған. Студенттердің лабораториялық жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бақылау, бағалау мақсатында бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген.

Оқу-әдістемелік құрал информатика саласы оқытушылары мен студенттері үшін де пайдалы.


УДК 373 (0.72)

ББК 74.26



М А З М Ұ Н Ы


1 зертханалық жұмыс

Ақпарат. Тіл. Ақпаратты кодтау ................................................................


4


2 зертханалық жұмыс

Санақ жүйелері. Берілген сандарды бір санақ жүйесінен

екінші санақ жүйесіне ауыстыру. Түрлі санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды орындау тәсілдері ........................................

17


3 зертханалық жұмыс

Алгоритмдеу негіздері. Блок-схема. Сөздік, сызықтық

және тармақталған алгоритмдер құру .......................................................


31


4 зертханалық жұмыс

Мәтіндік процессорлар. Мәтінге операциялар қолдану.

Формулалар редакторын пайдалану және графикалық

объектілермен жұмыс. Мәтіндік процессорда кестелер

мен тізімдерді даярлау ................................................................................


42

5 зертханалық жұмыс

Жұмыс кітабын түзету. Функцияны кестелеу есептерін шығару. Диаграммалар құру .....................................................................................



75


6 зертханалықжұмыс

Power Poіnt бағдарламасы. Бірнеше слайдтармен презентация құру. Слайдтармен жұмыс, анимация құру ........................................................



104


7 зертханалық жұмыс

WWW-да ақпарат іздестіру. Электрондық пошта қызметі .....................


111


1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Жұмыстың тақырыбы: Ақпарат және тілдер. Ақпаратты кодтау және өлшеу.
Мақсаты: Ақпарат түсінігімен танысу. Ақпараттың түрлері мен қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері. Ақпаратты кодтау тәсілдерін үйрету. Ақпаратты өлшеу.
Тапсырмалар:

  1. Пікірлердің ақиқаттығын анықтаңыз.

  2. Берілген сөздерді кодтаңыз.



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
АҚПАРАТ ҰҒЫМЫ

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені, бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика – ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.

Сонымен ақпарат – бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.

Мәліметтердің негізгі құрылымы

Мәліметтер – ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әр түрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.



Мәліметтерге қолданылатын амалдар

Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан тұрады: мәліметтерді жинау;


• мәліметтерді қалыптастыру;

• мәліметтерді сүзгілеу;

мәліметтерді сұрыптау;

• мәліметтерді топтастыру;

• мәліметтерді архивтеу;

• мәліметтерді қорғау;

• мәліметтерді тасымалдау;

• мәліметтерді түрлендіру.

Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін кұрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондықтан оны автоматтандыру қажет деген корытындыға келеміз.

Мәліметтердің негізгі құрылымы

Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.

Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді анықталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.

Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесін еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.



Иерархиялық құрылымды мәліметтер

Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.

Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады. Мысалы, Раіnt программасын іске косатын командаға әкелетін жол былай көрсетіледі:

Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартт → Раіnt (Пуск→Программы→Стандартные→Раіnt)






1-сурет. Иерархиялық кұрылымды мәліметтер.
Информатиканың пәндік саласы екі бөлімнен тұрады: ғылыми (теориялық), қолданбалы (технологиялық). Бұл екі бөлім де информатиканың мектеп курсында қамтылған. Информатиканы зерттеу жолында осы екі бөлімнің арасына дұрыс теңдік орнату керек.

Ақпарат – хабарлау арқылы берілетін білімдер мен мәліметтер. Ақпарат таңбалы түрде сақталып, беріліп, өңделеді. Бір ақпарат түрлі таңбалы жүйе арқылы, әр түрлі қалыпта беріле алады.

Тіл – ақпаратты жеткізудің анықталған таңбалы жүйесі.

Тілдер екіге бөлінеді: сөйлесуге арналған табиғи тілдер және формальды тілдер. Формальды тілдерге әуен тілі (ноталар), математика тілі (сандар мен математикалық белгілер) жатады. Кейбір жағдайларда сөйлесу тілінің орнына мимика мен жест, арнаулы таңбалар тілі қолданылуы мүмкін (мысалы, жол белгілері).

ПІКІР
Пікір (высказывания) – белгілі бір табиғи тілдегі сөйлем. Мағыналары “ақиқат” немесе “жалған” болатын тұжырымдар мен жауаптары “иә” немесе “жоқ” болатын сұрақтар кез келген пікірге қатысты бола алады. Пікір жалпы, дербес және жеке болып бөлінеді.

Жалпы пікірдің сөздері: барлығы, әркім, әрқайсысы, ешкім.

Дербес пікірдің сөздері: кейбір, көбісі, т.б.

Қалған жағдайларда пікір жеке болып келеді.



1-мысал. Төмендегі пікірдің ақиқаттығын анықтаңыз.

“Мұз – судың қатты жағдайы” – жауабы: ақиқат пікір.

“Үшбұрыш – геометриялық фигура” – жауабы: ақиқат пікір.

“Париж – Қытайдың астанасы” – жауабы: жалған пікір.



2-мысал. Хабардың түрін анықтаңыз (жалпы, дербес, немесе жеке).

“Барлық балықтар жүзе біледі” – жалпы.

“Кейбір аюлар қоңыр болады” – дербес.

“А әріпі – дауысты” – жеке.



АҚПАРАТТЫ КОДТАУ
Көптеген африкалық тайпалар бүгінгі күнге дейін бір-бірімен ақпарат алмасу үшін тамтам - барабандарын қолданады. Ал теңіз флоттарында ақпарат алмасу үшін семафор әліппесі (сигнал беруші жалауша арқылы қолдарының қимылдарымен әріптерді көрсетеді) қолданылады. Берілген сигналдар қабылданып және түсінікті болуы үшін оларды алдын-ала келісіп отырған. Ақпарат және оны жіберу тәсілінен басқа тағы бір компонент пайда болды. Ол ақпаратты түрлендіру немесе кодтау. 1831 жылы Фарадей электр тогын алу әдісін ойлап шығарды. Сол кезден бастап электр тогы ақпарат алмасуда кеңінен қолданылып келеді. Сэмюэл Морзе ағылшын ғалымы Шиллингтің теориялық зерттеулерінің негізінде телеграф аппаратын құрып, оны тәжірбие жүзінде енгізді. Морзе ұсынған кодтау тек үш белгіден тұрды: ұзын сигнал (тире), қысқы сигнал (нүкте), сигнал жоқ болса (пауза) – әріптер бір-бірінен бөлінеді.

Мысалы, SOS сигналы келесі түрде кодталады:

<нүкте>, <нүкте>, <нүкте> - S

<пауза>

<тире>, <тире>, <тире> – О

<пауза>

<нүкте>, <нүкте>, <нүкте> - S

Морзе кодын аппараттардың қабылдауы үшін өте күрделі болды. Неміс өнертапқышы Бодо өзінің кодын ұсынды. Біріншіден, ол тек екі сигналды қолданды (нүкте және тире), екіншіден әріптерді бір-бірінен ажырату қиындығы туындамас үшін барлық әріптер бірдей ұзындықты сигналдардың кезектілігімен кодталды. Бодо аппараты өндірісте ыңғайлы және сенімді болды. Оның көмегімен телеграф ақпарат жіберудің құралы ретінде кеңінен пайдаланылды. Ақпаратты анықталған түрде пішіндеу процесі кодтау деп аталады. Негізінде кодтау термині ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға тиімді басқа түрде пішіндеу ретінде түсіндіріледі. Ақпаратты кері түрлендіру декодтау деп аталады. Мәтінді кодтауда қолданылатын символдардың толық жинағы алфавит деп аталады.



Кодтау тәсілі мақсатына байланысты жазуды қысқарту, ақпаратты құпияландыру, өңдеуге ыңғайландыру болып келеді.

Көбінесе ағылшын, орыс тілдеріндегі мәтіндер кодталады. Мәтіндерді кодтаудың үш тәсілі бар:

1) графикалық – арнаулы белгілер (суреттер) көмегімен;

2) сандық – сандар көмегімен;

3) символдық – негізгі мәтін жазылған алфавиттегі символдар көмегімен.

Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілі мәтіндегі ақпарат санын анықтауға мүмкіндік береді. Алфавиттік тәсіл объективті болып саналады, яғни ол адамға (субъектіге) байланысты емес.

Мәтінді жазуда қолданылатын символдар жиынтығы алфавит деп аталады.

Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің өлшемі деп аталады. Егер алфавиттегі символдардың барлығы бірдей жиілікпен кездессе әр символ әкелетін ақпараттың саны төмендегі формуламен есептеледі:

і = log2n,

бұл жерде n – алфавиттің өлшемі. Сондықтан, екі символдық алфавитте әр символдың 1 бит салмағы бар (log22 = 1); төрт символдық алфавитте әр таңбаның салмағы 2 бит ақпарат (log24 = 2); сегіз символдық алфавитте – 3 бит (log28 = 3). 256 өлшемді алфавиттегі бір символ мәтінде 8 бит ақпарат береді. Ақпараттың мұндай саны байт деп аталады. 256 символды алфавит компьютерде мәтін жазу үшін пайдаланылады.



1 байт =8 бит.

Егер толық мәтін К символдардан тұрса, алфавиттік тәсіл бойынша мұндағы ақпарат өлшемі:



І = k  і

Мұндағы і- пайдаланылған алфавиттегі бір символ.



Ақпарат өлшемдерінің түрлері:

1 Кбайт (килобайт) = 210 байт = 1024 байт

1 Мбайт (мегабайт) = 210 Кбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт (гигабайт) = 210 Мбайт = 1024 Мбайт.
Ескерту: Студент тапсырмасының нұсқасын табу 40-n+1 формуласымен анықталады. Мұндағы Nстуденттің топ тізіміндегі реттік номері.


ТАПСЫРМАЛАР


1.1

1.1 суреттегі таңбалар қай тілге жатады? Олар нені білдіреді?









1.1 сурет

1.2


1.2 суретте көрсетілген жесттер (қимылдар) нені білдіреді?









1.2 сурет



1.3
Суреттегі заттың тілін

анықтаңыз.

1.4
Мысалы, “марсиандар” тілінде lot do may өрнегі “мысық тышқанды жеді” сөзін білдірсін, may sі – сұр тышқан; ro do – ол жеді. Сұр мысық сөзі тіркесі “марсиан” тілінде қалай жазылады?

1.5


Төмендегі математикалық өрнектің мәнін қазақ тіліндегі сөйлем ретінде келтіріңіз:


1.6


Төмендегі тұжырымды математикалық өрнек түрінде жазыңыз.

Бірден беске дейінгі сандардың қосындысын он мен жетінің айырындысына бөлсе нәтижесі 5-ке тең болады. Жазудың қай түрі ыңғайлы?

1.7
Берілген салаларда ақпараттың символдық тәсілмен өрнектеу кестесін құрыңыз. Таңбалар көп болған жағдайда бір-екеуін ғана жазыңыз (салыңыз).


Қолдану саласы

Пайдаланылатын таңбалар

Математика




Музыка




Адамдардың әңгімесі




Химия




Жағрапия




… (өзіңіз ойластырыңыз)




1.8


Жасанды тіліндегі “қаля маля” фразасы қазақ тілінде “қызыл күн”, “фаля маля баля” – “үлкен қызыл алмұрт”, “қаля баля” – “үлкен алма” деген мағынаны білдіреді. Ал алмұрт, алма, күн сөздері сол тілде қалай жазылады?

1.9


Сөйлесу тілдерін, әрекеттер мен мимикалар тілін пайдалана отырып, сәлемдесудің кемінде бес әдісін көрсетіңіз.

1.10


Қайталау – оқу анасы - мақалының графикалық өрнектелуін ойлап табыңыз.

1.11


Жалау әліппесінің кодтау кестесі берілген.


1.3 сурет
Аға көмекші Лом капитан Врунгельге емтихан тапсыруда. Оған келесі мәтінді оқуға жәрдем беріңіз.



1.12


Берілген жалау әліппе көмегімен, (1.3 сурет) “сан, символ, графика” сөзін кодтаңыз.

1.13


1.3 суреттегі жалау әліппені қолданып, өз аты-жөніңізді жазыңыз.

1.14

Төменде Морзе әліппесінің кодтау кестесі берілген.


А  

Л    

Ц    

Б    

М  

Ч    

В   

Н  

Ш    

Г   

О   

Щ    

Д   

П    

Ъ      

Е 

Р   

Ы    

Ж    

С   

Ь    

З    

Т 

Э     

И  

У   

Ю    

Й    

Ф    

Я    

К   

Х    





1.5 сурет
Төменде не жазылғанын анықтаңыз (әріптер бір-бірінен бос орындар арқылы ажыратылған):

                    

1.15
Морзе әліппесін қолдана отырып, келесі сөздерді кодтаңыз:

ИНФОРМАТИКА, ХАБАР, АЛГОРИТМ.

1.16


Морзе әліппесін қолдана отырып өзіңіздің аты-жөніңізді кодтаңыз.

1.17


Төмендегі мәліметтердің қайсысы сізге ақпарат береді?

  • Тынық мұхиттың алаңы – 179 млн. шаршы км.

  • Мәскеу – Ресейдің астанасы.

  • Кеше күні бойы жаңбыр жауды.

  • Ертең күн ашық болады.

  • Біртекті вектор өрісінің дивергенциясы нөлге тең.

  • Dog – ит (ағылшынша).

  • Ro do, may sі, lot do may.

  • 2  2 = 4.

1.18
Келесі хабарламаларға “маңызды”, “керекті”, “зиянды”, “еш мағынасыз” деген баға беріңіз.

  • Қазір жаңбыр жауып тұр.

  • Информатикадан факультативтік сабақтар әр сейсенбі күні болады.

  • ІВМ – ағылшын сөздерінің бірінші әріптері, аудармасы “Халықаралық бизнеске арналған машиналар”.

  • Ертең химиядан бақылау жұмысы болады.

  • Ата-аналар “екілік” туралы біліп қоймас үшін, күнделіктің парағын жыртып алу керек.

  • Мұз – судың қатты түрі.

  • Ғарышқа ұшқан бірінші адам – Юрий Гагарин.

Жедел жәрдемінің телефон нөмірі – 02.

1.19


Кодтау кестесі берілген (кодтың бірінші цифрі – жол нөмірі, екіншісі – баған нөмірі)





0

1

2

3

4

5

6

7

8

0

А

Б

В

Г

Д

Е

Ё

Ж

З

1

И

К

Л

М

Н

О

П

Р

С

2

Т

У

Ф

Х

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

3

Ы

Ь

Э

Ю

Я



.

,

?

4

:

;

-

!





Ә

І

Ң

5

Ғ

Ү

Ұ

Қ

Ө

һ











1.6 сурет
Берілген кодтау кестесінің көмегімен келесі сөйлемді кодтаңыз:

МЕН АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫ БІЛЕМІН! АЛ СЕН ШЕ?”

1.20
1.6 суреттегі кестені пайдаланып келесі мәтінді кодтаңыз:

151211471338015212140538.

Бақылау сұрақтары


  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Тіл және оның түрлері.

  3. Хабар және оның түрлері.

  4. Кодтау дегеніміз не?

  5. Декодтау дегеніміз не?

  6. Кодтау түрлері.

  7. Ақпаратты алфавиттік тәсіл арқылы өлшеу.

  8. Алфавиттің өлшемі.

  9. Ақпараттың өлшем бірліктері.

  10. Мәтіндік ақпаратты кодтау.

  11. Графикалық ақпаратты кодтау.



Тест сұрақтары
1. "Белгі" – бұл, бірнеше анықтама берілетін көп мағыналы термин. Төменде келтірілген анықтамалардың бірі ЖАЛҒАН, соны белгілеңіз:

а) "белгі" термині деп басқа объект өкілі (ауыстырғыш) ретінде қатысатын кез келген объектіні түсінеміз. Ол алу, сақтау, беру немесе ақпаратты өңдеу процессінде осы объектіні көрсететін қатынас немесе қасиеті;

б) "белгі" термині, адам белгілі бір жағдайларда алдын-ала мән беретін табиғат объектісі ретінде түсіндіріледі;

в) "белгі" ауызша мәлімдеудің құрамды бөлігі (фонема);

г) "белгі" термині табиғи тіл немесе белгілі бір алфавиттің тыныс белгілері ретінде түсіндіріледі.

д) "белгі" термині, ақпараттық технологиялар мен есептеу техникасында қолданылатын бағдарламалау тілінің алфавиттерінің жеке символдары ретінде түсіндіріледі;


2. Төменде көрсетілген анықтаманың қайсысы АҚИҚАТ, яғни "белгі- символ" терминінің мағынасын ашады. Белгі-символ, бұл:

а) фотосуреттер, саусақ белгісі, іздер және т.б.

б) ырымдар, ауру белгілері (симптомдар), ауа-райын болжаушылар;

в) табиғи тіл алфавитінің жеке символдары (белгілері);

г) фонемалар (ауызша мәлімдеудің құрамды бөлігі);

д) ақпарат алмасу процесінде, басқа объект өкілі ретінде қатынасатын табиғаттың материалды объектілері;


3. Алфавит дегеніміз:

а) символдардың кез келген тізбегі;

б) белгілі бір қатаң тәртіппен орналасқан белгілердің реттелген жиынтығы;

в) белгілер мен символдардың біртұтастығы;

г) кез-келген белгілердің жиынтығы;

д) белгілер мен символдар жиынтығының кез-келген тізбегі;


4. Шексіз көп сандарды көрсетуге болатын сандық алфавит тұрады (ЖАЛҒАН анықтаманы көрсетіңіз):

а) бір белгі символдан

б) екі цифрдан – 1 және 0;

в) он цифрдан: 1,2,3,4,5,6,7,8,9;

г) үш цифрдан: 1,2,3;

д) әр түрлі жеті символдан.


5. Морзе әліппесінің алфавиті тұрады:

а) нөлден және бірліктерден;

б) нүкте және сызықшадан;

в) әр түрлі он белгіден;

г) әр түрлі бес белгіден;

д) бір белгіден.


6. Тілдің грамматикалық бірлігі ретінде қабылданған анықтаманы көрсетіңіз:

а) графеманы (графема – тілдің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі).

б) буын және сөз бөліктері (түбір, жұрнақ, жалғау және т.б.)

в) сөз, сөз тіркестері, қарапайым және күрделі сөйлем;

г) алфавит символдары мен белгілері;

д) мәтін.




  1. Құрылғылардың біртұтастығы және тілдің мағыналы бірліктерін (сөз, сөз тіркестері, сөйлем және т.б.) құру ережесі қалай аталады:

а) жазба;

б) синтаксис;

в) грамматика;

г) семантика;

д) прагматика.
8. Есептеу техникасындағы символ дегеніміз, бұл:

а) сурет түріндегі сипаттама;

б) фонема терминінің синонимі;

в) табиғи тілдің әріптік алфавитінің белгісі;

г) белгі, табиғи немесе жасанды тіл алфавитінің бірлігі;

д) цифрлы алфавит белгісі.



9. Жасанды тіл алфавитінде бар болғаны екі белгі - әріп ("+" және "-") бар. Бұл тілдің әрбір сөзі екі әріптен тұрады. Осы тілдегі сөздердің ең үлкен саны қанша:

а) 4;


б) 2;

в) 8;


г) 6;

д) 32.
10. Жасанды тіл алфавитінде бар болғаны екі белгі - әріп ("0" және "1") бар. Бұл тілдің әрбір сөзі үш әріптен тұрады. Осы тілдегі сөздердің ең үлкен саны қанша:

а) 32;

б) 16;


в) 8;

г) 10;


д) 64.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Балапанов Е.К. Новые информационные технологии: 30 уроков по информатике. –Алматы, 2001.

  2. Беркімбаев К.М. Информатика. –Алматы, 2009. – 420 б.

  3. Макарова Н.В., Матвеев Л.А., Бройдо В.Л. и др. Информатика / Под ред. Макаровой Н.В. –М., 2003.

  4. Моисеев А.В. Информатика. – М.: Академия, 1998.

  5. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ.

  6. Касаткин В.Н. Ақпарат, алгоритмы ЭВМ: Пособие для учителя. – М.: Просвещение, 1991. – 319 с. С иллюс.

  7. Аладьев В.З. и др. Основы информатики. – М.: Филин, 1999.

  8. Симонович С.В. «Информатика» базовый курс.

  9. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Общая информатика. –Инфорком-Пресс, 1998.

Web-сайттар тізімі
http://irnik.narod.ru/index.htm#top

http://www.testent.ru/load/ucheniku/informatika

http://www.bankreferatov.kz/informatika



http://schoolkz.ru

http://www.bk-astana.kz/books/0017/index.pdf

http://www.testent.ru/load/studentu/informatika

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Жұмыстың тақырыбы: Санақ жүйелері. Берілген сандарды бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне ауыстыру. Түрлі санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды орындау тәсілдері.
Мақсаты: Берілген сандарды бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне ауыстыру тәсілдерін меңгеру. Түрлі санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды орындау.
Тапсырмалар:

1. Берілген санды ондық санақ жүйесінен екілік, сегіздік және оналтылық санау жүйелеріне ауыстырыңыз.

2. Берілген санды ондық санақ жүйесінде өрнектеңіз.

3. Сандарды берілген санақ жүйесінде қосуды орындаңыз.

4. Азайтуды орындаңыз.
Ескерту: Студент тапсырмасының нұсқасын табу 40-n+1 формуласымен анықталады. Мұндағы N – студенттің топ тізіміндегі реттік саны.

ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Сандарды бейнелеу әдісін және оған сәйкес сандарға қолданылатын ережелер жинағы санау жүйесі деп аталады. Барлық санау жүйелері позициялы және позициясыз болып екіге бөлінеді. Сандарды бейнелеуге қолданылатын таңбалар цифрлар деп аталады.

Ондық сандарды басқа санау жүйелерінде өрнектеу

Бүтін сандарды өрнектеу.

1) Жаңа санау жүйесінің негізін ондық санау жүйесінде өрнектеп берілген амалдардың барлығын осы ондық жүйеде орындау қажет.



  1. Берілген санды және толымсыз бөлшектерді біртіндеп жаңа санау жүйесінің негізінде бөлеміз. Бұл амалдарды бөлгіштен (жаңа санау жүйесінің негізінен) кіші толымсыз бөлшек шыққанша орындау қажет.

  2. Алынған қалдықтар берілген санның жаңа санау жүйесіндегі түрін құрайды.

  3. Соңғы бөлшектен бастап, жаңа санау жүйесіндегі санды жазу керек.


1-мысал: 3710 санын екілік санау жүйесінде өрнектеңіз.

Шешуі:


Осыдан: 3710 = 1001012


2-мысал: 31510 санын сегіздік және он алтылық санау жүйелерінде өрнектеңіз.

Шешуі:


Бұдан: 31510 = 4738 = 13В16 шығады.

1110 = В16 екенін еске саламыз.


Бөлшек сандарды өрнектеу.

  1. Жаңа санау жүйесінің негізін ондық санау жүйесіне ауыстырып, келесі амалдардың барлығын ондық жүйеде орындау қажет.

  1. Берілген санды көбейтіндінің бөлшек бөлігінің разрядтарының мәндері нөлге тең болғанша (берілген дәлдік алынғанша) бірнеше рет жаңа санау жүйесінің негізіне көбейту керек.

  2. Алынған көбейтінділердің бүтін бөліктері берілген санның жаңа санау жүйесіндегі түрін құрайды.

  3. Жаңа санау жүйесіндегі санның дұрыс бөлшегінің разряд мәндері ретінде ең бірінші шыққан бүтін бөліктен бастап соңғы шыққан бүтін бөлікке дейін алу керек.


3-мысал: Ондық жүйесінде берілген 0,1875 санын екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйелерінде өрнектеңіз.


0

0

1875

8


1

5000

8


4

0000




0

1875

16


1

1


1250

875


3

000





1875

2


0

3750

2


0

7500

2


1

5000

2


1

0000

Бұл жердегі вертикаль сызық санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен ажыратады.

Бұдан: 0,187510 = 0,00112 = 0,148 = 0,316 болады.
Аралас сандарды өрнектеу. Бұл процесс екі сатыдан тұрады. Бастапқы санның бүтін және бөлшек бөліктері жеке-жеке сәйкес алгоритмдер арқылы өрнектеледі. Нәтижеде, жаңа санау жүйесіндегі санның бөліктері үтір арқылы ажыратылады.
4-мысал: Ондық жүйесінде берілген 315,1875 санын екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйесінде өрнектеңіз.

Жоғарыда қарастырылған мысалды пайдаланып, төмендегідей нәтиже алынады: 315,187510 = 473,148 = 13В,316.


Екілік бүтін санды q=2n (4, 8, 16, т.с.с.) негізді санау жүйесінде өрнектеу үшін мына жұмыс түрлерін орындау керек:

  1. Берілген екілік санын он жақтан сол жаққа қарай n цифрдан тұратын топтарға бөлу керек.

2) Сол жақтағы соңғы топтағы цифрлар саны n-нен аз болса, саннын орны сол жағынан нөлдермен толықтырылады.

3) Әрбір топ n-разрядтық екілік сан ретінде қарастырылып, q=2n негізді санау жүйесіндегі сәйкес санмен белгіленеді.



Екілік бөлшек санды q=2n негізді санау жүйесінде өрнектеуде төмендегі қадамдар орындалады:

1) берілген екілік санын сол жақтан оң жаққа қарай n цифрдан тұратын топтарға бөлінеді.

2) оң жақтағы соңғы топтағы цифрлар саны n-нен аз болса, санның орны оң жақтан нөлдермен толықтырылады.

3) әрбір топ n-разрядтық екілік сан ретінде қарастырылып, q=2n негізді санау жүйесіндегі сәйкес санмен жазылады.



Кез-келген екілік санды q=2n негізді санау жүйесінде өрнектеу үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

1) берілген екілік саны оң және сол жақтан n цифрдан тұратын топтарға бөлінеді.

2) соңғы топтардағы цифрлар саны n-нен аз болса, олар сол және оң жағынан да нөлдермен толтырылады.

3) әрбір топ n-разрядтық екілік сан ретінде қарастырылып, q=2n негізді санау жүйесіндегі сәйкес санмен жазылады.

Компьютерлік ақпараттарда көбінесе сегіздік (негізінде 8 саны) және он алтылық (негізінде 16 саны) санау жүйелері қолданылады.
5-мысал: 15FC16 санын екілік санау жүйесінде өрнектеу қажет. Бұл үшін санау жүйелері кестесі пайдаланылады (кесте 1):
Кесте 1.


16-лық

q=16

10-дық

q=10

8-дік

q=8

2-лік

q=2

0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

A

B



C

D

E



F

0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

0

1

2



3

4

5



6

7

10



11

12

13



14

15

16



17

0

1

10



11

100


101

110


111

1000


1001

1010


1011

1100


1101

1110


1111



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет