Презентация даярлау Power Point 2000 программасын іске қосыңыз



Дата03.05.2016
өлшемі48.58 Kb.
түріПрезентация
Зертханалық жұмыс №9.1.

Тақырыбы: Автомазмұн шеберінің көмегімен презентация даярлау


  1. Power Point 2000 программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Microsoft Power Point).

  2. Ашылған Power Point сұхбат терезесінде Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз (Егер бұл терезенің көрінуі жасырын сөндірілсе, онда шеберді Файл→Құру(Файл→Создать) командасымен іске қосып, ашылған терезеден Автомазмұн шебері бөлімін таңдаңыз).

  3. Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) терезесінде Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.

  4. Келесі терезеден Жалпы баяндама (Общий доклад) жолын таңдап, Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.

  5. Презентация стилін таңдау кезеңінде экранда презентация ауыстырып-қосқышын орнатыңыз, Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.

  6. Презентация параметрін таңдау кезеңінде тақырып терезесіне №54 жалпы білім беру орта мектебі атауын енгізіп, Төменгі колонтитул (Нижний колонтитул) терезесінде қайталаңыз. Ары қарай (Далее), сосын Дайын (Готово) батырмасын шертіңіз.

  7. Ашылған құрылым терезесінің жұмыс өрісіндегі 5 пен 9-ға дейінгі слайдтарды (Delete пернесімен) жойыңыз. Презентацияда төрт слайд қалдырыңыз.

  8. Бірінші слайдқа өтіп, зерттеудің авторы ретінде өз атыңызды енгізіңіз.

  9. Слайд терезесіне ауысып, тақырып блогын таңдап және басқару аспаптар панелінің көмегімен мәтінді ортаға туралап қойыңыз. Слайдтың жоғарғы бөлігінде тақырыбы бар мәтіндік блокты тышқанның және меңзердің басқаратын пернелердің көмегімен, қызыл сызықтан жоғарғы ортаға туралап орналастырыңыз. Автор атауымен берілген мәтіндік блокқа да дәл осы амалдарды орындаңыз, бірақ оны қызыл сызықтан төмен орнластырыңыз.

  10. Титулдық слайдта жалаушаларды құру колонтитулын жойыңыз. (Вид→Колонтитулы→Не показывать на титульном слайде).

  11. Екінші слайдқа көшіңіз (Құрылым терезесінде немесе Page Down пернесімен) «Кіріспе» тақырыбының орнына №54 жалпы білім беретін орта мектебінің артықшылықтары мәтінін енгізіңіз.

  12. Маркерлі тізімге ауысып, үлгінің орнына келесі мәтінді енгізіңіз:

    • Мыңдаған оқушыларға жаппай сапалы білім беру;

    • Алдыңғы қатарлы білімді болашақ мамандарды даярлау;

    • Әрбір оқушыға жеке жағдай жасау;

    • Білім беруде ең озық компьютерлік технологияны пайдалану.

  13. Мәтіндік блоктарды өз қалауыңызша түзетіңіз.

  14. Үшінші слайдқа ауысыңыз. Неге мен №54 жалпы білім беру орта мектебін қаладым? тақырыбын енгізіңіз. Екніші мәтіндік блокты өшіріңіз.

  15. Аспаптар панелінен Кестені қосу (Добавить таблицу) құралын таңдап, интерактивтік өрісте созу арқылы кесте өрісінің өлшемін 5х2-ге қойыңыз.

  16. Кестенің сол бағанын толтырыңыз (жоғарыдан төмен): Оқыту сапасының жоғарылығы; Үйірме, факультативтер жұмысы, Кітапхана фондының құндылығы; Тағы басқалары. Кестеңіздің оң жақ бағанына келесі мәндерді толтырыңыз (жоғарыдан төмен): 85%, 40%, 82%, 67%. Тышқанды созу арқылы оң бағанды ерекшелеп, аспаптар панеліндегі Ортада (По центру) батырмасының көмегімен ортаға орналастырыңыз.

  17. Төртінші слайдқа ауысыңыз. Мектеп бітірген оқушылардың мамандық таңдау көрсеткіші мәтінін енгізіңіз. Екінші блокты өшіріңіз.

  18. Аспаптар панелінен Диаграмманың қосылуы (Добавление диаграмы) батырмасын шертіңіз. Пайда болған Презентация – Мәліметтер кестесі (Презентация – Таблица данных) терезесінің сол жақ бағанына келесі мамандық аттарын енгізіңіз(жоғарыдан төмен қарай): қолданбалы математика, мектептегі математика, математика, информатика, физика, тағы басқалар. Квартал атаулы ұяшықтарды мына мәндермен ауыстырыңыз (солдан оңға қарай): 2003-2004, 2004-2005, 2005-2006, 2006-2007.

  19. Мәліметтері бар ұяшыққа келесі мәндерді енгізіңіз (жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай):

    • 28, 41, 63, 88;

    • 42, 69, 78, 76;

    • 55, 75, 89, 93;

    • 64, 82, 89, 98;

    • 60, 66, 76, 81.

  20. Бірінші слайдқа ауысыңыз. Тақырыпты таңдап, тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы интерактивті менюді ашып, одан Анимацияны баптау (Настройка анимации) бөлімін таңдаңыз. Тақырып1 (Заголовок1) жолына қарама-қарсы орналасқан Анимацияға арналған объектілер (Объекты для анимации) терезесіне жалауша қойыңыз. Дыбыс пен әсерді таңдаңыз (Выберите звук и Эффект) тобындағы ашылған тізімнен Айналу (Вращение) әсерін қабылдаңыз. Мәтіннің пайда болуы (Появление текста) тобындағы ашылған тізімнен Сөз бойынша (По словам) жолын таңдаңыз. ОК батырмасын басып терезені жабыңыз.

  21. Слайдтарды ауыстыру (Показ слайдов→Смена слайдов) терезесін ашыңыз. Әсер (Эффект) тобынан өз қалауыңызша әсерді таңдап алыңыз. Алға шығу (Продвижение) тобына Соңынан автоматты түрде (автоматически после) жалаушасын және 10 секунд уақытын тағайындаңыз, бір шерту бойынша (по щелчку) жалаушасын алып тастаңыз. Барлығына қолдану (Применить ко всем) батырмасын басып терезені жабыңыз.

  22. Соңғы слайдқа көшіп, диаграмманы таңдап алыңыз. Анимацияны баптау (Настройка анимации) терезесін ашыңыз. Диаграмманың түрін өзгерту қыстырмасында диаграмма элементтеріне өз қалауыңызша анимация әсерлерін қолданыңыз.

  23. Бірінші слайдқа қайта оралып, презентацияның көрсетілуін іске қосып (Показ слайдов→Начать показ), слайдтардың демонстрациясы кезінде жіберген қателерді тексеріңіз. Дайын болған презентацияны дискіге Менің мектебім деген атпен сақтап қойыңыз.


Зертханалық жұмыс №9.2.

Тақырыбы: Презентацияны безендіру
№54 жалпы білім беру орта мектебі тақырыбына дайындалған презентацияңыз көптеген оқушылар мен оқытушылардың көңілінен шығып, сізге оның безендірілуін жақсартуды тапсырды.

  1. Power Point 2000 программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Microsoft Power Point).

  2. Сақталынған Менің мектебім презентациясын ашыңыз (ФайлОткрытьИмя файла).

  3. Кәдімгі(Обычный) режімінде тұрып, Фон сұхбат терезесін ашыңыз (Формат→Фон). Үлгінің фонын алып тастау (Искючить фон образца) жалаушасын орнатыңыз.

  4. Ашылған Фонды бояу (Заливка фона) тізімінен Бояу әдістері (Способы заливки) бөліміне тоқталыңыз. Ашылған Бояу әдістерісұхбат терезесіндегі Градиенттік қыстырмасына көшіңіз. Түстер тобына Дайындық (Заготовка) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. Ашылған Дайындық атаулары тізімінен Поздний закат бөлімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіп, терезені жабыңыз. Фон терезесінде Қолдану (Применить) батырмасын шертіңіз.

  5. Екінші слайдқа өтіңіз. Жоғарыда айтылған әдістердің көмегімен, басқа фон құрыңыз, мысалы Мыс.

  6. Үшінші және төртінші слайдтарда басқа әдістермен даярланған фон құрыңыз. Таңдаған фон экранда жақсы көрінетініне көз жеткізіңіз.

  7. Бірінші слайдқа өтіңіз. Word Art объектісін қосу (Добавить объект Word Art) батырмасын шертіңіз. Word Art жинағы (Коллекция Word Art) терезесінен керекті жазу стилін таңдаңыз, сосын ОК батырмасын шерткеннен кейін шыққан Word Art мәтінін өзгерту (Изменение теста Word Art) терезесіне презентация тақырыбы - №54 жалпы білім беру орта мектебі мәтінін енгізіңіз. Қаріп өлшемін 66 етіп алыңыз. ОК батырмасын шертіп, терезені жабыңыз.

  8. №54 жалпы білім беру орта мектебі атты ескі тақырыпты өшіріп, оның орнына жаңа дайындалған Word Art объектісін орналастырыңыз. Жаңа тақырыпқа анимацияның Айналу әсерін орнатыңыз.

  9. Екінші слайдқа ауысыңыз. Нөмірленген тізім ретінде дайындалған мәтінге параметрлері мынандай: Оң жақтан (справа), Бәрі бірге (все вместе), Азат жол бойынша (по абзацам), 1-ші деңгей (1-го уровня) болатындай Ұшып шығу (Вылет) анимация әсерін тағайындаңыз.

  10. Үшінші слайдқа көшіңіз. Кестедегі сол жақ бағанды таңдап, Кесте пішімі (Формат таблицы) терезесінің Бояу (Заливка) қыстырмасында градиенттік бояу фонын тағайындаңыз (Формат→Цвета линии). Тура осы әдіспен оң жақ бағанды безендіріңіз.

  11. Төртінші слайдқа ауысыңыз. Диаграмма фонын градиенттік құюмен безендіріңіз.

  12. Презентацияны бұрынғы атпен сақтаңыз (Менің мектебім).

Каталог: download -> version
version -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
version -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
version -> Дома на окне пылился светильник со сломанным абажуром
version -> Қыс Қыстың ақ бояуы Көрпеге жер оранды Балалар ойнап далада Сырғанаққа тояды Ақ мамық қарды жер Балалар ойнап күлуде Мұзайдында сырғанап Астана
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> Сабақ Қазақтың ұлттық ою түрімен құрлық суын бейнелеу
version -> Қазақ әдебиеті пәнінің негізгі мектепте оқытылу нысаны қазақ әдебиетінің үлгілері Басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т б


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет