Презентация Өту барысы



Дата14.11.2019
өлшемі76.29 Kb.
түріПрезентация
Авторы: Шаденова Диана, ФОК173

Тексеруші: Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы

Сыныптық тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: Оқушылардың денсаулығын қалай қорғаймыз?

Мақсаты: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Міндеттері: 1.Оқушылардың бойына дене тәрбиесін сіңіру.

2.Оқушыларды ақыл-ой тәрбиесіне үйрету

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбиені үйрету

Сынып: 6-сынып

Оқушылар саны : 21

Уақыты: 17:20-18:10

Өткізілетін орны: 6-сынып бөлмесі

Ұйымдастырушылар: сынып жетекшісі Шаденова Диана, сынып белсенділері

Шақырылған қонақтар: Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қасымали Назгүл, «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары

Көрнекіліктер: Презентация
Өту барысы




Сынып жетекшінің немесе сынып белсенділерінің іс-әрекеті

Қатысушы сынып оқушыларының іс – әрекеті

I Негізгі бөлім

1

-Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгін біз сіздермен денсаулықты қалай күту керектігі жөнінде мағлұмат алатын боламыз.


Оқушылармен ұстаздармен амандасып, орындарына жайғасады.

2

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек..

Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?



  • Ең басты байлық – денсаулық.




  • Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.



3

Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Шынығып, спортпен дос болып, тазалық сақтауымыз керек.

Тазалық демекші, жеке бас тазалығының ережелерін білеміз бе?

Ең бірінші не істеу керек?

Ал содан кейін ше?
Дұрыс айтасыңдар. Оқушылар мен тағы да толықтыра кетейін:

Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.






  • Ия

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.


4

Оқуышалр сендермен қазір ойын ойнайық. Біз қазір автобустамыз. 1-аялдамаға келіп тоқтадық. Бұл аялдама - «спорт» аялдамасы. Бұнда денсаулыққа байланысты тақпақтар айтамыз

1. Айгерім.

Балақай!


Болсаң да әлі қаршадай

Ойнау үшін шаршамай

Оқу үшін мектепте

Ашу үшін тәбет те

Құру үшін сен сауық

Керек жақсы денсаулық.


2.Назгүл

Денсаулық ол шыныққын


Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.



3. Амандық.

Денсаулық ол –күлуің


Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық ол –жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
4.Ұлдана.

Басты байлық – денсаулық

Бабаң айтқан даналық

Сақта жолын сен тауып

Осы шақтан балалық

Болар барлық мүшең сау.

Жүрсе жылдар бойында

Баяндалған осынау

Ережелер ойыңда.


5

Келесі аялдама «мақал»

«зиянды әдеттер» тапсырмасы(Тақтадан мақалдың жалғасын табу )


  1. Болар бала кісілікке үйір
    Тозар бала ішімдікке үйір.

  2. Есірткіге жолама,
    Жетелейді молаға.

  3. Аурудың жақсысы жоқ,
    Дәрінің тәттісі жоқ.

  4. Денің сау болса,
    Жарлымын деме.

  5. Жолдасың көп болса,
    Жалғызбын деме.

  6. Тәні саудың – жаны сау.

  7. Ауырып ем іздегенше,
    Ауырмайтын жол ізде.

  8. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

  9. Көзің ауырса, қолыңды тый,
    Ішің ауырса, аузыңды тый.




6



Балалар,тәрбие сағатымыздың соңын тест сұрақтарына жауап берумен жалғастырайық.



Тест.
1 Темекінің адам ағзасына қандай зияны бар?

А) пайдалы

В) улайды

С) семіртеді

Д) білмеймін
2 Темекі мен арақтан адам неге көңілді болады?

А) спирттен

В) тәттілігінен

С) масайтады


3  Нашақорлық дегеніміз не?

А) көңілді өмір сүру

В) бақытты болу

С) денсаулықты құрту

Д) білмеймін
4  Жұқпалы аурулар қалай жұғады?

А) қолдан

В) барлық жауап дұрыс

С) қаннан

Д) ауамен

5 Темекі шеккен адам оны тастай ала ма?

А) тастай алады

Б) тастау қиын

С) тастауға болады

Д) тастамайды
6. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

А) тойып тамақ ішу

В) Дәрумендерге бай тамақ ішу

С) тәтті тамақ ішу

Д) Күніне 3 рет тамақ ішу

7.Бізге қандай дәрумендер қажет?

А) қант


В) тұз

С) жемістер мен көкөністер

Д) дәрілер


8. Семіздік дегеніміз не?

А) дұрыс тамақтанбау

В) аз қимыл жасау

С) орынсыз тәтті жеу

Д) барлық жауап дұрыс


9. Қазіргі кока- кола,чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?

А) дәрумендер

В) бояғыш заттар мен консерванттар

С) пайдалы қоспалар

Д) білмеймін


II Қорытындылау

6

Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз деңгейінде өтті деп ойлаймын.

Сұлтанова Қамарай: иә, бүгінгі интербелсенді тәрбие сағатымыз жоғарғы деңгейде өтті.



III Рефлексия

Сынып жетекшісінің іс-әрекеті

Сынып белсенділерінің іс-әрекеті




-Бүгін интербелсенді ашық тәрбие сағатымыз өз деңгейінде өтті.

Өз ойларыңды, жақсы мен жаман жақтарын айта өтіңдер.



Қай сәті сіздерге ерекше ұнады?




Білемін

Білдім

Білгім келеді












Достарыңызбен бөлісу:



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет