«Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 7 айда атқарған жұмысының есебі туралы



жүктеу 123.67 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі123.67 Kb.
: files -> userfiles -> docs
userfiles -> Жылдарға арналған
userfiles -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
userfiles -> История. Исторические науки
userfiles -> Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы
docs -> «Айналайын» бөбекжай бақшасы
docs -> Әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған даму келешегі туралы есебі
docs -> Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру Ережелері Жалпы ережелер
docs -> «Приозерск қаласының №1 жалпы білім беру орта мектебі» кмм №1 жалпы білім беру орта мектебінің ең алғаш қаланған жылы 1980 жылы тамыз айы. Алғаш ашылғанда мектептің атауы «Қазақстанның 60 жылдығы»
«Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 7 айда атқарған жұмысының есебі туралы

Қала бойынша ауыл шаруашылық өндірісімен (мал шаруашылығын дамытумен) 62 шаруашылық оның ішінде 59 жеке қосалқы шаруашылығы, 2 шаруа қожалығы (Ата-кәсіп, Құлагер), бір заңды тұлға (Гранд Құрылыс) ЖШС айналысады.

2013 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 24,4 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 167,1 % артқан (2012 жылы – 14,6 млн.тг). Ауыл шаруашылық өнімінің жеке индексінің жалпы көлемінің көрсеткіші 157,7 % құрады. (ФИК 2012 жыл - 101,5 %).

2013 жылы 7 айда өндірілген ет – 9,6 тонн немесе 173,3 % (2012 жылы – 5,6 тн), сүт – 277,4 тонн, немесе 158,4 % (2012 жылы 175,1 тн), жұмыртқа – 64 мың дана немесе 86,3 % (2012 жылы – 74,2 мың дана).

2013 жылғы 7 айда қала бойынша үй шаруашылығындағы мал басымен құстардың саны 5757 бас немесе 123,5 % былтырғы жылмен салыстырғанда, (2012 жылы 4663 бас).

Қарағанды облысының қала және аудан арасында Приозерск қаласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің колемі бойынша бірінші орынды иеленіп отыр.



Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар:

Приозерск қаласы бойынша эпизоотияға қарсы жылдық жоспары облыстық жоспарға сәйкес 2013 жылғы 26 наурызда бөлім бастығының № 1-5/23 бұйрығымен бекітіліп.

2013 жылы 013 бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 1743,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде профилактикалық ветеринариялық іс шараларды жүргізуге 1 103 мың теңге, ветеринарлық препараттарды сақтауға 640 мың.теңге.

2013 жылғы 7 айда ветеринарлық профилактикалық іс шаралар және диагностикалық зерттеулер 100 % орындалды.

Ветеринарлық профилактикалық іс-шаралардың жүргізілгені туралы ақпарат кестеге сәйкес қосымшада ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру.

2013 жылы жергілікті бюджеттен дерекқордың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 204 мың теңге бөлінді.

2013 жылы ауыл шаруашылық жануарлары бірдейлендіруге 1362 бас жатады, оның ішінде 329 бас ІҚМ, 957 бас ҰММ (қой-ешкі), 24 бас шошқа, 16 бас түйе, таңба басу тәсіліне- 49 бас жылқы.

2013 жылғы 7 айда барлығы бірдейлендіруден 724 бас , оның ішінде ІҚМ 193 бас немесе 58 %, ҰММ (қой-ешкі) 515 бас немесе – 53,8 %, түйе 16 бас немесе 100% өтті.

Барлық бірдейлендірілген мал басы компьютерлік дерекқорға енгізілген.

2013 жылдары барлығы 213 ветеринарлық паспорт берілді,.оның ішінде - 12 жеке тұлғаға 1 заңды тұлға «Гранд-Қурылыс» ЖШС-не.

Қолданылған ветеринарлық атрибуттар (сырға, ветеринарлық паспорттар) барлық соммасы 43 498 теңгені құрап, бюджетке төленді 34 150 теңге орындалысы 78,5 %.

Мал сою алаңы:

2013 жылғы 7 айда барлығы 62 бас ауыл шаруашылығы малдары сойылды, оның ішінде - 40 бас ірі қара мал, 22 - бас ұсақ мүйізді мал.



Мал қорымы:

2013 жылы мал қорымын қарап ұстап тұруға жергілікті бюджеттен 551 мың теңге қаражат бөлінді, игерілгені 219 мың теңге. Мал қорымы барлық ветеринария саласындағы заңдылықтардағы ветеринариялық санитарлық талаптармен сай.



Иесіз иттермен мысықтарды жою:

2013 жылы иесіз иттермен мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 480 мың теңге қаражат бөлінді. 2013 жығы 7 айда барлығы 83 бас жойылды, оның ішінде: 35 бас ит, 48 мысық .



Иесіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары:

Қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесін бұзғаны үшін, 2013 жылы 7 айда барлығы 2 факті анықталып, мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5193 теңге көлемінде айыппұл салынды, 5193 теңге бюджетке төленді.



Ветеринария саласы бойынша ағарту жұмыстары :

2013 жылы 7 айда жартыарал тұрғындарымен Ветеринария саласының сұрақтары бойынша барлығы 7 рет жиналыс өткізіліп, жергілікті «Приозерский вестник» газеті арқылы 6 мақала қауіпті инфекциялық аурулар туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге тапсырыс беру жөнінде хабарландыру берілді. Аусыл ауруының алдын алу туралы барлық қоғамдық орындарда 10 дана жадынама ілінді.



Мал шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық жоба:

Қала аумағында 2011-2012 жылдары Сыбаға бағдарламасы бойынша 2 инвестициялық жобаны жүзеге асырылып, 2012-2013 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп отыр.

«Гранд Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүгінгі күнде барлық мал басының саны 242 басты құрап, оның ішінде 200 бас аналық бас, 5 асыл тұқымды бұқа және 37 бас жас төл.

Бүгінгі күнде ЖК Сұлтановта ірі қара мал басының саны - 204 басты құрап, оның ішінде 140 бас аналық бас, 6 асыл тұқымды бұқа және 58 бас биылға жас төл.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан мал шаруашылығын дамытумен айналысатын шаруашылықтарға үлкен қолдаулар көрсетілуде.

Атап айтқанда 2013 жылы Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасына мал шаруашылығын дамыту бойынша субсидия алу үшін, 1 шаруа қожалығы (Құлагер және 1 заңды тұлға «Гранд Құрылыс» ЖШС - 5 млн теңгеге тапсырыс берді. Сонымен қатар 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан 1 кг. 15 теңгеден 53 тонна кебек бөлінді.



1-сұрыпты нан бағасын тұрақтандыру:

Приозерск қаласы аумағында 3 шағын наубайхана жұмыс жасайды. Жасалған Меморандумға сәйкес облыс аумағында нан өндіретін кәсіпорындарды 1-ші сұрыпты ұнмен қамтамасыз ету үшін, қаңтар және тамыз айларында 1-сұрыпты нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында, кәсіпкерлердің берген тапсырыстарына сәйкес, Тұрақтандыру қорынан белгіленген бағада 1 кг 47 теңгеден, қалаға барлығы 160 тонна 1-ші сұрыпты ұн бөлінді. ЖК Көбенов-111 тонна ұн, ЖК Жданова-33 тонна, ЖК Григорьева 16 тонна.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Ө.Ш Көбенов әлеуметтік 1 сұрыпты нанды 45 сауда нүктелеріне өткізіп, нанның сатылу бағасы дүкендерде 55 теңге. ЖК Т.В. Жданова, Григорьева әлеуметтік 1 сұрыпты нанды өз дүкендерінде 55 теңгеден сатуда.

1 сұрыпты ұн бағасын тұрақтандыру :

Приозерск қаласының берген тапсырысына сәйкес, тұрақтандыру қорынан белгіленген бағада 1 кг 47 теңгеден, барлығы 30 тонна ұн бөлінді. 2013 жылы 18 қаңтарда 20 тонна, 30 шілде айында 10 тонна 1-сұрыпты ұн бөлініп, ұн жеткізуші оператор «Гранд-Құрылыс» ЖШС-гі бекітіліп, ұн уақытында жеткізіліп, өзінің әлеуметтік дүкенінде және жәрмеңкеде 1-сұрыпты ұн бағасы 60 теңгеден сатылуда.



Бекітілген регламент бойынша бөлімде көрсетілген қызмет туралы:

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2013 жылы 7 айда барлығы 433 қызмет көрсетіліп, оның ішінде: жеке қосалқы шаруашылығының болуы жөнінде анықтама–117, жануарларға ветеринарлық паспорт беру–251, ет өнімдеріне ветеринарлық анықтама беру -62, сүт өнімдеріне анықтама – 3.



Азаматтардын түскен өтініштер туралы:

2013 жылы 7 айда бөлімде барлығы жеке тұлғалардан 4 өтініш түсіп, барлық өтініштер қанағаттандырылды.



Өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі туралы:

2013 жылы қала аумағында 21 наурыз айынан бастап 28 шілде айына дейін 38 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Жәрмеңкеге Жамбыл облысының Шу қаласы және Айдарлы, Ақтоғай ауылдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысуда. Жәрмеңкеде сатылған барлық көкөніс өнімдерінің көлемі 227,279 тонна құрап, соммасы  43 873 675 теңгеге сатылды.



Бөлім басшысы А.Исатаев

2013 жылғы профилактикалық-ветеринариялық жүргізілген іс-шаралар:



р/с

Аурудың атауы

Жылдық

жоспар

Шілде айының жоспары

Орындалысы

%

7 айлық

%

жылдық

7айлық

жылдық

1.

Сібір жарасы



















ІҚМ

1000

-

-

1000

-

100

қой-ешкі

1300

-

-

1300

-

100

жылқы

70

-

-

70

-

100

түйе

15

-

-

15

-

100

шошқа

20

-

-

20

-

100

2.

Құс тұмауы

2000

-

-

1000

-

50

3

Қарасан ІҚМ

1000

-

-

1000

-

100

4

Ит құтырмасына қарсы

100

-

-

100

-

100

5

ит дегельминтизац

ия

400

-

-

200

-


50

6

мысық құтырмасына қарсы

50

-

-

50

-

100

7

түйе обасына қарсы

15

-

-

15

-

100

8

Туберкулеезге тексеру



















ІҚМ

2000

-

-

1000

-

50

Түйе

15

-

-

15

-

100

9

Жылқы маңқасын зерттеу

70

-

-

70

-

100

1

Бруцеллезге малдардың қанын тексеру

жылдық

жоспар

Шілде айының жоспары

Орындалысы

%

7 айлық


%

Жыл

дық



7 айлық


жылдық


ІҚМ (ИФА)

126

-

-

126

-

100

ІҚМ (Класс)

620

-

-

620

-

100

ҰММ

2257

-

-

2257

-

100

Жылқы

10

-

-

10

-

100

түйе

16

-

-

16

-

100

ит

15

-

-

15

-

100




шошқа

135

-

-

20

-

14,8

2

Қарақапталға қошқарлардың қанын зерттеу

80

-

-

80

-

100

3

ИНАН-ға жылқылардың қанын зерттеу

40

-

-

40

-

100

4

Жоғары патогенді құс тұмауы ауруының (вирусология)

220

-

-

220

-

100




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет