Программалау Технологиясы пәні бойынша ОҚыту бағдарламасы (Syllabus)



Дата27.04.2016
өлшемі164.68 Kb.
түріПрограмма
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы энергетика және байланыс институты

Радиотехника және байланыс факультеті

«Компьютерлік технологиялар» кафедрасы

БЕКІТЕМІН


РТБФ Деканы

________________Медеуов У.И.

«______»_______________ 2009 ж.

Программалау Технологиясы

пәні бойынша

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

050704 – «Есептеу техникасы бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығының студенттері үшін

Оқу түрі (Формасы) – күндізгі

Курс - 1

Семестр - 2

Кредиттер саны - 3

Барлық сағат саны -135

Аудиториялық сабақтар - 64

Лекциялар - 32

Лабораториялық сабақтар – 32

Графическалық –есептеу жұмыстары – 3

Өзіндік сабақтар – 71

Емтихан – 2 семестр

Алматы, 2009

Мұғалім туралы мәлімет: Сабақты беретін мұғалім – Аманбаева Адирахман Абдиханович , аға оқытушы

Консультациялар уақыты – сабақ кестесіне сәйкес (ақпаратт кафедраның ақпараттық стендінде орнатылған)

Кафедрада болатын уақыт (Б331 ауд.) – график бойынша (кафедраның ақпараттық стендінде)

Өңдеген: Аманбаев А.А., «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

_28__._08___.2009 ж. № __1__ протоколы

КТ кафедрасының меңгерушісі З.К.Куралбаев




Пререквизиттері: Информатика, Математика, Алгоритмдік тілдерде программалау.

Постреквизиттері: Ақпарататық қауіпсіздік негіздері, Бағдарламаны әзірлеудің құрал саймандары, Нысанды-бағытталған бағдарламалау, Жүйелік программалау.
Пәннің бейнеленуі

«Технологиялық Программалар» – математикалық және инженерлік техникалық есептерді шығарумен бірге математикалық модельдеу, алгортимдік, АЖ облысында программалау және басқа қолданбалы инженерлік есептерді қамтитын ғылыми пән.

«Технологиялық Программалар» пәні алгоритмдерді құру және программалау лабораториялық сабақтарда қазіргі заманға сай компьютерлермен жабдықталған арнайы кластарда жүргізіледі. Пән бойынша студенттерге арналған жеке жұмыстар мен курстық жұмыстар көлемі де қамтылған (СӨЖ).

Нақты дайындалған тәжірибиелерді іске асыруда және бүгінгі заман талабына сай бағдарламаларды қамтамалауда және оларды қолдануда жаңа методологиялық, технологиялық әдістері шығуда. Жаңа технологиялық үрдістерді құруды тексеруде және оның негізгі тенденцияларын анықтауда, бағдарламаудың даму бағыт технологиясы мен бағдарламаушының бағдарламалық және аппарат орталарын орналастырудың ерекшкеліктері баршылық.. Технологиялық программалар өзіне тән технологиялық құрылымдарды қамтиды:



  • Технологиялық операцияларды орындаудың кезектерін көрсету;

  • Қайсыбір операцияны орындаудың шарттарын санақтау;

  • Операцияның өзін талдап көрсетуде яғни қорытындысын, құрылысын, нормаларын, стандарттарын, критериясын және бағалау әдістерін көрсету;

Технологиялық программалау курсында алгоритмді есептеу негіздері, автоматтандыру әдістері, бағдарлама қамтама әдістерін жобалау, бағдарламалау тілдерін жіктеу, құрылымдық негіздер, визуальдық және нысандық - бағыттау бағдарламауын, дайындық әдістерін және бағдарламаларды тексеру, сынақтан өткізу қарастырылады.

“Технологиялық программалау ” пәнін оқытудың мақсаты:



  • Студенттер технологиялық бағдарламалау облысында бүгінгі заман талабына сай білім алулары керек;

  • Техникалық тапсырмаларды іске асыруда практикалық талаптарды қолдану және жобалаудың бастапқы кезеңінде негізгі шешімдерді қолдану;

  • Бағдарлама өнімдерінің алгоритмін, құрылымын және функциональдық сұлбасын құруға дағдыландыру;

  • Қолданушылардың интерфейсін құруға және өте жоғарғы деңгейдегі (Паскаль, С++) тілдерінде бағдарламалауға практикалық дағдыландыру;

Пәнді оқудың нәтижесінде студенттер мыналарды білулері қажет:

  • бағдарлама қамтамасын құрудың негізгі әдістерін білуі керек;

  • құрылымдық, модульдық нысандық – бағыттау және қорғаныштарды бағдарламалаудың негізгі мәліметтерін білу керек;

  • әр түрлі бағдарламалауда кездесетін ерекшеліктерді білулері керек;

  • барлық үйренген дағдыларын іске асып бағдарламны толық бітіру;


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

1. Лекциялық сабақтар

Лек.

Тақырыбы

Әдебиет көзі

Сағат саны

1

Алгоритмдік концепциялар мен моделдер. Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер мен мәліметтер.

Алгоритмдер және есептеулер. Алгоритмдерді құру және талдаумен байланысты негізгі түсініктемелер мен әдістер. Жуық алгоритмдер мен алгоритмдік анықтылық. Өту жүйелерімен көрсетілген программа моделдері. Программаның формальді спецификациясы. Программалаудың технологиялары және оның дамуындағы негізгі кезеңдері. Күрделі бағдарламалар жүйесін дайындаудағы проблемалар. Күрделі жүйелерді құрудағы блоктық-иерархалық икемділік. Программалауды қамтамасыздандыруды дайындау-дың кезеңдері мен өмірлік циклдары. RAD технологиялары. Программалаудың қамтамасыз-дығын құру үрдісінің сапалық бағасы.



Ә.1,2,3,5, 8,12

4 сағат

2

Программа технологияларының негізі. Программаның технологиялық қамтамасыз-дандыру әдістері.

Мәліметтер моделдері. Мәліметтердің қарапайым құрылымын жүзеге асыру. Модульдер және оның қасиеттері. Бағдарлама қамтамасының шықпайтын және шығатын жұмыстарын дайындау. Модульдік программау. Қүрылымдық және құрылымдық емес бағдарламалар. Программалық тілді таңдау. Программалау стильдері. “Қателерден қорғануды” дағдыландыру.



Ә.1,2,3,5, 8,12,15

4 сағат

3

Программа қамтамасының шарттарын анықтау және кіріс деректері арқылы оны жобалау.

Функциональдық белгілері бойынша бағдарламаларды жіктеу. Бағдарламалық жинақтарды эксплуатациялауға қойылатын талаптар. Техникалық есептердің қойылымының жіктелуі. Есептеудің типті құрамды бөліктері: талдау, біріктіру, шешім қабылдау. Техникалық есептерді құру. Жобаның бастапқы кезеңдерің шешу принципиальдығы.



Ә.1,2,3,5, 8,12

4 сағат

4

Жобалау технологиясы.

Әдістеме негізі – байланыс. Жобалық шешімді. Жазу нотациясы. Жүйенің архитектурасын тұрғызу мәселесі. Құрылымдық және функционалдық сұлбаны өңдеу. Мәліметтер құрылымын жобалау. Мәліметтердің декомпозициясына негізделген жобалау. Объектілі әдістеме программаның құрылымын өңдеу. Жобалау шаблоны. Жобалау әдістемесі.

Ә.1,2,3,7, 8,11,20



4 сағат

5

Құрылымдық әрекет. Талаптарды талдау, спецификациясын анықтау және Программалық қамтаманы жобалау.

Программалық қамтаманың спецификациялары. Құрылымдық мәліметтер. Негізгі басқарушы құрылымды: «тізбекті», «таңдауды», «қайталауды» көрсету. Модульдік программаулауды құру. Прототиптеу. Функционалдық декомпозиция. Локализация принципі. Программаны құрастыру негіздері. Программаның сапасы критерийі. Программаны жобалау кезеңдері. Псевдокод – программаны өңдеу құралы ретінде. Программалау стилінің элементтері. Стилдің принциптері мен практикалық сұрақтары. Математикалық есептер моделі, есептеу тәсілдерін таңдау және құру. Құрылымдық және функционалдық сұлбаларды құру. Case – технологиясы. Мәліметтер құрылымын жобалау.



Ә.2,15,18,21, 22,24

4 сағат

6

Объектілі – бағытталған әдістеме негіздері. Талаптарды талдау, спецификациясын анықтау және Программалық қамтаманы жобалау.

Объектілік әрекет кезінде программаларды дайындау ерекшеліктері. “Пайдалану варианттарын” анықтау. Объектілі – бағытталған программалаудың негізгі концепциялары. Жүйенің функционалды және объектілі декомпозиция түсінігі. Объектілі – бағытталған программалау принциптері. Объектілі бағытталған программа шешілетін мәселенің әрекет етуші моделі ретінде. Объектілі бағытталған жүйелерде тестілеуді ұйымдастыру. Пән аумағының концептуальды моделін құру. Тәртібінің жазбасы. Жүйелік оқиғалармен операциялар. Программа қамтамасының құрылымын өңдеу. Объектілер арасындағы қарым-қатынасын анықтау. Кластарды жобалау. Программалық компонентерді жинау. Drag&Drop технологиясы.



Ә.2, 4, 5, 7, 9,10

6 сағат

7

Қолданушы интерфейсін дайындау. Перспективтер.

Қолданушы интерфейсінің типтері және оларды дайындау жолдарының кезеңдері. Интерфейс пайдаланатын қолданушы және бағдарлама моделі. Диалогтардың жіктеулері және оның жалпы дайындау принциптері. Қолданушы интерфейсінің интеллектуалды элементтері.

Кодтық автоматты генерациясы. Компоненттік технология. Платформа тәуелсіз және платформа тәуелді моделдерді (МДА) қолдану мен концепциялары. Аспектілі – бағытталған программалау.

Объектілі – бағытталған әдістемені қолдайтын программалау тілдерінде шолу жасау. Объектілі жүйелердің құрылымдарын моделдеу мен жобалаудың негіздері (UML). Объектілі – бағытталған программалау тілдерінің негіздері (С++, JAVA).



Ә.12,13, , 15, 17,19

4 сағат

8

Программалық қамтаманы тестілеу және отладкалау. Программалық құжаттарды құрастыру.

ПҚ сапасын тексеру түрлері. Қолмен тексеру. Тестілеу және жүзеге асыру. Құрылымдық тестілеу. Фнкциональды тестілеу. Бағалау тесті. Әдістемелік тестілеудің түрлері: программаның орындалуына негізделген формальды қайта қарастырулар мен тестілеу. Спецификация бойынша тестілеу және программалық код бойынша тестілеу. Қателер түрлері. ПҚ әдістері мен құрамы. Түсінік хат. Қолдану басшылығы. Программалық құжаттарды дайындаудың негізгі тәртіптері. Басқару құрылымы және программа құрылымы. Нәтижелік және негіздеу. Құжаттау. Программалаудың жақсы стилінің ережесі.



Ә.3,5,7, 11, 12, 14

2 сағат



  1. Зертханалық сабақтар

Зертханалық сабақтар программалық тілдер ортасында орындалады.

2.1 Жобалау алдында қамтама аумағын зерттеу. Есептің қойылуы. Техникалық тапсырмаларды дайындау. Есепті шешу үшін тәсілді таңдау және негізгі алгоритмін құру. Бағдарламаның құрылымдық сұлбасын құру.

- 4- сағат

2.2 Құрылымдық әрекет. Талаптарды талдау, спецификациясын анықтау және бағдарламалық қамтаманы жобалау. Мәліметтер құрылымын жобалау. Құрылым әрекетінде бағдарламалау қамтамасын жобалау. - 2- сағат

2.3 Процедуралық – бағыттау тілінің ортасында жұмысты ұйымдастыру. Сызықтық, тармақталған және циклдік құрылымның бағдарламалау алгоритмі. - 4- сағат

2.4 Бір өлшемді және екі өлшемді массивтердің элементтерін өңдеу.

- 4- сағат

2.5 Ішкі программаларды (процедура және функция) қолданатын бағдарламалар құру. - 4- сағат

2.6 Символдық хабарлар. Мәтіндерді өңдеу. - 4- сағат

2.7 Жазбаларды өңдеу. - 2- сағат

2.8 Файлдармен жұмыс істеу. Динамикалық жадыларды қолдану.

- 4- сағат

2.9 Тілдің графикалық мүмкіндіктерін қолдану. - 2- сағат

2.10 Түсінік жазбаларын және пайдаланушының көмекшісін дайындау.

- 2- сағат
3 Студенттердің есептеу-графикалық жұмыстары

3.1 Құрылымдық әрекетті қолданып, бағдарламаларды жобалау (жобалау алдында қамтама аумағын зерттеу. Есептің қойылуы. Техникалық тапсырмаларды дайындау. Есепті шешу үшін тәсілді таңдау және негізгі алгоритмін құру. Бағдарламаның құрылымдық сұлбасын құру; технологияларды таңдау, бағдарламалау тілімен ортаны; қолданушы интерфейсін жобалау).

3.2 Таңдалған бағдарламалау ортасында құрылған бағдарламаны тарату (қолданушы интерфейсін дайындау). Тестілеу. Отладка жасау.

3.3 Бағдарлама құжаттарын құру.


4. Студенттердің өз бетінше оқитын тақырыптары

4.1 Программалық тіліндерде өрнектердің жазылу тәртіптері

- 2 сағат

4.2 Программалық тіліндердің даму тарихы - 2 сағат

4.3 Типтер және айнымалылар - 2 сағат

4.4 Стандарты функциялар - 2 сағат

4.5 Оъектілі програмалау туралы түсініктер - 4 сағат

4.6 Класстар және әдістер - 4 сағат

4.7 Тексеру және таңдау операторлары - 2 сағат

4.8 Циклдық прогламалауға арналған командалар - 2 сағат

4.9 Массивтер - 4 сағат

4.10 Көрсеткіштер - 4 сағат


5. Әдебиет тізімі

        1. Иванова Г.С. Технология программирования. - М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2002.

        2. Канер С., Фолк Д., Нгуен Е.К. Тестирование программного обеспечения. - Киев: «ДиаСофт», 2000.

        3. Мандел Т. Разработка пользовательского интерфейса. – М.: ДМК Пресс, 2001.

        4. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. – М.: Мир, 1989.

        5. Гримм С.Дж. Как писать руководства для пользователей. – М.: Радио и связь, 1985.

        6. Вендров А.М. CASE-технологии. Современные методы и средства проектирования информационных систем. – М.: Финансы и статистика, 1998.

        7. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2000.

        8. Бутаков Е.А. Методы создания качественного программного обеспечения ЭВМ. - М.: Энергоатомиздат, 1984.

        9. Ашарина И.В. Основы программирования на языках С и С++.- М., Горячая линия - Телеком, 2002.

        10. Марченко А.Л. С++. Бархатный путь. - М., Горячая линия - Телеком, 2002.

        11. Дейтел Х.М., Дейтел П.Дж. Как программировать на С++. – М.: БИНОМ, 1999.

        12. Страуструп Б. Язык программирования С++. – М.: Радио и связь, 1991.

        13. Культин Н.Б. Самоучитель С++Builder. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004.

        14. Архангельский А.Я. C++ Builder 6. Справочное пособие. Книга 1. Язык С++. – М.: Бином-Пресс, 2002.

        15. Архангельский А.Я. C++ Builder 6. Справочное пособие. Книга 2. Классы и компоненты. – М.: Бином-Пресс, 2002.

        16. Киммел П. и др. Borland C++ 5. – СПб.: BHV-Санкт-Перебург, 2000.

        17. Культин Н. С/С++ в задачах и примерах. – СПб.: Питер, 2002.

        18. Аляев Ю.А., Козлов О.А. Алгоритмизация и языки программирования Pascal, C++, Visual Basic: Учебно-справочное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004.

        19. Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. Курс компьютерной технологии. Учебное пособие. М., АБФ,1998.

        20. Фаронов В.В. Турбопаскаль 7.0. Начальный курс: Учебное пособие.- М., Нолидж,1999.

        21. Фаронов В.В. Турбопаскаль 7.0. Практика программирования: Учебное пособие – М.: Нолидж,1999.

        22. Немнюгин С.А. Turbo Pascal. - СПб., 2000.

        23. Марченко А.Н., Марченко Л.М. Turbo Pascal-7.0. - М.: ”ДЕСС”, 1999.

        24. Культин Н. Турбо Паскаль. - СПб.: Изд. «БХВ», 1998.

        25. Архангельский А.Я. Язык Pascal и основы программирования в Delphi. – М.: ЗАО Бином, 2004.



Мұғалімнің талаптары

Студенттер лекциялық (1 кесте), зертханалық сабақтарға және консультацияларға қатысады, өзіндік жұмыстарды орындайды.

Зертханалық жұмыстар зертханалық сабақтарда орындалады, студент жұмысты уақытысында қорғауы керек (3 кесте). Жұмыс қорғалғаннан кейін бағаланады. Студент жұмыстың мағынасын түсінетінін және қолданатын құрылғымен жұмыс жасау дағдаларын көрсетуі керек.

Графикалық -өзіндік жұмыстар график бойынша орындалады (2 кесте).

Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмыстары орындалады. (3 кесте). Олар студенттер өздігінен жасайтын теориялық материалдардан тұрады. Өзіндік жұмыстардың бағалары негізгі бағаға қосылады.

Барлық тапсырмалардың электорндық варианттары компкластарда орнатылған.


Білімдерді бағалаудың жүйесі

1 кесте. Лекциялық сабақтарға қатысуды бағалау



Сабақ түрі

Сағат саны

Бір лекцияның бағасы

Жалпы суммасы


Лекциялар

32

0,2

Максимум 6 балл

2 кесте. Есептеу-графикалық жұмыстарды бағалау




Жұмыс түрі


Тапсырманы беру уақыты


Тапсыру және қорғау уақыты



Жұмыс орындалуын бағалау

Уақытында



кешігумен


1 апта

> 1 апта

Мин.

Макс.







№1 ӨЕЖ

1 апта

5-6 а.

3

8

- 1 балл

-2 балл

№2 ӨЕЖ

1 апта

10-11 а.

3

8

- 1 балл

-2 балл

№3 ӨЕЖ

1 апта

14-15 а.

3

8

- 1 балл

-2 балл

Жалпы







9

24






3 кесте. Зерханалық жұмыстарды орындау графигі


Жұмыс аты



Сағат саны

Орындау уақыты

Қорғау уақыты

Бір жұмысты бағалау

Уақытысында

Кешігумен

Мин.

Макс.

1 апта.

> 1 апта

№1 зертханалық жұмыс. Жобалау алдында қамтама аумағын зерттеу. Есептің қойылуы. Техникалық тапсырма-ларды дайындау. Есепті шешу үшін тәсілді таңдау және негізгі алгоритмін құру. Бағдарламаның құрылымдық сұлбасын құру.

4

1

апта


2

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№2 зертханалық жұмыс. Құрылымдық әрекет. Талаптарды талдау, спецификациясын анық-тау және бағдарламалық қамтаманы жобалау. Мәліметтер құрылымын жобалау. Құрылым әрекетінде бағдарламалау қамтамасын жобалау.

2

3

апта


3

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№3 Процедуралық – бағыттау тілінің орта-сында жұмысты ұйым-дастыру. Сызықтық, тармақталған және цикл-дік құрылымның бағдар-ламалау алгоритмі.

4

4

апта


5

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№4 зертханалық жұмыс. Бір өлшемді және екі өлшемді массивтердің элементтерін өңдеу.

4

6

апта


7

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№5 зертханалық жұмыс. Ішкі программаларды (процедура және функция) қолданатын бағдарламалар құру.

4

8

апта


9

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№6 зертханалық жұмыс.

Символдық хабарлар. Мәтіндерді өңдеу.



4

10

апта


11

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№7 зертханалық жұмыс.

Жазбаларды өңдеу.



2

12

апта


12

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№8 зертханалық жұмыс.

Файлдармен жұмыс істеу. Динамикалық жадыларды қолдану.



4

13

апта


14

апта


2

3

- 1 балл

-2 балл

№9 зертханалық жұмыс.

Тілдің графикалық мүмкіндіктерін қолдану.



2

15

апта


15

апта


1

3

- 1 балл

-2 балл

№10 зертханалық жұмыс.

Түсінік жазбаларын және пайдаланушының көмекшісін дайындау.



2

16

апта


16

апта


1

3

- 1 балл

-2 балл

Жалпы










18

30







Өзіндік жұмыстарды орындау

Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысы келтірілген теориялық материалды оқудан тұрады. Осы тақырыптар бақылауға кіреді. Бұл жұмыс бойынша бағалар 5 баллдан 10 балға дейін болады.

Бағалардың жалпы саны –51-ден 100 баллға дейін.

Студенттің рейтинг бағасы 51 баллдан кем юолмауы керек..



Егер де студент емтиханға жіберілмей, барлық жұмыстар бойынша қарыздарын сессия кезінде жойса, бағасы 4 баллдан көп болмайды.

Аралық бақылау – 7 және 14 апта.
Каталог: Docs -> Sillabus -> KAZ
Docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
KAZ -> «алматы энергетика және байланыс институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы радиотехника және байланыс факультеті «инженерлік кибернетика»
KAZ -> Компьютерлік технологиялар кафедрасы
KAZ -> Программаны әзірлеудің құрал-саймандары пәнінен Оқу бағдарламасы (syllabus)
KAZ -> «алматы энергетика және байланыс институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы радиотехника және байланыс факультеті «компьютерлік технологиялар»
KAZ -> БАҒдарламасының курсы «Информатика»
KAZ -> «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы «бекітемін» Ржбф деканы
KAZ -> «Бекітемін» ртбф деканы Медеуов Ұ. Ы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет