Программалық Оқу есептеуіш техника кешені қамтылуы Оқулық дидактикалық Жұмыс дәптері



Дата27.04.2016
өлшемі256.34 Kb.
түріПрограмма
Мерзімі «___» _____________________




Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері. Стандартты функциялар. Калькулятор қолданбасымен оқуға дайындалу

Программалық Оқу есептеуіш техника кешені

қамтылуы Оқулық

дидактикалық Жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаты 1. Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік жазу ережелерімен танысу. Стандартты функциялармен танысу. Калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдылану.

2. Оқушылардың практика барысында калькуляторда

мәтіндік құжатқа кірістіру дағдыларын дамыту;

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:

қойылатын талаптар - арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтін түрінде жазу ережелерін;

  • негізгі стандартты функцияларды;

  • калькулятордың арналуын;

  • калькулятордың қандай жұмыс режимдері бар екенін;

  • калькулятор батырмаларының мәнін анықтауды;

  • қажетті анықтамалық ақпаратты алуды;

  • мәтін түрінде терілген арифметикалық өрнектерді калькуляторға қалай тасымалдауға және нәтиже алуға болатынын.

Оқушының үйренуі тиіс білігі:

  • арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазуды;

  • калькуляторды іске қосуды;

  • калькулятор түрлерін ауыстырып қосуды;

  • калькулятор жадын пайдалануды;

  • сандарды теріп олармен есептеулер жүргізуді;

  • алмасу буферін пайдаланып, күрделі есептеулер жүргізуді.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері.

Стандартты функциялар.
Математикада арифметикалық және алгебралық өрнектерді бөледі.

Арифметикалық өрнек – бұл арифметикалық операциялар белгілерімен біріктірілген сандар.

Алгебралық өрнек – бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалылар. Информатикада алгебралық өрнек деген түсінік жоқ, ал арифметикалық өрнек өзіне арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалыларды кіргізеді.

Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктірілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады..


Информатикада арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар келесі белгілермен белгіленеді:

  1. « + » - қосу;

  2. « - » - алу;

  3. « * » - көбейту;

  4. « / » - бөлу;

  5. « ^ » - дәрежесін табу.

Бұдан басқа, арифметикалық өрнектерде дөңгелек жақшалар – « ( ) » қолданылуы мүмкін, мұнда кез-келген өрнекте ашылатын дөңгелек жақшалардың « ( » саны жабылған жақшалардың « ) » санына сәйкес болуы тиіс. Квадратты және фигуралық жақшаларды пайдалануға тыйым салынады.
Информатикада арифметикалық та, логикалық та операциялар бір жолға жазылады, яғни бөлшекті жазу үшін алымы мен бөлімін жақшаның ішіне қойып, олардың арасына « / » бөлу белгісін қою керек.

Өрнектің математикалық жазуында көбейту белгісі қойылмайды, ал арифметикалық өрнекте ол міндетті түрде болуы керек.

Тағы да математикалық жазудан тағы бір айырмашылық бар – ондық бөлшекті жазғанда, үтір емес, нүкте қойылады. Оңайлық үшін пернетақтада жай әшейін нүкте тұрады.

Мысал:


Математикалық жазу

Мәтін түріндегі арифметикалық өрнек –

(2*А+С)/(А+3,5)+D.

Арифметикалық операциялардан басқа, математикалық формулаларда квадраттық түбірлер, тригометриялық және басқа элементар функциялар кездеседі. Мұндай жағдайларда бағдарламалау тілдерінде және калькуляторда бірқатар құрамдас стандартты функциялар бар. Стандартты функциялар арифметикалық өрнектерде қолданылады.


Неғұрлым жиі қолданылып жүрген стандартты функцияларды атайық:

  1. sin ()

  2. cos ()

  3. tan ()

  4. log ()

  5. sgrt ()

  6. int ()

  7. exp ()

Жақшаның ішіне берілген функция есептелетін өрнекті жазу керек. Стандартты калькулятор бағдарламасы – бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.


Калькулятор бағдарламасының арналуы қандай?

Сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.

Сен калькулятордың тағы қандай түрлерін білесің?

Калькулятор түрлері:

1. Қарапайым 2. Инженерлік







Іске қосу.

Калькулятор бағдарламасын іске қосу әрекеттерінің тізбегін көрсет.


Пуск Программы Стандартные Калькулятор
Калькулятор терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі (түзету, түр, анықтама), терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Операторлар мен сандарды пернетақтадан да енгізуге болады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет.
6.2.1. – тапсырма. Num Lock пернесінің міндеті қандай?

Сандық режимде жұмыс істеу үшін, пернетақтаның қосымша блогын активті жағдайға келтіреді.


Кестені толтыр.

Бұл тапсырма оқушылардың кейінгі бақылау жұмысына оқулықпен дайындалу үшін ұсынылады (өзара бақылау ұсынуға болады).
Жұмыс үстелінде калькулятор таңбашасын құру үшін, Windows. Exp ОЖ Calc.exe. бағдарламасын табу керек. Калькулятордың екі режимі бар: қарапайым және инженерлік, олар Түр менюі арқылы бапталады. Калькулятордың кез-келген батырмасында маустың оң жақ батырмасын басып, ал содан кейін «Бұл не» деген команданы таңдап анықтама алуға болады.

Калькулятордың көптеген батырмалары пернетақтаның батырмаларына ұқсайды (анықтамалық батырма бойынша көрсетіледі). Калькуляторда оналтылық, ондық, сегіздік, екілік есептеу жүйесіндегі деректермен жұмыс істеуге болады. Сонымен, оналтылық, ондық, сегіздік, екілік есептеу жүйесінде тек бүтін сандар ғана көрсетілген, ал бұл санау жүйесіндегі теріс сандар қосымша максималды сандар ретінде.


Арифметикалық есептеулер калькулятордың әр түрлі жұмыс режимінде әр түрлі болып жүргізіледі. Кәдімгі режимінде есептеулер тікелей ретте арифметикалық операциялардың басымдығын есепке алмай жүргізіледі, мысалы, 10+11х3 өрнегінің дұрыс нәтижесін алу үшун, былай есептеу керек – 11х3+10=43, кері жағдайда (10+11)х3=63 деп алуға болады. Инженерлік есептеулерді жүргізуге арналған калькуляторда арифметикалық операциялардың басымдығымен, яғни жақшасыз теріп есептеп, мынадай қорытынды шығарамыз 10+11х3 = 43. Инженерлік калькуляторда жақша қолдануға болады. Мысалы,

10+11х3=43; (10+11)х3=63.


Калькулятормен жұмыс істеудің кейбір әдістері
Пайызды есептеу:

  1. П
    Санды берілген дәрежеге шығару:

    1. Санды теру.

    2. “X^Y” батырмасын басу.

    3. Дәрежеге - санын теру.

    4. “=” белгісін теру
    роцент есептелетін санды теру.

  2. “x” белгісін басу.

  3. Процент- санды теру

  4. “%” белгісін басу


Тригонометриялық функцияларды есептеу.

Бұрыштарды радиан өлшеуде беру:



  1. “Deg” жалаушасын орнату;

  2. Егер бұрыш градуста – минутта - секундта берілсе, онда градусты, минутты және секундты үтір арқылы теру керек.(31,18.5); “Inv” жалаушасын орнату; “Dms” батырмасын басу; алынған сан градуста ізделіп отырған бұрыш болады..



Радианда көлемде бұрышты тапсыру

  1. “Red” жалаушасын орнату.

  2. Бұрышты табу үшін Pi санын пайдалануға болады. Мысалы , 60 градус –бұл Pi санының алтыдан бір бөлігі. Pi батырмасын басу, “/” белгісін басу, 6 санын теру, “=” белгісін басу.


SIN, COS, TAN сияқты тригонометриялық функцияларды есептеу:

1. “Deg” немесе“Red” жалаушасын орнату.

2. Аргумент мәнін градуста (Deg ) немесе радианда (Red ) теру.

3. Қажетті функцияның (SIN, COS, TAN және т.б) батырмасын басу.




Кері тригонометриялық функциларды есептеу

1.“Inv” жалаушасын орнату.

2. “Deg” немесе“Red” жалаушасын орнату.

3. Аргумент мәнін градуста (Deg ) немесе радианда (Red ) теру.

4. Қажетті функцияның (SIN, COS, TAN және т.б) батырмасын басу.
Жадпен жұмыс істеу (онда тек бір ғана санды жазуға болатын).


  1. Енгізу өрісіндегі санды жадқа енгізу үшін MS батырмасын басу керек

  2. Mr –жадтағы санды енгізу өрісіне беру.

  3. М+ - жадтағы санға енгізу өрісіндегі санды қосу.

  4. МС – жадты тазалау.

Жадпен жұмыс істеу кезінде калькулятор тақтасындағы жад батырмаларының үстінде

М индикаторы пайда болады .Жадқа енгізілген әр жаңа сан алдыңғы санның орнын басады.
Алмасу буферімен жұмыс істеу

  1. Арифметикалық өрнекті кез келген әтіндік редакторда немесе процессорда теру, мысалы 54-3*4-678=

  2. Өрнекті алмасу буферіне “=” белгісін қоса отырып , көшіру.

  3. Калькулятордға өрнекті енгізу өрісіне кірістіру - “Ctrl+V” немесе менюден Түзету, Кірістіріп қою .

  4. Алынған нәтижені алмасу буферіне көшіру - “ Ctrl+C ” немесе менюден Түзету , Көшіру.

  5. Нәтижені редактордың қажетті жеріне апару.


Калькулятордың негізгі батырмалары мен жалаушаларының тізімі

С – толық босату, жаңа формула бойынша есептеуді бастайды.

Log – ондық логарифмді есептейді.

СЕ – бейнеленген санды жояды.

n! – санның факториалын есептейді.

Back - бейнеленген санның соңғы цифрын жояды.

( - дөңгелек жақша қояды.

М+ - ағымдағы санды жадтағы санға қосады.

Exp – сандарды экспоненциалды нотацияда енгізуге рұқсат береді.

МС – жадты тазалайды.

X^Y X – ты Y дәрежесінде есептейді.

МR – жадтың ішіндегіні шығарады.

Х^3 – бейнеленген саннның кубын есептейді.

+/- - белгіні кері өзгертеді.

Х^2 – бейнеленген санның квадратын есептейді.

% - ағымдағы саннан пайызды есептейді.

Cos –косинус функциясын есептейді

Sqrt -квадрат түбірін есептейді

Sin-синус функциясын есептейді

1\x-ағымдағы санға кері санды шығарады

tаn- тангенс функциясын есептейді

+” -қосу операциясы



Dms-бейнеленген санды градус –минут-секунд пішініне түрлендіреді.

-“ -алу операциясы.



F-E-экспоненциалды нотацияны пайдалануға рұқсат береді немесе тыйым салады.

«x»-көбейту операциясы.

Stа-статистика терезесін ашады.

«/» - бөлу операциясы.

Аve -статистика терезесінде бейнеленген сандардың орта мәнін есептейді.

«,» -санның бүтін және бөлшек бөліктерін бөлуші.

Sum - статистика терезесінде сандардың сомасын есептейді.

«=» - есептеудің нәтижесін шығарады.

S -статистика терезесінде сандардың ығыспаған стандартты ауытқуын есептейді.

А-F-оналтылық санау жүйесінде 10-15 цифрларының орнына қолданылады.

Dаt-бейнеленген санды статистика терезесіне енгізеді.

PI-р саны.

HEX-берілген санды оналтылық жүйеге ауыстырады.

Mod-х-ті у-ке бөлу қалдығын есептейді.

Dec-берілген санды ондық жүйеге ауыстырады.

Аnd-логикалық қосу(разрядтап)

Oct-берілген санды сегіздік жүйеге ауыстырады.

Or-логикалық алу (разрядтап)

Bin-берілген санды екілік жүйеге ауыстырады.

Xor-НЕМЕСЕ-ні қоспайтынды разрядтап есептейді.

Deg-тригонометриялық функциялардың аргументін градуста береді.

Lsh-разрядтап солға жылжу.

Rаd-тригонометриялық функциялардың аргументін радианда береді.

NOT-бейнеленген санды разрядтап инверттейді.

Grаd-тригонометриялық функциялардың аргументін градуста береді.

Int- ондық санның бүтін бөлігін бейнелейді.

Inv- кері (теріс)функцияларды есептеуге мүмкіндік береді

In-натурал логарифм.

Hyp-гиперболалық функцияларды есептеуге мүмкіндік береді.
6.2.2-тапсырма: Қызықты бет

Үйде алдын ала дайындық жүргізу ұсынылады. Дифференциалданған тапсырмалар ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Кәдімгі калькулятордың көмегімен арифметикалық есептеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

123456789 1 =

12345678 21 =

1234567 321 =

123456 4321 =

12345 54321 =

1234 354321 =

123 7654321 =

12 87654321 =

1 987654321 =



Жауабы: Екі бағандағы да сандардың қосу нәтижесі бірдей.

1083676269
2.Бірдей сандармен тек қосу амалдарын пайдаланып:

- бес екіліктің көмегімен 28 санын;

................................................................


  • сегіз сегіздің көмегімен 1000 санын

...................................................................

жазыңдар



Жауабы: 1000=888+88+8+8+8; 28=22+2+2+2.

  1. Т
    Нәтижесінде 100 санын алу үшін жеті санның арасына + белгісін қойыңдар.
    1 2 3 4 5 6 7

    Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.




    оқсан тоғыз бен жүз.


Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына қанша + белгісін қою керек?
9 8 7 6 5 4 3 2 1 = 99



Жауабы:

9+8+7+65+4+3+2+1=99 немесе 9+8+7+6+5+43+21=99

1+2+34+56+6+7=100 немесе 1+23+4+5+67=100


  1. Жүз.


Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірлікпен, не бес бестіктен 100 санын құрастыр. Бес бестіктен 100 санын екі түрлі тәсілмен құрауға болатынын ескер.

1 1 1 1 1 = 100

5 5 5 5 5 = 100

5 5 5 5 5 = 100




Жауабы: 100=111-11 немесе 100=5*5*5-5*5 немесе 100=(5+5+5+5)*5
6.2.3-тапсырма. Сандық әткеншек.

К


37 санының қызықты қасиеті.

37*3=


37*6=

37*9=


37*12=

37*27=


алькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орында да, олардың сол және оң жақ бөліктерін салыстыр.


Бұл қасиетті тұжырымда.




6.2.4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Оқушылардың оқулықпен өз бетімен жұмыс істеуі үшін ұсынылады. Калькулятордың ішкі жадын түсініп қолдануға арналған.

Калькулятордың ішкі жады неге арналған?



Кейбір нәтижелерді сақтау үшін.
Калькулятордың ішкі жадында белгілі бір мән барын қалай анықтаймыз?

Егер жадта нөл емес мән бар болса, онда индикатордың астында, терезеде сол жақта, М әрпі пайда болады.

Егер жадқа жаңа мән енгізсе, онда алдыңғы мән өшеді.

6
1 2 3 = 1

1 2 3 4 = 1

1 2 3 4 5 = 1

1 2 3 4 5 6 = 1

1 2 3 4 5 6 7 = 1

1 2 3 4 5 6 7 8 = 1



1 2 3 4 5 6 7 8 9 = 1
.2.5-тапсырма.
Арифметиканың төрт амалын орналастыр. Калькулятордың ішкі жадының көмегімен тексер.

Цифрлардың орналасу ретін ауыстырмай, олардың арасына арифметикалық амалдар белгісін қой. Бұл амалдар нәтижесінде әр қатарда

1 саны шығуы керек.. Жақшаны қолдануға болдаы. Егер керек болса, қатар тұрған екі санды екі мәнді сан

ретінде қолдануға болады




6.2.7-тапсырма. Уақытты белгіле де калькулятордың көмегімен қосу амалын орында. Есептеу уақыты мен нәтижесін жаз.

Жауаубы: 8 000 000

Сандардың 4 жұбын белгілейміз, әр жұптың қосындысы 1 000 000 тең, сонда барлық сегіз санның қосындысы 8 000 000 тең.

Қосатын сандарды топтастыра отырып, 8 секунд ішінде қосындысын ойша шығаруға болады. Сен осындай жылдамдыққа жете аласың ба?

Нәтиже______________________________________________________________________________

Есептеу уақыты_______________________________________________________________________
328 645

491 221


316 304

117 586

571 355


508 779

183 696


382 414

6.2.8-тапсырма. Есепте.

481.92/12 - 20.16 = 20

170*6/7 - 145 = 0.714285

6.05*(53.8+50.2) = 629.2

14.5/186+324 = и324.077

1.08*30.5 - 9.72/2.4 = 28.44

88 - 9.804*14 = - 49.256

(9.885 – 0.365)/1.7+4.4 = 10


6.2.9-тапсырма. «Әр түрлі амалдар – бір нәтиже» қасиеті бар 4, одан кейін 5, содан соң 6 және т.б. бірмәнді сандарды табыңдар.

2+2 = 4 1+1+1+2+5 = 1*1*1*2*5

1+2+3 = 6 1+1+1+3+3 = 1*1*1*3*3

1+1+2+4 = 1*1*2*4 1+1+2+2+2 = 1*1*2*2*2

2*2 = 4 1+1+1+1+2+6 = 1*1*1*1*2*6

1*2*3 = 6


6.2.10-тапсырма. Калькулятордың ішкі жадын пайдалана отырып, келесі амалдарды орында.

(2+7)*2*16 = 288

3*(2+4) =18 272+16 = 288


WINDOWS БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН САНДЫҚ ДЕРЕКТЕР АЛМАСУ
Алмасу буферімен жұмыс істеу:

  1. Арифметикалық өрнекті кез келген мәтіндік редакторда немесе процессорда теру.

54-3*4-678=

  1. Өрнекті алмасу буферіне «=» белгісін қоса көшіру.

  2. Калькуляторды енгізу өрісіне өрнекті кірістіріп қою – «Ctrl+V» немесе менюіндегі Түзету, Кірістіріп қою.

  3. Алынған нәтижені алмасу буферіне көшіру – «Ctrl+C» немесе менюдегі Түзету, Көшіру.

  4. Нәтижені редактордың қажетті жеріне апару.

Калькулятормен басқа қосымшалар арасында цифрлық деректермен алмасу кезінде не қолданылады?



Алмасу буфері.
6.2.11-тапсырма. Калькуляторды қолданып, есептеулерді жүргізіңдер.

(Бұл кестені мұғалім ертерек Word мәтіндік редакторында дайындауы керек).

Деректері бар ақпартізімін Word қосымшасында безендіру керек. Қолданбалар арасындағы цифрлық деректермен алмасуды алмасу буферінің көмегімен орындау керек. Қорытынды шығынның ішіне фирманың қызметінің құны кіреді.

Тауардың әр түрінің құнын $ доллар курсы бойынша теңгемен есептеңдер.

Фирманың қызметінің $ доллар курсы бойынша құны қандай?

«Сервис орталығы» фирмасының Жалмауыз кемпірге қызмет көрсетуінің шығын ақпарат тізімі.




Курс $1 = ??? теңге



Тауар аты

$ бағасымен

Теңге бағасымен

1

«City men» ер костюмі

150

?

2

«Былғары империясы» күртешесі

450

?

3

«Lumix» көйлегі

210

?

4

«Lumix» көйлегі

40

?

5

«Сәт» қолғабы

800

?

6

«Акцент» фирмасының түлкі терісінен жасаған тоны

2350

?




Барлығы

?

?




Фирма қызметінің ақысы

?

?

№1 тауардың бағасын теңгедей есептеу алгоритмін алмасу буферін қолданып жаз.




  1. Word – та 150 санын белгілеу.

  2. Түзету –Көшіру.

  3. Калькуляторды ашу.

  4. Түзету – Кірістіріп қою.

  5. Берілген 150*148 = 22200 санымен есептеу орындау.

  6. Индикаторда нәтижесін алып, Түзету – Көшіру.

  7. Word – ты ашу, меңзерді қажет торға орналастыру.

  8. Түзету – Кірістіріп қою.


ИНЖЕНЕРЛІК КАЛЬКУЛЯТОРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Инженерлік Калькуляторды іске қосу әрекеттерінің тізбегін көрсет.

Пуск Программы Стандартные Калькулятор

Вид Инженерный

Инженерлік калькулятордың арналуы қандай?



Қарапайым калькулятордың мүмкіндіктерінен басқа, инженерлік калькуляторда статистикалық есептеулерді орындауға, тригонометриялық функцияларды қолдануға, дәрежені табуға, логарифмдерді есептеуге болады.
Батырма функциясын қалай анықтауға болады?

Өздеріңе қажет батырма жөнінде анықтау алу үшін, динамикалық менюді пайдаланыңдар. Батырмада маустың оң жақ батырмасын шертіңдер, содан кейін «Бұл не» деген жазуда маустың сол жақ батырмасымен шертіңдер.
6.2.13-тапсырма. Кестені мәтіндік редакторда толтыр.

Жасылтоғай мектебінде оқу жылы аяқталып қалды. Статистикалық есептеулерге арналған Функционал батырмаларын қолдана отырып, Ақылды Қоянға оқушыларға IV тоқсанның бағасын қоюға көмектес.



(Бұл кестені мұғалім ертерек дайындауы керек).
Пән: Орман өмірінің этикасы Мұғалім: Ақылды Қоян



Аты-жөні

4.04

11.04

18.04

25.04

02.05

09.05

16.05

23.05

4 тоқс.

1

Қозы

5

4

5

4

4

5

5

5

5

2

Бұзау

3

3

5

4

2

5

4

4

4

3

Үкі

5

5

4

5

4

5

5

3

5

4

Жолбарыс

Ж

Ж

3

Ж

3

4

3

2

3

5

Иа-Иа

3

Ж

3

4

2

3

2

3

3

6

Түлкі

5

4

Ж

4

5

Ж

5

5

5

7

Қонжық

4

4

5

3

4

3

3

4

4

Оқушылардың бірі үшін төртінші тоқсанның бағасының алгоритмін жазыңдар.



  1. Инженерлік калькуляторды ашу.

  2. Sta батырмасында шерту.

  3. Статистика терезесі ашылады, оны калькулятордың терезесін жаппауы үшін, басқа жерге апару.

  4. Калькуляторға бірінші бағаны енгізу, Dat-ты шерту, баға Статистика терезесінде пайда болады.

  5. Калькуляторға қалған бағаларды Dat батырмасында ұдайы шертіп отырып, кезекпен енгізіңдер.

  6. Статистика терезесіне барлық бағандарды енгізгеннен кейін, Ave батырмасында шертіңдер.

Калькулятордың индикация өрісінде төртінші тоқсанның бағасының мәні пайда болады.

6.2.14-тапсырма. Кестені толтыр

Көп қолданылатын функционал батырмаларды ұғынып есте сақтауға бағытталған.

Санау жүйесі мен өлшеу мөлшері қалай орнатылады?



Ауыстырып қосқыш – батырмалардың көмегімен.

Кері функцияларды есептеу қалай орнатылады?



Inv-(инверсия) терезесінің көмегімен.

Жалаушаларды орнатып, батырмаларда көрсетілгенге кері функцияларды есептеуге болады.

6.2.15-6.2.23 – тапсырма

Бұл тапсырмалар инженерлік калькулятордың кейбір функционал батырмаларының қолдану дағдылары мен біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.


6.2.15-тапсырма. Инженерлік калькуляторды қолданып, томендегі амалдарды орында. Жазбалардың екі бөлігін өзара салыстыр.

625 5= 625

289 (8+9)= 289

1022 2-2= 1022

128 2= 128

4*2= 32 4/2 = 32





37*(3+7)= 3+7=

48*(4+8)= 4+8=

147*(14+7)= 14+7=

148*(14+8)= 14+8=

111*(11+1)= 11+1=

12*3*(1+2+3) =36 1+2+3=36





12*42= 504 26*93= 2418

21*24= 504 62*39= 2418

13*62= 806 42*36= 1512

31*26= 806 36*84= 3024

23*96= 2208 63*48= 3024

32*69= 2208 46*96= 4416

24*63= 1512 64*69= 4416



13= 169 14= 196

157= 24649 158= 24964

913= 833569 914= 835396

6.2.16-тапсырма. Сандарды табу.

4=16 33334=1111155556

34=1156 333334=111111555556

334=111556 3333334=11111115555556

3334=11115556 33333334=1111111155555556

333333334=111111111555555556


6.2.17 –тапсырма. Кестені толтыр.

Инженерлік калькулятормен жұмыс істей алатын санау жүйелерін ата.

Санау жүйесін таңдау үшін қандай батырманы шерту керек?

Ондық

Dec

Екілік

Bin

Сегіздік

Oct

Оналтылық

Hex


6.2.18 –тапсырма. Басқа санау жүйесіне ауыстыру

Dec

Bin

Oct

Hex




Dec

Bin

Oct

Hex

1

1

1

1

17

10001

21

11

2

10

2

2

18

10010

22

12

3

11

3

3

19

10011

23

13

4

100

4

4

20

10100

24

14

5

101

5

5

21

10101

25

15

6

110

6

6

22

10110

26

16

7

111

7

7

23

10111

27

17

8

1000

10

8

24

11000

30

18

9

1001

11

9

25

11001

31

19

10

1010

12

А

26

11010

32

1A

11

1011

13

В

27

11011

33

1B

12

1100

14

С

28

11100

34

1C

13

1101

15

D

29

11101

35

1D


6.2.19-тапсырма. Сандар ондық жүйесінде берілген, оларды басқа санау жүйесінде көрсет.




Dec

Bin

Oct

Hex

419

11100011

643

1A3

77

1110111

167

77

6669

1101000001101

150015

1A0D

35115

1000100100101011

104453

892B

51

110011

63

33

15

1111

17

F

1551

11000001111

3017

60F

5115

1001111111011

11773

13FB


6.2.20-6.2.22-тапсырма. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
6.2.23-тапсырма

Сандар берілген ...

3.56, 9, -27, 6.25, 0.064, -3, 5, 4.21, 5.78

Олардың қосындысын және орташа арифметикалықты анықтандар.

Қосындысы= 3,889

Орташа арифметикасы= 0,432


IV. Жаңа сабақты бекіту

6.2.20. - 6.2.22 –тапсырмалары бойынша

V. Қорытындылау

1. Оқушыларды бағалау

2. Үйге тапсырма: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері. Стандартты функциялар. Калькулятор қолданбасымен оқуға дайындалу





Каталог: files -> lesson
lesson -> ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу. Бағдарламалық оетс, Windows ож
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақталық тренажер
lesson -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
lesson -> ДӘріс №18 алгоритм жайында түсінік, есеп шығарудың кезеңдері жоспар
lesson -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Логикалық пікірлердің түрлерін түсіндіру және ол жайындағы түсініктерді үйрету
lesson -> Сабақ тақырыбы: «Есептерге алгоритм құрып, блок схемасын салып үйрету»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет