Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ



жүктеу 67.53 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі67.53 Kb.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КАҚ

Қазақ ұлттық аграрлық университеті
БАҚ басшыларына! Баспасөз хабарламасы
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция:

«АӨК дамытудағы ғылым мен білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы»
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 2015 жылдың 27 қараша күні сағат 10:00-де университетіміздің 85 жылдық мерейтойына орай «АӨК дамытудағы ғылым мен білімнің басымды бағыттарының жаңа стратегиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы басталады.

Үш күнге (27-29 қараша) жоспарланған конференцияның негізгі мақсаты: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуын қолдау үшін ғылыми-зерттеу және білім беру басымдықтарының стратегиясын әзірлеу.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті – аграрлық ғылым, білімнің инновациялық дамуын жүзеге асырушы, осы саладағы бәсекеге қабілеттілікті арттырушы Қазақстандағы жетекші аграрлық оқу орны болып табылады. Бүгінгі таңда университет халықаралық тәжірибе негізінде жаңа білім мен қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдаланатын институционалдық зияткерлік орталыққа айналды.

Шетелдік тәжірбие және жобалық басқарудың халықаралық стандарттары негізінде 2011 жылдан бері оқу орнымызды Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялаудың арнайы стратегиялық бағдарламасы жүзеге асып келеді.

Осы жылдар ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылардың саны артып, ғылыми мектептер құрылды, оқытушылардың біліктілігі жоғарылады, ғылымды қаржыландыру көлемі ұлғайды, жаңадан зертханалар ашылып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы қарқынды дамыды. Университеттегі сапаның артқанының дәлелі ретінде мемлекеттік аттестация және халықаралық, ұлттық институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтуін айтуымызға болады. Ағымдағы жылы QS World University Rankings Дамыған Еуропа мен Орталық Азияның 308 университеттері арасынан 67 орынға тұрақтадық.

Университет трансформация процесіне байланысты тәжірбиелік көмек және сараптамалық тұжырым беретін әлемнің 103-ке жуық оғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз әріптестік байланыста жұмыс істейді. Конференция барысында отандық және әлемдік деңгейдегі беделді эксперт-мамандар оқу орнымыздың Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану моделін талқылап, арнайы тұжырымдама жасап, қорытынды шығармақ.

Бүгінде оқу ордамыз ғылым, білім, өндіріс салаларын интеграциялау бағытында белсенді қызмет атқарып келеді. Ғылыми инетеллектуалды жұмыстарды коммерциаландыру, агроөнеркәсіп кешеніне жоғары білікті мамандар даярлау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті.

Конференцияның ғылыми бағыттары: Агроинновация және экология; Орман шаруашылығындағы инновациялар; Су мәселелері және жерді мелиорациялау; Консалтинг және агробизнес; Аграрлық инженерия; Биоресурстар технологиясы және Ветеринарлық қауіпсіздік.

Конференция жұмысына әлемнің аграрлы жоғары оқу орындарын біріктіретін Жаһандық консорциум мүшелері, Қазақстандағы Елшіліктер мен Консулдық қызмет өкілдері, отандық және шет ел жоғары оқу орындарының ректорлары, көрнекті ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттардың директорлары мен қызметкерлері, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қатысады.

Конференция аясында Инновациялық орталық ашу жоспарланған.

Конференция қорытындысы бойынша инновациялық технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға, ел экономикасындағы аграрлық сектордың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тағам қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін Қаулы қабылданатын болады.


Конференция жұмысынан кейін, мерейтойдың негізгі шарасы – Түлектер жәрмеңкесі және Тұңғыш Президент күні мен университеттің 85 жылдығына арналған «Білімді жастар - Ұлы Дала тірегі» атты Салтанатты кеш 27 қараша күні 15:00-де Алматы қаласындағы Республика Сарайында өтеді.
Осы орайда аталған мерейтойлық шараларға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

ҚазҰАУ Қоғаммен байланыс басқармасының директоры

Алмат ИСӘДІЛ
Конференция жұмысы өтетін мекен-жай:

0500010, Алматы қаласы, Абай көшесі 8

Тел: +7(727) 2621785, +7(727) 2628982

87014249558

e-mail: info@kaznau.kz веб-сайт: www.kaznau.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

КАҚ «ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ»

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Алматы қ. 27-29 қараша 2015 ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


Өткізілетін орын:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 8

Қазақ ұлттық аграрлық университеті



Өткізілетін мерзімі:

27-29 қараша 2015 жыл

Қатысушылары:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі, Алматы қаласының әкімі, Алматы облысының әкімі, КАҚ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» директорлар кеңесі мен басқармасының төрағалары, шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен өкілдері, ҚР АШМ ҒЗИ, ТӨШ директорлары, ауылшаруашылық кәсіпкерлері

Бірінші күн, 27 қараша

9.00 – 10.00


Конференция қатысушыларын тіркеу

(бас ғимараттың фойесі)

Университет мұражайымен, ғылыми жетістіктер көрмесімен және Қазақ-Корей орталығын, су орталығын, инновациялық жылыжайды, Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы – 2 үшін мамандар дайындауға қажетті оқу-ғылыми-зерттеу зертханаларын қамтитын Инновациялық орталықпен танысу.




Пленарлық мәжіліс

(ҚазҰАУ бас ғимараты, акт залы)

10.00 – 10.30


Конференцияның ашылуы
Есполов Тілектес Исабайұлы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры
Құттықтау сөздер:

Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы – Алматы қаласының әкімі
Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Баталов Амандық Ғаббасұлы – Алматы облысының әкімі
Қалиев Ғани Әлімұлы - КАҚ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» директорлар кеңесінің төрағасы


10.30 – 10.50

10.50 – 11.10

11.10 – 11.30

11.30 – 12.30

12.30 – 13.00
15.00 - 17.00




Есполов Тілектес Исабайұлы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры

«Инновациялық негіздегі АӨК модернизациясы: механизмдері мен басымдылықтары»


Наметов Асқар Мырзахметұлы – КАҚ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» басқармасының төрағасы

«Қазақстандағы аграрлық білім, ғылым және өндіріс интеграциясы»


Өмірбаев Серік Мауленұлы – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры

«Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуы»


Шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары
Университеттің құрмет атақтары мен мараппаттарын тапсыру
Республика сарайы
Түлектер жәрмеңкесі

«Білімді жастар - Ұлы дала елінің тірегі»

Тұңғыш Президент Күні мен университет мерейтойына арналған Салтанатты кеш




Екінші күн, 28 қараша
10.00 – 13.00 ТМД қатысушы-елдерінің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы

Ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қою

(ҚазҰАУ бас ғимараты, ректораттың кіші залы)
Секциялардағы жұмыстар
Үшінші күн, 29 қараша

10.00 – 12.00

Әлемнің жетекші жоғары оқу орындары ректорлары мен ғалымдарының ауылшаруашылық экономикасының қазіргі таңдағы проблемалық сұрақтары бойынша магистранттар мен докторанттарға дәрістер оқуы



14.00 – 18.00: Оқу-тәжірибелік шаруашылықтарға шығу
: cms -> uploads -> files
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Қазақстан Республикасының Орман кодексі
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Программа bas ебрр в Казахстане при поддержке Правительства Японии Спонсоры: партнер
files -> Тендерная документация по закупкам Установки дефектоскопной феррозондовой для контроля тележек пассажирских вагонов) (по коду енс тру 26. 51. 66. 25. 00. 00. 10. 25. 1) способом открытого тендера
files -> «Бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Б. Сәрінжіпов




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет