Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті



жүктеу 1.12 Mb.
бет1/6
Дата03.04.2016
өлшемі1.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Р. М. Муталиева




қазіргі қазақ әдебиеті
Филология мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы

Павлодар

Кереку


2012

ӘОЖ 882.151.212.2 (075.8)

КБЖ 83.3(5 Каз) Я 73


М 79
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

Б. Қ Қапасова – фил. ғылым. кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты;

Б. Ш. Құралқанова – фил. ғылым. кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты доценті;

А. О. Кәріпжанова – фил. ғылым. кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті доценті.



Муталиева Р. М.

М79 Қазіргі қазақ әдебиеті : филология мамандықтарының

студенттеріне арналған оқу құралы / Р. М. Муталиева. –

Павлодар : Кереку, 2012. – 86 б.


Оқу құралында М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин шығармалары қарастырылады. Мағжанның табиғат лирикасындағы өзіндік ерекшелігі ашылады. «Батыр Баян», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары талданады. Жүсіпбектің «Ақбілек» романы идеялық-көркемдік жағынан жан-жақты сөз болады. Жазушылық шеберлік мәселесіне көңіл бөлінеді.



ӘОЖ 882.151.212.2 (075.8)

КБЖ 83.3(5 Каз) Я 73

© Муталиева Р. М., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Кіріспе
«Қазіргі қазақ әдебиеті» оқу құралында бағдарлама бойынша студенттерге өтілетін ақын-жазушылар шығармаларына тоқталуды мақсат еттік. Бұл еңбекте барлық тақырып қамтылған жоқ, кейін шығатын екінші бөлімінде Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, Ә. Нұрпейісов шығармалары қарастырыла- тын болады. Бұл кітапта М.Жұмабаевтың табиғат лирикасы, поэмалары, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» романдары, Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесі идеялық-көркемдік жағынан қарастырылды. Кеңес дәуірі кезіндегі шығармаларға бүгінгі көзқараспен қайта баға беру, образдардың сомдалу ерекшеліктері, орыс әдебиеті шығармаларымен салыстыру жасау, жазушылық шеберлік, оның ішінде детальдарға, астарлы сөздерге көңіл аудару мәселелері сөз болады. ХХ ғасырдың басынан бергі әр түрлі сын, зерттеулерге де орын берілді.

1 Мағжан Жұмабаев шығармалары



1.1Мағжанның табиғат лирикасы


Бұл тақырыпта біршама ғалымдар пікір білдірді. М. Базарбаев Мағжанның «Жазғы жолда», «Қысқы жолда», «Жел», «Айға» өлеңдеріне тоқталып, былай дейді. «Ақын тау туралы толғансын, не дарқан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебіренеді» [1, 15 б.].

Рымғали Нұрғали «Әуезов және алаш» кітабында:

«Ақын шыққан аса биік эстетикалық тұғырдың бірі – пейзаж лирикасы, халық әдебиетінен, Абай дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты әлеуметтік терең сарындардан алынған үлгілерді дамыта келе, Мағжан табиғат көріністерін бейнелеуде әлем поэзиясындағы классикалық тәжірибелерге ден қоя отырып, жаңа көркемдік игіліктер жасады», – деп, «Толқын» өлеңіне тоқталады [2, 98 б.].

М. Әлімбаев «Толқыннан толқын туады» кітабында «Еділде» деген өлеңнің көркемдігін саралай келе: «Жұмабайұлы Мағжанның мектеп оқулықтарына бүгін де өзі сұранып тұрған өлеңдері аз емес. Өйткені уақыт озғанымен, өлең тозбаған. Бұл әсіресе табиғат жайындағы туындыларына тән!», – деп, «Жаз келеді», «Жазғытұрым» өлеңдерін атайды.

Ал Бақыткамал Қанарбаева «Жырымен жұртын оятқан» атты Мағжан туралы монографиясында табиғат лирикасына қысқаша түйіндеу жасай кетеді. «Гете тәрізді Мағжан да табиғатқа жан бітіріп жырлайды. Оны «Күзді күні» өлеңіндегі табиғатты адам тәрізді жылатып, сыбырластырып сырластыруынан, «Сең» өлеңіндегі сары аяз бен қардың ғашық жардай қыс кезінде құшақтасып бірге жүргенімен, көктем шығып жер ери бастағанда күннің қызуына шыдай алмай еріп кетуін жанды суреттеуінен білеміз. «Жиіленді қара орман» өлеңінде аппақ қар жамылып жатқан орманды түс көріп жатқан адамға балауы да осы ойымызды нығыздай түседі. Аймауытов айтқандай, қазақ әдебиетінде табиғатқа жан бітіріп суреттеуде Мағжанға жетер ақынның жоғы рас» [3, 41 б.].

Қуандық Мәшһүр-Жүсіп «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» монографиясында Мағжанның табиғат лирикасы туралы былай дейді: «Табиғатты бейнелегенде де, белгілі бір алқаптың нақты бір көрінісін алудан безіну, – яғни сол кездегі қазақ даласының, өзен-көлі, теңізінің көшірмесін жасаумен шектелмеу, қайта сол арқылы сездірілген жұмбағы мол лирикалық қаһарман жан дүниесін әспеттеу талабы жүзеге асады», – деп, мұның дәлелі ретінде «Толқын» өлеңіне талдау жасайды, Табиғатты әрі айрықша, әрі шартты қалыпта алып бейнелеу романтизмнің бір ерекшелігі десек, соның бір көрінісі –Мағжанның «Жиіленді қара орман» өлеңі» [4, 194 б.].

Мағжан мен Абай табиғат лирикаларының қаншалықты алшақтағанын сараласақ, М.Әуезовтің мына пікірінен аңғарамыз: «Тегінде, пейзаждың өзін суреттеуде көп ақын өздерінің стильдік өзгешелігін анық аңғартады. Шығыс ақындарының ескі дәстүрін алсақ дәл таудың таулық, шындық қалпын суреттемей, салыстыру үшін әр алуан тұспалдарға бейімдеп көрсететін. Тауы кейде тауға ұқсаса, кейде қиялап, шұбарлап, әсірелеп айтқан тұманды, жұмбақты бір көріністерге ауысып кетер еді.

Орыс поэзиясының, әсіресе Пушкиннен бері қарайғы классик реалист стильге ауысқан үлгісін ескерсек, оның аса айқын бір өзгешелігі – әрдайым дәлшілдігі, шындыққа жақындығы оқшау тұрады. Абай да осы сияқты суреттейін деп отырған жайын және барлық күйлерін, сол орыс поэзиясындағы дәлшілдік негізге құрады [5, 105 б.].

Мағжан кезінде Абайдан соңғы күшті ақын саналды. 1918 ж. «Абай» журналының №5 санындағы Ж. Аймауытов пен М. Әуезовтың «Абайдан соңғы ақындар» мақаласында былай баға берілген: «Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт әм Ахмет Мәметовтыкі. Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар, жүрегінің сезімін суреттейтін, нәрсемен жалғастырып әкететін артықша бір маңыз бар. Бұлар – сыршыл (лирик) ақындар».

Мағжан өлеңдерінде қасірет те, реализм де бар. Қай тақырыптағы өлеңдерін алсақ та, ешкімге ұқсамас ерекшелігін көреміз. Мысалы, «Жазғы жолда»:


Дала. Дала. Сар дала!

Жапан түзде бір қара.

Келем жалғыз, жаяумын.

Жаныма ерген жолдас жоқ.

Төрт жағым дала – жер де көк.

Жылауға да таяумын.


Шілде. Оттай ыстық күн.

Дала -өлік. Жоқ бір үн.

Жер де жатыр тұншығып.

Жол жыландай иірілед,

Шаң ерініп, үйірілед.

Ешбір леп жоқ, тып-тыныш.


Көкте жалғыз бұлт жоқ.

Көктің түсі қызғылт көк.

Дүниені тылсым билеген.

Ыңыранғандай әлдекім,

Жылай ма екен әлде жын?

Перілер ме екен күйлеген?

Жел жыландай иірілед,

Шаң ерініп үйірілед.

Ешбір леп жоқ, тып-тымық,

Аңсап есім жия алмай

Өлсем екен тұншығып!
Бұл өлеңінде романтизм бар. Өз сезімі арқылы, жан дүниесімен байланыстырып табиғатты суреттейді. Шыжыған шілдеде даладағы жалғыз жолаушы сағым арасында есінен адасып келе жатқандай. Сағым оған біресе пері, жын, біресе қалың әскер боп көрінеді. Абайдың «Жаздыгүн шілде болғанда» өлеңі нақты өмірді сипаттайды. Әдемі жаз бен көшті бірыңғай жеңіл ырғаққа түсіріп, бірыңғай әдемі бояумен суреттейді. Ал Мағжан өлеңінде тылсым дүние қоршауындағы лирикалық кейіпкердің аласұруы асқақ түрде беріледі. «Қысқы жол» өлеңінде:
Ызғарлы жел долданып,

Екі иінінен дем алып,

Ішін тартып осқырып,

Кейде қатты ысқырып,

Аңдай ұлып бір мезгіл,

Екі санын шапақтап,

Біресе сақ-сақ күледі.
Кейде кенет баяулап,

Жер бауырлап жаяулап.

Аузы-басы жыбырлап,

Асып-сасып сыбырлап,

Жерді жапқан кебінді.

Сүйіп ақырын құшақтап,

«Әпсүн» оқып үреді.
Бұл – қысқы боранның суреті. Мұнда да лирикалық кейіпкер қысқы түнде жалғыз өзі жолаушылап келе жатады.
Барады үдеп бұл боран

Жанымда жоқ тірі жан.

Тоңазыды денем де.

Адаспай дұрыс келем бе?

Қорқып жүрек ойнайды,

Көз алдыма елестеп,

Әлде нелер келеді.

Боранын тәңір ашпады,

Жол білінбей бастады.

Көрінген бір жарық жоқ,

Босаңсиды Қаракөк...

Сар далада адасып,

Суық кебін жамылып

Қаларын кім біледі?-


деп күдікпен аяқтайды. Бұл өлең де жоғарыдағы «Жазғы жолда» өлеңіне ұқсас. Екеуінде де жалғыз жолаушы табиғатпен алысып, өліммен де арпалысқандай. Абайдың табиғат лирикасында лирикалық кейіпкерлер бірнешеу, көпшілік болса, Мағжанда жалғыз «мен». Бұл Мағжанның табиғат лирикасының бір ерекшелігі. Осы екі өлең туралы Ш. Елеукенов «Жаңа жолдан» (1989) кітабында былай деп еді: «Мағжан Жұмабаев нақтылы өмірден әлдебір мистикалық, сиқырлы дүниеге ауытқуға әуестенеді. Одан бірде өзі қорықса, бірде жайнап тұрған табиғаттың арасында тұрып, жын-пері іздеп, солармен сұхбаттасқысы келеді, осының бәрі кенет «өлсем екен тұншығып» деген тілекпен бітеді» [6, 58 б.].

Ал Әуезов керісінше, Абайды сүйетінін айта келіп, «Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы аулында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын» дейді. [7, 407 б.].

«Қысқы жолда» боран бейнесі кейіптеу арқылы жасалған, Абай дәстүрін жалғастыра отырып, өз ерекшелігін танытады. Боран бірнеше қимылда беріледі. Әуелі ол ызғарлы, екі иінінен дем алып, ішін тартып осқырады, кейде қатты ысқырады, одан соң, аңдай ұлиды, біресе екі санын шапақтап кенет сақ-сақ күледі. Жалғыз жолаушыға күлгендей. Сонан соң баяулап, аузы-басы жыбырлап, өпік секілді кебін жамылған жердің иманын үйіріп, «Әпсүн» оқиды. Желдің ақырын ұйтқи соғып, қарды әлсін-әлсін үрлеуі молданың «Әпсүн» оқығанына ұқсайтынын ақын шеберлікпен көз алдымызға елестетеді. Демек, жолаушы мерт бола қалса, оған да боран «Әпсүн» оқиды дегенді байқатады. Қарды кебінмен алмастырып, жерді өлген адамға ұқсатады. Бұл да Мағжанның жаңалығы. Лирикалық қаһарман сезімі де боранмен бірге өзгеріп отырады, жүрегі қорқып ойнайды, әлденелер елестейді.

«Жазғытұрым» өлеңі де кейіптеу тәсілімен ойнақы жазылған. Абайдың «Жазғытұры өлеңінде» күн күйеу, жер қалыңдық боп алынса, Мағжан күнді ана, жерді бала етіп басқа қырынан келеді. Абай әуелі көктемді суреттеп алып, кейін күн мен жерге көшеді. Ал Мағжан бірден Күннен бастайды.

М.Әуезов: «Күнді – күйеу, жерді – қалыңдық етіп, осындай образбен теңеу мәдениетті әдебиетінің үлгі дәстүрінен ескіріп қалған, мифтік теңеу болады», дейді [5, 155 б.].
«Болды, міне, дәл алты ай,

Жаттың ұйықтап, еркетай

Ұйқың қанды, тұр қозым,

Аш көзіңді, жұлдызым!»




  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет