«ҚР ҚОҚМ балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» рмм мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының



Дата01.05.2016
өлшемі121.65 Kb.




«Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының 2013 жылғы _______________№____

ҚОСЫМША
«Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының 2013 жылғы _______________№____

БЕКІТІЛГЕН





«ҚР ҚОҚМ балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

  1. Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы және конституциялық заңдарының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарының, Балық аулау Ережесінің, Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу Ережесінің, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің және С-О-1, С-О-2, С-О-4, С-О-5, С-О-6 санаттары лауазымдарының мамандануына сәйкес келетін облыстардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясының, басқа да аталған санаттардың қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті білімдердің, сонымен қатар осы «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының Қағидасын (бұдан әрі - Қағида) қалтқысыз ұстану және талаптарын орындау, «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ мемлекеттік қызметшілерінің барлығына бірдей міндетті болып табылады.



  1. Осы Қағидада мәтін бойынша қысқартулары(аббревиатуралары) қате болып саналмайтын, келесі ұғымдар пайдаланылады:

  • Қазақстан Республикасы – ҚР

  • Нормативтік-құқықтық акт – НҚА

  • ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі – ҚР ҚОҚМ

  • Балық шаруашылығы комитеті – БШК

  • «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ – Инспекция

  • «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысы – Инспекция басшысы

  • «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы инспекциясы комитеті «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ әкімшілік мемлекеттік қызметшілері – Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері.

  1. Осы Қағиданың талаптарын орындау субъектілері болып бірінші кезекте Инспекция әрекеті бағыттарының негізгі контингенті болғандықтан, бақылау-инспекциялық жұмыс бөлімі мен ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің мамандары табылады. Сонымен қатар, осы Қағидада әрі қарай келтірілетін С-О-1, С-О-2, С-О-4, С-О-5, С-О-6 санаттарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері.

  2. Қағида, осы Қағиданың 2 тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актілеріне және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға, Инспекцияның барлық мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік міндеттеріне сәйкес қызметтік құзыреттерін орындау кезіндегі, сонымен қатар қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.

  3. Инспекцияның қаржылық және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы осы Қағиданың негізгі стандарттарын, принциптерін, талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жүзеге асырады. Осы Қағиданың негізгі стандарттарын, принциптерін, талаптарын орындауды бақылауды Инспекция басшылығы жүзеге асырады.

  4. Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереженің 2 бөлімі, 4, 5 тарауларында көзделген тәртіппен қабылданған және/немесе тағайындалған күннен кейін 3 күн ішінде, С-О-1, С-О-2, С-О-4, С-О-5, С-О-6 санаттарына қабылданған және/немесе тағайындалған тұлға осы Қағидамен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.

  5. Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері лауазымдарының тізімі (қысқартылған түрде):

- Инспекция басшысы

  • Инспекция басшысының орынбасары

  • Бақылау-инспекциялық жұмыс бөлімінің басшысы

  • Ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің басшысы

  • Қаржылық және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы

  • Бақылау-инспекциялық жұмыс бөлімінің бас маманы

  • Ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің бас маманы

  • Қаржылық және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы

  • Ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің жетекші маманы

  • Қаржылық және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы


2. Мемлекеттiк қызметшiлер мiнез-құлқының қағидалары


  1. Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет институттарының беделiн түсiретiндей iс-әрекеттер жасауға жол бермеуі тиіс. Қарастырылған және бекітілген мерзімдер ішінде қойылған міндеттерді мүлткісіз орындау, өзінің әрекеттерімен Инспекцияның беделін нығайту, Инспекцияның беделін түсіретіндей iс-әрекеттер(әрекетсіздік) жасауға жол бермеу; өзінің қызметтік құзыреттерін орындау кезінде заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен осы Қағиданың 2 тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға; сонымен қатар қызметтен тыс уақытта Инспекция және қоғам мүддесі үшін қызмет ету; Инспекция қызығушылықтарына нұқсан келтіретін, оның нәтижелі қызмет атқаруына кедергі келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; жеке және заңды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа арандатуға берілмеу; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi болуға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға міндетті.

10. Кәсіптік біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулықтарына сай, Инспекцияның мемлекеттік қызметкерлері, өз жұмыстарында:

  1. жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша ҚР НҚА белгiленген мерзiмде, Инспекция басшысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартының регламентіне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету және өтініштер бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға;

  2. инспекторлық қызмет барысында жеке және заңды тұлғалардың заңнамаға сәйкес қолданылып отырған балық ресурстары және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау түрлеріне сеніммен қарауын сақтау және нығайтуға;

  3. азаматтарды ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне, физиологиялық және басқа да сипаттарына қарамастан;

мемлекеттік немесе басқа тілдерді сыйлауға міндетті, өтініш білдірген жеке және заңды тұлғаларды тілдік қағидаттары бойынша кемсітуге жол берілмейді.

  1. жеке және заңды тұлғалардың қалауы бойынша өз құзыреттеріне сәйкес, сауатты және нақты актілер жасауға;

  2. өзінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында адал, әділ, байсалды болуға, жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды ұстауға, жеке және заңды тұлғалармен және әріптестерімен сөйлескенде сыпайылық және орындылық таныту, қызмет бабындағы сыйластықты ұстануға;
  3. ҚР Үкіметімен, ҚР ҚОҚМ, БШК, Инспекциямен бекітілген актілерді ұстануға;

  4. еңбек тәртібін қатаң ұстануға, берілген құзыреттіліктерді асыра пайдаланбауға, мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын объектілерді тексеру кезінде лауазымдық міндеттерін атқару барысында адал, турашыл және сапалы атқаруға;

  5. бекітілген регламентке сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға, және алдау жолымен жұмыс уақытын жеке мақсаты үшін пайдалану фактілерін болдырмауға;

  6. мемлекеттік бақылау және қадағалау кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға;

  7. жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

  8. әріптестері және басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан ҚР заңнамаларын, осы Қағиданы бұзу фактiлерiн болдырмауға және олардың жолын кесуге;

  9. Инспекция басшысының тапсырмаларын орындау кезінде, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп беруде есептіліктің бекітілген формаларымен тек қана объективтi де анық мәлiметтер беруге;

  10. мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, және оған мұқият қарауға, автокөлiк құралдарын, ұтымды әрi тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;

  11. қызметiнің бағыты бойынша өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, қызметтік міндеттерін заңға сәйкес атқаруға қажетті ҚР НҚА зерделеуге;

  12. басшылықпен, әріптестермен, жеке және заңды тұлғалармен іскерлік қарым-қатынас орнату, әдепті болу, дауыс көтермеу, дөрекілік танытпау, моральдық және дене залалын келтірмеуге;

  13. телефон қоңырауларына биязы және әдепті жауап беру, өзінің сөзінде жалпыға бірдей әдеп қағидаларына сыйыспайтын сөйлемдер қолданбауға міндетті.

  14. қызметтік міндеттерін орындау барысында, қызметтік іс-сапар барысында, тексеріс күні демалыс және/немесе мереке күндеріне сәйкес келгенде іскерлік стильде киіну, қолында қызметтік куәлігі болуы керек.


  1. Инспекция басшысы, оның орынбасары және бөлімдердің басшылары осы Қағиданың 2 тармағында қарастырылған мамандығына сәйкес талаптарды орындаумен қатар, өз жұмысында:

  1. қарамағындағы мемлекеттiк қызметшiлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

  2. Инспекция жұмысының нәтижелілігін көтеру мақсатында қарамағындағылардан тек объективтi де анық мәлiметтер талап етуге; есептік мәліметтерді бұрмалағаны және дәйексіз мәлімет бергені үшін жауапты тұлғаларды (орындаушыны) ҚР мемлекеттік қызмет туралы, еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тарту мақсатында іс-шаралар жүргізуге;

  3. кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

  4. бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк, орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге;

  5. осы Қағидадан туындайтын жағдайларға байланысты мемлекеттік қызметкерлердің өтініштері, және оларды қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуге;
  6. қойылған мәселелер бойынша тиімді шешімдер қабылдауға;

  7. жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауды жүзеге асыруларын қиындататын әрекет (әрекетсіздік) фактілерін болдырмауды қамтамасыз етуге;

  8. қарамағындағыларға – басшының, жеке және заңды тұлғаларға – адал, әділ, жоғарымамандандырылған және қалтқысыз мемлекеттік қызметкердің үлгісі болуға;


  9. басқарушылық қызметте табысты болу үшін ұжым жұмысын жақсарту, тиімді шешімдер қабылдау, ақпараттық ағындарды белсендіру, азаматтарға сыйластық қарым-қатынас және жоғары корпоративті мәдениеттің үлгісі болуға міндетті.
  10. Қағиданың 2 тармағында қарастырылған мамандығына сәйкес талаптарды орындаумен қатар, Инспекцияның мемлекеттік қызметкерлері:


  1. әріптестерге, жеке және заңды тұлғаларға қатысты дөрекілік, әдепсіздік, көргенсіздік, елемеушілік фактілерін болдырмауға, қызметтік қажеттілік бойынша келген жоғарыда аталған тұлғалармен жайдары болу, шыдамды болу, соңына дейін шыдамды тыңдай білу және қызметтік міндеттеріне жатпайтын сұрақтар бойынша түзу жауап беруге;

  2. өзінің жұмысына және басшылықтың тапсырмаларына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне немқұрайды, жауапкершіліксіз қарамауға;

  3. киім киюде іскерлік стильді қатаң ұстауға, лауазымдық міндеттерін орындау барысында, сонымен қатар, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас кезінде байсалды тұрпатта болуға;

  4. іскерлік, этико-моральдық қарым-қатынас орнату және нығайтуға, білімді, өнегелі, жоғарыәдепті мамандардың үлгісі болуға міндетті.




    1. Инспекцияның мемлекеттік қызметкерлерінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы


  1. Инспекцияның барлық мемлекеттік қызметкерлері өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

  2. Инспекцияның барлық мемлекеттік қызметкерлеріне педагогикалық, ғылыми немесе басқа да шығармашылық әрекеттен басқа ақылы әрекетпен айналысуға тыйым салынады..

  3. Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуi тиiс.

  4. Инспекцияның мемлекеттік қызметкері, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға, оның iшiнде жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Өзiн басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
    Инспекция басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде инспекция мемлекеттiк қызметшiсінiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiру жағдайлары туралы мәлiмдеулерi бойынша, оның iшiнде тексерулер ұйымдастыру және уәкiлеттi органдарға өтiнiштер жолдау арқылы шаралар қолдануға мiндеттi.
    Инспекция басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiрудiң анық жағдайлары туралы хабарлаған инспекция мемлекеттiк қызметшiсін оның құқықтарын, заңды мүдделерiн кемсiтетiн қудалаудан қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

  5. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге тиiс.

  6. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері инспекцияға экономикалық залалдың алдын-алу жөнiнде барлық мүмкiндiктердi пайдалануы, жеке мүдделерiне және үшiншi тұлғалардың мүдделерiне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуi тиiс.

  7. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері жеке мүлiктiк және мүлiктiк емес пайдалар алу үшiн өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктердi қолданбауға тиiс.

  8. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері мүдделер қақтығысын болғызбау үшiн шаралар қолдануы тиiс.

  9. Инспекцияның барлық мемлекеттік қызметшілері лауазымдық құзыреттерін орындау барысында қызметтік міндеттеріне сәйкес, тұрақты сыбайлас жемқорлыққа арандату және ықпал ету ортасында болғандықтан, мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi және оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян тигiзетiндей қайшылық туындайтын жағдайда, Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiсі оның жолын кесу және реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға мiндеттi.
    1. Көпшілік алдында сөйлеу





  1. Инспекция қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның басшысы немесе басшының бұған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері инспекцияның беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты әдептi түрде жүргiзуi тиiс.

  2. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері Инспекция саясаты және қызметтiк iсiнiң мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
          1) Инспекция саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес немесе;
          2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
          3) Инспекцияның мемлекеттiк қызметшілерінің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.

  3. Инспекцияның функцияларымен және қызметтік іс-әрекеттерiмен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң Инспекцияның атынан жариялымдарына жол берiлмейдi. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiсі жеке тұлға ретiнде тек өз атынан жүзеге асырады.

  4. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiсіне сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.



    1. Инспекция мемлекеттiк қызметшiлерінің

қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлқы





  1. Инспекцияның мемлекеттiк қызметшiлері қызметтен тыс уақытта:

  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға;

  • қоғам тарапынан сынға түсетін және сенімсіздік туғызатын қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге;

  • қарапайымдылық танытуға, көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

  • өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбауға тиiс.

Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет