«Қр шқо курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм – нің 2011 жылғы жұмыс қорытындысы туралы



жүктеу 38.31 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі38.31 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
«ҚР ШҚО Курчатов қаласының құрылыс, сәулет

және қала құрылысы бөлімі» ММ – нің

2011 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

АҚПАРАТ
ШҚО Курчатов қаласында «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 12 қазандағы № 1224 «2008 жылға арналған республикалық бюджет бағдарламалар төлқұжаттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Ертіс әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының жарғы капиталын ұлғайту үшін республикалық бюджеттен 768 300 000 теңге бөлінді.

Жобаны іске асыру аясында Абай көшесі, 44 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2011 жылдың қаңтар айында жалпы ауданы 4579,0 м2 Тәуелсіздік көшесіндегі 45 – ші тұрғын үйді пайдалануға берді, қазіргі уақытта толықтай оралмандар қоныстанған.

2011 жылы 20 қыркүйекте Тәуелсіздік көшесі, 47 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай көшесі, 46 көп пәтерлі тұрғын үй және кварталаралық инженерлік желіні қайта жаңарту жалғасуда.

2011 жылы «ШҚО Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен «Радиациялық стерилдеу корпусы» күрделі құрылысы жүргізілуде, тапсырыс беруші «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы, бас мердігер «АйЕрС» ЖШС. Пайдалануға беру 2012 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған.

Қаланың тұрғын үй қорынан тұрғын жайға мұқтаж бюджеттік ұйым жұмысшыларының жанұясына, мемлекеттік қызметкерлерге және әлеуметтік қорғалатын азаматтарға республикалық бюджеттен тұрғын үй алу үшін 42 000 мың теңге бөлінді және бүгінгі күні пәтерлер сатып алынып, қоныстандырылды.

«Курчатов қаласының қоқыс тастайтын орын тұрған жерге орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар мен уыттылығы төмен өнеркәсіп қалдықтарын орналастыруға арналған полигон құрылысы» жобасын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 59765,3 мың теңге қаражат бөлінді.

2011 жылдың 29 қыркүйекте мемлекеттік комиссиясы өтіп, «Курчатов қаласының қоқыс тастайтын орын тұрған жерге орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар мен уыттылығы төмен өнеркәсіп қалдықтарын орналастыруға арналған полигон құрылысы» нысаны пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта Курчатов қаласының қаржы бөлімінің 2011 жылғы 08 қарашадағы № 138 бұйрығы негізінде тексеру өткізілді және «ҚР ШҚО Курчатов қаласының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» ММ балансына беріледі.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамының өз қаражаттары есебінен көп пәтерлі Абай көшесіндегі 35 пен 37 тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жобалау үшін барлық қажетті деректер дайындады. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Байкал» еншілес мемлекеттік кәсіпорны бұрынғы «Тополек» балабақшасына жобалық – сметалық құжаттаманы дайындауда.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың жобалық-сметалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама әзірленді және оң қорытынды алынды:


  1. Жалпы алаңы 2440,22м2 Абай көшесіндегі 30 үйді қайта жаңарту

  2. сметалық құны - 142,088 млн. теңге;

  3. Курчатов қаласының суғару су құбырын қайта жаңарту, сметалық құны - 65,424 млн. теңге;

  4. Курчатов қаласының тазалау имараттарының құрылысы, сметалық құны - 641,437 млн. теңге;

  5. Курчатов қаласының әкімшілік ғимаратына жапсарлас ғимаратқа күрделі жөндеу, сметалық құны – 126,043 млн. теңге;

  6. Курчатов қаласында 100 орынды балабақша құрылысы, сметалық құны - 207,303 млн. теңге.

Қалдықтарды орналастыру полигонына техникалық - экономикалық негіздеме әзірленуде.

Жеке инвестициялық есебінен 1 дүкен, 1 жанар-жағар май құю станциясы, 9 гараж пайдалануға берілді.


2011 жылы «ҚР ШҚО Курчатов қаласының құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ түскен өтініштер бойынша, 9 рұқсат жаңартуға және қайта жаңартуға берілді. 7 сәулеттік – жоспарлау тапсырмасы берілді:


  1. Рожанович көшесі, 1 тұрғын үйді күрделі жөндеу. Тапсырыс беруші «Корпорация Энергосистема» ЖШС;

  2. Қаланың солтүстік – батыс бөлігіндегі өндірістік ғимаратты күрделі жөндеу. Тапсырыс беруші «Ядролық технологиялар паркі» АҚ;

  3. Абай көшесі, 25-51;52-38 тұрғын үйдегі пәтерлерді дүкен ретінде қайта жаңарту. Тапсырыс беруші Тегза С. М.

  4. Абай көшесі, 19-3 мекен-жайы бойынша тұрғын үйдегі пәтерді дүкен ретінде қайта жаңарту. Тапсырыс беруші Широкова Р. К.

  5. Олимпийская көшесі, 34 мекен-жай бойынша тұрғын үй емес ғимаратты қайта жаңарту, тапсырыс беруші Ли В. В.

  6. Абай көшесі, 17-53 мекен – жайы бойынша тұрғын үйдегі пәтерді дүкен ретінде қайта жаңарту. Тапсырыс беруші Шарикбаева К.Н.

  7. Автожөндеу шеберхана құрылысы. Тапсырыс беруші «Геофизикалық зерттеулер институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.

Қала әкімі А.Н. Генрихтың тапсырмасы бойынша Курчатов қаласының әкімдігі мен «Фортуна» кәсіпкерлік қоғамдық бірлестігі және жеке кәсіпкерлер арасында қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және көркейту жөнінде өзара ынтымақтастық жағдайында 40 меморандумға қол қойылды, жасалған келісімдерге сәйкес тиесілі аймақтардың қасбестерін жаңалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.



«Курчатов қаласының құрылыс, сәулет

және қала құрылысы бөлімі» ММ

бастығының міндетін атқарушы Д. Улмесеков



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет