Құрамы туралы куәлік беру мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/2
Дата01.05.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекiтiлген

«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру туралы» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – Орталық) арқылы осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.



2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының 33-бабының 4-тармағына, «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысының (бұдан әрі - Талап) және «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысының (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжай бойынша, «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;

3) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларының ресми ақпарат көздерінде және стендттерде орналастырылған.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының ақпараттық –анықтамалық қызметінің «электронды үкімет» 1414 телефоны арқылы алуға болады.


5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны Кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері :

1) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды беру сәтінен бастап – 7 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді);

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 20 минуттан аспайды;

3) өтініш жасалған күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) Кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды.



8. Мемлекеттiк қызмет тегiн болып табылады.

9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушының өтініші бойынша «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды кезекті «брондау» мүмкін.



10. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiгi шектеулі мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетуге жағдай көзделген мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты және тіркелген жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі, ақпараттық стендтермен жарақталған күту және құжаттарды толтыруға арналған орындары бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады:

1) Кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті беру өтінішінде көрсетіледі:

Мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы;

кеменің атауы және жобасы, кеменің жүзу ауданы және оларға тіркелген қызмет көрсетуге арналған өздiгiнен жүзбейтiн кемелер саны, экипажсыз пайдаланылатын және орнатылған кеменің күш қуаты;

2) экипаждың бекітілген штат кестесінің көшірмесі.



12. . Орталыққа өтініш еркін нысанда ұсынылады.

13. Құжаттарды қабылдау арнаулы және орындалатын қызметтер туралы ақпарат орнатылатын «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:



1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталықтың қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты және әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Дайын Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру Орталық қызметкерлер «терезе» арқылы қолхатқа көрсетілген мерзімде беру негізінде жүзеге асырылады.

Егер мемлекеттік қызметті алушы мерзімінде құжаттарды алуға келмеген жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтмасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға қайтарады.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін мемлекеттік қызметті алушымен ұсынбаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде мемлекеттік қызметті алушыға жетпейтін құжаттар көрсетіле отырып, қолхат беріледі.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу және құжаттарды дұрыс ресімдемеу кезінде қателіктерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде қайтару себебін жазбаша негіздеу арқылы Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оны алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарлайды және қайтару себебі туралы аумақтық органның жазбаша негіздемесін береді.


3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 3 - қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын, мемлекеттік қызметтердің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы телефоны осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Орталықтың басшысына өтініш білдіреді.

Сондай-ақ, Орталық қызметкерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты 1414 «электрондық үкімет» call-Орталығының ақпарат – анықтамалық қызмет арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына, демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

Уәкілетті органдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, №1601 кабинет, .қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08, факс: 24-28-05, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша беріледі.



22. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталықтың иелігіндегі «Орталық» РМК беріледі. Орталықтардың басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК мекенжайы: 010000 Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 үй, телефондар: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.

23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің электронды мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz) осы Стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынылған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дұрыс қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса беріледі.



25. Қолма-қол да пошта арқылы да келіп түскен шағымның қабылданғанын растау уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесiнде оның жеке және заңды адамдардың өтініштері журналында тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тіркеу күні шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растауға шағымды қабылдаған адам нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мерзiмде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау қорытындысы туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.


_________________________

«Кемелер экипаждарының ең аз



құрамы туралы куәлік беру»

мемлекеттiк қызметтер стандартына 



1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi

Р/с


Бөлiмше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95

8-(7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8-(7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107

8-(7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114

8-(7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы мемлекеттiк инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11

8-(7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесi, «10A»

8-(7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz


8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш/а, 1

8-(7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4

8-(7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесi, 1

8-(7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24А

8-(7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87

8-(7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105A

8-(7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122

8-(7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5

8-(7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28

8-(7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz

Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет