Құран аяттарымен емделу



Дата25.04.2016
өлшемі24.15 Kb.

Құран аяттарымен емделу


Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан кейін:

Осылай емделудің рұқсат етілгендігін көптеген сәлафтар және хәлафтар, және ұлы имамдар да айтып өтеді, сондай-ақ шейхул-Ислам Ибн Таймия мен Ибн әл-Қайим және сәлафияның таухид пен ақида мәселесінің көп имамдары айтқан!

Имам әл-Бағауи былай деген: “Айюб (әс-Сәхтияни) былай дейтін: «Мен Абу Қиләбаның Құраннан әлденені жазып, сосын оны сумен араластырғанын және жын ауруымен ауырған адамға ішкізгенін көрдім. Сондай-ақ Айшадан ол кісінің Құранды суға /судың бетіне/ оқып науқасқа ішкізуде тұрған еш жамандық көрмегені жеткізіледі. Мужаһид: «Құранды жазып, суға малып және онымен науқасты сусындандыруда проблема жоқ», - деді”. Қз.: “Шарху-с-Сунна” 12/166.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Егер Құраннан немесе зікірден бірдемені ыдысқа немесе тақтайшаға жазып, содан кейін сумен немесе басқа нәрсемен шайып, оны ішсе, мұнда тұрған проблема жоқ. Әрі бұған имам Ахмад және басқалар да нұсқайды» См. “Мәжму’ул-фатауа” 12/599.

Шейх Ибн әл-Қайим былай жазған: “Сәлафтардың қатарын болған бір топ кісілерден олардың Құран аяттарын жазғаны және сосын оны ішкені жеткізіледі. Мужаһид былай деді: «Құранды жазып, сумен шайғанда және онымен ауруды сусындырғанда тұрған ештеңе жоқ». Әрі мұндай Абу Қиләбадан, сондай-ақ Ибн Аббастан... жеткізіледі”. Қз.: “Задуль-Мә’ад” 4/170.

Имам әс-Субки былай деген: «Мен аяттарды ауруларға арнап жазған, және олардың сауығуын қалап, осымен сусындандырған көп шейхті көрдім». Қз. “Табақат әш-шәфи’ия” 5/159

Имам әз-Зәһаби былай деген: «Имам Ахмадтан егер Құраннан бір нәрсе жазып, сосын оны сумен шайып ішуде проблема жоқ екені, сондай-ақ аятты ыдысқа жазып, оны шайып, (суын) ауруға бергенде де проблема жоқ екендігі жеткізіледі». Қз.: “әт-Тыб ән-набауи” 279.

Сондай-ақ қазіргі заман ғалымдары да осындай әрекеттің, яғни Құран аяттарын жазып, оған су құйып ем ретінде ішу (шариғи тұрғыдан) заңды екендігі туралы айтқан. Бұл ғалымдардың қатарында шейх Мухаммад ибн Ибраһим, шейх Ибн Баз, шейх Ибн Усаймин, шейх Салих әл-Фаузан, сондай-ақ Тұрақты Комитеттің (әл-Ләжна) ғалымдары да бар. Қз.: “Фатауа Ибн Ибраһим” 1/94, “Фатауа исләмия” 1/30, Қз.: “Фатауа әл-Ләжна” 1/97.

Сәлафтардан немесе имамдардан біреудің мұндайды тыйым салғаны күмәнді!

Және емделу мен дем салудағы негіз тыйым емес, рұқсат, бұған қоса, тыйым салынғандары, мысалыға, ширк немесе хараммен, нәжіспен т.с.с. ем қолдану секілді болмайтын тәсілдер. Және бұған дәлел дәл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде қамтылған: Ауф ибн Мәлик әл-Әшжа’и былай баяндайтын: “Жәһилиет заманында біз дем салатынбыз сондықтан: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл жөнінде не айтасыз?», - деп сұрадық, ол бұған: «Маған сендердің қалай руқия (дем салу) жасайтындарыңды көрсетіңдерші. Егер онда ширк болмаса, дем салуда тұрған проблема жоқ!», - деді”. Муслим 2200.



Алайда дем салу сөздері (руқия) араб тілінен өзге тілде айтылудың шарты - ол тілді дем салушы да, дем салынатын адам да білуі керек. Өйткені айтылатын сөздерді түсінбеуден ширк, күпірлік орын алмауы керек. Бұл туралы хафиз Ибн Хәжар, шейх Сыддық Хасан Хан және т.б. айтқан.

Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар болсын!

«Саләф – Форум»
Каталог: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет