Құран мен Сүннет әмірлерге мойынсұну туралы


Әділдік – әмірдің ең жақсы сипаты



бет2/3
Дата22.03.2020
өлшемі342.47 Kb.
1   2   3

Әділдік – әмірдің ең жақсы сипаты

Ұлы Раббымыз - жалғыз Үкім етуші, әрі заң шығару құқығына Оның Өзі ғана ие. Сондықтан Аллаһ жер бетіндегі Өзінің құлдарының үстінен билік берген кез келген адам Аллаһтың заңын ұстануы керек. Тек сонда ғана ол Аллаһтың игілігіне ие болады, ал ол басқаратын қоғам есендікке және ізігілік пен қайырымдылыққа толы болады. Аллаһтың шариғатына бағыну және онымен қанағаттану иманның ең маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан барлық мұсылман әмірлері Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етуге, ал олардың қоластындағылары үкім шығарту үшін Аллаһ Өзінің Кітабында және Елшісінің Сүннетінде түсіргенге жүгінуге міндетті.

Аллаһ Тағала былай деді: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай, толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды» (ән-Ниса 4: 65).

Ақиқатында, үкім шығарту үшін Аллаһтан түсірілгеннен өзгеге жүгіну иманмен үйлеспейді. Аллаһ былай деп айтқан: «Саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген Кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар үкім үшін шайтанға жүгінуді қалайды. Негізінде оларға оған қарсы болу әмір етілген болатын. Өйткені шайтан оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды» (ән-Ниса 4:60).

Сөйтіп, Аллаһ Өзіне және Өзінің Елшісіне үкім шығарту үшін жүгінбейтіндерде және осы шешіммен қанағат етпей, оған бағынбайтындарда иманның болуын кесімді түрде жоққа шығарады. Аллаһ Тағала Аллаһтың шариғатының негізінде үкім етпейтін әмірлерді кәпірлер, залымдар және бұзақылар деп атады. Аллаһ Тағала былай деді:

«Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар» (әл-Мәида 5: 44);

«Кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар» (әл-Мәида 5:45);
«Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (әл-Мәида 5:47).
При этом мусульманин не должен принимать суждения, которые не аргументированы текстами Корана и Сунны, по причине фанатичной приверженности тому или иному мазһабу или имаму. То же самое должно относиться и к судебным тяжбам и разбирательствам по иным вопросам, причём не только вопросам личного характера или гражданского состояния, как полагают в отдельных мусульманских странах, ибо Ислам есть единое и неразделимое целое, а Всевышний сказал:

Шейх Салих ибн Фаузан «Бірқұдайшылық» кітабында ( 49-50 беттер, орыс тілінде) былай деп жазған: «Мұсылман ғалымдары діни сипаттағы мәселелерді өздігінше шешуге жүгінгенде олардың арасында туындайтын барлық даулы мәселелер бойынша да Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім шығару және үкім шығарту үшін осыған жүгінуі қажет. Осы орайда мұсылман адам белгілі бір мазһабқа немесе имамға соқыр түрде берілгендіктің себебімен Құран мен Сүннеттің мәтіндерімен дәйектелмеген пікірлерді қабылдамауы қажет. Тура сол, кейбір Ислам елдерінде есептейтіндей, тек жеке басқа немесе азаматтық хәлге қатысты мәселелерге ғана емес, тіпті басқа мәселелер бойынша жүргізілетін сот даулары мен іс қарауларына да қатысты болуы қажет, өйткені Ислам – бұл біртұтас және бөлінбейтін бүтін нәрсе, ал Аллаһ Тағала былай деген: «Әй, мүміндер! Исламға бүтіндей кіріңдер» (әл-Бақара 2:208); «Сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, басқасына қарсы келесіңдер ме?» (әл-Бақара 2:85).

Сондықтан да барлық мазһабтардың жақтаушылары өздерінің имамдарының сөздерін Құран және Сүннетпен сәйкестендіріп, Құран мен Сүннетке сәйкес келетінді ұстанып әрі өзге барлық нәрсені тәрк етіп, соқыр фанатизмнен бас тартуы қажет. Бұл әсіресе сенім және идеологиямен байланысты барлық нәрсеге қатысты. Бұған барлық имамдар, Аллаһ оларды рақым етсін, нұсқаған, ал егер адам осыған қайшы амал жасаса, онда ол - имамдардың ізбасары болып табылмайды, тіпті ол өзін соларға ілесушілердің қатарына жатқызса да, ал сондайлар туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Олар (яһуди, христиандар) ғалымдары мен машайыхтарын және Мәриям ұлы Исаны Аллаһтан өзге тәңір етіп алды...» (әт-Тауба 9:31).

Бұл аятта тек христиандар ғана емес, солар сияқты істейтіндердің барлығы аталып тұр, өйткені Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне қайшы амал істейтіндердің және адамдарға Аллаһтың түсіргенімен билік етпейтіндердің немесе өзінің әуестері мен қалауларын қанағаттандыру үшін осындай шешім шығаруды талап ететіннің кез келгені Исламнан және иманнан ауытқыды, тіпті ол өзін мүмін деп санаса да. Өйткені Аллаһ Тағала осындайды қалайтындардың барлығына сөгіс білдірді және олар өз-өздерін мүмін деп жариялауларын өтірік деп атады».

Сөйтіп, Құдайдың заңынан бет бұрушыларды Аллаһ кәпірлер деп атады. Алайда бұл кейде адамды мұсылман үмметінен шығарып тастайтайтын үлкен күпірліктің түрін қабылдайды, ал кейде оны істеу арқылы адам мұсылман болып қала беретін кіші күпірлікке соқтырады. Бұл нақты жағдайларға байланысты. Шейх Салих ибн Фаузан «Бірқұдайшылық» кітабында (51-52 беттер, орыс тілінде) былай деп жазған: «Мысалы, егер адам: «Аллаһтың түсіргенінің негізінде пайымдау (үкім шығару) міндетті емес және ол бұл мәселеде таңдау құқығына ие», - деп есептесе, немесе ол Аллаһтың шешімін елемесе және: «Басқа заңдар мен азаматтық ережелер біздің уақытымызға жарамсыз болған Аллаһтың түсіргенінен жақсырақ», - деп есептесе және егер ол шешімді, кәпірлер мен екіжүзділерге жарамсақтану үшін, Аллаһтың түсіргенінің негізінде шығармаса, онда бұл оның тарапынан үлкен күпірлік таныту болады. Алайда егер адам билік етуде (үкім шығаруда) Аллаһ түсірген шариғатқа сүйену керек деп есептесе, бірақ тәжірибеде бұдан ауытқыса, бірақ осымен бірге өзінің жазаға лайықты екендігін мойындаса, онда ол кіші күпірлік күнәсына түскен мойынсұнбаушы болып табылады. Ал егер адам Аллаһтың әмірлері туралы білмесе, бұл жөнінде білуге барынша тырысса, бірақ қателессе, онда ол – өзінің тырысқаны үшін сауап алатын қателесуші, ал оның қателіктері кешіріледі».

Шейх-уль-ислам Ибн Таймийя «Минһаж әс-Сунна ән-Нәбауийя» кітабында былай деп жазады: «Өз пікір-пайымдарында Аллаһтың Өз Елшісіне түсіргеніне сүйену қажет деп есептемейтін адам кәпір болып табылатындығында күмән жоқ. Бұл сондай-ақ адамдардың арасында билік етуді Аллаһтың түсіргенінен ұстанбай, өзі әділ деп санаған нәрсесінің негізінде өзіне өзі рұқсат етушіге де қатысты. Ақиқатында, әділ билікке ұмтылмаған қауым жоқ, бірақ жиі жағдайда бұл қауымдардың діндері олардың ақсақалдары ұстанатын нәрселерді әділ деп санайды. Алайда өздерін мұсылман деп санайтындардың арасында да пікір-пайымдауларында Аллаһ түсірген шариғатта олар туралы еш нәрсе деп айтылмаған өздерінің әдет-ғұрыптарына сүйенетіндер де бар. Осы сияқты нәрселер, мысалы, Құран мен Сүннетке назар бұрмай, тура осылай етіп әмір ету керек деп есептеген, дәл осы күпірлік болып табылса да, тәуелсіз әмірлер болған ата-бабаларының дәстүрлерін ұстанатын бәдәуилер арасында байқалады. Олардың көбі Исламды қабылдағанына қарамастан, сонда да өздерінің әмірлері ұстанған салт-дәстүрлердің негізінде билік етеді (үкім шығарады). Егер ол адамдар Аллаһтың түсіргенінің негізінде ғана үкім ету керек екендігін білген болса, бірақ тәжірибеде осыны ұстанбаған болса және осыған қайшы амал етуге болады деп есептеген болса, онда олар кәпір болды».

Шейх Мухаммад ибн Ибраһим былай деді: «Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеген әрі сонымен бірге өзінің күнәсін және тек жалғыз Аллаһтың ғана шешімінің әділдігін мойындаған адам кіші күпірлікке немесе «күпірліксіз күпірлікке» түсетінге қатысты айтар болсақ, онда бұл жерде сөз осыны тек бір-екі рет істеген адам туралы болып тұр. Ал егер ол Аллаһтың шариғатына қайшы келетін заңдардың жинағын жасаған болса, бұл – шынайы күпірлік, тіпті егер оны жасаушылар өздерінің қателескенін және шариғаттың ережелері әділеттірек деп айтса да. Мұндай күпірлік адамды мұсылман үмметінен тыс қояды» (шейх Мухаммад ибн Ибраһимнің пәтуалар жинағы, 12/280.)

Раббымыз өзінің жердегі халифаларына Өзінің кәміл шариғатының негізінде үкім етуді және әділ болуды бұйырды. Ол былай деді: «Егер үкім шығарсаң, әділдікпен үкім ет» (әл-Мәида 5: 42).

Аллаһтың қалауына шынайы ықыласты түрде тек Ол үшін ғана бағыну керек, өйткені бұл ғибадат түрлерінің бірі болып табылады. Аллаһ шариғат заңдарына тек өздерінің дербес мақсаттарын және жеке мүдделерін көздеп бағынатындардың барлығын сөгеді. Жүрегінде дерті барлар туралы ол былай деп айтты: «Қашан олар араларына үкім беру үшін Аллаһқа, Пайғамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлігі бас тартады. Ал егер ақиқат олар жақта болғанда, оған бой ұсынған түрде келер еді» (ән-Нур 29: 48-49).

Мұндай адамдар тек өздерінің қалауларына сәйкес келетін нәрселер жайында қам жейді де, өздеріне қайшы келетіннің барлығынан бас тартады, өйткені мұсылман адам үкім үшін Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүгінуі арқылы өзінің Раббысына құлшылық ететінін олар ұмытады.



Игі бастамаларда әмірлерге бағыну қажеттілігі туралы

Мұсылман адам әмірді тыңдауға және оған мойынсұнуға, сондай-ақ ол туралы жаман сөздер айтпауға міндетті, өйткені әмірге мойынсұнбау дін мәселелерінде де, дүние тіршілігінде де жаман зардаптар әкеледі. Осындай зардаптардың бірі мұсылмандардың қуаттылығының әлсіреуі болып табылады, соның салдарынан мұсылман халықтарының дұшпандары өздерінің жауыз жоспарларын тезірек амалға асыра алады. Егер мұсылман әмірі өз халқының арасында құрметке ие болса және қоластындағылары оның Аллаһтың заңына сәйкес берілетін әмірлерін орындаса, онда Исламның жаулары да одан қорқатын және құрметтейтін болады. Ал егер мұсылмандардың өздері өз әмірін құрметтемесе, онда олардың жаулары да одан сескенбейді. Ал бұл – олардың мұсылмандарға деген менсінбеушілігінің көрінісі болады. Сондықтан да мүмін мұсылмандар барлық мұсылмандардың тағдыры үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі жүктелген адамды құрметтеуі қажет, бүкіл дүние жүзіндегі адамдар оның алдында да, барлық мұсылман халықтарының алдында да құрмет пен қорқынышты сезінулері үшін. Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер, Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы және нәтижеде жақсы» (ән-Ниса 4:59).

Ибн Аббас бұл аят Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) оны мұсылман отрядының басшысы ретінде жорыққа жіберген Абдуллаһ ибн Хузафаға байланысты түсірілген деді (әл-Бухари және Муслим).

Билік иелері кімдер екендігі жайлы Құран тәпсіршілері бірнеше пікірлер білдірген. Абу Һурайра, Ибн Аббас, Зәйд ибн Әсләм, әс-Судди және Муқатиль: «Бұл – билік басындағы әмірлер», - деп есептеген. Ибн Аббас та: «Бұлар – мұсылман ғалымдары», - деп айтқан. Бұл пікірді сондай-ақ Ибн Абу Талха, Жәбир ибн Абдуллаһ, әл-Хасан әл-Басри, Абу әл-Алийя, Мужәһид, ән-Нәһаи және әд-Даххак ұстанған. Икрима бұл аятта Абу Бакр және Умар ибн әл-Хаттаб айтылып тұр деп есептеген. «Онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық сахабалары туралы сөз болуда» деген пікір де бар.

Ибн Касир Құранға жасаған өзінің тәпсірінде (1/519) былай деп жазған: «Бұл мұсылман әмірлерінің және ғалымдарының барлығына қатысты болуы ықтимал, ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі».

Имам әш-Шәукани Құранның «Фәтх әл-Кадир» деп аталатын тәпсірінде (1/480): «Билік иелері – бұл мұсылман имамдары, әмірлері, қазылары және кәпірлер мен шайтанның заңдарына сәйкес емес, бірақ шариғатқа сәйкес билік берілгендердің барлығы. Олар әмір еткеннің немесе тыйым салғанның барлығында, егер бұл күнә болмаса, оларға бағыну керек, өйткені Аллаһтың жаратылысына Аллаһтың Өзіне мойынсұнбаушылық жасап бағынуға болмайды. Бұл жөнінде Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих хадистерінде хабар етіледі».

Шейх-уль-ислам Ахмад ибн Таймийя (һижраның 728 жылы қайтыс болған) «Мәжму‘ әл-Фатауа» жинағындағы өзінің бір пәтуасында (35/16-17) былай деп жазған: «Әрбір адам Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнуы қажет. Әрбір адам сондай-ақ әмірлерге де мойынсұнуы қажет, өйткені мұны Аллаһ бұйырды. Аллаһтың және Оның Елшісінің әміріне мойынсұнатын және өзінің әмірінің бұйрықтарын тыңдайтын әрбір адам Аллаһтың сыйын алады. Ал егер адам әмірге тек ол оған биліктен немесе байлықтан үлес берген кезде ғана мойынсұнса, ал кері жағдайда оған қарсы келсе және оның әмірлеріне мойынсұнбаса, болашақ өмірде оның үлесі болмайды».

Абу Һурайра Пайғамбардың (оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім маған мойынсұнса, сол Аллаһқа мойынсұнды, ал кім маған мойынсұнбаса, сол Аллаһқа мойынсұнбады. Кім мен тағайындаған әмірге мойынсұнса, сол маған мойынсұнды, ал кім мен тағайындаған әмірге мойынсұнбаса, сол маған мойынсұнбады» (әл-Бухари және Муслим).

Ибн Хажәр әл-Әсқалани «Фатх әл-Бари» кітабында (13/112) осы хадистің шархында былай деген: «Ибн әт-Тин қурайштықтар да, басқа арабтар да ешкімнің билігін мойындамағанын және кез келген әмірлерге қарсылық көрсеткенін баяндаған. Ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздерді олар ол отрядтарды басқаруға немесе қалаларда билік атқаруға тағайындаған адамдарға бағынулары және оларға қарсы көтерілмеуі үшін айтты. Әйтпесе мұсылмандардың арасында келіспеушіліктер пайда болар еді».

Абу Һурайра Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Сен әмірге өзіңе жеңіл және ауыр болған барлық нәрседе құлақ салуың және мойынсұнуың қажет, бұл саған ұнаса да, ұнамаса да, тіпті ол саған тиісті нәрсені иемденсе де» (Муслим).

Ол сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Қиямет күні үш адаммен Аллаһ сөйлеспейді де, оларды тазартпайды да және олар азапты жазаға дұшар болады. Олар: жолдың бойынан құдық тауып алып, оған өзгелерді жақындатпаған адам; имамға тек дүние пайдасы үшін ант берген және қалаған нәрсесін алған кезде ғана антына берік болған адам; және тауарын сатып жатып оған осыншама ақша төледім деп Аллаһпен ант ететін, ал шындығында онша ақша төлемеген, ал сатып алушы оның сөзіне сеніп тауарын сатып алатын саудагер» (әл-Бухари және Муслим).

Ол сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Исраил ұрпақтарын пайғамбарлар басқарған: олардың біреуі қаза тапса, оның орнына басқасы келетін. Менен кейін басқа пайғамбарлар болмайды, бірақ әмірлер болады, көптеген әмірлер». Одан: «Ендеше, біз не істеуіміз керек?», - деп сұрағанда, ол: «Берген анттарыңа берік болыңдар, ал Аллаһ оларды қоластындағылардың барлығы үшін сұраққа тартады» (Муслим).

Абу Зарр былай дейтін: «Менің сүйіктім маған әмірге бағынуды өсиет етті, тіпті егер ол мүшелері шауып тасталған құл болса да» (Муслим).

Әнас ибн Мәлик Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Тыңдаңдар және мойынсұныңдар, тіпті егер сендердің үстеріңнен басы жүзімдей болған хабашилік құл билік жасаса да» (әл-Бухари).

Умм әл-Хусайн Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығы кезінде былай деп айтқанын естігенін баяндайды: «Әмірлерге құлақ асыңдар және мойынсұныңдар, тіпті егер сендерге Аллаһтың Кітабына сәйкес басқаратын құл билік жүргізсе де» (Муслим).

Ибн Мас‘уд Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Менен кейін озбырлық және сендер қоштамайтын көптеген нәрселер пайда болады». Одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі, сол уақытты көріп үлгеретіндерімізге не істеуді бұйырасың?», - деп сұрағанда, ол: «Өздеріңнің міндеттеріңді орындаңдар және Аллаһтан өздеріңе тиісті болған нәрселерді қайтаруын тілеңдер», - деп жауап берді (әл-Бухари және Муслим).

Сәлама ибн Йәзид әл-Жу‘фи бірде Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһтың пайғамбары, егер бізден міндеттерімізді орындауымызды талап ететін, бірақ өздерінің міндеттерін орындамайтын адамдар бізге билік жасаса, бізге не істеуді бұйырасың?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған теріс бұрылды. Ол өзінің сұрағын екі немесе үш рет қайталады және әр кез пайғамбар оған теріс қарай берді. Сонда әл-Әш‘ас ибн Қайс Сәламаны қолынан тартты, бірақ осы кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Тыңдаңдар және мойынсұныңдар, өйткені олар өздерінің жүгін, ал сендер өздеріңдікін алып жүресіңдер», - деді (Муслим).

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-‘Ас Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайды: «…Егер біреу әміріне ант берсе және оған көмекке қолы мен жанын ұсынса, онда оған күші жететін барлық нәрседе мойынсұнсын. Ал егер біреу оны билігінен айырғысы келсе, оның басын шауып тастаңдар» (Муслим).

Хузайфа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Менен кейін өсиеттерімді басшылыққа алмайтын және менің жолыма ілеспейтін әмірлер келеді. Олардың араларында шайтан жүректі адам бейнесіндегі ерлер болады». Хузайфа: «Мен одан: «Ендеше мен не істеуім керек?», - деп сұрадым. Ол: «Өзіңнің әміріңді тыңда және оған мойынсұн, тіпті егер ол сені зәбірлесе де және сенің мал-мүлкіңді иемденсе де. Оны тыңда және оған мойынсұн», - деп жауап берді», - деген (Муслим).

Арбад ибн Сарийя былай деп баяндаған: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде бізге жүректерімізді толғандырған және көздерімізді жасауратқан құтпа оқып берді. Біз оған: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл қоштасу құтпасына ұқсайды ғой. Ендеше сен бізге нені өсиет етесің?», - дедік. Ол: «Мен сендерге Аллаһтан қорқуды және әмірлеріңді тыңдап, оларға мойынсұнуларыңды өсиет етемін, тіпті сендерге құл билік жүргізсе де. Ақиқатында, менен кейін өмір сүретіндерің көптеген келіспеушіліктерді көреді. Сондықтан менің Сүннетімді және ізгі халифалар Сүннетін ауытқымай ұстаныңдар және оған азу тістеріңмен жармасып алыңдар. Діндегі жаңалықтардан (бидғаттардан) сақтаныңдар, өйткені кез келген бидғат – бұл адасушылық». (Абу Дауд, әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ; әл-Әлбани хадистің сахихтығын растады).

Сондықтан имам Ибн Ражәб «Жәми‘ әл-‘Улюм уә әл-Хукум» кітабында (2/117) былай деп жазған: «Мұсылман әмірлеріне мойынсұну – бұл дүниедегі бақыттың кепілі. Ол Аллаһтың құлдарына олардың күнделікті істерінде пайда әкеледі. Соның арқасында олар жер бетінде өздірінің дінін орнатады және өздерінің Раббыларына мойынсұнады».

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия өзінің пәтуаларының бірінде (35/20-21) былай деген: «Мен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға күнә болмаған істердің барлығында әмірлерге мойынсұнуды бұйырғанын бірнеше рет сызып айтқанмын. Ол сондай-ақ оларға игі насихат беруді, олардың шешімдеріне және олардың мал-мүлікті бөлуіне сабырлықпен қарауды, олармен бірге әскери жорықтарға шығуды, олардың артында ұйып жамағат намаздарын оқуды және барлық игі бастамаларда оларға ілесуді де әмір етті. Бұл барлық мүміндерге қатысты және өзінің осыған деген қатыссыздығын тек қаусаған шал ғана ақтай алады. Дәл осылайша мұсылмандар бір-біріне игілікте және тақуалықта болысады. Дегенмен, оларға әмірлердің өтірігін мақұлдауға, оларға зомбылығында және зұлымдығында көмектесуге, күнәлі істерде және т.с.с. оларға мойынсұнуға тыйым салынады. Мұндай істер күнәға және өшпенділікке болысу деп бағаланады».



Аллаһ тыйым салған нәрселерде мойынсұнуға болмайды

Абдуллаһ ибн Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Мұсылман адам бұл оған ұнаса да, ұнамаса да, әмірлерді тыңдап, оларға мойынсұнуы қажет, тек егер оған күнәлі іс бұйырылмаса ғана. Ал егер оған күнә істеу бұйырылса, ол осы нәрседе құлақ салмауы және мойынсұнбауы қажет» (әл-Бухари және Муслим).

Абу Абд әр-Рахман ибн Али былай деп баяндайтын: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды жорыққа аттандырып, Мәдинаның бір тұрғынын басшы етіп тағайындап, қалғандарына оған мойынсұнуды бұйырды. Бірде жолда ол ызаланды да, адамдарға: «Пайғамбар сендерге маған мойынсұныңдар демеді ме?», - деді. Адамдар: «Иә», - деп жауап берді. Сонда ол: «Ендеше маған отын жинаңдар!», - деді. Адамдар отын жинап болғанда, ол от жағуды, содан кейін оған кіруді бұйырды. Адамдар тынышсыздана бастады да: «Біз пайғамбардың дініне Оттан құтылу үшін кірдік...», - деді. Олар от сөніп бітпейінше және қолбасшысының ашу-ызасы тарамайынша орындарынан қозғалмады. Қайта оралған соң олар болған нәрсе туралы Пайғамбарға жеткізді және ол: «Егер олар оған кіргенде, Қиямет Күніне дейін одан шықпайтын еді. Ақиқатында, Аллаһ әмір еткен нәрселерде (ғана) мойынсұну қажет», - деді» («Фатх әл-Бари», 8/58).

Мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға тыйым салынғандығы туралы

Аллаһтың шариғаты лауазымына сайланып (тағайындалып) қойылған мұсылман әміріне қарсы шығуға кесімді түрде тыйым салады. Мұсылманның қолында болған билікті құлатуға немесе тіпті оның беделін түсіруге талпыныс жасаған кез келген адам аса Құдіретті Аллаһқа және Оның соңғы Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шығады.

Зийяд ибн Қусайб былай деп баяндаған: “Бірде мен Абу Бакратпен бірге жұп-жұқа киімде құтпа айтып тұрған Ибн ‘Амирдің мінберінің жанында болғанымда, Абу Биләл былай деді: “Бұзақылардың киімін киетін біздің әмірімізге қараңдар!” Ал Абу Бакрат оған: “Үніңді өшір, өйткені мен Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім Аллаһ жерде патша еткен әмірді қорласа, Аллаһ оны қорлайды!» , - дегенін естігенмін!», - деді” (әт-Тирмизи; әл-Әлбани хадисті хасан деген).

Имам Ахмад жеткізген хадисте: «Ұлы және Пәк Аллаһ жерде патша еткен әмірді құрметтегенді Аллаһ құрметтейді. Ал Ұлы және Пәк Аллаһ жерде патша еткен әмірді қорлағанды Аллаһ қорлайды!», - деп айтылады.

Сондықтан да Сәһл ибн Абдуллаһ әт-Тустари былай деген: “Адамдар мұсылман әмірлері мен ғалымдарын көтермелеп тұрғандарында игілікте болуын тоқтатпайды, және егер оларды құрметтесе, Аллаһ олардың дүние тіршілігін және болашақ (Ақыреттегі) өмірін тәртіпке келтіреді, ал егер оларды елемесе, онда олар өздерінің бұл дүние тіршілігі мен болашақ өмірін опат етеді” Қз.: “Тафсир әл-кубра” 5/262).

Абу Һурайра Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім (әмірге) бағынудан және мұсылмандардың жәма’асынан бөлініп шықса және (сол күйінде) көз жұмса - жәһилиет өлімімен өлген болады; кім бұлыңғырлықтың (соқырлықтың) туының астында соғысып, өзінің тайпасы үшін ызаланса, немесе ұлтшылдыққа немесе өзінің тайпасына көмектесуге шақырып жатқанда өлтірілсе - жәһилиет кезіндегі өлтірумен өлтірілген болады! Кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендері үшін қынжылмай, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің оған (еш қатысым жоқ)» (әл-Бухари және Муслим).

Ибн Аббас Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өзінің әмірінде өзіне ұнамсыз бір нәрсе көрсе, бұған сабырлықпен қарасын, өйткені мұсылман жәма`асынан бір еліге болса да ауытқып өлген адам жәһилиет (Исламға дейінгі надандық) дәуірінің өлімімен өлген болады» (әл-Бухари және Муслим).

Абдуллаһ ибн Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өзінің әміріне мойынсұнудан шықса, Қиямет Күні Аллаһтың алдына барғанда оның ақтауы болмайды. Ал кім (әмірге) ант бермей өлсе, жәһилиет дәуіріндегі өліммен өлген болады» (Муслим).

Арфажа Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естігенін баяндайды: «Егер сендер бір әмірдің қоластында біртұтас болсаңдар және сендердің біртұтастықтарыңды бөліп тастағысы келген біреу келсе, ол кім болса да, оны (яғни әмірге қарсы шыққанды) өлтіріңдер!» (Муслим).

Умм Сәләмә Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Істері кейде сендерге ұнайтын, ал кейде ұнамайтын әмірлер сендерге билік жүргізетін кез келеді. Сендердің қайсыларыңа (олардың жауыздықтары) жек көрінішті болса, сол оларға қатыссыз болады. Кім оларға өзінің сөгісін білдірсе, (жазадан) құтылады. Ал кім оларға разы болса және оларға ілессе...» Одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз олармен соғыссақ па екен?», - деп сұрайды. Ол: «Олар намаздарын орындап тұрғандарында – жоқ», - деді (Муслим).

Жунада ибн Абу Ймейя былай деп баяндаған: «‘Убада ибн әс-Самит ауырып қалған кезде, біз оған келіп: “Аллаһ саған шипа берсін! Маған Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) естіген бір хадисіңді айтып бер, ол Аллаһтың қалауымен саған көмегін тигізсін”, - дедік. ‘Убада былай деді: ”Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді өзінің құзырына шақырды және біз оған ант бердік. Ол бізге: «Біз саған өзімізге ұнайтын және ұнамайтын нәрселердің барлығында, бұл бізге ауыр болса да, жеңіл болса да, тіпті егер әмір біздің мал-мүлкімізді иемденетін болса да мойынсұнамыз деп ант етеміз. Біз сондай-ақ онымен билікке таласпаймыз», - деп айтқыздырды. Кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Тек егер ол Аллаһ сендерді ол жөнінде хабардар еткен айқын күпірлік жасамаса»”» (әл-Бухари және Муслим).

Имам ән-Науауи (12/229) бұл хадиске жасаған түсіндірмесінде былай деп жазған: «Бұл хадисте күпірлік деген сөздің астарында олардан сіздерді Аллаһ Тағаланың діні сақтандыратын күнәлар айтылып тұр. Ал бұл хадистің мағынасы «егер әмір сіздерге ол туралы Ислам негіздерінен мәлім болған шынайы күпірлік жасамаса, онымен билік үшін таласпау керек және оған қарсы шықпау қажет» дегенде. Егер әмір осындайды істесе, онда оның іс-әрекеттерін мақұлдауа болмайды және оған ақиқатты ескерту қажет. Алайда оған қарсы көтерілу және соғысу мұсылман ғалымдарының бірауызды келісілген пікірі бойынша тыйым салынған, тіпті егер әмір жауыз және ұлы күнәһар болса да. Бұл жөнінде көптеген хадистер анық куәлік береді. Әһлю-Сунна «Әмірді істеп жатқан күнәлары үшін биліктен шеттетуге болмайды» дегенге бірауызды келісімде. Ғалымдар: «Мұның себебі - осындай әрекеттердің салдары қантөгіске ұласатындығында және мұсылмандардың арасында араздыққа әкелетіндігінде», - дейді. Сондықтан күнәһарды биліктен шеттетудің зияны пайдасынан көбірек болады».

Ауф ибн Мәлик Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Әмірлердің ең жақсылары – сендер жақсы көргендерің және сендерді жақсы көретіндері. Сендер оларға игілік тілейсіңдер және олар да сендерге игілік тілейді. Ал әмірлердің ең жамандары сендер оларды жек көретіндерің және сендерді жек көретіндері. Сендер оларды лағынеттейсіңдер, олар да сендерді лағынеттейді». Одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз олармен қолымызға қылыш алып соғыссақ па екен?», - деп сұрағанда, ол: «Олар сендермен бірге намазды орындағандарына дейін жоқ. Ал егер сендер өз әмірлеріңде ұнамсыз нәрсе көрсеңдер, бұған ұнатпаушылық танытуларың керек, бірақ мойынсұнудан бас тартпауларың қажет» (Муслим).

Бұл «Егер әмір мұсылман болса, Аллаһтың заңы билікті құлату үшін талпыныс жасауға кірісуге тыйым салады» дегенді білдіреді. Бұл – әрбір мүмін адам есте сақтауға және басшылыққа алуға тиісті өте маңызды ереже.

Нәфи‘ былай деп баяндайтын: «Мәдинаның тұрғындары Язид ибн Му‘ауияны биліктен шеттетуді шешкенде, Ибн Умар өз жақындары мен балаларын жинап алып, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір сатқынның жанына Қиямет Күні бір ту тігіледі», - дегенін естігенінін айтады. Ол былай деп жалғастырады: «Біз барлығымыз бұл адамға Аллаһтың және Оның Елшісінің заңына сәйкес ант бердік. Ақиқатында, мен бір адам басқа бір адамға Аллаһтың және Оның Елшісінің заңына сәйкес ант беріп, ал содан соң онымен соғысудан үлкенірек сатқындықты білмеймін. Сендердің барлықтарың бір кезде оған опа боламыз деп ант бердіңдер. Сондықтан да, егер сендердің біреулерің оны билігінен құлатқысы келсе, мен оған қатыссызбын» (әл-Бухари).

Ибн Муфлих «әл-Әдаб әш-Шәр‘ийя» кітабында(1/175) былай деп жазған: «Бағдадтың мұсылман фақиһтары әл-Уәтиқтың халифалық құруы кезінде Абу Абдуллаһ ибн Хәнбалға келіп, мұсылмандардың арасында Құранның жаратылғандығы туралы кесірлі көзқарастардың кең таралуына, тағы да өзге жайттарға байланысты олардың жағдайы өте шиеленісіп кеткеніне арызданды. Олар билікке және сұлтанға наразылық білдірді. Имам Ахмад олармен бұл мәселені талқылады да, сұлтанның іс-әрекеттеріне іштей наразы болуды, бірақ ешбір жағдайда оған мойынсұнудан шықпауды, мұсылмандардың бірлігін шайқалтпауды, өздерінің және олардың қанын төкпеуді, өздерінің іс-әрекеттерінің мүмкін болған салдарын ойлауды және сабыр етуді бұйырды». Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін жандандырған және өмірінің соңына дейін Исламды надан адамдардың адасқан көзқарастарынан тазартуға және дұшпандардың арам ойларынан қорғауға тырысқан ғалымдардың бірі имам Ахмад ибн Хәнбалдің (һижраның 241 жылы қайтыс болды) пікірі осындай еді.

Басқа ұлы ғалым және фақиһ Ахмад әт-Тахауи (һижраның 321 жылы қайтыс болды) шынайы ислам ақидасы туралы өзінің кітабында былай деп жазған: «Біз имамдарымызбен әмірлерімізге қарсы шығуды мойындамаймыз, тіпті олар қателессе және әділсіздік жасаса да. Біз оларды лағынеттемейміз және оларға мойынсұнудан бас тартпаймыз. Біз «оларға бағынуымыз арқылы Ұлы және Құдіретті Аллаһқа бағынамыз» дегенге сенеміз. Ал оларға мойынсұну барлық нәрседе міндетті, егер олар күнә істеуді бұйырмаса ғана. Біз үнемі Аллаһқа Ол оларды тура жолға салуын және есендік беруін тілеп жалбарынамыз».

Әт-Тахауидің бұл сөздеріне түсіндірме жасап, шейх Али ибн Абу әл-‘Изз «әл-Ақида әт-Тахауия» деген кітаптың шархында былай деп жазған: «Құран және Сүннет әмірлерге, егер олар күнә істеуге бұйырмаса, мойынсұну қажеттілігіне нұсқайды. Аллаһ Тағаланың: «Аллаһқа мойынсұныңдар, Елшіге мойынсұныңдар және араларыңдағы билік иелеріне де», - дегеніне терең ой салыңдар. Аллаһ: «Елшіге мойынсұныңдар», - деді, бірақ: «араларыңдағы билік иелеріне мойынсұныңдар», - деп айтқан жоқ. Ол бұл («мойынсұныңдар» деген – ауд.) етістікті тағы да бір рет қайталамағанының себебі – билік иелері өздігінше мойынсұнуға лайықты емес. Оларға Аллаһтың және Оның Елшісінің әмірлерімен бірдей келетін нәрселердің барлығында мойынсұну қажет. Алайда Аллаһ «мойынсұныңдар» деген етістікті Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұну туралы сөз болғанда қайталады, өйткені оған мойынсұнғанның кез келгені Аллаһқа мойынсұнған болады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Аллаһқа мойынсұнудан шығаратын еш нәрсе бұйырмайды. Ол күнәсіз, ал кез келген басқа әмір Аллаһтың еркіне қайшы келетін нәрсені де бұйыруы мүмкін. Сондықтан да оларға тек Аллаһтың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне сәйкес келетін нәрселерде ғана мойынсұнуға болады. Дегенмен, әмірлер тіпті егер зұлымдық және әділетсіздік жасап жатса да, мұсылмандар әмірлерге бағынышты бола беруі керек, өйткені оларға мойынсұнбаудың салдары ауырлығы бойынша олардың жасаған күнәларынан көп есе кесірлі болуы мүмкін. Ал егер мүміндер өздеріне тиіп жатқан әділетсіздікті сабырлықпен көтерсе, оларды күнәларының кешірілуі және еселеген сауаптар күтеді. Аллаһ Тағала тек амалдарымыздың бұзықтығынан біздің үстімізден күнәһар әмірлерді қойғанын есте сақтауымыз керек. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Бастарыңа келген кез келген қасірет қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Бірақ Аллаһ көбін кешіп жібереді» (әш-Шура 42:30); «Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан (Бадрдағы) бір қайғыға өздерің (Ухудта) ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?», - дедіңдер. (Мухаммад) оларға: «Ол өз пиғылдарыңнан», - деп айт» (Әли Имран 3:165); «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз» (әл-Әнъам 6: 129).

Егер бағынышты адам залым әмірдің жәбірлеуінен құтылғысы келсе, ол ең алдымен өзі зұлымдық және әділетсіздік жасауын қоюы керек. Мәлик ибн Динар: “Раббымыз көктен түскен Кітаптарының кейбіреуінде: «Мен – бүкіл патшалардың Патшасымын, және Менің Қолымда олардың жүректері. Егер адамдар маған мойынсұнса, Мен өзімінің рахымыммен оларға әділ патшаларды патша етемін. Ал егер олар Маған мойынсұнбаса, Мен өш алып, оларға залым патшаларды патша етемін. Жүректеріңді патшаларың туралы ойлармен мазаламаңдар, қайта Менің алдымда тәубе етіңдер, ал сонда мен сендерге рахымшылдық етемін», - деген”, - деп баяндаған.

Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесушілердің тап-таза және шынайы көзқарастары міне осындай, және мұсылмандар оларға адал болса, олардың иманын ешкімнің қастығы талқандай алмайды. Өйткені Аллаһ Тағала мүміндерге былай деді: «Егер сабырлы және тақуа болсаңдар, олардың (яғни Аллаһтың дұшпандарының) арам ойлары сендерге еш зиян тигізбейді» (Әли Имран 3: 120).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет