Құрастырушы: Тагабаева Л. М. Шымкент 2013



жүктеу 1.31 Mb.
бет1/8
Дата02.05.2016
өлшемі1.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацептика Академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы

Мейірбике ісі негіздері
пӘні бойынша Әдістемелік өңдеу

Мамандығы: «Мейірбике ісі»

Курсы: 2

Семестрі: 3


Құрастырушы: Тагабаева Л.М.

ШЫМКЕНТ 2013

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_____» ____________ № «____» хаттама

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі _________________________Әлдешев А.Ә.

1 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық этика, деонтология және биоэтика.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:


  • оқыту: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасауға, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануға үйрету.

  • тәрбиелік: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасау кезінде, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану кезінде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.

  • дамыту: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарға күтім жасау, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану

қабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)

Жоспар:


  • Медициналық этика ұғымы;

  • Медициналық деонтолгия ұғымы;

  • Медициналық биоэтика ұғымы;

  • Балаларда, мектеп жасындағы балаларда, улкен жастағы науқастар тобымен жұмыс жасау;

Мейірбикелік ісі философиясының басты пікірі адамның жетістіктеріне міндетіне құрметпен қарау. Мейірбикелік ісі философиясы мейірбике және жеке санасын анықтайды.



Этика- сөзі юнонша аetһоc- деген сөзден шыққан болып, яғни жүріс тұрыс «әдептілік» деген мағынаны білдіреді. «Әдеп» бұл адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын тәртіпке салып тұратын жағдай. Медициналық этиканы ең басты міндеттері төмендегілер: Адамдардың, науқастардың саулығы үшін адал қызмет ету әрдайым медициналық жәрдем көрсету науқасқа жан ашу, көңіл кою өзінің әрекеттерінде адамгершілікті, кішіпейілділікті сақтау медицина қызметкерлерінің міндетін түсіну, өз отанына, халқына мейірлі болу. «Әдептілік» түсініктемелері: «намыс», «міндет», «жауапкершілік», «бакыт», «ар», «қадыр кымбат», түсініктемелері жатады.

«Намыс» - бұл өз кәсібінің ұстасы болып, өз абыройын, қадірін сақтау. «Жауапкершілік»- медицина қызметкерлерінің өз міндетін атқару кезінде, кәсібін алдамау, жүмысты толығымен міндетті түрде атқару «Қадір қымбат»- өз кәсібі, мақтанышы, өз кәсібін сүю, алға үмтылу. «Ождан» адамның ішкі әдептілігін түсінуі, жауапкерлікті сезінуі, мінез құлқы үшін әдептілік жауапкершілікті сезінуі өз пікіріне, әрекетгеріне баға беру.



  1. Эгогения науқастың өз өзіне әсер етуі

  2. Эгротогения науқастың бір-біріне өзара әсері

3. Ятрогения медицина қызметкерлерінің ұқыпсыздығы, қопалдығы, дұрыс жасамаған іс әрекеттері нәтижесінде пайда болатын науқастардағы жағдай, яғни ятрогения ауру.

Бүл жағдайға төмендегілер себеп болады:

А) Науқастың диагнозын және нәтижелерін асығыс түрде науқасқа жеткізу.

Б) Қызметкелердің әрекетсіздігі немесе көңілсіздігі «сөзсіз» ятрогения.

4. Госпитализм- бүл наукастын ауруханаға және оның жағдайьна үйренгеніне дейінгі жағдайлар

Деонтология- (грекше deontoc- зәрлі, керек деонтология медициналық этиканың бір бөлігі. Бұл медициналық қызметкерлердің күш жігері, тек ауруды емдеуге ғана емес аурудың алдын алуға адамның денсулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.

Деонтология мен медициналық этиканың принциптерін қолайлы іске асыру

үшін мынадай жағдайлар қажет: парыз сезімі , өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру. Медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, оның дәрігердің айықтырғыш күш қабілетінің күштілігіне иландыру керек. Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, дос пейілмен мақылдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да орныкты түрде асырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек. Медицина деонтологиясының басты мақсаты төмендегідей:

Медицина кызметкерлерінің мінез құлқы мен өзара қарым-қатынасы бір шама нормалармен, ережелермен және әдет ғүрыппен реттеледі.

Дәрігердің құпиясын сақтау. Медицина қызметкерлері мен науқас ортасындағы қарым- қатынасты үйрену.

Медицинадағы қолайсыз жағдайларға шек қою.

Мейірбикелік деонтология

Мейірбикелік қызыметінің ережелері 2 ге бөлінеді

1. Ішкі мәдениет- бұл еңбекке қарым- қатынасы, тәртіпті сақтау, достық қарым- қатынаста болуы, үйымға деген сезім

2. Сыртқы мөдениет: әдеп, жаксы мінез, кейіп сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісінің сәйкестігі: медициналық кызметкерлердің негізгі сапасына яғни онын ішкі мәдениетінің сапасына жатады:



  • сыпайылық, қарапайымдылық жасанды елестін

  • шьншылдық, медициналық қызметкерлердің ең жоғарғы ізгі ниеті

  • әділдік- медициналық қызметкерердін барлық жұмысьна сәйкес болуы керек.

  • жақсылық- бұл жақсы адамның ішкі мәдениетінің сапасы

- жақсы адам ол өзінің айналасындағы көмек көрсету, олардың қиын күндерімен қуаныштарын бірге бөлісе алатын адам

1. Сыртқы көрініс. медицина қызметкерлерінің киіміне қойылатын талап,


тазалық, қарапайымдылық, ак халат, өзін ұстай білу, науқасқа көңіл бөлу,
косметика, сәндік бұйымдарды қолданбау.

  1. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.

  2. Медицина қызметкердің сөзі анық, нақты, баяу, жағымды болу керек.
    Медбикелік этика мен деонтологияның басты принциптері:

  1. Адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық, махаббат

  2. Рахымдылық

  3. Ақпейіл

  4. Еңбекқор

  5. Сыпайылық

Науқасты емдеуде сөздің қызыметі әр дайым жоғары. Кейде науқас көзінше медициналық қызметкер көбірек сөйлеп кояды, ол ятрогенияға /науқасқа диагнозы жөнінде теріс пікір пайда болған психогендік немесе невроздык ауру) әкеліп соқтырады, ол медициналық қызметкердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез құлкынан шығады. Ятрогенді аурудың себептеріне жалпы және медициналық мәдениеттің жетіспейтіндігі. Кез келген ауру жағдайында да науқастың психикасын бұзбауы тиіс. Сөз науқасты емдеп кана қоймай оны жаралауы да мүмкін екені мейірбике есінді сақтап науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.

Медицина қызметкерлері мен науқастың ортасындағы қарым-қатынастың маңызы зор. Егер науқас байсалды да, тыңғылықты істейтін медицина қызметкерін байқаса ол өзін сенімді қолда екенмін деп сезініп, тыныштанады. Егер оның үстіне сырқат тек жоғары дәрежелі маманды ғана емес, оған қатысты ізгі, ак жүрек адамдарды көрсе, онда оның қызметкерлерге деген ерекше ілтипаты оянып, оларға деген сенімі арта түседі., ал бүның өзі емдеу кезінде жақсы нәтиже береді. Науқастармен қарым-қатынаста болғанда олардың жасын еске алу керек.



1. Мектеп жасына дейінгі балалар тобы;

а) олар өздерінің науқас екенін сезініп, түсінбейді;

б) ауырып тұрған жерін толығымен айтып жеткізе алмау;

в) науқастанған кезде пайда болған белгілерден күшті әсер алу;

д) емдеу және диагностика процедураларын қорқынышпен қабылдайды; Мейірбикелер осы жастағы наукас балалармен жұмыс істегенде, алдыменен балаларды тыныштандырып оларды түрлі ойындармен қызықтырып ауру екендігін естен шығаруы тиіс.



2. Жас өспірімдер жасындағы науқастар тобы:

а) өзінің ауру екенін мойынсынбау;

б) саулығына қауіп тудыратын жағдайларға назар аудармау;

в) ауруға және оның кешуіне көңіл бөлмеу;

Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике өте абайлы болуға тиіс.

3. Жұмыс істеуге жарамды жастағы науқастар тобы;

а) Бұл жастағы науқастармен жұмыс кезінде мейірбике әрбір сөзіне, жүріс тұрысына назар аударып абай болуы керек. Атқаратын манипуляцияға өте көніл аудару керек. Науқастың кәсібін, мінезін есепке алу керек.

4. Үлкен жастағы және қарт науқастар тобы;

а) « өтіп кеткен өмір, жалғыздыкты сезіну, өлімнің жақындауы, » сияқты


сезімдерді сезінуі;

б) есту, көру, еске алу сезімдері және өмірге қызығудын төмендеуі;

в) тез қапа болу;

д) ауруды кәрілікке санап, емделуден бас тарту;

Мейірбике бұл жастағы науқастарға сабырлы, жылы мәмледе болуы тиіс, өйткені қарт адамдарға тән ынжықтық, көп сұрақтар беру, түсінбеушіліктен келіп шығатын түрлі жағдайлар шыдамдылықпен, сабырлықты талап етеді.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин. ( 35%)

Мейірбикелер өздеріне қажетті терминдерді дәптерлеріне жазып, ситуациялық есептерді шешу.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)
Тесттер:

  1. Медбикелік ісі философиясымен келісілген түсінікті табу:

    1. медбикенің этикалық міндеттері

    2. медбикенің этикалық бағасы

а) шындықты айту

б) шыдамдылық

в) адамгершілік қасиеті

г) жауыздық жасамау

д) науқастың құқықын құрметтеу

е) жақсылық жасау

ж) күту

2. Медбикелік ісі философиясының негізгі түсініктерін атаңыз



1) науқас, медбике, қоршаған орта, денсаулық

2) денсаулық, экология, жақсылық, күту

3) күту, кәсіптес, медбике, қоршаған орта

4) қарыз, этика, деонтология, мораль

5) деонтология, этика, медбике, науқас

3. Медбикелік ісі негізін қалаушыларды атаңыз

1) Даша Севастопольская

2) Флоренс Найтингейл

3) Екатерина Бакунина

4) Варвара Щедрина

4. Адам өміріндегі кездесетін әлеуметтік, психологиялық және ішкі дүниелік жағдайлардың жиынтығы, аталады

1) денсаулық,

2)қоршаған орта

3) науқас

4) медбике

5. Медбикелік ісі философиясымен келісілген медбикелік ісіне анықтама беріңіз

1) науқаспен қарым қатнас жасау өнері

2) науқасты күту турасындағы ғылым

3) қоршаған ортада адамның ден саулығына байланысты пайда болған мәселелерді шешуге бағытталған ғылым және өнер

4) науқаспен медбикенің өзара қарым қатнасы турасындағы пән

6. Халықаралық кодекске орай медбикелердің фундаментальды жауапкершілігінің төрт негізгі аспектілерін атаңыз

1) қиыншылықты жеңілдету

2) ұқыптылықпен күту

3) аурудың алдын алу

4) денсаулықты тіктеу

5) дәрігердің айтқандарын толығымен орындау

6) денсаулықты қуаттауға кірісу

Дұрыс жауапты табыңыз

А) 1,2,3,5 Б) 2,3,4,6 В) 1,3,4,6 Г) 3,4,5,6 Д) 2,3,4,5

7. Медбикелік ісінің философиясы қанша мөлшердегі негізгі түсініктерде

1) 2

2) 3


3) 4

4) 5


5) 6

8. Медбикелік ісінің негізгі принциптерін атаңыз

1) өмірге деген, адам құқықына, жетістіктеріне құрмет

2) дәрігердің айтқандарын шала орындау

3) ұлтқа қатыссыз науқасты жақсы күту

4) науқасқа көңіл бөлу және сүю

9. «денсаулық» түсінігі білдіреді

1) аурудың болмауы

2) физикалық және материалды жетістіктер

3) аурудың болмауы және көңіл күй комфорты

4) толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайдағы жетістіктер

10. Медбикелік ісінің философиялық көзқарасына орай «медбике» түсінігі

1) қандас туысқан аға

2) Медбикелік жұмысқа құқықы бар, медбикелік ісінің философиясын бөлетін кәсіптік маман иесі

3) науқасқа күтім жасайтын медицина қызметкері

4) науқасты күтіп, бақылайтын әйел


Ситуациялық есептер:

  1. Қабылдау бөліміне ыстығы шыққан үш жасар баланы алып келді, баланың ыстығы көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта. Балаға дәрігер ыстығын түсіретін дәрі берді. Бала қолында шприці бар мейірбикені көргенде қорыққаннан айқайлап жылады. Бұл кезде мейірбике не істеу керек?

  2. Кардиология бөлімінде жатқан 72 жастағы қария науқас ауруының қауіпті екеніне қарамастан, мен бәрібір емделмеймін «өлімім» жеткен көрінеді деп мейірбикенің манипуляцияларынан бас тартты. Бұл кезде мейірбике науқасқа қандай көмек көрсету керек?


12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н-1, 2 - бөлім , 4 -154 бет



2 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медбике ісіндегі қарым – қатынас.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды мейірбике ісіндегі қарым-қатынасты қолдануға үйрету.

тәрбиелік: Оқушыларды қарым – қатынас принциптерді сақтауға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларда қарым – қатынас қабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013


Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)

  • Медициналық этика ұғымы;

  • Медициналық деонтолгия ұғымы;

  • Медициналық биоэтика ұғымы;

  • Балаларда, мектеп жасындағы балаларда, улкен жастағы науқастар тобымен жұмыс жасау;

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)

Жоспар:


  • Науқаспен әнгімелесу кезінде қолайлы жағдай жасау

  • Анамнез жинау

  • Мейірбикенің негізгі мақсаты

1. Әңгімелескенде қолайлы жағдай жасаңыз.

Біріншіден, жарықты бағалаңыз. Тым жарық немесе жартылай жарық емделушіңіздің және Сіздіқ көзіңізді шаршатады. Сізге немесе науқасқа сүраққа ынта қоюға шу кедергі болмай ма? Осындай кедергілерді жоя алмасаңыз, әңгімені жалғастыру үшін басқа бөлмеге ауысуды ұсыныңыз.

Егер емделуші әңгіме біреуге кедергі болғанын сезсе, өзін қолайсыз сезінеді. Мүмкіншілік болса танысуды емделушінің палатадағы көршісі жоқ уақытына жоспарлаңыз. Басқалардың уақытша сыртқа шыға тұруларын сұраңыз, науқастың келісімімен достары мен туысқандарына бірге болуға мүмкіншілік жасаңыз.

Емделуші әңгімеге дайын ба? Егер ол шаршаса, бір нәрседен қорықса, бір жері ауырса ол қапаланып, сөзге сараң болады. Бұл жағдайда танысуды басқа күнге ауыстырыңыз. Емделушінің сырқаты болса, дәрігер тағайындаған амалдарды орындаңыз. Әңгімеге 15 минуттан аз уақыт бөлмеңіз. Асықпаңыз: жаксы нәтиже алу үшін әңгіме 1 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Мәселен, әңгімелесуге Сіздің уақытыңыз жоқ делік. Мұндай жағдайда емделушіге түсіндіріп, әңгімеңізді бірнеше бөлшекке бөліңіз.

2. Емделушімен әңгімелескенге дейін ол туралы барлық мәліметті алдын-ала біліп алыңыз.

Бұрынғы емделген жерлерден де (ондайлар болса) мағлұмат жинастырыңыз. Осылайша, Сіз уақытыңызды үнемдейсіз және науқасты шаршатпайсыз. Бірақ, алынған мағлұматтан қорытынды шығаруга тырысыңыз. Сізде емделушінің және оның туысқандарының толық мекен-жайы, телефоны, жұмыс орны туралы мағлұмат бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

3. Емделушіңізбен сенімді қарым-қатынас қүруға тырысыңыз.

Емделушімен әңгімені өз есіміңіз бен қызметіңізді атаудан бастаңыз. Емделушіңізді аты-жөнімен атаңыз, жаксы дауыс ырғағыңызды қолданыңыз. Сіз түрегеп тұрсаңыз, емделуші өзін колайсыз сезінеді де, маңызды ақпарат қалып қоюы мүмкін. Оның айтқанына шын көңіл білдіріңіз. Қызығушылықпен қараған көзқарас және анда-санда оның сөзін ңайталау күткен нәтижеге жетуге көмектеседі. Егер Сіз, тік сөйлейтін, жаныңызга жақындатпайтын селқос адам болсаңыз, ол Сізге сене алмайды.

Емделушінің бетіне қарап, көзімен түйісіңіз, сәл жымиыңыз. Алынған мағлұмат дүрыс ем мен күтімді анықтауға көмектесетінін айтыңыз.

4. Әңгіменің сарынын белгілеңіз.

Әңгімені "Хал-жағдайыңыз қалай?" немесе "Сізді не мазасыздандырады, қай жеріңіз ауырады?" деген сұрақтардан бастаңыз. Науқастың өз сырқатын айту барысында Сіз тексеріске жататын белгілерін анықтайсыз және бұл науқастың көңіл-күйі мен түсіну деңгейін бағалауға көмектеседі. Науқастан алынған мағлұматты ешкімге жария қылмаңыз. Науқаска Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге мүмкіншілік тудырыңыз, тақырыптан кетіп қалған жағдайда негізгі әңгіменің тақырыбын есіне түсірініз. Ол үшін оның денсаулығына байланысты сұрақ койыңыз. Әңгіме барысында өзіңізді бақылаңыз, түсінікті, жай сөйлеңіз. Медициналық терминдерді пайдаланбауға тырысыңыз. Сіздің емделушіңіз оларды түсінбей қалуы мүмкін. Науқас сүрактарды түсінгеніне күдіктенесіз бе? Сіздің айтқаныңызды өз сөзімен кайталап беруін сұраңыз. Қалай жауап беретініне көңіл аударыңыз. Емделуші өзінің ауру екенін түсіне ме? Осылайша, емделушінің сезімін түсініп, Сіз өзіңізге көмектесесіз.

5. Нақты сұрақтар қойыңыз.

Көп жауапты талап ететін сұрақтар қойып көріңіз. " Аяқталмаған" сұрақтар емделушінің назарын жұмылдырады және оны толық жауап қайтаруға мәжбүр етеді. Емделушіңіздің жауабына кұлак. түріңіз. Олар өз артынан басқа сұрақтар тудыруы мүмкін. Мысалы: "Сіздің көз көруініз қалай?". Егер ол "Кейде көз алдым ағарып кетеді" деген жауап берсе, сұрақ қоюды жалғастырыңыз. "Бұл жиі болып тұра ма және ұзаққа созыла ма?" деп сұраңыз.

6. Белгілер жасаңыз.

Науқастан алған барлық мағлұматты жазбаңыз. Оның орнына қысқаша керекті фразаларды, мерзімін, уақытын жазып, кейін жазғаныңызды толықтырып отырыңыз.

7. Жеңіл түсіндіріндз.

Емделушіңіздің сұрактарын көтермелеңіз. Жай, асықпай, жеңіл түсіндіріңіз. Егер емделушіге Сіздің нұскауларыңызды қайталау қиынға түссе, қысқаша белгілер жасаңыз.


Мейірбикенің негізгі мақсаты: емделушінің мейлінше мүмкіндік жағдайын жасау; ауру кезіндегі жаңа жағдайларға емделушінің бейімделуіне көмек көрсету.

Ол үшін мейірбике өзінің емделушісі туралы толық акпараттар жинауы немесе мейірбикелік процестің бірінші кезеңін іске асыруы керек. Емделушінің қай мұктаждығының қанағаттандырылуы бұзылғанын мейірбике анық, нақты түрде елестете отырып қана қоймай, мейірбикелік күтімнің проблемасын шешуді талап ететін мәселесін, күтім мақсатын құрастырады, жекешелендірген күтім жоспарын ойлап, құрастырып, жүзеге асырып, нәтижелерін бағалай алады.

Мейірбике емделушіні физиологиялық және психологиялың-әлеуметтік бүтін және дербес түлға ретінде елестете отырып қана қоймай, емделуші тарапынан оның күтімін ұйымдастыруға қажетті үғыну мен қолдауға және оның жағдайын жақсартуға қажетті тиімді дәлелдеуге есептей алады.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин. ( 35%)

Мейірбикелер өздеріне қажетті терминдерді дәптерлеріне жазып, ситуациялық есептерді шешу.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)

Тесттер:



  1. Мейірбике ісі негізін қалаған:

  1. Флоренс Найтингейл

  2. Даша Севастопольская

  3. Екатерина Бакунина

  4. Варвара Щедрина

  5. Екатерина Хитрова

  1. Адамның өмірі өтіп жатқан рухани, психологиялық және әлеуметтік жағдайының жиынтығы .. деп аталады.

  1. қоршаған орта

  2. денсаулық

  3. этика

  4. деонтология

  5. қауым

  1. «Денсаулық» - түсініктемесі:

  1. адамның толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайының қолайлығы

  2. аурулармен ауырмау

  3. физикалық және материальді қолайлы жағдай

  4. еш аурумен ауырмауы және рухани тұрғыда өзін-өзі жақсы сезіну

  5. аурудың алдын – алу және салауатты өмір сүру

  1. Мейірбике ісі философиясының көз қарасы бойынша «мейірбике» түсініктемесі:

  1. мейірбике ісі философиясын түсінетін және мейірбикелік жұмысқа құқығы бар, білімді маман

  2. ағасының жақын туысқаны

  3. науқасты жалпы күтетін медициналық қызметкер

  4. науқасты күтетін және бақылайтын әйел

  5. дәрігер тағайындауын орындайтын медициналық қызметкер

  1. Эгротогения - .. әсері.

  1. науқастардың бір – біріне жағымсыз

  2. науқастың өз өзіне теріс

  3. науқасқа дәрігердің тигізетін негативті

  4. науқасқа мейірбикенің тигізетін негативті

  5. науқасқа қоршаған ортаның тигізетін кері

  1. Мейірбике дәретханаға кіріп шыққан соң қолын .. деңгейде өңдейді.

  1. гигиеналық

  2. орташа

  3. әлеуметтік

  4. хирургиялық

  5. жоғары

  1. Ауруханадағы мейірбикенің функционалдық міндетіне жатады:

  1. бөлімшеде емдік – сауықтыру тәртібін сақтау, дәрігер тағайындауын орындау, науқастарды күту

  2. науқасқа өзінше тағайындау жасау, бөлімшедегі емдік – сауықтыру тәртібін сақтау

  3. тағайындалған дәрілік зат болмаған жағдайда өзбетінше басқа дәрілік затпен алмастыру

  4. ауру тарихын толтыру, дәрігер тағайындауын уақытылы орындау

  5. науқастарға күтім жасау, науқасты ауыру тарихымен таныстыру

  1. Мейірбикелік пост .. жақын орналастырылады.

  1. палаталарға

  2. аға мейірбикенің бөлмесіне

  3. егу бөлмесіне

  4. бөлім меңгерушісінің бөлмесіне

  5. әжетханаға

  1. Ятрогения дегеніміз .. .

  1. мед. қызметкерлерінің іс-әрекеттерінен, қателіктерінен дамитын ауру

  2. ұзақ аурудан кейiнгi асқыну

  3. операциядан кейiнгi асқыну

  4. дәрi – дәрмек қабылдағаннан кейiнгi асқыну

  5. емдiк тәртіпті сақтамаудан кейінгi асқынулар

  1. Науқаста анафилактикалық шок .. болуы мүмкін.

  1. сезімталдыққа проба жасау кезінде

  2. күшті әсер етүші дәріден

  3. сұйық дәріден

  4. жарамсыз дәріден

  5. үлкен дозадан

: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет