Құрастырушылар: Садыкова Г. С. Абдукаримова Ж. М шымкент 2011ж. Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді



жүктеу 116.54 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі116.54 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті

Терапия бакалавриат кафедрасы

ІШКІ АУРУ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 - «Фельдшер»

Курсы: 4

Семестрі: 7
Құрастырушылар:

Садыкова Г.С.

Абдукаримова Ж.М


ШЫМКЕНТ 2011ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_____»_______________

«______» хаттама



«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор_____ Бекмурзаева Э.Қ.
10 Сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Асқазан мен ұлтабардың ойық-жарасы. Ойық жара ауруларының асқынулары

2. Сағат саны: 4 сағат 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерге ревматизм аурулары кезінде этиопатогенез, симптомы және синдромдарын анықтауды үйрету.

тәрбиелік:- студентерге ревматизм аурулары бар науқастарды дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - ревматизм аурулары кезінде зерттеу әдістері мен емдеу қағидаларын жетілдіру



5. Оқыту әдісі: Кіші топпен жұмыс

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Қағазға басып шығарылған оқу-әдістемелік нұсқаулар:Оқу фильмдері;Тақырыптық плакаттар, кестелер;Манекены, муляжи.

б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.
Қосымша:

1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.28 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау


10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)

Жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, онекіелі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан-онекіелі ішек аймағының созылмалы рецидивтеуші ауруы.

Сонғы кезеде жара ауруының дамуына бейімдейтін тұқымға / генге/ байланысты факторлар айырылған:


  • қанның О (I) тобы, мұндай адамдардың асқазанның кілегей қабығында НР-ге рецепторлардың саны көп болады деген пікір айтылуда, қаны I топты адамдарда жара ауруы 35%-ға жиі кезедесетіні анықталған;

  • НLA жүйесінің В15, В5, В35-антигендерінің болуы;

  • асқазан кілегей қабығында агрессиялық факторлардан қорғайтын заттардың тапшылығы: α2-макроглобулиннің, α1-антитрипсиннің, фукогликопротеиндердің т.б.;

  • париетальді және тыстаушы жасушалар санының көптігі және соған байланысты тұз қышқылы мен пепсин секрециясының жоғарылығы;

  • гастриннің тамақ ішуге байланысты секрециясының шамадан артық жоғарылау ерекшелігі;

  • дерматоглификаның жара ауруында кездесетін ерекшеліктері

Жара ауруының этиологиясы мен патогенезі



(Ф.И. Комаров, А.В. Калинин, 1995)

Тұқымдық (гендік) факторлар

Тыстаушы жасушалардың көптігі. Тамақтану кезінде гастриннің шамадан артық бөлінуі. Қанның сарысуында пепсиноген I деңгейінің жоғарылауы. Трипсин ингибиторының тапшылығы. Гастродуоденальдік аймақтың моторикасының бұзылысы.

Қанның 0 (I) Оң резус-фактор. «Секретор емес статус». Фукомокопротеидтердің тапшылығы. HLA жүйесінің В5, В15, В35 антигендерінің болуы. IgA түзілу кемістігі.



Сыртқы ықпалдар


Алиментарлық.Зиянды әдеттер.

прямая соединительная линия 29прямая соединительная линия 30прямая соединительная линия 31прямая соединительная линия 32Дәрмектердің әсерлері.Helicobacter pylori

прямая соединительная линия 28Нервілік-психикалық күйзелістер






Нейроэндокриндік жүйенің реттеу функциясы



Бас миының

Гипопаламус

Парасимпатикалық жүйе (n.vagus)

Симпато-адреналдық жүйе
прямая соединительная линия 17 прямая соединительная линия 18 прямая соединительная линия 21 прямая соединительная линия 22 прямая соединительная линия 23 прямая соединительная линия 24 прямая соединительная линия 25


Агрессиялық факторлар




Шеттік эндокриндік бездер




Қорғаныс факторлары

Тұз қышқылы.

Пепсин.

Асқазанның эвакуациялау функциясының бұзылысы.

Онекелішек-асқазандық рефлюкс.

прямая соединительная линия 15прямая соединительная линия 16


Қалқанша безі.

Қалқанша маңы безі.Ұйқы-без.Бүйрек үсті безі. Жыны-стық бездер.

прямая соединительная линия 13прямая соединительная линия 14


Кілегейдің түзілуі. Бикарбонаттардың секрециясы. Қанағымның қалыптылығы. Эпителийдің регенерациясы. Простагландиндер. Иммундық қорғаныс.




Гастроинтестинальдік гормондар

Гастрин. Бомбезин. Сомат-остатин. Инвестинальдік вазоактивті пептид. Сек-ретин. Р-субстанция. Нейр-отензин. Энкефалиндер.

Агрессиялық және қорғаныстық факторлар арасындағы тепе-теңдіктің бұзылысы


Күшеюі



Әлсіреуі

Жара

прямая соединительная линия 9 стрелка вниз 10

Онекелішек жарасының даму механизмін қысқаша келесі схемамен келтіруге болады.


H. pylori

прямая соединительная линия 7

Антральдік гастрит



прямая соединительная линия 6

Гипергастринемия



прямая соединительная линия 5

Тұз қышқылының гиперсекрециясы



прямая соединительная линия 4

Онекелішек эпителиінің асқазандық метаплазиясы



прямая соединительная линия 3

Онекелішектің асқазандық метаплазияға ұшыраған эпителиінің H. Pylori-мен колонизациясы



прямая соединительная линия 2

Дуоденит (бульбит)



прямая соединительная линия 1

Онекіелі ішектің жарасы

Жара ауруының жіктемесі

Аурудың түрі

а) алғаш анықталған;

б) рецидивтеуші.

Жараның орналасуы

а) асқазанда:



  • кардийлік және субкардийлік;

  • медиогастральдік (денесінің, кіші және үлкен иіннің);

  • антральдік;

  • пилорикалық каналдың.

б) онекелішектің (бульбарлық, постбульбарлық).

Процестің фазасы:

а) өршу (жаралы ойықтық және асқазанда немесе онекелішекте қабыну белгілерінің болу кезі);

б) басыла келген өршу жара жазылып бітелген; бірақ қабыну белгілері жойылмаған кез);

в) ремиссия (жара жазылып бітелген және қабыну белгілері жойылған кез).

Аурудың ағымы:

а) ауыр (өршуі жылына 3 рет немесе одан жиі);

б) жеңіл (өршуі жылына 2 рет);

в) жеңіл (өршуі 1-2 жылда 1 рет немесе одан да сирек);

г) латентті (клиникалық белгілері жоқ, кездейсоқ рентгенография немесе эндоскопия жасағанда анықталатын жара).

Секрециялық функция:

а) жоғары;

б) қалыпты;

в) төмен;

г) ахлогедрия.

Асқынулары:

а) қан кету;

б) пенетрация;

в) перфорация;

г) тыртықтық деформация;

д) пилородуоденальдік бөліктің стенозы:


  • компенсацияланған;

  • субкомпенсацияланған;

  • декомпенсацияланған;

е) малигнизация (асқазан жарасының).

Клиникалық көрінісі.

Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасу ерекшелігіне және асқынуларының болу-болмауына тәуелді. Жара ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:


  • ауырсынулық (жараның орналасуына байланысты ерекшеліктерімен);

  • асқазандық диспепсия;

  • ішектік диспепсия;

  • астеновегетативтік;

  • жаралы кемістік синдромы;

  • асқынулар синдромы.

Лабораториялық және аспатық зерттеулердің нәтижелері.

  1. Қанның жалпы анализі.

Жара ауруында эритроциттер және гемоглобиннің көбеюіне бейімділік анықталады.

  1. Асқазанның секрециялық функциясы.

Зерттеу мәліметтері нақты болу үшін стимуляцияны пентагастринмен жасаған тиімді. Пентагастриндік стимуляциямен (МАО) тыстаушы жасушалардың санын шамалап анықтайды, мысалы, пентагастриндік стимуляциямен анықталған 1 ммоль/сағ. МАО 50 млн. Шамасындағы тыстаушы жасушаларға сәйкес келеді, ал 22 ммоль/сағ. Деңгейдегі МАО асқазанның кілегей қабығында 1 млрд. тыстаушы жасушалардың болуын дәлелдейді.

Ер кісілердің қалыпты ВАО көрсеткіші 5 ммоль/сағ. аспайды, МАО 18-26 ммоль/сағ.аралығында. Әйелдердің қалыпты көрсеткіші бұдан 1/3 төмен.

Асқазанның жарасында секрециялық функция айтарлықтай өзгермейді, ол қалыпты күйде сақталады немесе сәл биіктейді. Секрецияның төмендеуі сирек кездеседі, төмендесе де сәл ғана төмендейді.

Әдетінде, онекелішектің жараларында базальдік (ВАО) және максимальді стимуляцияланған секрецияның (МАО) көрсеткіштері 1,5-2 есе жоғары болады. Секрецияның күшеюі, бұдан басқа антральдік және пилорикалық жараларда байқалады. Жара ауруына, асқазан рагынан айрықша ахлоргидрия тән емес.



  1. Рентгенологиялық зерттеу.

Рентгендік зерттеуде анықталатын жараның тікелей және жанама белгілерін айырады. Жараның тіке белгісі – асқазанның немесе ұлтабардың қабырғасында анықталатын ойық. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады. Жараның жанама белгілері:

  • барийдің жараның қуысында тұрып қалуы (тұрақты контрастты дақ түрінде көрінетін);

  • барий сульфатының асқазанда бөгелуі немесе одан тез өтуі;

  • дуоденогастральдік рефлюкс;

  • бүрмелердің жараның ауызына қарай бағытталуы (конвергенциясы);

  • кардийдің шамасыздығы, асқазан-өнештік рефлюкс;

  • асқазанның немесе ұлтабардың кейбір аймақтарының түйілуі;

  • жараға қарама-қарсы қабырға аймағының, бұлшықеттің циркулярлық жиырылысынан, қуыс ішіне тартылуы – де Кервеннің сұқ саусақ белгісі; жара табылмағанның өзінде, бұл белгі оның болуын дәлелдейді;

  • перигастриттің, перидуодениттің салдарынан асқазанның немесе ұлтабардың деформациясы.

  1. ФЭГДС – жараны анықтайтын ең нақты әдіс.

Эндоскопиялық көріністердің түрінен жараның бірнеше күйлерін айырады: активті жара, тыртықталып (жазылып) келе жатқан жара және жара орнындағы тыртық. Өршу кезінде жараның шеті қызарады және жұмырланып сәл төмпектеу болады, түбінде ақшылсұр немесе сарғыш некроздық заттар көрінеді. Жараның айналасындағы кілегей қабық ісініп қызарады.

Жара жазыла бастаса, оның айналасындағы гиперемия азаяды, жараның шетіндегі қабыну мен ісінудің белгілері басылады, түбі тазарып грануляциялық тінге тола бастайды, соңыңда жараның аузына қарай бағытталған нәзік, қызғылт түсті тыртықшалар пайда болады.

Жара жазылуының «қызыл» және «ақшыл» тыртық аталатын 2 фазасын айырады. «Қызыл тыртық» фазада, жараның орнында ошақты гиперемия мен бірге сызықша немесе жұлдызша тәрізді ойық көрінеді (жаңа жазылған жараның көрінісі)№ Жүре-бара тыртықтың жас грануляциялық тіні коллагендік тінге ауысады. Бұл кезде тыртықтың түсі ағарады, жара толық жазылған боп саналады. Жара жазылғаннан кейін көбіне асқазанның немесе ұлтабардың деформациясы қалыптасады. Эндоскопиялық зерттеуде рактан күдік туатын болса, жара шетінің және түбінің бірнеше нүктелерінен биоптаттар алынуы тиіс.

5. Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Грегерсен-Вебер сынамасын аз мөлшерде қан кетуден күдіктенгенде жасайды, мәселен, анемия болса.

Диагностикасы.

Диагноз келесі белгілерге негізделеді:

Негізгі белгілер:


  • осы ауруға тән шағымдар және жара ауруына тән анамнез;

  • эндоскопияда жараның табылуы;

  • рентгендік зерттеуде «ойық» белгісінің болуы.

Қосымша белгілер:

  • эпигастрий аймағында ауырсыну нүктелері, бұлшықеттің локальді ширығуы;

  • базальді және стимуляцияланған секрецияның жоғарылауы;

  • рентгендік зерттеудің «жанама» белгілері;

  • ас қорыту жолынан жасырын қан кетудің оң реакциясы.

Емі. Емнің жоспары:

1. аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарты тоқтау;

2. диетотерапия;

3.дәрмектік ем;

4. физиотерапия.

Эрадикацияны жасау жобалары

7-10 күнді «үшқұрамдық ем» («триплеттік») жобаларының схемалары.

1-схема

1. Омепразол 20 мг 2 рет немесе ланзопразол 30 мг 2 рет;



  1. Метронидазол 400 мг 2 рет;

  2. Кларитромицин 250-500 мг 2 рет немесе амоксициллин 500 мг 4 рет, немесе 1 г 2 рет, немесе екеуін жұптастырып: кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1 г күніне 2 рет.

2-схема

  1. Фамотидин (квамател) 20 мг 2 рет;

  2. Амоксициллин 500 мг 4 рет;

  3. Метронидазол (клион) 500 мг 2 рет.

Соңғы кездерде үшқұрамдық емнің (ремиссияға жету) және емнің нәтижесін бекітіп жалғастыру (ремиссияны бекіту) принциптері қолдануда:

1-схема


Үшқұрамдық ем (контролок, клацид, клион).
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)


12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)

Н-1 бөлім 2, Н-3 гл 2,



Қ-8 бөлім 5



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет