ҚР−дағы аудиторлық қызметтің даму мәселесі



жүктеу 38.97 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі38.97 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ҚР−дағы аудиторлық қызметтің даму мәселесі

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында аудит жеке қызмет түрі ретінде қалыптасты, дегенмен аудиторлық ұйымдар қызметіндегі рұқсат етілген ілеспелі қызметтер оның жалпы көрінісін өзгертпеді. Осыған сай аудиторлық қызмет сапасы тек аудиторлар үшін маңызы бар мәселе емес, сонымен бірге осы процесске қызығушылығы бар тұлғалар үшін де маңызды. Аудиторлардың жасаған объективті тұжырымдары кәсіпорынды дұрыс басқарып, әрі қарай дамуына мол мүмкіншілік жасайды. Қазіргі таңда аудиторлық қызметтің сапасын көтеру ең өзекті мәселе. Ең алдымен, аудиторлық қызмет аудиттелетін ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттырудың ең маңызды факторларының бірі. Сондықтан, аудиторлық қызмет сапасы аудитордың өзін-өзі бағалау категориясы емес, бағалау нарығының тура және жанама объектісі болып қалыптасуда. Отандық және шетелдік тәжірибеге сай сапасыз жүргізілген аудиторлық қызмет аудиттелетін ұйымның күйреуіне алып келеді.

Аудиттің ерекшелігі аудиторлық ұйымдарды таңдау мен олар көрсеткен қызмет ақысы азаматтық−құқық шегінде коммерциялық негізде жүргізілсе, ал мақсатты бағыттылғы мен атқаратын қызметіне сай қоғам қызығушылығында , яғни мемлекет пен қызығушылық танытқан тұлғалар негізінде жүргізіледі. Аудит қызметі қайтарымсыз бастама мен тапсырысшылар тарапынан өтелетіндіктен, аудит қызметін кәсіпкерліктің бір түріне жатқызамыз. Аудиторлық қызметті жүзеге асырушы ұйымдар заңмен анықталған арнайы тәртіп негізінде тіркелуі тиіс. Осы ұйымдар тек бірыңғай және арнайы аудиторлық қызметтерді жүзеге асыруға құқылы, ал басқа қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады. Осындай қызметті орындау кәсіпқойлық деңгейінде маманданған мамандарды қажет етеді. Ол аудиторлық қызметті реттейтін жүйеде бекітілген аттестация негізінде қол жеткізіледі. Бұл қызмет түріне негізі өнім біркелкілігі және осы өнімге қол жеткізу үшін технологиялық үдеріс жақындығы тән.

ҚР-ның Қаржы Министрлігінің негізгі міндеті аудиторлық қызмет саласындағы саясатты қалыптастырып, келесідей функцияларды көрсетеді:



  • Аудиторлық қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілерді шығару;

  • ҚР-ның Үкіметі аудиторлық қызмет стандарттарын бекітіп, ұйымдастыру жұмыстарын өңдеу қажет;

  • ҚР-дағы аудиторлар біліктілігін көтеру және заңнамада бекітілген аттестациялау жүйесін жетілдіру;

  • Аудиторлық қызмет стандарттарын аудиторлық ұйымдар мен жеке аудиторлар ұстануын бақылау;

  • Маманданған аудиторлық бірлестіктерді тағайындау және т.б.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды 3 негізгі топқа бөліп қарастыруға болады. Олар: «Үлкен Төрттік» («PriceWaterhouseCoopers», «Deloitte», «Ernst&Young», «KPMG») және өзге батыстық ірі компаниялар, 30 адамнан астам жұмысшысы бар Отандық ірі және орташа фирмалар. «Үлкен Төрттік» компаниялары халықаралық аудиторлық ұйымдар деңгейінде өте сапалы жұмыс жасайтындықтан, оларға сұраныс жоғары. Ал өзінің кәсібін епті жасап келе жатқан компаниялар, Отандық фирмаларға сенімсіздікпен қарайды.Мұндай сенімсіздіктің пайда болуы аудиторлардың тәжірибелік дайындықтарының жоқ екендігін аңғартады. Аттестациялау жүйесі тек теориялық деңгейде құрылғандықтан, оны мүдірмей тапсырушылар жоқтың қасы.

Сонымен тұрақты экономикалық жағдайды қалыптастырып, ҚР-да аудиторлық қызметтің дұрыс жүргізілуін мәселеге айналдырмас үшін, бекітілген стандарттар мен ережелерді, бәсекеге қабілеттілікті арттыру керек. Аудит сапасының артуы экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы бар зор мәселе. Аудиторлық қызметтердің сапалығы келесідей факторларға тікелей байланысты:

  • Қызмет алудағы заңнамалық талаптар;

  • Нарықтың дамуы;

  • Инфляция қарқыны;

  • Қызмет туралы қоғамдық пікір;

  • Есептіліктің дұрыстығына сенімсіздік;

  • Қызмет көрсету ұзақтығы;

  • Қол жетерлік жүйенің болуы;

  • Тұтынушы табысы;

  • Көрсетілген қызмет құны;

  • Үшінші тұлға талаптары;

  • Факторлар жиынының ықпалы.

Аудитор жұмысының сапалығы келесі мәселелермен тығыз байланысты:

  • Аудитор біліктілігі;

  • Нақты аудит саласындағы аудиторлық қызмет нарығындағы аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар тәжіибесі;

  • Аудиторлық қызмет нарығындағы бәсекеге қабілеттілік;

  • Аудит сапасына бақылау;

  • Сапасыз аудиторлық қызмет көрсеткені үшін жауаптыларды белгілеу.

Аудиторлар өз кезегінде құқық, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілікті дайындау, кәсіпорындар қаржысын, жеке және заңды тұлғалардың салық салу жөнінде хабардар болуы тиіс.

Сонымен, ҚР-дағы аудиторлық қызметтің дамуы мен сапасының жоғарылауы үшін қандай шаралар қолдану керек?

Біріншіден, ЖОО-да бухгалтерлік есеп және аудит мамандығында оқушыларға тек теориялық білім берумен шектелмей, ауқымды деңгейде тәжірибелік білім беру керек.

Екіншіден, аудиторлық қызмет сапасын көтеру үшін аудиторлық ұйымдарды нығайту қажет.

Үшіншіден, уақытты үнемдеу үшін аудиторлық қызметті автоматтандыру қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. К.Ш. Дюсембаев Теория аудита. Алматы 1995 ж.

  2. К.Ш. Дюсембаев Теория и эволюция аудита. Алматы 2012 ж.

  3. http://kazeu.kz/

  4. Аудиторлық қызмет туралы
    Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет