Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет1/3
Дата30.04.2016
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Морфологиялық пәндер кафедрасы


044 -31/10

40беттің -беті



Анатомия және физиология пәні бойынша ОҚТЕ әдістемелік нұсқауы






ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Анатомия және физиология пәні бойынша ОҚТЕ әдісімен студенттердің

тәжірибелік дағдысын бағалау

Мамандығы: «Мейіргер ісі», I курс



Шымкент - 2014

Құрастырғандар: Мурзанова Д.А.- ОҚМФА морфологиялық пәндер

кафедрасының доценті, м.ғ.к.

Танабаева Б.Д. ОҚМФА морфологиялық пәндер

кафедрасының доценті, м.ғ.к.

Мурина Н.М. - ОҚМФА қалыпты және патологиялық

физиология кафедрасының аға оқытушысы.

Избасарова М.С. - ОҚМФА қалыпты және патологиялық

физиология кафедрасының оқытушысы.


Рецензенттер: Орманов Н.Ж. - клиникалық фармакология, фармакотерапия, фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д.

Сейтханова Б.Т. – биохимия, биология және микробиология кафедрасының профессор м.а., м.ғ.д.

"Анатомия және физиология" пәнінен 1-курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы студенттерінің объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) әдісі бойынша тәжірибелік дағдылар аттестациясын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау.

Кафедра мәжілісінде бекітілген

____ _____ 2014 ж. хаттама №
«Бекітемін»
_____________________

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Сисабеков К.Е.

Кафедра мәжілісінде бекітілген

____ _____ 2014 ж. хаттама №
«Бекітемін»
_____________________

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент.

Жолымбекова Л.Д.
1. КІРІСПЕ
Анатомия және физиология пәні бойынша тәжірибелік дағдының 3 кезеңнен тұратын тапсырмалардың тізімі. Әр жұмыс орнында тәжірибелік тапсырмалар арнайы муляждармен, кестелер, планшеттермен жабдықталған, жүйе бойынша тапсырмалар сәйкес орындалады. Әр кезеңге 5 минут, емтихан тапсырушы барлық тапсырманы 15 минутта орындауы тиіс.

Студенттің барлық 3 кезеңнен жинаған бағасының нәтижесі баллды жүйемен бағаланады. Емтихан тапсырушы барлық кезеңнен 10 баллдан 20 баллға дейінгі аралықта жинауы тиіс.

Кесте № 1

ОҚТЕ қорытындысының бағалық көрсеткіші


Баллдың саны

Пайыздық (%)

Баға

18-20

90-100

өте жақсы

15-17,8

75-89

жақсы

10-14,8

50-74

қанағаттанарлық

9,8 және төмен

49-дан төмен

қанағаттанарлықсыз

Минималды балл: 10

Максималды балл: 20
ОҚТЕ өткізу үшін ұйымдастыру іс-шаралары:


  • емтиханға жіберілген студенттердің санын анықтау;

  • әрбір кезеңге тәуелсіз емтихан қабылдаушыны анықтау;

  • тәжірибелік дағдыны өткізу үшін аудиторияның дайындығына жауапты оқытушы мен лаборантты анықтау;

  • жұмыс орнын керекті құрал- жабдықтар муляж, кестелер, жүйе бойынша планшеттер, тапсырманы бақылауға арналған лабораториялық құрылғыларды ұйымдастыру;

  • ОҚТЕ бойынша құжаттарды дайындау (1-3 үлгі, анкеталар, хаттамалар, емтихан қағазы, студенттерге әр кезең бойынша тапсырмалар, емтихан қабылдаушыға әр кезең бойынша көрсеткіштік баға және балды баға, аттестациялық қағаз, ОҚТЕ қорытындысының бағалық көрсеткіші).



2. Кезеңдердің құрылымдық сызбасы
Емтихан тапсырушы алдын-ала дайындық кезінде тапсырмалармен және көрсітілген кезеңдердің сызбасымен танысуы қажет.

Сызба 1- «Анатомия және физиология» бойынша ОҚТЕ кезеңдері



3. Студенттке арналған ақпарат

  • Студент емтихан кезінде хатшыға тіркеледі, төрағадан тапсырманы және аттестациялық қағазды алып тапсырманы орындауға кіріседі;

  • тапсырманы орындауда студент білу керек:

- белгіленген көрсеткіштерді өз кезеңімен сақтау керек;

- тапсырманы орындау барысында тапсырма бойынша өзінің әрекетін қысқа әрі нұсқа түрінде талқылау;

- тапсырманы орындау кезінде уақытты бақылау;

- бұл кезеңдерді орындау барысында келесі кезеңге өту үшін 3-4 минут аралығында уақыт беріледі;

- 1-ші кезеңді орындау барысында сүйектерді, буындарды және бұлшықеттерді атап, көрсетіңіз, қысқаша лабораториялық талдау жасап, нәтижені интерпретациялап, қорытындылаңыз.

-2-ші кезеңді орындау барысында асқорыту, тыныс алу, несеп – жыныс жүйелерін және тамырларды атаңыз, көрсетіңіз, құрылымдық элементтерді немесе қалыпты жағдайда физиологиялық үрдістерді талдап, мылқау сызбалар мен суреттерді қосымша қолдану арқылы түсіндіріңіз.

- 3-ші кезеңді орындау барысында ОЖЖ-нің негізгі бөлімдерін, шеткері жүйке жүйесін, сезім мүшелерін, лимфа тамырларын, иммундық жүйесін және ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз және физиологиялық ерекшеліктері мен қызметіне сипаттама беріңіз.
4. ЕМТИХАН ҚАБЫЛДАУШЫҒА арналған ақпарат


  • «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия студенттерінің тәжірибелік дағдысын бағалауды, ұйымдастыру, қабылдау, нәтижесін бағалау критериялары мен ережелерін» және әдістемелік нұсқауымен т.б. құжаттармен танысу қажет.

    • әрбір кезеңге арналған қажетті құрал-жабдықтар мен жұмыс орнын ұйымдастыру және дайындығын әдістемелік нұсқау (5 п), т.б. құжаттар арқылы сәйкестілігін тексереді.

    • емтихан қабылдаушы емтихан тапсырушының әрбір қадамын мұқият қадағалап көрсеткіш бойынша бақылайды.

    • ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелік дағдыны қабылдау үшін әрбір қадамда студенттің тапсырмасының орындалуы балдық жүйеде бағаланады.

    • емтихан парағына қадам бойынша балдарды қою және кезеңдердің орындалу барысын бағалау (1 үлгі), аттестациялық параққа әр кезеңнің қорытынды балы қойылып (2 үлгі), параққа қол қойып студентке беру.


5. ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ( КЕЗЕҢДЕР)


Кезең



Емтихан тапсырушы үшін тапсырмалар

Жоғарғы балл

Уақыт минут

1

1 қадам - сүйектерді, буындарды және бұлшықеттерді атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам- қысқаша лабораториялық талдау жасау, нәтижені интерпретациялау, қорытындылау.



7

5

2

1 қадам- асқорыту, тыныс алу, несеп – жыныс жүйелерін және тамырларды атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам- құрылымдық элементтерді немесе қалыпты жағдайда физиологиялық үрдістерді талдау, қорытынды жасау.




7

5

3

1 қадам - ОЖЖ-нің негізгі бөлімдерін, шеткері жүйке жүйесін, сезім мүшелерін, лимфа тамырларын, иммундық жүйесін және ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам- асқорыту, тыныс алу, несеп – жыныс және т.б жүйелерінің физиологиялық ерекшеліктері мен қызметіне сипаттама беру.



6

5




Барлығы

20

15


6. ОҚТЕ-нің кезеңдерін өткізуге арналған құрал - жабдықтар.
1 кезең.

Анатомиялық препараттар, муляж, плакаттар, планшет, стандартты сары сулар( АВО және Rh- фактор) секундомер, спирт, мақта, скарификатор, пипеткалар, Сали гемометрі, шыны таяқша, Панченков приборы, заттық айна, тонометр, фонендоскоп, Форстер периметрі, камертон, 2 бос стакан, 2 суық және жылы сумен ыдыс, Сивцев кестесі және Вебер циркулі.


2 кезең.

Анатомиялық препараттар, муляж, плакаттар, мультифицирленген планшет, үнсіз кестелер, сызбалар.



3 кезең.

Анатомиялық препараттар, муляж, плакаттар, спирометр, термометр



7. КЕЗЕҢДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ
1 КЕЗЕҢ

Лабораториялық жұмысты орындау.

Емтихан қабылдаушыларға арналған нұсқау: Студенттің білімін бағалау- ол сүйектерді, буындарды және бұлшықеттерді атап, лабораториялық жұмысты түсіндіріп, қорытынды жасау бойынша бағалау.




Қадамның бағалау шарттары

Қадамның жоғары баллы

1

Емтихан тапсырушы сүйектерді, буындарды және бұлшықеттерді дұрыс айтты.

3,5

2

Лабораториялық жұмысты түсіндірді, қорытынды жасады.

3,5

3

Барлығы

7,0


Жоғарғы балл: 7

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

2 кезең.

Құрылымдық элементтерді немесе физиологиялық үрдістерді интерпретациялау.
Емтихан қабылдаушыларға арналған нұсқау: студенттің құрылымдық элементтерді немесе физиологиялық үрдістерді интерпретациялауын, дұрыс қорытынды жасау шеберлігін бағалаңыз.



Қадамның бағалау шарттары

Қадамның жоғары баллы

1

Емтихан тапсырушы асқорыту, тыныс алу, зәр шығару жүйесін және тамырларды дұрыс айтты.

3,5

2

Құрылымдық элементтерді немесе қалыпты жағдайда физиологиялық үрдістерді талдады.

3,5

3

Барлығы:

7,0


Жоғарғы балл: 7

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.
3 кезең

Емтихан қабылдаушыларға арналған ұсыныс: студенттің білімін бағалаңыз, оған толық лабораторлық зерттеудің интерпретациясын жасату, тыныс алу көлемін, резус- фактор және қан топтарын анықтату.





Қадамның бағалау шарттары

Жоғары балл

1

Емтихан тапсырушы орталық жүйке жүйесінің құрамды бөліктерін, шеткері жүйке жүйесі, сезім ағзаларын, лимфа, иммунды жүйесінің және эндокринді бездерді дұрыс атады.

3,0

2

Асқорыту, тыныс алу, несеп –жыныс жүйелерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне дұрыс сипаттама берді.

3,0

3

Барлығы

6,0

Жоғарғы балл: 6

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

2- кесте



Қадамдарды балды-рейтинг жүйесі бойынша бағалау


Қадамның жоғарғы баллы

Эквивалент

тік сан баллы

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Бағалау шарттары

3,0

2,7-3,0

90-100

өте жақсы

Қатесіз

2,22-2,68

75-89

жақсы

екі қате

1,5-2,16

50-74

қанағаттанарлық

үш қате

1,5 –нан төмен

0-49

қанағаттанарлықсыз

төрт қатеден артық

3,5

3,15-3,5

90-100

өте жақсы

қатесіз

2,59-3,12

75-89

жақсы

екі қате

1,75-2,52

50-74

қанағаттанарлық

үш қате

1,75-тен төмен

0-49

қанағаттанарлықсыз

төрт қатеден артық


8. Тапсырмалар тізбесі.
ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелікті дағдыны жүргізу үшін әрбір кезеңде студентке 15 тапсырмалы билетті таңдау ұсынылады. Әр қайсысы 2 «қадамнан» тұрады. Әр «қадам» балдық жүйеде бағаланады.

1 бекетіне арналған тапсырмалар


1 қадам- Сүйектерді, буындарды, бұлшықеттер мен ағзаларды көрсетіп,атап беріңіз.

2 қадам – Лабораториялық жұмыс барысын түсіндіріңіз, қорытынды жасаңыз.

1



1 қадам – Ішкі ұйқы артериясының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Артериялық пульсты анықтау. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

2



1 қадам – Сыртқы ұйқы артериясының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Қан тобын анықтау.
3

1 қадам – Үшкіл нервтің перифериялық тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам Вегетативті көзжүрек рефлексін (Ашнер) зерттейтін жұмысты түсіндіру. Қорытынды жасаңыз.
4

1 қадам –Ромбы тәрізді мидың немесе артқы мидың бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам– Тыныс аритмиясын (Геринг рефлексі) зерттейтін жұмысты түсіндіру. Қорытынды жасаңыз.
5

1 қадам –Жоғарғы және төменгі белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Саусақтан қан алу техникасынын түсіндіру. Қорытынды жасаңыз.

6



1 қадам – Бет бөлігінің сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Калориметриялық әдіс бойынша қандағы гемоглобин мөлшерін анықтауды (Сали гемометр көмегімен) түсіндір. Қалыпты жағдайда ерлер мен әйелдерде Hb мөлшері.

7



1 қадам –Төс-бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығы) Панченков әдісі бойынша зерттейтін жұмыстың өту барысын түсіндір. Ерлер мен әйелдердің ЭТЖ-ның қалыпты көрсеткіші.

8



1 қадам – Аяқтың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Қан кету ұзақтығын анықтайтын (Дюке бойынша) жұмыстың барысын түсіндір. Қорытынды жасаңыз.

9



1 қадам – Орталық иммундық жүйе ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Резус-факторды анықтау. Қорытынды жасаңыз.
10

1 қадам – Қолқа бөлімдерін және қолқа доғасының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Адамда артериялық қысымды өлшеу (Коротков әдісімен). Қалыпты жағдайда АҚ көрсеткіші.

11



1 қадам – Көз алмасының қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Көру өткірлігін зерттеу. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
12

1 қадам – Көздің қосымша ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам –Форстер периметрі арқалы көру аймағын анықтау. Қорытынды жасаңыз.
13

1 қадам – Дабыл қуысының қабырғаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Дауыстың сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттеу. Қорытынды жасаңыз.

14



1 қадам – Ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.

Ортаңғы құлақтың бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз



2 қадам - Тері сезімталдығының кеңістік табалдырығын (эстезиометрия) зерттеу. Қорытынды жасаңыз.

15



1 қадам – Сыртқы құлақтың құрамды бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам - Жоғары және төмен температураның әсеріне терморецепторлерінің бейімделуін зерттеу. Қорытынды жасаңыз.
2 бекет тапсырмалары
1 қадам –Ағзаларды жүйе бойынша атап,көрсетіңіз.

2 қадам – Құрылымдық элемент немесе физиологиялық үрдісті негіздеңіз.

1



1 қадам – Шайнау бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Бұлшықеттің дара жиырылуын талдау.
2

1 қадам – Иық бұлшықетінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Тісті тетанус.
3

1 қадам – Арқаның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Тегіс тетанус.
4

1 қадам – Ортанғы мидың бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы.

5



1 қадам –Жұлынның қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.

Жұлын буылтықтарын атаңыз, көрсетіңіз.



2 қадам – Рефлекс. Рефлекторлы доғаны талдау.Қорытынды жасаңыз.

6



1 қадам – Мезодермалық бездер тобына жататын ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз. Адреналды жүйе тобына кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Бүйрек үсті және жыныс бездерінің гормондары.

7



1 қадам – Шеткі иммундық жүйе ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Лейкоцитарлық формула.

8



1 қадам – Жүрек қабырғасының құрылысын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Электрокардиография әдісі. Электрокардиограмма тісшелерін талдау.

9



1 қадам – Жүрек камераларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Фонокардиография әдісі. Жүрек тондары.Қорытынды жасаңыз.

10



1 қадам – Бронхиогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Қалқанша, қалқанша маңы және айырша безінің гормондары.

11



1 қадам – Қолқаның кеуделік бөлігінің тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Қан ұюының схемасы.

12



1 қадам – ХІІ – жұп бассүйек нервтерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Павлов және Гиппократ бойынша темпераменттің сипаттамасы.
13

1 қадам – Ми жартышарларының үлестерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Электроэнцефалография әдісі. Электроэнцефалограмманы талдау.
14

1 қадам – Неврогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Гипоталамус- гипофизарлық жүйе, гипофиз және эпифиз гормондары.

15



1 қадам - Зәр шығару ағзасын атаңыз, көрсетіңіз. Бүйрек қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Зәр түзілу кезеңдерін атаңыз, түсіндіріңіз.
3 бекет тапсырмалары

1 қадам –Асқорыту, тыныс алу, несеп-жыныс жүйе ағзаларын атап, көрсетіңіз.

2 қадам – Асқорыту,тыныс алу, несеп-жыныс жүйесінің функционалдық және физиологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

№ 1

1 қадам – Ауыз қуысының бездерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Сілекейдің құрамы, қасиеті және атқаратын қызметі.
2

1 қадам – Жұтқыншақ бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Тілдің бүртіктерін атаңыз. Тілдің дәм сезу кестесі.

3



1 қадам – Асқорыту жүйесінің мүшелерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті.

4



1 қадам – Жіңішке ішектің бөлімдерін атаңыз, көретіңіз.

2 қадам – Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті.

5



1 қадам – Жуан ішектің бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Асқазан-ішек жолдарының қызметі.

6



1 қадам – Ұйқы безінің бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті.
7

1 қадам – Өтқуығының құрамды бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Өттің құрамы мен қызметі.

8



1 қадам – Тыныс алу жүйесінің ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Спирометрия. Қалыпты тыныс ауасы. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
9

1 қадам – Көмейдің шеміршектерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Резервтік дем алу және дем шығару. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
10

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет