Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


қадам – Өкпенің беттерін атаңыз, көрсетіңіз. 2 қадам –



бет2/3
Дата30.04.2016
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3

1 қадам – Өкпенің беттерін атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Өкпенің тіршілік сиымдылығы. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші

11



1 қадам – Әйел ішкі және сыртқы жыныс ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Әйел ішкі жыныс ағзаларының атқаратын қызметі.

12



1 қадам – Аталық жыныс ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Ерлердің ішкі жыныс ағзаларының атқаратын қызметі.
13

1 қадам – Қолқаның іштік бөлімінің тақ висцеральды тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Жүрек оралымының кезеңдері.

14



1 қадам – Қақпа венасы, қандай веналардың бірігуінен пайда болатындығын атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Қоректік заттардың физиологиялық қалыптары. Тамақтану режимі.

15



1 қадам – Кеуде түтігіне келіп түсетін лимфалық сабауларды атаңыз, көрсетіңіз.

2 қадам – Термореттеу.

1 бекет жауаптары

1

1 қадам – Ұйқы дабыл тармағы, көз артериясы, алдыңғы ми артериясы, ортаңғы ми артериясы, тамырлы өрім артериясы, артқы дәнекер артериясы.

2 қадам – Артериалдық пульсті анықтау. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

Артериалдық пульс деп артериалық қысымның өзгеруіне байланысты, артерия қабырғасының ритмді тербелісін айтады. Артериалдық пульс жүрек қызметін, қан-тамырлардың жағдайын және артериалық қысымның деңгейін көрсетеді. Пульстың негізгі 4 қасиетін ажыратады: оған жиілігі, күші, жылдамдығы және серпімділігі жатады. Зерттелушінің білек артериясына төрт саусақты қойып лүпілдік нүктесін анықтайды. Ал пульсті жазатын аппаратты сфигмограф дейді.

Қалыпты – 60-80 соққы. мин.

2



1 қадам – Жоғарғы қалқанша артериясы, тіл артериясы, бет артериясы, шүйде артериясы, артқы құлақ артериясы, төс-бұғана-емізік артериясы, жоғарылаған жұтқыншақ артериясы, беткей самай артериясы, жоғары жақ сүйек артериясы.

2 қадам – Қан топтарын анықтау. Қан тобын анықтауға арналған арнайы тостағаншаны аламыз, әртүрлі пипетка көмегімен I, II, III топ сарысуынан 1-2 тамшыны сәйкес ұяшықтарына тамызамыз. Белгілі әдіс бойынша саусақтан қан алып, таза таяқша арқылы стандартты сарысу тамшысының қасына тамызамыз. Сарысу мөлшерінен зерттелетін қанның мөлшері едәуір аз болуы тиіс. Қан тамшысын сарысумен ақшыл-қызыл түске боялғанша араластырамыз. Шыныны таяқшамен қозғай отырып, 1-5 минут бақылаймыз. Егер тамшы гомогенді, біркелкі боялса, онда гемагглютинация реакциясы жоқ(ГАР). Егер қызыл ұсақ түйін және мөлдір плазмасы ажыраса, онда ГАР бар. Қан тобын анықтау үшін қандай стандартты сарысу тамшысында ГАР жүрмегендігін белгілеу керек.

Қан топтарын анықтау барысында 4 нұсқаның біреуі алынуы тиіс.

ГАР сарысудың ешқайсысында жоқ. О(I) қан тобы.

I, III сарысуында ГАР А (II) қан тобы

I, II сарысуында ГАР В (III) қан тобы

I, II, III сарысуында ГАР АВ(IV) қан тобы

3

1 қадам - Көз нерві, жоғарғы жақсүйек нерві, төменгі жақсүйек нерві.

2 қадам – Көз-жүректік рефлекс (Ашнер рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін санайды. Содан кейін адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 10-30 с бойы ауыртпай басып тұрып, жібергеннен кейін тамыр соғысын тағы да санайды. Жұмысты 3-4 рет қайталайды.

Рефлекстік әсерден кейін пульс сирейді ( минутына 8-10 ретке).

Вегетативтік рефлекстің көрсеткіштері ВЖЖ –нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.
4

1 қадам - Сопақша ми, көпір, мишық, ІҮ-қарынша.

2 қадам – Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді. Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады. Тамыр соғысы 10-12 ретке баяулауы тиіс.

Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.

5



1 қадам - Жауырын, бұғана.

Жамбас сүйек: мықын сүйек; қасаға сүйек; шонданай (отырықшы) сүйек.



2 қадам - Саусақтан қан алу әдісі.

Жұмыс жасалмас бұрын студент асептиканың барлық қағидаларын ұстану қажет. Қанды әдетте сол қолдың IV саусағынан алады. Саусақтың терісін спирттің эфирлік қоспасымен сүртеді. Сонан соң саусақты артқы және алақан жағын бірнеше рет қысып, саусақтан скарификатордың көмегімен теседі. Алғашқы қанды құрғақ мақтамен сүртіп тастайды. Қанның жаңа тамшысы пайда болған кезде, тамшының негізіне капиллярды жақындатып «К» белгісіне дейін тартып алады. Жұмыс аяқталған соң жараға йод жағады да, спиртке малынған мақта тампонымен жауып тастайды.

Саусақтан қан алу әдісін білу түрлі қан талдауларында маңызды.
6

1 қадам - Жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйегі, әлпет (бет) сүйегі, мұрын сүйегі, көз жасы сүйегі, өре сүйегі, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек.

2 қадам – Қандағы гемоглобин мөлшерін калориметр әдісімен анықтау.

Колориметр әдісімен қандағы Нb деңгейін анықтау үшін Сали гемометрі қолданылады. Саусақтан алынған қанды HCL ерітіндісімен араластырып эритроциттерді ыдыратып, құрамындағы гемоглобиндерді сарысуға шығарады. Стандартты гематин ерітіндісімен салыстыра отырып зерттелетін қанның Hb мөлшерін анықтайды.

Қалыпты жағдайда қандағы Нв ерлерде: 130 – 160 г/л, әйелдерде: 120 – 140 г/л тең.

Сали гемометрі

7



1 қадам – Алдыңғы төс-бұғана байламы, артқы төс-бұғана байламы, қабырға - бұғана байламы, бұғана аралық байлам.

2 қадам – Панченков әдісі бойынша эритроциттердің тұнуы жылдамдығын ЭТЖ анықтау.

ЭТЖ – түтіктердің тік жағдайында анықталады, себебі көлденең жағдайда эритроциттің тұнуы және жабысуы ұлғаяды. Саусақтан алынған қанды натрий цитраты қосындысымен араластырады. Капиллярларды Панченков штативіне орналастырып, қан төгілмеу үшін төменгі бөлігін жұмсақ резеңке пластинкаға (тығынға) жабыстырады. 1 сағаттан соң тұнған қанның мөлдір сарысу деңгейінің биіктігін белгілейді.

Қалыпты жағдайда қандағы ЭТЖ ерлерде: 3 –7 мм/сағ, әйелдерде: 4-5 мм/сағ тең.


8
1 қадам – Ортан жілік, асықты жілік, асықты жілік шыбығы, тілерсек сүйектері, табан сүйектері, аяқ ұшы бақайларының сүйектері.

2 қадам – Қан ағу ұзақтығын анықтау. (Дюке бойынша уколдық сынама)

Саусақтың етін инемен терең тесу қажет. Әр 30 с сайын жараны фильтрлі қағазбен басады. Фильтрлі қағазға қан жұқпағанша басып, уақытын белгілеп алады. Қанның тоқтауы ақ тромбоциттердің түзілуіне және қанның ұюына, тромбоциттердің мөлшеріне байланысты. Қанның ұю уақытына қан тамырының жиырылуы да әсер етеді. Бұл тромбоциттерден бөлінетін тамырды жиырылтушы зат серотонинге байланысты.

Қан ағу ұзақтығы қалыпты жағдайда 2—4 мин.

9



1 қадам – Жілік майы, айырша безі.

2 қадам – Резус факторды анықтау [Rh0 (D)].

Пробирка түбіне тамшыдан стандартты антирезус реагент (Rh-) және зертеуге алынған қан құяды да екеуін аралыстарады. Содан соң қан мен реагентті қабырғаларына жүқтыру үшін пробирканы жан-жағына еңкейтіп көлбеу ұстайды. Реакцияны 3 минут бойы жүргізеді. Одан әрі эритроциттерге тән емес реакция агрегацияға жол бермеу үшін пробиркаға 2-3 мл физиологиялық ерітінді құяды да оны 2-3 қайтара араластырады.

Тәжірибе нәтижелерін бағалау: Көз жасындай мөлдір сарысу эритроциттер ірі-ірі түйірлерге айналып, айқын агглютинация реакциясы болса, бұл алынған қанның оң резусқа (Rh+) жататындығын көрсетеді.

Егер агглютинация реакциясы тумаса, пробиркадағы қан түгелдей бір түске боялса, бұл тәжірибеге алынған қан теріс резусқа (Rh-) жататындығын дәлелдейді.

10

1 қадам – Иық-бас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғана асты артериясы.

Қолқаның жоғары көтерілетін бөлігі, қолқа доғасы, қолқаның төмен кететін бөлігі.


2 қадам – Адамның артериялық қан қысымын Коротков әдісімен өлшеу.

Коротков әдісі бойынша АҚ-ды сфигмоманометр құралымен өлшейді. Тоқпан жілікке манжетті орналастырып фонендоскоптың мембранасын артерия тұсына тақап, резеңке груша арқылы манжетке ауа үрлейді. Груша клапанын жәй босата отырып ауаны шығарады. Алғашқы лүпіл пайда болған манжеттегі қысым көрсеткіші систолалық қысымға сәйкес келеді. Манжеттегі қысым төмендегенде тамыр лүпілі жойылады, ол жүрек еті босаған сәтте диастолалық қысымды көрсетеді.

Қалыпты жағдайда систолалық қысым 100 – 139 мм с.б.б., диастолалық 65-89 мм с.б.б.

11



1 қадам – Талшықты қабық, көз алмасының тамырлы қабығы, көз алмасының торлы қабығы.

2 қадам – Көздің өткірлігін анықтау.

Көздің өткірлігін анықтау үшін Сивцевтің 12 түрлі жолдан тұратын кестесі пайдаланылады. I жолдағы әріптер 50 м, 10-шы жолдағы әріптер 5 метр жерден көрінеді. Зерттелуші адам 5 метр қашықтықта отырып, екінші көзін жабады. Оған үлкен әріптерден кішісіне дейінгі әріптерді көрсетеді.Егер зерттелуші адам 10-шы жолдағы әріптерді анық көріп таныса, көз өткірлігі 1-ге тең . Ал ол I-ші жолдағы әріпті ғана көрсе, көздің өткірлігі 0,1-ге тең болады.

Қалыпты жағдайда көру өткірлігі 1,0 тең.
12
1 қадам – Көз алмасының бұлшықеттері, көзұясының шел май мен көз алмасының қынабы, қабақтар, көз жас аппараты.

2 қадам – Форстер периметрімен көздің көру аймағын анықтау.

Зерттелуші адам периметрдің қақ алдына отырып, дәл ортасында орналасқан дөңгелек таңбаға көзін тоқтатады да, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең қойып, ақ түсті бақылау маркасын зерттелуші адам көргенше доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай жылжытады. Содан соң периметрдің доғасын тік қойып, көру аймағының үстіңгі және астыңғы шеттерін анықтайды. Дәл осылай түрлі түсті маркалармен анықтау керек.

Көру аймағының түссіз (ахроматикалық) шекарасы: сыртқысы - 100, ішкісі және жоғарғысы – 60 және төменгісі – 65 градус. Көру аймағының түсті (хроматикалық) шекарасы түссіз шекарадан төмен.


Форстер периметрі.

1 — градусқа бөлінген металлдық жарты шеңбер;

2 — визирді пластинка және иекті тірейтін тірегіші бар вертикальды стержень.
13
1 қадам – Латералды-жарғақты, медиалды-лабиринттік, артқы-емізікті, алдыңғы-ұйқы, жоғарғы-шатыр, төменгі-мойындырық.

2 қадам – Дыбыстың сүйек пен ауа арқылы өту дәрежесін анықтау.

Құрал жабдықтар: камертон жиынтығы, мақта.

Дарылдап тұрған камертонның табанын бастың төбе бөлігіне тақап қояды. Бастапқы кезде қатты естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін бәсеңдейді, бара-бара мүлдем жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса, дыбыс қайтадан естіле бастайды. Егер 1 құлақтың тесігін тампонмен жауып, үндетіп тұрған камертонды қайтадан орнына қойса, жабылған құлаққа дыбыс қаттырақ естіледі.

Сүйектік өткізгіш ауалыққа қарағанда күштірек.

14

1 қадам – Балғашық, төс, үзеңгі. Дабыл қуысы, есту түтігі

2 қадам – Тактильдік (терілік) сезімталдықтың аражігі табалдырығын анықтау (эстезиометрия).

Зерттелуші адамды столға көзін жауып отырғызады. Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізеді де, бұдан пайда болған екі түрлі сезімнің ең аз арақашықтығын анықтайды. Терінің белгілі бір аймағына эстезиометрдің екі ұшын бір нүктеге тигізеді. Егер бір ұшын жылжытсақ, белгілі бір жерге жеткенде екі ұшын тигізген сияқты әсер береді. Сол арақашықтықты өлшеп жазып аламыз.



Қорытындысы кестеге толтырылады және нәтижесі шығарылады.


Зерттелетін аймақ

Сезімталдықтың кеңістік табалдырығы, мм

Қолдың сыртқы беті

Иық


Білек

Саусақтың ішкі беті

Алақан ортасы


31

67,6


40,5

2,2


8,9

Қолдағы алақан терісінің жоғарғы аймағының көп емес бөлігінің сезімталдығы бақыланады.

15

1 қадам – Құлақ қалқаны, сыртқы есту өтісі, дабыл жарғағы.

1 қадам – Жоғарғы және төменгі температура әсеріне тері рецепторларының бейімделуі.

Үш ыдысқа температурасы -100С+250С және +400С болатын су құямыз. Оң қолды -100С, сол қолды +400С суға саламыз. Терморецепторлардың бейімделу уақытын анықтаймыз және осы уақыттағы суықты немесе жылыны сезуі баяулайды. Одан кейін бір мезгілде екі қолында +250С суға салады. Сонда суық суға салынған қолда жылу сезімі, ыстық суға салынған қолда керсінше салқындау сезімі пайда болады, Суыққа және жылыға қолдың температуралық рецепторларының бейімделу уақытын көрсету қажет.



2 қадам




Объект



Келесі температуралардағы суға енгізілгендегі

сезім

-10° С

+25° С

+40° С

Оң қолдың ұшы
Сол қолдың білегі

суықты


жылуды
суықты

жылуды

2 бекет жауаптары
1

1 қадам – Шайнау бұлшықеті, самай бұлшықеті, бүйір қанаттәрізді бұлшықет, ортаңғы қанаттәрізді бұлшықет..

2 қадам – Бұлшықеттердің дара жиырылуын талқылау. Бұлшықетті электр тогымен тітіркендіргенде мынадай бұлшықеттік жиырылу фазалары ажыратылады:

-латентті(жасырын) жиырылу кезеңі

-қысқару кезеңі

-босаңсу кезеңі




Қаңқа бұлшықеті

Жүрек бұлшықеті

Бірыңғай салалы бұлшықеті

Уақыты 0,1 с


Әртүрлі бұлшықеттердің жиырылу және қозуы:

1 – жиырылудың қисығы (латентті кезеңі, а – қысқару кезеңі, б – босаңсу кезеңі).

Жеке бұлшықеттердің жиырылуы үш кезеңнен тұрады.
2

1 қадам – Иықтың екі басты бұлшықеті, иық бұлшықеті.

2 қадам – Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы ( тісті тетанус).



  1. Жеке жиырылу.

  2. Тісті тетанус.

  3. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендіргендегі тісті тетанус.

  4. Тегіс тетанус.

Етті жиі-жиі тітіркендірсе, үстін-үстін жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

Егер бұлшық еттің босаңсу кезеңіне сәйкес тоқ импулсін арттырса, тісті тетанус пайда болады.

50 м\с жиіліктен жоғары, бірақ уақыты 0,1 сек болса тісті тетанус байқалады.
3

1 қадам – Трапеция тәрізді бұлшықет, арқаның аса жалпақ бұлшықеті, ромбы тәрізді бұлшықет (үлкен және кіші), жауырынды көтеретін бұлшықет, артқы жоғарғы тісті бұлшықет, артқы төменгі тісті бұлшықет.

2 қадам – Бұлшықеттердің жиырылу жиынтығы ( тегіс тетанус).



  1. Жеке жиырылу.

  2. Тісті тетанус.

  3. Ең жоғарғы жиілікпен тітіркендіркендіргендегі тісті тетанус.

  4. Тегіс тетанус.

Етті жиі-жиі тітіркендірсе, сандаған жиырылу бірігіп жинақталады да, ет біраз уақыт сіресіп қалады (тетанус).

Егер бұлшық еттің жиырлып қысқару уақытына сәйкес ток импульсін арттырса тегіс тетанус пайда болады.

50 м\с жиіліктен төмен болса, тегіс тетанус байқалады.

4



1 қадам – Ортаңғы ми шатыры, мидың аяқшалары, су құбыры.

Түйіспенің құрылысы.







2 қадам – Түйіспенің ультра құрылысы (схема)

1 - түйіспе алдындағы жүйке ұштары;

2 - нейро түтікшелер;

3 - митохондриялар

4 - құрамында медиаторлары бар көпіршіктер;

5 - түйіспе алды мембрана;

6 - түйіспелік саңылау;

7 - түйіспеден кейінгі мембрана және хеморецепторлар;

8 - эффекторлық жасуша.

Құрылым қозудың нейроннан эффекторлық жасушаға өтуін қамтамасыз етеді.

5

1 қадам – Жұлынның қатты қабығы, жұлынның торлы қабығы, жұлынның жұмсақ қабығы.

Мойын буылтығы, бел-сегізкөз буылтығы.



2 қадам – Рефлекс. Рефлекторлық доғаны талқылау.

1- бұлшықет; 2 - сезімтал рецепторлар; 3 - афферентті талшықтар; 4 - жұлын-ми ганглииінің афферентті нейроны; 5 - жұлынның аралық нейроны; 6 - жұлынның эфферентті нейроны;

7 - эфферентті қозғалтқыш талшық; 8 - ет-жүйкелік түйіспе. Қозудың таралу бағыты стрелкамен көрсетілген.

Рефлекторлық доға рефлекстің негізгі құрылымы болып келеді.

Соматикалық рефлекстің рефлекторлық доғасының схемасы.

6



1 қадам –– Аталық бездің эндокринді бөлігі, аналық бездің эндокринді бөлігі.

Бүйрекүсті безі, параганглилер (түйін жанындағы денелер).



2 қадам –– І
Айыршық безі

Тимозин


Эпифиз

Мелатонин,

адреногломерулотропин
шкі сөлініс бездерінің топографиясы және гормондары.

Эндокринді бездердің ағза қызметін гуморалды реттеудегі маңызы зор.



Эпифиз

Мелатонин,

адреногломерулотропин

Гипоталамус

Либерин, статин, вазопрессин, окситоцин



Гипоталамус

Либерин, статин, вазопрессин, окситоцин




Гипофиз

Тропты гормондар


Қалқанша маңы безі

Паратгормон




Айырша безі (тимус)

Тимозин




Қалқанша бездері

Тироксин, үш йодты тиронин, тириокальцитонин





Қарын, ішек жолдары Холецистокин (панкреозимин)

Гастрин, секретин нейротензин, соматостатин




Бүйрек үсті безі

Кортикостероидтар, адреналин, норадреналин



Ұйқы безі

Инсулин, глюкагон


Бүйрек

Эритропоэтин,

Ренин,простогландиндер



Аналық бездер

Эстроген, прогестерон





Плацента

Эстроген,

прогестерон,

хориондық гонадотропин



Аталық бездер

Андрогендер



Аталық бездер

Андрогендер, эстрогендер


Ағзаның гуморальді реттелуінде ішкі сөлініс бездері маңызды рөл атқарады.

Бүйрек үсті безінің қабығы:

1. Глюкокортикоидтар (кортикостероидтар) - кортизол, гидрокортизол, кортикостерон.

2. Минералокортикоидтар – альдестерон.

3. Жыныс гормондары (андроген және эстоген) – тестостерон, эстрон, эстриол, эстрадиол.

Аталық без:

1. Андроген – тестостерон.

2. Эстроген – аз мөлшерде.

Аналық без:

1. Эстрогены - эстрон, эстриол, эстрадиол.

2. Гестаген – прогестерон.

3. Андроген (тестостерон) – аз мөлшерде.

7


1 қадам – Ішкі ағзалардың лимфалық түйіндері, лимфа түйіндері, көкбауыр.
2 қадам – Лейкоцитарлық формула.

Лейкоциттердің пайыздық көрсеткішінің формуласы лейкоциттік формула немесе лейкограмма деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер және агранулоциттер.

Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері, олардың ағзаны бактериялар, вирустар, қарапайымдылардан және бөгде заттардан қорғауда маңызы зор.


Лейкоциттер

саны


1 мкл


Гранулоциттер

Агранулоциттер

Нейтрофилдер

Эозинофилдер

Базофилдер

Миело-

циттер


Мета-

миело


цит

(жас)



таяқша

Ядролы


Сегмент

ядролы


Лимфо

циттер


Моно

циттер


4000-9000

0

0-1

1-5

45-70

1-5

0-1

20-40

2-10

Ересектерде лейкограмма тұрақты болады. Оның өзгерісі әртүрлі аурулардың белгілерін көрсетеді және дәрігерлерге диагноз қоюға септігін тигізеді.

8
1 қадам – Ішкі эндокард, ортаңғы - миокард, сыртқы-перикард.
2 қадам – Электрокардиограмманы талдау.

Электрокардиография дегеніміз —жүрек еті қозған сәтте пайда болатын электр құбылысын жазып алу әдісі. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма д.а. Ол латын алфавитінің соңғы әріптерімен (P, Q, R, S, T) белгіленеді. Р-тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. P мен Q тісшелері қозудың атриовентикулярлық түйінінен ГИС шоғырына өту жылдамдығын көрсетеді. QRS тісшелер комплексі қарыншалардағы қозу үрдістерін көрсетеді. Т тісшесі қозудың «СӨНУІН» реполяризациясын көрсетеді.


I тіркеу

II тіркеу

III тіркеу

Электрокардиограммамен зерттеу кезінде қолданылатын стандартты тіркемелер

ЭКГ көрсеткіштері жүректің ырғағын бағалауға және миокардтың ( өткізгіш жүйесін қоса) зақымдалуының әр түрлі деңгейін, кардиотроптық дәрілердің әсерін бақылауға мүмкіндік береді.
9


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет