Рецензенттер: ҚҚэу э.ғ. к., доцент Тажбаев Н. М



жүктеу 1.83 Mb.
бет1/15
Дата28.04.2016
өлшемі1.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: uploads
uploads -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
uploads -> Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар
uploads -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
uploads -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
uploads -> Приложение к части а1
uploads -> Рабочий проект
uploads -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности


Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университетінің

Экономика, бизнес және құқық колледжі

Математика және информатика П(Ц)К

«Информатика» пәнінен

зертханалық-тәжірибелік жұмыстар жинағы


Барлық мамандықтың 1 курс

студенттеріне арналған



Оқу түрі: күндізгі


Курс I

Зертханалық-тәжірибелік сабақтар: 40 сағат

Қарағанды 2014


Құрастырушы: Экономика, бизнес және құқық колледжінің математика және информатика П(Ц)К, оқытушысы Тиллаева Г.С.

Рецензенттер: ҚҚЭУ э.ғ.к., доцент Тажбаев Н.М.

ҚҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжінің мұғалімі Бабагулов Е.Е.

Математика және информатика П(Ц)К отырысында талқыланды.

Хаттама №10, 21 мамыр 2014 жыл

Кіріспе
Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика — өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және  ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым.

«Информатика» пәнінің мақсаты экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерді экономикалық және басқару мәселелерді компьютердің көмегімен шешуге әртүрлі әдістерді пайдалануға, компьютер жүйелерін жақсы игеруге, информациялық технологияларды болашақта өз кәсіпкерлік істерінде қолдануға үйрету болып табылады.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды меңгеріп шығу керек: дербес компьютерде жұмыс әдістерін, операциялық жүйелерді, әртүрлі редакторларды, кестелік процессорларды, деректер базасын басқару жүйесін, қолданбалы бағдарламалар пакетін білу; НТМL тілінің көмегімен қарапайым WEB парақтар жасап үйрену, компьютерлік желілердің қызметтердің қолдану және дүниежүзілік ауқымды Интернет желісінің: e-mail, www, экономиканың салаларындағы ақпараттық жүйелерді қолдана білу, деректер базаларын жобалауды және құруды үйрену; компьютерлік жүйелердің және ақпараттық технологиялардың жиі кездесетін өзгерістеріне бейімделу.

Алдыңғы пәндер тізімі: «Информатика» курсын оқу үшін «Математика», «Физика» пәндерінің негізгі ұғымдарын білу керек.

Бір-бірімен аралас пәндер тізімі: осы пән бойынша меңгерілген білімдер «НТМL негіздері», «Экономикалық информатика», «ЭА және АТ», «Құқықтық ақпаратты автоматтандырып өңдеу» және «экономикалық ақпаратты автоматтандырып өңдеу» пәндерін оқу үшін қажет.

Дербес компьютердің құрылғылары.

Зертханалық -тәжірибелік жұмыс №1


Жұмыстың мақсаты: ДЭЕМ құрамын және қондырғыларын үйрену, олардың өзара әрекет ету шарттарын меңгеру.

Тапсырма:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:



  1. Есептеу техникасының аппараттық құралдарының дамуы жөнінде теориялық мәліметтерді оқу.

  2. ДК-дің архитектурасын және негізгі құрамын үйрену.

  3. ДК-дің пернелер тақтасымен танысу.

  4. Мәтіндік редакторға кіру және автобиографияны теру.

  5. Терілген мәтінді дискке сақтау.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

ЭЕМ техникалық құралдарда немесе программалық жасаудан құралатын күрделі жүйе. ЭЕМ-ді үйрену үшін бөлшектеу дәрежесін қолдану керек. Ол тізбектелген үш күрделі бөлшектеу түрінде қарастырылады:

1. Ақпараттық құралдар – ЭЕМ жеке қоңдырғыларынан тұратын электрондық схемалар;

2. Архитектура – ЭЕМ құрамы сипаттамасы немесе қоңдырғылардың өзара байланысы. ЭЕМ жұмыс істеу шарттары және оның машиналық тілі.

3. Программалық жасау.

Есептеуіш техникалық ақпараттың амалдарының дамуы шартты түрде өзінің ерекшеліктеріне ие бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең - 55 жылға дейін ЭЕМ дәуірін санау 1946 жылдан, яғни есептеуіш машинасының тәжірибелі үлгілерін пайдаға асырудан басталады. Сонымен қатар алғашқылар туралы мәліметтер: жалпы салмағы 30 тонна, электронды шамдар саны 18 мың, қоректену қуаты - 150 квт, жад көлемі - 2010 разрядты сан, операцияларды орындау уақыты: қосу - 0,0002 с, көбейту - 0,0028 с. ЭЕМ сандар перфокарт немесе ауыстырып қосқыш көмегімен енгізіледі, ал программалар арнайы платалар жиынында ұяшықтардың байланысуы арқылы беріледі. Бұл алып ЭЕМ өнімділігі қалталық "электроника МК-54" калькулятордың өнімділігінен аз болады.

Шамдық ЭЕМ үлкен көлемді немесе салмақты болады, көп энергияны қолданады немесе өте қымбат түрады, сол себептен қолданушылар саны күрт азайды, сонымен қатар бүл машиналардың өнімділігі де азайды. Олардың негізгі қолданушылары реакгивті авиацияның дамуымен, ракета жасаумен байланысы маңызды ғылыми-техникалық есептерді шығаратын ғалымдар болды. Шығарылатын есептердің саны көбейген сайын төмен сенімділік, ресурсының шектілігі, дайындықтың төтенше қиын жағдайы, машиналық тілде жазылган командалар программаларын жөндеу және енгізу бөгет болады.

Екінші кезең - 65 жылға дейін. Электрониканың дамуы жаңа жартылай өткізгіш қондырғысы - шамның орнына транзисторды ойлап табуға әкеледі. Транзистор негізінде жасалған ЭЕМ пайда болуы олардың көлемін, салмағын, энергия жұмсауын немесе құнын төмендетті, сонымен қатар олардың сенімділігі мен өнімділігі артты. Бұл қолданушылар санын, шығарылатын есептер санын күрт өсірді. Инженерлік техникалық немесе экономикалық есептерге алгоритмдік тілдерді жасай бастады.

Үшінші кезең - 70 ж дейін. Жартылай өткізгіш схемасының шапшаңдылығымен сенімділігінің өсуі, олардың көлемі пайдаланатын куаттылығы немесе құнының кемуі өндіріс технологиясының интегралдық схеманы ойлап тапқанға байланысты болды, ИС 1 см-ден көп емес кремнилі төртбүрышты тақтада жасалған он электронды элементтен құралады. Бұндай тақта шағын пластмассалық корпуста орналасады, олардың көлемі "аяқтар" санымен есептелінеді.

Төртінші кезең - 78 ж дейін. Электрониканың даму жетістіктері үлкен интегралды схемаларды (ҮИС) жасауға әкелді, онда бір кристаллда бірнеше он мыңдаған элеметтер орналасты. Бұл олардан үлкен кодқа немесе командаларды орындаудың аз цикліне: код байтының құны немесе бір машиналық операцияны тез, әрі арзан ЭЕМ жасауға әкелді. Бірақ программалауға шығын азаймағандықтан машиналық ресурстарды емес, адамдар ресурстарын үнемдеу алдыға қойылды.

Бесінші кезең - қазіргі кезде. ҮИС технологияларының жақсаруы кристалда жүздеген мың элементтер орналасқан арзан электроңды схемалар - ингеграция дәрежесі өте үлкен схемаларды (ӨҮИС) жасауға мүмкіндік берді. Уақыт өте келе стол үстіне қоюға келетін көлемі телевизордың салмағына сәйкес келетін, микро ЭЕМ, клавиатура, сонымен қатар көлемі шағын басу қондырғысы, өлшеу аппаратурасы орналасқан приборлар жасау мүмкіндігі пайда болды.


Бақылау сұрақтары:

  1. ЭЕМ бөлшектеудің 3 деңгейін атаңыз.

  2. ЭЕМ сипаттамаларының көрсеткіштерін атаңыз.

  3. ЭЕМ құрылымын атаңыз.

  4. Процессор не үшін қажет?

  5. ДЭЕМ айрықша белгілерін айтыңыз.

  6. Қатты дискке және жедел жадқа анықтама беріңіз.

  7. Ақпаратты енгізу/шығару қызметіне қандай қондырғы жатады?

  8. Ашық архитектура принципі дегеніміз не?

  9. ДЭЕМ дисплейінің сипаттамаларын атаңыз.

  10. Екінші деңгейге қандай ЭЕМ жатады?

  11. Дискідегі информация жинақтауыш.

  12. Принтер және плоттер, оның түрлері, атқаратын қызметі.

  13. Қосымша қондырғылар.

  14. Микропроцессор.

  15. ЭЕМ-нің жедел жады.

  16. Аппараттық жабдықтар.

  17. Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы.

  18. Графиктік адаптерлер.

  19. Дербес компьютердің перне тақтасы.

  20. Компьютерге информация енгізу құрылғылары.

  21. Мультимедиа қондырғылары.

  22. ДК негізгі қондырғылары

  23. ДЭЕМ даму кезеңдерін сипатта

  24. Қосымша мен негізгі қондырғылардың айырмашылығы

  25. ДЭЕМ негізгі қондырғыларының өзара әрекет ету шарттары


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет