Рецензенттер: ҚҚэу э.ғ. к., доцент Тажбаев Н. М


Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №12



бет14/15
Дата28.04.2016
өлшемі1.83 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №12

OLE режимінде жұмыс істеу

Жұмыстың мақсаты: OLE режимінде объектілерімен жұмыс істеу ілімдерімен танысу.

Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Місгоsоft СІірАrt-тан суреттерді кірістіру

МS СlірАrt программасында кез келген адам пайдалана алатын құжаттық мәтіндерді өңдеп көркемдеуге арналған қомақты суреттер жиыны бар. Сол себепті МS OFFICE бумасына сурет түріндегі әртүрлі объектілсрі бар СLIРАRT программасы орналастырылып қойылған. Суреттерді мәтінге кірістіру үшін Кірістіру=>Сурет (Вставка=>Рисунок) командасын орындап, СLIРART бумасындағы cуреттерді қарап шығуға мүмкіндік алып, қажеттісін таңдаймыз.

Кез келген сурет түріндегі объектілер жиынына қол жеткізу үшін келесі командаларды орындаңыз:

-КірістіруОбъект (ВставкаОбъект) командасын орындаңыз;
-"Объектіні кірістіру" (Вставкаобъекта) сұқбат терезесінде
"Даярлау" (Создание) парағына өтіңіз;


  • "Объект типі" (Тип объекта) тізімінен "Microsoft ClipArt
    суретін" (Картинка Місгosoft СІірАrt) таңда (экранда ішінде
    көптеген суреттері мен тізім бөлімдері бар "Місгosoft СІірАrt"
    пайда болады).





  • Бөлімдер (Разделы) тізімінен қажетті бөлімді таңдап алыңыз:

  • ұнаған суретті таңдап, Кірістіру (Вставить) батырмасын
    басыңыз.


Суретті кадрға немесе мәтіңдік терезеге кірістіру

Суретті мәтінге кірістіру немесе кадр ішіне алу арқылы суретті мәтіннен бөліп алып, оны кез келген орынға оңай ауыстыра аламыз. Мұндайда кадр мәтінмен қоршалып тұрады.

Суретті кадр ішіне кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:

- КірістіруСурет (ВставкаРисунок) командасын орында
және күжатқа кірістірілуге тиіс суретті көрсет (енді ОК
пернесін басу нәтижесінде курсордың ағымдағы позициясына
сурет қойылатын болады);

- суреттің ерекшеленіп түрғанына көз жеткіз, егер


ерекшеленбесе, оны қайтадан ерекшелеп ал (егер де құжат
ішіне орналасқан суретті кадрға алғыңыз келсе, оны алдына
ала ерекшелеуді ұмытпаңыз);

- КірістіруКадр (ВставкаКадр) командасын орында. Басқа
тәсіл ретінде "Сурет салу" (Рисование) немесе ''Пішіндер"
(Формы)
аспаптар тақтасындағы "Кадр кірістіру" батырмасын
басуға болады.

Кадр ішінде суретті орналастырудың тағы бір тәсілі - мәтіндік терезені пайдалану. Суретті мәтіндік терезе ішіне орналастыру арқылы оны мәтін фоны ретінде пайдалану мүмкіндігі бар, сондай-ақ, "Сурет салу" аспаптар тақтасы құралдарын пайдалана отырып, сызықтар қалыңдығын және түстерін де өзгерте аламыз.

Суретті мәтіндік терезеге кірістіру үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс:

- экранға ''Сурет салу" аспаптар тақтасын шығару, Жазу


батырмасын басу;

  • құжаттағы керекті орынға курсорды қой, тышқан
    батырмасын басып және де оны басулы күйінде ұстап тұрып,
    мәтінді терезеге орналастыру (мәтіндік терезенің сол жақ
    жоғарғы бұрышына жыпылықтап тұрған курсор шығуы тиіс);

  • КірістіруСурет (ВставкаРисунок) командасын орындау,
    қажетті суретті көрсету, ОК батырмасын шерту (суретті кірістіру барысында мәтіндік терезенің формасы суреттің формасына қарай бейімделеді). Ал суреттің мөлшері терезесіне сай бейімделеді. Мәтіндік терезенің мөлшерін өзгерту тәсілі туралы кейінірек айтылады.

Мәтіндік терезені көркейтіп безендіру үшін "Сурет салу" аспаптар тақтасының Бояу түсі, Сызық түсі, Сызық типі сияқты қүралдарын пайдалана аласыз.

Суреттермен жүмыс істеу

Сурет құжатқа кірістірілген соң, онымен өз қалауларың бойынша мынадай әрекеттер орындауға болады:

- сурет мөлшерін үлғайту немесе кішірейту (пропорционал
және пропорционал емес түрлерде);

- суретгі берілген нақты өлшемдерге (ұзындығы мен енін)


келтіру;

- суретті кадр ішіне кірістіру және оның керек емес бөлігін


қиып тастау;

- суретгі жиектеу (жақтауға алу);

- суретті мәтін ішінде ауыстыру, оның көшірмесін алу және
басқа суреттерді мәтінге кірістіру;

- суретті кадр немесе мәтіндік терезе ішіне кірістіру және


оны кез келген орынға ауыстыру.
Тапсырма:

Тапсырма 1. MS Word мәтіндік редакторына Диаграмма MS Excel объектісі арқылы Excel-де өзің құрған диаграмманы алып кел.



Тапсырма 2. MS Word мәтіндік редакторына Microsoft Equation 3.0 объектісі арқылы ax2+bx+c=0 және формулаларын жаз.

Тапсырма 3. MS Excel кестелік редакторына Microsoft Word құжаты объектісі арқылы құрылатын кестенің тақырыпшасын жаз.

Тапсырма 4. MS Excel кестелік редакторына Microsoft Power Point объектісі арқылы презентация құр.

Тапсырма 5. MS Excel кестелік редакторына Microsoft Power Point объектісі арқылы слайд жаса.



Тапсырма 6. MS Word кестелік редакторына Microsoft Power Point объектісі арқылы презентация құр.

Тапсырма 7. MS Word кестелік редакторына Microsoft Power Point объектісі арқылы слайд құр.



Тапсырма 8. MS Word мәтіндік редакторына Microsoft Equation 3.0 объектісі арқылы және формулаларын жаз.

Тапсырма 9. MS Word мәтіндік редакторына Microsoft Equation 3.0 объектісі арқылы және формулаларын жаз.

Тапсырма 10.

MS Word мәтіндік редакторына Microsoft Clip Gallery объектісі арқылы оқулыққа байланысты суретті қойып, сол сурет жайында қысқаша мәтін жаз.

Тапсырма 11. MS Word мәтіндік редакторына Диаграмма MS Excel объектісі арқылы Excel-де өзің құрған диаграмманы және кестені алып кел.

Тапсырма 12. Мәтіндік процессорде көрме өткізу жөнінде хабарландыру мәтінін жазыңыз. Хабарландыру деген сөзді WordArt объектісі көмегімен жаз.


Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №13

Access-те кестелермен жұмыс істеу

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Access программасының объектілерімен танысу.

ТапсырмD:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:



  1. Бос деректер базасын құру тәсілін қолдана отырып, жаңа деректер базасын құру.

  2. Конструктор режимінде, мастер көмегімен және кестеге деректерді енгізу арқылы ДБ құру.

  3. Деректер базасын толтыру, сақтау.

  4. Лабораториялық жұмысты қорыта отырып есеп беру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Үлкен көлемді информацияларды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған программаны деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ-СУБД) дейміз.

Магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады.

Деректер базасы үш белгі бойынша жіктеледі:

Бірінші белгі-сақталынған информациясының сипатына қарай деректер базасы фактографиялық және құжаттық болып бөлінді.

Фактографиялық –деректер базасы қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады. Мысалы, кітапханадағы кітаптар қорының деректер базасында әрбір кітап туралы деректер фактографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы,авторы, аты, бағасы және т.б. Кітаптың тексті деректер базасында сақталмайды. Фактографиялық деректер базасы-бұл картотекалар.

Құжаттық – деректер базасы әртүрлі типтегі: текстік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемдегі информациялардан тұрады. Мысалы, заңдық актілердің құжаттық деректер базасы заңдардың текстінен тұрады. Құжаттық деректер базасы бұл-архив.

Екінші белгісі-информацияларды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді.

Орталықтандырылған деректер базасында барлық информациялар бір компьютерде сақталынады.

Бөлектелінген деректер базасы комьпютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және информациның әртүрлі бөліктерді бөлек комьпютерде сақталуы мүмкін.

Үшінші белгі - информацияны ұйымдастыру құрылым бойынша деректер базасы реляциялық ,иерархиялық және желілік болып бөлінеді.

Иерархияилық модель иерархиялық ағаш тәрізді (дискіде сақталатын каталогтар мен файлдар ағашы) деректер базасын құруға мүмкіндік береді. Олардың ерекшелігі: әрбір элемент, атрибут басқаларымен қосарланып байланысқан.

Желілік модельдерде объектілер басқа объектілердің элементтерімен, қасиеттерімен көптеген байланыста болады.

Реляциялық деректер базасының негізгі түсінігі кесте және кестеде орындалатын барлық операцияларды басқарады. Бұл модель реляциялық алгебра ұғымдарына сүйенеді, олар: кесте, қатынас, жол, бағана, кілт. Әрбір кесте жолында бір типті объектілер туралы мәліметтер жазылады, бұл мәліметтерді жазу деп атайды. Әрбір жол немесе жазу-бір объект болып табылады. Сипаттамалардың аты өріс деп аталады және кесте бағанасының нақты атауы болып табылады. Объектілер арасында байланысты беру үшін қатынас қолданылады, ал кілттер әрбір қатынастың сиректігін анықтау үшін пайдалынады.

Microsoft Access деректер базасының негізгі объектілері, кесте, сұраныс, форма, есеп беру, макростар және модульдер.

Кестелер – ДБ негізгі объектісі. Онда деректер сақталады. Реляциялық деректер базасы өзара байланысқан көптеген кестелерден тұрады.

Сұраныс – базадағы деректерді өңдеуге арналған арнайы құрылым. Сұраныстардың көмегімен деректер реттеледі, фильтрленеді, сұрыпталады, өзгертіледі, біріктіріледі, яғни бір сөзбен айтқанда өңделеді.

Формалар – базаға осы объект көмегімен жаңа деректер енгізіледі және бар деректерді көрсетеді.

Есеп берулер формадан айырмашылығы деректерді енгізу емес, тек құжатты баспаға шығару, сонымен қатар экрандық емес баспа құжатын жасауға арналған.

Макрос – бұл макрокомандалар. Қандайда бір операциялар базамен жиі қайталанса, бұл операицялар командаларын бір командаға, яғни бір макросқа біріктіруге болады және оны белгілі бір пернелер комбинацияларымен белгілейміз.

Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған программалық процедуралар көмегімен стандартты емес операцияларды орындауға арналған.

Кесте режимінде кестені құру ғанда сіз әрбір өріске ат бересіз. Кесте режимінде кестені құру үшін Таблицы объектісін таңдайсыз. ДБ терезесінің оң жақ бөлігіндегі үш командаға назар аударыңыз: Открыть (бар кестені кесте режимінде ашып көру, қосу, редакциялау), Конструктор (бар кестенің құрылымын көру, өзгерістер енгізу), Создать (әртүрлі әдіспен жаңа кестені жасау).

Кестені үш режимде жасаудың тәсілі бар. 1) конструктор режимінде, 2) өріске ат енгізу арқылы, 3) шебер көмегімен.

Тапсырма 1.

Есептеу формасы

Тауар коды

Тауар аты

Өлшем бірлігі

Бағасы

Саны

Сорты

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 2.

Кітап формуляры

Автордың фамилиясы

Автордың аты

Баспаның аты

Атауы

Шығарылған жылы

Бағасы

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 3.

Асхананың менюі

Күні

Бірінші тағам

Бірінші тағамның бағасы

Екінші тағам

Екінші тағамның бағасы

Салат

Салаттың бағасы

1

2

3

4

5

6

7

Тапсырма 4.

Счет фактура келесі реквизиттерден тұрады:


  • құжаттың номері,

  • жабдықтаушы мекеме,

  • сатып алушы мекеме,

  • тауар аты,

  • өлшем бірлігі,

  • саны,

  • бағасы.

Тапсырма 5.

Фирма жұмыскерлерінің карточкасы:


  • фамилия,

  • аты,

  • әкесінің аты,

  • туған күні,

  • қызметі,

  • білімі,

  • жұмыс стажы,

  • еңбек ақысы.

Тапсырма 6.

Оқырман карточкасы:


  • оқырман коды,

  • фамилиясы,

  • аты,

  • әкесінің аты,

  • адрес,

  • телефон.

Тапсырма 7.

ЭЕМ құраушылары:


  • жүйелік блок,

  • жүйелік блок бағасы,

  • монитор,

  • монитор бағасы,

  • перне тақта,

  • перне тақат бағасы,

  • тышқан,

  • тышқан бағасы,

  • принтер, принтер бағасы.

Тапсырма 8.

Машина туралы анықтама:


  • машина моделі,

  • модельдің бағасы,

  • двигательдің бағасы,

  • машина түсі,

  • шығарған завод аты,

  • жасалған жылы.

Тапсырма 9.

Есеп аудару карточкаларының формасы

Фамилия

Аты

Әкесінің аты

Есеп аудару шоты

Шоттағы сумма

Шот ашылған күн

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 10.

Сауда кәсіп орындарының анықтамасы

Кәсіпорын коды

Кәсіпорын аты

Кәсіпорын адресі

Телефон

Ашылған күні

Директор

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 11.

Тауарды сатып алу өтініші

Тауар аты

Модель

Түсі

Өлшем

Баға

Дайындаушы

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 12.

Транспорт иесінің салық карточкасы:


  • транспорт иесі,

  • транспорт түсі және маркасы,

  • транспорттың қуаттылығы,

  • транспортты пайдалану мерзімі,

  • төлеушінің адресі,

  • салық бағасы.

Тапсырма 13.

Сатылған тауарлардың тіркеу карточкасы

Тауар аты

Өлшем бірлігі

Сорты

Саны

Баға

Дайындаушы

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 14.

Географиялық мәліметтер карточкасы:


  • мемлекет,

  • астанасы,

  • мемлекет басшысы,

  • территориялық көлемі,

  • тұрғындар саны,

  • ұлттық валютаның аты.

Тапсырма 15.

Көкөніс өнімдерін тіркеу карточкасы

Күні

Қойма аты

Тауар коды

Өлшем бірлігі

Сорт

Саны

Бағасы

1

2

3

4

5

6

7

Тапсырма 16.

Сатып алушылардың сұрау анкетасы:


Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №14

Сұраныстар. Сұрыптау, деректерді сүзгілеу, кең тараған сүзгі
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Access программасында деректерді сүзу әдістерімен танысу.

ТапсырмD:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:



  1. Берілген тапсырма бойынша ДБ құрыңыз.

  2. Құрылған деректер базасындағы мәліметтерді сұрыпта.

  3. Деректерді сүзу.

  4. Лабораториялық жұмысты қорыта отырып есеп беру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Сұраныстардың бірнеше түрі бар. Оның ішінде кең тарағаны – таңдауға сұраныс жасау. Таңдауға сұраныс жасау қорытынды кестені жасаумен сипатталады, онда сұраныстың талабы бойынша тек қана қажет мәліметтер көрсетіледі.

Microsoft Access-тің басқа объектілері сияқты сұранысты Шебер көмегімен автоматты түрде, немесе қолмен жасауға болады. ДБ сұраныс жасау үшін арнайы сұраныс тілі бар. Ол SQL (Structured Query Language сұраныстардың құрылымды тілі) – деп аталады.

Базада сұранысты құру ДБ сұқбат терезесінде Сұраныс салғышын ашудан, яғни Создать батырмасын басудан басталады.

Жаңа сұраныс сұқбат терезесінде Конструктор арқылы жасауды таңдаймыз. Конструктор режимінде сұраныс негізделге базаның кестесін шақырамыз.

Кестелерді қосу сұқбат терезесінде кестелерді таңдаймыз. Онда базадағы барлық кестелер бейнеленеді.

Добавить батырмасы арқылы таңдалған кестені жоғарғы бөлікке қосамыз.

Кестелерді қосу терезесінде үш салғышқа назар аударыңыз: Кесте, Сұраныс, Сұраныстар және кестелер.



Сұраныс бланкісі екі панельге ие. Үстіңгі панельде сұраныс негізделген кестенің өрістер тізімі шығады.

Төменгі панельде сұраныстың құрылымын анықтайды, яғни сұраныс нәтижесі алынған деректердің мазмұныын көрсетеді.

Өріс жолына бланктің үстіңгі бөлігіндегі кестеден өріс атын тышқанмен алып келеді. Болашақ әрбір өріске үлгі бойынша бланктің бір бағанасы сәйкес келеді.

Кесте аты деген жолға өрісті алып келген кезде ол авоматты түрде толтырылады.

Сұрыптау жолын шертетін болсақ, онда сұрыптаудың түрлері келтірілген тізім ашылады. Егер сұрыптауды қандай да бір өріс бойынша белгілесек, онда қортынды кестедегі мәліметтер осы өріс арқылы сұрыпталады.



Сұраныс бланкісіндегі қызықты жол Таңдау шарты. Онда қорытынды кетеге қосылатын критериялар жазылады.

Сұранысты іске қосу Вид батырмасын шерту арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде қорытынды кесте алынады.

Тапсырма:

Тапсырма 1. «Төлем туралы мәлімет» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • төлем коды

  • сумма

  • төлем төленген күн

  • пластикалық карта номері

  • төлемнің мерзімі

  • төлем төлеудің түрі

Тапсырма 2. «Қорды пайдалану журналы» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • қызмет көрсетудің түрі

  • қордың аты

  • қызмет көрсетілетін күн

  • қызмет көрсетудің сипаты

  • қызмет көрсетудің құны

Тапсырма 3. Спартакиадаға қатысушыларды тіркеу карточкасы

Реквизиттік құрам:


  • клуб атауы

  • спорт түрі

  • командадағы КМС саны

  • командадағы адамдар саны

  • қай елдің өкілдері

  • команда тренерінің аты-жөні

  • спартакиадаға келу датасы

Тапсырма 3. «Теледидарға жарнама беру бланкісі» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • жарнама берушінің аты-жөні

  • тапсырыс берілген күн

  • тариф

  • сөз саны

  • байланыс телефоны

Тапсырма 4. «Жүргізушінің отырғызу беті» ДБ құрыңыз. Отырғызу парағының түрі:



Рейс номері

Маршрут бағыты

Автобус моделі

Отырғызу орнының саны

Қозғалу уақыты

Келу уақыты

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 5. «Компьютерді жабдықтауыштар» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • жүйелік блок

  • Монитор

  • Перне тақтасы

  • Тышқан тетігі

  • Принтер

  • Сканер

Тапсырма 6. «Географиялық мәліметтер картасы» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • Мемлекет

  • Астанасы

  • Ел басшысы

  • Территория ауданы

  • Ұлты

  • Мемлекеттік тілі

  • Тұрғындар саны

  • Ұлттық валюта

Тапсырма 7. Төмендегі реквизиттік құрамды пайдалана отырып «Пластикалық картаны алу» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • Карточка түрі

  • Карта-шоттың валютасы

  • Карта-шотты енгізу

  • ФИО

  • Байланыс телефоны

  • Жеке куәлік номері

  • Мекен – жайы

  • РНН

  • Жасырын сөз

  • Толтырылған күн

Тапсырма 8 .«Жеміс-жидекке тапсырыс» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • Жемістің аты

  • Жемістің сипаттамасы

  • Категория

  • Құны

  • Жабдықтаушы

  • Саны

Тапсырма 9. «Көктем» мекемесі қызметкерлерінің жеке карточкасы ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • Қызметкер коды

  • ФИО

  • Қызметі

  • Бөлімше аты

  • Туған күні

  • Адрес

  • Телефон

  • Еңбек ақысы

Тапсырма 10. «Студент туралы мәлімет» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • ФИО

  • ВУЗ

  • Мамандығы

  • курс

  • группа

  • мекен жайы

  • ата-анасының мекен жайы

  • оқу үлгерімділігі

Тапсырма 11. «Курс» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • Курс коды

  • Курс сипаты

  • Курс жетекшісі

  • Оқушының фамилиясы

  • Телефон

  • Адрес

Тапсырма 12. «Компания шоты» ДБ құрыңыз

Реквизиттік құрам:


  • дата

  • Компанияның аты

  • Қызмет ету профилі

  • Есеп шоты

  • Есеп шотқа келіп түскен сумма

  • Есеп шоттан алынған сумма


Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №15

Access-те формаларды жасау
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Access деректер базасының формасымен жұмыс істеу әдістерімен танысу.

Тапсырма:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:



  1. Берілген тапсырма бойынша ДБ құрыңыз.

  2. Конструктор режимінде форманы құрыңыз.

  3. Шебердің көмегімен форманы жасаңыз.

  4. Лабораториялық жұмысты қорыта отырып есеп беру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Microsoft Access-тің басқа объектілер сияқты форманы да қолмен және автоматты түрде, сонымен қатар бірнеме тәсілдермен құруға болады.



Автоформа

1.Автоформа – автоматты форманың ең қарапайым түрі. Автоформаны жасау үшін ДБ Форма салғышын ашып, онда Создать командасын басу керек. Сол кезде Жаңа форма ашылады.

2. Жаңа форма сұқбат терезесінде деректер көзі ретінде қандай да бір кестені немесе сұранысты алады., содан кейін автоформаның түрі (кестелік, ленталық және бағаналық) таңдалған автоформа құрылады.

Шебер көмегімен форма құру

3. Шебер көмегімен форма төрт кезең арқылы құрылады:



    • Формаға енгізілетін өрістерді таңдау,

    • форманың сыртқы түрін (төртеудің біреуін) таңдау,

    • форманың фондық суретін таңдау (онның біреуін),

    • формаға ат беру.

Дайын форманы құрамындағы жазбаларды қарау үшін немесе жаңа жазбаларды енгізу үшін қолдануға болады.










Форма құрылымы

Автоматты құралдармен форманы құру кезінде, олардың құрылымы туралы ойланбауға да болады., бірақ оны конструктор режимінде құру кезінде форманың құрылымын қарастыруға тура келеді.

Форма құрылымы оның бөлімдерінен тұрады, ал бөлімдер басқару элементінен тұрады.

Форма бөлімдері

1. Форманың бөлімдерімен танысу үшін Шебер көмегімен құрылған дайын форманы конструктор релимінде қарастыруға болады. Ол үшін Microsoft Access басқару панелінде Вид деген батырманы басқан жөн.

2. Конструктор режимінде форманы ашу кезінде форманың құрылымын көреміз. Осы құрылыммен қатар элемент панелі ораналасқан, онда форманы басқаруға арналған құралдар бар.

3. Форма құрылымында үш бөлім анық көрсетілген: форма тақырыбының бөлімі, деректер аймағы, форманың ескертпесі жазылатын бөлімі.

4. Деректер облысындағы ораналасқандардың барлығы басқару элементі деп аталады.

5. Басқару элементінің артында орналасқан фондық сурет форманың жұмыс аумағын көрсетеді.

6. Форманың жұмыс аумағының және бөлім өлшемін өзгертуге болады. Бөлім шекарасына көрсеткішті әкелген кезде ол формасын өзгертеді. Осы кезде шекараны тасу арқылы орын ауыстыруға болады.


Тапсырма 1.

Талапкердің жеке карточкасы


  • талапкердің аты-жөні

  • мектеп номері

  • адресі

  • аттестаттың орташа балы

  • оқу үздігі

  • оқу екпіндісі

  • оқу үлгерімі нашар

  • олимпиада жеңімпазы

Тапсырма 2. Студенттің жеке карточкасы



  • студенттің аты-жөні,

  • оқу орны,

  • факультет,

  • мамандығы,

  • адресі.

Тапсырма 3.

Кредит беру туралы құжат:


  • кредит берілген күн,

  • жеке тұлғаның аты-жөні,

  • кредит көлемі

  • кредиттің проценттік ставкасы,

  • кредит беруші банк,

  • кредитті қайтару мерзімі.

Тапсырма 4.

Қосымша күн салығының декларациясы:


  • толтырылған күні,

  • салық төлеушінің аты,

  • тіркеу номері,

  • орындаушының аты-жөні,

  • мекеменің аты,

  • телефон,

  • салық суммасы.

Тапсырма 5.

Сатып алушылардың сұрау анкетасы:


  • сатып алынатын тауар аты,

  • өнім шығарушының аты,

  • тауар сорты,

  • моделі,

  • бағасы.

Тапсырма 6.

Көкөніс өнімдерін тіркеу карточкасы

Күні

Қойма аты

Тауар коды

Өлшем бірлігі

Сорт

Саны

Бағасы

1

2

3

4

5

6

7

Тапсырма 7.

Оқырман карточкасы:


  • оқырман коды,

  • фамилиясы,

  • аты,

  • әкесінің аты,

  • адрес,

  • телефон.

Тапсырма 8.

Географиялық мәліметтер карточкасы:


  • мемлекет,

  • астанасы,

  • мемлекет басшысы,

  • территориялық көлемі,

  • тұрғындар саны,

  • ұлттық валютаның аты.

Тапсырма 9.

Тауарды сатып алу өтініші



Тауар аты

Модель

Түсі

Өлшем

Баға

Дайындаушы

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 10.

Сауда кәсіп орындарының анықтамасы

Кәсіпорын коды

Кәсіпорын аты

Кәсіпорын адресі

Телефон

Ашылған күні

Директор

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 11.

Есеп аудару карточкаларының формасы

Фамилия

Аты

Әкесінің аты

Есеп аудару шоты

Шоттағы сумма

Шот ашылған күн

1

2

3

4

5

6

Тапсырма 12.

Машина туралы анықтама:


  • машина моделі,

  • модельдің бағасы,

  • двигательдің бағасы,

  • машина түсі,

  • шығарған завод аты,

  • жасалған жылы.



Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №16

Access-тегі есеп беру

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Access құрылған деректер базасына есеп беру.

ТапсырмD:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:

1. Берілген тапсырма бойынша ДБ құрыңыз.

2. Конструктор режимінде есеп беріңіз.

3. Шебердің көмегімен есеп беріңіз.

4. Лабораториялық жұмысты қорыта отырып есеп беру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Есеп берулер формаға көп жағынан ұқсас, яғни сұраныстардың көмегімен қажет нәтижелерді экранда емес, принтер арқылы алуға мүмкіндік береді. Сондықтанда есеп беру жұмысының нәтижесінде қағаз құжаты пайда болады.

Авто есеп берулер

Формада айтылған мағлұматтар есеп беругеде қатысы бар. ДБ сұқбат терезесінде Есеп беру салғышын таңдағаннан кейін Создать батырмасын басамыз, сол кезде Жаңа есеп беруді автоматты түрде, Шебер көмегімен және қолмен жасауға мүмкіндік береді.

Форма сияқты есеп берумен автоматты түрде жасау режимінде танысқан жөн. Кез-келген кесте негізінде автоесеп беруді бағана немесе лента түрінде құруға болады.

Есеп берудің құрылымы бес бөлімнен тұрады: есеп беру тақырыпшасы, үстінгі колонтитул, деректер облысы, төменгі колонтитул және есеп берудің ескертпесі.

Тақырыпша бөлімі есеп берудің жалпы тақырыбын жазуға арналған.

Егер есеп беру күрделі құрылымнан және көп беттен құралса, онда жоғары колонтитул бөлімін тақырыпшаларды жазу үшін қолдануға болады.

Деректер облысында база кестесінің өрістерімен байланысқан басқару элементін орналастырады.

Төменгі колонтитул жоғарғы колонтитул сияқты қызмет етеді.

Ескерту бөлімін қосымша ақпараттарды енгізу үшін қолданылады.

Констуктор режимінде есеп берумен жұмыс істеу
Тапсырма 1.

Талапкердің жеке карточкасы



  • талапкердің аты-жөні

  • мектеп номері

  • адресі

  • аттестаттың орташа балы

  • оқу үздігі

  • оқу екпіндісі

  • оқу үлгерімі нашар

  • олимпиада жеңімпазы

Тапсырма 2. «Төлем туралы мәлімет» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • Төлем коды

  • сумма

  • төлем төленген күн

  • пластикалық карта номері

  • төлемнің мерзімі

  • төлем төлеудің түрі

Тапсырма 3. «Тапсырыс қабылдау» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


    • Клиент туралы мағлұтмат

    • Тапсырыс туралы мағлұмат

    • Төлем туралы мағлұмат

    • Тауар туралы мағлұмат

    • Мекеме туралы мағлұмат

Тапсырма 4. Мерекелік шараларды өткізу ДБ құрыңыз. Ол келесі реквизиттерден құралады: шараның өткізілетін орны, басталу датасы, аяқталу датасы, басталу уақыты, аяқталу уақыты, шараның сипаттамасы.


Тапсырма 5. «Турист» ДБ құрыңыз

Реквизиттік құрам:



  • Санаторийдің аты

  • Орналасқан жері

  • Санаторийге келген күні

  • Тапсырыс номері

  • Демалыс түрі

  • Тамақтануы

  • Шипалы комплекс

  • Жіберілген күні

  • Жолдаманың құны

Тапсырма 6. «Mario pizza» кафесіна тапсырыс беру ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • Кафе атауы

  • Кафенің мекен жайы

  • Байланыс телефоны

  • Пиццаның ассортименті

  • Саны

  • Жеткізіп беру уақыты

  • Тапсырыс берушінің аты-жөні

  • Тапсырыс берушінің адресі

  • Көрсетілген қызметтің құны

Тапсырма 7. «Кредитке сатылған тауар» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:

- тауар аты



  • кредит мерзімі

  • кредит беруші банк

  • кредит туралы келісім-шарт

  • тауар құны

  • тауар саны

  • Сатып алушының аты-жөні

  • РНН

  • Еңбек ақысы

  • Мекен-жайы

  • Байланыс телефон

Тапсырма 8. «Қорды пайдалану журналы» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • қызмет көрсетудің түрі

  • қордың аты

  • қызмет көрсетілетін күн

  • қызмет көрсетудің сипаты

  • қызмет көрсетудің құны

Тапсырма 9. Спартакиадаға қатысушыларды тіркеу карточкасы

Реквизиттік құрам:


  • клуб атауы

  • спорт түрі

  • командадағы КМС саны

  • командадағы адамдар саны

  • қай елдің өкілдері

  • команда тренерінің аты-жөні

  • спартакиадаға келу датасы

Тапсырма 10. «Теледидарға жарнама беру бланкісі» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • жарнама берушінің аты-жөні

  • тапсырыс берілген күн

  • тариф

  • сөз саны

  • байланыс телефоны

Тапсырма 11. «Жүргізушінің отырғызу беті» ДБ құрыңыз. Отырғызу парағының түрі:



Рейс номері

Маршрут бағыты

Автобус моделі

Отырғызу орнының саны

Қозғалу уақыты

Келу уақыты

1

2

3

4

5

6

Каталог: uploads
uploads -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
uploads -> Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар
uploads -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
uploads -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
uploads -> Приложение к части а1
uploads -> Рабочий проект
uploads -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет