Рецензенттер: ҚҚэу э.ғ. к., доцент Тажбаев Н. М



жүктеу 1.83 Mb.
бет3/15
Дата28.04.2016
өлшемі1.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: uploads
uploads -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
uploads -> Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар
uploads -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
uploads -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
uploads -> Приложение к части а1
uploads -> Рабочий проект
uploads -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности

Зертханалық -тәжірибелік жұмыс №3


Windows операциялық жүйесінің «Сілтеуіш» бағдарламасымен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Компьютердегі ақпарат құрамымен және негізгі мағлұматтармен танысу. Сілтеуіш бағдарламасында файлдармен, папкалармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.

Тапсырма:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:



        1. Бағыттауыш программсын іске қосу

        2. Каталогта өз еркіңізбен папка құрыңыз

        3. Папкамен жұмыс істеу (көшіру, орын аустыру, іздеу, жою)

        4. Лабораториялық жұмысқа есеп бере отырып, қорғау.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Сілтеуіш терезесі – Windows жүйесінің файлдармен жұмыс істейтін негізгі программасы. Оның көмегімен дискідегі файлдардың көшірмесін алу, оларды басқа орынға ауыстыру, жою, компьютер желілерінде байланыс ұйымдастыру, программалық файлдарды іске қосу, дискеттерді форматтау т.б. әрекеттерді атқаруға болады. Бағыттауыш программасы кез-келген операциялық ортаның жүйелік қоршаулар деп аталатын арнайы программалар тобына жатады. Windows жүйесіндегі Бағыттауыш терезесінің белгісі Іске қосу батырмасын басқан соң Стандартты бағдарламалар тобында орналасқан. Бұл программада экран бейнесі әртүрлі бола береді. Терезенің жоғарғы жағында меню жолы, оның маңында Аспаптар тақтасы орналасқан. Негізгі терезе екі жартыға бөлінген, оның сол жақ жартысында – компьютердегі негізгі құрылғылар мен программалық компоненттер өз ортасындағы белгілі бір ретімен беріледі.

Сілтеуіш терезесінің оң жақ жартысында – сол жақта белгіленген объектінің ішкі мазмұны көрінеді.

Сілтеуіш терезесі

Мысалы, сол жақта каталог белгіленген болса, оң жақта сол каталогқа кіретін ішкі подкаталогтар мен әртүрлі файлдар көрсетіледі. Файлдар атының алдында олардың қандай программада дайындалғанын, яғни тип бейнелейтін кішкене белгілер де орналасады.

Файлды көшіру – жаңа каталогта оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлдың орнын ауыстыру – оның бір каталогтан екінші каталогқа көшірмесін алып, ескі орнынан жою. Бұл әрекеттер әдетте тышқанмен оңай, әрі жылдам орындалады.

Файлдармен жұмыс істеу кезінде көбінесе бір файл емес бірден бірнеше файл өңделеді (көшіріледі, жойылады, және т.б.). Сол үшін өңделуге тиіс файлдар алдын-ала ерекшеленуге тиіс.

Бір файлды ерекшелеу қиын емес, сол файлдың шарт белгісінде тышқанды бір рет шерту керек. Қатар орналасқан бірнеше файлды ерекшелеу үшін:



  • бірінші тұрған файлдың белгісінде тышқанды бір рет шерту керек;

  • Shift пернесін басып ұстап тұру қажет,

  • Соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп, тағы да шерту керек.

Каталог ішінде әр жерде орналасқан файлдарды ерекшелеу үшін:

  • бірінші файл белгісінде тышқанды шерту керек,

  • Ctrl пернесін басып, ұстап тұру керек,

  • керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп шертіп отыру керек. Ерекшелеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет шерту қажет.

Бағыттауыш терезесінде үлкен және кіші белгілерді пайдалану.

Егер файлдарды кіші белгілер арқылы бейнелесеңіздер, экранның оң жақ терезесіне көп мәлімет орналасады. Үлкен белгілерді пайдалансаңыз, онда жұмыс істеуге ыңғайлы режим орнайды. Бұл режимдерді бірінен екіншісіне ауыстыру үшін Бағыттауыш терезесінің меню жүйесіндегі Сыртқы түр командасының Үлкен белгілер немесе Кіші белгілер командасын орындаңыздар.

Бағыттауыш программысынан қолданбалы программаларды іске қосу бірнеше жолмен жүргізіледі, олар:


  • программаның командалық файлын таңдап алып, тышқанды екі рет шерту керек,

  • өңделуге тиіс құжаттық файл шарт белгісін таңдап алып, тышқанды екі рет шертсе болғаны, сонда сол файлға сәйкес программалық файл іске қосылып, оның терезесіне қөпқұжаттық файл шақырылады,

  • құжаттық файл шартбелгісін тышқанмен іліп алып, оны сол файлдың негізгі программасы белгісіне жеткізу де жеткілікті.

Сілтеуіш терезесінде файлдың атын өзгерту, дискетті форматтау, дискінің көшірмесін алу, файлдың немесе файл топтарының атрибуттарын өзгерту және т.с.с. операциялар атқарыла алады. Бір айта кететін жайт, тышқанның оң жақ батырмасы арқылы шақырылатын динамикалық менюде Жіберу деген командалық жол бар, ол файлды дискетке жылдам көшіріп алу мүмкіндігін береді.
Тапсырма:

Тапсырма 1. С дискісінде «Кәсіби тәжірибе» папкасын құр. «Кәсіби тәжірибе» папкасының ішіне «Есеп.doc» файлын жаса. «Кәсіби тәжірибе» папкасының атын «Оқу тәжірибесі» деген атына ауыстырыңыз. «Оқу тәжірибесі» папкасының ішіндегі «Есеп.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Есеп.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 2. С дискісінде «Компьютер» папкасын құр. «Компьютер» папкасының ішіне «принтер.doc» файлын жаса. «Компьютер» папкасының атын «Дербес компьютер» деген атына ауыстырыңыз. «Дербес компьютер» папкасының ішіндегі «принтер.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «принтер.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 3. D:дискісінде «Информатика» папкасын құр. «Информатика» папкасының ішіне «Компьютер.doc» файлын жаса. «Информатика» папкасының атын «ДЭЕМ» деген атына ауыстырыңыз. «ДЭЕМ» папкасының ішіндегі «Компьютер.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Компьютер.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 4. С дискісінде «Менің қажетті құжаттарым» папкасын құр. «Менің қажетті құжаттарым» папкасының ішіне «Экономика. doc» файлын жаса. «Менің қажетті құжаттарым» папкасының атын «Қаржы» деген атына ауыстырыңыз. «Қаржы» папкасының ішіндегі «Экономика.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Экономика.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 5. «Мои документы» папкасында «Экономика» папкасын құр. «Экономика» папкасының ішіне «Мамандық.doc» файлын жаса. «Экономика» папкасының атын «Экономика және менеджмент» деген атына ауыстырыңыз. «Экономика және менеджмент» папкасының ішіндегі «Мамандық.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Мамандық.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 6. «Мои документы» папкасында «Саяхат» папкасын құр. «Саяхат» папкасының ішіне «Турист.doc» файлын жаса. «Саяхат» папкасын С: дискісіне көшіріңіз. «Саяхат» папкасының ішіндегі «Турист.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Турист.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 7. «Мои документы» папкасында «Гүлдер» папкасын құр. «Гүлдер» папкасының ішіне «Роза.doc» файлын жаса. «Гүлдер» папкасын С: дискісіне көшіріңіз. «Гүлдер» папкасының ішіндегі «Роза.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Роза.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 8. «Мои документы» папкасында «Ойындар» папкасын құр. «Ойындар» папкасының ішіне «Ойын түрлері.doc» файлын жаса. «Ойындар» папкасын С: дискісіне көшіріңіз. «Ойындар» папкасының ішіндегі «Ойындар түрлері.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Ойындар түрлері.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 9. С дискісінде «Клавиатура» папкасын құр. «Клавиатура» папкасының ішіне «Пернелер.doc» файлын жаса. «Клавиатура» папкасының атын «Пернелер тақтасы» деген атына ауыстырыңыз. «Пернелер тақтасының» папкасының ішіндегі «Пернелер.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Пернелер.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 10. С дискісінде «Office» папкасын құр. «Office» папкасының ішіне «Program.doc» файлын жаса. «Office» папкасының атын «Programs» деген атына ауыстырыңыз. «Programs» папкасының ішіндегі «Program.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Program.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 11. С дискісінде «Документы» папкасын құр. «Документы» папкасының ішіне «Бланк.doc» файлын жаса. «Документы» папкасының атын «Құжат» деген атына ауыстырыңыз. «Құжат» папкасының ішіндегі «Бланк.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Бланк.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 12. С дискісінде «Палитра» папкасын құр. «Палитра» папкасының ішіне «Эскиз.doc» файлын жаса. «Палитра» папкасының атын «Краска» деген атына ауыстырыңыз. «Краска» папкасының ішіндегі «Эскиз.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Эскиз.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 13. С дискісінде «Принтер» папкасын құр. «Принтер» папкасының ішіне «Epson.doc» файлын жаса. «Принтер» папкасының атын «Модем» деген атына ауыстырыңыз. «Модем» папкасының ішіндегі «Epson.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Epson.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 14. С дискісінде «Фрукты» папкасын құр. «Фрукты» папкасының ішіне «Жидек.doc» файлын жаса. «Фрукты» папкасының атын «Жемістер» деген атына ауыстырыңыз. «Жемістер» папкасының ішіндегі «Жидек.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Жидек.doc» қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 15. «Мои документы» папкасында «Жарнама» папкасын құр. «Жарнама» папкасының ішіне «Құттықтаймыз.doc» файлын жаса. «Жарнама» папкасын С: дискісіне көшіріңіз. «Жарнама» папкасының ішіндегі «Құттықтаймыз.doc» файлын жойыңыз. Корзинадан «Құттықтаймыз.doc» қалпына келтіріңіз.



Зертханалық -тәжірибелік жұмыс №4


WINDOWS - тың стандартты қосымшасы «Pait» бағдарламасы

Жұмыстың мақсаты: Paint редакторын қолдана отырып графикалық редактордың жұмыс істеу принциптерін үйрену.
Тапсырма:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:

1. Paint интерфейсін үйрену.

2. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу шарттарын меңгеру.

3. Paint-та графикалық құжатты жасау.

4. Файлды D:дискісіне көшіру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Paint – Windows жүйесіндегі стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді.

Windows жүйесінде Іске қосу  ПрограммаларСтандартты Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементер де бар. Терезенің сол жақ шеткі қабырғасын аспаптар тақтасы орналасқан. Онда сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез-келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспатың бейнесі айқын түспен ерекшеленеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға әсер етеді:



  • аэрозоль баллонының сыясының ені,

  • өшіргіш ені,

  • бояуыш немесе қылқалам ені.

Түзу сызықты салу үшін құралдар жинағында белгісін таңдап алыңыз. Құралдар жинағының астында түзудің енін таңдаңыз.

Үнсіз қолданылатын негізгі түс пен түс фоны түстер жинағының сол жағында орналасады. Сурет салу кезінде тышқанның сол жақ тетік немесе оң жақ тетік көмегімен көрсеткішті апаруды қолдануға болады. Тік немесе көлбеу сызықты немесе 45 градусқа бұрылған сызықты салу үшін көрсеткішті апару кезінде Shift пернесін басу керек.

Қосымша сызықты салу үшін құралдар жинағында белгісін таңдап алыңыз. Эллипсті немесе шеңберді салу үшін құралдар тақтасынан белгісін таңдап алыңыз. Тік төртбұрышты немесе квадратты салу үшін құралдар тақтасынан белгісін таңдап алыңыз.


Paint редакторының терезесі
Көпбұрышты салу үшін құралдар тақтасынан белгісін таңдап алыңыз. Тексті енгізу және форматтау үшін құралдар тақтасынан белгісін таңдап алыңыз.

Paint редакторында тік бұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигураның іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға болады. Бояу түсі фондық түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасында түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер оранласқан;



  • іші бос тіктөртбұрыш,

  • іші боялған тіктөрбұрыш,

  • қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыш,

  • қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыш,

  • іші бос эллипс,

  • іші боялған эллипс,

  • іші бос көпбұрыш,

  • іші боялған көпбұрыш.

Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы іші бос тіктөртбұрышты салу үшін:

  • қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығын тағайындау керек,

  • аспаптардың іші бос тіктөртбұрышты таңдау ерек,

  • курсорды бастапқы нүктеге апару қажет,

  • тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, өзімізге қажет пішіндегі тіктөртбұрыштың мөлшерінің контурын тағайындау керек,

  • батырманы босату керек.


Тапсырма:

Тапсырма 1. Paint графикалық редакторында ЭБҚ колледжінің фасадын салыңыз.

Тапсырма 2. Paint графикалық редакторында өз жобаңыздың фасадын салыңыз.

Тапсырма 3. Paint графикалық редакторында Бахытгүл ресторанының фасадын салыңыз.

Тапсырма 4. Paint графикалық редакторында өз жобаңыздың фасадын салыңыз.

Тапсырма 5. Paint графикалық редакторында ДАУЛЕТ СҮ-нің фасадын салыңыз.

Тапсырма 6. Paint графикалық редакторында Орталық әмбебап дүкен фасадын салыңыз.

Тапсырма 7. Paint графикалық редакторында өз жобаңыздың фасадын салыңыз.

Тапсырма 8. Paint графикалық редакторында Абзал сауда үйінің фасадын салыңыз.

Тапсырма 9. Paint графикалық редакторында Кеншілер сарай үйінің фасадын салыңыз.

Тапсырма 10. Paint графикалық редакторында ӘЛЕМ СҮ-нің фасадын салыңыз.

Тапсырма 11. Paint графикалық редакторында Алтын Арба сауда орнының фасадын салыңыз.

Тапсырма 12. Paint графикалық редакторында ҚҚЭУ фасадын салыңыз.

Тапсырма 13. Paint графикалық редакторында Супермаркет АЯН сауда орнының фасадын салыңыз.

Тапсырма 14. Paint графикалық редакторында өз жобаңыздың фасадын салыңыз.

Тапсырма 15. Paint графикалық редакторында С.Сейфуллин атындағы драма театрының фасадын салыңыз.




Зертханалық -тәжірибелік жұмыс №5


Microsoft Word –та құжаттарды құру және форматтау.
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Word 2007- мәтіндік редакторы негізінде мәтіндік редакторлармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрену. Мәтіндік құжаттарды теру, форматтау және редакциялау амалдарын игеру.

ТапсырмD:+

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:

1. Microsoft Word 2007- мәтіндік редакторының терезесімен танысу.

2. Қарапайым құжат құру.

3. Мәтін теру, форматтау, редакциялау.

4. Құжатты D:дискісіне сақтау.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Microsoft Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағаз бетіне басып шығаруға арналған программа. Ол – мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі. Microsoft Word іске қосылған соң экранда 1-құжат деген бос терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.

Символдарды форматтауға шрифт параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады.

Шрифтер ұғымына:



  • шрифт типі,

  • шрифтің мөлшері,

  • сызылымы,

  • түсі,

  • арнайы эффектілері жатады. Шрифтің негізгі параметрлерін Формат командасының менюі, Форматтау аспаптар тақтасы, пернелік командалар мен контекстік меню жүйелерінің көмегімен тағайындауға болады. Төменде Шрифт терезесі келтірілген.


Шрифт командасындағы Шрифт парағы


Шрифт - компьютерде орнатылған шрифтер тізімі.

Шрифтердің сызылымы мына операциялардан тұрады:

- Кәдімгі – негізгі мәтін символдары үшін пайдаланылады;

- Курсив – сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады;

- Жартылай қарайтылған – сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады,

- Мөлшер - әріптердің мүмкіндік мөлшерінің тізімі.

Форматтаудың бірнеше параметрлерін тағайындау үшін Абзац сұқбат терезесін пайдаланған жөн. Бұл терезені ашу үшін Формат менюінен немесе контекстік менюден Формат-Абзац командасын таңдау керек.

Мысалы, осы команданның Шегіністер мен интервалдар деп аталатын парағы форматтың төмендегідей абзац параметрлерін тағайындауға мүмкіндік береді:



  • абзацтың бірінші жолының шегінісі мен шығыңқылығы,

  • жолдардың арасындағы интервал,

  • абзац алдындағы және соңындағы аралық,

  • мәтінді сол жағы, ортасы немесе ені бойынша туралау,

  • табуляция параметрлерін тағайындау.



Абзац сұқбат терезесі
Тапсырма:

Тапсырма 1. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне «Қазақстан республикасы тәуелсіз ел» деген атпен сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Тақырыпшаны ортаға жазыңыз. Шрифт размері 14, жол аралығы 1,5, абзац 1см көлденең етіп жазыңыз.



«Қазақстан республикасы тәуелсіз ел»

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. 
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. 
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 

1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы. 

Тапсырма 2. Жаңа құжат жасап, оны D: дискісіне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Тақырыпшаны ортаға жазыңыз. Шрифт размері 12.5, жол аралығы 2, бірінші абзац айқын, екінші абзац көлденең етіп жазыңыз.

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің 

отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.

Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстантәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;

Тапсырма 3. Жаңа құжат жасап, оны D дискісіне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы  деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 1.5, бірінші абзац айқын, екінші абзац көлденең етіп жазыңыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Тапсырма 4. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне Нормативті акт деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 1.5, бірінші абзац көгілдір түсті, екінші абзац жоғарғы индекс етіп жазыңыз.

Заңдылықты және мақсаттылықты қарама-қарсы қоюға болмайды. Жоғарғы мемлекеттікжәне қоғамдық мақсаттылық халықтың бостандығын және қызығушылығын реттейтін заңдарды толық жүзеге асырып оның қолдануын реттейді.

Әрине кейбір нормативті актілер ескеруі немесе сәтсіз болуы мүмкін. Бірақ әркімге заңды өз еркімен қолдануға жол бермеу керек. Заң арнайы органдармен алынып тасталғанша немесе өзгергенше ол атқарылуы керек.

Тапсырма 5. Жаңа құжат жасап, оны D: дискісіне Нормативті акт деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 1.5, бірінші абзац көгілдір түсті, екінші абзац жоғарғы индекс етіп жазыңыз. Сандық түрінде берілген тізімді ♪ маркеріне ауыстырыңыз.

Заңдылық әдебиеттерде бірнеше түсініктерде қарастырылады.



  1. Мекеме және қызметтің қағидасы ретінде.

  2. Басшылық әдісі ретінде.

  3. Мемлекет және оның азаматтарының ара қатынасының қағидасы ретінде.

Заңдылық құқықтық құбылыстарға бағынады. Яғни, оның заң күші бар құқықпен байланысты және нормативтік құқық актілер арқылы жалпы мемлекеттің еркіндігін қамтамасыз етуі және олардың орындалуы мен қолданылудағы құқықтық талаптардың жүйесі.

Тапсырма 6. Жаңа құжат жасап, оны D: дискісіне Нормативті акт деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 1.5, бірінші абзац көгілдір түсті, екінші абзац жоғарғы индекс етіп жазыңыз. Сандық түрінде берілген тізімді √ маркеріне ауыстырыңыз.

Заңдылықты қамтамасыз етудегі бақылау мыналарға бөлінеді:



  1. Президенттік бақылау.

  2. Парламенттік бақылау.

  3. Өкіметтік бақылау.

Заңдылықты қамтамасыз етуін қадағалау. Қадағалау мемлекеттік бақылаудың кеңінен тараған түрі. Қадағалауды әкімшілік және прокурорлық деп бөлуге болады.

Тапсырма 7. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне Қазақ тілі деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 18, жол аралығы 2, бірінші абзац төменгі индекс ретінде жазыңыз, екінші абзац айқын етіп көрсетіңіз. 5 абзацты 2-абзацтың орнына әкеліп қойыңыз.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту үшін оның өмірдің күллі саласында қолданылуы шарт. Ол үшін тілді қалай қолдануды білу керек, Мысалы, қазақ тілі мен халықаралық арасындағы байланысты көз алдымызға елестетіп, көрелікші.

Мемлекеттік тіл — тәуелсіз мемлекеттің қалыптасып, дамуына тікелей әсер ететін әлеуметтік-лингвистикалық фактор. Бұл үшін тіл дәл осьндай факторға айналуы тиіс, жүйелі шаралар белгіленіп, ол ғылыми негізде іске асуы керек.

Мемлекетгік тіл — еліміздің егемендігінің белгісі. Мемлекеттік тілдің дамуы мемлекеттің дамуына саяды. Мемлекеттік тілі дамымаған ел — ел емес.

Тіл заңының 16-бабындD:"Мемлекеттік те, мемлекеттік емес те оқу орындарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетгі оқу пәні болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді",- делінген.

Қазақ тілі, мемлекеттік мәртебесіне сай, жоғары білім беру стандарты талабы бойынша, арнаулы пән ретінде оқытылады, Бүл жағдай оның мемлекеттік мәртебесін нығайтады. Алайда мемлекеттік тілдің халықаралық- саяси қызмет саласында өз дәрежесінде қолданылуы үшін бұл мүлдем аз. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі атына заты сай болуы үшін жоғары оқу орынына қабылдау емтиханы санатына енуі тиіс. Біз мұны екінші асу ретінде бағамдап отырмыз. Оқу орынын орысша бітірген талапкерлер үшін күллі оқу орындарында қазақ тілі кафедрасы жанындағы қазақ тілін оқытатын курс ашса дұрыс болар еді, кейбір оқу орындарыңда мұндай курс әлі күнге жұмыс істемейді.



Тапсырма 8. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне Ата заң деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 18, жол аралығы көпше, бірінші, үшінші, алтыншы сөйлемді айқын, әрі қызыл түсті, екінші, төртінші, бесінші көлденең, әрі жасыл түсті етіп жазыңыз.

Біздің еліміздің ата заңына сай, заңдылық пен құқықтық тәртіптілік маңыздылығын артып отыр, осы себептен заң ғылымында оған көптеген көңіл бөлген.

Ол көптеп осы саладағы ғылымдардың ғылыми еңбектерінен көрініп отыр, бірақ көптеген сұрақтар одан әрі зерттеулерді жүргізуді талап етіп отыр.

Заңдылықтың маңызды мақсаты бағыттарының бірі осы күрделі әлеуметтік құбылыстың, барлық аспектілерін тереңдете ашу арқылы оны баптау үшін шаралар қолдану, одан да тиімді жағдайлар туғызады.



Тапсырма 9. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне Мемлекет деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 1,5, бірінші, үшінші, алтыншы сөйлемді айқын, әрі қызыл түсті, екінші, төртінші, бесінші көлденең, әрі жасыл түсті етіп жазыңыз, барлық сөйлемнің астын сызып жазыңыз.

Мемлекеттің негізгі мақсаты қоғам үшін қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті, іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіп орындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.

Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да түрлерінің қалыптасуына, пайдалану әдістеріне мемлекет меншігінде болады.

Тапсырма 10. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне Функциялар деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 2, бірінші, үшінші, алтыншы сөйлемді айқын, әрі қызыл түсті, екінші, төртінші, бесінші көлденең, әрі жасыл түсті етіп жазыңыз, барлық сөйлемнің астын сызып жазыңыз. Сандық түрінде берілген тізімді • маркеріне ауыстырыңыз.

Бұл анықтама функцияның мына белгілерін көрсетеді.

1. Мемлекет функциясын мемлекеттің кез-келген емес, оның әрекетінің нақты бағытын көрсетеді. Бұл бағытсыз ол нақты тарихи кезеңде немесе өмір сүру уақытында онсыз бола алмайды. Бұл пәндік өрістегі қалыптасқан мемлекеттің пәндік әрекеттілігі. Мысалы: экономикадағы, саясаттағы, табиғат қорғаудағы т.б.

2. Функцияларда мемлекеттің ең терең әрі берік, яғни оның мәні көрсетіледі. Сол себептерден де функциялар арқылы мемлекеттің мәнін оның қоғаммен жан-жақты байланысын білуге болады.

3. Осы функцияларды орындай отырып, мемлекет өз алдында тұрғанда қоғамды басқару тапсырмаларын иемденеді.

4. Мемлекет функциялары – басқару ұғымы тарихи кезеңдердегі мемлекеттің басқару мақсаттарын анықтайды.

5. Функциялар мемлекеттің билік әдістерімен және формасымен иемденеді.

Тапсырма 11. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне Функциялар деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 2, бірінші, үшінші, алтыншы сөйлемді айқын, әрі көк түсті, екінші, төртінші, бесінші көлденең, әрі сары түсті етіп жазыңыз, барлық сөйлемнің астын сызып жазыңыз.

Мемлекет осындай қоғамның бірлестік түрі бола тұра, орта әлеуметтік әрекетті істеуші, сонымен қатар осы бағыттағы барлық қоғам мен кластар, топтар және халық қауымының назарын ортаға қоймауы мүмкін. Мысалы: Шығыс утопиялық құл иеленушілік мемлекет. Экономикалық функцияларды орындауда, яғни Плотина каналдарын құруға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды.

Тапсырма 12. Жаңа құжат жасап, оны D:дискісіне Цивилизация деп сақтаңыз. Төмендегі тексті теріп, компьютерге енгізіңіз. Шрифт размері 14, жол аралығы 2, бірінші, үшінші, алтыншы сөйлемнің көшірмесін алып, жаңа жолға алмасу буферінен алып қойыңыз. Екінші, төртінші, бесінші сөйлемді көлденең, әрі жасыл түсті етіп жазыңыз, барлық сөйлемнің астын сызып жазыңыз.

Цивилизация мен демократияның дамуы мемлекеттің орта әлеуметтік орта әрекетіне үлкен кең жол ашты. Біздің уақытта орта әлеуметтік мемлекет функциялары өте атақты маңызды болып келеді. Рухани кеңістікте де мемлекеттің әрекетті кеңейіп келеді. Бүгінгі өте актуальды глобальды проблемалар адамдардың орта назарын, көңілін бөлетін, олар табиғатты және қоршаған ортаны қорғау халықаралық қылмыспен күресу, демократиялық проблемалар және т.б. Бұларды шешу үшін барлық мемлекеттің бірлескен үлесі керек. Ал бұл болса осыған сай функцияның дамуын қажет етеді, яғни дүние беті құқықтық тәртіппен және халықаралық экономикалық және т.б. қамтамасыз ету керек.




Зертханалық -тәжірибелік жұмыс №6


Мәтіндік редакторде кестелермен жұмыс істеу, формула енгізу. Диаграмма кұру.
Жұмыстың мақсаты: мәтіндік процессорде кестені құру амалдарымен танысу, бағана және жолдармен жұмыс істеу.

ТапсырмD:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:

1. Microsoft Word мәтіндік редакторында кесте құру.

2. Қосымша ұяшықтар, жолдар қосу.

3. Кестелердегі деректерді сұрыптау.
Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кесте құжаттық мәтіннің кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады.

Кестені алғаш рет даярлау үшін КестеКестені кірістіру командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын пайдалану керек. Кестені даярлау үшін төмендегі әрекеттер орындалады:


  • даярланатын кестенің сол жақ жоғары шетіне курсорды алып бару,

  • тышқан тетігімен аспаптар тақтасындағы Кестені енгізу батырмасын басып, экранға шыққан кішкене кесте көрінісіндегі керекті торлар ұяларын тышқанмен белгілей отырып, оның батырмасын жібермей ұстап тұру керек. Осы кесте көрінісінің көлденеңіне бағаналар саны, төменгі тік бөлігіне жолдар саны бейнелене бастайды. Мысалы, 3х4 өлшемді кесте қажет болсын.

Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жіберіңіз. Мәтіннің курсормен көрсетілген жерінде қажетті өлшемдегі кесте пайда болады. Ал егер кестені даярлау процесінде бағаналар енін өзіңіз тағайындаңыз келсе, онда КестеКестені кірістіру командасын пайдаланыңыз. Бұл команданы орындалу нәтижесінде Кестені кірістіру сұқбат терезесі ашылады да кестенің қажетті параметрелін өзіңіз тағайындай аласыз. Кесте даярланған соң сіз оған жолдар мен бағаналарды ұяшықтарды қосымша кірістіру немесе кейбірін жоя отырып оның құрылымын өзгерте аласыз.


Жолдарды немесе бағаналарды қосымша кірістіру келесі әрекеттердің орындалуын талап етеді:

  • жолды немесе бағананы таңдап алыңыз,

  • Кесте менюінен Жолдарды кірістіру немесе Бағаналарды кірістіру командасын таңдаңыз.

  • КестеЖолдарды кірістіру командасын таңдағанда жаңа жол ағымдағы жолдың жоғарғы жағына, ал оның төменгі жағындағы барлық жолдар төмен қарай жылжыйды.

Егер сізге кесте соңына жаңа жол кірістіру қажет болса, онда кестенің соңғы ұяшығына барып, Тав пернесін басыңыз.

Егерде сіз тақырыпты тікелей кестеде орналастырғыңыз келсе, онда бір жолдың бірнеше ұяшықтарын бір ұяшыққа біріктіру қажет болуы мүмкін.

Бір жолда қатар орналасқан бірнеше ұяшықты біріктіру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:


  • біріктірілген ұяшықтарды таңдап алыңыз.

  • КестеҰяшықтарды біріктіру командасын орындаңыз. Нәтижесінде таңдап алынған ұяшықтар біріктіріледі. Қажет болса ұяшық ішіндегі мәліметтерді бөлек форматтай аласыз.

Кесте Автоформат командасы кестені көркемдеудің алдын-ала анықталған стильдерін пайдалану кестеге кәсіби түр беруге қажетті уақыттты едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен ұяшықтарды жиектеу мен іштерін бояуды, шрифт түрі мен түсін, сондай-ақ ұяшықтардың мөлшерін беру жылдам тағайындауға болады. Кестені форматтау үшін курсор кесте ішіне орналасуы тиіс. Егер пайдаланылатын форматтағы көркемдеу элементтерінің бірсыпырасын қалдырып, ал кейбір элементтерін өзгерткізіңіз келсе, Пайдалану бөліміндегі сәйкес жалаушаларды алып тастаңыз. Соның нәтижесінде Үлгі бөлімі де өзгертулерге сәйкес форматта көрсетілетін болады. Төменде Кестені автоформаттау сұхбат терезесі кескінделген.

Тапсырма:

Тапсырма 1. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағанадағы тауарларды өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.





Тауар аты

Саны

Бағасы

Моделі

Түрі

Телевизор

35

35000

12545

қара

Магнитофон

12

12005

44545

сұр

Телефон

41

4500

11321

қызыл

Принтер

12

35200

4512

сұр

Стол

5

1221

45421

Сары

Тапсырма 2. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағанадағы тауарларды өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.




Билет номері

Маршрут бағыты

Авиалайнер моделі

Орны

Ұшу уақыты

12025

Қарғанды- Алматы

ТУ-154

126

қара

02121

Алматы-Қарағанды

ИЛ-120

101

сұр

15145

Қарағанды-Астана

Боинг

215

қызыл

12662

Астана-Қарағанды

Боинг

124

сұр

15145

Москва –Қарағанды

Боинг

214

Сары

Тапсырма 3. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағанадағы тауарларды кему ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.






Көрсеткіштер

1995

1996

Таза капитал

1995

1996

1.

Айналым активтері

1038

1165

1212

1512

2.

Ақша айналысы

88

160

5454

4154

3.

Құнды қағаздар

46

146

154

111

4.

Кредит

602

694

122

124

Тапсырма 4. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Екінші бағанадағы тауарларды өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.






Көрсеткіштер

2003

2004

Қарыз коэффициенті

Процентті жабу коэффициенті

2003

2004

2003

2004

1.

Құнды қағаздар

46

146

154

154

111

111

2.

Кредит

602

694

122

122

124

124

3.

Ақша айналысы

88

160

5454

5454

4154

4154

4.

Айналым активтері

1038

1165

1212

1212

1512

1512

Тапсырма 5. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағана мен бесінші бағананың орнын ауыстыр. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.




Тауар коды

Өлшем бірлігі

Саны

Бағасы

Тауар аты

12121

килограмм

51212

125

Грильяж

12423

дана

2122

25

Салфетки

13854

пачка

2226

125

Порошок

10451

пачка

410

45

Сода

Тапсырма 6. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағана мен бесінші бағананың орнын ауыстыр. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.




Тауар аты

Өлшем бірлігі

Номенклатуралық номері

Саны

Бағасы

Қант

Килограмм

1242

100

65

Ж/с ұн

Килограмм

2122

25

45

Тұз

Килограмм

2265

421

25

Рожки

Килограмм

2332

45

50

Кеспе

Килограмм

2151

42

45

Тапсырма 7. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағана мен үшінші бағананың орнын ауыстыр. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.




Өнім аты

Өлшем бірлігі



Саны

Бағасы

Алма

килограмм

1

121

125

Алмұрт

килограмм

2

465

130

Халва

килограмм

3

412

180

Құрма

килограмм

4

230

160

Қарбыз

килограмм

5

150

25

Тапсырма 8. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бесінші бағананы өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.




Тауар тобы

Жыл басындағы тауар қоры

Түскен тауар саны

Тауарды сату

Жыл соңындағы тауар қоры

1

4553

4521

4500

6512

2

1253

2121

2000

3241

3

4532

3112

2113

4542

4

4542

4121

3521

4454

5

7421

5454

1236

4844

Тапсырма 9. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бесінші бағананы өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.




Тауар тобы

Жыл басындағы тауар қоры

Түскен тауар саны

Тауарды сату

Жыл соңындағы тауар қоры

1

4553

4521

4500

6512

2

1253

2121

2000

3241

3

4532

3112

2113

4542

4

4542

4121

3521

4454

5

7421

5454

1236

4844

Тапсырма 10. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бесінші бағананы өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.






Көрсеткіштер

2003

2004

Қарыз коэффициенті

Процентті жабу коэффициенті

2003

2004

2003

2004

1.

Құнды қағаздар

254

522

4545

5656

2313

5656

2.

Айналым активтері

213

545

4654

4542

1521

1231

3.

Ақша айналысы

231

152

15121

1213

1213

4615

4.

Кредит

545

154

1512

6666

1512

1321

Тапсырма 11. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Алтыншы бағананың бірінші және екінші ұяшығын біріктір. Сол сияқты жетінші бағанамен жұмыс істе.






Тауар аты

Өлшем бірлігі

Бағасы

Қалдық

Саны бойынша қор нормасы

Бағасы бойынша қор нормасы

саны

суммасы







1.

Блокнот

Шт.

65

125

8125

2313

5656

2.

Тетрадь

Шт.

25

612

15300

1521

1231

3.

Қалам

шт.

35

124

4340

1213

4615

4.

Пенал

шт.

45

85

3825

1512

1321

Тапсырма 12. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағана мен үшінші бағананың орнын ауыстыр. Үшінші бағананы өсу бойынша сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.



Өнім аты

Өлшем бірлігі



Саны

Бағасы

Стол

дана

1

120

460

Орындық

дана

2

410

265

Шкаф

дана

3

230

421

Сейф

дана

4

412

1020

Кресло

дана

5

654

1255

Тапсырма 13. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бірінші бағана мен үшінші бағананың орнын ауыстыр. Үшінші бағананы өсу бойынша сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.





Өнім аты

Өлшем бірлігі



Саны

Бағасы

Принтер

дана

1

120

45000

Модем

дана

2

410

51205

Дискет

дана

3

230

125

Сканер

дана

4

412

42050

Монитор

дана

5

654

28000

Тапсырма 14. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бесінші бағананы өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.






Көрсеткіштер

2003

2004

Қарыз коэффициенті

Процентті жабу коэффициенті

2003

2004

2003

2004

1.

Вексель

542

512

4545

6562

2313

4542

2.

Акция

213

323

4654

4152

1521

1212

3.

Ваучер

495

412

15121

1225

1213

4540

4.

Кредит

536

545

1512

2121

1512

5135

Тапсырма 15. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бесінші бағананы өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.



Жыл


Орташа экспоненциаль

Болжау моделінің коэффициенті

Нақты мәні

Есептеу моделінің мәні

Ауытқуы

қателігі, %

Бірінші тәртіп

Екінші тәртіп

Бірінші тәртіп

Екінші тәртіп

2012

640,125

551,659

728,590

44,233

733

723,078

9,922

1,4

2013

679,416

594,245

764,588

42,586

758

772,823

14,823

2,0

2014

722,611

637,033

808,188

42,789

809

807,174

1,826

0,2

Тапсырма 16. Төменде берілген кестені Microsoft Word мәтіндік редакторында құр. Бесінші бағананы өсу ретімен сұрыпта. Кестені Автоформат көмегімен көркемде.


Жыл



Өңдеу болжамы

Болжам қателігі

Сенім интервалы

Абсолюттік мәнде

%

Төменгі шек

Үстіңгі шек

2010

1402,832

24,047

1,7

1378,785

1426,889

2011

1413,513

27,720

2,0

1385,793

1441,233

2012

1424,193

31,468

2,2

1392,726

1455,661

2013

1434,874

35,266

2.5

1399,608

1470,140

2014

1445,554

39,101

2,7

1406,454

1484,655


Зертханалық -тәжірибелік жұмыс №7

Microsoft Word –та Көп бағаналы құжат құру.


Жұмыстың мақсаты: мәтіндік процессорде көп бағаналы құжат құру жолдармен жұмыс істеу.

ТапсырмD:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:

1. Microsoft Word мәтіндік редакторында көп бағанамен жұмыс істеу.

2. Құжатты екі, үш және төрт бағанаға бөлу.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Бағаналарды жасау

Бағаналардағы текст бір бағанадан екінші бағанаға сол бетте беріледі.



  1. Режим разметки ге өтіңіз.

  2. Бағанаға бөлінетін тексті белгілеңіз.

Егер барлық құжатты белгілеу керек болса Правка менюіндегі Выделить все командасын орындаңыз. Егер құжаттың жартысы ғана қажет болса, қажет фрагментті белгілеу керек.

  1. Стандарты құралдар тақтасында батырмалар батырмасын басыңыз.

  2. Тышқанның көмегімен қажет бағаналар санын көрсетіңіз.

Бағаналар санын өзгерту

  1. Режим разметкиге өту.

  2. Бағана саны өзгерту қажет облысты белгілеңіз.

  3. Егер барлық құжатты белгілеу керек болса Правка менюіндегі Выделить все командасын орындаңыз. Егер құжаттың жартысы ғана қажет болса, қажет фрагментті белгілеу керек.

Бағаналарды өзгерту




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет