Реферат ы қызылорда, 2013 ж



жүктеу 202.45 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі202.45 Kb.
түріРеферат
: Docs
Docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
Docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
Docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
ӘОЖ: 636.085.13: 612.398.145:574.24 Қолжазба құқығында

Байзулдаева Гүлсім Опабекқызы


Экологиялық қолайсыз аймақ жануарларының жалпы протеолиздік белсенділік деңгейі және оны түзету жолдары

6М060800 – Экология мамандығы бойынша

жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қызылорда, 2013 ж.

Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалды.



Ғылыми жетекші:

биология ғылымдарының

кандидаты, аға оқытушы

Р.Х. Құрманбаев


























Ресми оппонент:

«Болашақ» Университеті, «Мұнай газ, техникалық және жаратылыстану пәндері» кафедрасының меңгерушісі

а/ш. ғ.к.,доцент  Н.Б. Мұханов















Қорғау 2013 жылы «7» маусымда сағат 09-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.




КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы: Диссертация 75 беттен тұрады. Диссертация : кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды және 85 пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі анықталып, ғылыми ақпараты баяндалды.

«Экологиялық қолайсыз факторларының әсерінен белоктар катаболизмі» атты бірінші тарауда қан құрамы мен белоктар құрлымына экологиялық қолайсыз факторлардың әсерінен болатын өзгерістер анықталды.

«Зерттеу материалдары мен әдістері» атты екінші тарауда қан көрсеткіштерін, қан плазмасында белоктың жалпы концентрациясын Биурет әдісі бойынша анықтадық. Сонымен қатар цеолит қоспасын қолдану тәсілдері, қоспаның құрамы мен маңызы сипатталды.

«Жануарлар организміне экологиялық қолайсыз факторлардың әсерінен қан жүйесінің физиологиялық параметрлерінің өзгерісін зерттеу» атты үшінші тарауда экологиялық қолайсыз аймақ жануарларының қан жүйесінің физиологиялық параметрлерінің өзгерістерін түзету жолдары қарастырылған

«Цеолит қоспасын пайдалану кезіндегі жануарлар организміне қан жүйесінің физиологиялық параметрлерінің өзгерістері» атты төртінші тарауда цеолит қоспасын пайдалану нәтижесінде ұлпалардың протеолиздік белсенділігі, жалпы белок мөлшері, эритроцит пен лейкоциттер саны, гемоглобин мөлшерінің жоғарылағаны анықталды.

Қосымшада зерттеу жұмысы барысында пайдаланылған материалдар мен фотосуреттер ұсынылды.

Зерттеу нысаны. Зерттеуіміздің басты нысаны экологиялық қолайсыз аймақ жануарлары және олардың жалпы протеолиздік белсенділік деңгейін түзету жолдары.

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде қоршаған ортаның интенсивті түрде ластануы организм мен оның мекен ету ортасының арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқтырады. Осындай жағдай біздің елімізге де қатысты, себебі табиғатқа жауапсыз қараудың салдарынан, көп жағдайда қоршаған ортаға анторпогендік әсердің нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарының экологиялық жағдайы санитарлық нормаға жауап бере алмайтындығын көрсетті. Оның барлығы қоршаған ортаның химиялық қосылыстармен ластануы салдарынан болады. Оларға ауыр металдар тұздары, радионуклидтер, пестицидтер, гербицидтер, мұнай және оның құрамындағы заттар, өндіріс және ауылшаруашылық қалдықтарын жатқызуға болады. Жоғарыда аталған улы заттар ағзаның әр түрлі мүшелерімен жүйелеріне улы әсерін тигізеді. Әдетте улы заттардың жеке әсері емес, бірлескен әсері көп орын алады. Қызылорда облысы территориясында көптеген жылдар бойы жүргізілген мониторинг кей жағдайда топырақтағы, судағы, аймақтағы өсімдіктер және жануар денесіндегі ауыр металдардың тұздары, гидразиннің әртүрлі туындылары сияқты токсиканттардың шектеулі концентрациядан біршама жоғары екенін көрсетті. Экологиялық дағдарыс аймағы жағдайларында жануарлар организмнің маңызды рөл атқаратын негізгі мүшелер жүйесінде патологиялық ауытқуларға дейін баратын функциональдық өзгерістер анықталған және экстремалды факторлар жануарлардың азюымен жоюлуына әсерін тигізуде. Осындай әсерлер кезіндегі анықталған өзгерістерді түзету мақсатта жануарлар организміне тағам қоспасы ретінде табиғи цеолиттерді пайдалану мүмкіндігін зерттеу қажет және қазіргі кезде аса қызығушылық туғызуда.

Арал аймағының экологиялық қолайсыз факторларының жануарлар организмдерінің ұлпаларындығы протеолиздік белсенділігіне, жалпы белок мөлшеріне, эритроцит пен лейкоциттер санына, гемоглобин мөлшеріне бірлескен кешенді әсерін және табиғи адсорбенттер көмегімен айқындалған өзгерістерді қалпына келтіру мүмкіндіктерін анықтау – экологиялық физиология ғылымының негізгі бағыты болып табылады.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың мақсаты – Арал аймағында экологиялық қолайсыз факторлардын жануарлар организмінің қан жүйесіне әсерін зерттеу, сипат беру және табиғи адсорбенттер (цеолиттер) көмегімен айқындалған өзгерістерді қалпына келтіру мүмкіндіктерін анықтау оларды түзету жолы ретінде ұсыну.

Жұмыстың мақсатына байланысты қойылатын міндеттер:


  1. Жануарлар организміне экологиялық қолайсыз факторлардын әсерінен

қан жүйесінің физиологиялық параметрлерінін өзгерісін зерттеу (ұлпалардын протеолиздік белсенділігі, жалпы белок мөлшері, эритроцит мен лейкоциттер саны, гемоглобин мөлшері ).

2. Айқындалған өзгерістерді қалпына келтіру мүмкіндігі ретінде табиғи адсорбент – цеолит көмегімен физиологиялық көрсеткіштерді қалпына келтіру.



Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Жануарлар организміне (үй қояны) экологиялық қолайсыз факторлардын әсерінен қан құрамының физиологиялық параметрлерінін өзгерістері зерттелді.

Анықталған өзгерістерді түзету мақсатында, жануарлар организміне тағам қоспасы ретінде табиғи цеолиттерді пайдалану мүмкіндігін зерттеп қан жүйесінін физиологиялық көрсеткіштерін түзету әдісі ретінде ұсынылды.

Диссертацияның теориялық және практикалық құндылығы.

Алынған мәліметтер экологиялық қолайсыз аймақ жануарларының жалпы протеолиздік белсенділік деңгейі, жалпы белок мөлшері, эритроцит пен лейкоциттер саны, гемоглобин мөлшері және оны түзету жолдары туралы түсінігімізді кеңейтеді.

Алынған материалдар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттеріне арналған лекциялар курсына енгізілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер.

1. Жануарлар организміне (үй қояны) экологиялық қолайсыз факторлардың әсерінен қан жүйесінің физиологиялық параметрлерінің өзгерісін зерттеу (ұлпалардын протеолиздік белсенділігі, жалпы белок мөлшері, эритроцит пен лейкоциттер саны, гемоглобин мөлшері ).

2. Айқындалған өзгерістерді қалпына келтіру мүмкіндігі ретінде табиғи адсорбент – цеолит көмегімен физиологиялық көрсеткіштерді түзету жолдарын ұсыну.

Негізгі бөлім

Организмде гомеостазды сақтауда ішкі және сыртқы клетка белоктарының, соның ішінде үлкен қызмет атқаратын, плазма белоктарының маңызы зор. Қан белоктарының саны шамамен 100-ге жетеді және олар саналуан қызмет атқарады. Ол қан ағысындағы суды ұстап, плазманың коллоидты-осмостық қысымын 2.5-3.0 м осм/л теңдікте ұстайды, организдегі су алмасуды реттейді, қан айналымы мен артерия қысымының қалыпты жұмыс істеуіне қолайлы тұтқырлықты сақтайды. Белоктардың барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым белоктар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі белоктар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

Сүтқоректілерің организміндегі белоктардың алмасуы олардың асқорыту жүйесінде асқазанға түскен асты қорыту кезеңінде басталады. Асқорыту протеазалары – пепсин, трипсин, химотрипсин әсерінен белок молекулаларының пептидтік байланыстарының басым көпшілігі гидролизденеді. Дипептидаза, карбоксиполипептидаза, аминополипептидаза ферменттері полипептидтерді бос аминқышқылына дейін ыдыратады, кейін тағамдағы белок аминқышқылдары организмге сіңеді де, ерекше белоктарды синтездеуге пайдаланылады. Бұл жағдайда плазмадағы протеиндердің негізгі синтезі бауырда жүреді (фибриноген - 100%, альбумин - 95%, глобулиндер - 85%). Ұлпадағы ресинтезге пайдаланылмаған аминқышқылдары одан әрі қарай метаболизмге ұшырайды.

Белоктарының құрамы мен құрылымын тірі клеткалардың өзі реттеп отырады, бірақ бұл механизмнің қалай жүретіндігі әлі де белгісіз. Белоктық ыдырату процесі сүтқоректілердің клеткаларындағы белок концентрациясының тұрақтылық жағдайы мен өзгеруінін анықтауда маңызы зор. Клеткадағы белоктың тотығу процесі механизмінің биологиялық және фармакологиялық үлкен маңызы бар. Оксидазалар ксенобиотиктердің метаболизміне жауапты болады да, бірқатар энзимдердің тотығу белсенділігін бәсеңдетеді. Оксидазалар жүйесінің аралас әсерінен болған тотығу, белоктарды протеолизге көбірек сезімтал етіп, кейін олардың деградациясының хабаршысы болады. Ферменттердің метоболиттік тотығу түйіні нейтрофилдердің бактериоцидтік әсерінен болуы мүмкін. Сондай-ақ аралас түрлердегі оксидазалардың белсенділігін индукциялайтын агенттердің ықпалынан кейін эндогендік белоктардың деградациясы күрт ұлғаятындығы анықталған. Кейінгі жылдары бос радикалдар мен тотықтырғыштар клетка ішілік энзимдер мен басқа да белоктарды айтарлықтай зақымдайтындығы дәлелденген. Төтенше жағдайларда бұл белоктардың тотығып, зақымдану салдарынан және улы пептидтер фрагменттерінің түзілуімен жүретіндігі байқалған.



Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% белок (нәруыз); 0,12% глюкоза; 0,7 0,ұ% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттер, гормондар бар. Плазмадағы белоктар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген белогі қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы «сарысу» -деп аталады. Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қаннын сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы). Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды калий, кальций, магний тұздары болады. Белоктар қан ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер болады.

Қан жүйесі және оның құрамындағы қызыл және ақ қан түйіршіктерінің ағзадағы алатын орны үлкен. Олар организмге түрлі инфекциядан қорғап, рН ортасын сақтап, газдарды, метаболизм өнімдерін, биологиялық белсенді заттарды тасымалдай отырып, организмде гомеостатикалық қызмет атқарады. Организмде әртүрлі физиологиялық қызметтерді атқара отырып, сыртқы және ішкі ортаның арасындағы байланыстырушы тізбек болып, қан әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен жүретін өзгерістерге өте сезімтал келеді. Организмнің күнделікті тіршілігі оның клеткаларында жүріп жататын көптеген биохимиялық реакцияларға негізделген. Осы реакциялар нәтижесінде өсімдіктерде, бір жағынан, тіршілікке қажетті химиялық қосылыстар – белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, витаминдер синтезделетін болса, екінші жағынан, онда ферменттер арқылы күрделі заттар ыдырап, өсімдіктің қоректенуіне, тозған клеткаларын жаңартуына, организмге қуат беруге жұмсалады. Бұл құбылыстарды метаболизм деп атайды. Осы реакциялардың бәрінде де белок катализаторлық қызмет атқарады. Қан құрамындағы ерекше белок – гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады.

Арал өңірінде жүргізілген зерттеулер түрғындардың қан көрсеткіштері мынадай көлемге дейін: эритроциттер - 3,02 млн/мкл; лейкоциттер - 3,0 мың/мкл; гемоглобин - 100 г/л төмендегенін көрсетті. Арал өңірі балаларын зерттеген жұмыстарда анемия, салыстырмалы лимфоцитозға айналатын лейкопения және лимфоаденоидты нейтропения анықталды. Қызылорда облысының Жалағаш ауданының тұрғындарында Арал өңірінің басқа аудандарымен салыстырғанда анемиядан 2 есе артық зардап шегетіндер есе жиі кездесетіні анықталды.

Лейкоцитоздың болмауы мен жиі лейкопения клеткалық иммунитет реакцияларының нашарлауына жанама әсері анықталды. Зерттелген кезде Арал өңірі тұрғындарының зерттеуге алынған 60 тұрғынының 36 - сында гемоглобин деңгейі 120г/л төмен, 41 -інде эритроциттер саны 3,9 млн/мкл аспады. Анемиямен ауыратын 36 науқастың ішінде 10 - ында гипохромды анемия анықталды. Лейкопения (3,58мың/мкл) және салыстырмалы лимфоцитоз байқалды. Жануарлар организміне токсиканттардың әсер ету механизмі бірдей, бұл қан құрамы ауытқуының ұқсастығынан көрінеді. Мәселен, Арал өңіріне 3 айға әкелінген егеуқұйрықтарда эритро және лейкопения тіркелді; оның үстіне алиментарлық фактор организмге қолайсыз әсер ететін факторлардың ішіндегі ең негізгісі екені белгілі болды.

Тәжірибелік жұмыста қорғасынның аз дозасы әсерінен гемоглобин мен эритроцит саны азаятыны анықталды. Қорғасын және кадмий иондарының әсерінен эритроциттер мөлшерінің азаюы, осы токсиканттардың белоктың SH-тобымен реакцияға түсуіне байланысты болады. Осыған ұқсас мәліметтер басқа да авторлардан алынды. Қорғасын мен хром әсері, сәулелендіру және гербицидтер әсерінен өзгерістер тіркелді. Қорғасын зауыты жұмысшыларының қанында қорғасын концентрациясы біршама көтерілген кезде де лейкоциттер, лимфоциттер саны өзгеріссіз қалды, бірақ моноцит, базофил және эозинофил саны өзгере алатын еді. Қорғасынның токсикалық әсері кезінде Т-лимфоцит стимуляциясы мен Т-хелпер/Т-супрессор қарым-қатынасы төмендеуі байқалып, эритроциттерде липидтердің асқын тотығу деңгейі жоғарылады.

Жануарлар организміне экологиялық қолайсыз факторлардың әсерінен қан жүйесінің физиологиялық параметрлерінін өзгерісін зерттеп, оны түзету мақсатында микро поралы құрылымдағы сорбент - цеолит қолданылды. Цеолиттің сіңіру, катион алмасу, дегидратация-регидратация және катализденуі өте тиімді екені байқалды. Содан бері табиғи цеолиттер қағаз өндірісінде және цемент құрамында қосымша ретінде пайдаланып келеді. Олар цезий (Сs) ионын жұтқыш, ядролық қалдықтарды ыдыратушы ретінде, өндірістік, ауыл шаруашылығы су көздерін тазалауға, күн батареяларындағы энерго алмастырғыш ретінде, ауыл шаруашылығында жер қабатын құнарландыруға, көңдегі аммиак жұтқыш ретінде пайдаланылды. Соңғы жылдарда ас қорыту жүйесі арқылы ағзаға түсетін зиянды заттардың токсикологиялық әсерін табиғи катион алмастырғыш – цеолиттер арқылы азайтуға болатыны байқалып жүр.

Цеолиттер түссіз, ақ, жасыл, қызғылт, қоңыр түсті болып келеді. Цеолиттер негіз құрамды эффузиялардың суынуынан пайда болған қуыстарда, гидротермалдық процестердің ақырында қалыптасқан түзілімдерде, экзогендік жағдайда алюмосиликаттар мен табиғи шынының өзгеруінен жаралады. Жасанды жолмен алынған цеолиттердің таңдап адсорбциялау қасиеті болады. Цеолиттерден жоғары сапалы сорбенттер жасалады. Цеолиттер табиғатта кең таралған. Табиғи цеолиттерді суды тазартуға қолданады. Жануарладың азығына цеолитті қосу арқылы олардың ас қорыту жүйесін, қан құрамын жақсартуға, салмақ қосуға болады. Қойлардың тағамына цеолит қосқанда зат алмасуына көп әсер етпеді, бірақ жүннің физиологиялық көрсеткіші мен жүнінің қырқуында жақсы әсер берді. Сиыр азығында цеолит А тұзын қосқанда азық тез сіңіріледі, сүт майлылығы көбейді, сүт құрамында ақуыз бен кальций көбейді. Көртышқанды цеолитпен азықтандыру олардың өсуіне дамуына перифериялық қан көрсеткішіне, кейбір ферментердің белсенділігіне кері әсерін тигізбейтіндігі байқалды. Балапандарға жасалған зерттеулер афлотоксин әсеріне ұшырағанда гемотокриз көлемінің гемоглобин көрсеткішінің, жалпы ақуыз құрамы, альбумин, бейорганикалық фосфаттың жалпы холестиринді, тромбоцитер санының азаюы және лейкоциттер санының көбеюі байқалды. Цеолитті қолданғанда бұл көрсеткіштердің барлығы өзгерді. Клиноптинолитті (цеолит) құс фабрикасында қосымша тағам ретінде қолдану жұмыртқа салғыштықты, жұмыртқа қабығының қалындауын, ас қорытудың жақсаруын арттырады, мұнда басты рольді цеолиттегі аллюминий мен кремний ионының сіңірілуі алады.
Қоянының физиологиялық көрсеткіштері

Дене температурасы


38,5-39,5 °С



Тыныс алу жиілігі                           

20-50 / мин

Пульс   

50-300 уд./мин

Жыныстық жетілуі

4-5 ай

Жүктілік ұзақтығы

28-36 күн

Көжектер саны

5-8

Өмір сүру ұзақтығы

5-7 жыл.

Қан құрамының көрсеткіші:




гематокрит 

35-45%

гемоглобин   

10-15 г/дл

эритроциттер  

4-7 *106 /мм3

лейкоциттер

8-10 * 103 /мм3

Лейкограмма:




лимфоциттер 

40-70%

моноциттер

5-9%

нейтрофилдер

38-54%

эозинофилдер 

0,5-3,5%

базофилдер 

3-6%

билирубин

0,30 мг/дл

глюкоза 

130 мг/дл

креатинин

1,6 мг/д

Бақылаудағы үй қояндарына бір ай бойы цеолит қоспасын қабылдаған кездегі қанындағы плазманың жалпы протеолиздік белсенділігінің деңгейі жоғарылағандығы анықталды (1- суретке сәйкес).



мкгГли/гхсағ

-бақылау -цеолит


1 сурет - үй қояндарының қанындағы плазманың жалпы протеолиздік белсенділігінің деңгейі
Бақылаудағы үй қояндарының бауыр гомогенаттарының жалпы протеолиздік белсенділігінің деңгейі 1584 мкгГли/г×сағ қа тең болды. Бір ай бойы цеолит қоспасын қолданғанда бауыр гомогенаттарының жалпы протеолиздік белсенділігінің деңгейі 7,2%-ға жоғарылағанына зерттеу барысында көз жеткіздік ( 2- суретке сәйкес )

мкгГли/гхсағ


-бақылау -цеолит

2 сурет - үй қояндарының бауыр гомогенаттарының жалпы протеолиздік белсенділігінің деңгейі (мкгГли/гхсағ)
Қанды 1000 g центрифугада 10 мин айналдырғаннан кейін плазманы бөліп алып, ақ қан клеткаларынан тазарттық. Эритроциттерді екі рет құрамы 150 мМ NaCl, 5 мМ Na2HPO4 (рН-7,4) тұратын буферлі ерітіндімен жудық. Биурет әдісі бойынша қан плазмасында белоктың жалпы концентрациясын анықтадық.

Қан құрамындағы эритроцит және лейцкоцит санын анықтау

а) дайын жануардың аксолатты қанына Потен араластырғышының 0,5 белгісіне дейін қан сорып алып, оның үстіне «101» белгісіне дейін 2 % ас тұзы ерітіндісін сорып алып араластырылады. Сонда қан 200 есе сұйықталады. Горяев камерасына жабын шыныны қатты жабыстырады да камераның жиігінен Потен араластырғышындағы сұйытылған қанды жібереді.Горяев камерасын микроскоп астына қойып камерадағы 80 кіші шаршыдағы ( 5 үлкен шаршы) эритроциттер саны саналады: X = пx 1000 x 200/80; X = 1 мм куб эритроцит саны п = 80 кіші шаршыдағы анықталған (саналған) эритроцит саны.

б) Лейкоцит санын табу үшін араластырғыштың «0,5» белгісіне дейін қанды сорып алып, оны «11» белгісіне дейін еріткішпен сұйытады,үштен бірін мақтаға сорғызып алып, қалғанын Горяев камерасына жіберіп, микроскоп арқылы 25 үлкен шаршыдағы лейкоциттер санын (п) анықтайды.Табылған сан 200 көбейтіледі.Бір шаршы мм қандағы лейкоцит саны 200п.

Бірінші деңгейде қандағы гемоглобин концентраиясының анализі алынды (n=5), эритроциттер (Er), лейкоциттер (Z), лейкоформуласы және толық ақуыз концентрациясы, қан плазмасындағы ақуыз фракциясы зерттелді.

Екінші деңгейде 0,5гр/кг салмақтағы жануарлар тағамына қосылған табиғи сорбент цеолиттің әсері (n=5) зерттелді (1 ай). клетка мен ақуыз құрамы және қандағы гемоглобин мөлшері зерттелді. Анализге азанғы аш қарынға jugular тамырдан қан алынды. Гемотология көрсеткіші: эритроциттер, лейкоциттер саны және лейкоцит формуласы стандартты лабораториялық жұмыс барысында анықталды. Қандағы гемоглобин мөлшері ацетонциангидритті реактивті пайдалана отырып анықталды.

Цеолиттер сонымен қатар кейбір дәрілік препараттың қандағы ұзақ сақталуын қамтасыз етеді. Мысалы, ішектердегі кейбір антигельминттік препараттардың жай шығарылуын қан жүйесіне тез араласуын қамтамасыз етеді.

Цеолиттерді силикатты модульдің х өлшеміне байланысты келесі құрылымдық типтерге бөледі:



  1.      Цеолит  түрі                   х

  2.      Цеолит  А                      1,8 – 2,0

  3.      Цеолит  Х                      2,3 – 3,0

  4.      Цеолит  Ү                      3,0 – 6,0

  5.      Эрионит (цеолит Т)     6,0 – 7,0

  6.      Морденит                     8,3 – 10,7

  7.      Цеолит  L                      10,0 – 35,5

Жануарлардың жеміне цеолитті қоспа ретінде пайдалану арқылы гемоглобин мен эритроциттер 7,5% және 12,2% көбейді, ал қорегі сорбентсыз қояндарда гемоглобин 97,4 гр/л және эритроциттер саны 4,7 *10/12/л сәйкес болды. (3,4 суреттер )



г/л

1-бақылау (қоспасыз) 2-цеолит қоспасымен



3 сурет - гемоглобин көрсеткіші (г/л)


а10*12/л

1-бақылау (қоспасыз) 2-цеолит қоспасымен



4 сурет - эритроциттер көрсеткіші


ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, жүргізілген зерттеулер негізінде төмендегідей түйіндер жасауға болады:

1. Жануарлар организміне кешенді түрде әсер ететін экологиялық қолайсыз факторлар үй қояндарында эритропения мен лейкопения туғызады және қандағы гемоглобин көрсеткішін төмендетеді.

2. Қояндардың қан плазмасындағы жалпы белок құрамы, альбумин және глобулиндер саны төмен болғаны анықталды.

3. Табиғи сорбент цеолитті қоспа ретінде пайдалану, жануарлар организмінің қан жүйесінің физиологиялық параметрлерінің, яғни ұлпалардың протеолиздік белсенділігің, жалпы белок мөлшерін, эритроцит пен лейкоциттер санын, гемоглобин мөлшерін арттырады. Арал аймағындағы жануарларда қан көрсеткіштерін түзету барысында табиғи сорбент цеолитті пайдалану - тиімді, қауіпсіз, кол жетімді тәсіл болып табылатынына көз жеткіздік. Жүргізілген тәжірибелердің қорытындыларына сүйеніп, Қазақстандағы көптеген экологиялық апат аймақтарында, жануарлар организміне сыртқы ортадан (сумен, қорегімен) түскен токсиканттарды шығару механизмі ретінде және қан құрамының физиологиялық көрсеткіштерін түзету әдісі ретінде цеолит қоспасын ұсынуға болады.

4. Диссертациялық жұмысқа қойылған мақсаттар мен міндеттер толығымен орындалды. Жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып жануарлар организмінде экстремальды факторлар әсерінен туындаған ұлпалардың протеолиздік ферменттер белсенділігінің, қан көрсеткіштерінің, жалпы организмнің тұрақтылығын көтеру мақсатында цеолит қоспасын жеке зерттеулерде пайдалануға болады. Алынған нәтижелерді сонымен бірге биологиялық және медициналық жоғарғы оқу орындарында физиология, экология және валеология лекциялар курсына енгізуге болады.


Диссертация бойынша жарияланған еңбектер тізімі

Жұмыстың негізгі мазмұны мен қортындылары республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріді.

1. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығына НДМА-ның бір мәртелік және созылмалы әсері.// Профессор Н.Г.Асановтың 70-жылдығына арналған «Жануарлардың аса қауіпті, сирек ұшырайтын және зооантропонозды ауруларына қарсы күрестің қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары –2 том.-Изд-во КазНаУ.-Алматы,-2012.-с.77-81.

А.Баймбетова,У.Н.Капышева, Ш.К. Бахтияровамен бірге

2. Протеолитическая активность тканей, клеточный и белковый состав крови у животных при действии экологически неблагоприятных факторов.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Р.Х. Құрманбаевпен бірге



РЕЗЮМЕ

На автореферат диссертации на соискание академической степени магистра естественных наук по специальности-6М060800-Экология
БАЙЗУЛДАЕВА ГУЛСИМ ОПАБЕКОВНА

Уровень общей протеолитической активности у животных обитающих в неблагоприятных экологических условиях и пути их коррекций
Актуальность настоящего исследования. В настоящее время интенсивное загрязнение окружающей среды приводит к дисбалансу между организмами и природой. Безжалостное отношение к природе, а также влияние антропогенных факторов на окружающую среду в некоторых регионах Казахстана не соответствуют санитарным нормам. Это есть последствия загрязнения окружающей среды химическими соединениями. В виде солей тяжелых металлов, радионуклидов, пестицидов, гербицидов, нефти и компонентов нефтепродуктов, а также промышленных отходов. Выше названные ядовитые вещества пагубно влияют на различные органы живых организмов. Зачастую ядовитые вещества влияют комплексно. В мониторинговых исследованиях почвы, воды, растительного и животного мира по Кызылординской области были выявлены превышение концентрации солей тяжелых металлов, токсических веществ, а также производных гидрозина. В экологических кризисных зонах в системе организмов животных важную роль играют патологические отклонения приводящие к функциональным изменениям в организме животных, которые усугубляются экстремальными факторами окружающей среды, что приводит к уменьшению численности животных. Подобные функциональные изменения привели нас к цели коррекции организмов животных с помощью природных цеолитов, что вызывает огромный интерес в данное время.

Цели и задачи диссертационного исследования. Основной целью работы является улучшение качества физиологических показателей крови животных и пути их коррекции с помощью природных сорбентов (цеолит). Одним из направлений экологической физиологии является восстановление протеолитической активности клеток животных экологической неблагоприятных регионов с помощью природных адсорбентов.

Объект исследования. Пути восстановления протеолитической активности и показателей крови у животных экологической кризисной зоны.

Научная новизна.

В ходе проведенных экпериментальных исследований получены следующие выводы:

1. При комплексном действии на организм животных экологически неблагоприятных условий, наблюдается эритро- и лейкопения в сопровождении с понижением уровня гемоглобина.

2. Выявлено пониженное содержание общего белка, альбумина и глобулина в плазме крови у кроликов.

3. Использование природного сорбента-цеолита, в качестве кормовой добавки приводит к улучшению физиологических параметров крови, а также к увеличению протеолитической активности тканей. В работе показано, что использование природного сорбента-цеолита в качестве кормовой добавки, является эффективным, доступным и безопасным методом очищения организма и коррекции в экологически неблагоприятных регионах.

Прикладное содержание диссертационной работы.Результаты полученных исследований могут быть использованы в качестве вспомогательного материала для формирования экологических понятий у студентов биологической специальности. Полученные материалы внедрены в курс предмета «Физиология человека и животных» кафедры «Биология и география» КГУ имени Коркыт Ата.

Результаты и одобрение работы к защите. Разработанную структурно-содержательную модель и предлагаемую методику формирования экологических понятий можно использовать в высших учебных заведениях при изучении курса «Физиология человека и животных» и в курсах повышения квалификации учителей. Результаты исследований были опубликованы международной научно-практической конференции посвященная 70-летию профессора Н.Г. Асанова

SUMMARY

On the author's thesis for the academic degree Master of Science in specialty 6M060800-Ecology

BAIZULDAEVA GULSIM OPABEKOVNA
Level of general proteolitic activity for the animals of dwellings in unfavorable ecological terms and way of their corrections

Currently, intensive environmental pollution causes an imbalance between organisms and the environment. Ruthless attitude to nature, as well as the impact of human activities on the environment in some regions of Kazakhstan did not meet sanitary standards.



It is the consequences of environmental pollution, chemical compounds. In the form of salts of heavy metals, radionuclides, pesticides, herbicides, oil and neftiproduktov components, as well as industrial waste. Above mentioned toxic substances adversely affect various organs of living organisms.

Toxic substances are often affected in a comprehensive manner. In monitoring studies of soil, water, flora and fauna of Kyzylorda oblast were detected the excess concentration of salts of heavy metals, toxic substances, as well as derivatives of gidrozina.

The object of the study. The ecological crisis zones in the system are important animal pathological deviations lead to functional changes in an organism of animals, which were aggravated by the extreme environmental factors, resulting in a reduced number of animals.

The methods of research. Such functional changes have led us to the purpose of correction of wildlife with the help of natural zeolites, that is of great interest at this time. One of the directions of environmental physiology is the restoration of the proteolytic activity of animal cells using environmental unfavorable regions of natural adsorbents.

Scientific novelty.

In the course of experimental research, the following conclusions were obtained:

  1. An integrated animal organism activity environmentally unfavorable conditions, eritro-and lakopenia, accompanied by a drop in hemoglobin.

2. Have reduced total protein, albumin and globulin in the blood plasma in rabbits.

3. using natural zeolite-sorbent as feed additive leads to improvement of physiological parameters of blood, as well as to increase the tissue proteolytic activity. It is shown that the use of natural zeolite-sorbent as feed additive that is effective, affordable, and secure method of cleansing the body and correction in ecologically unfavorable regions.

Applied maintenance of dissertation work.

The results of research can be used as supporting material for the formation of ecological concepts in students majoring in biology. These materials are introduced in the course of human and animal physiology "at the Department of biology and geography," KSU name Korkyt ATA.



Results and approval of work to defence.

Developed by the structural and content model and proposed methodology of environmental concepts can be used in institutions of higher learning in the course of human and animal physiology and in refresher courses for teachers.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет