Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Есімше, көсемше, тұйық етістік



жүктеу 68.83 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі68.83 Kb.
түріРеферат
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары

Есімше, көсемше, тұйық етістік

Оқулықтар мен кейбір зерттеулерде етістікке байланысты жаңсақ баяндалып жүрген грамматикалық тұлға – есімше, көсемше және тұйық етістіктердің жеке-жеке грамматикалық категория деп берілуі. Бұлар етістіктің грамматикалық категориясы бола алмайды, етістіктің ерекше тұлғалық түрі болып табылады, басқа грамматикалық категориялар (рай, шақ) жасауға тұлға бола алады, өйткені есімше мен көсемше тек етістіктұлғаларымен түрленіп қоймайды, басқа сөз таптарынша түрленіп, қызмет атқарады, ал тұйық етістік болса, етістікше тіпті түрленбейді. Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағынаны білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категорияның (шақ) бір көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады.



Жіктік категориясы

Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау 3 жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық мағынаны білдіріп, екінші жағынан, әр жақты (жекеше-көпше де) әртүрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің, яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық категория болып табылады.

Жақ ұғымы, қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы іске асатынын немесе белгілі қасиеттің қай жаққа қатысты екенін я қасиеттің иесі қай жақ болып тұрғанын білдіру болып табылады. Жақ ұғымының морфологиялық сипатын ескермеуге болмайды, өйткені жіктік жалғау – үш жақта (және жекеше-көпше болып), әрқайсысына (сол жаққа) тән арнайы грамматикалық тұлғалары бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады.

Жеке сөздің, зат атауының 3-жақты білдіруі бар да, 3-жақ жалғауда тұруы бар, ол екеуі – екі бөлек нәрсе. Мысалы, кез келген зат есім грамматикалық мағынасы жағынан 3-жақты білдіреді, сондықтан бұл сөздердің орнына ол деген 3-жақ жіктік есімдігін қолдануға болады, ал баяндауыш қызметінде мынау – тау, ол – адам, т.б. қолданыста бұлар жіктік жалғауының 3-жақ тұлғасында жұмсалған.

Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, ерекшеліктері мынадай: 1. етістік түбір тұлғада тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлғада жіктеледі: және 1, 2-жақта тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. 2. етістіктің жіктелген тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады.

Есімдер

1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген, -атын, -мақ), қалып етістіктері, -уға, -уде тұлғалы тұйық етістік

І жаз –мын

ІІ -сың, -сіз

ІІІ 0


2) Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п)

І -мін


ІІ -сің

ІІІ –ды, -ді



3) Етістіктің шартты райы және жедел өткен шақ

І –м, -қ, -к

ІІ –ң, -ңдар

ІІІ 0


4) Етістіктің бұйрық рай тұлғасы

І –айын, -ейін, -айық, -ейік

ІІ Сен бар 0

ІІІ –сын, -сін



5) Қалау рай -у тұлғалы тұйық етістік

І –м, -мыз Менің баруым керек.

ІІ –ғы+ -ң келеді, -ғыларың

ІІІ барғысы келеді


Османова А.Ә. Синонимдес етістіктердің семантикалық- стилистикалық қызметі. Алматы, 1991

Қазақ тіл білімінде етістіктің лексика-семантикалық топтары жайында пікір айтқан Н.Т.Сауранбаев, И.Е.Маманов, А.Қалыбаева, А.С.Аманжолов, Н.Оралбаева, Ә.Болғанбаев, М.Оразов, А.Ысқақов, т.б. авторлар бар.

Сауранбаев көмекші етістіктерді 1) нағыз көмекшілер, 2) шала көмекшілер деп бөліп, екеуін амалдық түріне қарай 6 топқа жіктейді.

И.Е.Маманов 8 топқа бөледі:

1) іс-әрекеттер, қимылды білдіретін етістіктер: жазу, сызу, көтеру, тазалау, шашу, т.б.

2) қозғалыс, қимылын: еңбектеу, домалау, қозғалу

3) қалып-күй процесін: тынығу, жүдеу, арықтау, жабығу

4) көңіл-күйін: қайғыру, қуану, күлу, жылау, ашулану

5) сапалық белгілердің өзгеру процесін: ұзару, ағару, азаю, қалыңдау

6) еліктеу, бейнелеу: жымыңдау, гүрсілдеу

7) туу, өсу: балалау, боталау, қоздау

8) субъективтік реңді етістіктер: азсыну, көпсіну, кісімсу

А.Хасенова: 1) объектісімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер: іш, же, майла, боя, ұр, соқ; 2) субъекті қозғалысын, беталысын, бағытын білдіретін етістіктер: кел, кет, түс, шық, ұш, жинал, тара; 3) субъектінің қалып сапалық өзгеру процесімен байланысты: ұйықта, оян, азай, көбей, ұзар, қысқар, ауыр, бат; 4) бейнелеу: адырай, бақырай, маңыра; 5) ішкі объектілі салт етістіктер: қозда, бұзаула, гүлде, жапырақта; 6) көмекші етістіктер. Соңғы топқа –е, еді, екен, емес, де, деп, дейтін, шығар, т.б. күрделі компоненттерде қосалқылық қызмет атқаратын сыңарларын жатқызуға болады дей келіп, әрбір топты тағы да іштей субъекті іс-әрекеттердің объектіге қатысына, беталыс, бағытына, бет-бейне, түр-түсіне қарай бірнеше топқа жіктеген. Негізгі меже етіліп, дара сөздерге тән мағыналық мәні алынған.

А.С.Аманжолов «Көне түркі ескерткіштерінің тілдегі меңгеру етістіктері» деген еңбегінде етістіктерді: 1) объектіге әрекет ететін етістіктер; 2) сөйлеу етістіктері; 3) кеңістіктегі заттардың қозғалыс процесіне динамикалық түрде әсер ететін етістіктер; 4) өнімді әрекет етістіктер; 5) ойлау, сезіну және түйсіну етістіктері.

Н.Оралбаева: 1) кеңістікте қозғалуды білдіретін етістіктер; 2) кеңістіктегі орын өзгертуді білдіретін етістіктер; 3) адамның, заттың қалпын білдіретін етістіктер; 4) объектіге қатысты пассив қимылды білдіретін етістіктер; 5) объектіге қатысты пассив қимылды білдіретін етістіктер; 6) қимылдың белгілі бір сатысын білдіретін етістіктер – деп құрамын қарастырған (етістіктің аналитикалық форманттары).

М.Оразов 12 топқа бөледі:

1) амал-әрекет

2)қозғалу

3) қарым-қатынас

4) қалып-сапа

5) сөйлеу

6) сезіну

7) ойлау

8) көңіл-күй

9) өсіп-өну

10) дыбыс-сес

11) табиғат құбылыстарына байланысты

12) субъектив реңді білдіретін етістіктер.

Ермекова ҚҚТ- гі есім баяндауыштар. Алматы, 1994 – Автореферат

_________________________________________________________

Ерназарова З.Ш. Қазақ тіліндегі көсемше оралымды сөйлемдердің семантика-грамматикалық аспектісі. Алматы, 1993 – Автореферат

___________________________________________________________

Ә.Төлеуов. Сөз таптары. Алматы, 1982

___________________________________________________________

Екі сөз табына ортақомоаффикс –ыс: соғыс, табыс (зат есім)

Ортақ етіс болатын – соғыс, табыс, егеу зат есім



Зат есім оқулық, сұраулық Етістік

-лық Сын есім – қалалық



Қалау рай жасалады – баралық, оқылық

Зат есім – қойма

- ма – омоаффикс Сын есім – қынама

Болымсыз етістік - барма

Сұраулық шылау

Есімше – есімнің де, етістіктің де қасиеті бар аралас категория. Мысалы: Жарқыраған күн шықты.

Есімшелі тіркестегі анықтауыштардың орны қалыптасып, тұрақталған (қиылған қас, сорайған бой, құлшынған жас) түрлері сын есім сияқты болса, қабаған, сүзеген, тебеген, қашаған, жүреген, кетеген, көреген сөздерінің тұлғалануы өткен шақтық есімшемен бірдей болғанымен, бұлардың қазіргі қалыптасуы – қатыстық мәнді сын есім. Сондай-ақ тұлғалас келетін сын есім мен есімшенің бір-бірінен ерекшеліктері де бар. Мәселен, есімше болса –ған жұрнағынан бұрын болымсыз –ма жалғанады (оқымаған, айтпаған), сын есім болса (тебемеген, сүземеген) жалғанбайды, екіншіден, есімшенің өткен шағын тудыратын –ған етістікке турадан тура жалғанатын болса (алған, көрген), туынды сын есім жасайтын –ған етістіктің түбіріне әуелі –а, -е қосымшасын жалғап, оның үстіне –ған қосылу арқылы (а-ған, -е ген) күрделенеді: қашаған, тебеген.

Есімшеде шақ болады – етістікке тәндігі, түрленуі – есім сөздерге тәндігі.

_______________________________________________________________

Көсемшелік тұлғалар бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде жұмсалады. Мысалы: Асықпай оқыды.

Етістіктегі қимылдың белгісін, сапасын сипаттайтын көсемше етістік түбірлі сөзге жұрнақ қосылу арқылы 3 түрлі жасалады: үнемді, үнемсіз, мақсаттық көсемше.

Үнемді көсемше – етістіктің бастапқы түбірімен етіс түріне –п, -ып, -іп жұрнағы қосылу арқылы жасалады: айт – айтып, сөйле – сөйлеп.

Секретарь ойланып-ойланып сөз шешімін бір-ақ айтып салды.

Ұялып келмеу, оянып жылау.

Ерте тұрып, беті-қолын жуып, тамағын ішіп, сабағына кетті.

Үнемді көсемшеге сөйлем тиянақталмайды, тиянақты аяқталу үшін көмекші етістік не үнемді көсемшенің өзі жіктеліп келуі керек.

Ол күліп сөйлеп отыр.

Үнемсіз көсемше – етістіктің түбіріне –а, -е, -й қосымшалар қосылу арқылы үнемсіз көсемше жасалады.: жаза, қаза, келе, тарай, сөйлей, т.б. Сондай-ақ осындай тұлғалы қарай, тарта, бола, айнала, т.б. тұрған орнына қарай үстеу мен сөздер тобына жатады.

Мақсатты көсемше: етістікке –ғалы (-гелі, -қалы) қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Мақсатты көсемшелі сөз істің келешекте болатынын көрсетеді. Мен оқығалы келдім.

Негізгі қимыл-амалды айқындап, оның мақсатын, сын-сипатын, белгісін, себебін білдіретін, жекеше, көпше болып бөлінбейтін, жеке тұрғанда шақ белгісі ашық сезілмейтін етістік түрі – көсемше.

Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады деген қате пікір бар (А.Ысқақов). Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана салуы керек.



Тарихи тұрғыдан қалып етістіктері отыр сөзі он тұрұр дегеннен, тұр сөзі тұрұр, жүр жүрүр, жатыр жатұрұр дегеннен қалыптасқан. –ұр, -үр қосымшасы түбірге жалғанып, оған процессуалдық-шақтық үстеп, бара-бара дыбыстық өзгерістерге түсіп, түбірге сіңісіп кеткен де, грамматикалық мағынасы (процессуалдық-шақтық) және грамматикалық сипаты (жіктелуі және түбір болып есептеліп, 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен әрі 3-жақ тұлғасымен сырттай сәйкес келуі) сақталып қалу нәтижесінде осындай ерекшеліктерге ие.

Тілімізде етістік түбірлер тікелей жіктелмейді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет