Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Нұр Отан партиясы



жүктеу 58.03 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі58.03 Kb.
түріРеферат
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары

Нұр Отан партиясы

Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткенпарламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.

Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.

«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында Шымкент , Астана және Алматы қалаларында бар.

Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.

2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды


Нұр Отан партиясының қаржыландыру жолдары
1. Партияның қаражаты мыналардан қалыптасады:

  • кіру және мүшелік партия жарналары;

  • Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтары. Бұл қайырмалдықтар құжаттамалық түрде расталып, олардың пайда болу көзі көрсетілген жағдайда мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;

  • кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;

  • бюджет қаражаты.

Мыналардан қайырмалдықтар қабылдауға жол берілмейді:



  • шет мемлекеттерден, шетелдік заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан;

  • шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан;

  • шетел қатысатын заңды тұлғалардан;

  • мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардан;

  • діни бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдарынан;

  • иесі белгісіз қайырмалдық жасаушыдан;

  • халықаралық немесе шетелдік үкіметтік емес ұйымдардан гранттар және өзге де қаражат алатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдардан.

Партия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарғыда көзделген қызметті материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті мүлікті, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынатын объектілерді қоспағанда, өз қаражаты есебінен құрылған ұйымдарды меншіктене алады.

Партия филиалдары партияға тиесілі мүлікті қолдануға құқылы және олардың басшылары олардың сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Партия қаржысының, мүлкі мен оның филиалдарының меншік иесі партия.

Партияның қаражаты және басқа да мүлкі партия мүшелерінің арасында

үлестірілмейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес шығындалып, жұмсалады.

Партия мүшелері партияның міндеттемелері бойынша, сол сияқты партия өз

мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Партия мүшелерінің партия мүлкіне иелік етуге құқықтары жоқ.
2. Партия мүшелері партиялық жарналарды ай сайын мынадай мөлшерде

төлейді:



  • еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін азаматтар – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 1% және партия мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары;

  • студенттер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 0,1% және партия мүшесінің өз қалауы бойынша одан да жоғары.

  • Зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтіндер, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар мүшелік партиялық жарналарды төлеуден босатылады.

  • Партиялық кіру жарнасы бір рет төленеді және мүшелік партиялық жарналардың ай сайынғы мөлшеріне теңестіріледі.

  • Студенттер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары, сондай-ақ зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтіндер, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар партиялық кіру жарналарын төлеуден босатылады.

Кіру және мүшелік партиялық жарналарды төлеу және есепке алу партиялық

жарналарды төлеу және есепке алу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Алып тасталды.

4. Ақшалай қаражаттың келіп түсуін, оларды және партияның өзге де мүлкін

пайдалануды бақылау-тексеру комиссиялары белгіленген тәртіппен тексереді. Тексерістердің нәтижелері қажет болған жағдайда партия органдарының қарауына енгізіледі. Партия қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Алып тасталды.

6. Аумақтық филиалдар ай сайын тиісті аймақтық филиалға бюджеттің

(шығыстар сметасының) орындалуы туралы есеп береді. Аймақтық партия филиалдары тоқсан сайын Партия орталық аппаратына бюджеттің (шығыстар сметасының) орындалуы туралы шоғырландырылған есептемені

береді. Аймақтық партия филиалдары жыл сайын Партия орталық аппаратына шоғырландырылған жылдық қаржылық есептемені және бюджеттің (шығыстар сметасының) орындалуы туралы шоғырландырылған есептемені береді. Есеп берулердің формалары және оларды беру мерзімдері партия Төрағасының Бірінші орынбасары бекітетін партия бюджеті туралы ережеде айқындалады. Партия Саяси кеңесінің Бюросы партияның жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есептемесін, сондай-ақ партияның қатысуымен құрылған немесе партия құрған ұйымдардың жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есептемесін бекітеді.

7. Партияның, оның филиалдарының лауазымды тұлғалары партияның ақшалай қаражаты мен мүлкінің сақталуына және мақсатты пайдаланылуына жауапты.

8. Қаржы ресурстарын жинақтау және материалдық-техникалық базаны дамыту мақсатында, заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін партияның мынадай құқықтары бар:


  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын кәсіпкерлік және шаруашылық қызметті жүзеге асыру, шарттар мен мәмілелер жасасу;

  • Ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, өзге де мүлікті белгіленген тәртіппен жалға алу, жалға беру;

  • Несие алу және несие қаражатын пайдалану;

  • Мәмілелер, шарттар жасасу, өзіне міндеттемелер алу, ұйым тараптарының

  • Сенімхаты бойынша әрекет ету;

  • Өз қызметін басқа да тұлғалармен бірлесе отырып жүзеге асыру, соның ішінде заңды тұлға құру;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтарынан түскен, партияның мүлкін жалға беруден түскен түсімдер, партияның кәсіпкерлік және шаруашылық қызметін жүзеге асырудан түскен кірістер партияның банктік шотына есептеледі.
9. Партияның өз қаражатын белгіленген тәртіппен қайырымдылық мақсатта

пайдалануына жол беріледі.

10. Азаматтардың және мемлекеттік емес ұйымдардың қайырмалдықтары, партияға кіру, мүшелік жарналар және өзге де көздерден алынған ақша, сондай-ақ өзге де мүліктер осы Жарғыда көзделген партия мақсаттарына жұмсалады.

11. Партия және оның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы



заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық жауаптылықта болады. Партияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының) ақшалай және өзге де материалдық активтерді басқару саласындағы қаржылық есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

www.Реферат.kz Қазақша рефераттар сайты




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет