Реферат Тақырыбы: " Аспаптардың тәжірибелі үлгілерін қабылдайтын сынауларын жүргізуді ұйымдастыру реті "



Дата30.11.2019
өлшемі49.73 Kb.
түріРеферат
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: "Аспаптардың тәжірибелі үлгілерін қабылдайтын сынауларын жүргізуді ұйымдастыру реті"



Тексерген: Шәкерова Қ.Б.

Орындаған: Тұнықбекова Г.Б.

Тобы: ГК-711

Семей 2019
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, аспаптардың тәжірибелік үлгілерін сынап, қабылдап, дайындаумен аяқталады. Аспапты өндіріске шығару, жұмысты қабылдау мәселелері қабылдау сынақтары нәтижесі бойынша шешіледі. Сериялы өндіріске арналған аспаптар үшін мемлекеттік қабылдау сынағы ұйымдастырылады.

Мемлекеттік сынауларды жүргізу кезінде мынадай мәселелер шешілуі тиіс:

1) сыналатын үлгілердің қолданыстағы стандарт пен техникалық жағдайы (ТЖ), оның техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін анықтау;

2) аспаптың метрологиялық және пайдалану сапасын бағалау;

3) аспап сапасын шетелдік ең жақсы және бұрын шығарылған отандық аналогтарымен салыстырып бағалау;

4) аспаптың топографиялық-геодезиялық өндірісте қолдануға жарамдылығын айқындау;

5) техникалық құжаттамада метрологиялық сипаттаманы нормалау дұрыстығы мен пайдалануды, шығаруды, метрологиялық қамтамасыз етуді бағалау;

6) аспап сапасының санатын (категория) анықтау (алдын ала);

7) аспапты әрі қарай жетілдіру, оны дайындау сапасын жақсарту жолдарын айқындау;

8) аспапты пайдаланудың тиімді әдістерін табу.

Аталған мәселелер жөніндегі ақпарат, сынаудың басты мақсатын анықтауға мүмкіндік береді: аспапты сериялы шығару мүмкіндігі және ол мақсатқа сәйкес пе? Өз кезегінде, жасалған аспап үлгісін мемлекеттік сынауға беру мүмкіндігінің өлшемі (критерий) – аспапты жасаушы ұйымдастырып, жүргізетін алдын ала сынаудың оң нәтижелері болып табылады.

Мемлекеттік қабылдау сынауларының негізгі кезеңдері мына ретпен жүзеге асырылады.

1. Аспапты жасаушының мемлекеттік сынау жүргізілгені туралы Мемстандартқа ұсыныс енгізуі (жоспарланған мерзімге дейінгі тоқсанда).

2. Мемлекеттік қабылдау сынауларының бағдарламасын жасау, келісу және бекіту. Бағдарламаны аспап жасаушы Мемстандарттың жетекші метрологиялық институтына сынау басталудан 45 күн бұрын жібереді.

3. Аспап үлгілері мен техникалық құжаттаманы мем- сынауға беру. Сынауды министрлік (ведомство) бойынша бұйрықпен тағайындалған, Мемстандартпен келісілген аспап жасаушыға мемсынау жөніндегі басты ұйым не мемлекеттік комиссия жүргізеді. Мемсынау бойынша сынауға басты ұйым арқылы қызығушылық танытушы ұйымдар қатыса алады; оларға сынаудың жеке кезеңдерін жүргізу, аспапты өндірісте байқау тапсырылуы мүмкін.

4. Мемлекеттік сынау жүргізу және техникалық құжат- таманы сараптау. Бұл жұмыстарды жүргізуге әдетте екі ай кетеді.

5. Сынау материалдарын сынау бағдарламасын бекіткен Мемстандарттың жетекші метрологиялық институтына, сараптауды жүргізу, қарастыру және ВНИИМС-ке көрсету үшін жібереді.

6. Сынау материалдарын Мемстандарттың ғылыми-техникалық комиссиясы қарау үшін дайындау, ВНИИМС-тің сынау материалдарын сараптау негізінде шешім жобасын дайындау.

7. Сынау материалдарын Мемлекеттік стандарттың ғылыми- техникалық комиссиясының қарауы.

Мемстандарт бекіткен сынаудың оң нәтижелері, аспапты сериялы өндіріске шығаруға негіз болып саналады. Мемстандарт шешім қабылдаған соң аспап Мемтізілімге (Госреестр) енгізіледі. Ал дайындаушы кәсіпорын оны шығаруға құқық беретін куәлік алады. Мұнда сынаудың теріс нәтижелері көрсетіліп, жетілдіру үшін дайындаушыға қайтарылады. Сынаудан өтпеген аспаптар айналымға шығарылмайды.

Мемсынау материалдары ішінде тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды орындау процесінде жасалатын мынадай техникалық құжаттамалар болады:

а) анықталған ретпен бекітілген техникалық тапсырмалар; ә) аспап жасаушы — ұйым басшысы қол қойған ТЖ жобасы; б) ЕСКД бойынша пайдалану құжаттары;

в) техникалық деңгей және сапа картасы;

г) аспаптық метрологиялық қамтамасыз етілуі және оны өндірудің техника-экономикалық мақсатқа лайықтылық негіздемесі туралы мәліметтер бар дайындаушы – ұйым анықтамасы;

ғ) МемСТ 8.042—72 бойынша тексеру әдістері мен құрал- жабдықтарына нормативтік-техникалық құжаттарының (НТҚ) жобасы;

д) аспап принциптерінің сызбанұсқасы мен құрастырылатын сызбасы;

е) алдын ала сынау хаттамасы (акт);

ж) мемлекеттік қабылдау сынауларының бағдарламасы; з) Мемлекеттік тізілімге енгізу үшін аспапты сипаттау

жобасы;

й) 13х18см2 (15 дана) өлшемдегі жалпы көрінісінің



фотосуреті;

к) ТЗ метрологиялық сараптау нәтижелері бойынша қорытынды көшірмесі.

Аспапты сериялы шығару процесінде сынаудың басқа түрлері жүргізіліп, аспап параметрлерінің НТҚ-ның бекітілген типі мен талаптарына сәйкестігі анықталады. Өндірістен шығару кезінде қабылдау сынаулары жүргізіледі; өндіріс технологиясына өзгеріс енгізілгеннен кейін немесе материалдарды ауыстырған кезде жылына бір рет не екі жылда бір рет типтік сынаулар жүргізілуі тиіс; дайындаушының техникалық бақылау бөлімі қабылдаған аспаптар ТЖ-дың толық көлемдегі талаптарына кезеңдік сынаулардан өткізіледі; аспап сенімділігі сенімділікке екі-үш жылдан кейін жүргізілетін бақылау сынаулары нәтижелері бойынша бағаланады. Мемқадағалаудың аумақтық органдары жағынан үш жылда бір рет мемлекеттік бақылау сынаулары ұйымдастырылады, оған тұтынушылардың өкілдері қатысуы мүмкін. Бұл сынаулар, қолданылатын стандарт пен ТЖ-дың толық көлемдегі талаптарына сай жүргізіледі. Сапа санаты (категория) бойынша аспапты аттестаттап алдында мемлекеттік аттестациялық сынаулар жүргізіледі.

Геодезиялық аспаптар стандарттарының күшін сақтаудың орташа мерзімі 5 – 8 жыл. Стандарттарды қайтадан қарастырған кезде қойылатын басты шарт – шығарылатын аспаптардың сапасын жоғарылату. Әрбір қайта жасаған стандарт, аспаптардың техникалық деңгейі мен сапасына қатал талаптар қойып, экономикалық жағынан негізделеді.



Геодезиялық аспаптар стандарттарының жетістіктерімен қатар, кейбір кемшіліктері де бар. Мысалы, олар артық бөлшектер мен белгілеулер. Жаңа стандарттарды жасаған кезде, аталған кемшіліктердің көбі ескерілген.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет