Реферат тақырыбы: Бейбіт және әскери уақыттың әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері



жүктеу 123.44 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі123.44 Kb.
түріРеферат
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

РЕФЕРАТ


Тақырыбы:Бейбіт және әскери уақыттың әр түрлі зақымдаушы факторлары әсер еткенде апаттан құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері

Орындаған:Оралханова А.

Тобы:104 Б ФК

Қабылдаған:Жақсылықкеліні Ұ.А

Шымкент-2015

Жоспар:


I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды (ҚБШЖ) ұйымдастыружәне    жүргізу негіздері

2 ҚжБШЖ жұмыстарының әдістері мен тәсілдері.

3 ҚжБШЖ жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы.

4 G-global платформасында жұмыс

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жау шабуылының зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.



1Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды (ҚБШЖ) ұйымдастыру және    жүргізу негіздері
Құтқару жұмыстары Азаматтық қорғаныс бастығының шешіміне қарай өндірістің ерекшелігін, ТЖ сипатын және зақым- зардаптың адамға, қоршаған ортаға тигізер ықтималдығын ескеріп ұйымдастырылады.ҚжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; кұрама ic-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды. Барлауды  барлайтын буындар жүргізеді. Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты. Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою."Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР заңындағы негізгі түсініктемелер: авариялық құтқару қызметі, авариялық-құтқару құрылымы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстар, құтқарушы, төтенше жағдайды алдын алу кезіндегі басқарушы, авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының негізгі принциптері."Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылар статусы жөніндегі" ҚР-ның заңы 1997 жылы 27-ші наурызда қабылданған. Бұл заң табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлардың алдын алу үшін авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдардың ұйымдастырылуын реттейді. Заңда құтқарушылардыңқызметі, статусы, құқығы мен міндеттері, жұмыс тәртібі, демалысы, еңбек төлемі қарастырылған.

Авариялық-құтқару қызметі-төтенше жағдайдың алдын алуға тағайындалған, функциональды бір жүйеден құралған, оның негізін құрайтын авариялық-құтқару құрылымы, құрамына құтқарушы-орындаушылар, авариялық құтқару және шұғыл жұмыс атқаратындар, құтқарушылар - осы жұмысты басқарушылардың кіші, орты және жоғары құрамы мен осы жұмысты қосымша техникамен қамтамасыз ету қызметі кіретін басқару органдарының жиынтығы. Авариялық құтқару құрылымы құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған, арнайы аспаптар мен материалдар, техника, құралдармен жабдықталған құтқарушылар бөлімшесі, ол авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін жеке құрылым болып саналады.Құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени бағалықтарды, қоршаған ортаны, әртүрлі сипаттағы қауіп төндіретін факторлар әсерін алдын алуға және шеттеуге арналған төтенше жағдай аумағындағы іс-әрекет.Авариялық-құтқару қызметі төтенше жағдайдың алдын алу кезіндегі шұғыл жұмыстарды, құтқару жұмыстарын, төтенше жағдай кезінде халыққа, зақымдаушыға медициналық және басқа көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығын, өмірін және жұмысқа қабілетін сақтауға қажетті жағдаймен қамтамасыз ету шараларын жан-жақты жүргізеді.Төтенше жағдай аймағындағы құтқару жұмыстарына зақымданған ошақты барлау, колонникалық жол салу және үйінділердің арасынан өткел жасау, нысанға барар жерлердегі және құтқару жұмыстары жүргізілетін нысандардағы өртті өршітпей сөндіру, құлап қалған паналау ғимараттары мен жасырыну орындарын қазып, аршу, олардан зардап шеккендерді көшіру, үйінділердің астынан адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жөнелту, халықты төтенше жағдай аймағынан көшіру, адамдарға санитарлық өңдеу жүргізу, аймаққа техникаға және киімге дегазация, дезактивация, залалсыздандыру жұмысын жүргізу жатады[1].



2.ҚжБШЖ жұмыстарының әдістері мен тәсілдері.

ҚжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен; кұрама ic-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған кұрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек.Kipeтiн жолдары бip бағытты қозғалысында 3-3,5 м енімен және екі бағытты қозғалысында eнi 7м болады. Мұнда бip бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200м сайын 15-20м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады.Kipic жолдарын жасау үшінөз автокрандарымен, бульдозерларымен нысан құрамалары қатыстырылады. Өрт eшіpy құрамалары жұмыс нысандарына бағыт алып, жол бойы кездескен өрт ошақтарын өшіріп жүреді.Барлау мәліметтеріне сүйеніп адам құтқару мен іздестіру жұмыстарын құтқарушылар келуімен бастайды. Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарындақ қамалыпқалған адамдармен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол ушін желдеткіш саңылауларын, eciк, ipгe, су-жылу кұбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тeciк жасап таза ауа жібереді.Панахананы аршу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кipe-бepicтe бұзылғанды тазалау, одан кейін eciктi ашу немесе бұзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгінқазып алу; көршілес жатқан бөлмеден палата қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау. Адамдарды дауыстап шақыру арқылы іздеу керек.

Құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу ғимараттар, коммуналды-энергиялық торап, радиациялық-химиялық зақымдау аймағының сипаттамасына байланысты бөлінеді:

1. бірінші кезекте ішінде адамдары бар қираған ғимараттарға жол салу. Бір жақты өткелдің ені 3-3,5 м, екі жақты 6-6,5 м өткелдер арақашықтығы 200м.

2. Адамдарды іздеп құтқару топтарын жіберуден бастайды. Адамдарды іздеу көзбен, кинологтар, құралдар көмегімен, көрген адамдарды сұрастыру арқылы жүргізіледі. Топтар зақымданушылармен байланыс жасайды. Блокты бұзу әртүрлі әдіспен жүргізіледі: үйінділерді ашып, жол салады. Содан кейін ауа, су, тамақ беріледі.

3. Паналарды, жертөлелерді ашу қабырғаларды кесу, шығатын авариялық жол салу.

Плиталар мен ғимарат бөліктерін бірден көтеруге болмайды. Бірінші плита 1-2 см-ге көтеріледі, зақымданғанға глюказа ерінтіндісін ішкізеді, содан кейін барып адамдарды шығару жұмыстары басталады.

Мысалы, жер сілкінісі кезінде әр сағат сайын 50 адам қазаға ұшырайды. Сонымен қатар, жұмысты 2 жұма бойы жүргізу қажет. Спиттак қаласында тірі адамдарды 11-12тәуліктерде де тапқан. Шахталарда соңғы қазақ болғандарды тапқанша құтқару жұмыстары жүргізіледі. Егер өрт сөндірілмесе, шахтаны суға толтырады.

4. Басқа шұғыл жұмыстарға коммуналды энергиалық және технологиялық тораптарды жөнду жатады. Бұзылған жылумен қамтамасыз ету жүйесі сыртқы тораптан ғимаратқа кіретін тұста және жылу орталықтарында бұранда арқылы өшіріледі.

3.ҚжБШЖ жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы [2].

3 ҚжБШЖ жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы.

АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.

Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды icтey міндетті:


  • АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;

  • белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

  • жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама iшiнe өзгеріс керек болса жасау;

  • автокөлікті, және т.б. мүліктіқабылдап оның ақаусыздығын тексеру;

  • жеке құрамаға табелдік мүлікті  таратып, оның күтілуін қадағалау;

  • жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

  • жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

  • жиналу ауданында (талап етілсе) автокөлікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

  • құрама ішіндегі байланысқұралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Еңәуелі бөлімше, тipeк, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жиналу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Газкағарлар мен тыныс алу органдарын қорғайтын басқа да құралдарды жеке құрамадагы адам алған сәттен бастап өзімен бipгe алып жүруге тиіс. Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжуүшін толық дайындыққа келтіріледі.  Жеке құрама жиналған соң және барлық мүлік-техникамен қамсыздандырылган соң командир, егер қажет болса, құрама дайындығын байқайды.АҚ құрамасының дайындыққа келтірілгендігі туралы жоғары бастыққа баяндайды (АҚ штабының бастығына).Зардап шеккендерге берілетін  көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған  іс-әрекеттердің тиімділігінде.ТЖ аудандарында барлау мыналарды анықтайды: апат ошағының шекарасы мен оның таралу бағытын; тікелей қayiпi төнген нысандар мен мекендерін; адамдар шоғырланған орындарды; бұзылған ғимараттардың жағдайларын және мұндағы зардап шеккендердің бар-жоғын, жұмыс орнына техниканы апаратын жолды, технологиялық жене коммуналды-технологиялық тораптарындағы апат орындарын, тексеретінқұдықтардың және ажыраткыш қондырғыларының жағдайын, олардағы ақау көлемін; жұмыс көлемі мен оны жүргізу, жағдайын, техника мен құралдардың пайдалану мұмкіндіктерін.Барлауды  барлайтын буындар жүргізеді. Олардың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты.Төтенше жағдай ауданында құрамалар көрсетілген учаскелерде орналасып, нақты міндеттер алады. Құрама командирлеріқойылган міндеттердің cәттi орындалуы ушін жеке жауап береді.Тапсырма алысымен құрама командирі оны түбегейлі шешіп, жағдайды бағалап әpi шешім қабылдап ауызша бұйрық береді де жеке құрама жұмысын ұйымдастырады. Құрама командирі бағынышты құрамаларға міндет қояды, өз шешімінде жұмыстардың жалғасымдығын және әрекеттену тәртібін, құрамаларды жан-жақты қамсыздандыру мен басқаруды қалай ұйымдастыру керектігін айта кетеді.

Алдына қойылған мақсаттарды орындап болған соңқұрамалар нұсқалған аудандарына жетіп, жаңа міндеттерге даярланады.

ҚӘУЗ ошақтарын жою нысана АҚ бастығының шешімінегізінде өтеді.ҚӘУЗ ағылып-буланып шыққанына байланысты зардапты жоюга әуелі обьектінің штатты газдан құтқару кызметікіріседі. Газдан корғау кызметінің басты міндеті-құтқару жұмыстарын жасау, кауіпті жерден жұмыскерлердікөшipy, зардап шеккендерге алғашкы медициналық көмек көрсету. Газдан құтқару құрамалары газ қayiпi бар орында жұмыстар жүргізеді, онда міндетті түрде газқағар кию керек. ҚӘУЗ ошақтарын жоюды радиацияға және химиялық кауіпіне қарсы құрамалар жүpгiзeдi. Олар газдан құтқару құрамаларымен тығыз байланыста болады.Закымдалған ошақты жою міндетін алған бетте командир жағдайды білу үшін барлаушыларды жібереді. Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар әр 300—400 м сайын құралдармен ауаныңқаншалықты ластанганын анықтайды. Зақымдалған ошағын тауып, олар аумақты зерттейді, ошақ шекарасын оған кіру жолдарын анықтайды, ҚӘУЗ таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу сипатын, зардап шеккендердің хал-ахуалдарын бағалайды. Алған мәліметтерді барлаушылар құрама командиріне дереу баяндайды. Құрама командирі бастықтың ақпары негізінде және барлаушылардың, мәліметтеріне қарай өз шешімімен қол астындағыларға ауызша бұйрық береді. Бұйрықта құрама командирі авария сипатын және орнын, улы заттар түрінәpi бұлардың таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу дәрежесін, өрт жағдайын көрсетеді [3].

4. G-global платформасында жұмыс

Қазақстанда "Саламатты Қазақстан" Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасының құрылғанына төрт жыл болды. "Саламатты Қазақстан" бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту, көлік медицинасын дамыту және тағы басқа көптеген міндеттері бар.

Географиялық аумағына, яғни Европа мен Азияның орталығында орналасқандықтан Қазақстан бірден-бір ірі транспорт орталығы болып табылады.Жол-көлік апаттары қоғамдық денсаулық сақтаудағы басты мәселе және өлім шығынын көбейтуі мүмкін.Соңғы он жылда Қазақстанда 32 мың адам жол-көлік апаттарынан қаза тауып, 166 мыңнан астам адам жарақаттанды. Жол-көлік апаттарында өлімнің көбеюінің себебі, жедел жәрдем және құтқарушы топтардың уақтылы келмеуі.

Жарақаттанушылар мен өлімді азайту үшін, жазатайым оқиға көп болатын жерде - көлік-медициналық құтқару пунктерін (КМҚП) құрылды. Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасында 40 көлік-медициналық құтқару пунктерін ашу көзделіп отыр, оның ішінде 2012-2013 жылдарда - 26-сы, ал 2014 жылы 14і құрылды. КМҚП-ның басты міндеті жол-көлік апаттарында жедел жәрдемді уақтылы жеткізу болып табылады.

КМҚП құрылғаннан бастап осы уақытқа дейін 2 мың рет жол-көлік апаттарына шықты, 6 мың адамға көмек берілді, оның ішінде 1,5 мыңнан астамы ауруханаларға жеткізілді, 4 мың адамы медициналық көмекке жүгінді, ал 180 адамы медициналық ұйымдарға жеткізілді.

Жол-көлік апаттарына жедел жәрдемнің жету уақыты 20-25 минут. Қаншалықты жедел жәрдем уақтылы келсе, соншалықты жарақаттанушының тірі қалуына мүмкіндік көп.

2014 жылдың қыркүйек айында ҚР-ның апат медициналық қызметіне 20 жыл толды. Осы жиырма жылдың нәтижесінде апат медициналық қызметі көптеген жетістіктерге жетті.

Апат медициналық қызметіне демалыс және мейрамдар болмайды. Олардың аварияға, өртке, жол-көлік апаттарына шығу дайындығы 3-5 минут.

Болашақта апат медицина орталығы бұдан да көп жетістіктерге жетеді деген үміттеміз [4].

Қорытынды

Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы құтқару, жедел-құтқару, суда құтқару, авиациялық құтқару қызметтерін, әскерилендірілген және өзге де мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құрайды.Қазақстан Республикасының азаматтары құтқарушы мәртебесіне олар медициналық куаландырудан, кәсіби қасиеттерін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өткеннен кейін, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындағаннан кейінқұтқару жұмыстарын жүргізуге арналған аттестаттау нәтижелері бойынша ие бола алады.



.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



Негізгі:

1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Қазақстан Республикасы ТЖ жөніндегі Агенттігі, ТЖ және АҚ Республикалық курстары, І кітап Алматы-2003ж........................................................................................219-238бет

Қосымша:

2. "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері", Оқу құралы, Нәбиев Е. Астана, 2012ж............................................................................................................131-145бет 3.«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2015.10.01.берілген өзгерістер мен толықтырулармен)...........................78-80бет G-Global платформасы:

4 Е.Искаков,«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуындағы апат медицинасы қызметінің рөлі Электрондық ресурс: 5. ffre.ru 6. bigox.kz



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет