Рефераты қызылорда, 2013 жыл



жүктеу 374.97 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі374.97 Kb.
түріРеферат


ӘОЖ 636.085.13: 612.398.145:574.24

Қолжазба құқығында



Байжаханова Айгуль Шайхисламовна

Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардың әсері және оларды түзету жолдары

6М060800 – Экология мамандығы бойынша

жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2013 жыл

Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалған.




Ғылыми жетекшісі: Биология ғылымдарының

кандидаты, аға оқытушы

Р.Х. Құрманбаев


Ресми оппонент:
Облыстық кеңес беру

диагностикалық орталығының

бас дәрігері медицина

ғылымдарының кандидаты, 

К.Д. Тілеулиев

Қорғау 2013 жылы «7» маусымда сағат 09-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.




КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның әртүрлі аймақтарының экологиялық жағдайына жүргізілген бақылау, көп жағдайда қоршаған ортаның күйі антропогендік, табиғатқа жауапсыз қараудың салдарынан санитарлық нормаға жауап бере алмайтындығын көрсетті. Бұның бәрі қоршаған ортаның ауыр металдар тұздары, радионуклидтер, пестицидтер, гербицидтер, мұнай және оның құрамындағы заттар, ракета жанармайы – 1,1-диметилгидразин (1,1-ДМГ) және оның нитрозодиметиламин (НДМА) сияқты туындылары, өндіріс және ауылшаруашылық қалдықтарымен ластануына әкеледі. Аталған улы заттар организмнің әр түрлі мүше мен жүйелеріне улы әсерін тигізеді. Әдетте улы заттардың жеке әсері емес, бірлескен әсері көп орын алады. Ал қоршаған орта мен организмнің арақатынасын білудің қажеттілігін көптеген ғалымдар сөз еткенімен, ол өз дәрежесінде жетік зерттелмеген.

Қызылорда облысы территориясында көптеген жылдар бойы жүргізілген мониторинг кей жағдайда топырақтағы, судағы, аймақтағы өсімдіктер және жануар денесіндегі ауыр металдардың тұздары, пестицидтер, гербицидтер, гидразиннің әртүрлі туындылары сияқты токсиканттардың шектеулі рауалы концентрациядан біршама жоғары екенін көрсетті. Экологиялық дағдарыс аймағы жағдайларында тұрақты өмір сүріп жатқан адамдарда организмнің гомеостазын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын негізгі мүшелер мен мүшелер жүйесінде тіпті патологиялық ауытқуларға дейін баратын функциональдық өзгерістер анықталған. Бұл аймақтағы Құмкөл, Арысқұм және басқа кен орындарында мұнай-газды өнеркәсіптік игеруде қоршаған ортаға қосымша әсер етуде.

Арал аймағының адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардың эритроцит мен лейкоциттер санына, гемоглобин мөлшеріне, жалпы физиологиялық параметрлеріне бірлескен кешенді әсерін және фитопрепараттар мен биологиялық белсенді заттардың көмегімен айқындалған өзгерістерді қалпына келтіру мүмкіндіктерін анықтау – экологиялық физиология ғылымының негізгі бағыты болып табылады және қазіргі кезде аса қызығушылық туғызуда.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың мақсаты – Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын әсеріне сипат беру және оларды түзету жолдарын ұсыну.

Жұмыстың мақсатына байланысты қойылатын міндеттер:

1. Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын әсерінен физиологиялық параметрлерінін өзгерісін зерттеу (эритроциттер, лейкоциттер саны, гемоглобин, АлАТ және АсАТ ферменттері).

2. Адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын кешенді әсер ету нәтижесінде қаннын физиологиялық параметрлерінін өзгерісін талдап, оларды «Возрождение» бальзамын қабылдау арқылы түзету жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орындарында адам физиологиясы курсын оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім беру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Жоғары оқу орындарындағы адам физиологиясы курсын оқытуда: оның бағдарлама мазмұны экологияландырылса; курстың негізгі мазмұнына енетін экологиялық білімнің құрылымдық жүйесі жасалса; физиологиялық түсініктермен экологиялық түсініктер өзара логикалық байланыста берілсе; экологиялық мазмұндағы физиологиялық есептер мен тапсырмалар және экологиялық түсініктер әрбір тақырыптың мазмұнына кіріктірілсе; оқытудың белсенді әдістері адам физиологиясы курсында тиімді пайдаланылса студенттерде экологиялық түсініктер қалыптасып, экологиялық білім беру мақсаты жүзеге асады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Арал аймағының қолайсыз факторларының кешенді әсерететін тұрғындарының қан көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілді.

Арал аймағы (Қызылорда облысы) тұрғындарының эритроциттер, лейкоциттер саны, гемоглобин, қан ферменттері мөлшерлері зерттелді. «Возрождение» бальзамын қабылдау арқылы, адам организмнің физиологиялық көрсеткіштерін түзету әдістері ұсынылды.



Диссертацияның теориялық және практикалық құндылығы.

Алынған мәліметтер Арал аймағында адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын кешенді әсері және оларды түзету жолдары туралы түсінігімізді кеңейтеді.

Алынған материалдар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттеріне арналған лекциялар курсына енгізілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер.

1. Арал аймағындағы адам организмінде экологиялық қолайсыз факторлардын әсерінен эритроциттер, лейкоциттер саны, гемоглобин, АлАТ және АсАТ ферменттер деңгейлері физиологиялық нормалық көрсеткіштен төмендігі.

2. Адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардын кешенді әсер ету нәтижесінде қаннын физиологиялық параметрлерінін өзгерісін талдап, оларды «Возрождение» бальзамын қабылдау арқылы түзету жолдарын ұсыну.

Диссертациялық жұмыстың талқылануы мен жариялануы.

Жұмыстың негізгі мазмұны мен қортындылары республикалық ғылыми басылым беттерінде жарық көріді.

Олар: 1. Применение биологически активных добавок к пище как один из методов коррекции здоровья населения, проживающего в экологически неблагоприятных регионах Казахстана. Макашев Е.К., Капышева У.Н., Бахтиярова Ш.К., Хайбуллин М.Р., Курманбаев Р.Х., Байжаханова А.Ш.Материали за 9-а международна научна практична конференция, «Ключови въпроси в съвременната наука», - 2013. Том 29. Лекарство. Биологии. София. «Бял ГРАД-БГ».

2. Влияние метил-1,2,4-триазола на пол и активность каталазы тканей крыс. Бахтиярова Ш.К.,Колбай И.С., Капышева У.Н., Баимбетова А.К.,Курманбаев Р. Х., Байжаханова А.Ш. Материалы межд.научно-практич. конф. « Современные проблемы борьбы с особо опасными, экзотическими и зооантропонозными болезнями животных» посвящ...70-летию проф. Н.Г.Асанова. – 2 том.-Изд-во КазНаУ.-Алматы,-2012.-с.81-85.


1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Қысқаша табиғи-климаттық сипаттама

Қызылорда облысы Қазақстан Республикасында жер көлемі жағынан Ақтөбе мен Қарағандыдан кейінгі үшінші орынды алады. Жер көлемі 226,1 мың шаршы километрді алып жатыр. Облыс орталығы — 197 мың тұрғыны бар Қызылорда қаласы. 7 ауылдық әкімшілік ауданы, 3 қаласы, 12 қала түріндегі поселкесі, 96 ауылдық округі бар.

Территориясында 1,3 мың километрге созылған Сырдария өзені ағып жатыр.

Облыс суармалы егіншілік аймағы. Арал кризисі мен салмақты жетіспеушіліктер жер ресурстарын пайдалануда суармалы жердің аздаған қайтарымына әкеп соқты. 3 мың көлден бар жоғы 123-і қалды, шабындықтың өнімділігі 4 есеге азайды, топырақтың тұздануы мен жерлердің бос қалу процесі күшеюде.

Аймақтың табиғи жағдайы суармалы массивтерді басқаратын мамандандырылған жүйені талап етеді, ирригациялық жүйедегі жердің негізгі бөлімі сулы-тұзды режимді жасанды жолмен реттеуді қажет етеді.

1.2 Минералды шикізат ресурстары

Облыстың жер қойнауында Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы бар десе де болады.

Бәрінен бұрын, бұл қосалқы көмірсутек шикізаты, Оңтүстік-Торғай бұғазында олар болжам бойынша 350 млн. тонна мұнай және 100 млрд. куб метр газ құрайды.Бақылау нәтижесі Арал бассейні 75 млн. тонна мұнай және 2,3 трлн. куб метр газ береді деп болжады. Қосалқы көмірсутек шикізатының потенциалды құндылығы облыста 130,8 млрд. АҚШ доллары, мұнай – 72,5, газ – 50,4, конденсат – 7,9 млрд. АҚШ доллары деп бағаланды.

Облыс территориясында жалпы Қазақстандық қосалқылардан орташа 15,1% балансталған қосалқы цинк, 9,6% қорғасын, 13,7% уран, 4,7% мұнай, газ және конденсат, 3,4% жерасты су балансы бар. Бұл қосалқы ванадийлер жағынан Қазақстан дүниежүзі бойынша 1-ші орын алады, көпшілігі Қызылорда облысының территориясында.



1.3 Табиғаты

Қызылорда облысы шөл және шөлейт аймаққа жатады. Жергілікті жердің рельефі көбінесе жазық. Солтүстік-шығыс бөлігі (оңтүстік жағалау) ұлан-байтақ саз жусанды-сортаң шөлейт, солтүстігінде көп массивті төмпешікті-жүйекті құмдар – Арал маңы Қарақұмы. Жүйек пен төмпешіктің биіктігі 20-дан 40 метрге дейін ауытқиды. Қарақұмның батысынан Кіші Борсық құмдары жалғасады. Сырдарияның солтүстік бөлігін Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. Облыстың оңтүстік-шығыс шеткі бөлігін Қаратау таулы аймағының аласа салалары алып жатыр. Облыстың аймағында таулардың абсолютті биіктігі 900 метрден аспайды.



1.4 Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан аймақтың экологиялық жағдайы

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.

Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.


    1. Экологиялық қолайсыз факторлардың қан құрамына әсері.

Арал өңірі табиғатының экологиялық жүйесінің тозығы жеткендігі әр кімге аян. Ластайтын заттардың түрлері өте көп және мөлшері де мол. Олар зауыттар мен фабрикалардың, автокөліктердің мұржаларынан шығатын зиянды заттар. Бұлардың бәрі де әр түрлі жолдармен ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суларға, жауын суына тарайды, өсімдіктер мен жануарлардың бойына жиналады және организм үшін өте қауіпті, оның ішінде адам мен жануарларға аса зиян.

Қазір, экология ғалам мен ғасыр проблемасына айналып отыр. Осыған орай халықтың таза су мен құнарлы асты пайдалануына қол жеткізуді қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды басқа да қауіпті факторларды төмендетуді көздейтін нақты шаралар қамтамасыз етілуі керек.



1.6 Эритроцит құрылымы, функциясы және жойылуы

Қан жүйесі және оның құрамындағы қызыл және ақ қан түйіршіктерінің ағзадағы алатын орны үлкен. Олар организмге түрлі инфекциядан қорғап, рН ортасын сақтап, газдарды, метаболизм өнімдерін, биологиялық белсенді заттарды тасымалдай отырып, организмде гомеостатикалық қызмет атқарады. Организмде әртүрлі физиологиялық қызметтерді атқара отырып, сыртқы және ішкі ортаның арасындағы байланыстырушы тізбек болып, қан әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен жүретін өзгерістерге өте сезімтал келеді.

Қан жүйесі - ішкі организмнің маңызды бөлігі. Ол организм жағдайының сезімтал көрсеткіші және де оның бұл қасиеттері организмнің сыртқы орта факторларына бейімделу параметрі бола алады.

Эритроцитттер (erythrocytus – грекше. erythros – қызыл, cytоs - клетка) ядросыз, гомогенді цитоплазмасы бар қызыл қан түйіршіктері. Ол қанның негізгі бөлігін құрайды. Эритроциттер қарапайым липопротеинді мембрана цитолеммамен қоршалған. Қозғалыс кезінде қанда эритроциттердің екі жағы ойыс, диаметрі 7-9 мкм келетін сфероид формалары басым болады. Эритроциттер белок пен липоидтан тұратын сыртқы қабықшадан, строма және ішкі белокты қабығынан тұрады. Қан тарату жүйесіндегі эритроциттедің айналымы қалыпты жағдайда 45 секундта жүзеге асады. Эритроциттер миелоидты ұлпада, немесе сүйек майында пайда болады. Эритроциттердің пайда болу процесін гемопоэз деп атайды. Жас балалардың бұл ұлпалары барлық сүйектерінде, ал ересек адамдарда негізінен бас сүйектерінде, қабырғада, төс сүйегінде, омыртқада, сегізкөзде және жауырында пайда болады. 1 мл қанда 5 млн-ға жақын эритроциттер болады, бірақ бұл шама жасына, жынысына және денсаулығына байланысты ауытқып отырады.


1.7 Қан жүйесі - ішкі организмнің маңызды бөлігі.

Қан жүйесі және оның құрамындағы қызыл және ақ қан түйіршіктерінің ағзадағы алатын орны үлкен. Олар организмді түрлі инфекциядан қорғап, рН ортасын сақтап, газдарды, метаболизм өнімдерін, биологиялық белсенді заттарды тасымалдай отырып, организмде гомеостаз қызметін атқарады. Организмде әртүрлі физиологиялық қызметтерді атқара отырып, сыртқы және ішкі ортаның арасындағы байланыстырушы тізбек болып, қан әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен жүретін өзгерістерге өте сезімтал келеді.

1.8 Токсиканттардың адам организміне әсері.

Қоршаған орта мен өндіріс ортасының жағымсыз факторларының әсері денсаулыққа тигізетін залалы, ағзаның қорғану-бейімделу реакциясының бұзылуына әкеледі. Ауыр металға жататын қорғасынның қанға әсері қанның, оның ішінде эритроциттердің клеткаларының қасиеті мен құрылымын өзгеріске ұшырата жүретін гем синтезінің ферментативті процестерімен араласуында негізінен қорғасын темірдің гемға қосылуынына катализатор болатын феррохелатаза белсенділігін төмендетеді. Соның нәтижесінде сүйектің қызыл кемігіндегі ретикулоцит митохондрияларында ферритин және темірлі мицеллалар жиналады. Бұл өз кезегінде қызыл сүйек кемігінде, сонымен бірге шеткі аймақтағы қанда сидеробластардың санының көбеюіне әкеледі. Сол сияқты қорғасынның иондары эритроциттерде гемолиз тудырады деген мәліметтер де бар. Бірақ бұл құбылыстың механизмі әлі толық анықталмаған.



1.9 Организм тұрақтылығын көтеру үшін биологиялық белсенді заттарды пайдалану.

Қалыпты жағдаймен қатар экстремалды факторлар әсері кезіндегі организмнің қоршаған орта өзгерісіне төзімділігін арттырудағы заңдылықтарды анықтау, физиологияның өзекті мәселелерінің бірі. Алайда қоршаған ортаның жағдайын тез және жан-жақты жақсарту мүмкін емес. Сондықтан да организмнің зиянды әсерлерге төзімділігін арттыру және қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделуін көтеру үшін арнайы әдістерді ойластыру, қазіргі таңдағы ең басты мәселе.




2. Зерттеу материалдары мен әдістері

Студенттердің денсаулығының деңгейін анықтау мақсатында 2011-2012 оқу жылында зерттеудің объектісі ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінің 17 мен 20 жастағы студенттер алынды. Қан көрсеткіштері биологиялық белсенді тағам қоспасы «Бальзам Возрождение» қабылдамаған және 3 ай мерзімде қабылдаған студенттерден анықталған.

Барлығы әртүрлі жастағы 108- ге жуық студентке зерттеу жүргізілді. Қан тәңертеңгілік мерзімде ашқарынға алынды және қанды ұйып қалмау үшін гепарин қосылды, қандағы эритроциттер пен леикоциттердің санын стандартты лабораториялық әдістерді қолданып анықтадық.

Қандағы гемоглобин концентрациясын ацетонционгидридті транс құрылымды реатив комегімен анықтадық. АЛТ және АСТ Вектор БЭСТ кешенді тест бойынша анықтадық.

Алынған нәтижелерді статистикалық мәліметтермен Фишер-Стьюденттің жұпсыз критериін пайдалана отырып салыстырылды және өзгерістер р≤0,05 нақты болып есептелінеді.

Эритроциттер санын анықтау

Керекті заттар мен құралдар: қан, санау камерасы, жапқыш шынылар, эритроциттерді араластырғыш (меланжер), физиологиялық ерітінді (0,9% NaCl ерітіндісі), микроскоп.

Жұмыстың барысы: эритроциттерді санау үшін микроскоп және Горяев камерасын пайдаланады. Санау камерасы орта бөлігінде төрт көлденең науасы барқалың шыны. Оның ортадағы бөлігі көлденең науамен 2-ге бөлінген де, оның әрқайсысында Горяев торы орналасқан. Ол тор 225 үлкен шаршыдан (квадраттан) тұрады және олардың 25-і өз кезегінде 16 кіші шаршыға бөлінген. Кіші шаршы қабырғасы 1/20 мм-ге тең, ауданы – 100 мм3, ал көлемі – 1/4000 мм3

Эритроциттерді санау үшін таза пробиркаға 4 мл 0,9% NaCl ерітіндісін құйып, оған зерттелген қанның 0,02 мл – ін араластырады. Демек, қанды 200 есе сұйылтады. Осыдан соң жапқыш шыныны Горяев камерасына Ньютон дөңгелектері пайда болғанға дейін үйкеліп жапыстырып, камераны микроскоптың төсенішіне қояды да, оның ортаңғы бөлігін сұйытылған қан тамшысымен толтырады.

Эритроциттерді камера торының диоганалына орналасқан бес үлкен, демек, 80 кіші шаршыда санайды. Ол үшін ең жоғарғы қатардың бір шаршысын тауып, ондағы эритроциттерді санауға кіріседі. Бір клетканы 2 рет санамау үшін, алдымен 1–кіші шаршының ішінде орналасқан, одан соң оның сол жақ және үстіңгі сауықтарында жатқан эритроциттерді санау керек. Осыдан соң дәл осы принциппн солдан оңға қарай осы қатардың 2-3-4 – шаршыларындағы клеткаларды санап шығады. Бірінші қатарды санап болған соң, оңнан солға қарай 2 – ші қатардағы эритроциттерді, диоганаль бойындағы 2-3-4-5 – үлкен шаршыларды санап шығу қажет.

Төменгі формула бойынша қанның 1 мм3 мөлшеріндегі эритроциттердің санын есептеп шығарады;



Х= А*4000*200/ 80

бұл жерде: А – 5 үлкен шаршыда саналған эритроциттер саны;

4000 – кіші шаршылардың көлемі;

200 – қанды сұйылту дәрежесі;

80 – зерттелген кіші шаршылардың саны.

Жалпы белок мөлшерін анықтау.

Жалпы ақуыз

Қан сарысуындағы (немесе плазмасындағы) жалпы ақуыз концентрациясын биурет әдісімен анықтауға арналған реагенттер жиыны

Жалпы ақуыз-01-Витал Кат.№ В 06.01



Әдістің принципі: Ақуыз сілтілі ортада мыс иондарымен боялған кешен түзеді.

Зерттелетін материал: Қанның липидті емес сарысуы немесе плазмасы.

Жиын күрамы:



№1 реагент-Биурет реагенті

Натрий едкий - 0,5 моль/л

Шарапқышқылды калий-натрий - 80 ммоль/л

Йодты калий - 75 ммоль/л

Мыс сульфаты - 30 ммоль/л

Калибратор

Сарысу альбумині - 70 г/л

Хлорлы натрий - 154 ммоль/л

Реагенттерді талдауа (анализге) дайындау және олардың түрақтылығы:

Жиынды сақтау мерзімі - 18-25°С 18 ай.

1 реаген г. Реагент қарацгы болме температурасында 18 айгадейін тұрақты.

Жүмыс реагенгі. Талдау жүргізу алдында №1 реагенттен керекті мөлшерін бидистилденген сумен 5 рет (мысалы, Імл реагенгке 4мл бидистилденген су) сұйылту (разведение) жасап аламыз. Бұл реагентті қараңғы жердс сақтау керек.

Калибратор жүмысқа дайын, бөлме температурасында 1 жылға дейін сақталады. Флакон ашылғаннан кейін 6 ай мерзімінде тұрақты. Жұмыс аяқталған соң флаконды жауып қою керек.


Талдау



Пробиркаларга қүямыз

Тәжірибелік еынама (мл)

Калибрлік сынама (мл)

Бақылау (холостаи) сынамасы (мл)

Жұмыс реагенті

5,0

5,0

5,0

Қан сарысуы нсмесе плазма

0,1



-

Калибратор

-

0,1

-

Дистилденген су

-

-

0,1





Пробиркаларды араластырып, 1 8-25°С бөлме температурасында 30 минут ұстау ксрек. Жұту қалыңдыгы 1 см (5 мм) кюветамен тәжірибелік сынамаларды бақылау сынамасына қарсы 540 нм толқын үзындығында фотометрден өткіземіз.

Есептеу. Жалпы ақуыз концентрациясын (С) г/л мөлшерінде келесі формуламен есептейді:

С = (Ет.с/ Екал) х 70 Ет -тәжірибелік сынама көрсеткіші

Ек-ал - калибрлік сынама көрсеткіші



70 - калибратордағы г/л мөлшеріндегі ақуыз концентрациясы

Қалыпты көрсеткіш: 65-85 г/л
Реагенттер жиынтығын пайдалана отырып гемоглобинцианидті тәсілмен қандағы гемоглобинді анықтау туралы нұсқаулық

Тағайындалуы

Жиынтық клиника-диагностикалық зертханаларда қандағы гемоглобинның сандық мелшерін гемиглобинцианидті тәсілмен (ОгаЬкіп тәсілі) анықтау үшін арналған.

Жиынтық 600 анықтаулар үшін арналған, бақылау ерітіндінің шығыны бір анықтауға 0,5 мл құрағанда.

Тәсілдің принципі

Темірсиндеродистті калимен (қанның қызыл түзы) байланысқанда қан гемоглобині метгемоглобинге (гемиглобин) тотығады, ацетонциангидринді гемиглобинцианидті (цианметгемоглобин) бірге құрайды, оның бояғыш белсенділігі қандағы гемоглобиннің концентрациясына пропорционалды және фотометриялы өлшенеді толқынның үзындыгы 540 (500-600) нм болғанда.

Жиынтық құрамы


  1. Өзгерту реагенті - құрғақ қоспа (қышқыл көмірқышқылды натрий, 1,0 г; темірсинеродистті калий, 200 мг) - 3 сауыт.

  2. Ацетонциангидрин - 3 ампула (0,5 мл -ден).

  3. Гемоглобиннің калибрлік ерітіндісі 120 г/л концентрациялы - 1 сауыт (2 мл).

Жиынтық құрамы

Сызықтық тұстары гемоглобиннің концентрацисын анықтау — 20 дэн 200 г/л арасында, сызықгықтан алшақтау - 2 % артық емес.

Анықтау сезімталдылығы - 10 г/л артық емес.

Жаңадан өндірілуі: взрияциалау коэффициенті - 2% артық емес.

Қалыпты ұлғаюы:

ерлерде 130-160 ғ/л;

әйелдерде 120-140 г/л.

Жиынтықтың сапасын гемоглобин ерітінділерінің бақылау үлгілерінің отандық және шетелде шығарылғандарын қолдана отырып тексеруге болады.

Тексеруден өтіп жатқан контингентте қалыпты ұлғаю диапозонын әр зертханада анықтау ұсынылады.

Сақтық шаралары

Қанмен жұмыс істегенде 17.01.1991 ж. СССР-дің Денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен «Жұқпалы ауруларды таратумен клинико-диагностикалық зертханаларында емдеу және сақтандыру мекемелерінде жұмыс істеу нұсқаулығы» ережелерін және техника қауіпсіздігін сақтау қажет, сондай ақ «Құрылғы ережелерін, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, эпидимиологияға қарсы тәртібі мен зетханаларда жұмыс істегенде жеке гигиенасын сақтау (бөлімшелерде, бөлімдерде) санитарлы-эпидемиологиялық мекемелерде СССР денсаулықсақтау Министрлігінің жүйесінде».

Жиынтықпен жұмыс істегенде бірреттік резеңе немесе пластикалық қолғаптарды киген абзал, ейткені адамның қан үлгілерін жұқпалы ретінде қарау керек, олар ұзақ уақыт бойы сақталады және ВИЧ-ті тасиды, гепатиттің вирусы немесе басқа да кезкелген вирустық инфекцияның қоздырғышы болып табылады.

Өзгерту реагентінің құрамына ацетониангидрин кіреді, улы зат. Ерітіндінің теріге немесе шырышыға тисе ол жерді дереу көп мөлшердегі ағын сумен жуып тастау қажет. Рег оs-ты тамшуырлауға қатаң тыйым салынады. Ішке кірген жағдайда дереу 0,5 л жылы су ішіп, құсық шақыру керек. Жиынтықтың басқа компоненттері пайдаланылған концентрацияда уытты емес.



Құралдар мен реагеттер

Спектофотометр, толқынның ұзындығы 540 нм, немесе фотоэлектроколориметр, толқынның ұзындығы 500-560 нм (жасыл жарықфильтрі), жарықты тартып алу кюветі қабырға қалыңдығы 10 мм.

- тамшуырлар, мөлшері 0,02 және 50, мл сұйықтықты ала алады;

- өлшеуіш колбаның сыйымдылығы 1,0 л;

- түтікшелер сыйымдылығы 5-10 мл;

- секундомер;

- дистилді су;

- резеңке немесе пластикалық қолғаптар.


Реагенттерді анықтау үшін дайындау

Өзгерту ерітіндісі. Өзгерту реагентінің бір сауытымен ацетонциангидриннің бір ампуласын мөлшерлеп сыйымдылығы 1,0 л, елшеуіш колбаға құямыз, кішігірім мелшердегі дистиллді сумен араластырып дистилді судың мөлшерін белгіге дейін жеткіземіз.



Тексеруді жүргізу

Шыны түтікшелерге 5,0 мл өзгерту ерітінділерін құямыз, 0,02 мл қан (251 реттік араластыру) қосамыз, жақсылап араластырып 20 минут бойы (+18-25° С) бөлме температурасында инкубациялаймыз, сонан соң тәжірибелі ұлгілердің оптикалық қалыңдығын бос үлгіге (өзгерту ерітіндісі) қарсы өлшейміз, толқынның ұзындығы 540 (500-600) нм жарықты тартып алу кюветі қабырға қалындығы 10 мм.

Гемоглобинның калибрлік ерітіндісін, тұтас қан үлгісі сияқты өңдеу қажет.

Бояу 1 сағат ішінде тұрақты.

Гемоглобиннің қандағы концентрациясын формуламен есептейді:. Е0

С х 120 ,

мұнда С - гемоглобиннің концентрациясы тәжірибелі үлгіде, г/л;

Е0 - тәжірибелі үлгінің оптикалық тығыздығы, опт.тығыз.мөлш.;

Ек- калибрлік үлгінің оптикалық тығыздығы, опт.тығыз.мөлш,;

120 - гемоглобиинің кабибрлік ерітіндідегі концентрациясы, г/л.л



Жиынтықты сақтау шарттары мен пайдалануы

Жиынтықты өндіру мекемесінің орауында +2-8° С температурасында сақтау қажет сақтау мерізімінің барлық уақытында. Жиынтықтарды +25° С 5 тәуліктен артық емес сақтау рұқсат етіледі.

Жиынтықты сақтау мерзімі - 2 жыл.

Өзгерту ерітіндісі мелдір сарғыш түсті болуы тиіс, қараңғы шыны ыдыста белме температурасында 6 айдан артық емес уақыт сақталуы мұмкін. Тұнба пайда болғанда немесе түссізденгенде ерітіндіні қолдануға болмайды. Тоңазытуға болмайды!

Гемоглобиннің калибрлік ерітіндісі сауытты ашқан соң 6 ай сақталуы мүмкін, бірақ жиынтықтың сақтау мерзімінен артық емес, нықтап жабылған жағдайда +2-8° С температурада.

4. Зерттеу жұмысының нәтижесі.

«Возрождение» бальзамын қабылдаған 1-4 курс студенттерінің қанының жасушалық құрамы мен трансаминазды белсенділігі.

Қандағы лейкоциттердің құрамының белгілі физиологиялық нормасы – (4,5-11,0)х109/л; эритроциттердің саны: ерлерде – (4,5-5,6)х1012/л, әйелдерде (3,8-4,5)х1012/л; гемоглобиннің мөлшері: ерлерде – 132-173 г/л, әйелдерде 120-140г/л.



Қанның жасушалық құрамы. Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-2 курс студенттеріне жасаған зерттеулерде «Возрождение» Бальзамын қабылдаған кейін бақылау мәліметтерімен салыстырғанда қан құрамындағы эритроциттер 4-14% көбейді және (3,61-ден 4,12)х1012/л аралығында болды, дегенмен жалпыға ортақ физиологиялық нормадан төмен қала берді. Жоғарғы топ студенттеріне жасалған зерттеулерде, әсіресе ер балдарда эритроциттердің көтерілуі физиологиялық нормаға дейін көтерілгені байқалды. (1 сурет)
1 кесте – Қызылорда қаласының жас тұрғындарының Возрождение бальзамын қабылдағанға дейінгі және кейінгі қан құрамының көрсеткіштері.

Жасы

жынысы

RBCx1012

WBCx109

Hbг/л

ББҚ-ны қабылдағанға дейін

17

Қыздар

3,61±0,12

4,81±0,11

112±12

Ұлдар

3,87±0,21

5,00±0,22

113±11

18

Қыздар

4,03±0,11

5,33±0,25

118±12

Ұлдар

3,94±0,08

5,28±0,18

115±11

19

Қыздар

4,04±0,34

4,35±0,34

118±14

Ұлдар

4,05±0,21

4,36±0,54

122±13

20

Қыздар

4,82±0,13

5,20±0,72

126±15

Ұлдар

4,18±0,14

4,68±0,52

124±12




ББҚ-ны қабылдағаннан кейін

17

Қыздар

4,12±0,21

5,22±0,21

124±10

Ұлдар

4,02±0,42

5,80±0,11

125±21

18

Қыздар

4,27±0,44

5,67±0,12

134±14

Ұлдар

3,86±0,38

5,16±0,22

110±22

19

Қыздар

4,86±0,32

5,03±0,11

143±15

Ұлдар

3,86±0,14

5,28±0,83

113±17

20

Қыздар

4,89±0,22

6,14±0,12

141±14

Ұлдар

4,18±0,24

6,32±0,16

118±18

RBCx1012/л – эритроциттердің саны, WBCx109/л – лейкоциттердің саны,

Hb г/л – гемоглобиннің саны




Гемоглобин. Биологиялық белсенді қоспаны қабылдағанға дейінгі алынған мәліметтермен салыстырғанда барлық зерттелген топтарда «Возрождение» Бальзамын қабылдағаннан кейін гемоглобиннің құрамы 10-15% көбейген (кесте1). 17-ден 20 жас аралығындағы бозбалар тобында гемоглобин көрсеткіші физиологиялық норма деңгейіне дейін көбейген – (132-173 г/л ерлерде және әйелдерде 120-140 г/л). Қыздарда гемоглобиннің шоғырлануы өсті, бірақ көрсетілген нормадан төмен болып қала берді (кесте2).

1 сурет –Қызылорда қаласының тұрғындарының қанындағы эритроциттердің ×1012/л мөлшері «Возрождение» Бальзамын қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіші.



2 сурет –Қызылорда қаласының тұрғындарының қанындағы гемоглобиннің г/л мөлшері құрамының «Возрождение» Бальзамын қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіші.

Лейкоциттер. Қызылорда Университетінің 17-18 жас аралығыныдағы студенттердің қанының құрамындағы лейкоциттер мөлшері «Возрождение Бальзамы» биологиялық белсенді қоспасын қабылдағанға дейн де кейін де айтарлықтай өзгермеді, олар 4,35 - 5,33× 109/л аралығында қала берді. Зерттелгендердің ересектеу топтары 19-20 аралығындағы студенттердің және жыныс ерекшеліктеріне қарамастан лейкоциттер мөлшері ББҚ қабылдағанға дейінгі мәліметтермен салыстырғанда 10-35% өсті. Сонымен қатар алынған мәліметтер ерлер мен әйелдердің қанындағы лейкоциттердің мөлшері физиологиялық нормаға сәйкес келді және (5,0-ден 5,8дейін)×109/л (кесте1) құрады.

3 сурет –Қызылорда қаласының тұрғындарының қанындағы лейкоциттердің мөлшері құрамының «Возрождение» Бальзамын қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіші.


Осылайша, «Возрождение» бальзамын қабылдау Қазақстанның экологиясы қолайсыз аймақтың жас тұрғындарының қанындағы эритроциттің, гемоглобиннің және лейкоциттің орташа және максималды физиологиялық норма аралығындағы мөлшерінің жоғарылауына ықпал етеді.

Қанның трансаминазасы. Аланин-аминотрансфераза (АлАТ) – трансаминдеуді катализдейтін фермент. АлАТ-ның сарысуындағы құрамдық мөлшерін абсолюттік концентрациясымен емес ферменттің белсенділігемен өлшейді. Берілген фермент ағзаның көп жерінде кездеседі, және ол бауыр кездемесінде жиірек кездеседі. АлАТ индикаторлы фермент болып саналады, және оны анықтау арқылы гепатит диагнозының барлық түрін анықтауға қолданады. Сонғы жылдары мына нормативті көрсеткіштерге бағдарлану ұсынылады: сарысудағы трансаминаз деңгейі: аланинді – АлАТ (0,1-0,68 мккат/л), аспарагинды – АсАТ (0,1-0,45 мккат/л) [71].

Алынған әдебиет: Алимова Е.К. «Дені сау адамның ағзасының физиологиялық көрсеткіштері», «Қанның морфологиялық құрамы мен биологиялық көрсеткіштері» – Ростов н/Д. 1985.-85б.

4-5 суреттерде АлАТ және АсАТ деңгейі Возрождение Бальзамын қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсетілген шекараларда өзгеріп отыр.

4 сурет - «Возрождение Бальзамын» қабылдаған жастардың кан құрамындағы АлАТ (мкка/л) өсу-кему серпінділігі.


Бальзамды қабылдағанға дейін қыздарда аланин-аминотрансферазаның шоғырлануы (АтАТ) ер балдарға қарағанда 3-12%-ға төмен болғанын атап айту қажет. «Возрождение» Бальзамын қабылдағаннан кейін айырмашылық ұлғайды, енді АлАТ деңгейі сәйкесінше 17, 18, 19 және 20 жастағы студенттер арасында ер балдарда -57, 36, 44 және 66%. Сонымен қатар «Возрождение» бальзамын қабылдағаннан кейін қыздардың АлАТ деңгейінің төмендеуі орташа алғанда 53%, ер балдарда 12% құрады.

Қыздардың құрамындағы АсАТ ферментативті белсенділіктің көрсеткіштерін ер балдардың ББҚ қабылдағанға дейінгі мәліметтермен салыстырғанда аспарагинді трансаминазаның деңгейінің 10-14%-ға өскені анықталды. «Возрождение» бальзамын қабылдағаннан кейін АсАТ деңгейі сәйкесінше ББҚ қабылдағанға дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда ер балдарда 35% ал қыздарда 37%ға өсті. (сурет5)



5 сурет - «Возрождение Бальзамын» қабылдаған жастардың кан құрамындағы АсАТ (мкка/л) өсу-кему серпінділігі.

Сонымен қатар, БАҚ қабылдағанға дейін АсАТ мөлшері белгіленген физиологиялық норманың минималды шекарасына жақындап және 0,12 ден 0,25 мккал/л дейінгі аралықта өзгеріп отырған, ал тамақтану рационына «Бальзам Возрождение» белсенді қоспасын енгізгеннен кейін АсАТ деңгейі жоғарылап, 0,12ден 0,25-ке дейін аралықта ауытқып отырған. (2кесте)

АлАТ және АсАТ көрсеткіштерінің жоғарылауына қарамастан, олардың АсАТ/АлАТ ара қатынастығы (Де Ритис коэффициенті) физиологиялық норма шекарасына жетпеді. Бұл жас адамдардың көпшілігінің бауыр қызметінің функционалды жетіспеуін көрсетіп отыр (13 кесте).



Берілген коффициенттің мағыналық белгіленуі ер балдарда 0,27-ден 0,56 аралығында және қыздарда 0,62-ден 0,92 аралығында ауытқып отырған, бұл БАҚ қабылдағанға дейінгі белгіленуден жоғары бірақ 1,3-тен 1,4-ке дейін ауытқитын физиологиялық нормадан төмен болған. Осыған қарамастан де Ритис коэффициентінің физиологиялық нормаға жақын ұлғаю үрдісі бақыланып отыр (АсАТ белсенділігінің есебінен) (3кесте).
3кесте – жас адамдарда қанның ферментативті белсенділігі мен Де Ритис коэффициентінің «Возрождение» Бальзамын қабылдағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіші


Жасы

Жыныс

АсАТмккат/л

АлАТмккат/л

Де Ритис коэффициенті

БАҚ қабылдағанға дейін

17

Ұлдар

0,12±0,01

0,55±0,03

0,22±0,02

Қыздар

0,15±0,04

0,46±0,05

0,33±0,01

18

Ұлдар

0,12±0,07

0,43±0,03

0,27±0,04

Қыздар

0,16±0,02

0,41±0,01

0,40±0,05

19

Ұлдар

0,15±0,03

0,43±0,04

0,34±0,04

Қыздар

0,16±0,02

0,42±0,05

0,38±0,03

20

Ұлдар

0,15±0,01

0,48±0,04

0,31±0,03

Қыздар

0,15±0,03

0,41±0,05

0,36±0,04




БАҚ қабылдағаннан дейін

17

Ұлдар

0,15±0,02

0,44±0,05

0,34±0,02

Қыздар

0,17±0,01

0,28±0,04

0,62±0,11

18

Ұлдар

0,18±0,04

0,38±0,08

0,47±0,04

Қыздар

0,22±0,03

0,28±0,05

0,78±0,12

19

Ұлдар

0,22±0,03

0,39±0,05

0,56±0,08

Қыздар

0,22±0,03

0,27±0,03

0,81±0,17

20

Ұлдар

0,25±0,04

0,45±0,06

0,55±0,04

Қыздар

0,25±0,08

0,27±0,03

0,92±0,08

Әдебиеттегі мәліметтерге сүйенсек, АсАТ немесе аспартатаминотрансфераза – жасушалық фермент, ол аминқышқылдарының алмасуына қатысады. Бұл әдебиет: Андрушкевич В.В. Новосибирск 2006.-48б. «Қанның биохимиялық көрсеткіштері, олардың референсті мағынасы, қан құрамының өзгеруі»

АсАТ жүрек кездемесінде, бауыр, бүйрек, жүйке ұлпасында, қаңқа бұлшықеттерінде және басқа органдарда бар. Бұл әдебиет: Меерсон Ф.З. «Общий механизм адаптации» Москва, Медицина, 1073. 316б.

АсАТ осы органдарда жоғары болғандықтан,қан құрамын анықтау миакард, бауыр, әр түрлі бұлшық ет ауруларын анықтаудағы қажетті әдіс. Қандағы анализде АсАТ мөлшері жоғарыласа, ағзада миокард инфарктісі, вирусты, улы, алкогольды гепатиті, стенокардия, ұйқы безінің қабынуы, бауыр рагы, өткір ревматизмді жүрек қабынуы, ауыр физикалық жүктеме, жүрек мүкісі ауруларының болуын көрсетеді.

АлАТ да АсАТ-мен қатар бауырда, бүйректе, жүрек бұлшық етінде, қаңқа бұлшық етінде көп мөлшерде болады. Бұл органдардың әр түрлі патологиялық әсерінен жасушаларының бұзылуы салдарынан АлАТ адамның қан құрамына шыға бастайды. АлАТ-ның белсенділігінің жоғарылауы мына қауіпті аурулардың белгісі болып табылады, олар: вирусты гепатит, бауырдың улануы, бауыр циррозы, созылмалы маскүнемдік, бауыр рагы, бауырдың дәрілер улануы /антибиотиктер/, сары ауру, жүрек мүкісі, миокард, ұйқы безінің қабынуы, миокард инфарктісі, естен тану, күйікке шалдығу, қаңқа бұлшық еттерінің жарақаты мен некрозы, көлемді инфаркт. АлАТ-ның белсенділігінің төмендеуі бауырдың ауыр ауруында байқалады және АЛТ-ны синтездейтін жасушалар мөлшерінің азаюымен, сонымен қатар В6 дәруменінің жетіспеушілігімен байланысты. Бұл әдебиет: Андрушкевич В.В. Новосибирск 2006.-48б. «Қанның биохимиялық көрсеткіштері, олардың референсті мағынасы, қан құрамының өзгеруі»

Қан сарысуындағы АлАТ – аланин трансаминазы (аминотрансфераза) мөлшерін анықтау өткір немесе созылмалы бауыр ауруын анықтаудағы көп тараған тест болып саналады. Бұл аминотрансфераздың қанда болуы мүшенiң үлпершектi бөлiгiнiң бұзылуы және гепатоцеллюлярлы некрозын таңбалайтын кеңінен пайдаланатын әдіс. Нормада қан сарысуындағы тарнсфераза мөлшері аз ғана болады. Сонымен қатар бұл феременттің қандағы мөлшерінің көбеюі экологиясы қолайсыз аймақ тұрғынадырының ағзасының әр түрлі улануының салдарынан болады.

Осылайша, «Возрождение» Бальзамын қабылдағанға дейін экологисы қолайсыз аймақтың жас тұрғындарының және олардың созылмалы улануға ұшыраған кездегі қанындағы ферментативті белсенділігі, физиологиялық нормадан төмен болса, ББҚ-ны қабылдағаннан кейін көпшілігін тексерген кезде трансаминаз белсенділігінің қалпына келгені байқалды. Тек 17-18 жас аралығындағы ер балдардың ферментативті белсенділіктің төмен деңгейде болуы анықталды.

Бұдан басқа, Қызылорда Университетінің студенттерімен «Возрождение» Бальзамын 3 ай қабылдағаннан кейін сұхбаттасқанда көпшілігі: есте сақтау қабілетінің артқанын, жалпы белсенділігі мен жігерленуін, суық тию мен вирусты аурулармен ауруының төмендеуін, бет терісінің жақсаруын атап айтқан.



6. Алынған нәтижелерді талқылау

Қазіргі таңда тұрғындардың денсаулығы көптеген факторлардың қатарына- экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық табиғи-климаттың және т.б. байланысты болатындығы анықталды. Сондықтанда әр қайссының әсері жалпы денсаулық жағдайына түрлі шарттар бойынша анықталады. Қазақстанда және шетелде жүргізілген зерттеулер бойынша, тұрғындардың денсаулық жағдайы көптеген факторлармен анықталады. Атап айтқанда тұрмыс пен еңбек (50-55%), қоршаған орта (20-25%), генетикалық факторлар (15-20%), медициналық көмектің ұйымдастыруы (10-15%), екендігі анықталып отыр. Сәйкесінше жоғары деңгейде өмір сүрудің негізгі маңызды факторы дені сау тұрғын, яғни, соның негізінде тиімді еңбек етуге материалдық жетістікке мүмкіндік туады. Республика бойынша 1990-1995ж аралығында адам дамуының индексі (АДИ), 534 тен 93 орынға өзгергендігі белгілі, бұл көрсеткіш 2006 жылы қайта орнына, республика бойынша 78 орынға қайта қалпына келді.

Бұл мәселелердің ішінде қазақстанның экологиялық қолайсыз аудандарындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу маңызды рөл атқаруды, осы мақсатта 90-ші жылдардан Қызылорда облысының тұрғындарының денсаулығының өзгерісінің динамикасы 12 жыл бойына зерттеліп келді. Бұл зерттеулер қызылорда облысымен қазақстан республикасындағы тұрғындардың денсаулығына зерттеу жүргізген жылдары бірдей өзгеріп отырады. Бұл динамикалық өзгерістерге белгілі әлеуметтік, медициналық факторлар әсер етеді. 1991-1999 жылдары аралығында әлеуметтік факторлар әсер етіп, жұқпалы емес ауырулардың негізі және өлімнің ижоғары деңгейіне алып келеді.

Созылмалы ауырулардың нәтижесінде қалалық емделушілерде Көбінесе жүрек-қан тамырлар ауыруы (30,3%), тыныс алу органының аурулары (29,8%), зәр- жыныс жүйесінің ауырулары (26,3%), ішек- асқазан аурулары (23,9%) және гинекологиялық аурулар (17,8%), болып кездесетіндігі анықталды. Сонымен бір мезгілде ауылдың тұрғындарында бірінші орында асқазан- ішек, аурулары (28,0%), екінші орында тыныс алу мүшесінің аурулары, ал үшінші орында жүрек-қан тамырлар аурулары, (29,8%), төртінші орында зәр- жыныс жүйесінің аурулары (23,9%) және бесінші орында гинекологиялық аурулар (17,8%), кездесетіндігі анықталды.

Бұл әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша қызылорда обылысының донозологиялық аурулар құрылымы атақты экологиялық және әлеуметтік мәселелермен әсіресе, ауданның аумағында кездесетін аурулармен сәйкес келеді.

Қызылорда қаласының жас тұрғындарын зерттеу барысында жас дені сау тұрғындарда эритроцит мөлшерінің, қандағы гемоглобин мөлшерінің төмендегені байқалған. Қызылорда қаласында тұратын және оқитын студенттерде гемоглобин мөлшері 32%-ға төменднгені анықталады.

ҚОРЫТЫНДЫ


  1. Аралмаңы тұрғындарына климатогеографиялық және антропогендік факторлардың жағымсыз әсері, кері әсер ететіндігі байқалды.

  2. Қызылорда қаласының студенттерінің қандағы гемоглобин мөлшері физиологиялық қалыпты шектен төмен екендігі анықталды.



  1. ҚМУ студенттерінің қанында АсАТ ферментативтік белсенділігі өсе келді, ал АлАТ – төмендеді, осыған орай АсАТ/АлАТ арақатынасы – де Ритиса коэффициенті – 0,34 тен 0,92 бірлікке дейін өзгеріп тұрды, ал ол бауырдың жеткіліксіз белсенділігін айқындады;




  1. «Возрождение» Бальзамын 3 ай мерзімінде қабылдау барысында Қазақстанның экологиясы қолайсыз жерлерінде тұратын жастардың қанында физиологиялық норманың орташа көрсеткішіне дейін эритроциттердің, гемоглобиннің, лейкоциттердің деңгейін жоғарылатты.


РЕЗЮМЕ

На автореферат диссертации на соискание академической степени магистра естественных наук по специальности - 6М060800 - Экология
БАЙЖАХАНОВА АЙГУЛЬ ШАЙХИСЛАМОВНА
Влияние экологических неблагоприятных факторов на организм человека в Приаралье и методы их коррекций
Актуальность настоящего исследования. Состояние здоровья населения, проживающего в данном регионе, усугублено воздействием вредных факторов окружающей среды, ведущим из которых является интоксикация тяжелыми металлами и другими токсическими веществами. Известно, что для тяжелых металлов характерны высокая токсичность, мутагенные и канцерогенные эффекты. Поэтому для установления особенностей заболеваемости населения в таких регионах необходимо проведение комплексных исследований на клеточном и системном уровнях. По проведенным исследованиям в неблагоприятных экологических регионах Казахстана антропогенное воздействие на окружающую среду столь велико, что по отдельным данным не соответствует санитарным нормам.

Многолетние исследования проведенные на территории Кызылординской области показали загрязнение почвы, воды, а также растительного покрова токсическими веществами концентрация которых значительно опасны для организма человека. В регионе освоение нефтегазовой и других месторождении дополнительно влияет на окружающую среду. Основным направлением экологическтой физиологии является комплексное воздействие на общие показатели крови биологически активными и фитопрепаратами для значительных улучшении у лиц проживающих в экологической кризисной зоне Приаралья.



Цели и задачи диссертационного исследования. Предложить пути решения влияния на организм человека экологических неблагоприятных факторов.

1. Исследовать физиологические параметры крови человеческого организма проживающих в экологических кризисных зонах Приаралья.

2. Исследовать комплексное влияние экологических факторов на физиологические параметры крови и возможное улучшение их используя бальзам «Возрождение».

Объект исследования. Жители города Кызылорда в возрасте от 17 до 20 лет.

Научная новизна. В составе биологически активной добавки Бальзам «Возрождение» - уникальный комплекс низкомолекулярных соединений йода (йодат калия с массовой долей йода 0,5%), и вспомогательных веществ - крахмал, глицерин, кислота молочная, яблочный уксус, аскорбиновая кислота, глюкоза, натрия хлорид, вода дистиллированная. Бальзам обладает иммуностимулирующим, сахароснижающим, гепатопротекторным свойствами, оказывает антиоксидантное, антипаразитарное, антисептическое, антивирусное и антимикробное действие. Применение Бальзам «Возрождение» основано на методике ускоренного насыщения организма йодом.

Эксперты ВОЗ предложили считать безопасной дозу йода менее 1000 мкг в сутки. У лиц участвующих в эксперименте регулярное применение бальзама показали хорошие результаты.



Прикладное содержание диссертационной работы. Полученные данные помогли внести изменения в общее представление о воздействии экологических факторов на организм человека и пути их решении.

Полученные экспериментальные данные были внедрены для студентов Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата специальности «Биология» и «Экология» в курсе лекции по Экологической физиологии, а также можно использовать на специальных курсах повышения квалификации учителей биологов.



Результаты и одобрение работы к защите.

  1. У студентов КГУ в крови ферментативная активность АсАТ возрастала, а АлАТ – снижалась, в связи с чем соотношение АсАТ/АлАТ – коэффициент де Ритиса - колебалось от 0,34 до 0,92 единиц, что отражало недостаточную активность печени;

  2. Применение Бальзама «Возрождение» на протяжении 3х месяцев способствовало росту уровня эритроцитов, гемоглобина, лейкоцитов в крови у молодых представителей экологически неблагоприятного региона Казахстана до средних значений физиологической нормы;

Прикладное содержание диссертационной работы. Результаты полученных исследований могут быть использованы в качестве вспомогательного материала для формирования экологических понятий у студентов биологической специальности. Полученные материалы внедрены в курс предмета «Физиология человека и животных» кафедры «Биология и география» КГУ имени Коркыт Ата.

Результаты и одобрение работы к защите.

Разработанную структурно-содержательную модель и предлагаемую методику формирования экологических понятий можно использовать в высших учебных заведениях при изучении курса «Физиология человека и животных» и в курсах повышения квалификации учителей. Результаты исследований были опубликованы международной научно-практической конференции посвященная 70-летию профессора Н.Г. Асанова

Влияние метил-1,2,4-триазола на ПОЛ и активность каталазы тканей крыс. Бахтиярова Ш.К.,Колбай И.С., Капышева У.Н., Баимбетова А.К., Курманбаев Р.Х., Байжаханова А.Ш. Материалы межд.научно-практич. конф. « Современные проблемы борьбы с особо опасными, экзотическими и зооантропонозными болезнями животных» посвящ... 70-летию проф. Н.Г.Асанова. –2 том.-Изд-во КазНаУ.-Алматы,-2012.-с.81-85.
SUMMARY

On the author's thesis for the academic degree Master of Science in specialty 6M060800-Ecology
BAYZHAKHANOVA AIGUL SHAYKHISLAMOVNA
Influence of ecological unfavorable factors on the organism of man in Aral sea and methods of their corrections
Actuality of the real research. The state of health of population resident in this region is aggravated by influence of harmful factors of environment, leading from that intoxication is heavy metals and other toxic substances. It is known that for heavy metals the high toxicness, mutagene and carcinogenic effects is characteristic. Therefore for establishment of features of morbidity of population in such regions realization of complex researches is needed on cellular and system levels. On undertaken studies in the unfavorable ecological regions of Kazakhstan the anthropogenic affecting environment is so great, that from separate data falls short of to the sanitary norms. Long-term studies are undertaken an on territory of the Кyzylorda area showed contamination of soil, water, and also vegetable cover by toxic substances concentration of that considerably dangerous for the organism of man. In a region mastering oil and gas et al deposit additionally influences on an environment. Basic direction of physiology is the complex affecting general indexes of blood bioactive and by the plant-based preparations for considerable improvement at the persons of resident in an ecological crisis zone.

The object of the study. To offer to the way of decision of influence on the organism of man of ecological unfavorable factors.

1. To investigate physiological parameters of blood of human organism of resident in ecological crisis zones.

2. To investigate complex influence of ecological factors on the physiological parameters of blood and possible improvement using them to the balsas "Revival".

The methods of research.

Scientific novelty. In composition bioactive addition Balsam "Revival" is an unique complex of low-molecular connections of iodine(йодат of potassium with the mass stake of iodine of 0,5%), and auxiliary substances is starch, glycerin, acid milk, apple vinegar, ascorbic acid, glucose, natrium chloride, water distilled. A balsam possesses immunoprotektor, by gepatoprotektor properties, renders an antioxidant, antiparasitogenic, antiseptic, anti-virus and antimicrobial action. Application "Revival" is based Balsas on methodology of speed-up satiation of organism an iodine.

The experts of World Health Organization suggested to consider safe the dose of iodine less than 1000 mcg in twenty-four hours. At the persons of participating in an experiment regular application of balsam was shown by good results.



Applied maintenance of dissertation work.

The results of research can be used as supporting material for the formation of ecological concepts in students majoring in biology. These materials are introduced in the course of human and animal physiology "at the Department of biology and geography," KSU name Korkyt ATA.



Results and approval of work to defence.

Developed by the structural and content model and proposed methodology of environmental concepts can be used in institutions of higher learning in the course of human and animal physiology and in refresher courses for teachers. The worked out structurally-meaningful in content model and offered methodology of forming of ecological concepts can be used in higher educational establishments at the study of course "Physiology of man and animals" and in the courses of in-plant training of teachers. The results of researches were published to the international research and practice conference sanctified to the 70year of professor N.G.Assanova

Methyl-1 influence, 2,4- triazole on PAUL and activity of catalase of fabrics of rats. Bakhtiarova Sh.K., Kolbay I.S., Kapysheva U.N., Baymbetova А.К., Kurmanbayev R.Kh., Bayzhakhanova А.Sh. Materials of International scientific-practical conference "Modern problems of fight against extrahazardous one, exotic and by zoo anthroponotic illnesses of animals" of devoted to the 70 year of professor N.G.Assanova. - 2 part.- publishing house KazNAU.-Almaty, - 2012.-p.81-85.









©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет