Рефераты қызылорда,2013ж



бет1/2
Дата02.05.2016
өлшемі409.85 Kb.
түріРеферат
  1   2

ӘОЖ 37.036:37.01:7.067.26 Қолжазба құқығында


ТЛЕУМБЕТОВА ГҮЛМИРА ЕЛУБАЕВНА

Болашақ педагогтардың қазақ халық музыкасы арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру

6М010300 – "Педагогика және психология" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация жұмысының

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда,2013ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Гуманитарлық-педагогикалық институты "Педагогика және психология" кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.К.Момынбаев




Ғылыми кенесші:




Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Ш.М.Майгельдиева












Ресми оппонент:

Педагогика ғылымдарының кандидаті, профессор

С.Г.Тәжібаева



Магистрлік диссертация 2013 жылдың "___" маусымында сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінің (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 а, №7 оқу ғимараты, Гуманитарлық-педагогикалық институты, №____ дәрісхана) диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.



КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазақ халық музыкасы негізінде болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі тұтастай зерттелініп отыр. Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде музыка өнерін пайдалану, оларды ұлттық мәдени тұрғыда, эстетикалық мазмұнында пайдалану, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері сипатталған, Қазақстан Республикасындағы ұлттық тәрбие берудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет пен тарихымыздың дамып, өркендеуі, халқымыздың рухани бай мұрасын және салт-дәстүрлерін қастерлеу – еліміздің дүниежүзілік өркениеттегі егемендігін, дербестігін дәлелдейді. Осы өркениетті елдер қатарына қосылуға ықпал ететін болмыс – адам болып саналады.

Болашақтың адамы – парасатты, иманды, елгезек те, қаракетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін адам; ол адамның мәндік күшінің шын бірлігінің мұратын, оның рухани және тәндік кемелдігінің мұратын бейнелейтін салиқалы, жан-жақты дамыған тұлға. Бұл өз заманының талабына сай өмір сүруге қабілетті, эстетикалық талғамы жоғары адам ғана өмірдің әсемдік құндылықтарын жоғары бағалай алады деген түсінікті қамтамасыз етеді. Өйткені, өмір салты, рухани мұра, әсемдік қасиеттер – адам баласының құндылықты эстетикалық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру – қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда: "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау" керектігі белгіленген.

"Қазақстан – 2030" стратегиялық бағдарламасында "Жеке адамның шығармашылық, рухани және мәдени мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік құндылықтар негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісті байыту" деген міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Бүгінгі таңда жастардың рухани мәдениетін дамытуда және эстетикалық тәрбиенің ұтымдылығын арттыруда халықтық өнерді рухани-мәдени құндылық ретінде зерттеудің, оның тәлім-тәрбиесі, мол тәжірибесі негізінде жоғары мектепте студенттерді тәрбиелеудің теориялық-практикалық негіздерін зерттеудің қажеттілігі туындап отыр.

Осы мақсатты жүзеге асыру ұлттық мәдени құндылықтар негізінде студенттерге эстетикалық тәрбие беру, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мәселесін зерттеудің көкейкестілігін айқындайды.

Осыған орай, қазақ эстетикалық ой-пікірлерінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап, көшпелілер мәдениетіндегі ұлттық құндылық, эстетикалық болмыс пен таным туралы түбегейлі мәселелерді көркем формада баяндаған. әл-Фараби, Ж.Баласұғын, Ғ.Қашқари, Қ.А.Иассауи, А.Үйгінеки, Асан қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шал ақын, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев және т.с.с. ғалымдар еңбектерінің негізгі өзегі философиялық, эстетикалық ойларды терең дамыту болып табылады.

Қандай бір халықтың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруда, екіншіден, өз халқының ұлттық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай жағдай басшылыққа алынған жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты – адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны тәрбиелеу болып шығады.

Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін, оның ішінде музыка өнерін, жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесінің мол тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани қарым-қатынас жағдайлары жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын осы үдеріс талаптарына сай ойластыруды қажет етеді. Демек, студенттерге әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім мен тәрбие беру маңызды мәселеге айналып отыр. Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде музыка өнерін пайдалану, оларды ұлттық мәдени тұрғыда, эстетикалық мазмұнында пайдалану, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық жүйелілікті талап етеді.

Бұл мәселеде, қазақстандық философ ғалымдардың зерттеулерінде (Ә. Нысанбаев, А. Қасабеков, Алтаев Ж., І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев, М. Орынбеков, Д. Кішібеков т.б.) "дүниетаным", "мәдениет", "эстетикалық мәдениеті" саласында көптеген құнды ой-пікірлері мен көзқарастары жан-жақты мазмұндалған. Осы тұрғыда біздің зерттеуімізге негіз болған бірқатар педагог-ғалымдардың – С.Ұзақбаева, Ұ.Әбдіғапбарова, А.Жұбанов, Ш.Әлібеков, Б.Ерзакович, Қ.Әмірғазин, Б.Әлмұқанбетов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ү.Мелдебекова және т.б. еңбектері студенттерге, эстетикалық тәрбие берудің жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін қамтыса, жоғары мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселелері Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, И.Оршыбеков, Қ.Жолдасбекова, Қ.Ералин, Қ.Ижановтар және т.б. зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілген.

Зерттеу мәселесі төңірегінде келесі ғалымдардың еңбектері қызығушылық тудырды:



  • психиканың онтогенездегі дамуы мен тұлғаның қалыптасуы (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, М.С.Каган, Д.Н.Кикзадзе, Л.М.Фридман, Б.Ф.Ломов және т.б.);

  • студенттік жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар және олардың тұлғалық дамудағы өзіндік сана-сезімдерді зерттеген теориялары (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, В.В.Драгунова, Д.И.Фельдштейн, В.В.Столин, А.В.Захарова және т.б.);

  • студенттердің дамуын тарихи-педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастырған ғалымдар (Л.К.Керімов, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифонов, Ж.Б.Шілдебаев, А.Н.Көшербаева, Т.А.Алсатов, С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, Қ.Т.Шериязданова, О.С.Санғылбаев, Ж.Өмірбекова, Т.М.Шалғымбаев және т.б.).

Өскелең ұрпақты өз ұлтының өнерімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру, халықтық педагогика саласында терең мазмұнды зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, Қ, Қожахметова, М. Балтабаев, Р. Дүйсенбінова, А. Көбесов, З. Әбілова, А.А. Қалыбекова, Қ. Болатбаев, И. Оршыбеков, Қ. Бөлеев, Д.Қ. Пошаевтың еңбектерін атап өтуге болады. Халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері, мазмұндары ондағы еңбек, ақыл-ой, эстетикалық адамгершілік, тәрбие берудің жекеленген әдістері мен амал-жолдары баяндалып, студенттер дүниетанымын қалыптастырудың тәрбиелік мәні ерекшеленіп көрсетілген.

Қазақстан ғалымдары С.А. Ұзақбаева, М. Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, М. Оразалиева, Ш.Б. Құлманова, Е.Ш. Қозыбаев, Р.К. Дүйсенбінова, К.А. Ибраева, Н.А. Гончарова және т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін студенттер тәрбиесінде (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен.

Дегенмен, педагогикалық әдебиеттерді талдау және зерттеулер жалпы музыка өнерінің, оның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі, педагогикалық шарттарына (әдістер, формалар, тәсілдер т.с.с.) оның ішінде жоғары оқу орындарындағы маңызына ғылыми-педагогикалық зерттеулер жасалынбағанын көрсетеді. Яғни, жоғары оқу орындарындағы студентерді халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, оқыту және олардың эстетикалық мәдениетің қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет екендігі айқындалды.

Демек, зерттеліп отырған мәселенің теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де қарастырылмауы себептері төмендегідей қарама-қайшылықтардан екенін байқатады:



  • музыка негізінде, оның ішінде халық музыкасы арқылы, студентердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіншілігі мен олардың оқу-тәрбие үдерісінде жүйеленбегендігі;

  • тиімді әдістемемен қамтамасыз етілмеуі;

  • оларды іске асырудың педагогикалық негіздері жасалынбағандығы.

Оқыту үдерісінде музыка арқылы студентердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық және ғылыми әдістемелік жолдарын қарастыру, біздің зерттеу проблемаларымызды айқындап берді және тақырыпты "Болашақ педагогтардың қазақ халық музыкасы арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру" деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты – жоғары оқу орындарында студенттерін музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселесін теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негіздеу, оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру.

Зерттеудің нысаны – жоғары оқу орындарындағы "Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері" мамандығының студенттеріне эстетикалық тәрбие беру.

Зерттеу пәні – музыка арқылы студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастурдың үдерісі.

Зерттеу ғылыми болжамы: егер, жоғары оқу орындарының студенттеріне эстетикалық мәдениетін қазақ халқының музыкалық шығармаларына негізделіп, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі мен мүмкіндіктері аңықталса, осы салада тәрбие беру моделі жасалып, өлшемдері мен көрсетілімдері аңықталса және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалып, тәжірибелік-экспериментте тексерілсе, нәтижесі шығарылса, онда жоғары мектеп студенттерінің музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру деңгейі тиімді болады, өйткені музыка студенттердің эстетикалық талғамдары мен қызығушылықтарының дамуына ықпал етіп, бейім-қабілеттерін қалыптастырған болар еді.

Жетекші идея: студентердің эстетикалық мәдениетін музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері, педагогикалық шарттары, мазмұны мен әдістемесі ұлттық мазмұнында анықталады.

Зерттеу міндеттері:

  • болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

  • болашақ педагогтардың музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;

  • болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайын жасап, өлшемдері, көрсеткіштері мен денгейлерін белгілеп, педагогикалық шарттарын айқындау;

  • болашақ педагогтардың музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізінде қосымша бағдарлама жасау, оның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте дәлелдеп, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға және іс-әрекет теориясы, таным теориясы, жалпы адамзат және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлікте болуы туралы әлеуметтік-мәдени теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар, өнерді қабылдау теорияларымен қазіргі ізгілікті тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік құжаттар.

Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың тәрбие, даму негіздері, қазақ музыкасы туралы ғылыми енбектері, Қазақстан Республикасының ресми материалдары, Үкіметтің қаулы-қарарлары, қағидалары және т.б. музыканы оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелер.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, музыка мұраларына, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге зерттеу тақырыбы бойынша теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізу.

Зерттеу базасы: Эксперимент жұмыстары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүргізілді. Экспериментке 5В010600, 050106-"Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері" мамандығының студенттері қатысты.

Зерттеудің кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2011-2012) "Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері" мамандығы студенттерінің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың барысы, этнопедагогикалық мәдениетінің жағдайы анықталды; зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды, ғылыми аппарат және эксперимент бағдарламалары айқындалды.

Екінші кезеңде (2012-2013) "Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері" мамандығы бойынша білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар талданды. Жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың эксперименттік-педагогикалық жұмыс бағдарламалары дайындалып, оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылды. Эксперименттік материалдар жинақталып қорытындыланды.

Үшінші кезеңде (2013) эксперименттік жұмыстар жалғастырылып, алынған қорытындылар үдерісіне енгізілді. Эксперимент қортындылары бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалынды.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • "эстетикалық мәдениет", "эстетикалық тәрбие" ұғымдарының өзара байланысыңың мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;

  • болашақ педагогтарға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру мезанизмі жасалды;

  • болашақ педагогтардың музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалды;

  • болашақ педагогтардың халық музыкасы негізінде эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы даярлықтың мазмұны мен әдістемесі жасалынып, оның тиімділігі эксперименттік-педагогикалық жұмыстар арқылы тексерілді.

Зерттеудің практикалық маңызы: Жоғары оқу орындарындағы студенттердің эстетикалық мәдениетін музыка арқылы тәрбиелеуде жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды орта арнаулы оқу орындарының оқу-тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болады. Студенттерге музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды. Сондай ақ, зерттеу нәтижелерін арнайы курсты өтуде пайдалануға болады; сондай ақ, зерттеу нәтижелерін арнайы курсты өтуде пайдалануға болады: "Қазақ халық музыкасы арқылы эстетикалық тәрбие берудің негіздері" атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, оқу үдерісіне енгізілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • "эстетикалық мәдениет", "эстетикалық тәрбие" ұғымының ғылыми-педагогикалық тұрғыдағы мәні мен мазмұны;

  • болашақ педагогтарына музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің объективті қажеттілігі мен тиімді әдіс-тәсілдері, нобайы мен механизмдері;

  • студенттердің эстетикалық даму деңгейлерінің мәнділік көрсеткіші;

  • 5В010600, 050106 – "Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері" мамандығының оқу-тәрбие үдерісіне енгізілетін жұмыстар мазмұны және әдістемесі.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеудің ғылыми- педагогикалық бағыты мен зерттеу пәніне сәйкес өзара байланыстағы кешенді әдіс-тәсілді қолдануымен, тәжірибелік-эксперименттік зерттеудің мақсат пен міндетке сәйкестілігімен, алынған бастапқы және соңғы нәтижелердің математикалық әдістерімен қорытындылауымен, зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференциялардың жинақтарында Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы музыканың ролі. "Аспирант. Докторант. Гуманитарлы-әлеуметтік зерттеулер" атты ғылыми-теориялық және қолданбалы кең профильді журнал. (Түркістан-Москва, 2013ж–баспада). "Актуальные проблемы профессионального обучения в условиях новой формации" атты ғылыми-практикалық конференциясында ( Түркістан-Москва, 2013ж., 25-26 сәуір ), Ақмешіт гуманитарлық-техникалық университетінің "Ақмешит хабаршысында" және Гуманитарлық-педагогикалық институты ғылыми-әдістемелік семинарының отырыстарында талқыланды, басылым көрген мақалаларда көрініс тапты. Зерттеу бойынша 2 ғылыми мақала жарық көрді.

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу мәселесінің көкейкестілігі мен маңызы негізделген, жұмыстың мақсаты, нысанасы, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері мен болжамы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелдігі, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.

"Жоғары оқу орындарында студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері" деп аталатын бірінші тарауда зерттеудің теориялық негізі тұрғысында отандық, ресейлік және шетел ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой-пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, педагогикалық-психологиялық негізі анықталды, құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалды.

"Болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қазақ халық музыкасы арқылы қалыптастырудың әдістемесі" атты екінші тарауда эстетикалық мәдениетін халық музыка арқылы қалыптастырудың мазмұны, әдістері жасалынып, эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға қатысты қорытындылар мен ұсыныстар берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында қазіргі дәуір кезеңінде оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып отыр. Шаруашылық пен тұрмыс ұйымдастырудан, сәулеткерлік пен кәсіпшіліктен, бейнелеу өнері мен киім-кешектен, суырып салма ақындық пен әуезден, әншілік пен билеу машығынан, қоғамның имандылық, ізгілік дәстүрінен көрінетін қазақ жасампаздығы мен шығармашылығының әлі де болса ашыла қоймаған тұстары жеткілікті. Қазіргі ұрпақтың негізгі мақсаты – осы мәселені шешу. Өйткені қазақ халқының рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына дүниетанымдық көзқарасының жоғары деңгейде дамуына әсері ерекше болып табылады. Осындай үрдісте қазақ халқының музыка әсері өзгеше, осыны ескере отырып, біз ең алдымен оның "мәдениет" ұғымына және осы арқылы адам баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қалыптастырудағы рөліне назар аудардық.

Осы орайда, ұлттық және эстетикалық мәдениеті мәселелерін зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Жалпы болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі "мәдениет", "эстетикалық тәрбие беру", "эстетикалық мәдениеті", "эстетикалық құндылықтар" ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтау қажет екені байқалды. Яғни психологиялық, педагогикалық тұрғыдан эстетикалық мәдениетінің мәні және құрылымы ашып көрсетілуі тиіс.

Біздің зерттеу жұмысымыз үшін жалпы педагогикалық теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған, сонымен қатар тәрбие аспектілерін зерттеген ғалымдар С.Ұзақбаева, А.А.Қалыбекаева, Ж.Асанов, Т.М.Әлсатов, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, С.Ғаббасов, Р.Қ.Дүйсенбінова, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев, Қ.Ералин, Қ.Болатбаев және т.б. оқу-тәрбие үдерісіне байланыстардың теориялық маңыздылығын атап өткен. Қазақ халқының педагогикалық-психогиялық негіздері А.Кұнанбаев, Ы.Алтынсарин, К.Б.Жарықбаев, А.Көбеев, Қ.Бөлеев, Б.А.Альмуханбетов еңбектерінде қарастырған. Эстетикалық білім мен тәрбие беру мақсатында көрнекті ғалымдар Әл-Фараби, Қ.А.Иассауи, Ж.Баласағұни, Ө.Тілеуқабылұлы, Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, М.Көпеев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінде жарық көрген.

Қазіргі таңдағы жаңа педагогикалық технологиялар және қазақ ұлттық педагогикасы негізінде студентердің музыкалы эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңыздылығы және нәтижелігі арта түседі, егер:



  • қазақ ұлттық педагогикасы арқылы студенттердің музыкалық білімін дамыту ерекшеленсе;

  • музыка пәні оқытушысы ғылыми теориясы мен педагогикалық идеяларын қазақ ұлттық негізде ұштастыратын болса;

  • қазақ ұлттық педагогикасын дамытуға талдаулар жасалынса.

Жалпы "эстетика" термині ежелгі гректің "aijsgavnomas" - «сезу», "aijsghtikov" – "сезіммен қабылданатын" деген сөздерінен шығады. Энциклопедиялық сөздіктерде "эстетика" термині жан-жақты қарастырылып, оның адамның сезімдік қабылдауының көрінісі ретіндегі мәні терең ашылған. Философиялық сөздікте: "эстетика (гр. Aisthetikos-сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым" - деп қарастырады.

Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін былай түйіндесе болады: жас ерекшелік кезеңнің даму ерекшеліктеріне сәйкес, эстетикалық тәрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік жастардың өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық – рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамының тұрақтылығымен; үшіншіден, сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары және қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады. Осыдан, жастардың өмір салтының мәні мен басты құндылығы – әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады.

Музыкалық педагогикада (Б.В.Астафьев, В.Н.Шукая, Н.А.Гроздянская, О.А.Апракана, Н.А.Ветлугина, В.А.Дышлевская) халық музыкасына қызығушылықтың өзінен-өзі туа салмайтыны көрсетіледі. Қазақ халық музыкасының педагогикалық оқыту процесін үш салаға бөлген орынды секілді.


  1. Музыкалық-теориялық білімді игеру.

  2. Вокалдық-аспаптық орындаушылық ойлаумен, эмоция мен қабылдаумен т.б. байланысты психикалық-физиологиялық процесс екенін еске ала отырып ансамбльде ойнау дағыдылары т.б. қасиеттерді қалыптастыру.

Жоғары оқу орындарының қоғамдық кәсіптер факультетінің әрбір тыңдаушысының жауапкершілігін, эстетикалық, адамгершілік мұраттарды тәрбиелеу.

Қазақ халқының музыка өнері - толғау, терме, нақлият әндер және жаназалау, үйлену, еңбек, шаруашылык, кәсіп, тұрмыс салт әндері болып бөлінеді. Қазақ халкының музыкалык шығармашылығы өзінің сан ғасырлар бойындағы дамуында музыка тілінің бейнелеу құрамы жағынан негізінен, екі бағытта вокалдық және аспаптық музыка түрінде калыптасты. Бірінші - терме сарынды және кең тынысты созып айтатын шалқымалы әннің түрлері де, екіншісі - домбыра, қобыз және баска үрлеп ойнайтын аспаптарда орындалатын, көбінесе, белгілі бір оқиғаға байланысты болып келетін күйлер. Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер шын өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етеді. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Халық музыкалық шығармашылығы студент тұлғасын эстетикалық тәрбиелеудің құралы бола алады (1 сурет).

Музыкалық тәрбие – адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойына музыкаға тебіреніп, толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметтің қоғамдық тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен білім әлементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әрбір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу эәне даму процесі өзінше жүретіні мәлім.

Эстетикалық (эмоциялық) тәрбие – тәрбиелеу мақсаты мен тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Эстетикалық тәрбиелуе міндеттерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады – теориялық білімдерді меңгеру және практикалық икемділіктерді қалыптастыру. Біріншісі эстетикалық құндылықтарды игеруді, ал екіншісі эстетикалық әрекетке белсенді араласуды көздейді.



Эстетикалық әрекетке араласу міндеттері төмендегідей:

  • эстетикалық білімдерді қалыптастыру;

  • эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;

  • өткен тарихтың эстетикалық және мәдени мұрасын меңгеру;

  • ақиқатқа эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • эстетикалық сезімдерді дамыту;

  • адамға өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі эстетика көрсету;

  • өмірін және іс-әрекетін әсемдік заңдылықтары негізінде құру қажеттілігін дамыту;

  • эстетикалық мұратты қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды ажырата білуді қалыптастырып ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады































1 сурет - Халық музыкалық шығармашылығының студенттерді эстетикалық тәрбиелеудің мүмкіндіктері

Жастарға эстетикалық тәрбие беруде халық музыкасының маңызы зор. Қазақтың ұлттық музыка өнері ғасырдан-ғасырға дәуірлеп келе жатқан сарқылмас өнер. Уақыт зымырап, жылдар жылжып өткен сайын тамырын тереңге тартып, өрісін кеңейтіп, барынша даму үстінде. Бұған барша халықтың көзі әбден жетіп отыр. Ақынжандылық, шешендік пен өнерпаздық, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ғұрыптары, рәсімдері мен саалт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ адамзаттық асыл қасиеттерді игіліктермен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білу, игеру, қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгеру - басты міндеттер.

Музыкалық материалды игеру үстінде студенттерде гармония жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер қажет. Педагогқа жаңа технологияның ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу қажет. Білім берудің мақсаты оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үдерісінің негізгі бөліктері: мақсат, мазмұны, форма, әдіс, оқыту көрнекілігі болса, - бүгінде жаңа технология бойынша "оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту" болып өзгерген.

Студенттерге эстетикалық тәрбие берудегі бiлiм беретiн қазiргi жоғарғы мектептiң даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негiзгi компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері: мотивациялық-тұлғалық (тұлғаның музыка арқылы эстетикалық құндылықтарды меңгеруге деген қызығушылығы), мазмұндық-когнитивтік (тұлғаның музыка арқылы эстетикалық құндылықтарды менгеруі), іс-әрекеттiк-бағалаушылық (эстетикалық құндылықтардың тұлғаның бойында нақты көрініс беруі) сияқты тәрбие процесiнiң логикасы мен құрылымын нақты бiлу және дұрыс пайдалану көзделді.

Осы компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштер студенттердің музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді (жоғары, орта, жеткілікті, төмен).



Жоғары деңгей: сабақта және аудиториядан тыс меңгерілген музыкалық шығармалар жөнінде білімдері толық, оларды жанрлық ерекшеліктеріне қарай ажырата алады, эстетикалық маңызын түсінеді; музыкалық шығармаларды терең эмоциялық сезіммен қабылдайды, оларды тыңдау, орындау кезінде ерекше эстетикалық рахаттану сезіміне бөленеді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға қызығушылықпен талпынысы, қажеттігі белсенді; музыкадан алған сезімдік толғанысты әсерлі жеткізе біледі, музыканы тыңдау, орындау дағдылары жақсы қалыптасқан, оларға эстетикалық баға беру қабілеті жетілген.

Орта деңгей: аудиторияда және аудиториядан тыс меңгерілген музыкалық шығармалар жөнінде білімдері толық емес, жеткіліксіз, оларды жанрлық ерекшеліктеріне талдауда қателіктер жібереді, эстетикалық маңызына аса мән бермейді; музыкалық шығармаларды кейде ғана эмоциялық сезіммен қабылдайды, музыканы тыңдау, орындау кезінде әрдайым эстетикалық рахаттану сезіміне бөлене бермейді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға ішінара қызығады, талпынысы, қажеттігі бәсең, музыкадан алған сезімдік толғаныстарын әсерлі жеткізуде салғырт, музыканы тыңдау, орындау дағдыларының қалыптасуы жеткіліксіз, оларға мұғалімнің көмегімен ғана эстетикалық баға бере алады.

Төмен деңгей: аудиторияда және аудиториядан тыс меңгерілген музыкалық шығармалардың көпшілігін білмейді, олардың жанрлық ерекшеліктерін талдап, ажыратып бере алмайды, эстетикалық маңызын түсінбейді; музыкалық шығармаларды эмоциялық сезіммен қабылдамайды, эстетикалық рахаттану сезіміне бөленбейді, ән салуға, музыканы аспаптарда орындауға қызықпайды, қажеттілігі нашар, сезімдік толғанысын жеткізе алмайды, музыканы тыңдау, орындау дағдылары қалыптаспаған, оларға эстетикалық баға бере алмайды.


Мақсаты







Жастардың эстетикалық құндылықтар негізінде эстетикалық мәдениетін қалыптастыру










Жастардың эстетикалық құндылықтар негізінде эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны мен жүйесін жасау



Міндеті









Табиғилық, жас және дара ерекшеліктерін ескеру. Әсемдік – саулық негізі, Өмір сұлулығы – денсаулық,



Принцип тері,

қағидалары







Мазмұны


Оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстар арқылы жастардың эстетикалық құндылықтар негізінде эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үрдісінің мазмұны







Құралдары, факторлары



Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, шешендік өнер, ән-күй, би өнері және табиғат






Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері, ынталандыру әдістері, әңгімелесу, сауалнама, байқау, пікірталас және тест


Әдіс-тәсілдері











Пән мазмұны арқылы, сабақтан және сабақтан тыс жұмыстар, арнайы шығармашылық клубтар



Формалары, түрлері



Нәтижесі


Эстетикалық құндылықтарды бағалай білетін, сақтай алатын, салауатты өмір салты қалыптасқан тұлға









Эстетикалық талғам -

Эстетикалық сезім -

Эстетикалық мұрат -

Эстетикалық мәдениет -

Эстетикалық пікір, баға

Эстетикалық қабылдау -

Эстетикалық көзқарас -


Талғамы жоғары, талғампаз

Сұлу, сымбатты, көрікті

Үлгілі, өнегелі, пікір тұту өнері, қабілетті

Мәдениетті, алғыр ойлы, шешен тілді

Әсемдік бойынша шешім қабылдап, өзіндік баға беруші

Табиғат өнер, спорт түрлерін, сұлулықты танушы

Әсемдік туралы өз көзқарасы бар тұлға


2 сурет - Жастардың эстетикалық құндылықтар негізінде эстетикалық мәдениетін қалыптастыру нобайы
Эстетикалық құндылықтар арқылы студент-жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру негізінің сұлбасын айқындап, оны жинақтау үшін модель құрастыру қажеттігі туындайды.

Нобайлау жүйесі жастардың эстетикалық құндылықтардың қажеттілігіне деген көзқарасын байытуға, әсемдікті әрекетінде қалыптастыруға мүмкіндік береді (3 сурет).

Біз өз зерттеуімізде осы нобайды басшылыққа ала отырып, музыка өнері туындыларын талдау арқылы, олардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін қарастырдық.

Зерттеу барысында жоғарыдағы психологиялық идеяларға талдаулар жасау педагогикалық тұрғыдан кез-келген интелектке қатысты қарастырғанда, музыка қандай бір дәрежеде адамның санасын басқарып, манипуляция жасайтынын, музыканың ұлы күші оларды басқаруда педагогтардың жауапкершілігінің мол екендігін анықтайды.

Бұл өлшемдер, студенттердің музыкалык ұғымдарды менгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берумен қатар, олардың күнделікті мінез-құлықтарын, жүріс-тұрыстарын салыстыра отырып, тәрбиелік дәрежелерін байқауға көмектесті.

Анықтау эксперименті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Гуманитарлық-педагогикалық институтының "Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері" мамандығы студенттерімен жүргізілді. Анықтау эксперименті барысында студенттердің халық музыкасы негізіндегі таным-түсініктері анықталды. Зерттеу жұмысының анықтауыш кезеңінің мақсаты – эстетикалық тәрбие жайлы студенттердің көзқарастарын, ой-тұжырымдарын, бағыт-бағдарларын анықтап білу. Ол үшін сауалнамалар, сұхбаттасу, бақылау шаралары арқылы эстетикалық тәрбие жөніндегі білім деңгейі мен сезімдері анықталып, сарапталады. Сауалнамалар нәтижесінде эксперименттік топтағы 52,0 пайызы төмен деңгейді көрсетті, ал бақылау топтарында 54,0 пайызы төмен деңгейді көрсетті (1 кесте). Осындай бірізді реттілікпен айқындалған эстетикалық тәрбиенің деңгейлері, студенттерге эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыруда жүйелі ықпалда әрекет жасауға мүмкіндік туғызады.


1 кесте – Студенттердің эстетикалық тәрбие жайлы білім көрсеткіштері (%) (экспериментке дейін)


Топтар

Төмен

Орта

Жоғары

Бақылау тобының көрсеткіштері

46,6

40,7

16,7

Эксперимент тобының көрсеткіштері

45,2

59,6

30,3

Экспериметке 57 студент қатысты. Оның 37 эксперименттік, 20 бақылау тобына кіреді. Анықтаушы эксперимент барысында сауалнама көмегімен үш компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлықтық) студенттердің бойында қалыптасқан эстетикалық тәрбиенің деңгейін анықтадық.

Сауалнама жауаптарын сараптау, бізге студенттердің эстетиканың мәні, эстетика, эстетикалық мәдениет туралы субьективті көзқарастары мен білімдері туралы хабардар етті.

Студенттердің эстетика туралы білім деңгейлері қанағаттанарлық болғанымен, эстетикалық сезім, эстетиқалық лаззат, эстетикалық мұрат, эстетикалық талғам, эстетикалық рахат, сонымен қатар нағыз эстетикалық құндылықтардың терең емес екендігін айқындадық. негізіндегі эстетикалық тәрбие жайындағы білім деңгейлерінің төмендігі байқалды.

Анықтауыш кезең жоғары мектеп жүйесінде жүйеленген мақсатты жұмыс жүргізу қажеттігін айқындады. Сондықтан, қалыптастырушы эксперименттің мақсатын анықтадық. Қалыптастырушы экспериментің мақсаты - студенттердің эстетикалық мәдениетін музыка арқылы беріп, қажетті білім мен дербес эстетикалық іс-әрекеттерге дағдыландыру болып табылады.

Негізгі міндеттері:



  • студенттердің эстетикалық мәдениетін аудиторияда және аудиториядан тыс жұмыстар негізінде қалыптастыру;

  • студенттерді педагогикада қалыптасқан эстетикалық тәрбие мен ұлттық сезімдерін дамытуын арнайы оқыту;

  • арнайы курс бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу, студенттердің теориялық білімдері мен эстетикалық іс-әрекеттерін оқу-тәрбие үдерісінде бекіту болып табылады.

Бұл көкейкесті мәселелердің шешімін "Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің негіздері" атты элективті курс бағдарламасы арқылы жүзеге асырдық. Курстың көлемі – 1 кредит (2 кесте).
2 кесте – "Қазақ халық музыкасы арқылы эстетикалық тәрбие берудің негіздері" атты элективті курстың жоспары




Тақырыптар аттары

Сағат саны

Дәріс

Прак

БАОӨЖ

БАӨЖ

11

"Эстетикалық мәдениет" ұғымының мәні мен мазмұны

2




2

2

22

Қазақ ойшылдарының эстетикалық ой-пікірлері




1

2

2

33

Қазақ этнопедагогикасы арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары




2

2

2

24

Қазақ халық музыка шығармаларының эстетикалық тәрбиедегі көрінісі мен ерекшеліктері

2




2

2

55

Болашақ педагогтарға музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің мазмұны

2




2

2

66

Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің жағдайы мен келешектегі даму бағыттары

2




2

3

77

Эстетикалық тәрбие беру әдістемесі

2

2

3

2

Барлығы


10

5

15

15

Арнайы курстың мақсаты халық музыкалық шығармашылығының құралдарымен болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Арнайы курсты оқыту барысында келесі міндеттерді шешуге ерекше назар аударылды:

а) халық музыкасының маңызды аспектісі – халық музыкалық шығармашылығына студенттердің қызығушылығы мен жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру;

б) болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы халық музыкалық шығармашылығының мәні мен рөлін ашып көрсету;

в) студенттерді халық-музыкалық шығармашылығы туралы теориялық білімдермен қаруландыру және мектепің тұтас педагогикалық үдерісінде тәжірибе жүзінде пайдалануының икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Элективті курсты сынақтан өткізуде студенттермен жұмыстың мына формалары мен әдістері қолданылды: бастапқы дереккөздермен, этнопедагогика және музыкалық этнографиялық әдебиеттермен жұмыс, шығармашылық жұмыстарды орындау, педагогикалық жағдаяттарды модельдеу, білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, реферат жұмыстарын әзірлеу, сонымен қатар тәрбие шараларын ұйымдастыру.

Анықтаушы эксперименттің соңындағы қорытынды нәтижелер болашақ мамандарда музыка арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптасуын қанағаттанарлық деп көрсетті. Ең алдымен ол студенттердің сауалнама жауаптарына және жазбаша жұмыстары нәтижелерін талдау негізінде алынды.

Бірінші сатыда эстетикалық мәдениетті қалыптастыру жүйесіндегі эстетикалық тәрбиенің өзіндік сипаттарына байланысты теориялық білімдер қалыптастырылды.

Екінші сатыда қазақ этнопедагогикасында қалыптасқан эстетикалық тәрбиенің тиімділігі жоғарғы әдіс-тәсілдердегі тәрбиелік құралдарды пайдалана білу дағдылары меңгеруі тексерілді.

Егер, біз анықтаушы экспериментте "Эстетика дегеніміз не?" деген сұраққа біржақты жауап алған болсақ, "Эстетикалық қүндылықтардың мәні неде?" деген сұраққа студенттер жауапты нақтылай берген жоқ. Ал қалыптасу экспериментінің сауалнама сұрақтарына берген жауаптары бақылау эксперименттің жауаптарынан көп басқаша болды. Мысалы, сұрақ қойылған студенттердің 45 пайызы эмоциялық–сезімдік сипатына жауап берді.

Көрсетілген жетістіктермен қатар, педагогикалық практикалық қортынды бөлігінде студенттердің эстетикалық сезімінің болуы олардың игерген білімінің дәрежесінің жоғарлағанын және жан–жақтылығын көрсетті. Эксперименттік және бақылау тобындағы студенттерге таратылған сауалнама жауаптарының қортындысы олардың музыка арқылы эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін түбегейлі меңгеруге қажетті білім көлемі терең және толық еместігін көрсетті.

Егер анықтау экспериментінде студенттердің 30 пайызы өз халық музыка арқылы тәрбиелік құндылықтарын күнделікті өмірде пайдаланатыны туралы айтса, қалыптасушы экспериментте 45 пайыз "жоғары", 36,7 пайыз "орташа" деп бағалап, 18,3 пайыз – бұл сұраққа жауап берген жоқ, және де бұл мәліметтер біздің бақылауымыз бойынша шындыққа жанасады.

Эксперименттік топ студенттерімен біздің зерттеу болжауымыздың мүмкіндіктерін айқындайтын арнайы сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізілсе, ал бақылау топтарында музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптасуының мәнін анықтауға арналған сабақтар өтілді. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері эксперименттік топтың студенттерде эстетикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейін әр–уақытта жоғарлатуға мүмкіндік беретіні біз қолданған әдістемелер өзінің жоғары нәтижелігін көрсетті. Студенттердің бойында эстетикалық тәрбие қалыптастырудың деңгейлері анықталды. Кестеде студенттер бойында қалыптасқан эстетикалық мәдениет идеясы, компонентері, қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) болашақ педагогтарда эстетикалық мәдениет қалыптасу деңгейі эксперименталды топпен бақылау топттары арасында көп өзгеше (6 кесте).
3 кесте – Болашақ педагогтардың бойында қалыптасқан эстетикалық мәдениет компоненттерінің даму көрсеткіші. Эксперименттің соңы


Топтар

Төмен

Орта

Жоғары

Эксперимент тобының көрсеткіштері

18,3%

36,7%

45%

Бақылау тобының көрсеткіштері

46,37%

38,18%

15,45%

Студенттер бойында қалыптасқан эстетикалық мәдениет компоненттері бойынша қалыптасқан деңгейі анықталды, ол эксперименттік топта мынадай нәтижелерді берді: жоғары деңгейде – 34,17 пайызға өсті, орташа деңгейде – 8,18 пайызға артты, төмен деңгейде 41,14 пайызға кеміді.

Зерттеу нәтижелері бойынша қалыптасқан эстетикалық мәдениет компоненттері бойынша қалыптасқан деңгейі бақылау тобында мынадай нәтижелер берді: жоғары деңгейі – 1,85 пайызға өсті, орташа деңгейде – 4,58 пайызға өсті, төмен деңгейде – 6,43 пайызға артты.

Студенттермен жүргізілген зерттеу жұмысымыздағы эксперименттік және бақылау топтарының нәтижесін 3 суреттен көруге болады.



3 сурет – Студенттерде музыка арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру нәтижелері. Эксперименттің басы
Студенттерге музыка арқылы эстетикалық тәрбие беруде білім деңгейі кеңейтілді, студенттерге эстетикалық тәрбие беруде пайдалануға қажетті сапалар мен дағдылар игерілді, тұлғаның қызығушылық қасиеттері дамып, танымдық көзқарасының өсіуіне, мінез-құлқының жетілуіне көмегін тигізді.

Студенттерді эстетикалық тәрбиелеу үдерісінде қазақ музыкасының мүмкіндігін пайдалануға студенттердің даярлығын анықтау, қалыптастыру, бақылау эксперименттерінде бақыланды.

Студенттерге эстетикалық тәрбие беруде атқарылған жұмыстардан кейін, олардың эстетикалық құндылықтарды жақсы меңгергендігін және эстетикалық мәдениетін қалыптасқандығын зерттеу жұмысымыз көрсетті.

Бақылау яғни зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру кезеңінде студенттердің эстетикалық мәдеиетін үдерісінде арнайы курс бағдарламасы негізінде білім алған студенттерден сауалнама алынып, шығарма жазылған кезде студенттердің эстетикалық сезімдерінің ерекшеліктерінің деңгейлері сараланды.

Осы бағытта біз студенттермен жүргізілген сауалнама алынып, шығарма жазғандарында, олардың эстетикалық мәдениетін өскендіктеріне куә болдық.

Мұнан шығатын қорытынды студенттерге музыка арқылы эстетикалық тәрбие беруде, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда жоғарғы жетістіктерге жеткендігін аңғаруға болады. Өйткені, эстетикалық тәрбиелеуде қазақ халқының музыкасы эстетикалық құндылықтардан жақсы хабардар болуына ықпал береді. Айтқан ойды студенттерді эстетикалық тәрбиелеуде музыка мұмкіндіктерің пайдалануға болатындығын эксперимент жұмысымыздан кейінгі жүргізілген сауалнама көрсеткіштерден анық байқауға болады

7 кесте – Студенттерге музыка арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру нәтижелері. Эксперименттің соңы



деңгейлер топтар

жоғары

орташа

төмен

эксперименттік

42,5%

32,5%

25%

бақылау

15,45%

40%

44,55%

"Болашақ педагогтардың халық музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру" атты зерттеу жұмысымыздың қорытындысы біздің жүргізген зерттеулеріміздің нәтижелерімен анықталады.

Егер эксперимент басында студенттердің эстетикалық мәдениет деңгейі 8,33 пайыз болса, бақылау тобында 14,55 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш эксперимент соңында экспериментік топта 42,5 пайыз, бақылау тобында 15,45 пайызды көрсетті. Эксперимент басында орташа деңгейі эксперименттік топта 29,17 пайыз болса, соңында 32,5 пайыз. Бақылау тобында эксперимент басында 30,91 пайыз, соңында 40 пайыз. Төменгі деңгей бойынша эксперимент басында эксперименттік топта 62,5 пайызды құраса, эксперимент соңында 25 пайызды құрады.

Бақылау тобында эксперимент басында эстетикалық мәдениет деңгейі 54,54 пайызды құраса, соңында 44,55 пайызды құрады. Сонымен, біріншіден, тәжірибелік-эксперимент көрсеткендей, жоғары оқу орындарында болашақ педагогтарға эстетикалық тәрбие беруде тұтас педагогикалық үдерістің жұмыстық болжамы расталды. Екіншіден, тәжірибелік-эксперимент нәтижелері зерттеу болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен осы негізінде жасалған жұмыстардың мазмұны, әдістерінің тиімді екендігін дәлелдейді.



6 сурет – Студенттердің музыка арқылы эстетикалық мәдениетті қалыптастыру нәтижелері. Эксперименттің соңы
ҚОРЫТЫНДЫ
Әр халықтың ұлттық мәдениеті, сонымен қатар эстетикалық мәдениеті, халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жастарды тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастардың тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етуде. Демек, жастарға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру маңызды мәселеге айналып отыр. Сол себептен, жоғарғы оқу орнында оқитын студентердің алатын білім мен тәрбиесінің сапалығын жетілдіруде олардың мәдениетін қалыптастырудың ғылыми негіздері үлкен роль атқарады.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамын дәлелдеу үшін ұйымдастырылған музыкалық білім мамандығында оқитын студенттердін эстетикалық мәдениетін музыка арқылы қалыптастыру жұмыстарының нәтижесі анықталып, қорытынды жасалды:



  1. Музыка, әсіресі халық музыканың туындылары студенттердің эстетикалық сезімталдығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамыту интеллект негіздеріне бағытталатындығы анықталды.

  2. Біздің зерттеу болжамымыз тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарп нәтижелерімен дәлелденді.

  3. Музыка арқылы болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – әуен, музыка тілімен үйлесімділігі ұғынуға байланысты іс-әрекетерге бағытталуы тиіс екендігі теориялық тұрғыда негізделді.

  4. Аталынған іс-әрекеттер құрылымы әртүрлі болатындықтан, оларды бағалау критерилері мен деңгейлерін, көрсеткіштерін анықтау мақсатында болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін музыка арқылы қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

  5. Зерттеу жұмысына басшылыққа алынған оқытудың теориялық және педагогикалық негіздері, музыка тілі, мазмұны мен құрылымы, студентердің музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру моделін жүзеге асыру үшін арнайы педагогикалық шарттар берілді.

  6. Студенттердің музыка арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру моделі, жалпы эстетикалық құндылықтарын пайымдауды, халық музыка өнері арқылы дүниені тұтастық ұстанымы негізінде ұғынуды, олардың өмірлік көзқарасын, саналы тіршілігін реттеуге міндеттеуді арнайы әдістемелер арқылы жүзеге асыру саналды. Сонымен, жалпы қолданатын әдістердің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы дәлелденді.

  7. Зерттеу барысында болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының кешені белгіленді:

  • халық музыкалық шығармашылық құралдарымен эстетикалық мәдениетті көтеруді саналы түсіну;

  • студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды жоғары оқу орны оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктерін пайдаланга отырып жүзеге асыру;

  • болашақ педагогтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды кезеңмен, жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру.

Қазіргі кезде студентерінің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша мынандай ұсыныстар беріледі:

  • музыка арқылы студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша арнайы әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар жасау;

  • эстетикалық мәдениетті қалыптастыру бойынша этнопедагогикалық тұрғыда зерттеулер жүргізу.

Бірақ, біз зерттеуімізде осы бағыт бойынша толық мәселе шешілді деп айта алмаймыз, өйткені тәрбие бұл өте күрделі үдеріс және де оның нәтижесі тез анықталмайды. Осыған орай проблеманың зерделенетін бағыттары әлі де бар деп ойлаймыз.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет