Регламенті бекітілсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.75 Mb.
түріРегламент
  1   2   3   4
: files -> gos-uslugi -> reglament
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №514 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы №307 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі №392 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №199 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы №96 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
«Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 496 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған «Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 26 мамырдағы

496 қаулысымен



бекітілген

 

 

Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің

қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті

 

1. Қолданылу аясы

 

1. Осы «Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашада, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген.

2. Осы техникалық регламент қолданылатын барлық өнімдер және олардың Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жіктемесі бойынша олардың коды осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3. Осы Техникалық регламенттің талаптары:



1) арнайы сипаттамаларды қоспағанда, балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне, сондай-ақ құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар азық-түліктер мен шикізатқа;

2) үйде өндіру, үйде пайдалануға арналған өңдеу және (немесе) сақтау процесінде алынған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қолданылмайды.

4. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сәйкестендіру СЭҚ ТН кодтарын визуальді қарау, тұтыну орамында және ілеспе құжаттамада ұсынылған ақпарат негізінде жүргізіледі.



Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өткізілетін атаулар олардың түрін дәл көрсетуге және ең аз дегенде мыналарды қамтуға тиіс:

1) сыртқы түрінің сипаттамасы;

2) сәйкестендіру көрсеткіштерінің тізбесі (нақты өнім түріне берілген техникалық және (немесе) нормативтік құжаттамада көрсетіледі);

3) шығару тәсілі.

5. Өнімдерді сәйкестендіру үшін ақпараттар жеткіліксіз болған кезде органолептикалық бағалау мен өнімнің нақты түрлеріне нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сынақ жүргізеді.

6. Өндіріс процестеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік қызметті жүзеге асыратын объектілерге ғана қолданылады.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар



 

7. Осы техникалық регламентте тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе нан пісіруге арналған негізгі және қосымша шикізаттан жасалатын тамақ өнімдері. Бұл өнімдер нанды, тоқашты, тоқаш өнімдерін, ылғалдылығы төмен нан-тоқаш өнімдерін қамтиды.

нан - қалыптағы бидай наны үшін кемінде екі жүз грамм, бидай наны үшін үш жүз грамм және қара бидай наны үшін үш жүз грамм салмағы бар нан-тоқаш өнімдері;

нан-тоқаш өнімдері - нан-тоқаш қалыптарында пісірілетін нан-тоқаш өнімдері;

жалпақ нан-тоқаш өнімдері - нан пісіретін қалыптарда, пісіру камерасының жалпақ табасында немесе аспа табада пісірілетін нан-тоқаш өнімдері.

майға иленген нан-тоқаш өнімдері - рецептура бойынша құрамына он төрт пайыз немесе одан астам қант және (немесе) май қосып пісірілетін нан-тоқаш өнімдері;

ылғалдығы төмен нан-тоқаш өнімдері - ылғалдығы кемінде он тоғыз пайыз нан-тоқаш өнімдері: дөңгелек тоқаш өнімдері, кептірілген нандар, кесіліп қуырылған нандар, қытырлақ нан, таяқша тәрізді тоқаштар және т.б.;

ұлттық нан-тоқаш өнімдері - әдеттегі нан-тоқаш өнімдерден рецептурасы жекелеген ұлттық дәстүрлерге тән шикізат түрлерін пайдаланумен және (немесе) өзіне тән пішіні және (немесе) пісіру тәсілімен ерекшеленетін нан-тоқаш өнімдері (лаваш, тандыр шелпегі және басқалар);

жартылай дайын нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе дайын бұйымдарды өткізуге және өңдеуге арналған қосымша нан пісіруге арналған шикізаттан дайындалған, оның ішінде мұздатылған жартылай фабрикаттар;

кондитерлік өнім - тәтті дәмі басым, нысаны, құрамы, консистенциясы, құрылымы мен хош иісі бойынша әртүрлі тамақ өнімі;

ұннан жасалған кондитерлік өнім - рецептуралық компоненті ұн болып табылатын кондитерлік өнім (печенье, прәніктер, кекстер, бисквитті рулеттер, галеттер, крекерлер, вафли және басқалары);

ұннан жасалған аспаздық өнім - көптеген жағдайда қоспасымен берілген қалыпта қамырдан жасалатын аспаздық өнім, оның ішінде пирожкилер, бауырсақтар, кулебяктар, беляштар, пончик, пицца және басқа да осыған ұқсас өнімдер;

қоспа - өндіруге дайындықтан өткен шикізаттың бір түрінен немесе бірнеше қоспасынан дайындалған және қамырдың ішіне немесе үстіне бөлгенде не болмаса піскеннен кейін жағылатын нан-тоқаш өнімдерінің құрамдас бөлігі;

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мониторинг - заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, халықтың денсаулығы мен тіршілік ету жағдайын қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі;

нан-тоқаш, ұннан жасалатын аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіру (дайындау) процесі - шикізатты өндіруге дайындау, жартылай фабрикаттарды дайындау, ашытқы өнімдері үшін бөлшектеу, ашытып қою, өнімнің түріне байланысты пісіру, салқындату, әрлеу, орау, өлшеп орау және (немесе) таңбалау;

тез бұзылатын тамақ өнімдері - қатаң реттелетін мерзімде арнайы тасымалдау, сақтау және өткізу жағдайларын қажет ететін тамақ өнімдері;

сақтау шарттары - алдын ала белгіленген арнайы сақтау тәртібі (қоршаған орта ауасының ылғалдылығы, белгілі бір жарық түсіру режимі, қоршаған орта ауасының температурасы);

бураттар - ұнды елеуге және металл магнитті қоспаларды тұтуға арналған технологиялық жабдық;

қуаттылығы шамалы ұйым (наубайханалар мен цехтар) - өнімділігі тәулігіне үш тоннаға дейін нан және нан-тоқаш өнімдерін; тәулігіне бес жүз килограмға дейін - кремсіз кондитерлік өнімдерді, тәулігіне үш жүз килограмға дейін - кремді кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер;

санитарлық жарамсыздық - технологиялық операциялардың, тасымалдау мен оны тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмайтын жағдайға әкелетін жинақтау барысындағы бұзылыстардың салдарынан пайда болған өнімнің органолептикалық және тұтыну қасиеттерінің өзгеруі;

жұмыртқаның жарылуы (соғылуы) - ішіндегісінің ағып, қабығы және қабық қауызы тұтастығының бұзылуы;

нан-тоқаш өнімдеріне арналған негізгі шикізат - нан-тоқаш өнімдерінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылатын шикізат: ұн, астық өнімдері, нан пісіруге арналған ашытқы немесе химиялық қопсытқыштар, тұз және су;

астық өнімдері - бидай кебектерін қоса алғанда, нан-тоқаш өнімдеріне арналған негізгі өнімдер, бидайдың ұсақталған жармасы, бидай (азық-түліктік астық) және т.б.

нан-тоқаш өнімдеріне арналған қосымша шикізат - тағамдық құндылықты арттыру, нан-тоқаш өнімдерінің ерекше органолептикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін рецептура бойынша қолданылатын шикізат;

сату мерзімі - нақты атауы бар өнімдер үшін нормативтік немесе техникалық құжаттармен (технологиялық нұсқаулықтармен) белгіленген нан-тоқаш өнімдерін пештен алған сәттен бастап оны сатуға дейінгі уақыт аралығы;

барынша ұстау мерзімі - нан-тоқаш өнімдерін пештен алған сәттен бастап сатуға беруге дейін оны ұстау уақытының аралығы.

 

 

3. Үй-жайларға және инженерлік жабдықтарға қойылатын талаптар



 

8. Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалатын аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі объектіні орналастыру, салу және қайта жаңарту санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жүзеге асырылады.

9. Объектінің үй-жайлары және оған жапсарлас аумақ азық-түліктердің санитарлық-бактериологиялық ластануы жағдайын болдырмау мақсатында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылуға тиіс.

10. Объектінің өндірістік үй-жайлары мен цехтары технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз ететіндей және шикізат пен дайын өнімнің қарсы және қайшы ағымдарын болдырмайтындай етіп орналасуға тиіс. Үй-жайлардың жинағы бейінді ұйымдарды технологиялық жобалау нормаларына жауап беруге тиіс.

11. Шырақтарды ашық технологиялық сыйымдылықтардың, пісіру қазандарының, крем жағатын машиналардың, крем бұйымдарын әрлеуге арналған үстелдердің тура үстіне орналастыруға тыйым салынады.

12. Жарық көздері арнайы жарық түсіру арматураларына: люминесценттік - типіне қарай, қызу шамдар жабық плафондарға орналастырылуы тиіс.

13. Аппараттар мен ыдыстардың ішкі жақтарын қарау үшін көрнеулігі он екі вольттан аспайтын, жалғанатын қорғаныш торшаларға орналастырылған шамдарды пайдалануға жол беріледі.

14. Желдету және кондиционерлеу жүйесі ауаның ластанған аймақтан таза аймаққа түспейтіндей құрылымдануы тиіс. Желдету жүйелерінің құрылымы мен орындалуы тазалауды немесе ауыстыруды қажет ететін сүзгілері мен басқа да бөліктерінің тез қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы объектінің осы санаттары үшін бекітілген шекті жол берілген шоғырланудан (ШЖШ) аспауға тиіс.

15. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіруде пайдаланылатын су ауызсуға арналған техникалық регламентке және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келуі және оны объектінің өндірістік зертханасы бактериологиялық бақылауға тиіс. Өнімді өндіруге арналған суды дайындау үшін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары рұқсат еткен химиялық реагенттер пайдаланылады.



Құрамында хлор бар реагенттерді пайдалану кезінде жалпы хлордың қалдық мөлшерін анықтау мақсатында судың сапасын тексеру жүргізіледі.

16. Ауызсу мен ішуге болмайтын сумен жабдықтау жүйелерінің арасында тоғысатын қосылыстар болмауға тиіс. Ішуге болмайтын су өнімді өңдеудің, орау мен сақтаудың технологиялық учаскелерінде пайдаланылмауы тиіс.

17. Өнімдермен немесе өнімдермен жанасатын заттармен тікелей араласатын бу зиянды заттарсыз ауызсудан бөлініп шығарылуы тиіс. Қазандық агрегаттарында пайдаланылатын химиялық реагенттердің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген рұқсаты болуға тиіс.

18. Кәріз жабдықтары өнімнің ластану қатерін болдырмайтындай жобалануға және құрылымдануға тиіс. Егер дренажды арналар толық немесе ішінара ашық болса, олар қалдықтардың ластанған аймақтан таза аймаққа түсуінен қорғауды қамтамасыз ететіндей құрылымдануға тиіс.

19. Едендер мен қабырғалардың үстіңгі беті су өтпейтін, сіңбейтін, жуылатын және уытты емес материалдардан жасалуға, саңылауларсыз және ұрылмаған, тазалау мен жуу үшін ыңғайлы, трапқа еңіс болуы тиіс. Цех ішіндегі көлікке арналған жолдардағы еден учаскелері ұруға төзімді тақтайшалармен қапталуға тиіс.

20. Едендерді, қабырғалар мен төбелерді әрлеу үшін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары рұқсат еткен материалдар қолданылуы тиіс.

21. Өндірістің қалдықтарын сақтау және жою жағдайы өндіруге арналған азық-түліктерді, шикізатты және қоршаған ортаны ластау мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

22. Шикізатты және дайын азық-түлікті ластаудан және кеміргіштердің бүлдіруінен қорғау үшін мыналар:



1) үй-жайлардың табалдырықтары мен есіктеріне жалпақ темір немесе металл торша (биіктігі қырық-елу сантиметр) қағу;

2) жертөле қабаттарындағы терезелер мен желдеткіш арналарының тесіктерін қорғаныш торшалармен жабу;

3) қабырғалардағы, едендердегі құбырлар мен радиаторлардың жанындағы саңылауларды металл ұнтақтары бар цементпен бітеу;

4) цехтарды тағамдық қалдықтар мен қоқыстардан уақтылы тазарту, жұмыс аяқталғаннан кейін шикізат пен дайын өнімді мұқият жабу қажет.

23. Қойма үй-жайлары құрғақ, таза, жылытылатын желдеткіші бар (температурасы сегіз градус Цельсийдан төмен емес, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жетпіс-жетпіс бес пайыз), шикізатты түсіруге және дайын өнімді тиеуге арналған арнайы платформалармен жабдықталған және атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын жаппалармен қамтамасыз етілуге тиіс. Шикізат пен дайын өнімді тасымалдау үшін бөлек жүк көтергіштер көзделуі тиіс. Қойма үй-жайларындағы еден тығыз, саңылаусыз, цементтелген, қабырғалары тегіс болуы тиіс. Қойма үй-жайларында тез бұзылатын шикізат пен жартылай фабрикаттарды сақтауға арналған тоңазытқыш камералар болуы тиіс.

24. Тамақ өнімдеріне арналған қоймаларда тағамдық емес тауарларды (сабын, кір жуу ұнтағын) сақтауға тыйым салынады.

25. Қуаттылығы тәулігіне үш жүз килограммнан астам кремі бар кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер үшін технологиялық және бактериологиялық зертханалар көзделуі тиіс.

26. Ұн шаңын бөлетін көздер (үйме шұңқырлар, қап толтыратын машиналар, ұн елегіштер, қысқа кесілетін өнімдерді себуге арналған сұрыптау үстелдері) аспирациялық қондырғылармен жабдықталуға тиіс.

27. Ұйымдарда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шыбындарға, тарақандар мен кеміргіштерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі тиіс.



 

 

4. Жабдыққа, мүкәммалға және ыдысқа қойылатын талаптар



 

28. Технологиялық жабдық пен аппаратура машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі, технологиялық процестің ағымдылығын және оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей орналасуға тиіс.

29. Азық-түлікпен жанасатын жабдықтардың және аппаратураның барлық бөліктері мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін рұқсат еткен материалдардан дайындалуға тиіс.

30. Ұнды силосқа беріп тұратын әрбір сызық ұн елегішпен және металл қоспаларды магнитті тұтқышпен жабдықталуы тиіс. Ұн елейтін жүйе тығыз тұмшаланған болуы тиіс: құбырлар, бураттар, шанақтардың қораптары, силостар саңылаусыз, он күнде бір реттен сирек болмауға, бөлшектеліп, тазартылып және сонымен қатар ұн зиянкестеріне қарсы өңдеуден өтуге тиіс.

31. Ұнды ыдыссыз сақтауға арналған силостар үстіңгі беті тегіс, конустары кемінде жетпіс сантиметр, ұнды таратуға арналған құрылғылары мен бақылау люктары еден деңгейінен бір жарым метр биіктікте болуға тиіс.

32. Сүтке арналған жабдық пен аппаратура (цистерналар, жинақтаушылар, құбырлар, сорғылар), сиропқа арналған қайнату қазандықтары, сиропты сақтауға арналған бактар, өлшеу бөшкелері, құбырлар күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін жуылуға және дезинфекциялануға тиіс.

33. Тұнба қаптарын, ұштары мен ұсақ мүкәммалды өңдеу мен сақтауға арналған жабдықты басқа өндірістік мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.



 

 

5. Нанды және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерді



Қазақстан Республикасының нарығында орналастыру шарттары

 

34. Нан және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер осы Техникалық регламенттің мынадай талаптарына сәйкес келген жағдайда олар нарыққа орналастырылуы мүмкін:

1) сәйкестігін растау нысаны мен ерекшеліктеріне қарай, сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сәйкестігі туралы декларацияның немесе санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;

2) таңбалауда және (немесе) ілеспе құжаттарда өнім туралы қажетті ақпараттың болуы.

 

 

6. Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің



қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

35. Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдері:

1) қауіпсіздігі техникалық реттеу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес расталған шикізаттан және қосалқы материалдардан жасалуға;

2) органолептикалық көрсеткіштер бойынша нанның, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің нақты түрлеріне арналған нормативтік-құқықтық және (немесе) техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуға;

3) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген нақты атауы бойынша өнімдерге арналған рецептуралардың, технологиялық нұсқаулықтардың немесе нормативтік құжаттардың негізінде қатталып немесе қатталмай жасалуға;

4) құрамында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдану үшін рұқсат еткен тағамдық қоспалар, хош иісті заттар болуға;

5) сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілмен өлшеп салынуға және оралуға;

6) экологиялық тазалығы бойынша экологиялық таза өнімге арналған стандарттар нормаларына сәйкес келуі тиіс.

36. Нанда, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерде ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың болуы және микробиологиялық ластану көрсеткіші халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес рұқсат етілген деңгейлерден аспауға тиіс.

37. Құрамы аралас өнімдерде қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау мен бағалау өнімнің құрамына енетін ингредиенттердің үлес салмағы ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

Кептірілген, концентрацияланған немесе бөлінген компоненттер қауіпсіздігінің көрсеткіштерін дайындаушы шикізатта және дайын өнімде кептірілген заттардың құрамы ескеріле отырып, дайын өнімге шаққанда қайта есептеумен шығаруға тиіс.

38. Нанда, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерде бөтен минералдық қоспа түйіршігінің, ауру және көгеру белгілерінің қосындысы болмауға тиіс.

39. Қолданылатын шикізат, компоненттер мен тағамдық қоспалар қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

40. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде генетикалық түрленген шикізатты және (немесе) генетикалық түрленген көздерден тұратын шикізатты қолдануға жол берілмейді.

41. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдану үшін рұқсат еткен нан пісіруде әдетте пайдаланылатын хош иісті (татымды) өсімдіктер мен өсімдіктердің кейбір түрлерін қоспағанда, дәрілік өсімдіктерді пайдалануға жол берілмейді.

42. Өндіруші/дайындаушы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткішін бақылауы, оның ішінде:



1) өндіруші/дайындаушы мен тұтынушы арасындағы даулы жағдайда жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам болған өнімдерде құрамында өңездің болуын;

2) жылдың жылы кезеңінде ай сайын жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам болған өнімдерде Bacillus mesentericus бактерияларының болуын анықтауы тиіс.

43. Сынама алу және сынау әдістері осы өнім түріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

44. Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінетін, жаңа шикізат түрлерін, тағамдық қоспаларды, өніммен жанасатын орау материалдарын пайдалана отырып жасалған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер міндетті санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға жатады.

45. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы жүргізген сараптама нәтижелері бойынша берілген гигиеналық қорытындыны өнімді сертификаттау сынақтарын жүргізу кезінде сәйкестігін растау жөніндегі орган ескеруге тиіс.

46. Егер нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмесе, олар сатылуға жатпайды.

 

 



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет