Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»



жүктеу 111.69 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі111.69 Kb.
түріРегламент
: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі
uploads -> Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»




Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «____»_______

№___ қаулысымен бекітілген


«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) бизнес сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлға (филиал және өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);

2) «Е-лицензиялау» веб-порталы – лицензиялармен берілетін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірлерін орталықтандырып қалыптастыратын, берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лизензиаттың филиалдары мен өкілдіктері (нысандар, мекендер, телімдер) туралы мәліметтерден тұратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» ММБ АЖ);

3) «Жеке тұлғалар» мәліметтер мемлекеттік базасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалар туралы бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында жеке

сәйкестендіру нөмірлердің Ұлттық тізілімін құру, ақпаратты сақтау, өңдеу мен автоматтандырылған жинақтауына, мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілеріне солардың құзыреттілігінің шеңберінде маңызды және сенімді мәліметтерді ұсынуына арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ ММБ);

4) «Заңды тұлғалар» мәліметтер мемлекеттік базасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлердің Ұлттық тізілімін құру, ақпаратты сақтау, өңдеу мен автоматтандырылған жинақтауына, мемлекеттік басқару органдары мен өзге де субъектілеріне солардың құзыреттілігінің шеңберінде маңызды және сенімді мәліметтерді ұсынуына арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ ММБ);

5) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);


7) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ тиісті министрліктермен және ведомствалармен электрондық мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);
8) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банктік операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электронды үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮТШ);
9) электрондық мемлекеттік қызмет алушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
10) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
11) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтінің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық

нышандар терімі (бұдан әрі – ЭЦҚ);

13) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

14) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпаратты технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

15) электрондық лицензия – қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар қолдануымен ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысандағы лицензия.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібiне қойылатын талаптар
6. Осы Регламентке 2 – қосымшада (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) қызмет берушінің ЭҮП арқылы болатын қадамдық әрекеттері мен шешімдері келтірілген:
1) электрондық мемлекеттік қызмет алушы ЭҮП тіркелуді электрондық мемлекеттік қызмет алушы компьютерінің интернет-браузеріне сақтап қойған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген электрондық мемлекеттік қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – ЭЦҚ тіркеу куәлігін электрондық мемлекеттік қызмет алушы компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық мемлекеттік қызмет алушының ЭҮП парольді енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген электрондық мемлекеттік қызмет алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЭҮП тексеру;
4) 2-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алушымен электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
6) 4-үдеріс – ЭҮТШ көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметке ақы төлеу, содан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» ММБ АЖ келіп түседі;

7) 2-шарт - «Е-лицензиялау» ММБ АЖ электрондық мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін жүргізілген ақы төлеу дерегін тексеру;

8) 5-үдеріс - «Е-лицензиялау» ММБ АЖ электрондық мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін төленген ақының болмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт – ЭҮП ЭЦҚ тіркеу куәлігінің іс-қимыл мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;

11) 7-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) электрондық мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);

13) 9-үдеріс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» ММБ АЖ (электрондық мемлекеттік қызмет алушының салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» ММБ АЖ сұрау салуды өңдеу;

14) 4-шарт – электрондық мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;
15) 10-үдеріс – «Е-лицензиялау» ММБ АЖ электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алушының ЭҮП қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат, қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
7. Осы Регламентке 2 – қосымшада (қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) қызмет беруші арқылы болатын қадамдық әрекеттері мен шешімдері келтірілген:
1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» ММБ АЖ логин мен парольді енгізу (авторизациялау үдерісі);
2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» ММБ АЖ логин және пароль арқылы қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректерінің түпнұсқалығын тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет берушінің деректерінде бар бұзушылықтар байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» ММБ АЖ қалыптастыру;

4) 3-үдеріс – қызмет берушінің қызметкерімен осы Регламентте

көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету және нысанды толтыру үшін, оның құрылымы және форматтық талаптарды ескере отырып, сұрау салу нысанын экранға шығару электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректерін енгізу;

5) 4-үдеріс –ЭҮШ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректері туралы ЖТ ММБ/ЗТ ММБ сұрау салуды жолдауы;

6) 2-шарт – электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректердің болуын ЖТ ММБ /ЗТ ММБ тексеру;

7) 5-үдеріс – ЖТ ММБ/ЗТ ММБ электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректердің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-үдеріс – сұрау салу нысаның құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыру және қызмет беруші қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекіту;

9) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» ММБ АЖ сұрауды тіркеу және «Е-лицензиялау» ММБ АЖ электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу;

10) 3-шарт – электрондық мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;

11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» ММБ АЖ электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;


12) 9-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алушының «Е-лицензиялау» ММБ АЖ қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электронды лицензия) алуы. Электрондық құжат қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
8. Осы Регламентке 2-қосымшада (ХҚКО арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы) ХҚКО оператордың ХҚКО арқылы болатын қадамдық әрекеттері мен шешімдері келтірілген:
1) 1-үдеріс – ХҚКО операторының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» ММБ АЖ логин мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);
2) 2-үдеріс – ХҚКО операторының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы деректерін енгізу;
3) 3-үдеріс – ЭҮШ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректері туралы ЖТ ММБ/ЗТ ММБ сұрау салуды жіберуі;
4) 1-шарт – ЖТ ММБ/ЗТ ММБ электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректерінің бар болуын тексеру;

5) 4-үдеріс – ЖТ ММБ/ЗТ ММБ электрондық мемлекеттік қызмет алушы

деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;

6) 5-үдеріс – ХҚКО операторының сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыруы және электрондық мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына тіркеуі, және электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың (енгізілген мәліметтерді) ЭЦҚ арқылы растауы;

7) 6-үдеріс – «Е-лицензиялау» ММБ АЖ ЭҮШ арқылы ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (электрондық мемлекеттік қызмет алушының сұрау салуын) жолдауы;
8) 7-үдеріс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» ММБ АЖ тіркеу;
9) 2-шарт – қызмет берушінің Стандарттың 11-тармағында көрсетілген электрондық мемлекеттік қызмет алушының қоса берілген құжаттарының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
10) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» ММБ АЖ электрондық мемлекеттік қызмет алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет алушының «Е-лицензиялау» ММБ АЖ қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (электрондық лицензия) ХҚКО операторы арқылы алуы.
9. Электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу мен жауап беру нысандарын толтыру «электрондық үкіметтінің» www.e.gov.kz веб-порталында немесе «Е-лицензиялау» www.elicence.kz. веб-порталында келтірілген.
10. Электрондық мемлекеттік қызмет алушының электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша сұрау салудың орындалу дәрежесін тексеру тәсілі: ЭҮП «Қызмет алу тарихы» бөлімінде, «электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ ХҚКО немесе қызмет берушіге жолданғанда.

11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және кеңесті (1414) саll-орталығы телефоны бойынша алуға болады.



3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
12. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ҚФБ:

1) қызмет беруші;

2) ХҚКО қызметкері.

13. Осы Регламентке 1 – қосымшаға сәйкес, әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, ҚФБ іс-қимылдарының (функциялар, рәсімдер, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы келтірілген.

14. Осы Регламентке 2 - қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) іс-қимылдардың логикалық дәйектілігінің арасындағы өзара байланысты олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграммалар көрсетілген.

15. Осы Регламентке 3 - қосымшада электрондық мемлекеттік қызметті көрсету (шығару құжаты) нәтижесі ұсынылған.

16. Электрондық мемлекеттік қызмет алушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламентке 4 - қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

17. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) адамның конституциялық құқығын және бостандығын сақтау;

2) қызметтік борышын орындағанда заңдылық;

3) кәсіптік әдепнаманы және мәдениеттікті сақтау;

4) жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну;

5) ақпаратты қорғау және құпиялық сақтау;

6) электрондық мемлекеттік қызмет алушының белгіленген мерзімде қайтарып алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

18. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің техникалық шарттары:

1) интернетке шығуы;

2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;

3) ЭҮП авторизациялауы;

4) пайдаланушыда ЭЦҚ болуы;

5) екінші деңгейдегі банкінің банктік карточка немесе ағымдағы шоттың болуы.



________________________________________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет