Регламенті Жалпы ережелер «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»



Дата18.05.2020
өлшемі122.96 Kb.
түріРегламент
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қазандағы
№ А-10/471 қаулысымен
бекітілді

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.


      Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетудің мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлары мен негіздері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - хабарлама).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің тұрғысында орындаудың ұзақтығы:
      1) кеңсенің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 2 сағат;
      3) жауапты орындаушы:
      құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 1 сағат;
      құжаттарды ресімдеу үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының жеке мәліметтерін әзірлеуді жүргізеді және мәліметтерді «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді – 1 жұмыс күні;
      4) басшы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өтінішке қол қояды – 1 сағат;
      5) жауапты орындаушы хабарламаны даярлайды және басшыға қол қоюға жолдайды – 11 жұмыс күні;
      6) басшы хабарламаға қол қояды – 1 сағат;
      7) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді – 30 минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді тексеру және енгізу;
      4) хабарламаны даярлау;
      5) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:


      1) кеңсенің қызметкері;
      2) басшы;
      3) жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) кеңсенің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 2 сағат;
      3) жауапты орындаушы:
      құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 1 сағат;
      құжаттарды ресімдеу үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының жеке мәліметтерін әзірлеуді жүргізеді және мәліметтерді «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді – 1 жұмыс күні;
      4) басшы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өтінішке қол қояды – 1 сағат;
      5) жауапты орындаушы хабарламаны даярлайды және басшыға қол қоюға жолдайды – 11 жұмыс күні;
      6) басшы хабарламаға қол қояды – 1 сағат;
      7) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді – 30 минут.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (іс-қимылының), өзара іс-қимылының реттілігін толықтай сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Каталог: sites -> e.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
sites -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
sites -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
uploads -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы
uploads -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді
uploads -> Регламент Жалпы ережелер «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру»
uploads -> «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет