Регламенті Жалпы ережелер «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою»



Дата03.05.2016
өлшемі100.14 Kb.
түріРегламент


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы

« » __________ №___ бұйрығына

2-қосымша



«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


  1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

  3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы;

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.





  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен көрсетілетін байланыс саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 11380 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының (бұдан әрі-өтінім) болуы болып табылады.



5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркеу нөмірі және күнін беріп он бес минут ішінде өтінімді қабылдауы (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

2) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жіберуі (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы төрт сағат ішінде өтінімді порталда қарау үшін жауапты орындаушыны анықтайды;

4) жауапты орындаушы өтінімнің толықтығын және мәліметтердің дұрыстығын қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда өтінім түскен сәттен бастап жиырма тоғыз жұмыс күні ішінде нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы көрсетілетін қызмет берушінің бұйрығы ресімделеді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда өтінім түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беруді қамтамасыз етеді.

5) екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы және оны порталға жіберу;



6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті тіркеу, оның электрондық нұсқасын көшіру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

2) өңделген өтінімді порталда орналастыру (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда);

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының порталдағы қарары;

4) жауапты орындаушымен мемлекеттік қызмет нәтижесін порталда ресімделуі;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;

2) өтінімнің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;

3) жауапты орындаушы;

4) кеңсе қызметкері;

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдерінің (іс-қимылдардың) ретін сипаттау:



1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі - ХҚО) өтінім түскен сәттен бастап он бес минут ішінде өтінімді қабылдайды, ашады және электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеп, оның электрондық нұсқасын көшіреді және жауапты орындаушыға қарау үшін жолдайды;

2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерінен өтінім түскен сәттен бастап бір сағат ішінде өтінімді өңдеп, оны порталға жібереді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінім порталдан келіп түскен сәттен бастап үш сағат ішінде оны қарауды құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырады;

4) құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан тапсырма келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді қарайды және оны орындау үшін жауапты орындаушыға жібереді;

5) жауапты орындаушы өтінімнің толықтығын және мәліметтердің дұрыстығын қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда өтінім келіп түскен сәттен бастап жиырма тоғыз жұмыс күні ішінде нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығын ресімдеуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда екі жұмыс күні ішінде бас тарту туралы дәлелді жауап беруді қамтамасыз етеді.

6) екі сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қоюы және порталға жіберуі;

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және/немесе өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді;

ХҚО-да қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының тілегі бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады.

Өтініштің қабылдануын растау осы ХҚО-ның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жоспарланатын беру күні бар көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін қолхат болып табылады.

2) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан көп емес;

3) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ХҚО-дан көрсетілетін қызметті берушіге жөнелту мерзімі – сұрау салуды қабылдаған күні;

4) көрсетілетін қызметті алушы (немесе уәкілетті өкілдің: құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес 1, 2 мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасында көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық әрекеттер:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының порталға парольді енгізуі (авторландыру процесі);


3) 1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі - ЖСН) немесе (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, портал авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;

5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрде құжаттарды тіркеу арқылы пайдаланушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізу);

6) 4-процесс – пайдаланушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы идентификациялық мәліметтерінің сәйкес келуін тексеру;

8) 5-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмағаны жағдайда сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

10) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;

11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

12) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13)9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.

11.Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық әрекеттер мынадай түрде жүзеге асырылады:

1)1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ логині мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);

2) 1-шарт – логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы мәліметтердің шынайылығын «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тексеру;

3)2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

5) 4-процесс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) «заңды тұлғалардың» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЗТ МДҚ-да деректерінің бар болуын тексеру;

7) 5-процесс –ЖТ МДҚ немес ЗТ МДҚ-да – көрсетілетін қызметті алушы деректері болмған жағдайда деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-процесс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;

9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ -да сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызметті өңдеу;

10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру үшін біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеру;

11) 8-процесс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырған (электрондық лицензия) көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.



12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы (іс-қимылдардың) рәсімдердің бірізділігі, сондай-ақ ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет жасаудың №1 диаграммасы


ХҚО арқылы көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет жасаудың № 2 диаграммасы



Шартты белгілер:



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет