Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»



жүктеу 128.19 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі128.19 Kb.
түріРегламент
: upload -> files -> pipec
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
pipec -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
pipec -> 2014 жылєы 1 тамызда №3899 әділет департаментінде тіркелген
pipec -> «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
pipec -> Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы "17" маусым





Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы «24» сәуір

№ 120/4 қаулысымен

бекітілді





«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті
1. Жалпы ережелер

1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы қалалары мен аудандарының білім беру бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалының бөлімдері (бұдан әрі – ХҚО), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес жетім балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз:

ХҚО-ға жүгіну кезінде: Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынумен осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;

Портал арқылы жүгіну кезінде: көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрау және баланың туу туралы куәлігі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің (әрекетінің) құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, ұзақтығы мен оны орындау реттілігі, соның ішінде рәсімдердің (әрекеттердің) өту кезеңі:

білім беру бөлімінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде «Е-қамқоршылық» электрондық базасының тізіліміне қорғаншылар (қамқоршылар) және қамқорлықтағылар туралы мәлімет енгізеді.

3. Нәтижесі – қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара әрекет тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

білім беру бөлімінің жауапты орындаушысы.



  1. 2. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2, 3-қосымшаларына сәйкес кестемен және блок-сызбамен қоса беріледі.



4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)

«электрондық үкімет» веб-порталымен өзара әрекет тәртібін,

сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде

ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау
1. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚО операторына қажетті құжаттарды және Стандарттың қосымшасына сәйкес өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;



2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін ХҚО операторының Халыққа қызмет көрсету орталығы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 2-үдеріс – ХҚО операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұрауды жіберу;

5) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің бар болуын тексеру;

6) 4-үдеріс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты, деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.

ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеті осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

2. Әрбір рәсімді (әрекетті) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу рәсімдерін сипаттау:

1) 6-үдеріс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;

2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздемелерін тексеруі;

3) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

4) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы.

3. Портал арқылы жүгіну кезінде: Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың қоса берілуімен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркелуді жүзеге асырады;

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының Порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын Порталда тексеру;

4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты Порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ӨЭҮШ АЖО-ға жіберу;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет диаграммасы осы регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне



1-қосымша

Павлодар облысы білім беру бөлімдерінің

тізімі


Р/с№

Білім беру бөлімі

Мекенжайы

Телефоны

e-mail

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай аудандық білім беру бөлімі


Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97

2-12-07

aktogairoo3@mail.ru

2

Баянауыл аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Әуезов көшесі, 19

9-20-73

bayanaul_roo@mail.ru

3

Железин аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Пятков көшесі, 7

2-14-29

zhelezroo@mail.ru

4

Ертіс аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, И. Байзақов көшесі, 14

2-11-40

irt.plan.roo@mail.ru

5

Качиры аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Качиры ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 124

2-29-06

roo_kashir@mail.ru

6

Лебяжі аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 13

2-13-03

Lebroo@list.ru

7

Май аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34

9-21-27

raioo@mail.ru

8

Павлодар аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22


32-96-80

pvroo_2008@mail.ru



1

2

3

4

5

9

Успен аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 71

9-19-55

usproo@mail.ru

10

Шарбақты аудандық білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 53

2-17-01

cherbroo@mail.ru

11

Павлодар қаласының білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

32-21-67


pavl-goo@yandex.ru

12

Екібастұз қаласының білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 101А

77-16-92

ekibastuz-goroo@yandex.ru

13

Ақсу қаласының білім беру бөлімі

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 42

6-71-77

aksu_gorono@mail.ru

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып,

құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау

кестесі





Негізгі үдерістің әрекеті (барысы, жұмыс ағымы)

1

Әрекет № (барысы, жұмыс ағымы)

1

2

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)

Жауапты орындаушы

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операциялардың атауы) және олардың сипаттамасы

«Е-қамқоршылық» электрондық базасының тізіліміне қорғаншылар (қамқоршылар) және қамқорлықтағылар туралы мәліметтерді уақытында енгізеді

4

Аяқтау нысаны

«Е-қамқоршылық» электрондық базасының тізіліміне қорғаншылар (қамқоршылар) және қамқорлықтағылар туралы мәліметтерді уақытында енгізу

5

Орындау мерзімі

1 жұмыс күні

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып,

құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы

рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау

блок-сызбасы



Жауапты орындаушы

«Е-қамқоршылық» электрондық базасының тізіліміне қорғаншылар (қамқоршылар) және қамқорлықтағылар туралы мәліметтерді уақытында енгізеді

(1 жұмыс күні)










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет