Регламенті Жалпы ережелер Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»



жүктеу 94.41 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі94.41 Kb.
түріРегламент
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары



Аудан әкiмдiгiнiң

2013 жылғы 14 наурыздағы №52


қаулысымен бекiтiлген
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1.Жалпы ережелер
1. Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының  9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.

2. «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган). Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде селолық округтің әкімі тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесі 91, электрондық пошта: Shyngyrlaurozsp@mail.ru, телефондар: 8(71137)33147; 33552.

Селолық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама (бұдаен әрі - анықтама), не қызметтен бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 минуттан аспайды:

2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның және селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызметі үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі.

Уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11-тармағына айқындалған құжаттарды тапсырады.

13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) селолық округ әкімі;

2) уәкілетті органның қызметкері;

3) уәкілетті органның басшысы.

15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға

өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызмет


регламентіне 1-қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша селолық округтер әкімі аппараттарының мекен-жайлары


Р/с №

Шыңғырлау ауданындағы селолық округ әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекен - жайы

Байланыс деректерi

1

«Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Тайманова көшесі 90а

8(71137)33750


2

«Белогор селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091205, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Белогор ауылы Садовая көшесі 102

8(71137)25103


3

«Полтава селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091208, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Полтава ауылы Жастар көшесі 12

8(71137)25310


4

«Алмаз селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091202, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы Рахимова көшесі 69

8(71137)51475


5

«Лубен селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091206, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Лубен ауылы Мұхамбетов көшесі 52

8(71137)23233


6

«Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091207, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылы Абай көшесі 18

8(71137)51574


7

«Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091210, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылы Сагирбаев көшесі 230

8(71137)33790


8

«Қызылкөл селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Клышев көшесі 87а

8(71137)33790


9

«Ащысай селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091204, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылы Бейбітшілік көшесі 22

8(71137)25544



«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға

өтініш берушінің (отбасының)

тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттiк қызмет регламентіне

2-қосымша
Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы


іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1

Селолық округ әкімі




ҚФБ -2

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ -3

Уәкілетті органның басшысы

1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді


1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді


1 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның маманына жіберу



2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қою немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауап

2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қоюға немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау


3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


Орындау мерзімі 15 минуттан аспайды





«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға

өтініш берушінің (отбасының)

тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
















©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет