Регламенті Жалпы ережелер Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»



жүктеу 99.71 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі99.71 Kb.
түріРегламент
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Аудан әкімдігінің

2013 жылғы 11 наурыздағы

№ 39 қаулысымен бекітілген

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1.Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзiрлендi.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы ауылдық округ әкімдері аппараттарымен (бұдан әрі – уәкілетті орган), сонымен қатар, баламалы негізде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Сырым аудандық бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы ұсынылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» қаулысы (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетiледi.

5.Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) (қағаз жеткiзгiште), не мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8.Мемлекеттiк қызметтi ұсыну туралы ақпарат мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орындарда орналасқан стендiлерде орналастырылған.

Уәкілетті органның мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.

Орталықтың мекен-жайы индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жымпиты ауылы Қазақстан көшесі, 11/2. телефоны: 8(71134)31447.

Орталықтың жұмыс кестесі жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға өтiнiш берген кезде:

мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейiнгi күтудiң ең жоғары шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;

мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызмет алушы орталыққа өтiнiш берген кезде:

мемлекеттiк қызметтi алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды;

мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;

мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары шектi уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына айқындалған құжаттарды тапсырады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұранымды қабылдау нөмірі және күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

4) мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.

11. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге мынадай жағдайларда:

1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;

2) уәкілетті органның шаруашылық кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы деректер жоқ болғанда;

3) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 40-бабында көзделген негіздемелер бойынша бас тартылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде iс-әрекеттердің (өзара іс-әрекеттердің) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне келесі құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады:

1) орталық инспекторы;

2) уәкілетті органның қызметкері;

3) уәкілетті органның басшысы.

13. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (үдерістің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттері (үдерістері) реттілігінің және өзара әрекеттестігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.


4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылған жағдайда лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілік алады.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша
Уәкілетті органның мекен-жайлары


Р/с №

Сырым ауданындағы ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекен - жайы

Байланыс деректерi

1.

«Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 12

871134-31-218

871134-31-308



2.

«Бұлан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090903, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан ауылы, Школьная көшесі, 1

871134-31-221

871134-21-997



3.

«Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090901, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы Советская көшесі, 19

871134-99-127

871134-99-135



4.

«Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090912, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Тоғанас ауылы Коммунистическая көшесі, 1

871134-97-236

871134-97-221



5.

«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090902, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылы Абай көшесі, 1

871134-31-215

871134-95-148



6.

«Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090910, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылы Коктобе көшесі, 5

871134-52-157

871134-52-158



7.

«Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090911, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы Сырым Дат Ұлы көшесі, 1

871134-52-236

871134-52-237



8.

«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090907, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылы, Қособа көшесі 279

871134-31-220

871134-93-337



9.

«Сарой ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090908, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Шағырлой ауылы Советская көшесі, 5

871134-92-178

871134-92-123



10.

«Жосалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090909, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қоңыр ауылы Жумагалиева көшесі, 1

871134-91-117

871134-91-112



11.

«Жетікөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090906, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қосарал ауылы Комсомольская көшесі, 1

871134-90-413

871134-90-465



12

«Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090904, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Бұлдырты ауылы Маметов көшесі, 1

871134-92-329

871134-92-350



«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (үдерістің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттері (үдерістері) реттілігінің және өзара әрекеттестігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы


іс-әрекет (барысы, жұмыс ағыны)


ҚФБ-1

Орталық инспекторы



ҚФБ -2

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ -3

Уәкілетті органның басшысы

1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді.


1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және қолхат береді.


1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын қарайды және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу.



2 іс-әрекет

Құжаттарды уәкілетті

органға жібереді.

2 іс-әрекет

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау.

3 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет алушыға уәкілетті органнан алынған анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді.



№3 іс-әрекет

Орталыққа немесе мемлекеттік қызмет алушыға анықтаманы немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру.


Орындау мерзімі

уәкiлеттi органда мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

орталықта – 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды.



«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне 3-қосымша



Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет