Регламенті Жалпы ережелер



Дата03.05.2016
өлшемі136.41 Kb.
түріРегламент
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

25-қосымша

«Банкті ашуға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті



  1. Жалпы ережелер



1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.


«Банкті ашуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда) көшірмелерін қоса Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген«Банкті ашуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін стандарттың (бұдан әрі – стандарт)
10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша банкті ашуға рұқсат беру туралы хатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жіберу.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттар пакетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысып шығуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментіне (бұдан әрі – БҚД) беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;



3) БҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді белгілеуі және оған құжаттарды орындауға беруі күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімшенің уәкілетті қызметкерінің өтінішті одан әрі қарауға жазбаша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығында қол қоюы, БҚД уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беруі – құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде;

құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда оларды стандарттың талаптарына сәйкес келу мәніне қарау, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банкті ашуға рұқсат беру


(рұқсат беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулының жобасы) дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан әрі – ҚҚД) келісу үшін жіберуі – күнтізбелік 33 (отыз үш) күн ішінде;

5) ҚҚД-ның құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне қарауы, қаулының жобасын


ҚҚД-мен келісуі, келісілген қаулының жобасын БҚД-ға қайтару – күнтізбелік 14 (он төрт) күн;

6) БҚД уәкілетті қызметкерінің қаулының жобасын қоса берілген құжаттармен бірге не бас тартудың жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қарауына жіберуі күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттарды және қаулының жобасын қарауы, қаулының жобасын келісуі, мәселені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
(бұдан әрі – Басқарма) отырысына енгізуге қатысты қызметтік жазбаға бұрыштама қоюы, құжаттарды БҚД-ға қайтаруы – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

8) қаулының жобасын қоса берілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаментіне (бұдан әрі – ҰЖБД) жіберу – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;



9) ҰЖБД-ның қаулының жобасын Басқарманың қарауына енгізу үшін дайындауы – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

10) Басқарманың қаулыны қабылдауы және оны Басқарма хатшысының тіркеуі – 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде;

11) БҚД уәкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін поштамен жіберуі немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне беруі – қабылданған қаулы БҚД-ға келіп түскен күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде 4 (төрт) күнтізбелік күн ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) және органның тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;

3) БҚД басшылығы;

4) БҚД уәкілетті қызметкері;

5) ҚҚД;


6) ҰЖБД;

7) Басқарма.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.


«Банкті ашуға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің


(іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
овал 2788
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы

Құжаттардың мазмұнымен танысу және оларға бұрыштама қою, құжаттарды БҚД беру (күнтізбелік 1 күн ішінде)




3. БҚД басшылығы

Құжаттарды қарау, уәкілетті қызметкерді белгілеу және оған құжаттарды орындау үшін беру

(күнтізбелік 1күн ішінде)


1. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)


4. БҚД уәкілетті қызметкері

Ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартуды дайындау, өтінішті қараудан бас тартуға

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығында қол қойғызу, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беру (құжаттарды алған күннен бастап 12 күнтізбелік күн ішінде);


құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда оларды стандарттың талаптарына сәйкес келу мәніне қарау, қаулының жобасын дайындау, құжаттарды ҚҚД-не келісуге жіберу (33 күнтізбелік күн ішінде).
прямая соединительная линия 2781


прямая соединительная линия 2778



5. ҚҚД

Басқарма қаулысының жобасын келісу

(күнтізбелік 14 күн ішінде)

прямая со стрелкой 2776 прямая со стрелкой 2774

блок-схеманың жалғасы


10. Басқарма

Басқарма қаулысының жобасын қарау. Қаулыны қабылдау және Басқарма хатшысының оны тіркеуі

(күнтізбелік 2 күн ішінде)



прямая соединительная линия 2770 прямая соединительная линия 2768
8. Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің басшылығы

Қаулының жобасын келісу, мәселені Басқармаға шығаруға қатысты қызметтік жазбаға бұрыштама қою

(күнтізбелік 5 күн ішінде)


7. БҚД уәкілетті қызметкері
Қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қарауына жіберу

(күнтізбелік 2 күн ішінде)


Қаулының жобасын ҰЖБД-не жіберу

(күнтізбелік 1 күн ішінде)


Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін поштамен жіберуі немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне беруі (қабылданған қаулы БҚД-ға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде – мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде)
прямая соединительная линия 2765 прямая соединительная линия 2763


9. ҰЖБД

Қаулының жобасын Басқармаға шығару үшін дайындау.

(күнтізбелік 14 күн ішінде)




прямая соединительная линия 2769

прямая соединительная линия 2762

овал 2764

«Банкті ашуға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы









портал


2-рәсім

3-рәсім

1-рәсім

2-рәсім



1-рәсім


3-рәсім

4-рәсім




сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер

Хабарлар ағыны

Рәсім


Талап




Бастапқы хабар


Аяқтайтын хабар



Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

Ақпараттық жүйе

«Банкті ашуға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

скругленный прямоугольник 2863скругленный прямоугольник 2862скругленный прямоугольник 2860скругленный прямоугольник 2859скругленный прямоугольник 2858прямая соединительная линия 2848прямая соединительная линия 2847прямая со стрелкой 2830

блок-схема: процесс 2856блок-схема: процесс 2853блок-схема: процесс 2852


блок-схема: процесс 2855


блок-схема: процесс 2857

прямая соединительная линия 2849прямая со стрелкой 2833

прямая со стрелкой 2845блок-схема: процесс 2840


прямая со стрелкой 2844блок-схема: процесс 2842блок-схема: процесс 2841прямая со стрелкой 2839


прямая соединительная линия 2836


прямая соединительная линия 2846


скругленный прямоугольник 2861блок-схема: процесс 2851прямая со стрелкой 2843прямая соединительная линия 2832прямая соединительная линия 2836прямая соединительная линия 2836


прямая соединительная линия 2836прямая соединительная линия 2836прямая соединительная линия 2836


блок-схема: процесс 2854блок-схема: процесс 2835

прямая со стрелкой 2838


блок-схема: процесс 2837
бизнес-процестердің анықтамалығының жалғасы




Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет