Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»



Дата24.04.2016
өлшемі146.44 Kb.
түріРегламент




Саран қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 22 қарашадағы

№ 43/04 қаулысымен

бекітілген



«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:

1) жауапты орындаушы – уәкілетті органның маманы;

2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;

3) орталық – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қаласындағы бөлімі;

4) уәкілетті орган – аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округі әкімінің аппараты, облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдері.

2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдармен, сондай-ақ баламалы негізде осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген орталық арқылы көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Регламентке 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органнан және орталықтан, сондай-ақ Саран қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органға өтініш берген кезде:

мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;

2) орталыққа өтініш берген кезде:

осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет алушы тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күннен аспайды;

өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.

10. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органда демалыс және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызметті орталықпен демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз ұсынады. Қабылдау тездетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

11. Келесі жағдайларда мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылады:

1) осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда;

2) уәкілетті органның шаруашылық кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы деректер жоқ болғанда;

3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздемелер бойынша.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы өтініш жасаған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға жүгінеді немесе орталыққа өтініш береді;

2) орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді және орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына береді;

3) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттардың тiзiлiмiн әзірлейді және уәкілетті органға жолдайды;

4) жауапты орындаушы түскен құжаттарды тексереді, қызмет көрсету нәтижесін ресiмдейдi, дәлелді бас тартуды не анықтаманы дайындайды, уәкілетті орган басшылығына қол қоюға ұсынады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін орталыққа немесе мемлекеттік қызмет алушыға жолдайды;

5) орталықтың инспекторы мемлекеттік қызмет алушыға анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды береді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға уәкілетті органның және орталықтың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні бойы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) уәкілетті органға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті алушы жеке куәлігінің түпнұсқасын және оның көшірмелерін ұсына отырып, ауызша нысанда жүгінеді;

2) орталыққа өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті алушы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш және жеке куәлігінің түпнұсқасын береді.

15. Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін, мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 14 - тармағында көрсетілген құжаттарды осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша орталықтың лауазымды тұлғаларына тапсырады.

16. Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беріледі.

17. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыға немесе оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) жеке өзі келген кезде ұсынылады.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органның және орталықтың жауапты тұлғалары:

1) орталықтың инспекторы;

2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның басшылығы;

4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

19. әр әкімшілік әрекеттің, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігін және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламентке 4-қосымшада келтірілген.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің функционалдық өзара әрекетінің сызбасы осы Регламентке 5-қосымшада келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі
21. Уәкілетті органның және орталықтың басшысы (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапты болады.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

1-қосымша

Уәкілетті органдардың тізімі




Мекеме атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Заңды мекенжайы

1

2

3

4

5

Саран қаласы

1

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

Саран қаласы

8 (72137) 5-11-75

101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі – 71 А

2

«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ

Ақтас поселкесі

8 (72137) 5-50-24

101203, Ақтас поселкесі, Кржиженовский көшесі – 27

Ескерту: ММ – мемлекеттік мекеме.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

2-қосымша



Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің тізімі


N

Атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Саран қаласы

1

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қаласындағы бөлімі

Саран қаласы Жамбыл көшесі 71 А

8 (72137) 5-11-75

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

3-қосымша



Өтiнiш

      Мен, __________________________________________________________


                  (Т.А.Ә., төлқұжат деректерi (жеке куәлiк деректерi)
_____________________________________________________________________
                        және жеке тұлғаның тұрғылықты жерi)
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ атынан әрекет
                            (уәкiлеттi өкiл толтырады)
ететiн ____________________________________________________ негiзiнде
            (өкiлеттiлiктi куәландыратын құжаттың деректеме)

      маған жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама берудi сұраймын

      Мына құжаттарды қоса беремiн:
_____________________________________________________________________

Күнi _______,______________________________________________/_________


                 (өтiнiш берушiнiң/уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә. және қолы)
____________________________________________________________/________
              (сұранымды қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
      Сұранымды орындау/қарау нәтижесi: _____________________________
_____________________________________________________________________

      тексерiлдi: күнi ______________ 20__ жыл


_____________________________________________________________________
                        (маманның Т.А.Ә. және қолы)

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

4-қосымша



Әр әкімшілік әрекеттіѕ, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттер реттілігінің және өзара әрекетінің мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы


Негізгі үдерістің іс-қимылдары (барысы, жұмыстар ағыны)

1.

Іс-қимылдың (барысы, жұмыстар ағыны) N

1

2

3

4

2.

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Орталықтың инспекторы

3.

Іс-қимылдың (үдерістің, операцияның, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау және жинақтау

Құжаттарды қарау және анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды тіркеу

4.

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Орталық жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

Уәкілетті органға жолдау

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды орталыққа не мемлекеттік қызметті алушыға жолдау

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды беру



2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама берілген жағдайда


Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қарау және жинақтау

5. Құжаттарды қарау және анықтама әзірлеу

7. Анықтамаға қол қою

2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

4. Уәкілетті органға жолдау

6. Уәкілетті органның басшылығына қол қоюға ұсыну

-

9. Мемлекеттік қызметті алушыға беру

-

8. Анықтаманы орталыққа немесе мемлекеттік қызмет алушыға жолдау

-



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беруден бас тартқан жағдайда


Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталық инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қарау және жинақтау

5. Құжаттарды қарау және дәлелді бас тартуды әзірлеу

7. Дәлелді бас тартуға қол қою

2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

4. Уәкілетті органға жолдау

6. Уәкілетті органның басшылығына қол қоюға ұсыну




9. Тұтынушыға беру

-

8. Дәлелді бас тартуды орталыққа немесе мемлекеттік қызметті алушыға жолдау

-

«Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

5-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің функционалдық өзара әрекетінің сызбасы


Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағымы)

ҚФБ 1 топ

ҚФБ 2 топ

ҚФБ 3 топ


Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдайды және тіркейді, жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді.





Уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды уәкілетті органның басшылығына береді






Уәкілетті органның басшылығы уәкілетті органның жауапты орындаушысына орындау үшін қарар қояды.





Уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді, анықтама немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.








Уәкілетті органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті алушыға дайын нәтижесін береді немесе Орталыққа жібереді

Орталықтың инспекторы мемлекеттік қызметті алушыға дайын нәтижесін береді


Каталог: files -> standarty
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
standarty -> «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
standarty -> Министерство здравоохранения Нижегородской области Территориальный Фонд обязательного медицинского страхования Нижегородской области Утверждено приказом Альбом № мз нижегородской области от 12. 11. 07 г. №34-осн
standarty -> «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер
standarty -> Министерство здравоохранения Нижегородской области Территориальный Фонд обязательного медицинского страхования Нижегородской области Утверждено приказом Альбом № мз нижегородской области от 12. 11. 07 г. №34-осн
standarty -> Рұқсат беру мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
standarty -> «Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қарашадағы №43/15 қаулысы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет