Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



жүктеу 215.22 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі215.22 Kb.
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 332 қаулысы

Жер қатынастары саласындағы

мемлекеттік қызметтер

регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:




  1. Қоса берілген мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:

6) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту».

2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 146 қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 11 – 21 тамыздағы № 93 (16722) - 97 (16726) «Дидар», 2012 жылғы 8 - 20 тамыздағы № 92 (19232) – 97 (19237) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2012 жылғы «28» желтоқсандағы

№ 332 қаулысымен

бекітілген




«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметінің регламенті



1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша, жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 және 150-баптарының және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі – жерге орналастыру жобасы) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері.

Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырады.

7. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:

1) уәкілетті органның арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;

2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні;

2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:

1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiне сәйкес болмаған жағдайда.

Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекiтуді тоқтатуға себеп болған құжатты көрсете отырып және бекітпеу себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсететін жазбаша хабарлама жолданады.

Осы регламенттің 14-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.

Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілді деп есептеледі.

11. Мемлекеттік қызмет алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сәтіне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) мемлекеттік қызмет алушы жерге орналастыру жобасын бекіту туралы өтiнiшті және қажетті құжаттарды уәкілетті органға ұсынады;

2) уәкілетті органның кеңсесі мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді. Уәкілетті органның басшылығына қарауға тапсырады;

3) уәкілетті органның басшылығы құжаттармен танысып, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығына жолдайды;

4) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілейді және құжаттарды тапсырады;

5) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған жерге орналастыру жобасының дұрыстығын тексеруді жүргізеді және жерге орналастыру жобасын бекіту жөнінде бұйрық әзірлейді, уәкілетті органның басшылығына бекіту үшін жолдайды немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлеп, уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жолдайды;

6) уәкілетті органның басшылығы құжаттардың мазмұнымен танысады және жерге орналастыру жобасын бекітеді немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне тапсырады;

7) уәкілетті органның кеңсесі бекітілген жерге орналастыру жобасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызмет алушыға береді.

12. Уәкілетті органда мемлекеттiк қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны 1 (бір) қызметкер құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау кезінде кіріс хат-хабарларын тіркеу кітабына тиісті жазба енгізіледі. Өтініш берушіге:

1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын сұраған кезде:

осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;

тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру туралы жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі;

жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бөлігінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;

жер учаскесінің бағалау (кадастрлық) құнының актісі (қажет болғанда);

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;

заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін;

2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;

жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарасы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бөлігінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;



жер учаскесінің бағалау (кадастрлық) құнының актісі (қажет болғанда);

мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;

заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігі, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.

Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерінің дұрыстығын тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.

15. Ақпараттық қауіпсіздік талабы берілетін және қабылданатын материалдардың құпиялығы болып табылады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) ҚФБ 1 – уәкілетті органның кеңсесі;

2) ҚБФ 2 – уәкілетті органның басшылығы;

3) ҚБФ 3 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы;

4) ҚБФ 4 – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

17. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының әрбір әкімшілік іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы осы регламентке 3 қосымшада келтірілген.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сұлба осы регламентке 4 қосымшада келтірілген.




4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіпте жауап береді.

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті органдардың тізбесі


р/б



Облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің атауы

Орналасқан жері, мекенжайы

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы




1

2

3

4

5




Шығыс Қазақстан облысы

1

«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19

8-723-2 25-36-81

uzovko@mail.ru




2

«Абай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14

8-722-52 9-12-18

abayzem@mail.kz




3

«Аягөз ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Ақанаев көшесі, 63

8-722-37 3-25-87

zemkom_ayagoz@mail.ru




4

«Бесқарағай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі, 146

8-722-36 9-07-26

zemkaragay@yandex.ru




5

«Бородулиха ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 227

8-723-51 2-10-63

Boroduliha.zem@mail.ru




6

«Глубокое ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі,

11 А


8-723-31 2-16-41

otdzemglub@

mail.kz





7

«Жарма ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98

8-723-47 6-58-01

Zharma_zemkom

@mail.ru








1

2

3

4

5

8

«Зайсан ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангельдин көшесі, 100

8-723-40 2-72-11

zsn_ozo@mail.ru

9

«Зырян ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зырян ауданы, Зырян қаласы, Советская көшесі, 18

8-723-35 6-21-22

zem_zyryan@mail.ru

10

«Катонқарағай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 91

8-723-41 2-19-06

ozo_katon@mail.ru

11

«Көкпекті ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі, 42

8-723-48 2-12-94

zemotd@mail.ru

12

«Күршім ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Күршім ауданы, Күршім ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 77

8-723-39 2-15-93

zem_kurchum@mail.ru

13

«Тарбағатай ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 11

8-723-46 2-24-66

tarb_ray_akimat@mail.ru

14

«Ұлан ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 5-үй

8-723-38 2-72-76

ulan_zem@mail.ru

15

«Үржар ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үржар ауданы,Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 122

8-722-30 3-34-98

tasaryk75@mail.ru

16

«Шемонаиха ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Советская көшесі, 61

8-723-32 3-19-57

Otdelzemelotnash@

mail.ru


17

«Риддер қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 6

8-723-36 4-27-55

Ozo_ridder@mail.ru

18

«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 8

8-722-2 52-23-33

Chancellerryzemotnoshenie@akimsemey.gov.kz

19

«Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33

8-723-2 26-34-64

Zem_vko@mail.ru

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша

_________________________________________

(уәкілетті органның атауы)

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның бастығы _________________________________



(тегі, аты, әкесінің аты)

_________________________________________



(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты

_________________________________________


не заңды тұлғаның толық атауы)
___
______________________________________
(жеке тұлғаның жеке
_________________________________________
басын немесе заңды тұлғаның мемлекеттік

_________________________________________



тіркеуін куәландыратын құжаттардың
_________________________________________
деректемелерi, байланыс телефоны,
___
______________________________________
мекенжайы)
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiтуге өтініш


Жерге орналастыру жобасын құрастырушы - тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы

Жер учаскесіне құқық беруге өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы

Жерге орналастыру жобасының атауы

Жер учаскесінің мекенжайы

(орналасқан орны)



Жер учаскесі-нің сұралу мақсаты және алаңы, га

Жерге орналас-тыру жобасы-ның данасы-ның саны

1

2

3

4

5

6



















Жерге орналастыру жобасы әзірленді: мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттісін сызу)

Күні __________ Өтініш беруші________________________________



(жеке немесе заңды тұлға өкілінің тегі,

________________________________



аты, әкесінің аты, қолы)

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламентіне



3 қосымша

Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерінің (рәсiмдердiң) реттілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кесте түріндегі сипаттамасы
1 кесте. КФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы





Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттармен танысу, орындау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесін белгілеу

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу

Жерге орналастыру жобасының дұрыстығын тексеруді жүргізу, жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі бұйрықты немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап-ты әзірлеу

Құжаттармен таны-су және жерге орналастыру жобасын бекіту немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

Жерге орналастыру жобасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру




4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкім ету шешімі)

Мемлекеттік қызмет алушыға құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат беру

Бұрыштама қою және құжаттарды уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің бастығына тапсыру

Бұрыштама қою және құжаттарды уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына тапсыру

Уәкілетті органның басшылығына бекіту үшін жерге орналастыру жобасын немесе қол қою үшін мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тапсыру

Жерге орналастыру жобасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру үшін уәкілетті органның кеңсесіне тапсыру

Берілгендігі туралы белгі

5

Орындалу мерзімдері

30 минут

жұмыс күні ішінде

15 минут

5 жұмыс күні

2 сағат

30 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6






2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс


Негiзгi үдерiс (жұмыстың барысы, ағыны)

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

№ 1 әрекет

Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

(30 минут)


№ 2 әрекет

Құжаттармен танысу, орындау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесін белгілеу (жұмыс күні ішінде)



№ 3 әрекет

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу

(15 минут)


№ 4 әрекет

Жерге орналастыру жобасының дұрыстығын тексеруді жүргізу, жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі бұйрықты әзірлеу

(5 жұмыс күні)


№ 5 әрекет

Құжаттармен танысу және жерге орналастыру жобасын бекіту

(2 сағат)


№ 6 әрекет

Жерге орналастыру жобасын мемлекеттік қызмет алушыға беру

(30 минут)




3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс


Баламалы үдерiс (жұмыстың барысы, ағыны) немесе кеңейту

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

№ 1 әрекет

Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

(30 минут)


№ 2 әрекет

Құжаттармен танысу, орындау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесін белгілеу (жұмыс күні ішінде)



№ 3 әрекет

Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу

(15 минут)


№ 4 әрекет

Жерге орналастыру жобасының дұрыстығын тексеруді жүргізу, мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлеу

(1 жұмыс күні)


№ 5 әрекет

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

(2 сағат)


№ 6 әрекет

Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру

(30 минут)


«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы

өзара байланысты бейнелейтін сұлба

2. Уәкілетті органның басшылығы. Құжаттармен танысу, орындау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесін белгілеу

(жұмыс күні ішінде)




3. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын белгілеу

(15 минут)

4. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы.

Жерге орналастыру жобасының дұрыстығын тексеруді жүргізу, жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі бұйрықты немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлеу

(5 жұмыс күні)


1. Уәкілетті органның кеңсесі.

Мемлекеттік қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

(30 минут)








6. Уәкілетті органның кеңсесі.

Жерге орналастыру жобасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттік қызмет алушыға беру

(30 минут)


5. Уәкілетті органның басшылығы. Құжаттармен танысу және жерге орналастыру жобасын бекіту немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

(2 сағат)












©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет