Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



жүктеу 186.26 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі186.26 Kb.
түріРегламент
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2868 болып 2013 жылғы 31 қаңтарда енгізілді

Электрондық мемлекеттік қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9 - 1 бабы 4 - тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабы 1 - тармағы 17-1) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағы негізінде, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттері бекітілсін:

1) «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою»

2) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»;

3) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды рәсiмдеу»;

4) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды тіркеу».

5) «Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға мұрагерлік рәсімдеу үшін зейнетақы қорларына, ішкі істер министрлігінің Жол полиция комитетінің аймақтық бөлімшелеріне анықтама беру»

  6) «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру»

7) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің аппарат басшысы Н.С.Қараталовқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органынан тіркелгеннен кейін алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі С.Зайнулдин

Зайсан ауданы әкімдігінің

2012 жылғы «28» желтоқсандағы

№ 1346 қаулысымен бекітілген



«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа

толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді

жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық

кеңесі шешімінің анықтамасын беру»

электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру» электрондық мемлекеттік қызметі « Зайсан аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі, тұрғылықты мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы баламасыз негізінде, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz. (бұдан әрі – ЭҮП) веб-порталы арқылы ұсынылады.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамызындағы № 1119 «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігімен, жергілікті атқарушы органдардың білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматизациаландыру деңгейі: жартылай автоматтандырылған.

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық қызмет.



5. Осы «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру» регламентінде қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар (бұдан әрі – Регламент):

  1. азаматтық хал актілерін тіркеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАТ АЖ), ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздестіру, тарату, жеткізу және тапсыру үшін арналған жүйе;

  2. автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – ЖАО қызметтерін көрсету ішкі бизнес-процестерін жүзеге асыруды, қызметтерді тұтынушылар және мемлекеттік мекемелердің мониторингіне уәкілетті мемлекеттік органдардың қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді;

  3. ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, жариялауға, тапсыруға және беруге арналған жүйе;

  4. бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі (бұдан былай – БНАЖ) – нотариалдық қызметтің және әділет органдары мен нотариалдық палаталар арасындағы ара-қатынасты автоматизациялауға арналған ааппараттық-бағдарламалық кешен;

  5. жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – тікелей электронды мемлекеттік қызметі «Зайсан аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді;

  6. жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, сонымен қатар, қызметін жеке кәсіпкерлік ретінде жүзеге асырушы жеке кәсіпкер үшін қалыптастырушы бірегей нөмір;

  7. ЖАО АЖ - жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйесі;

  8. ЖТ МДБ – «Жеке тұлғаның» мемлекеттік деректер базасы.

  9. «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі ретінде өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) – ЖАО электрондық қызмет көрсету үрдісіне қатысатын ЖАО ішкі жүйелерінің сыртқы ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

  10. құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын жауапты тұлға;

  11. Қазақстан Республикасының ұлттық куәләндіру орталығының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰКО АЖ) – «электрондық үкімет» қатысушыларына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін куәләндіру орталығы.

  12. медиа-ажырату – құжаттарды электронды үлгіден қағаз үлгісіне немесе керісінше өзгерту қажет болған жағдайдағы қызмет көрсету үрдісіндегі қағаз және электрондық құжат айналымын кезектестіру;

  13. тұтынушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу және оны пайдалану үшін ақпараттық жүйеге өтініш жасаушы субъект;

  14. ХҚКО халыққа қызмет көрсету орталығы;

  15. халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО АЖ) – тұрғындарға қызмет көрсету үрдісін Қазақстан Республикасының ХҚКО (жеке және заңды тұлғаларға), сонымен қатар тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

  16. транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық сандық қол қоюды қолдану арқылы ақпаратпен өзара алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстар бойынша қызмет;

  17. «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және Электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

  18. электрондық сандық қол қою (бұдан әрі – ЭСҚ) – электрондық сандық қол қою құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайлылығын, оның мазмұнының меншігін және тұрақтылығын растайтын электрондық сандық белгілер жиынтығы;

  19. электрондық мемлекеттік қызметтер – ақпараттық технологияларды қолданумен электрондық үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

  20. электрондық құжат – ақпарат электрондық-сандық үлгіде берілген және электрондық сандық қол қою арқылы расталған құжат;

  21. «электрондық үкімет» шлюзы (бұдан әрі - ЭҮШ) – электрондық қызметтерді жүзеге асыру аясында «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін біріктіру үшін арналған ақпараттық жүйе;



2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсететін

қызмет көрсетуші қызметінің тәртібі
6. ХҚКО арқылы қадамдық іс-әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде фукнционалды қарым-қатынас № 1 диаграммада) осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген:

  1. 1 үрдіс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін АЖО ХҚКО АЖ және жасырын сөзді (авторизация үрдісі) Орталықтың операторы енгізеді;

  2. 2 үрдіс – Регламентте көрсетілген қызметті Орталықтың операторы таңдайды, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранда көрсетеді және Орталықтың операторының тұтынушы мәліметтерін, сондай-ақ сенімхат бойынша тұтынушы өкілінің мәліметтерін енгізеді (сенімхат нотариалды түрде расталса, ал басқа түрде расталған сенімхаттар толтырылмайды);

  3. 3 үрдіс – тұтынушы мәліметтері туралы сұрауды ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ, сонымен қатар тұтынушы өкілінің мәліметтерін БНАЖ жолдайды;

  4. 1 шарт – ЖТ МДБ тұтынушы мәліметін, БНАЖ сенімхат мәліметтерінің бар-жоғын тексеру;

  5. 4 үрдіс – ЖТ МДБ немесе БНАЖ тұтынушы мәліметтерінің жоқтығына байланысты ақпаратты тексеру мүмкін болмағаны жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

  6. 5 үрдіс – Орталық операторының құжаттың қағаз үлгісінің бары және тұтынушы ұсынған құжатты сканерлеу туралы сұрау үлгісін толтыруы, оны қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысандағы ЭСҚ жолымен сұрау үлгісінде бекіту және растау;

  7. 6 үрдіс – Орталық операторының ЭСҚ расталған (қол қойылған) электронды құжатты (тұтынушы сұрауы) ЭҮШ арқылы АЖО РЭҮШ жолдауы;

  8. 7 үрдіс – АЖО ЭҮӨШ электронды құжатты тіркеу;

  9. 2 шарт - қызмет көрсетушінің тұтынушы құжаттарын қызмет көрсету негіздері мен Стандартында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін тексеру (өңдеу);

  10. 5 үрдіс - тұтынушының құжаттарында бұзушылық бар болған жағдайда сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы мәлімдеме қалыптастыру;

  11. тұтынушының Орталық операторы арқылы қызмет (анықтама) нәтижесін алуы.

7. ЭҮП арқылы қадамдық іс-әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде фукнционалдық өзара әрекет ету № 2 диаграммада) осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген:

1) тұтынушы ЖСН-нің көмегімен ЭҮП-да тіркеуден өтуі қажет (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 үрдіс- тұтынушының электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП ЖСН және жасырын сөзді енгізу процесі (авторландыру процесі);

3) 1 шарт – ЖСН және жасырын сөз арқылы тіркелген тұтынушының мәліметтерінің дұрыстығын ЭҮП тексеру;

4) 2 үрдіс - тұтынушы мәліметтерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұралатын электрондық мемлекеттік қызметте бас тарту туралы ЭҮП хабарламаны қалыптастыру;

5) 3 үрдіс - осы Регламентте көрсетілген қызметтерді тұтынушымен таңдау қызметті көрсету үшін сұраныс формасын экранға шығару және оның құрылымы және форматтық талаптардың есебімен (мәліметтерді енгізу және сканерленген құжаттарды бекіту) тұтынушымен формаларды толтыру;

6) 2 шарт – жеке мәліметтер сәйкестігін тексеру, (сұранымда көрсетілген ЖСН мен ЭСҚ куәлігінде көрсетілген тіркелген ЖСН арасында), тіркелген ЭСҚ куәлігінің іс-әрекет мерзімін тексеру және ЭҮП шақырылған (жойылған) тіркелген куәліктерінің тізімінде жоқтығын тексеру;

7) 4 үрдіс - ЭСҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы мәлімдеме қалыптастыру;

8) 5 үрдіс – тұтынушының ЭСҚ жолымен қызмет көрсету үшін сұрауды растау және электронды құжатты (сұрауды) қызмет көрсетушінің өндеуі үшін АЖО ЭҮӨШ арқылы жолдау;

9) 6 үрдіс – АЖО ЭҮӨШ электронды құжатты тіркеу;

10) 3 шарт - қызмет көрсетушінің тұтынушы құжаттарын қызмет көрсету негіздері мен Стандартында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін тексеру (өңдеу);



11) 7 үрдіс - тұтынушының ЭСҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы мәлімдеме қалыптастыру;

12) 8 үрдіс - тұтынушының АЖО РЭҮШ жасалған қызмет (электронды құжат үлгісінде анықтама) нәтижесін алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭСҚ қолданумен қалыптастырылады.

8. Сұранымды толтыру нысандары және ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті алған жағдайда тұтынушыға ұсынатын электрондық мемлекеттік қызметке өтініш толтырудың нысаны «электрондық үкімет» www.e.gov.kz. веб-порталында көрсетілген.

9. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұранымның орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: «электрондық үкімет» порталында «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ ЖАО/ХҚКО өтініш беру кезінде.

10. Электронды қызмет көрсету туралы қажетті ақпаратты, сондай-ақ олардың сапасын бағалау (сонымен бірге шағымдану) үшін саll-орталығы: (1414) бойынша алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзара әрекет ету тәртібінің сипаты

11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінде қатысатын ҚФБ тізімі:

1) ХҚО қызметкерлері;

2) ЖАО қызметкерлері.



12. Осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген әр іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсетумен ҚФБ (процедуралар, функциялар, операциялар) бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы.

13. Осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген ҚФБ сипатына сәйкес іс-әрекетінің логикалық бірізділігінің өзара байланысын көрсететін (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінде) диаграммалар көрсетілген.

14. Осы Регламенттің 3 қосымшасында электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (шығыс құжат) сәйкестендіріліп көрсетілетін бланктердің үлгісі, нысандар, соның ішінде форматтық-логикалық бақылау ережелері, сонымен қатар ескертулер нысандары ұсынылған.

15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

16. Тұтынушылармен электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне қойылатын талаптар:

1) адам бостандығы және конституциялық құқықтарды сақтау;

2) қызметтік міндетті орындаған кезде заңдылықтар;

3) кәсіптік этиканы және мәдениетті сақтау;

4) жан-жақты және толық ақпаратты ұсыну;

5) тұтынушы құжаты ақпараттың сақталуы мен құпиялылығы;

6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету.



17. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің техникалық шарттары: электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің қолжетімділігін қолдау құралдары (компьютер, Интернет, қоғамдық орын).

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне



1 қосымша
2 кесте. ХҚКО арқылы ЭСҚ әрекеттер сипаты


1

әрекет № (жұмыс легі, барысы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

ҚФБ атауы

ХҚКО АЖО АЖ

Орталық операторы

Орталық операторы

ЖТ МДБ

Орталық операторы

Орталық операторы

АЖО ЭҮӨШ

АЖО ЭҮӨШ

АЖО ЭҮӨШ

3

Әрекет атауы (процесстің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаты

Орталық операторы логин және жасырын сөз арқыры авторланады

Қызметті таңдайды және сұрау мәліметтерін қалыптырады

Сұрауды ЖТ МДБ, БНАЖ жолдау

Тұтынушы мәліметтерінің жоқтығына байланысты ақпаратты тексеру мүмкін болмағаны жөнінде хабарламаны қалыптастыру

Қажет құжаттардың сұрау үлгісіне сұрауды бекітумен толтыру және ЭСҚ растау

АЖО ЭҮӨШ ЭСҚ расталған құжатты жолдау

Құжатты тіркеу

Тұтынушының құжаттарында бұзушылық бар болған жағдайда сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы мәлімдеме қалыптастыру

Тұтынушының қызмет нәтижесін алуы


4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлу шешімі)

Жүйеде өтінішке нөмір берумен сұрауды тіркеу

Сұраудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету

Сұрауды бағыттау

Дәлелденген бас тартуды қалыптастыру

Сұраудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету

Сұрауды бағыттау

Өтінішке нөмір берумен сұрауды тіркеу

Дәлелденген бас тартуды қалыптастыру

Шығу құжатын көрсету

5

Орындау мерзімі

30 сек–1 мин

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек-1 мин

1мин

3 күн

-

-

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4 – егер тұтынушының мәліметінде бұзушылық бар болса, 5 – егер бұзушылық жоқ болса

-

-

-

8 – егер бұзушылық бар болса, 9 – егер бұзушылық жоқ болса

-

-


2 кесте. ЭҮП арқылы ЭСҚ әрекеттер сипаты


1

әрекет № (жұмыс легі, барысы)

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

АЖО ЭҮӨШ

АЖО ЭҮӨШ

АЖО ЭҮӨШ

3

Әрекет атауы (процесстің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаты

ЖСН және жасырын сөз арқылы ЭҮП авторландыру

Тұтынушының құжаттарында бұзушылық бар болған жағдайда сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы мәлімдеме қалыптастыру

Қызметті таңдайды және ЭСҚ тұтынушыны таңдаумен сұрау мәліметтерін қалыптастырады

ЭСҚ тұтынушының құжаттарында бұзушылық бар болған жағдайда сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы мәлімдеме қалыптастыру

тұтынушының ЭСҚ жолымен растау және АЖО ЭҮӨШ арқылы сұрауды жолдау

Құжатты тіркеу

Тұтынушының құжаттарында бұзушылық бар болған жағдайда сұралатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы мәлімдеме қалыптастыру

Тұтынушының қызмет нәтижесін алуы


4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-бөлу шешімі)

Сұраудың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны көрсету

Сұралған электронды мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрауды бағыттау

Сұралған электронды мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрауды бағыттау

Өтінішке нөмір берумен сұрауды тіркеу

Дәлелденген бас тартуды қалыптастыру

Шығу құжатынкөрсету

5

Орындау мерзімі

30 сек-1 мин

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек-1 мин

1 мин

-

5 күн

6

Келесі әрекет нөмірі

2 – егер тұтынушының мәліметінде бұзушылық бар болса, 3 – егер авторландыру сәтті өтсе

-

4 – егер тұтиынушы мәліметінде бұзушылық бар болса, 5 – егер бұзушылық жоқ болса

-

-

7 – егер тұтынушы мәліметінде бұзушылық бар болса, 8 – егер бұзушылық жоқ болса

-

-

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2 қосымша
1 диаграмма

ХҚКО арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде фукнционалдық өзара әрекет ету


2 диаграмма

ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде фукнционалдық өзара әрекет ету



Шартты белгілер

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3 қосымша

Электронды мемлекеттік қызметке оң жауаптың шығу формасы

Үлгі
Қазақстан Республикасы

Аудандық (қалалық) білім бөлімі


Кәмелеттік жасқа толмаған ________________________________ мүддесі бойынша қызмет атқаратын аудандық (қалалық) білім бөлімі

______________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

жылжымас мүлікті _________________________________ рұқсат береді.
Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде ғана жарамды.



Электрондық мемлекеттік қызметке теріс жауаптың (бас тарту)

шығу үлгісі

Үлгі
Қазақстан Республикасы

Аудандық (қалалық) білім бөлімі


Кәмелеттік жасқа толмаған ________________________________ мүддесі бойынша қызмет атқаратын аудандық (қалалық) білім бөлімі

______________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

жылжымас мүлікті _________________________________ рұқсат беруден бас тартады.
Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде ғана жарамды.

«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылық және қамқоршылық кеңесі шешімінің анықтамасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

4 қосымша



Электрондық мемлекеттік қызметті анықтау үшін сауалнамалардың үлгісі:

«сапа» және «қол жетімділік»

____________________________________________________________

(қызмет атауы)
1. Сізді электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сапасы және нәтижелері қанағаттандыра ма?

1) қанағаттандырмайды;

2) ішінара қанағаттандырады;

3) қанағаттандырады


2. Сізді электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасы қанағаттандыра ма?

1) қанағаттандырмайды;



2) ішінара қанағаттандырады;

3) қанағаттандырады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет